Беріліс қорабы



1 Беріліс қорабының негізгі типтері және белгіленуі
2 Сатылы механикалық беріліс қорабының жұмыс істеу принципі және жүйесі.
3 Берілістің беріліс саны
4 Сатылы механикалық беріліс қорабының құрылысы
Беріліс қорабы қозғалтқыш арқылы пайда болатын жетекші дөңгелектердегі автомобильдің орнынан қозғалған кезде және ұмтылыс кезінде, қозғалыс және жол бөгеттерін жеңу кезінде пайда болатын тарту күшін айналу моментіне өзгерту үшін, автомобиль жылдамдығын және бағытын өзгертуге, қозғалтқыш қамтамасыз ете алмайтын автомобильдің төмен жылдамдықта жүруін, тұрақта немесе автомобильдің инерция бойынша қозғалысы кезінде қозғалтқышты трансмиссиядан ұзақ уаұытқа ажыратуға арналған.
Жұмыс істеу принципі бойынша беріліс қорабы келесідей болып бөлінеді: сатылы, сатысыз, комбинацияланған.
Сатылы қораптар алдыңғы жүрістің беріліс санына қарай бөлінеді: төрт сатылы, бес сатылы және т.б. білік осінің жылжымалылығына қарай: жылжымайтын осьпен – қарапайым және жылжымалы осьпен – планетарлы, білік санына қарай: екі, үш және көп білікті, бәсеңдеткіш санына қарай: қарапайым – бір бәсеңдеткішті, құрама – екі немесе үш бәсеңдеткішті, басқару әдісіне қарай: автоматтандырылмаған, жартылай автоматты және автоматтандырылған.
Сатысыз беріліс қораптары айналу моментін қайта жасауына байланысты классификацияланады: гидравликалық: гидродинамикалық және гидрокөлемді; механикалық: клинобелдікті, фрикциондық және импулсьтік; электрикалық.
Комбинацияланған беріліс қораптары гидромеханикалық және электромеханикалық болады. Гидромеханикалық беріліс қорабы гидромеханикалық сатысыз (гидротрансформатор) берілістен тұрады және оған тиісінше сатылы механикалық қорап жалғанады.
Қазіргі таңда механикалық сатысыз, жылжымайтын білік осьті және қолмен басқарылатын беріліс қорабы көп таралған, өйткені олар қарапайым, дайындалғанда арзан және жоғары ПӘКі бар.
Екі білікті бес сатылы алдыңғы дөңгелегі жетекші жеңіл автомобильдерде мысалы, ВАЗ-2109,...ВАЗ-2115, АЗЛК-2141 «Москвич», ЗАЗ-1102 «Таврия» және көптеген шетел автомобильдерінде қолданады. Жоғары беріліс әдетте көтеруші. Берілістер тәртіптегідей синхронизацияланған.
Үш білікті бес сатылы беріліс қораптары, класскиалық жүйеде орындалған жеңіл автомобильдерде қолданады, (ГАЗ-3110 «Волга», ИЖ-2126), кіші жүккөтергішті жүк автомобильдері үшін ( ГАЗ-3302, ГАЗ-33021, ГАЗ-33023), орта жүккөтергішті (ГАЗ-4301, ЗИЛ-4333, ЗИЛ-4318, ЗиЛ-5301 «Бычок», УРАЛ-4320, КамАЗ-4310) және автобустар ( ПАЗ-3209 «Аврора», МАЗ-101...МАЗ-104, ЛАЗ-4203, ГАЗ-3221,32212,32213).

