Бастауыш сыныптан шетел тілін оқытудың ерекщеліктері


Бастауыш сыныптан шетел тілін оқытудың ерекщеліктері.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: “Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу”
Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н. Ә. Назарбаев:«
қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс» екендігін
айтты
. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді.
2014/2015 оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты
- оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.
Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-7 жас аралығындағы баланың қабылдау қабілеті өте жоғары болады. Баланың ерте жастан зейін-қабілетін дамыту мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге баса назар аударуда. Биылғы оқу жылында еліміздің 1-сынып бағдарламасына ағылшын тілі енгізіліп отыр. Бұл - өте күрделі талап. «Шет тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысы табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне негізделген ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық тәсілдер арқылы үйретіледі.
1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатын құрайды, жылына - 33 сағат. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Еуропалық тілді меңгерудің қарапайым тәсілімен жүзеге асады.
Яғни, олар бастапқыда ойын түрінде өтеді, тек әріптерді жылдың екінші жартысынан бастап үйрене бастайды. Мен 2014-2015 оқу жылдан бастап Бершүгір орта мектебінде 1а, б; 2а, б және де 3а, б сыныптарына ағылшын тілінен сабақ беремін. Сағат саны аптасына 1 сағат, күнтізбелік жоспар бойынша сағат саны-34 сағат. Оқушыларда пәнге деген қызығушылығын оятатын (авторлары Рахимжанова, Волкова) «Алматыкітап» баспасынан шыққан оқулық және дәптері бар. Сонымен бірге әр сабақта өтілетін жаңа әріптерді қайталату үшін CD бар. Оның ішінде әндер, тақпақтар, диалогтар бар. Оқушы осыны тыңдау арқылы жаңа тақырыпты түсінеді. Оқулықта 8 бөлім(Unit1-8) берілген. Әр бөлім 4, 5 сабақтан тұрады.
Оқушыларға бастауыш сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту өте қызық және сонымен бірге өзіндік қиындығы да жетерлік. Аптасына 1 сағат оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін өз дәрежесінде игеру өте тарлық етеді. Әр сабақ сайын сайын жұмыс дәптерлерінде әртүрлі шығармашылық тапсырмалары берілген онда оқулықта үйренген әріптерді жазу дәптеріне салу, тиісті әріптердің астын сызу, түсіп қалған әріптерді салу, лексикалық сөздерді керекті суреттермен сәйкестердіру, кроссвордтар мен сканвордттар шешу, суретті бояу мен суретерін салу, суреттеу, Бинго ойынын ойнату сияқты түрлі, оқушылардың коммуникативтік таным түйсігін дамытуға арналған қызықты және жас ерекшелігіне лайықталған тапсырмалар берілген. Оқулықта сонымен қатар дискімен тыңдап түсінуге арналған әндер мен диалогтар, тақпақтар берілген. Сонымен бірге мен сабақта қосымша интернеттен алынған материалдар мен әртүрлі сайттарды оның ішінде бастауыш сыныптарға арналған «Anglomaniacy» сайтын пайдаланамын және «Английскиий для детей», «Winnie English», «Fun English» -электронды оқулықтарын пайдаланамын. Бұл электронды оқулықтарда әртүрлі ойындар, тесттер, диалогтар мен тапсырмалар өте қызықты материалдар бар. Мен бастауыш сыныптан бастап оқыту дұрыс деп санаймын. Себебі, жас шақта баланың ойы алғыр, қабылдау қабілеті қарқынды болады. Қай нәрсені де тез меңгере алады. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Сонымен қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім -біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей, әр сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды жиі қолдану - тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құрап үйренуге, оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz