Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі ІІ бөлім



1. Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет
2. Мектептегі тәрбие жүйесін басқару негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет
3. Нормативтік.құқықтық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5 бет
4. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде 1.11 сыныптарға арналған
тәрбие бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6.20 беттер
5. Жылдық жоспар ( тәрбиенің 12 бағыты бойынша) ... ... ... ... .. 21.24 беттер
6.Диагностика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.33 беттер
7. Бестік одақ жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34. 43беттер
8. Қосымша. Білім беру мекемелерінідегі тәрбие жұмысымен айналысатын мамандар мен педагогтардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44. 58 беттер
«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқым. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан екшеленіп, сыналып, електен өтіп бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдаланып келген халық педагогикасы бүгінде өз маңыздылығын жойған жоқ.
Тәрбие жалпыға ортақ қасиет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген еді.
Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді.Еліміздің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру»- деп көрсетуі, бүгінгі әрбір қазақ баласының өзінің ана тілінде, өз діні мен діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Осы ұлттық тәлім-тәрбиенің жетістіктерін отбасы мен білім беру саласында кең түрде пайдаланбауымыздың салдарынан жастар арасында мейірімсіздік, ізгілік, адамгершілік нормаларынан ауытқулық, кісілік қасиеттер төмендеп кеткенін аңғару қиын емес.
Бүгінгі қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа арнаға түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.Атқаратын да,сәт сайын айтатын да әрі маңызды мәселелердің бірі - бала тәрбиесі. Қоғам – адаммен ғана қоғам бола алады. Ал қоғамның негізгі байлығы –адам, оның ішінде жас ұрпақ. Ұлы ағартушы
Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің кемел келешегі болатын балаларды тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеттердің бірегейі болмақ. Бұл жөнінде де А. Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса – мектебі һәм сондай болмақшы» деген анықтаманы көрегендікпен әлде қашан беріп қойған. Ғасырлар бойы халқымыз өз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді тәрбиенің өзегі , алтын діңгегі десе де болады. Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді», - деп есептеген. Тәрбие жұмысын жүргізуде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттардың көптеп шығарылуы да тәрбие мамандарына көп міндет жүктесе керек.
1. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. С, Әбенбаева./Алматы. «Дарын» 2004ж
2. Ата-ана бұл сіздер үшіп. А.О.Пинг. Алматы. «Мектеп» 1979ж
3. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары. К.Құнантаева, I. Халитова. Алматы 2001ж
4. Ата-аналар кітабы. А.Макаренко. Алматы.«Мектеп» 1968ж
5. Адамгершілік сабақтары. Б.Қ.Игенбаева.Алматы 2001ж
6. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Ж.Қоянбаев. Алматы «Рауан»1990ж
7. Тәрбие хрестоматиясы. С.Қалиев, Ш.Майғоранова, Г.Нысанбаева.Алматы «Ғылым» 2001ж
8. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-кұлық мәдениетіне тәрбиелеу. И.С.Марьенко, А.Бобков. Алматы «Мектеп»1987ж
9. Отбасында баланы мектепке дайындау. Б.Баймұратқызы. Алматы «Шартарап»2001ж
10. Үлгілі үйдің ұл-қызы. С.Қалиев. Алмагы«Санат»2001ж
11. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына әдістемелік көмек. М.Жаңабаева, Ә.Мұратов, Қ.Арымбаев Шымкент 2005ж
12. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. Теория және тәжірибе Б.Тұрғынбаева Алматы.2005ж
13. Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері. Авторлар ұжымы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Н.Ергешбаева
Ұ.П.Жазықбаева
А.К.Бөкешова

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың
әдістемесі
ІІ бөлім

Ш Ы М К Е Н Т 2013

ББК 74.200
Б 26

Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлау институтының ---------- жылғы ---------------------
әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Құрастырушылар:

Ергешбаева Шынар - Өрлеу біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚФ
ОҚО ПҚБАИ директорының
орынбасары п.ғ.д.
Жазықбаева Ұлмекен - Өрлеу біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚФ
ОҚО ПҚБАИ бастауыш
білім беру
әдістемесі кабинетінің
басқарушысы
Бөкешова Алтыншаш Өрлеу біліктілігін арттыру ұлттық орталығы
АҚФ
ОҚО ПҚБАИ “Тұлғаны
тәрбиелеу және әлеуметтендіру”
кафедрасының аға
оқытушысы

Пікір жазғандар:
Бегман Ысқақ - Шымкент педагогикалық институтының профессоры,
п.ғ.к.
Матаева Сауле - Өрлеу біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚФ
ОҚО ПҚБАИ “Педагогика және
психология“
кафедрасының меңгерушісі , п.ғ.к

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі
Б 26 әдістемесі. ІІ бөлім.- Шымкент: Өрлеу біліктілігін арттыру ұлттық
орталығы АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2011.- 114 б.

Әдістемелік құралда сынып жетекшілермен мектеп мұғалімдерінің тәрбие
жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық және практикалық әдіс-тәсілдерін
қарастырылған.
Құрал сынып жетекшілер мен мектеп мұғалімдеріне және тәрбие ісіне
жауапты директордың орынбасарларына және педагогикалық оқу орындарының
студенттеріне арналған.

ББК 74.200

©Ш.Ергешбаева ,ҰЖазықбаева, 2013
2

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында
Н.Ә.Назарбаев
Алғы сөз
Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле
деген екен дана халқым. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып,
бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан
екшеленіп, сыналып, електен өтіп бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдаланып
келген халық педагогикасы бүгінде өз маңыздылығын жойған жоқ.
Тәрбие жалпыға ортақ қасиет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің
ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында -
деген еді.
Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын
ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді.Еліміздің тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап,
іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру- деп көрсетуі,
бүгінгі әрбір қазақ баласының өзінің ана тілінде, өз діні мен діліне сай
үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Осы ұлттық тәлім-тәрбиенің жетістіктерін
отбасы мен білім беру саласында кең түрде пайдаланбауымыздың салдарынан
жастар арасында мейірімсіздік, ізгілік, адамгершілік нормаларынан
ауытқулық, кісілік қасиеттер төмендеп кеткенін аңғару қиын емес.
Бүгінгі қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа
арнаға түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің өзі көрсетіп
отыр.Атқаратын да,сәт сайын айтатын да әрі маңызды мәселелердің бірі -
бала тәрбиесі. Қоғам – адаммен ғана қоғам бола алады. Ал қоғамның негізгі
байлығы –адам, оның ішінде жас ұрпақ. Ұлы ағартушы
Ахмет Байтұрсынов: Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан
болсын деген еді. Бүкіл елдің кемел келешегі болатын балаларды тәрбиелеу,
оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі
міндеттердің бірегейі болмақ. Бұл жөнінде де А. Байтұрсынов: Мектептің
жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса – мектебі һәм сондай болмақшы деген
анықтаманы көрегендікпен әлде қашан беріп қойған. Ғасырлар бойы халқымыз өз
ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан
дәстүрді тәрбиенің өзегі , алтын діңгегі десе де болады. Шәкәрім: Адамның
жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын
– адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген
күннен бастап тәрбиелейді, - деп есептеген. Тәрбие жұмысын жүргізуде
қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттардың көптеп шығарылуы да тәрбие
мамандарына көп міндет жүктесе керек.
Жарқынбекова Сауле Ешімқұлқызы
Бақылау комитетінің бөлім бастығы
Мектептің тәрбие жүйесін басқару негіздері

1. Нормативтік-құқықтық құжаттар.
2. Жылдық жоспар ( тәрбиенің 12 бағыты бойынша).
3. Диагностика
4. Бестік одақ жұмысы.

Тәрбие жүйесінің негізгі шарттары

1. Тәрбиенің мақсат- міндеттері.
2. Тәрбиенің үздіксіздігі.
3. Жүйелілігі. Бірізділігі.
4. Маңыздылығы.

Күтілетін нәтижелер.

1. Тәрбие жұмысының жаңа моделі бойынша сынып жетекшісі, тәлімгер,
әлеуметтік педагог, психолог қызметкерлері жұмыстарының мониторинг
өлшемдерін анықтап ендіру.

2. Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналардың,
оқушылардың, сынып жетекшілерінің, тәлімгерлердің, әлеуметтік
педагогтардың және психолог-педагогтардың бестік одақ жұмысын
қарастыратын тәрбие жүйесінің жаңа моделін дамыту.

3. БҰҰ бала қүқығы туралы Конвенциясына сай, еліміздің балалар бұқарасын
құқықтық біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты
өмір салты туралы білімін көтеру, темекі мен есірткі заттарын жастар
арасында пайдалануға жол бермеу және алдын алу.

4. Білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесінің жаңа моделін тарату.

5. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік
маңыздылығын өзектілендіру;

6. Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне
толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты
тәрбиелеу;

7. Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға
ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

8. Кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін
үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау

4
Нормативтік-құқықтық құжаттар

Білім беру – баланы бейбітшілік, төзім және түсіну рухында
өмірге даярлау, яғни толығымен өз бетінше қоғамда өмір
сүруге дайын болу үшін БҰҰ жарғысында
жарияланған идеал негізінде
тәрбиеленуі тиіс.
Бала құқықтары туралы конвенциядан

Әрбір бала өзінің балалық шағын мектепте өткізеді. Кішкене бала болып
келеді де, өсіп-жетілген соң адам болып шығады. Осы аралықта ол өзінің
психологиялық әрекетін игеріп, азаматтық құқық пен еңбек, кәсіби білімді
меңгереді. Қазіргі заманда мектеп оқушысының оқу үлгерімін ғана емес,
оқушының тұлғалық даму процесінің маңызды жақтарын қарастырады, яғни
мектептің басты міндеті әр оқушыны тәрбиелеудегі мақсатқа бағыттай
тәрбиелеу. Оқытуда білім, білік, дағды қалыптастыру тәрбиенің негізгі
құралы болуда. Сондықтан әрбір педагог тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында
төмендегі Қазақстан Республикасының нормаларын, ережелерін, заңнамалары мен
актілерін басшылыққа алу міндетті:
1.Адам құқығы туралы жалпы Декларация. БҰҰ 1948.10-желтоқсан
2.Бала құқығы туралы Конвенция. 1989 ж 20 қараша БҰҰ
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж
4.ҚР “Білім туралы ”Заңы 2007 ж. 27 шілде №319 ІІІ ҚРЗ
5.ҚР “Тіл туралы”Заңы 1997 ж 11 шілде № 151-1 өзгертулер 2008ж 24.11
6.ҚР “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау”Заңы.
7.ҚР “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы”Заңы 2001 ж 13
желтоқсан.
8.ҚР Кодексі “Неке ( ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы. Астана. Ақорда.
2011 жылғы 26 желтоқсан №518-ІҮ ҚРЗ
9.ҚР “Темекі шегудің профилактикасы мен шектеу”туралы Заңы .2002ж 10 шілде.
10. Қ.Р “Бала құқығы туралы”2002 ж 8 тамыздағы Заңы
11 ҚР Қылмыстық кодексі.
12. .ҚР еңбек туралы заңы
13. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi N 581 Заңы
14. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңы
15. “АҚТҚЖҚТБ-ның білім беру мекемелерінде алдын-алу туралы” ҚР БжҒМ
N5..3 2002 02.12 ж бұйрығы.
16. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521
бұйрығымен бекітілген
20. ҚР білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізу кезінде
мемлекеттік рәміздерін қолдану рәсімі жөніндегі ереже . 2005 ж N 227 ҚР
Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
21. ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық құлқын қалыптастыру
тұжырымдамасы.1995 ж
22. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы Ереже 2001 ж
23. ҚР Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауы.
24. 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы.ҚР
Президентінің 2004 ж 13 01N 1277жарлығымен бекітті.
25. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118
жарлығымен бекітілген
26. Мектептоқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы
25 маусымдағы №832 қаулысы
27. “Қазақстан -2050” стратегиясы.

