АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау



КІРІСПЕ 8
1 Жұмыс орындарын аттестаттау 10
1.1 Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы 12
2 АҚ «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары 14
2.1 «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторларын бағалау 16
2.2 Шудан қорғану 19
3 Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Қазіргі заманғы жағдайларда еңбек медицинасы ерекше мәнге ие болып отыр. Қанағаттанарлықтай емес еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар экономикалық шығындарға әкеп соқтырып қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің өздеріне және олардың отбасы мүшелеріне де ауыртпашылығын түсіреді.
Қазақстан дамыған өнеркәсіптік өндіріс республикасы болып табылады. Республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы өндірістер аз емес. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі критерийі – ең алдымен, жұмыс орнында жағымды және қауіпсіз жағдай туғызу. Халықтың денсаулығы жағдайына қамқорлық жасау – мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігінің деңгейін айқындайтын қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Кәсіби аурулардың басқа негізгі ауруларға қарағанда сирек талданатындығы анық. Дегенмен олардың әлеуметтік маңызы зор. Өйткені олар еңбекке жарамды жастағы адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді және еңбекке жарамдылықты жоғалтуға әкеп соқтырады. Сондықтан дамып келе жатқан мемлекетіміздің одан әрі гүлденуіне үлес қосу үшін мамандарымыздың денсаулығына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Кәсіби ауруға шалдығудың негізгі себептерінің бірі – адамға ол еңбек қызметі кезінде кез болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі. Сонымен қатар тұрақты дәрігерлік комиссияда қызмет ететін кәсіби дәрігерлердің және белгілі бір сала дәрігерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі, медицина мекемелерінің бәрінің бірдей толығымен диагностикалық жабдықтармен жабдықталмауы. Айтарлықтай себептің бірі – медициналық мекемелердің өнеркәсіп кәсіпорындары жетегінде кетуі. Өйткені жұмыс беруші келісім-шарт жасаған кезде: егер кәсіби сырқаттарды анықтайтын болсаңыз, сізбен келісім-шарт күшін жояды деп ескертеді.
Статистика растағандай, біздің елдегі 8 миллионнан астам адам (53%) белсенді жұмыс істейтін халықты құрайды. Олардың 690 мыңға жуығы зиянды және ерекше қауіпті өндірісте жұмыс істейді. Кәсіпорындардағы кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер саны жылдан жылға көбеюде. Бірақ соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне байланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр.
Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық станциясының мәліметі бойынша, республикада кәсіби патологиямен диспансерлік тізімде 8 225 науқас тіркелген. Салыстырсақ, Жапон мемлекетінде жылына 15 000, АҚШ-та – 190 000 кәсіби аурумен ауыратындар тіркеледі. Бұл көрсеткіштер біздің мемлекетімізде өндіріс орындарында қолайлы жағдайдың артықшылығын емес, кәсіби аурулар толық зерттелмей, диагностика жүйелерінің жетіспеушілігін көрсетеді.
1 Ордабаев А.А. Шығыс Қазақстан облысындағы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу // Қазақстанда еңбекті қорғау. 2006-81 б.
2 Здоренко Т.П. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу кезінде жұмыс орнын есепке алуды ұйымдастыру // Қазақстанда еңбекті қорғау. 2006. №10 (10). – С. 53-57 б.
3 Ганина С.А. Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша алдын алу жұмыстары // Қазақстанда еңбекті қорғау. 2010. №1 (49). – С. 8-12 б.
4 Еңбек жағдайларын бағалаудың элмери жүйесі // http://www.goverment-nnov.ru. 2012. №3 (75). – С. 25-36 б.
5 ҚР «Еңбек кодексі». А: 2016-35 б.
5 КеАҚ СТ 38944979– 09–2015. Мәтінді жыне сызбалық материалдардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар. – Алматы, 2015-28 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
8
1
Жұмыс орындарын аттестаттау
10
1.1
Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы
12
2
АҚ ҚазАтомПром өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары
14
2.1
ҚазАтомПром өндірісінің қауіпті және зиянды факторларын бағалау
16
2.2
Шудан қорғану
19
3
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
20