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Беріліс қорабы

6.1 Беріліс қорабының негізгі типтері және белгіленуі
Беріліс қорабы қозғалтқыш арқылы пайда болатын жетекші дөңгелектердегі автомобильдің орнынан қозғалған кезде және ұмтылыс кезінде, қозғалыс және жол бөгеттерін жеңу кезінде пайда болатын тарту күшін айналу моментіне өзгерту үшін, автомобиль жылдамдығын және бағытын өзгертуге, қозғалтқыш қамтамасыз ете алмайтын автомобильдің төмен жылдамдықта жүруін, тұрақта немесе автомобильдің инерция бойынша қозғалысы кезінде қозғалтқышты трансмиссиядан ұзақ уаұытқа ажыратуға арналған.
Жұмыс істеу принципі бойынша беріліс қорабы келесідей болып бөлінеді: сатылы, сатысыз, комбинацияланған.
Сатылы қораптар алдыңғы жүрістің беріліс санына қарай бөлінеді: төрт сатылы, бес сатылы және т.б. білік осінің жылжымалылығына қарай: жылжымайтын осьпен - қарапайым және жылжымалы осьпен - планетарлы, білік санына қарай: екі, үш және көп білікті, бәсеңдеткіш санына қарай: қарапайым - бір бәсеңдеткішті, құрама - екі немесе үш бәсеңдеткішті, басқару әдісіне қарай: автоматтандырылмаған, жартылай автоматты және автоматтандырылған.
Сатысыз беріліс қораптары айналу моментін қайта жасауына байланысты классификацияланады: гидравликалық: гидродинамикалық және гидрокөлемді; механикалық: клинобелдікті, фрикциондық және импулсьтік; электрикалық.
Комбинацияланған беріліс қораптары гидромеханикалық және электромеханикалық болады. Гидромеханикалық беріліс қорабы гидромеханикалық сатысыз (гидротрансформатор) берілістен тұрады және оған тиісінше сатылы механикалық қорап жалғанады.
Қазіргі таңда механикалық сатысыз, жылжымайтын білік осьті және қолмен басқарылатын беріліс қорабы көп таралған, өйткені олар қарапайым, дайындалғанда арзан және жоғары ПӘКі бар.
Екі білікті бес сатылы алдыңғы дөңгелегі жетекші жеңіл автомобильдерде мысалы, ВАЗ-2109,...ВАЗ-2115, АЗЛК-2141 Москвич, ЗАЗ-1102 Таврия және көптеген шетел автомобильдерінде қолданады. Жоғары беріліс әдетте көтеруші. Берілістер тәртіптегідей синхронизацияланған.
Үш білікті бес сатылы беріліс қораптары, класскиалық жүйеде орындалған жеңіл автомобильдерде қолданады, (ГАЗ-3110 Волга, ИЖ-2126), кіші жүккөтергішті жүк автомобильдері үшін ( ГАЗ-3302, ГАЗ-33021, ГАЗ-33023), орта жүккөтергішті (ГАЗ-4301, ЗИЛ-4333, ЗИЛ-4318, ЗиЛ-5301 Бычок, УРАЛ-4320, КамАЗ-4310) және автобустар ( ПАЗ-3209 Аврора, МАЗ-101...МАЗ-104, ЛАЗ-4203, ГАЗ-3221,32212,32213).
Көп білікті беріліс қораптары үлкен жүккөтергіш автомобильдерде (МАЗ және КамАЗ) беріліс санын көбейту үшін, тарту және жанармай-экономдық қасиетін жоғарылату мақсатында қолданады. Көп білікті беріліс қораптарының конструкциясының негізінде 4, 5 немесе 6 сатылы үш білікті беріліс қораптары жатады, оның картерінде жоғарылатқыш бәсеңдеткіш ( бөлісуші) және (немесе) төмендеткіш бәсеңдеткіш (демультипликатор) орналасқан. Көп білікті қорапты пайдаланған кезде беріліс саны 8ден 24ке жетуі мүмкін. Мұндай қораптар тіркемелі құраммен жұмыс істейтін, автомобиль - тартқыштарда қолданады.
Көптеген сатылы қораптардың конструкциясында берілісті ауыстыруды жүргізуші орындайды. Бірақ сатылы беріліс қораптарының конструкциясында, берлісті ауыстыру автоматтандырылғандары да бар, олардың базасында микропроцессорлық техника қолданылады.

6.2 Сатылы механикалық беріліс қорабының жұмыс істеу принципі және жүйесі.
Сатылы беріліс қораптары іліністің сыртына орналастырылады және оның картеріне бекітіледі. 6.1-суретте екі және үш білікті берліс қорабының жұмыс істеу принципі жүйелі түрде көрсетілген. Бірінші білікке 1 қозғалтқыштан айналу моменті беріледі. Автомобиль қозғалған кезде үш білікті беріліс қорабында (6.1 а-сурет) айналу моменті тұрақты ілініс тісті доңғалақ 2 және 7 арқылы,автомобильдің жетекші доңғалағы арқылы қосылған аралық білік 5 және тісті доңғалақ 6 және 3 екінші білікке 4 беріледі. Тік берілісті қосқан кезде айналушы момент тікелей бірінші біліктен 1 екінші білікке 4 беріледі, сондай-ақ аралық білікке тоқтамай, тікелей жетектегі білікке беріледі.

6.1-сурет. Үш білікті (а) және екі білікті (б) беріліс қораптарының төмендеткіш (І), тікелей (ІІ) берілісті және артқы жүрісті (ІІІ) қосқандағы жұмыс сұлбасы: 1,5-бірінші және аралық білік; 2-бірінші біліктің тісті доңғалағы; 3,8-екінші біліктің тісті доңғалағы; 4-екінші білік; 6,7,10-аралық біліктің тісті доңғалағы; 9-аралық тісті доңғалақ.