5

Жүйелі тәрбие - жемісті нәтиже

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде 1-11 сыныптарға
арналған тәрбие бағдарламасы
Түсіндірме хат
Жалпы білім беру мазмұнындағы тәрбие - бұл баланың өзіндік санасы мен
сезімінің және адамгершілік көзқарасының қалыптасып дамуына, ол
қасиеттердің оның мінез-құлқына сіңуіне бағытталып арнайы мақсатта
ұйымдастырылған іс-әрекеттер. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан-салалы,
көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның
дамуына бағытталған және рухани кұндылыктарының негізінде кұрылады.
"Қазақстан Республикасының Білім туралы" Заңы, Қазақстан мақұлдаған
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын
анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды.
Қазакстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі
мақсаты - жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді
қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін
дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге,
Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке
тәрбиелеу.
Тәрбиенің негізгі міндеттері:
- қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;
- саяси, құкықтық, экономикалық, экологиялық, талғам мәдениетін жоғары
деңгейде қалыптастыру;өзінің кәсіби қабілетін айқындауды
қалыптастыру;отбасылық мәдениетті және гендер проблемасындағы
сауаттылықты калыптастыру;
- рухани-адамгершілік, этномәдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық
мәдениетін қалыптастыру;сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру;
Білім мазмұнының ірі компонентретінде оқыту саласының ұқсас нұсқасы
тәрбие үрдісін төменде берілген модульдермен кұруға болады:
әлеуметтік-құқықтық модуль: әлеуметтік қарым-қатынастардың нормалары
туралы негізгі түсінікті меңгеру, соның ішінде мемлекеттік нормативтік заң
актілері мен балалар кұқығы жайлы БҰҰ Конвенциясының мазмұнымен сәйкес
анықталатын, жалпыадамзалық құндылықтар жайында; азаматтық-патриоттық
түсініктің қалыптасуы; өмірдің негізі заңдылыктарын, қоғамның дамуын және
ондағы адамның аткаратын рөлін, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік
қатынастардағы мәдениет туралы негізгі ұғымдарды игерту;
рухани-адамгершілік тәрбиесінің модулі: кұрамына тарих, тіл, философия,
әдебиеті дәстүр, психология қатысты "әлемнің ұлттық мәдениеті"
ерекшеліктеріне негізделген мазмұны мен түрін, өмірдің мәні мен мұратын,
мәдени құндылықтарды меңгеру мен қайта жаңғырту;
жалпы интеллектуальды даму модулі: ойлау әрекеттерінің тиімді тәсілі
жайлы негізгі түсініктерді меңгеру, оларды түрлі тапсырмаларды және басқа
да аналитико-синтездік (талдау-жинақтау) іс-әрекеттерді орындау барысында
практиканың баска түрлерінде қолдану; жалпы ғылыми таным әдістерінің
негізгі элементтерін меңгеру;
жалпы мәдениеттілікті тәрбиелеу модулі: негізгі жалпы талғам
түсініктерін игеру, мәдениеттанушылық, мәдени-ұлттық және т.б. адамның
негізгі қоршаған ортаға қарым-катынасынан міндетті түрде болатын нәтижелер
мен зардаптар секілді негізгі
6
экологиялык ұғымдарды түсіну; өзінің денсаулығымен, дене дамуымен,
шығармашылықпен өзін- өзі жетілдіру; Модульдердің осындай топтастыруы
негізінде осы заманғы тәрбие үрдісі келесі бағдарларға бағытталады:
Әлеуметтік- құқықтық модулъ
▪ қазакстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу;
▪ құқыктық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;
▪ әскери-патриоттық тәрбие;
▪ экономикалық және еңбек мәдениетіне (кәсіби бағдар) тәрбиелеу;
▪ отбасылық тәрбие;
▪ гендерлік тәрбие және отбасылық өмірге дайындық.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінің модулі
▪ рухани-адамгершілікке тәрбиелеу; этникалық (ұлттық) мәдениетке
тәрбиелеу;
▪ төзімділікке (толеранттыққа) және көпұлтты, көпдінді орта
жағдайындағы ұлтаралық қарым-катынастар мәдениетіне тәрбиелеу;
Жалпыинтеллектуалъды даму модулі
▪ танымдық мүдделерге тәрбиелеу;
▪ интеллектуальды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыру;
Жаппымәдениеттілікті тәрбиелеу модулі
▪ талғам мәдениетін тәрбиелеу;
▪ экологиялық мәдениетті тәрбиелеу;
▪ салауатгы өмір салты дағдысын қалыптастыру;
▪ дене еңбегі мәдениетін қалыптастыру;
Бүгінде тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру тұлғалық- бағыттаушылық
тұрғыда негізделуге тиіс.
Әрбір оқушы тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде болу кұқығы, сондай-ақ
жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасау, тұлғаның өзін-өзі ашуы
мен өз ойын еркін жеткізу қажеттілігін қалыптастыру. Әлеуметтік қарым
-қатынастардың өзгермелі жағдайында тәрбиені іс-әрекет тұрғысында қарау
маңызды, себебі оқушылар ерік-жігерді талап ететін, өмірде кездесетін
шынайы жағдайларға араласады, бұл жағдайлар оларға басқалардан ерекшеленіп
жақсы жағынан керінуге мүмкіндік туғызады. Бала тұлғасы өмірін
адамгершілікке байытатын және өмірдің мәнді де маңызды мәселелерін шешуге
ұмтылыс жасайтын жасанды жағдаяттар мен жағдайлар жасалады.Бүгінде
мұғалімнің оқушы бойына қалыптастыратын нақты іс-әрекеті оларды дағдыға
үйрету, бағалау пікірін калыптастыру, шығармашылық пен қайта өңдеуге
кабілеттілігін, тұрақтылық (жігер) пен ерікті тәрбиелеу сияқты белгілі
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталып баланың өмірде, қоғамда
тандаған істерінде нәтижелі болуына көмектеседі.
Тәрбиелік тұрғыдан тәрбиенің төмендегідей түрлері мен әдістері
ұсынылады:
Ауызша (ауыз екі тілді)-лекция,әңгіме,пресс-конферен ция, сабақтар;
Практикалық - жаттығулар орындау, әдебиеттермен жұмыс, үндеу хаттар,
плакаттар жасау, сөзжұмбақтар, көрнекілік заттар, керкемдеу және т. б.
құрастыру;
Репродуктивті- мазмұнын айту, мазмүндама, білім беру;
Дедуктивті-жалпыдан жекеге:жағдайға байланысты ғылыми заңдарды қолдану;
Индуктивті - жекеден жалпыға: фактілер негізінде ойды корытындылау;
Проблемалы-ізденушілік - оқиғалар, сұрақтар, тапсырмалар, міндеттерді
талкылау;
Шығармашылық - ойындар, пікірталастар, семинарлар, саяхаттар; КТК-ы,
аукциондар,
7

жарыстар, үлгілер, шерулер, миға шабуылы, пікірталастар, дебаттар, дөңгелек
үстелдер;
Психологиялық - тренингтер, өзіндік талдау, сауалнама алу, тестілеу,
балалар суреттерін, шығармаларын талдау;
Көрнекіліктер-кестелер,суреттер,сыз балар, безендірулер, бейне-фильмдер,
диафильмдер, диапозитивтер, слайдтар және т. б.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сынып
оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің
барлық сатысына арналып, мынадай белімдерден тұрады:
1-4 сынып оқушыларыныц тәрбие бағдарламасы
Дайындалған бұл бағдарламалардың құрылымы бірдей, әрқайсысы бөлімдерге
бөлінген.
Бірінші бөлімде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама
беріледі. Бағдарламаның екінші белімінде тәрбиеге бағытталып құрылған іс-
әрекетгердің негізгі мазмұны берілген.Жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиенің
міндеттері және сыныптан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралардың түрлері
алынған.Окушылардың тәрбие бағдарламасы адамның маңызды:
интеллектуальды,мотивациялық, эмоциональдық, ерік-жігерінің
қалыптасуына,өзін-өзі басқаруына, пәндік-практикалық экзистенциальдық
дамуына және мектеп окушыларының әлеуметгік қарым-қатынасқа дайындығына
бағытталған.Бағдарламада тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері негізінде
тәрбие нәтижесін бағалауға және оның іс-әрекеттерін бағалау әдісінің
сәйкестігіне арналған бөлім бар.Берілген бағдарламаны жүзеге асыру тұлғаның
жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты шығармашылық
қабілетінің өсуін туғызады, жеке тәрбиені өзін-өзі тәрбиелеу мен ұжымдық
тәрбиемен ұтымды үйлестіреді, ата-анамен, мектептен тыс тәрбие мекемелермен
және басқа қоғамдык ұйымдармен үздіксіз байланыс іске асырылады, оның
нәтижесінде тәрбиелік әсері тиімділігінің жоғарылауына және мектеп
бітірушілердің үлкен өмірге араласу дайындығына алып келеді.
Тәрбиені ұйымдастырудың негізгі қағидалары
Тәрбиенің ұйымдастырушылық тәсілдері мен мазмұны, белсенді әлеуметтік,
білімді, адамгершілікті және дені сау тұлғаның қалыптасуына тәрбиесіне
бағытталған қағидалар негізінде іске асырылады.
Мақсатқа бағытталған қағидаға тұлға дамуының әрбір кезеңіндегі нақты
мақсатты бағдар, ұжымдық қажеттіліктердің нақты есебі, басты тәрбиелік іс-
әрекеттердің түрін дұрыс тандау жатады.
Гуманистік бағыттағы қағида гуманистік ойлар мен бағыттардың алдыңғы
орынға шығуын ұсынады, яғни әрбір тұлғаға сыйластықпен қарау, оның барлық
күш-жігерінің дамуына қамқорлық жасау, еркіндігі мен әлеуметтік құқығын
тану, мұғалімнің білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуына жауапты
субъекті есебіндегі карау, сонымен қатар субъект - субъект қатынасы
негізінде өзара іс қимыл жасау.
Табиғилық қағидасы тәрбиенің табиғи және әлеуметтік мәдени үрдістер
арасындағы арақатынасын ғылыми тұрғыда түсінуге негізделеді, яғни оқушылар
жынысына, жасына сәйкес тәрбиелейді, олардың бойында өзін-өзі дамытуда,
жүріс-тұрыс әрекеттері барысында туындайтын экологиялық зардаптар үшін
жауапкершіліктерін қалыптастырады.
Мәденилілік қағидасы тәрбие жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
ұлттық мәдениеттің нормалары мен құндылықтарына сай, жалпыадамзаттық
құндылықтарға қайшы келмейтін аймақтық дәстүрлерге сай жүзеге асады.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттің тиімділік қағидасы білім беру жүйесіндегі
түрлі ұжымдардағы тәрбие деп ұйғарылды, ол тәрбиеленушілердің қарым-қатынас
аумағын 8