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
26

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы жағдайларда еңбек медицинасы ерекше мәнге ие болып отыр. Қанағаттанарлықтай емес еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар экономикалық шығындарға әкеп соқтырып қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің өздеріне және олардың отбасы мүшелеріне де ауыртпашылығын түсіреді.
Қазақстан дамыған өнеркәсіптік өндіріс республикасы болып табылады. Республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы өндірістер аз емес. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі критерийі - ең алдымен, жұмыс орнында жағымды және қауіпсіз жағдай туғызу. Халықтың денсаулығы жағдайына қамқорлық жасау - мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігінің деңгейін айқындайтын қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Кәсіби аурулардың басқа негізгі ауруларға қарағанда сирек талданатындығы анық. Дегенмен олардың әлеуметтік маңызы зор. Өйткені олар еңбекке жарамды жастағы адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді және еңбекке жарамдылықты жоғалтуға әкеп соқтырады. Сондықтан дамып келе жатқан мемлекетіміздің одан әрі гүлденуіне үлес қосу үшін мамандарымыздың денсаулығына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Кәсіби ауруға шалдығудың негізгі себептерінің бірі - адамға ол еңбек қызметі кезінде кез болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі. Сонымен қатар тұрақты дәрігерлік комиссияда қызмет ететін кәсіби дәрігерлердің және белгілі бір сала дәрігерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі, медицина мекемелерінің бәрінің бірдей толығымен диагностикалық жабдықтармен жабдықталмауы. Айтарлықтай себептің бірі - медициналық мекемелердің өнеркәсіп кәсіпорындары жетегінде кетуі. Өйткені жұмыс беруші келісім-шарт жасаған кезде: егер кәсіби сырқаттарды анықтайтын болсаңыз, сізбен келісім-шарт күшін жояды деп ескертеді.
Статистика растағандай, біздің елдегі 8 миллионнан астам адам (53%) белсенді жұмыс істейтін халықты құрайды. Олардың 690 мыңға жуығы зиянды және ерекше қауіпті өндірісте жұмыс істейді. Кәсіпорындардағы кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер саны жылдан жылға көбеюде. Бірақ соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне байланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр.
Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық станциясының мәліметі бойынша, республикада кәсіби патологиямен диспансерлік тізімде 8 225 науқас тіркелген. Салыстырсақ, Жапон мемлекетінде жылына 15 000, АҚШ-та - 190 000 кәсіби аурумен ауыратындар тіркеледі. Бұл көрсеткіштер біздің мемлекетімізде өндіріс орындарында қолайлы жағдайдың артықшылығын емес, кәсіби аурулар толық зерттелмей, диагностика жүйелерінің жетіспеушілігін көрсетеді.
Бүгінгі күні жұмыс беруші біздің азаматтар заңнамамен сенімді қорғалған болса да өз жұмысшыларының денсаулығының жай-күйі үшін жауапкершіліктен оңай құтылып келеді. Медициналық тексерулер тиісті мерзімдерінде өткізілсе де, әрқашан ойдағыдай өткізілмейді. Қызметкерлердің көпшілігі денсаулығының нашар жай-күйін жұмыс орнынан айырылудан қорқып, өздері жасырады.
Осы негізгі себептерді талдай отырып, тақырыптың өзектілігіне көз жеткізуге болады. Себебі зиянды және қауіпті өндіріс факторларын жоймасақ, білікті медицина мамандарын дайындамасақ, медицина мекемелерін диагностикалық жабдықтармен жабдықтамасақ кәсіби аурулар көрсеткіші төмендемейді. Бұл жағдайда жұмыстың өнімділігіне қол жеткізу қиын. Жұмысшылардың денсаулығының нашарлауы мемлекетіміздің дамуына да кедергі болады.