Автомобильдің артқы жүріспен қозғалуы 8 және 10 тісті доңғалақтарының арасына еңгізілген аралық тісті доңғалақтың 9 арқасында жүзеге асады, осының нәтижесінде екінші білік 4 бірінші біліктің айналуына қарама-қарсы бағытта айналады.
Екі білікті беріліс қорабында (3.1 б-сурет) айналу моменті тікелей бірінші біліктен 1 екінші білікке 4 беріледі.

6.3 Берілістің беріліс саны
Кішісі - жетекші 2, ал үлкені - жетектегі 3 (6.1 б (І)-сурет) екі тісті доңғалақты берілісте жетектегі тісті доңғалақтың тісі жетектегі тісті доңғалақтың тісінің санынан қаншалықты көп болса, соншалықты жетектегі тісті доңғалақтың айналу моменті көп болады. Осыған сәйкес жетектегі тісті доңғалақтың айналу жиілігі жетекші тісті доңғалақтың айналу жиілігінен аз болады. Беріліс қорабының қызметі, қозғалтқыштың иінді білігінің айналуы жетекші доңғалаққа тісті доңғалақтар арқылы әр түрлі беріліс санымен берілуіне негізделген.
Жетектегі тісті доңғалақтың тіс санын жетекші тісті доңғалақтың тіс санына бөлгенде алынатын санды беріліс саны деп атайды. Егер берілісте бірнеше жұп тісті доңғалақ қатысса, онда жалпы беріліс саны беріліске қатысатын барлық тісті доңғалақтар жұбының беріліс сандарын көбейткенде алынады. Осылай беріліс қорабы айналу моментін ғана өзгертіп қоймай автомобильдің жүріс жылдамдығында өзгертеді.

6.4 Сатылы механикалық беріліс қорабының құрылысы
Қазіргі заманғы ВАЗ, АЗЛК және ЗАЗ автомобильдерінде орнатылатын екі білікті 5 сатылы беріліс қораптарында тұрақты ілініс бар тісті доңғалақтары және алдыңғы жүрісті берілісті қосатын синхронизаторлары бар. ВАЗ-2110 автомобилінің беріліс қорабының (6.2-сурет) картерінде 1 тісті доңғалақтарға бірінші 2 және екінші 12 біліктерге тісті доңғалақтар және синхронизаторлар орнатылған,сондай-ақ артқы жүрістің аралық тісті доңғалағы 8 осімен 9 орнатылған. Алдыңғы жүрістің тісті доңғалағының берілісі барлық уақытта іліністе тұрады. Алдыңғы жүрістің әрбір берілісіндегі тісті доңғалақтар екінші біліктің мойынтіректеріне орнатылады және айналушы момент берілісті қосқан кезде білікпен байланысқан синхронизаторлар арқылы беріледі. Артқы жүрістің жетекші 7 және жетектегі 11 тісті доңғалақтары артқы жүріс берілісін қосқан кезде солармен бірге ілініске түсетін оське 9 орнатылған аралық тісті доңғалақ 8 арқылы қосылады.
Беріліс беріліс қорабының картерінде орналасқан арнайы механизм арқылы қосылады. Берілісті қосу иінтіректердің көмегімен жүзеге асады, ол ашанының көмегімен муфта синхронизаторын 22, 25 немесе 28 керек берілістің тісті доңғалағына ауыстырады, қосылуын және айналу моментін тісті доңғалақтан синхронизатор арқылы беріліс қорабының екінші білігіне беруін қамтамасыз етеді. Қарастырылып отырған беріліс қорабы қозғалтқыштың айналу моментінің және иінді біліктің айналу жиілігінің шамасын келесідей беріліс санына тиісті өзгертуге мүмкіндік береді: 1-ші берілісте - 3,636; 2-ші де - 1,950; 3-шіде - 1,357; 4-шіде - 0,941; 5-шіде - 0,784; артқы жүріс берілісінде - 3,5.

6.2-сурет ВАЗ-2110 автомобилінің басты берілісімен екі білікті 5 сатылы беріліс қорабының кинематикалық сұлбасы:
1-картер; 2-бірінші білік; 3,27-V берілістегі жетекші және жетектегі тісті доңғалақ; 4 және 26 - ІV берілістегі жетекші және жетектегі тісті доңғалақ; 5 және 24 - ІІІ берілістегі жетекші және жетектегі тісті доңғалақ; 6 және 23 - ІІ берілістегі жетекші және жетектегі тісті доңғалақ; 7,8 және 11 - артқы жүрістің жетекші, аралық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Беріліс қорабы жайлы
Беріліс қорабына техникалық қызмет және ағымды жөндеу
Беріліс қорабының қызметі
Механикалық беріліс қораптары
Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды жөндеу
Автомобильдің беріліс қорабы
Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер