Мектепке дейінгі жастағы баланың музыкамен айналысуы



Кіріспе
1.1 Музыкалық қабілет
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары
1.3Дарынды балалардың музыкаға қабілеттерін анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады» - делінген.
Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық аспаптарда ойнауға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.
Қазақстан ғалымдары ішінде С.А.Ұзақбаева,Р.К.Дүйсембінова, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев,Ұ.А.Асанова,Ж.Нәжмеденов, Ж.З.Өтемісов, М.Оразалиева , әдіскер-ұстаз А.Райымбергенов т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.Құлжанова,.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. зерттеген.
Ресейде және шетелдерде Б.Т.Лихачев, П.В.Халабузарь, В.С.Попов, А. Н.А.Ветлугина, А.Бейлино, Л.Кузмичева, М. А. Михайлова және т.б. мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, музыкалық қызығушылығының ерекшелігін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеген.
Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдап, жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады.
1. Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей от детского сада - к начальной школе / Ю.Б. Алиев .– Воронеж : НПО МОДЕК, 1998 .– 352 с.
2. Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя – музыканта / Ю.Б. Алиев .– М.: Владос, 2000 .– 336 с.
3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе / О.А. Апраксина .– М.: Просвещение, 1983 .– 224 с.
4. Ардақ : ән-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы .- Алматы, 1989 .- 256 бет.- (Өнер тақырыбындағы туындылар).
5. Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
6. Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
7. Балтабаев М. «Елім-ай» / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы : Атамекен, 1993 .– 94 бет.
8. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» : бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 22 бет.
9. Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.
10. Бәттібаева С. Ән-күй : әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова .- Алматы : Кітап, 2002 .- 104 бет.
11. Бекенов У. Күй керуені / У. Бекенов .- Алматы : Өнер, 2002 .- 144 бет.
12. Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М. : Владос, 2001 .- 224 с.
13. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов .– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
14. Джансеитова С.С. Орысша – қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі / С.С. Джансеитова, К.К. Мусина .- Алматы, 1991 .- 105 с.
15. Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие / Л.Г. Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М. : Академа, 1998 .- 240 с.
16. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы : 1-4 сыныптар .- Алматы : РБК, 1997 .- 334 бет.
17. Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 .- 159 с.
18. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.
19. Қош келдің, Наурыз! : сценарий .- Алматы : Ақ орда : Өлке баспасы, 1993 .- 81 бет.
20. Қулманова Ш. Музыка : 1 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамұра, 2001 .- 128 бет.
21. Қулманова Ш. Музыка : 2 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1998 .- 144 бет.
22. Қулманова Ш. Музыка : 3-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1999 .- 112 бет.
23. Қулманова Ш. Музыка : 4-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы : Атамура, 2000 .- 112 бет.
24. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 1 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 80 бет.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады - делінген.
Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық аспаптарда ойнауға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.
Қазақстан ғалымдары ішінде С.А.Ұзақбаева,Р.К.Дүйсембінова, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев,Ұ.А.Асанова,Ж.Нәжмед енов, Ж.З.Өтемісов, М.Оразалиева , әдіскер-ұстаз А.Райымбергенов т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.Құлжанова,.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. зерттеген.
Ресейде және шетелдерде Б.Т.Лихачев, П.В.Халабузарь, В.С.Попов, А. Н.А.Ветлугина, А.Бейлино, Л.Кузмичева, М. А. Михайлова және т.б. мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, музыкалық қызығушылығының ерекшелігін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеген.
Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдап, жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады.
Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен философтарының да, ағартушы-педагогтарының да (Әбунасыр Ибн Мухаммед әл-Фараби [2, 452], Әбуғали Ибн-Сина [3] және т.б.) назарынан тыс қалмаған. Олар айналаны танып-білуде қызығушылықтың рөліне үлкен мән берген.
Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім-тәрбиелік жағынан аса құнды еңбек болып есептелетін Кабуснама шығармасында музыканы тыңдау, қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер, ойлар айтылған. Кітаптың авторы Кайкаус осы аталған еңбегін 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Жыршы және музыканттық туралы деп аталған отыз алтыншы тарауында былай деп жазды:
Балам, біліп қой, егер сен музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы бол. Үстіңдегі киіміңді әр кез таза ұста. Музыка өнеріне арналған зәулім сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыржитып, қабағыңды түйме...
Бір ғана баяу немесе жылдам орындалатын әндерді орындай берме. Музыкалық шығарманың бір үлгісін қайта-қайта ойнай беру жарамайды. Адамдардың мінезі бірдей емес... Сол себепті аспаптық музыка шеберлері бұл өнерге арнап ережелер жазған, - деп алдымен хусрауани, одан соң рах, хафиф, тарана мақамдарының айтылатындығын жазады . Байқап отырсақ, алғашқы хусрауани мақамы патшалар қабылдауында ойналады екен. Рах - ән әуеніне бейім, хафиф жастарға бағышталған мақам, тарана - көңілді де, ойнақы әуен деген ұғым болып шығады.
Әкесінің баласына айтқан ғибрат сөздерінің ішінде адамның үлкен жиын үстінде өзін қалай ұстауы да қамтылған. Егер тыңдаушылар толыққанды, шырайлы болса - екінші ішекте; сұрланып, сарғыш тартып отырса - жоғарғы ішекте, ал аққұба жүзді, толық күйінде отырса - баста көбірек ойна. Өйткені, бұл ішектер адам мінезінің төрт түріне сай жасалынған, - деген жерде, автор музыкалық аспап пен адам мінезі арасындағы байланысты тыңдаушылардың қабылдауына, яғни эстетикалық талғамына сай айырып отыр. Оның ән айту (орындау), ән мен аспаптың сүйемелі музыкалық шығарманың әркелкілігі жайындағы пікірлері де қонымды.
Одан әрі кәрілер мен балаларға арналған музыканың ерекшеліктеріне тоқталады. Алғашқыларына ойлы да сазды, ал соңғыларына жеңіл де ойнақы музыка әуенін ойнауды ұсынады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызығушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:
а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау;
ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;
б) тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу;
в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру.
Екінші міндет - белгілібір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.
Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс:
а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс
бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы
ерекшеліктерін түсіндіру;
ә) түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;
б) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен
шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).
Үшінші міндет -- музыкалық шығарманы өз шама-шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Бұл:
а) шығарманы тыңдап, талдай білу дағдысын қалыптастыру;
ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;
б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының жас ерекшелігі - олардың дамуымен, жаңа әлеуметтік жағдайлардың, құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым - қатынасының пайда болуымен, балалар қоғамының құрылуымен, басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы, өз менін және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс - әрекеттері мен өзара қарым - қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады.
Қазіргі музыка сабағы - мектепке дейінгі ұйымдағы музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, музыка сабағында балалар педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс-әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимылдар, балалар аспабында ойнау, музыка сауаты, балалар шығармашылығы т.б.
Музыка - эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты - халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту - бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.

1.1 Музыкалық қабілет
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет дегеніміз - ұғымталдық, зеректік, алғырлық, қағілездік, сезімталдық, байыптылық, табандылық, адалдық, еңбекқорлық және т.б. қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны - дарынды, талант дейміз. Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды. Бұл туа бітетін қасиет. Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады. Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алады. Қабілеттілік - шеберлікті тез игеруге алғышарт болса, шеберлік жолындағы еңбек талантының ұшталуына, жетілуіне, іске асуына көмектеседі. Еңбек бәріне жеңбек деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дұрыс. П.И. Чайковский айтқан екен Адам неғұрлым талантты болса, соғұрлым еңбекқор болуы керек, - деп. Шеберлік дегеніміз білімнің еңбек арқылы іске асуы, өнердің қорытындысы. Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз. Музыка маманына керекті есту, есте сақтау, ырғақ қабілеттері бәріне жеткілікті дәрежеде болмайды. Осы үш қабілеттің ішінде ішкі сезімталдық естуі басым болса құба-құп. Барлық қасиетті де дамытуға болады, өте жақсы деген деңгейге де жетеді. Бірақ табиғаттан қанға беріліп, ана сүтімен дарығанға не жетсін.
Музыкалық талант - музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы. Ол - әсер, ес, ақыл, сезім, есту, ырғақ, есте сақтау. Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек, қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап, оның жанда көрініс табуы. Бұл ми мен (нейрондар) жүйке тамырлары, талшықтары арқылы іске асады екен.
Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай үш топқа бөледі. Ақыл, сезім және қайрат. Осы үш топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды. Бар адам баласы әсерлене алады, әсіресе құлақ нейрондары арқылы болатын, оның ішінде, дауыс, дыбыс әсері ең керекті құбылыс. Әсерленудің жұғымды, жұғымсыз болуы әсерленудің қажыбы (тоны) деп аталады. Естуге байланысты жағымды дыбысты (консенанс), жағымсыз дыбысты (диссонанс) білеміз.
М. Жұмабаев Педагогогика еңбегінде нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін, орналастыруын локолизация деп атайды. Әсерленуді туғызған себепті перцепция деп атаған. Яғни музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локолизацияланады. Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын анықтаймыз. Мұны перцепция деп атаған. Ал мұны бұрынғы болған тәжірибелермен толықтыру Апперцепция болып табылады екен. Сыртқы сезім әсерленулерінің алты түрі бар: Көру, есту, сипау, тату, иіскеу, ет сезімі. Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады: 1) Есту, 2) Көру сезімдері ең керекті сезімдер. Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды. Сипау, ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі. Адам ән салса тамағымен (тіл), аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол, ерін, көкірек демі, ал домбырашылар екі қол дейміз, алайда барлық дене мүшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жеткізетініміз кім-кімге болса да белгілі. Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс.
Музыкалық оқу орындарына қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі үш қасиет іздейміз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол есту, есте сақтау және ырғақ. Бірақ бұл үшін қасиеттің бір баста түгел кездеспейтіндігі өте жиі кездеседі. Ең бірінші кезекте - Есту қасиеті. Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп. Бала жасынан есту қабілетін жолға қойса, нені көріп, нені есітіп өседі осы тұрғыда сезінуде дайындалады. Қазіргі заманда барша жұртшылық баласын домбыраға үйір ғып өсірмейтіні қақ. Есту арқылы жан сезіміне нерв талшықтары арқылы мида (перцепция) толқу болып, ес, ақыл арқылы шығарма мазмұнына керекті дыбыс бояуын беру үшін қимыл жасаймыз. Апперцепция құбылысы осы жерде туындайды. Бір мысал - біздің күйлерімізде табиғат, адам өмірі, жан-жануарлар бар тіршілік суреттелген дейік. Ауыл өмірінен бейхабар қала баласы сабақта отыр.
Бозшолақ, Көкшолақ, Нар идірген тәрізді күйлерді білмегені былай тұрсын, елестете алмайды.
Үстінде үйдің тұр еді мысық,
Қасына келді бір торғай ұшып, - әнін үйретіп бастайық.
Күнделікті бәрімізде мысық та бар екенін ойласақ, бұл тұста да апперцепция қасиеті болмай қалады. Себебі бес онан да көп қабатты үйлерде тұратын бала бұл жағдаймен таныс емес. Әннің сөзін жаттатқызып, әуенін үйреткенмен әсерленуі, туғызған перцепция толқуы жалған, табиғи жолмен іске аспайды, қиындықпен алады. Қошақан, лақ, бота, құлын туралы әндер, күйлердің үзінділері түсініксіз. Баяғы ботаның көзіне ғашық боп, лақпен бірге құдықтың дересін тапаған, қозымен бірге ойнаған, құлынмен бірге жарысқан баланы таппақ түгілі, колледжге түсуге келгендердің өзіне ұлт өмірінің осындай ғажайып тұстары тарих болып тұр. Тіпті кейбір ұстаздарының өзіне де бұл кино арқылы таныс болуы мүмкін. Осындай өліара шақта оқу құралдарынан басқа, көгілдір экран, радио, ақпарат құралдарының дұрыс жолға қойылуы да басты мәселе екені туындайды.
Сонда да суретін көрсетіп, салғызып айтып беріп, орындап, тыңдатқызып апперцепция жоқ болса да, қиялымен елестете, ести алмаса да, перцепцияны қолдан жасағанның өзінде домбырашылар қауымын дайындауда көп болғанмен нағыз ауылдың иісі аңқыған қазақи, табиғи күйшілер бар. Ауылдан, қаланың және керісінше кіндігі ажырамауы күйші үшін маңызды оқиға. Өркениетті мәдениетті білу, жан-жақты білім алу басты шарт, бірақ жапырақ жайған еменнің тамыры әрі тереңдей беруі ұлт өнері үшін өте керек.
Бастапқы баспалдақта балалар әсерінің перцепция, аперцепция құбылыстары әлсіз боп келеді. Өсе келе жаттығады. Сондықтан есту, көру сезімдері жақсы жолға қойылғаны абзал. Күйші алдында жағын таянып жатып күй тыңдаған баланың, кейін домбырашы болғанда табиғи күйші атына ие болып, құйма-құйма әдісіне жақын тұратыны да осыдан болса керек. Мылқаудан соқыр болса да құлағы еститін адамның сезімдері, әсерленуі өте жоғары, сондықтан да ең бірінші кезекте есту қабілеті тұрады.
Әр түрлі дыбыстарды адам, жан-жануар т.б. бәрі естиді. Есту қабілетін тәрбиелеуге болады, дей тұрғанмен кейде музыкалық дыбысты естіп айтқанмен, табиғатындағы бояуын, негізін, қасиетін ажырата алмайды. Баланың есту сезімін ілгерілету үшін бесік жастан балаға музыка құралдарының үнін естірте беру керек. Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдында отырған бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін - бесік жыры. Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана үндемей отырмасын жырлай берсін. Бала сөзін ұқпаса да, күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың Әлди-әлди ақ бөпем деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, әні де тәтті, - дейді М. Жұмабаев Педагогика деген еңбегінде.
Үйде қоңыр домбыраның орнына, телевизор, магнитофон, т.б. техникалық музыка аспаптары сайрап тұрған, әлди-әлдидің орнына баю-баюшкиге құлағы үйренген балаларды да күйге үйретіп келеміз. Кейде бұларды асфальттың балалары деп те ұстаздардың атауына қарағанда қаланың қасаң тәртібіне түскен болашақ домбырашылар екенін білеміз. Бұл тұста - ата-ананы болмаса шәкіртті, қоғамды, адамды кінәлаудан аулақпыз. Өмір ағысымен, тынысымен тіршілік қылып домбыра өнерін оған қай бағытта, қандай деңгейде болса да, үйренуді ниет қылған шәкірттің бәріне оның бастауын ашуға тиіспіз. Жол ашар қабілеттің бірі есту арнайы жолға қойылады. Домбыраға тікелей бет бұруы мамандықтан басталады.
Музыкалық есту қабілеті. Есту қабілеті дыбыс объектісін толық білмейінше, көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет. Дала баласының көргені, сезгені мен қала баласының таным-түйсігінде айырмашылық бар. Адам даусын, домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар, болмаса керісінше жағдайлар көп. Есту қабілетінің түрлері көп. Ал музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым. Мысалы, ең маңыздысы дыбыс биіктігін, мөлшерлік, есту (жоғары, төмен) ладтық, әуездік (жарқын, мұңды), оның ішінде, мақамды әуендік, көп дыбыстық, тембрлік және динамикалық есту (көптеген қалыптасқан сөздерді аудармауға тырыстық). Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар. Кейде Абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы, есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі. Сонда да мұны музыканттық дарындылығын көрсетеді деп есептейміз - ол сирек болса да бар. Бірақ музыка мамандары арасында қалыптасқан ұғым бойынша бұл жай ғана мәдениет. Олар кейде жақсы естуі арқылы шығарманың дыбыстық қана құрамасын береді. Нағыз дыбыстық құбылыс олардан алыс нүкте-нүктемен жатады. Себебі дыбыс құдіреті жай ғана бір-бірінен кейін келетін дыбыс қатарлары емес, ол алыс аралықтарындағы тартылу заңдылықтары, олардың бір-біріне жымдасуы ең басты тіршілік осында. Сонда ғана ол ноталар тіріледі. Осылайша оқушыда абсолюттік есте болуы міндетті емес деп тұжырымдаймыз.
Есту қабілетінің біз үшін тиімдісі - салыстырмалы есту. Салыстырмалы есту қабілеті бар адам - жоғарыда айтқан дыбыстың түрлерін, заңдылықтарын ажыратудың ең бір тиімді жолы. Салыстырмалы естумен теңдес, бірінші, екінші деп бөлуге болмайтын қабілет іштей есту. Бұл өте-мөте музыка маманына қажетті қасиет. Іштей естудіңмаңызды екі жағы:
1) есте музыкалық елестердің, бейнелердің сақталуы үшін музыканы дәл қабылдаудың мәні зор (ол жеке орындаушы ма, ансамбль ме бәрі бір). Ішкі есту қаншалықты болса, соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік, бояулық, әуездік барлық бүге-шүгесі анық қабылданады:
2) орындаушының өз орындауын анық сезінуі. Бұл - нағыз дамылсыз, ыждағаттылық, тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет. Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз - мұның себебі - 1-ші іштей сезінбеуден, екінші естімеуден, беталды ойсыз орындаудан;
3) үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында, ал мына қағысты, дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін, сөйлемді анық ойна, мына тұстан аяқта т.с.с. сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге, дыбыс тазалығын, мазмұнды бояуын, қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс. Дәл анық қабылдау, елестетудің санадан тыс, еріксіз жұмысын үдетеді. Сондықтан әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну, есту, құйма-құлақтық керек. Бұл қабілеттің де бес негізі бар:
- бір кезде естіген, бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру, немесе есінде қалған бейнеден елес алу.
- өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру. Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын, талдау болып есептелінеді.
- бұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың болжамының қалыптасуы. Бұл өте күрдел, оңайлықпен келмейтін қабілет.
- дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы, шығарманың бір бөлігіне, буынына, композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы.
- орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық, таңқалдыру. Бірақ та берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту, мінез қазбалығы аздық етеді. Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек.
Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек. Ол пернелерді саусақпен басу реті, қимылдар, қағыстар, оң қолда қай саусақпен қағу, қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады, перне аралық қашықтықты мөлшерлеу, оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар. Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысын музыка мамандары ойлы, ұңғыт, сезімтал, тапқыр, қағілез, ақылды тағы басқа да қасиеттермен мөлшерлейді. Егер саусақтары есепсіз жүрсе, ол орындаушыда есту қабілеті, оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз.
Әнді айта алмаған абалаған, домбыраны тарта алмаған сабалаған деген халық сөзі осыдан қалған. Күй құдіреті Құрманғазының өзі де: Динаның сол қолын, менің оң қолымды бір адамға берсе деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе? Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдасақ: Ақылда естуден сес болмаса, саусақ дәрменсіз, ал Гофман: Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе, жетелеуге болмаса, еруге көнбесе ойдың піспегендігі, есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес - деген екен. Орындау кезінде таңқалдыратын елес, қимылдар дыбыстармен шынында кіріге, тығыз бірлікте жүрсе - онда есту арқылы музыкалық орындаушылық мәселесінің шешілгендігі. Әрине, біздің бұл жинағанымызда айтпағымыз алғашқы кезеңдегі есту қабілетін тексеру, байқау, оны жетілдіру, жалпы жұмыс реті қақында болғандықтан тереңдеп бармай қысқаша жоғарыдағы есту қабілеттері жөнінде мәліметтермен тоқтауға тура келеді.
Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі:
- білетін әндерін айтқызу;
- қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды анықтау;
- кейбіреулері аспап дауысын бірінші естігендіктен, ажырата алмай қалады. Үйреншікті дыбыс бояуымен байқау (Адам дауысы, аспап);
- көп дыбыстың санын анықтау естісе бәрін, естіп алмаса, мүмкіндігінше біреуін анықтау;
- дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын анықтату;
- мақамдық бояуды анықтау (көңілді, көңілсіз);
- белгілі бір үзіндігінің, шығарманың орындалуын естуі тағы с.с;
- дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі.
Алғашқы кезеңдегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету және перне басылу тазалығын үйрету. Саусақтарды пернеге қай тұстан, қалай қойғанда таза дыбыс алынады.
Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте, ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын, бейнелеп елестете алмайды, бірақ та дыбыстың бояуын, әуездік әрін есітуге үйрету басты шарт. Техникалық орындау кезінде де дыбыс бояуын есту әрқашан ұстаз назарынан тыс қалмағаны дұрыс. Әр уақыт қандай шығарма, қандай тапсырманы орындағанда да есту табиғаты осы баспалдақтан қалыптасады. Домбыра үйретуде есту қабілетін мынандай жағдайлар өсіретініне өмірде көз жеткізіп келеміз.
Құйма-құлақ. Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмейақ естіген әуендерін, күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті, құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасын бар болмысымен сезді. Ал біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады:
- домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу;
- домбыра үйренгеннен соң - дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп тауып үйрену - есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы;
- оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды;
- бастапқыда бір дыбыстан, біртіндеп көбейтіле береді;
- бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын, үлкен кіші саға (1 октава до нотасынан 2 до, ми) жақсы естиді де, төменгі регистрді қабылдай бермейді. Осы бағытта жұмысты жандандыру керек болады. Себебі домбыраның негізгі репертуары - күй. Оның көпшілігі бас буыннан басталады. Домбырашының құлақ құндылықтылығы осылай қалыптасады;
- төменгі және жоғарғы ішектегі әуендерді жекешелеп, бұл пернеаралық дыбыс даму байланысы жүйесіне үйрету;
- жай екпінде нотаны бірден оқытқызу. Перненің көтерілу, төмендеу қозғалысымен өрбиді;
- дәлме-дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру;
- буынаралық, пернеаралық байланысты сезіну. Осы арқылы пернеден дыбысты, нақышты таба біледі, сонымен қатар тез жаттайды, батылдық та осыдан пайда болады;
- әрине буынды, аудармалы есту бойынша табу - мамандық оқушыларының есту қабілетен өсірудің бірден бір жолы;
Жоғарыда аталып өткен психология ғылымы әр салаға бөлінеді. Бізге керектісі жалпыға бірдей психологияны жете меңгерумен қатар, көркем өнер психологиясы. Қазіргі заман жағдайында дәстүрлі халық педагогикасын, психологиясын сақтай отырып, дамыған орта, қоғам қағидасымен оқып, тәлім берген дұрысырақ болады деп ойлаймыз. Солай болып та келе жатыр. Нота сауаты, тағы көптеген пәндерді оқып білім алсақ - ол заман ағымы, жан-жақты білім алу қажеттілігі, терең танымды ұлағатты ұстаз дайындау қарекеті екені анық.
Сонымен музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір керекті қабілеті - музыкалық есту мен қозғалыс бөлек-бөлек дамытылмай, бірлікте болуы шарт. Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс. Осыған мінез қызбалығын, шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада керекті мақсатқа жетеміз.
Ырғақ. Ырғақтық сезімді айтпас бұрын, алдымен ырғақ жайлы толық түсініктеме жасаған жөн. Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы, тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы. Ырғақ деген түсінік көбінесе мерзім, уақыт ара қашықтығын көрсетеді, бірақ нақты жүйеленген түрде емес, астыртын, құбылмалы түсінік ретінде жиі қолданылады.
Ырғақ - деп заңды түрде уақытқа бөлінген тітіркену процесінің тіркесуінен және олардың бір-бірімен алмасып келуінің, яғни акцентпен белгілі бір уақытта болуын атайды, - деп Б.М. Теплов тұжырымдаған. Бұл құбылысты күнделікті байқап жүрміз. Алдыңызға келген оқушының ырғағын тексеруге берілген ырғақты алақанымен немесе қарындашпен столға соғып қайталап береді. Ал кейбір музыканттар музыканы естіген кезде басын изеп, кеудесімен теңселе, аяғын тарсылдатып ырғағын қайталап отырады. Оны өзі сезбей де қалады. Себебі адам денесінің бұлшық еттері музыка ырғағымен есту арқылы тітіркеніп қимылға келеді. Ырғақ табиғаты өте күрделі. Т.Л. Болтон - метроном арқылы оқушының 24 тактілі ырғақты естіп, табиғи түрде акцент қойып ырғақ жасағанын байқау арқылы: Әр адам акцентті өзінше қойып, көңіл күйіне байланысты ырғақ жасайды деп пайымдаған. Біздің даналарымыз кітапқа жазбаса да, ауызба-ауыз жеткен Дина шешейдің бір тұжырымын келтіре кетсек: Күй - көкірек танысы, адам көңілінің айнасы 2001 жылы Орал облысында фольклорлық іздестіру тобымен барғанымызда өз құлағымен естіген - Аманғали Оразқұлов ақсақал айтып берген еді.
Мұнан ырғақтың көңіл күйге байланыстылығы шығады. Көңілсіз, қайғылы күйші қанша шалтты күйді орындағанмен жүрегі ырғағымен үндеспегендіктен сол керекті, тыңдаушыға жетер әуез болмайды. Әр орындаған сайын күйдің өзгешеліктері құлаққа келетіні сондықтан болса керек. Күйшілер кейде ұнаған тұстарын бірнеше қайталап, естігендері екпінін де қуыңқырап жіберетін тұстарын естіп жүрміз. Өте тез орындағанда ырғақ біркелкілікке ұрынады.
Күйдің тынысы бұзылады. 1998 жылы мұрағаттардағы қордан компакт - диск құрастырылып, міндет маған жүктелген болатын. Халық күйі Ақсақ құланды тез орындалатын вариантын Қамбар Медетов жеткізгенін барша қазақ біледі (Аңызымен өзгеше түрін М. Өскенбаев әкелген). Қ. Медетов нәубет жылдарында ерте кетіп, бізге Р. Омаров пен Н. Тілендиев орындауларымен жетті және студенттерге осы нұсқасын алға тартамыз. Арамыздағы Қ. Ахмедияровтың орындауындағы нұсқа бір төбе - өз орындаушылық қырларымен ерекшеленеді. Абай атындағы опера және балет театрында кезекті концертте 80-жылдары Қ. Тасбергеновтың керемет бір орындағаны есімде қалды. Тапсырма бойынша Р. Омаровтың орындауында алуым керек еді. 37- әр түрлі жылдарда орындалған әр түрлі нұсқаларынан мамандар Н. Тілендиевтің 1978 жылғы үнтаспасын бірнеше маман өте жақсы бағалады. Күйдің ырғағы көз алдыңызға бүкіл тарихын қойып береді. Күй концерттен жазылған. Тыңдарманның қабылдауының әсері зор. Орындаушыны көңілін көтеріп тастаса керек, екпін тез болса да ырғақ өте дәл шыққан. Күй көңілдің тынысы деген осы болса керек.
Ырғақты сезіну жас шамасына, шығарма екпініне де байланысты болатынын тәжірибеден көріп жүрміз. Емтиханда міндетті түрде техникалық, жай және шертпе күйлер берілгенмен қай сахнада болса да, тез екпінді күйлер орындауға асық тұрады. Осы орайда Стенсон жай екпіндегі шығарманы орындау қиындығын, тез екпіндісін орындау оңай екенін алға тартқан. Себебі жай шығармада минутына 100-ге жетпейтін тықыл (акцент), тез шығармада 200-ге тарта тақыл болатындығында дейді. Алғашқы әзірде алып-ұшып тұратындығы да осыдан болса керек, ырғақ қалыптасу үшін санамалы жүйе тиімдірек екенін тәжірибеден көріп келеміз. Жалпы ырғақ түрлерін салыстырғанда - негізі бір қалыпсыз ырғақ - күйлерде жиі кезеседі. Бұл күй өлшем бірлігінің өн бойына өзгермелі болуынан туындайды. Өзгермелі өлшем ауытқу түгел дерлік күйлерде бар десек қателеспейміз. Бұл - күйдің табиғи құрылымдық қасиеті. Сондықтан да, күйлеріміздің тақырыбында теңдік өлшем өзгермеген жағдайда да сөйлемдер тең еместігін көру қиын емес. Теңсіздік күйлер ырғағының негізі және табиғаты болып табылады. Осыдан бір қалыпсыз акценттік шығады. Бір қалыпсыздықта болады - суырып салмалықтан туындайды. Мұнан әр орындаушы күйде өзгерте береді, ырғақ өзгереді деген ұғым туындамайды. Орындаушының шеберлігіне байланысты техникалық әшекей өрнектік, т.б. бір қалыпсыздықта. Бұл ырғақтың бір қалыпсыздығы қазақ күйі стилінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Ырғақ - есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет. Күйші атағын алатындар да осы күй тынысын ұққандар. Батыс классикасы, кәсіби білім алғандар ырғағы өте дәл болады, ал нота сауаты жоқ халық орындаушылары еркін ырғақпен ойнайды деген пікірлер жиі айтылады. Еркіндік батыс, шетел музыкасында да бар. Мысалы: а) романтизм ағымына тән десек, біздің күйлеріміз романтикалық нағыз дәлелі. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақтың ауытқушылық бір буын, сөйлем емес, бір ұяның ішінде де келеді.
Музыка әлемінен енді-енді бастау алғалы тұрған балдырған ырғақ ұғымының мән-мәнісін түсіне бермейді. Қарандашпен белгілі бір ырғақтың бөлікті беру арқылы оқушы қабілеті ашылмай қалып жатады. Ырғақты тәрбиелеу өте қиынға соғады деген пікірді ұстаздардың басым бөлігі алдыға қояды. Тәрбиелеуге көнбейтін қасиет жоқ. Ырғақ дүниесі шәкіртке қарапайым жүйемен басталып берілетін қасиет. Алғашқы сабақтарда жай екпінде, қарапайым өлшемдерді санатқызып үйрету арқылы қалыптасады. Осы алғашқы кезеңде дәл ырғаққа үйрету басты қажеттілік.
Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталатқызып, дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса әуенге билеткізіп көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер, әуендерді орындап, қандай ырғақтық әсер алғанын байқауда ырғақ қалыптасуына жол ашады. Алғашқы сабақ, бастапқы домбыраға үйрету мерзімінде ырғақты дәл ұстауға үйреткен жөн. Шығарма мазмұнына байланысты іске асатан ырғақтық өзгерулерге шәкірт бірте-бірте жетеді. Ырғақ қақында жазылған көп еңбектерге шолу жасасақ: Танымал музыка мамандарының ұзақ та ізденісті тәжірибелерінен, зерттеулерінен тұжырымдалған түйіндері бізге үлкен көмекші құрал. Мысалы: Н. К. Тифтикиди Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары, Б.М. Теплов Музыкалық қабілеттер психологиясы, С. Өтеғалиева Особенности слуха исполнителей устной традиции т.б. С. Өтеғалиева - бұл мақаласында кәсіби домбыра өнері және дәстүрлік сақталуы, күйлердің хатталуы, проблемаларын мұнан бірнеше жыл бұрын дұрыс көтерген. Қазір ол бағыттан толық дәстүрге қайта бет бұрдық деуге болады. Оған куә қазір енгізілген Жеке күйші, Суырып салма, Күй хаттау мамандықтары. Бұрын жылына 10-12 күй ойнаса, қазір жылына 40-тарта күй үйренеді. Дәстүр арқылы кеңістікке бет алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Балғын жастағы музыкалық ырғақтың қимылдарға қатыстыру әдісі
Пәндер