Рим мемлекетіндегі меншік құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Рим мемлекетіндегі меншік құқығы

Нарықтық қатынастар заманы мен демократияның ең алғашқы көрінісі ретінде азаматтардың жекеменшігінің болуы және оның қорғалуын атауға болады. Жекеменшік ұғымын алғашқы рет айналымға енгізген ежелші Рим мемлекетінің азаматтары екендігі белгілі. Орта ғасырда өмір сүрген белгілі неміс ғалымы Фридрих Энгельс Римдегі жеке меншік құқығы туралы келесідей пікір білдірген: «Рим құқығы жекеменшік құқығы басшылық жасайтын қоғам өмірімен ондағы қақтығыстардың толық заңды көрінісі, осы себептіде кейін пайда болған заңдар ол құқыққа еш өзгерістер енгізе алмады». 1 Аталған пікірден Рим қоғамында дамыған жекеменшік құқығы қазіргі күнге дейін өолданыстан шықпағандығын және пайда болатын жекеменшік қатынастардың бастамасы болып қала беретіндігін байқауға болады.

Рим қоғамында жекеменшік құқығын білдіру үшін dominium термині қолданылды, ал республика кезеңінен бастап бұл терминге proprietas термині қоса қолданылатын болды. Dominium термині әдетте ex iure Quiritium тіркесімен қолданылатын яғни бұл тіркес жеке меншік құқығы (жерге қатысты) ең алдымен римдіктерге тиесілі болды, содан кейін барып рим азаматтарына тиесілі дегенді білдіру үшін қолданылатын еді. Рим қоғамында жеке меншіктің маңызды түрлерін білдіру үшін res mancipi (manus сөзі қол деген мағына берсе, capio сөзі алу деген мағынаны білдірді ) термині қолданылды, шаруа үшін аса маңызды жеке меншіктердің қатарына жер, құл және сиыр жатқызылды. 2

Рим қоғамында кез-келген зат жекеменшікке жатқызылмайтын еді, қоғамдағы көтеген заттар айналымның заттары ретінде қарастырылды, ондай заттарды res omnium commnunes (барлығына ортақ заттар) терминінемен сипаттайтын болған. Аталған заттардың қатарына res divini iuris ( шіркеулер ) -дінге арналған орындар, res publicae ( түрмелер, қалалық қамалдар т. б ) - мемлекет мүддесіне қызмет етуге арналған заттар, usus publicus ( жолдар, өзендер, театрар т. б ) - жаппай қолданылатын заттар сонымен қатар ағып жатқан су (aqua probluens) . Жоғары аталған заттардың соңғысы бөшкеге құйылған сәттен бастап өзінің res omnium commnunes дәрежесін жоғалтып жекеменшік заттардың қатарына қосылып отырған. 3 Қазіргі қоғамдағыдай ертедегі рим қоғамында да жекеменшіктің алатын орны ерекшеболған, сонымен қатар жекеменшікпен қоғам меншігінің арасы толық ажаратылған.

Рим мемлекетінде тарихи қалыптасқан меншіктің бірнеше түрі болды, олардың ішінде ең ерте пайда болғаны және кең таралғаны Квитрлік меншік. Квитрлік меншік ежелгі дәуірде римде болған жеке меншіктің жалғыз түрі. Бұл меншіктің түрі цивилдік құқықтың талаптары арқылы алынған заттарды қамтыды жәнеде квитрлік меншікке толыққанды рим азаматтары ғана иелік ете алды. Квитрлік құқытың нысаны ретінде манципатцияланатын заттар және манципатцияланбайтын заттар танылды. Манципатцияланбайтын заттарды меншікке алу пайдалану құқығынберу арқылы жүргізілетін. Манципатцияланатын заттарды меншшіке алу процес барысында құқықтарынан бас тарту арқылы жүзеге асырылды.

Манципатцияланатын заттарды меншікке алудың күрделі болу қоғамдағы меншіктің жаңа түрінің пайда болуына себеп болды, пайда болған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Ертеректе дәстүрмен немесе құқыңын беру жолымен алынған заттар квитрлық заттар деп аталынса кейінен преторлықзаттар деп аталынатын болды. Рим мемлекетінде квитрлік меншікпен преторлық меншік қатар қоланылатын беретін.

Перегриндің меншік негізінен шет елдіктердің меншігін сиапттады. Аталған меншікке иелік етушілер цивилдік құқық нормалары бойынша заттарды дәстүрлі жолмен немесе жазбаша келісім негізінде сатуға және сатып алуға құқылы болды. Перегриндердің яғни шет елдіктер өз меншігіндегі заттарды шағым беру арқылы қорғай алатын, аталған шағымардар протердің эдиктілерімен қаралып қорғалды.

Провинциялық өңірлердегі жерлерді өз еркімен басып алу арқылы рим халқына жекеменшікке өтіп отыратын, аталған жерлер провинциялық меншік деп аталды. Провинциялық меншік негізі екі сипаты бойынша ерекшеленді:

1. Провинциялық жерлерге иелік етушілер Сенатқа немесе императорға салық төлеп отырды

2. Провинциялық меншікке байланысты қатынасар халықтардың құқықтарының нормаларымен реттелді. Юстиниан дәуірінде манципатцияланатын заттар мен манципатцияланбайтын заттардың айырмашлықтары белгіленді, осы жағдай арқылы квитрлік меншік пен өзге меншік түрлерініңде айырмшылықтары анықталды. Осы кезеңде жеке меншіктің dominium ex jure Quiritium деп аталатын ортақ түрі енгізілді. 4

Меншік құқығын алу тәсілдері

Меншік құқығына ие болудың бастауы болып табылатын фактілер меншік құқығына ие болу әдістері (modus acquirendi) деп аталады, ал меншікке ие етуге себеп болған заңды фактілер иелік ету жолы (titulis acquirendi) деп аталады. 5 Меншікке иелік етудің әдістері әр түрлі жағдауларға байнланысты түрліше қалыптасқан. Сатып алу нысаны бойынша әмбебап және сингулярлық болып бөлінеді. Әмбебап тәсілі бойынша меншік құқығы барлық заттарға қолданылды, ал сингулярлық тәсіл бойынша белгілі бір затқа ғана қолданылды. Меншікке алушы субьектіге байланысты иелік ету тәсілдері бойынша тек рим азаматтарына қатысты және ринің барлық еркін тұрғындарына байланысты деп бөлінді. Рим азаматтарына қатысты тәсіл арқылы меншікке ие болу жария және жеке болып бөлінді, жария тәсіл бойынша меншікке иелік ету үшін мемлекеттік органың рұқсаты қажет болды. 6 Рим мемлекетінде жеке меншікке иелік ету тәсілдерінің негізгң екі тобы белгілң болды олар бірніші топ бастапқы тәсіл, екінші топ туынды тәсілдер.

Бастапқы тәсіл деп меншікке иелік етушінің құқығы аталған затқа бұрынғы иелік етушінің құқығына тәуелсіз ретте белгіленеді. Аталған тәсілдердің тобына ешкімге тиесілі емес заттарға иелік ету (иесі жоқ заттарға рұқсатсыз иелік ету), иелік ету ұзақтығы бойынша, спецификация (заттарды өңдеу) тәсілі бойынша, заттарды жалғау және біріктіру тәсілі бойынша, өнімге заңды түрде иелік ету тәсілдері жатады.

Заттарға иелік етудің туынды тәсілі барысында иелікке алушының құқықтары затқа бұрін иелік еткен тұлғаның құқытарынан туындайды. Иелік ету тәсілдерінің аталған тобына ауыстыру, келісім шар бойынша(сатып алу-сату, сиға беру) иелік ету тәсілі, мұрагерлік құқығы бойынша, мәжбүрлеу (соттың шешімінің негізінде) арқылы иелік ету тәсілі. Заттарға иелік етудің түрлерін бұлай жіктеуге ешкім өзінде болған құқытан артық құқықты өзгеге бере алмайды 7 қағидасы себеп болған. Иелік етудің бастапқы тәсілдерінде сатып алушыға пайдалану құқығын шектеп беретін және затқа иелік етудің шарттарын белгілеп беретін сатушы болмайды, яғни бірінші жағдайда тек бір ғана тараптың болуы арқылы затқа иелік ету құқығы пайда болады, ал екінші жағдайда затқа иелік ету құқығының пайда болуы үшін екі тараптың болуы міндетті болып табылады.