кеңейтуге мүмкіндік береді, мәдени әлеуметтік үрдістерде өзін-өзі
анықтауына сындарлы жағдай жасайды, негізінен өз-өзін танытуға әлеуметтік
бейімделу дағдыларын қалыптастырады.
Тұлғаның әлеуметтік мәдени білігін дамытуды тәрбиелеуді шоғырландыру
қағидасы тәрбиенің түпкі мақсаты мен тактикасы балаға, жасөспірімге, жас
жеткіншектің әлеуметтік мәдени тәжірбиені меңгеруіне және әлеуметтік ортада
өзін-өзі еркін анықтауына көмектесуге бағытталған.
Тәрбие үздіксіздігі (үздіксіз тәрбие) қағидасы - тұлғаның тіршілік
әрекетінің барлық сатыларындағы жан-жақты дамуы ұйғарылған: шығармашылық
шабытының толығуы және оның кәсіби және жалпы мәдениеттілігінің жоғарылауы,
күші мен қабілеттерін толығымен іске асыру мүмкіндіктері қарастырады.
Тәрбиеге іс-әрекет тұрғысынан қарау мен біртұтастық қағидасы -тұлғаның
толығымен дамуын, тәрбиенің барлық бағыттарының бір-бірімен
байланыстылығын, жалпы мәдениеттің қалыптасуына бағытталуын, сенімін,
шығармашылык қабілеттерінің дамуын, оның танымдық және шығармашылық даму
мүмкіндіктерін керсететін іс-әрекеттердің барлық түрлеріне тұлғаның
белсенді араласуын, өзін-өзі тәрбиелеуін мен өзіндік жетілуі үрдісіне кіре
алу кабілетілігін айқындайды.
Бірлік талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы-мұғалімдердің
мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру тұлға
дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру ең қажетті шарт, сонымен
катар әлеуметтік орта (мәдениет және өнер, баспасез, көркем әдебиеттер,
кино теле-радио хабарлар, жинақталған баспасөз мәліметтері және т.б.)
тәрбиенің жағымды әсерін күшейту ұсынылады.
Әлеуметтік бара-барлық қағидасы тәрбиенің мазмұны мен құралының тәрбие
үрдісі ұйымдастырылып жатқан әлеуметтік жағдайға сәйкестігін талап етеді.
Тәрбиенің міндеті нақты әлеуметтік- экономикалык жағдайларға бағытталып
және әркелкі әлеуметтік мәселелерді іске асыруда балалардың болжай алу
дайындығын қалыптастыру қарастырылған. Қағиданың іске асыру мүмкіндігі
әлеуметтік орта әсерінің әркелкілігі негізін ескеруде ғана болады.
Жеке тұлғалану қағидасы әрбір оқушының жеке әлеуметтік даму жолын
анықтау, оның ерекшеліктеріне сәйкестендіріп арнайы міндеттерді бөліп беру,
әрбір баланың жеке потенциалын ашуға және өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндіктер
беру, окуда және окудан тыс жұмыстарда тұлғаның табиғи мүмкіндіктерін
ашатын іс- әрекеттердіңтүрлеріне баланы қатыстыру.
Тәрбие ортасын құру қағидасы білім беру мекемелерінде баланың
әлеуметтенуіне мүмкіндік тудыратын қарым-қатынастарды құру талап етіледі.
Ең алдымен педагогтар мен оқушылардың ұйымшылдығы яғни мектеп ұжымының
бірлік идеясы маңызды рөл атқарады. Әрбір сыныпта, пән бірлестіктерінде
ұйымшылдық пен психологиялык бірлік (интеллектуальды, ерікті және
эмоциональды) қалыптасуы керек. Тәрбие ортасын КҰРУ -педагогикалық үрдіске
қатысушылардың өзара жауапкершілігі, көңіл-күйге ортақтасуы, өзара көмегі,
қиындықты бірге жеңе алу қабілеті болып табылады.
Этникалық қағида - біріңғай этникалық медениет негізінде жалпы ұлттық
мәдениеттің гүлденуіне мүмкіндік, жасайтын мәдени ортаның қалыптасуы,
қоғамдық қатынастар, азаматтық келісім мен үйлесімге жету. Субъектінің ана
тілі мен мәдениетін толық игерумен қатар әлемдік мәдени құндылықтарды,
дәстүр, тіл, психикалық тұрпат, этникалық сананы қамтитын рухани өмір
саласына араластыру іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

9
І-ІҮ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы
1.1.1-ІҮ сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сипаттама
Бастауыш мектеп жасындағы балалар тәрбиесі олардың мектеп жасына
дейінгі алған білімдері мен икемділіктеріне сүйенеді. Бұл жастағы балалар
ақпаратты әсерлі қабылдап, өзін қоршаған айналаға таңданып, түрлі сұрақтар
қойып, қызығушылық танытады. Төменгі сынып оқушыларының танымдық
белсенділігі әсіресе өздеріне үйреншікті емес бейтаныс оқушы рөлі,
мектеппен байланысты көптеген нәрселерге деген кызығушылықтарымен
түсіндіріледі. Сондықтан осы жастағы балаларға арнап "Ол кім? Бұл не?"
клубын, эстафета-сабақтарын, викториналар, экскурсиялар мен жорықтар
ұйымдастыру тиімді болып табылады.
Оқытушылар төменгі сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып,
тұлғаны дамытуға арналған тәрбиелік іс-шараларға көңіл бөлу қажет. Ол
әсіресе, баланың өзін түрлі рөлдерде енуін қажет ететін, бір-бірімен
байланыстырып, қызығушылығын дамытып, жаңа ұғымдармен таныстыратын ойын-
сабақтары.
Бастауыш сынып оқушылары - олар сенгіш, ашық мінезді, тәртіпті және
айтқанды екі етпейтін орындаушылар. Дамудың осы кезеңінде қарым-қатынас
жасау жалпы қабылданған ережелер мен нормалар негізін меңгеру арқылы
жүргізіледі. Алғашкы түсініктердің басым көпшілігі эмоцияға негізінде
қалыптаса бастайды. Эмоция психологиялық және физиологиялык процестерді
жылдам дамытады. Сондықтан тәрбие жұмысының алғашқы кезеңінде бейне-шолу
әдістерді тиімді колдану арқылы түсініктеме-әңгімелер мақсатқа сай
жүргізілуі тиіс. Одан кейін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін
дамытатын тәрбие жұмыстарының ұжымдық формаларын қолдану ұсынылады. Олар
әңгімелер мен суреттер байқауы, білгірлер сайысы, эстафеталар сияқты іс-
шаралар.Бастауыш мектеп - білім алудың алғашқы сатысы, онда оқушылар
ғылымның әр саласынан қарапайым түсініктер алып, сыныбы жоғарлаған сайын
білімдерін кеңейтіп әрі тереңдетіп отырады. Сондықтан осы жас сатысында
оқушылар мектеп қауымдастығының тең құқылы мүшесі ретінде өз күш-жігерін
байқап көруіне мүмкіндік тудыратын, сыныптан тыс жұмыстарда қызығушылығын
арттырудың маңызы зор.
1.2 Тәрбие жұмыстарының бағыттарына сәйкес атқарылатын іс-әрекеттердің
мазмұны
1.2.1 Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты
қалыптастыру
Мақсаты: Отанына деген сүйіспеншілігі мен азаматтық сана сезімі
негізінде өз еліне пайда келтіруге деген талпынысын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
• Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыру;
• Мемлекеттік тілде сөйлеуге деген талпынысын дамыту;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рэміздерін кұрметтеу мен
бағалауға деген ұмтылысты қалыптастыру;
• Ел тарихы мен мәдениеті білу аркылы Қазақстан Республикасының
негізгі құндылықтарын зерделеуге көмектесу;
• Қазақстанның халықаралық жағдайы, оның экономикалық, саяси,
мәдени ерекшелігі туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру;
• Өз мемлекеті туралы әңгімелеп беру қабілеттерін қалыптастыру;
• Азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы түсініктерін
• Қалыптастыру және оларды түсіндіре алуы;
• Өз Отанының тағдырына, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына өз
қатысты
10
• екендігін сезіну қабілеттерін дамыту;
• Өз мектебіне, шағын ауданына, қаласына, республикасына пайда
келтіруге ұмтылысы мен тілегін дамыту;
• Түрлі саладағы қазақстандықтардың жетістіктеріне деген
мақтанышын қалыптастыру;
• Өз Отанына деген мактаныш сезімдерін оятатын деректерді іздеу,
туған қаласының (ауылының) қалай дамып жатқанын оқып-үйренуге
деген тілектерін жүзеге асыру;
• Мемлекетті гүлдендіруге арналған жеке адамдар мен бір топ
адамдардың маңызды әрекеттерін түсінуге көмектесу.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
"Отан неден басталады ? " әңгіме. Әңгімені адамның "Отан" туралы
түсінігі, жерге деген сүйіспеншілігі, өз еңбектері аркылы Отанының даңқын
асырған адамдар туралы, Отан дәріптеуге арналған өлеңдер мен әндер;
Өз қаласына (ауылына) экскурсия. Оқушылардың каланың (ауылдың) негізгі
мәдени демалыс орындарына, маңызды өнеркәсіп нысандары мен демалыс және
тарихи орындарымен танысуы;
"Өз қаламыз туралы не білеміз? " атты конференция. Өз жұмысын көрсету,
баяндамаларды рәсімдеу, туған өлкесі туралы мәліметтер жинақтау;
Туған қаласына (ауылына) арналған суреттер байқауы. Байқау өлкенің
мәдени ерекшелігі мен тарихын окып-үйренуге арналып, экскурсиялардан кейін
өткізіледі;
"Менің Қазақстаным" ойын-эстафета. Ойын барысында окушылардың
Қазақстан Республикасының мемлекетгік рәміздері жайлы білімдері тексеріліп,
ақыл-ой мүмкіндіктері кеңейіп, ойлау, бейімделу қабілеттері дамиды, топпен
жұмыс істеу, жарысу дағдылары қалыптасады;
"Отандық герапьдика тарихы " сынып сағаттары. 3-4 сыныптарда қазіргі
таңдағы геральдика, оның шығу және даму тарихы, оның бүкіл ел және жеке
адамдар үшін маңызы туралы айтылады. Соғыс жағдайында туды жоғалтудың
салдары кандай болатынын және туды қорғау жолында жауынгерлердің кандай
тәуекелге барғандарын, оны сақтау жолында олардың өз өмірлерін қатерге
тіккендерін әңгімелеу;
"Ерлікке тагызым" әңгіме. Іс-шара Ұлы Отан соғысының батырларына
арналады;
"Ұлттық ойындар" ойыны. Қазақ халқының ұлттық ойындары үйретіліп,
сайыстар өткізіледі. Сайыс барысында мүмкіндігінше оқушылар ұлттық киім
кигені жөн;
Республика күні, Тәуелсіздік күні, Қазақстан Республикасының
Конституция күні, Қазақстан халықтарының татулық күні мерекелеріне арналған
концерттер дайындау;
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне арналған іс-шараларға дайындық және атап өту;
соғыс және еңбек ардагерлеріне, еліне еңбегі сіңген ұстаздарға,
жазушыларға, ғылым және мәдениет қайраткерлеріне, қонақтарға арнап шақыру
билеттерін дайындау;
"Ел ордасы - Астана" сынып сағаты. Оқушылар Қазақстан
Республикасының астанасы туралы материалдар, оның тарихы мен мәдени демалыс
орындары, қала туралы өлевдер мен пікірлер жинап, баяндамалар дайындайды;
"Еліміздің қос қаласы " Алматы —Астана телекөпірі. Оқушылар Алматы мен
Астана қалаларының тұрғындарының рөлін ойнап теледидар арқылы пікірлесуге
қатысады. Ойын барысында қалалардың тарихи және мәдени кернекті орындары,
жағрапиялық ерекшелік жағдайы, климаты мен ландшафты туралы бір-біріне
сұрақтар қояды;
"Қаныш ағаның геологиялық соқпағымен " саяхат ойыны. Саяхат барысында
оқушыларға Қазақстанның ғалымы Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы
алғашқы
11
түсінік беріледі. Саяхат ғалымның туған жерінен басталып, республика
аймағында өтеді;
"Балдырған" жас жауынгерлер ойыны.
Ойын барысында алғашқы әскери-патриоттық тәрбие беріледі. Ойын кешені
сыныптан тыс оқу бағдарламасы, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, еңбекке
үйрету, музыкаға және айына бір рет "Жас жауынгерлер күнін" өткізу
қарастырылады, сондай-ақ күзгі, кысқы және көктемгі демалыс кездерінде
түрлі ойындар мен өз беттерінше орындалатын іс-шаралар ұйымдастырып,
өткізу;
Сыныптың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.Сыныпты басқаруға байланысты
жүктелген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өздерін сынып
қауымдастығының азаматы ретінде сезініп, сыныпта өткізілген іс-шараларға
қоскдн өз үлесін бағалау мүмкіндігіне ие болады.
1.2.2 Саяси мәдениетті қалыптастыру
Мақсаты: саяси қарым-қатынас туралы алғашқы түсініктері мен сынып
ұжымын басқару ісіне араластыру, кабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері: сынып ұжымы деңгейінде түрлі қарым-катынас жасау
қабілетін дамыту;
• әлеуметтік және саяси рөлдерді орындау икемділігін дамыту;
• сыныпты басқара алу қабілетін қалыптастыру;
• сынып қауымдастығы алдында өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік
сезімін қалыптастыру.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:
- жергілікті атқару органдарының қызметін түсіндіру мен қаладағы
әкімшілік ғимараттарын таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастыру.
Экскурсия барысында оқушылар мемлекетті басқару туралы алғашқы мәліметтер
алып, басқару органдарының қызметімен танысып, саясат туралы түсініктері
қалыптасады;
▪ сыныпта окушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру: секторларға
бөліп, олардың жетекшілерін сайлау.Оқушылар өздеріне тапсырылған
жұмысқа жауапкершілік қарауды үйреніп, басшылық пен іскерлік
дағдыларын меңгереді;
▪ сынып Президентін сайлауды ұйымдастыру және оны өткізу.
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталған
шараны өткізудің маңызы зор. Окушылар өз жолдастарының біреуін
ұнататындығын білдіріп қана қоймайды, оның болашақта атқаратын іс-
әрекетіне өзінің де жауапты екенін сезінеді.

1.2.3 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Мақсаты: әдеп және құқықтық нормаларын ескере отырып қарым-қатынасқа
түсу қабілеттілігін калыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
• қоғамдық орындарда, мектепте, отбасында өзін-өзі ұстау мінез-
құлық ережелері туралы білімдерін және сол ережелерді қолдана
білу қабілеттерін қалыптастыру;
• адам кұкығы жайлы түсініктерін қалыптастыру;
• өз іс - әрекеті үшін жауап беру мен мінез-құлқын түсіндіре алу
қабілеттерін қалыптастыру;
• мінез-кұлық ережелерін бұзушылыққа, қатыгездікке әділетсіздікке,
күш
12
көрсетуге төзбеушілік танытуды қалыптастыру;
• құқықтық нормалар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы
жайлы түсініктерін қалыптастыру;
• адам құкығын сақтау қажеттілігін түсіндіру қабілеттерін
қалыптастыру;
• күш көрсету жағдайында қорғану дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:
"Адам құқықтарының негізін оқып-үйренеміз" сынып сағаты. Оқушыларды
адам құқықтарының жалпы Декларациясында атап көрсеткен ережелерімен
таныстыру;
"Ертегілер еліне саяхат " ойын. Оқушылар ертегі үзінділерінен көрініс
көрсету аркылы ондағы кейіпкерлердің құқығы бұзылғаны немесе олардың іс-
әрекетінің дұрыс бағаланғаны жайлы өз пікірлері мен бағаларын
білдіреді.Соның нәтижесінде балалар ертегі шындық болмағанмен, оданалатын
мол сабақ бар екенін түсінуі қажет.
"Менің құқықтарымның бұзылуы" фестивалъ. Әр сынып оқушылары өмірден
алынған жағдаяттардан көрініс көрсету арқылы Конституция баптарындағы адам
кұқықтарының бұзылуы күнделікті өмірде кездесіп жататыны туралы талқылайды;
"Өз құқықтарымыз бен ережелеріміз туралы жазайық" ұжымдық шығармашылық
әрекет. Ұжымның ортақ шешімі бойынша сынып оқушыларның ұжымдық құқықтары
мен ережелерін анықтайды;
"Жеке бастың қауіпсіздік ережелері" сынып сағаты. Бірінші сынып
оқушыларына күш қолданбайтын қарапайым қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Баланың өзіне төнген кауіпті жағдайларды бағдарлай білуге, өміріне қауіп
төндіретін бейтаныс адамдармен кездескенде сауатты қимылдауға үйрету. Бала
үйде жалғыз қалғанда, Бала және лифт, Бейтаныс адамдармен арадағы қарым-
катынас сияқты нақты жағдаяттарды талдау;
"Балалық тентектік " әңгіме. Балалардың көпшілік ортада өздерін дү_рыс
ұстамауы, жаман эдетке бейімділігі: телефон арқылы жасалатын бұзақылықтары,
қоғамдық мүлікті бүлдіруі, үлкендерді балағаттауы, түрлі қауіпті жарылғыш
заттармен ойнауы сияқты балалық бұзакылық әрекеттерінің қүкық корғау
органдары қызметкерлерімен жағымсыз қарым-қатынасқа экеп соғатынын
түсіндіру;
"Өзіңді қауіпсіздендір" ойыны. Балалар өміріне қауіп төндіретін түрлі
жағдаяттарды ойын түрінде көрсету аркылы талдау.
4. Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті
қалыптастыру
Мақсаты: экономикалық іс- әрекетке деген кызыгушылығы мен коғамға және
өзіне пайда келтіру мақсатында еңбек ету қабілеттерін калыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
▪ мемлекет экономикасы туралы түсініктерін қалыптастыру;
▪ мамандыктар туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру;
▪ тиянақты еңбек ету дағдысын калыптастыру;
▪ кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын дамыту;
▪ оқушыларға адамның тұрмыс жағдайын оның кәсіби абыройы арасында
байланыс орнату қабілетін дамыту және сол кабілеттіліктері
арқылы осы заманғы экономикалық жағдайға бейімделуге тәрбиелеу;
оқушылардың адам материалдык құндылықтарды жасау арқылы басқа адамдарға
пайда келтіретінін және сол арқылы өзі де жетілетіп дамитынын санасына
жеткізу.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
• қағаз, картон, ағаш, пластик, табиғи материалдар сияқты
заттардан түрлі
13
ойыншықтар әзірлеу;
• қайырымдылық шараларын өткізуге байланысты балалар өзі
жасаған заттардан жәрмеңке ұйымдастыру;
" Біздің мектеп маңында кімдер және олар калай еңбек етуде?", "Қайда
және не салынуда?", "Құрылыстағы арифметика" экскурсиялары. Оқушылар
түрлі еңбек түрлерімен танысып, "еңбек нәтижесі", экономика саласы туралы
алғашқы түсініктерін қалыптастырады;
Сан алуан түрлі маман иелерімен, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру.
Әр түрлі маман иелерінің сүйікті мамандығы туралы қызықты әңгімелері
оқушылардың болашақ мамандықтарға деген қызығушыльщтарын арттыруға
мүмкіндік береді;Еліміздің шетел жазушыларының "Еңбек сыры неде?",
"Қолөнердің ерекшелігі қандай?" атты алуан мамандықтарға деген
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін шығармалары бойынша қойылымдар
көрсету. Онда оқушылардың түрлі рөлдерді орындауы арқылы оларға болашақ
мамандықтарды меңгеруге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
"Жарнамалық агенттік", "Өндірістік серіктестік ", "Дүкен", "Ферма",
"Монополия" атты сюжетті-рөлдік ойындар ұйымдастыру. Ойын арқылы басқарудың
алғашқы дағдылары, капитал, тауар нарық, еңбекті бағалау біліктіліктері
қалыптасады;
"Менің анамның мамандығы", "Әкемнің кәсібі" с.с. т.б. тақырыптарда
шығармалар байқауы. Оқушыларға өз ата-анасы, таныстары мен туыстарының
мамандықтары туралы материалдар жинап, шығарма-толғаныс жазу ұсынылады.
Шығарманың негізгі идеясы - адамдар игілігі үшін әр мамандықтың
маңыздылығын ашып көрсету болып табылады.
1.2.5 Гендер мәселесі бойынша сауаттылығын арттыру және отбасы қатынасы
мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты: баланың отбасындағы әлеуметтік рөлді орындау қабілеті мен
отбасы кұндылықтарын калыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: оқушының өзін белгілі бір жыныс өкілі ретінде
танытуға қабілеттілігі;
• әйел мен ер адамның отбасындағы рөлдік айырмашылығы туралы
түсінігін қалыптастыру;
• отбасының тең кұқылы мүшесі ретінде өз мәнділігін түсінуге, жақсы
ұл (қыз, аға, әпке, немере, т.б.) болып өсуде өз міндетін орындау
жауапкершілігін қалыптастыру;
• өзіне туыс адамдардың бойында кездесетін кемшіліктеріне кешіріммен
қарап, оларға төзімділік пен шыдамдылық таныту;
• отбасы мүшелерінің атқаратын міндеттерімен таныстыру;
• бос уақытты дұрыс өткізу, өз-өзіне қызмет ету біліктілігін, жақын
адамдарына қамқор болу қасиетін қалыптастыру.
Жұмыстың түрімен мазмұны:
"Менің ең қымбатты адамдарым - әкем мен анам " ертеңгілік. Бұл іс-
шарада от басындағы аналық махаббат, әкенің қамқорлығы, жеке басының
қуанышы мен қайғысын өзіне жақын адамдармен бөлісу, отбасылық мерекелер
ұйымдастыру, туған ата-анасына қамқор болу қажеттілігі туралы түсіндіру;
"Жер бетіндегі ең мейірімді адам " әңгіме. Әңгіме отырыста әжелері мен
аталарының олардың балалық шағы, өмірлеріндегі есте қаларлықтай қызықты
оқиғалары жайлы айтылады.
14
Балалардың аталары мен әжелерінің шығармашылығымен танысу мақсатында
олардың жасаған қолөнер туындылары бойынша көрме ұйымдастыруға болады;
"Менің туған үйім " мерекесі. Туған үйдің жылылық сезімін, жайлылығын,
ондағы ерекше мейірімділік пен татулықгы, әр отбасындағы қалыптасқан дәстүр
мен ынтымакты, бірлікті балаларға сезіндіру;
"Отбасылық турнир" ойыны. Турнир отбасылар арасындағы жарыс түрінде
өтеді. Оған әр сынып ата-аналарының өкілі ретінде бір отбасының мүшелері
қатысады. Турнирде ата-аналардың арасындағы татулық мен тапқырлық сияқты
тамаша касиеттерін тексеру мақсатында спорттық, ақыл-ойды дамытушылық,
музыкалық байкаулар ұйымдастырылады;
"Әжелердің өнері" ойыны. Бұл ойын байқауға әжелер, аталар мен немерелер
қатыстырылады. Бұнда төмендегідей сайыстарды ұйымдастыруға болады: атам мен
әжемнің әндері, әжемнің ертегілері мен тәтті тағамдары, атам мен әжем
үйреткен ойындар т.б.;
Менің отбасымның әлемі" көрме. Көрмеге ата-аналар мен балалар өздері
дайындаған колөнер туындылары қойылады;
"Әулетіміздің фотоалъбомы " көрме. Байқауға балалардың өздері
дайындаған альбомдар қойылады: онда өздері ойластырып дайындаған
композициялар, иллюстрациялар, өздері түсірген фотосуреттер;
"Әкелермен балалар" атты өз әулетінің шежіресін құрастыру. Оқушылар ата-
аналарының көмегімен өзінің жеті атасы туралы шежіресін құрастырып, оны
кағаз бетіне түсіреді;
"Отбасы кеңесі", "Отбасы қаржысы", "Менің қарындасым (сіңілім)",
т.б.с.с. рөлдік ойындар. Балалар бұл ойындар арқылы әрбір отбасы мүшесінің
атқаратын міндетімен танысып, отбасындағы өз орнын, отбасы мүшелері үшін
өзінің іс-әрекеті мен айтқан сезінің маңызын түсінеді;
"Еркек пен әйел - отбасының қос діңгегі" ойын-сабақ. Оқушылар ойын
барысында әйел адам мен ер адамның міндеттері мен түрлі рөлдер атқаратынын
түсінеді. Балалар өздерінің байқағандарына сүйене отырып, олардың
айырмашылығын түсіндіруге тырысады.
1.2.6 Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты: адамдармен өзара қарым-қатынас барысында адамгершілік
ұстанымын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті:
• ізгілікті және адамгершілікке жат әрекеттер туралы түсініктерін
қалыптастыру;
• өз іс- әрекетінің жеке басына және өзгелерге тигізер зиянын
бағалау
• қабілеттерін қалыптастыру;
• адамгершілікті мінез-құлыққа сай тандау жасау қабілетгерін
қалыптастыру;
• адамгершілікті мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
"Жақсы деген немене, жаман деген немене?" рөлдік ойын.Ойын басталмастан
бұрын оқушыларға адамгершіліктің басты зандары туралы білім беріледі.
Окушыларға түрлі жағдаяттар жазылғантапсырмалар беріліп, оларды релдерге
бөліп орындау тапсырылады, адамгершілік тәрбиесінің өлшемдерін негізге ала
отырып, кейіпкерлер әрекетін талдау ұсынылады. Оқушылардың "жақсы" немесе
"жаман" әрекеттерді айырып, оларды неліктен жақсы немесе жаман деп
санайтындарын түсіндіру, мұндай әрекеттердің адам мен қоғамға тигізер
нәтижесін бағалай білуі маңызды рөл атқаратыны түсіндіріледі;
"Мінез- құлық әліппесі" әдеп мәселесіне арналған сынып сағаты.
Оқушылар іс-шара барысында қарым-қатынас мәдениетінің негізгі ережелерімен
танысып, қоғамдық орындарда
15
өзін ұстау мәдениеті туралы түсінік алады;
"Адамга ар-ұят не үшін қажет?" пікірталас. Бұл шараны өткізу барысында
мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға назар аударып,
аталған мәселе бойынша тілек білдірушілердің барлығының ойларын ашық
айтуына мүмкіндік беруі керек;
"Сыйқырлы сөз " рөлдік ойын. Оқушыларға "сиқырлы сөзді" қолданып және
ол сөзді колданбай сөйлеген жағдаяттарды орындау ұсынылады. Көріністен
кейін жағдаяттар арасындағы айырмашылыққа талдау жасалады;
"Үлкенге құрмет ", "Үлкендердің демапысын сыйлай біл" -әңгіме;
"Ақиқат пен жалғандық әрқилы нәрселер", "Батыр - шындық үшін батыл ",
"Адасқанның алды жөн, арты соқпақ ", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам ",
"Ақиқат - әділеттің ақ жолы " ойлану сабақтары;
• Достық, махаббат, шындық қуаныш туралы бейнематериалдарды көру
және талдау;
• "Бүгін бізде ертегілер қонақта" ойын-саяхат. Ертегілерден
кейіпкерлердің адамгершілікті таңдауларын көрсететін сюжеттерін
іріктеп алып оқушылар кейіпкердің таңдауларын түсіндіреді;
• Балаларға арналған пьесаларға қойылымдар дайындау. Бұл шара
оқушылардың түрлі өмірлік жағдайларды басынан өткізуіне,
кейіпкерлердің рөлдік бейнесіне енуіне, адамгершілік мәселелерін
түсінуіне, ізгілікті қарым-қатынас тәжірибесін кеңейтуіне
көмектеседі;
• Пайдалы істер күнделігі. Бұл құжатта айналасындағыларға және
өзіне пайда келтіретін іс-әрекеттер тіркеледі. Мысалы, кішілерге
қамқор болу, қарт адамдарға жәрдемдесу, мектепте пайдалы жұмыстар
атқару, қасындағыларға құрметпен қарау, т.б.;"Қамқорлық" атты
ұжымдық шығармашылық жұмыс.
1.2.7 Этномәдениетті қалыптастыру
Мақсаты: оқушылардың ана тілі мен мәдениетін меңгерумен қатар әлемдік
мәдениет құндылықтарына бейімдеу.
Тәрбиелік міндеті:
• этникалық өзіндік сана-сезім қалыптастыру;
• өз халкының мәдени мұралары туралы білімдерін қалыптастыру;
• этникалық және ұлттық мәдениетке деген тұлғаның қызығушылығын
• дамыту;
• этноәлеуметтік рөлін орындау қабілеттерін қалыптастыру;
• өз халқының салт-дәстүрлерін сақтауға деген ұмтылыстарын қалыптастыру;

• ана тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту;
• өз халқының діни тағылымдары туралы түсініктерін қалыптастыру;
• Қазақстанның этномәдени байлығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
"Бізде бүгін Алдар көсе қонақта" ауыз әдебиеті мерекесіне арналған
көрініс. Оқушылар қойылым барысында әділдік пен жақсылық орнатуды тілейтін
қазақтың халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысады. Оқушылар Алдар көсе
бойында кездесетін "қулық" сияқты қасиеттердің неліктен оларға жағымсыз
әсер етпеу себебін түсіндіруі қажет. Осылайша адам өз қабілетін зұлымдыққа
қарсы күреске пайдалану біліктілігі, яғни оның өзі өмір сүріп жатқан
қоғамға қызмет етуі туралы түсінігі қалыптастырылады;
"Тапқырлар айтысы " қазақ халық ертегілері бойынша ойын. Іс-шара
барысында оқушылардың қазақтың ұлттық туындыларының ішінде кездесетін
ерекше жанрдың бірі
16
айтыс туралы түсініктері қалыптасады.
Оқушылар нағыз ақын бойында кездесетін шешендік, ойлау қабілетінің
ұшқырлығы, тапқырлық сияқты қасиеттермен танысады;
"Құстар айтысы немесе туған өлкеге деген сүйіспеншілік" -С.Жүнісовтың
әңгімелері бойынша қойылым. Іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ халқының
негізгі қасиеттерін, құндылықтарын түсінуі;
"Халық даналықтары аукционы " – танымдық ойын. Оқушылар мақал-мәтел,
жаңылтпаш, жұмбақ, нақыл сөздер арқылы білім жарыстырады;
• этнокөрмелерге, колданбалы өнер мұражайларына бару;
• ұлттық салт-дәстүрлерге арналған байқау бағдарламасы.
Бағдарламаға мына сайыстар кіреді: өз ата тегі мен ата-баба шежіресін
құру; отбасының көнеден қалған заттар жинағынұсынуы; қолдан жасалған
қолданбалы өнер туындыларының кермесі; "Ұлттық әшекейлер" байқауы; ұлттық
ойындарға қатысу; өз халқының салт-дәстүрлері жайында хабарламаға дайындық,
әдет-ғұрыптарға арналған қойылым; ұлттық тағамдар байқауы.
1.2.8 Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен шыдамдылығын қалыптастыру
Мақсаты: түрлі ұлт өкілдерімен мәдени байланыс орнату қабілеттерін,
олардың ерекшеліктерін шыдамдылықпен қабылдауды қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
• ізгіліктің бастамасы негізінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін
қалыптастыру;
• біртұтас адамзат қоғамының мүшесі ретінде адамдардың теңдігі
туралы түсініктерін қалыптастыру;
• түрлі үлт өкілдерімен қарым-қатынас орната білу тәжірибелерін
қалыптастыру;
• басқа адамдардың бостандығы мен құқығын құрметтеуге тәрбиелеу;
• адамдарды сыйламау мен күш көрсетудің кез келген түріне қарсы
тұру қабілеттерін қалыптастыру;
• әлеуметтік шиеленіс пен дау кезінде тулғаның әлеуметтік-
психологиялык қорғану тәсілдері туралы алғашқы білімдерін
қалыптастыру;
• басқа адамдарға деген өз мінез-құлқы мен қарым-қатынасын
бағалау қажеттілігі мен қабілетін қалыптастыру.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
- нәсіліне карап адамның кұқығын шектеу мәселесіне арналған көркем
әдебиеттерді оқу және оларды талдау;
"Байланыс ", "Қызылдар мен қаралар "рөлдік ойындар. Ойын барысында
түсініктері, идеялары, ұстанған ұстанымдары әртүрлі командалардың өзара
қарым-қатынас жасау тәжірибесіне сүйе отырып, басқа әлеуметтік, ұлттық,
діни тағылым топ өкілдерімен араласып, қарым-қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыру;
"Молекулалар" көңіл көтеру ойыны. Оқушыларға жүргізушінің тапсырмасы
бойынша бірнеше адамнан тұратын бірлестік құру ұсынылады;
"Зардап шеккен кеме апаты " ойыны. Оқушылар ойын барысында ортақ
мақсатқа жету үшін түрлі ұлттардың, мәдениет пен дәстүрлердің бірігіп
біртұтас болу қажеттілігін түсінеді;
қайырымдылық акциялары;
"Қазақстан халықтарының бірлігі күніне " арналған "Достық гүлшоғы"
фестивалі. Фестиваль барысында Қазақстанда түратын түрлі ұлт диаспорлары өз
өнерлерін көрсетеді;

17
"Қазақстан халықтарының тілдер күніне" арналған концерт. Концерт
бағдарламасында еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен өзара
татулығын танытатындай

әртүрлі тілдерде өлеңдер оқылып, әндер шырқалуы керек;
әлеуметтік пікірлер мен шиеленістер жағдайында тұлғаны әлеуметтік-
психологиялық жағынан қорғану тәсілдерін үйрену мақсатында тренингтер
өткізу.

1.2.9 Танымдық қызығушылық пен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Мақсаты: ақпаратты, мэліметті сыни бағалау қабілеттілігімен білімге
деген қарым-қатнастар құндылықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
- білім алуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру;

- адами мәдениетінің түрлі салаларына және оны терең
- ұғынуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
- ақпараттар аркылы ой-өрісін кеңейту қабілеттерін қалыптастыру;
- әр нәрсені білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
- алынған мәліметтерге талдау жасау қабілеттерін қалыптастыру;
- пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:

"Біз енді балалар ғана емеспіз, біз оқушымыз!", "Әліппемен қоштасу"
мерекелері. Мереке барысында окушылар өздерінің мектептегі алғашқы айларда
алған білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын көрсетеді;
"Өлең - сөздің патшасы " - интелектуалъды ойын. Іс-шара оқушылардың
білім қорлары белгілі бір дәрежеде жинақталғаннан кейін өткізіледі. Ойын
барысында оқушылардың оқу бағдарламасы көлеміндегі өлеңдерді меңгеру
дәрежелері сыналып, мәнерлеп оқу қабілеттері тексеріледі;танымдық ойындар:
викториналар, "Ғажайыптар алаңы" ойыны, КВН. Оқушылар негізгі ғылым
салалары бойынша меңгерген білімдері бойынша жарысып, біліктіліктері мен
дағдыларын көрсетеді;
әдебиет сүйер қауым клубы.
1.2.10 Талғам мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты: эстетикалык ұғыну мен күйзелісті, талғам құндылықтарды құруға
бағытталған қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндетптері:
- әсемдік туралы ғылым - талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру;
- оқушыларға талғамды қабылдауға қабілеттендіру;
- талғам құндылықтарын меңгеруге деген ұмтылысы мен қабілеттерін
дамыту;
-талғамсыздық пен бейберекеттіктің баршасына жағымсыз көзқарасты
қалыптастыру;
- талғам кұндылықтарын меңгеру дағдыларын дамыту.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:
- тарихи-мәдени орындарға, мұражайларға, сурет галереяларына экскурсия
жасау;
- жасөспірімдер театрының қойылымдарына қатысу;
"Бірнеше жылдан кейін..." - Түркістан каласымен, оның көрнекі
орындарымен таныстыруға арналған ойын;
18

"Қазақстанның өнер шеберлері балаларға арнап" атты тақырыптық
апталықтар;
- кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары негізінде Қазақстан өнер
қайраткерлерінің қызметі туралы хабарлама дайындау.
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Биология оқыту әдістемесі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Білім беру сапасының мониторинг жүйелері
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты
Пәндер