1 Жұмыс орындарын аттестатциялау

Жұмыс орындарын аттестациялау Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
Өндірістік объектілерді аттестаттау:
1) ұйымның өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:
3) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;
4) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;
5) қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайла- рының нақты жай-күйін бағалау;
3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;
9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері аттестаттауға жатады.
Аттестаттауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу тәртібінің бұзылғаны анықталған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, білікті кадрлары туралы мәлімет, зертханалардың болуы немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.
Өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.[1]

1.2 Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы

Өндірістік объектіні аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.
Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;
7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;
10) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Аттестаттауды өткізудің тәртібі.Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек ауырлығы мен қауырттылығы жатады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері және эргономикалық зерттеулер ұжымдық және жеке қорғану құралдары жарамды болған кезде жұмыс жағдайында және өндірістік процестерде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен еңбек қауырттылығы көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелері хаттамалармен ресімделеді.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларына (деңгейіне) сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.
Өндірістік жабдықтардың, айлабұйымдардың және жабдықтардың зақым келтіру қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлердың сәйкестігіне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына байланысты болады.
Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен ресімделеді.
Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:
Әр кәсіп қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берудің нормаларымен салыстыру арқылы анықталады.
Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс.
ЖҚҚ-ның сапасын және олармен қызметкерлердің қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен ресімделеді. Қызметкерлер еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана қамтамасыз етілді деген баға қойылады.
Аттестаттау нәтижелері:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;
5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі тиісті жергілікті органға бір ай мерзімде қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.[2]

2 АҚ ҚазАтомПром өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары

Зерттеу нысаны ретінде Қазатомпром МАЭК алынды. Бұл комбинат - Маңғыстау облысын энергиямен қамсыздандырудың бірден бір көзі болып табылатын Қазақстанның ірі көпсалалы энергетикалық өнеркәсібі.
Комбинатта 4 000 мыңға жуық мамандар мен жұмысшылар қызмет атқарады. Комбинат құрамында 3 электр станциясы (ЖЭО 1, ЖЭО 2, ЖЭС), дистиллят өндіру, өндірістік жылумен қамтамасыздандыру зауыты, реакторлық зауыт БН-350, байланыс цехы, информационды-есептеуіш орталығы, есептеуіш-кассалық орталығы, радиациялық технология мен техникалық диагностика орталығы, типография орналасқан. Атомдық өнеркәсіптегі кәсіби әсердің басты факторы иондық сәулелену болып табылады. Уран кен ошағында қызметкерлерге уран тұқымдасының радионуклидтері - радон газы немесе аэрозоль күйіндегі радий әсер етуі мүмкін. Аэрозольдердің пайда болуы жоғары тыныс алу жолдарының және өкпенің сәулеге ұшырауына әкеледі. Уран кенінің қайта өңделуі және уран тұздарының алынуы уран алудағы радиациялық факторларымен тікелей байланысты. Сонымен қатар ауаның күкірт қышқылымен, қышқыл буларымен, сілтілермен ластануы байқалады.
Тәжірибелер МАЭК-тің ЖЭО-2 деп аталатын зауытында өткізілді, яғни осы зауыттың еңбек жағдайы бақыланды. ЖЭО-2-нің негізгі міндеттері ауданның өндіріс орындарын жылу және электр энергиясымен жабдықтау және теңіз суын тұщыту үшін дистиллятты пайдаланып, ауыз сумен қамтамасыз ету.
Зерттеу бақылау, сараптау әдістерімен жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы бойынша 2011 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған № 1457 бұйрығымен Өндірістік нысандарды еңбек жағдайларына байланысты міндетті мерзімді аттестациялаудан өткізу ережесі әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік нысандары аттестаттауға жатады. Мемлекете оның көмегімен еңбек жағдайларын түбірінен жақсартуға және қызметкерлерге өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуге қол жеткізеді.
Өндіріс орындарында 5 жылда кемінде 1 рет аттестация өткізіліп отырады. МАЭК-те тәжірибеден өту кезеңінде бірнеше бөлімнің аттестациядан өткізілуіне қатысуға мүмкіндік болды.
Жұмыс орындарын аттестаттауды компания басшылығы мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шартпен тартылған аттестаттау мекемесі жүргізді. Қойылатын талап-аттестация жүргізіліп отырған ұйымға қатысты аттесттаттау меемесі тәуелсіз болуы қажет.
Көріп отырғанымыздай, берілген ұйымдағы аттестациялау процесіне жанама түрде қатысқанымыздықтан, тікелей нәтижелерді өлшеуге мүмкіндік болған жоқ. Сол себептен белгілі Элмери жүйесінің көмегімен өндіріс орнының 2 бөлімінің еңбек жағдайын бағалауды жөн көрдік. Олар: қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімі және компрессорлы цех. Бұл бөлімдердің еңбек жағдайы бір-бірінен біршама ерекшеленеді. Сондықтан еңбек жағдайын бағалау кезінде осы бөлімдерге тоқтауды дұрыс деп шештік.
Элмери жүйесін Финляндияның Кәсіби денсаулық сақтау институты мен Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Еңбекті қорғау жөніндегі басқарма әзірлеген. Әзірлемеге кәсіпорындардың еңбекті қорғау жөніндегі толып жатқан тәжірибелі инспекторлары қатысты, көптеген кәсіпорындарда сынақтан өткізілді.
Элмери - бұл өнеркәсіптегі еңбек қауіпсіздігіне бақылау жасаудың сенімді жүйесі. Оны өнеркәсіптің кез келген саласына және кез келген мөлшердегі кәсіпорындарда оңай және жылдам пайдалануға болады. Бұл әдіс бақылауларға негізделген. Бақылаулар еңбек қауіпсіздігінің қорғаныс құралдарын пайдалану, жұмыс орнындағы реттілік, техникамен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы мен эргономикасы сияқты аса маңызды құрамдастарының бәрін қамтиды. Элмери жүйесінде кәсіпорын деңгейі қауіпсіздік индексі деп аталатын индекс бойынша бағаланды. Индекс мәні 0-ден бастап, 100-ге дейін болуы мүмкін пайыздық арақатынасты білдіреді. Мысалы, 60 % көрсеткіш 100 тармақтың 60-ы талаптарға сәйкес екендігін білдіреді. Элмери индексін орындалған жұмыстың нақты және объективті кері байланысы ретінде пайдалануға болады. Ол бұл жұмысты мойындатады, жақсартуларды көтермелейді, жағымсыз қабылдауды туындатпайды. Мұндай кері байланыстың оңды әсер етуі атап өтілген.
Бақылаулар жүйесін пайдалану.
Элмери жұмыс орнының қауіпсіздігіне әсер ететін аса маңызды факторларды қадағалайды, олар 7 топқа топтастырылады:
oo Өндірістік үдеріс;
oo Реттілік пен тазалық;
oo Машиналы жабдықпен жұмыс істеген кездегі еңбек қауіпсіздігі;
oo Қоршаған орта факторлары;
oo Эргономика;
oo Өтпелер мен көлік өтетін жерлер;
oo Алғашқы жәрдем көрсету үшін мүмкіндіктер.
Бақылауларды өткізу үшін сауалнама формасы мен нұсқаулық әзірленді.
Бағалау таңдап алынған жұмыс орнында жүргізілді, нәтижелері сауалнамаға жақсыжаман ұстанымы бойынша енгізілді. Егер ол заңнама талаптарының ең аз деңгейіне, сондай-ақ еңбекті қорғау туралы заңнама талаптарының және кәіспорындардағы оңды тәжірибенің негізінде жасалған Элмери жүйесіндегі мәліметтерді қолдау үшін қосымша негіздерге жауап берсе, онда тармақ жақсы деп танылды.
Сауалнаманың болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Шартты-отандық энергокомплекс түрлері
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Уран өндіру
Компьютерлік кабельдер
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
Шағын бизнестің өндіріс объектілеріндегі еңбек гигиенасы
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы мәлімет
Қанжуған уран кен орнын жобалау
Сапа жүйесін сертификаттау
Пәндер