Бастапқы иелік ету тәсілдері

Рим құқығында айналымнан алынбаған алайда иелік етушісі жоқ заттарға өзінің меншігіне алу ниетімен басып алуға (occupation rei nullius) рұқсат беретін қағида болған. Аталған тәсіл арқылы мүлдем иелік етушісі болмаған заттарды ( жыртқыш аңдарды, өзендегі балықтарды т. б) және иесі тастап кеткен заттарды, яғни иесі пайдаланудан бастартқан заттарды өз иелігіне алуға болатын. 8 Алайда иесіз заттарды жоғалған және жасырылған заттармен шатастыруға болмайды. Егер белгілі бір адам арзан затты тауып алса ол затты иесі бастартқан зат деп тануға болатын, ал табылған қымбат затты жоғалған зат деп қабылдап иесі табылғанға дейін сақтауға тиісті болған. Иесі табылған сәтте жоғалған затты сақтауға кеткен шығынды тауып алған адам талап етуге құқылы болған. Жасырылған заттар тауып алынғанға қарамастан жасырған адамның иелігінде болып қала беретін. Егер табылған зат тым ертеде жасырылып иесін табу мүнкін болмайтыг болса ол заттарды қазына (thesaurus) деп аталып табылған жер иесімен тауып алған тұлғаның арасында бөлінетін болған.

Заттарға иелік етудің келесі тәсілі иелік етудің көнелігі бойынша жүзеге асырылы. Гай иелік етудің аталған тәсілі жария қоғамның мүддесі үшін (bono publico) және заттардың ұзақ уақыт бойы иесіз қалмауы үшін енгізілді; меншік иелерінің құқытары бұзылмайды себеб олардың өз меншігіндегі заттарын іздеп қайтарып алу үшін жеткілікті уақыт пен негіздер болады 9 деп пікір білдірген. Гайдың бұл пірінен белгілі бір затқа ұзақ уақыт бойы жария түрде иелік еткен тұлға зат өзінің иелігінде болмасада өз меншігі деп табуға құқығының болғандығын байқауға болады. Иелік ету көнелігі бойынша заттқа ие болу институты құқықтың әр кезеңінде әр түрлі шарттар бойынша жүзеге асып отырды. Мысалы ius civile құқығы бойынша жер иеліктері үшін 2 жыл, ал басқа заттарға 1 жыл мерзім иелік еткен адам заттың иесі бола алатын, заттың ұрланып алмауы иелік ету шарттарының бастысы болды. Юстиниан заттарға пайдалану көнелігі бойынша иелік етудің біріңғай жүйесін жасап шығардыь олар: 1. Затқа иелік ету 2. Еріті түрде иелік ету 3. Иелік етудің заңды негізі болу керек 4. Иелік ету жылжитын заттар үшін 3 жыл көлемінде, ал жылжымайтын заттар үшін 10 немесе 20 жыл көлемінде жалғасуы керек 5. Заттақа иелік етуге қабілетті болу керек аталған шарттар қазіргі таңда біздің еліміздің құқық жүйесін өзгеше нысанда қолданылуда. 10

Рим құқығындағы заттарға иелік ету құқығының келісі түрі қайта өңдеу арқылы жүзеге асырылатын заттарға қатысты болды. Аталған иелік ету түрінің пайда болуына түрле жағдаулар себеп болды. Мысалы өзгенің материалын рұқсатсыз пайдалану арқылы жасалған затқа қатысты дауларды рим заңгерлері әр түрлі жолмен шешетін болған. Сабиниандықтар затты материалдың егесіне затты береін болған, ал прокульяндық мектептің өкілдері затты жасаған адамның еншісіне беру керек деп санаған. Жоғарыда аталған пікірлердің шешімі Юстинианның заңдарында шешімін толық тапқан яғни егер өңдеуге қарамастан затты бастапқы қалпына келтіру мүнкін болса онда оны материалдың иесіне қайтару керек. Ал егерде затты өңдегеннен кейін бастапқы қалпына келтіру мүнкін болмаса затты жасап шығарған адамның иелігіне беру керек, бұл жағдайда затты жасаған адам материалдың иесіне сый жасауы тиіс болған.

Затарды біріктіру немесе құрастыру арқылы жүзеге асатын иелік ету тәсіл Рим қоғамында даулы мәселелердің бірі болған. Олай болуының басты себебі ретінде құрастырылған екі немесе оданда көп затқа әрбір заттың иесінің құқытары болған. Бұл жағдайда Рим заңгерлері дауды құрастыруға негіз болған заттың иесінің пайдасына шешіп отырған. Жоғары аталған бастапқы иелік ету тәсілдерінің тобына жататын тәсілдер ерте кезеңдегі Рим қоғамында ерекше орынға ие болып күнделікті қоғам өмірінде аса маңызды рөл атқарған.

Туынды иелік ету тәсілдері

Римдегі меншік құқығын алудың маңыздыларының бірі және ең көп қолданылған түрі болып меншік құқығын алудың туынды тәсілдері аталады. Аталған тәсілдер тобының ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып заттарды дәстүр бойынша беру аталады, Рим қоғамында бұл тәсел tradition терминімен сипатталады. Бұл жағдайда бір адамның екінші адамға затты уақытша пайдалануға беруін немесе белгілі бір уақыт аралығында сақтау беруі заттарды иеленудің тәсіліне жатпайтын, себебі Рим заңдары бойынша бұл жағдайда заттардың құқықтары екінші адамға берілмеген болып саналатын болған. Заттарды дәстүр бойынша беру болып заттарды екінші бір адамға толық иелікке беру ниеті болған жағдайда ғана орындалатын. Яғни дәстүр бойынша иелік ету деп- өз иелегіндегі затты екінші бір адамға затпен қоса өзіне тиесілі иелік ету құқығын толықтай беруін атаймыз. 11

Заттарға дәстүр бойынша иелік ету дауларын шешу Рим заңгерлерінің арасында пікірелер қарама қайшылығын туығызған салалардың бірі болып табылады. Аталған пікірлер Дигестада заттарға дәстр бойынша иелік етудің негізгі 4 белгісінің жазылуына алып келді олар: 1. Заттың бастапқа иесінің қалауы брйынша берілуі 2. Заттың бастапқы иесінің затты қайтарып алуға себеп болатын жайттардың болуы 3. Тараптардың құқыты беру және алу туралы келісімінің болуы 4. Затты берушінің затты қайтарып алуға шектеудің қойылмауы12. Дәстүр бойынша заттарға иелік ету Рим қоғамында көп пайдаланылғанымен заңгерлер үшін аса күрделі салалардың бірі болған.

Меншікті қорғау тәсілдері

Кез-келген қоғамда адамдардың меншігіндегі заттарға өзгелердің тарапынан түрлі қауіптер төніп отырған. Аталған қауіптер Рим қоғамындағы меншікке де байланысты туындап, мазмұнымен туындау себебіне байланысты әр түрлі жолмен шешіліп отырған. Рим жеке құқығының нормаларында меншікті қорғаудың әр түрлі жағдайларға байланысты түрлі жолдары бар. Рим қоғамында меншікті қорғаудың ең кең таралған түрі болып виндикациялық талап аталыды, виндикациялық талап тарихи қалыптасқан rei vindication (vim decree- күш қолданылғанын жария ету) терминімен сипатталады. Виндикациялық талаптың қағидасы ретінде затымда қай жерден тапсам сол жерден талап қоямын (ubi rem meam, ibi vindicio) 13 тіркесі аталады. Даудың аталған түрінде талап қоюшы ретінде өзінің затынна меншік құқығын қайтаруды талап еткен адам танылса, жауап беруші ретін талап қою кезінде дауға негіз болған затқа иелік етуші танылады. Виндикациялық талап арыз алдымен магистрдың одан кейін судьяның қарауына беріліп сол жерде шешім шығарылған. Дауды шешу барсындағы судьяның міндеті Дигестада былай сипатталған заттың кімнің иелігінде екендігін анықтап, оның қаншалықты құқығының бар екендігін анықтау (Officium autem iudicis in hac actione in hoc erit, ut iudex inspiciat an reus possideat: nec ad rem pertinebit, ex qua causa possideat) деп белгіленген.

Виндикациялық талап арыздың нысаны ретінде түрлі заттар бола алатын, мысалы өзгенің меншігіне заңсыз отіп кеткен жер немесе заңсыз жолмен алынған құл. Талап арыздың нысаны бола алатын заттарқандай көп болса жауап беруші тарапта сондай көп болатын мысалы жалғаалушылар, жалға берушілер, кредиторлар аталған тұлғалар талап қоюшы ретінде процеске қатыса алатын. Сот процесі барысында жауап беруші дауға қатысудан бастартуға құқығы болды, бұл құқық Рим құқығында invitus nemo rem cogitur defendere терминімен сипатталады. 14 Алайда процес барысында протер арызды қанағаттандыртатын болса жауапкер затпен қоса протер белгілеген заттарды да қайтаруға міндетті болатын еді. Сот барысында жауапкер талап қоюшының келтірген дәлелдеріне қарсы өзінің даулы затқа қатысты дәлелдерін келтіре алатын. Талап қоюшы өзінің ерте кезден сақтап жүрген дәлелдерін келтіруі міндетті болды, орта ғасырлық заңгерлер осы себептіде бұл талап арыздың түрін қатігез талап арыз деп атаған. Талап арызды қарау барысында протердың негізгі міндеті затпен қоса қажетті шығынды жеңген жаққа өндіріп беру еді. Шығын есебінде белгілі көлемде ақша немесе даулы зат жер болатын болса жауапкер заңсыз иелік етекен кезеңде алған өнімнің белігілі мөлшері өндірілетін.

Рим жеке құқығындағы меншікті қорғаудың келесі түрі ретінде негаторлық талап арыз арқылы қорғау болып табылады. Негаторлық талап арыз меншік иесінің өз меншігіндегі затты пайдалану құқығын жоғалтпай, оны толық пайдалануға кедергі келтіретін заттарға қарсы қойылатын талап арыз аталады. Яғни талап қоюшы оның меншігіне кедергі келтіретін өзге заттармен оның иелеріне қарсы бағытталды. Мысал ретінде өз меншігіндегі жерге өзгенің құрылыс тұрғызуын немесе қозғалуға кедергі келтіретін заттардың иесіне қарсы бағытталатын. Процес барысында талап қоюшы өзінің құқығының бұзылғанын және затқа иелік ететіндігін дәлелдеуі керек болатын. Талап арыз қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға келтірілген шығынды қалпына келтіру туралы шешім шығартын болған. Егер шығын мөлшерімен тараптар келіспеген жағдайда виндикациялық процестегі шығынды өлшеу мөлшері қолданылатын.

Меншікті қорғаудың рим жеке құқығында Жеке талап арыздар деп аталатын талап арыздардың түрлері болған. Жеке таалп арыздың алғашқы түрі ретінде Actio finium regundorum талап арызы. Аталған талап арыз көрші жер иеліктеріне ие адамдардың арасындағы жердің шекараларын анықтау барысында туындайтын дауларға байланысты туындайтын еді. Жеке талап арыздардың келісі түрі Actio ague fluviae arcendae деп аталды. 15 Actio ague fluviae arcendae талап арыздары өзгенің мүлкіне иелік ету барысында мүлікке зиян келтірген жағдайда туындайтын даулар барысында қойылатын арыздың түрі болып табылады. Бұл талап арыздар барысында жаупакер ретінде жерді уақытша пайдаланушы табылатын. Cautio damni infecti талап арызы табиғи апат болған жағдайда өзгенің иелгіндегі зат талап қоюшының үйіне зиян келтірген кезде туындайтын даулар бойынша қойылатын талап арыз болып табылады. Actio interdictum quod vi aut clam талап арызы деп аталады, бұл талап арыз жер иесінің келісімінсіз өзге біреу жерге зиян келтірген кезде туындайтын даулар бойынша берілетін. Мүлікті қорғаудың қоғамға жария түрде жүзеге асырылатын түрі ретінде Actio in rem Publiciana талап арызы аталады. 16 Аталған талап арыз барысында талап қоюшы жария түрде затқа қатысты құқықты өзіне дейін кімде болғадығын және қалай алғандығын дәлелдеу керек болатын. Бұл талап арыз кез-келген жағдайда қаралмайтын еді, егер жауап беруші қоғамда тәртіпті азамат болса талапкер винкациялық талап аруз жазу тиіс болатын еді. Жоғарыда аталған виндикациялық және негаторлық талап арыздар қазіргі таңда біздің еліміздің құқық жүйесінде қолданылуда. Бұл жайттан Рим қоғамында меншікті қорғаудың үлгілері озық болғандығын және қажетілікті толық өтегендігін аңғаруға болады.

Өзгенің мүлкіне құқық

Рим мемлекетіндегі меншік құқығы мүліктерге қатысты құқықтың жалғыз түрі болған жоқ, яғни меншік құқығымен қатар өзгенің мүлкіне қатысты құқықтардың түрлері болды, құқықтың мұндай түрі Римде iura in re aliena деп аталды. Аталған құқықтар өзгенің мүлкіне қатысты болғандықтан өзгенің мүлкіне иелік етушілер оның негізгі иелерімен салыстырғанда әлдеқайда аз мөлшердегі құқықтарға ие болды. Өзгенің мүлкіне қатысты құқықтардың негізігі бірнеше түрі болды, ең маңыздысы ретінде сервитуттар, эмфитезис және суперфиций деп аталды. Жерге қатысты қатынастардың дамуының нәтижесінде сервитут инстиуты дамыды. Сервитут деп өзгенің жерін белгілі бір көлемде пайда алу үшін неме өзгеге пайда әкелу үшін пайдалану аталды. Servitus сөзі «заттың құлдығы» немес «қызмет» деген мағына берді, сонымен қатар praedium serviens ұғымы қатар қолдагылды, аталған тіркес жердің өңдеп жатқан адамға ғана емес оның бай иесіне қызмет етеді дегенді білдірді. Бастапқыда сервитут термині тек жерге қатысты қолданылса уақыт өте келе өзгенің иелігіне пайдалануға берілетін барлық заттарға қолданылатын болды. Сервитутты алушы жерде құрылыс жүргізуге және иесінің рұқсатынсыз күрделі өзгерістер жүргізуге құқығы болмады.

Ежелгі Рим құқығында бастапқыда сервитуттың жерге қатысты ғана түрі болды және ол экономикалық мақсатта пайда табу үшін деп сипатталған Дигестада. Уақыт өте келе Рим қаласының дамуының нәтижесінде қаланың өндірісі дамып жаңа қатынастар пайда бола бастады. Аталған қанытастырдың нәтижесінде қалалық сервитуттар пайда болды servitutes praediorum urbanorum деп аталды, сонымен қатар өзгеде қалалық деңгейдегі сервитуттар пайда бола бастады. Барлық жерге қатысты сервитуттар басқарушы жереге (praedium dominans) тәуелді болды. Сервитуттарға қатысты бірнеше талаптар болды, олардың біріншісі сервитут жер басқарушы жерге (praedium dominans) қызмет ету және оның өнімділігіне кедергі келтірмеуі керек. Екіншіден сервитутар басқарушы жерге кенеттен пайда болып емес үнемі өзінің ресурстарын беріп отыру тиіс еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының тарихы
Рим құқығының жалпы сипаты
Франктерді Галлияны жаулап алуы
Рим құқығынан кешен
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Саяси ойлар
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Ғұн Мемлекетіндегі әскери өнердің дамуы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz