Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері
Кіріспе
1. Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері
2. Шаруашылық серiктестiк
3. Акционерлiк қоғам
4. Өндiрiстiк кооператив
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
• Шаруашылық серiктестiк;
• Акционерлiк қоғам;
• Өндiрiстiк кооператив;
• Шаруа қожалықтары;
• Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.
Енді нарықтық экономикадағы ҚР кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын ҚР-ның Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) суйене отырып талдайық.
ҚР АК 21 бабына сәйкес заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын , мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды (авторское права, тауар белгісі) жүзеге асыра алатын және оларға ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі (иелік жасай алмайды) болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлғалардың жеке балансы немесе сметасы болуы керек. Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық – құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық – құқықтық формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-шарттары негізінде әрекет етеді.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
2. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік»
3. Ерали А.Қ., Қабылбеков М.Ғ. «Кәсіпорын экономикасы»
4. СүлейменовМ.Қ. «Субъекты гражданского права»
5. Қарағұсов С.А. «Қазақстан республикасының корпоративтік құқық негіздері және корпоративтік заңнамасы»
6. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы
7. www.wikipedia.org

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
Шаруашылық серiктестiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Акционерлiк қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өндiрiстiк кооператив ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз - заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.
Енді нарықтық экономикадағы ҚР кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын ҚР-ның Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) суйене отырып талдайық.
ҚР АК 21 бабына сәйкес заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын , мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды (авторское права, тауар белгісі) жүзеге асыра алатын және оларға ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі (иелік жасай алмайды) болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлғалардың жеке балансы немесе сметасы болуы керек. Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық - құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық - құқықтық формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-шарттары негізінде әрекет етеді.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері
Кәсіпкерлердің құқықтары дегенде, біз жеке және кәсіпкерлік ұйымдардың құқықтарын түсінеміз. Кәсіпкерлердің құқықтары заңдармен белгіленеді. Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтары мен міндеттері:
заңда қарастырылған келісім-шарттар мен мәмілелерден (айырбас шарты, факторинг шарты, франчайзинг шарты және т.б.),
заңда қарастырылмаған бірақ заңға қайшы келмейтін келісім-шарттар мен мәмілелерден,
азаматтық құқықтық міндеттерін белгілейтін сот шешімдерінен,
заңмен жол берілетін мүлікке ие болу нәтижесінде,
ғылыми, мәдени, әдеби, туындылар құру нәтижесінде,
өзге тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде,
азаматтардың және заңды тұлғалардың өзге әрекеті нәтижесінде туындайды.
Қолданыстағы заңнамада кәсіпкер келесідей құқықтарға ие:
заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға,
кез-келген ұйымдық - құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға,
кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағында кез-келген мүлікке ие болуы (мүліктің көлемі заңмен шектелмейді),
өз бизнесін жеке жоспарлауға тауарды тұтынушыларды таңдауға,
өндірістің барлық факторларын тасымалдаушыларды таңдауға,
заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды жүргізуге жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге,
қосымша материалдық көмек көрсетуге (бірақ бұл құқықтар құрылтайшылар құжаттарында көрсетілуі қажет және еңбек заңына қайшы келмеуі тиіс),
жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге,
жұмысшыларды еңбек заңына сәйкес келісім-шарт арқылы жұмысқа тартуға,
сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға,
кез-келген банкте есеп-шот ашуға,
тауар өндіруге,
қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға,
зейнетақы, медециналық және әлеуметтік сақтандыруға,
мемлекеттік билік органдарының заңсыз шешімдеріне өзінің заңды құқығын қорғауға құқылы.
ҚР Салық кодексінің бірініші бөліміне сәйкес кәсіпкер салықтөлеуші ретінде келесідей құқықтарға ие:
тіркелген жеріне байланысты салық органдарынан қолданыстағы салықтар және жиындар туралы тегін ақпарат алуға,
салық органдарынан салық туралы заңдардың қолданылуы туралы жазбаша түсініктемелер алуға,
салық туралы заңдарда бекітілгендей белгілі бір жағдайда салық жеңілдіктерін қолдануға,
салық кредитін кейінге қлдыруға, ұзатуға болады,
салық органдарының басшыларынан салық туралы заңдарды орындауды талап ете алады,
салық заңына сәйкес келмейтін заңдарды орындамауға,
салық органдарының қызметкерлерінің шешімдеріне белгіленген тәртіпте шағымдануға,
салық құпиясын сақтауды талап ете алады,
салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы келетін шешімдеріне белгіленген тәртіпте шығын көлемін қайтаруды талап ете алады.
Ал жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде жоғарыда аталып өткен құқықтармен қатар келесідей құқықтарға ие бола алады:
толық серіктестердің қатысушысы бола алады,
акционерлік қоғамның атқарушы органы бола алады (АҚ келісілген шарт бойынша),
белгіленген тәртіпте арбитраждық (шаруашылық істерді) басқарушы бола алады (ішкі, сыртқы, конкурстық),
бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады,
аудиторлық (тексеру) әрекетпен айналысу.
Кәсіпкердің міндеттері. Шаруашылық субъекті ретінде кәсіпкердің міндеттері азаматтық заңнамада бекітілген. Кәсіпкердің негізгі міндеттері:
белгіліленген уақытта салық органдарында тіркеуде немесе бюджеттік емес өкілетті мемелекеттік органдарда тіркелу керек,
заңда бекітілгендей салық көлемін уақытысында төлеуге,
салық органдарына табыс, өзге құжаттар мен мәліметтерді уақытысында өткізуге, яғни осы мәліметтерден олар салықты өзге міндетті төлемдерді санай алады,
бухгалтерлік есеп жүргізуге, заңға және нормативті актілерге сәйкес қаржылық-шаруашылық әрекеттің есебін жүргізуге (олардың сақтау мерзімі 4 жыл),
белгіленген тәртіпте заң бекіткен әрекеттің кез-келген түріне лицензия алуға,
қолданыстағы стандартар мен сертификатқа сәйкес қызмет көрсетуге, тауар шығаруға,
өзінің әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуге,
жалдамалы жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық және еңбек қауіпсіздігіне қажетті жвғдвй туғызуға,
белгіленген тәртіпте кәсіби ұйымдармен келісім-шарт жүргізуге және оларды уақытысында орындауға,
тауар нарығында монополиялық әрекетке жол бермеуге, жосықсыз бәсекеге, нарықтаға орнымен теріс пайдалануға болмайды,
монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағаларды орнатуға болмайды, бағаны реттеу туралы заңдарды қадағалауға,
белгіленген тәртіпте кіріс пен шығындардың, өндіріс шығындарын және тауар (жұмыс, қызмет) жүзеге асыруға кеткен шығындардың есебін жүргізуге,
азаматтық заңдарға сәйкес мәмілелерді орындауға, кәсіпкерлік келісіс-шарттарға отыруға және оларды орындауға,
өзінің тауарына сәйкес келмейтін жарнаманы беруге болмайды,
белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері туралы толық көлемде статистикалық есеп беріп тұруға міндетті.
Кәсіпкерлер азаматтық, арбитраждық, әкімшілік, қылмыстық заңдарға сәйкес өзге де міндеттерді орындау қажет.
Шаруашылық серiктестiк
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.
Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиiс. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс. Шаруашылық серiктестiк басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.
Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.
Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.
Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.
Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:
басқарма (дирекция);
байқаушы кеңес;
заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi. Шаруашылық серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын тексеру және растату үшiн серiктестiкпен немесе оның қатысушыларымен мүлiктiк мүдделер жөнiнен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит). Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе бiрнеше қатысушысының талап етуi бойынша солардың есебiнен кез келген уақытта жүргiзiлуге тиiс. Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу;
шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;
таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;
шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға құқылы.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:
құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;
шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.
Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық серiктестiктен немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке көшкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.
Толық серiктестiк
Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Толық серiктестiктiң ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегі шешiм барлық қатысушылардың жалпы келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай шартында қатысушылардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылданатын реттер көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысының бiр даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесiне сай белгiленетiндiгi көзделуi мүмкiн. Толық серiктестiктi басқаруды толық серiктестiктiң атқару органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және олардың құзыретi құрылтай құжаттарында белгiленедi. Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiктiң органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi. Өкiлеттiгi болмаса да ортақ мүдделер үшiн әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерiнiң арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығындардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серiктестiктен өзi жасаған шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) оның басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық қатысушылардың келiсiмiмен ғана беруiне болады. Үлес (үлестiң бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы соған ауысады. Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре алады. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серiктестiк алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар алдындағы бүкiл серiктестiк қызметi кезiнде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан серiктестiк бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң құқықты мирасқорлық негiзiнде өзiне тиесiлi құны төленедi. Бұл реттерде тиiсiнше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзiмде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серiктестiк мүлкiнiң мөлшерiне азайтылады, бiрақ ол үш айдан кешiктiрiлмеуге тиiс.
Толық серiктестiктiң қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзiмнен кешiктiрмей ескерте отырып, серiктестiктен кез-келген уақытта шыға алады. Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серiктестiк сақталып қалса, оның шығып кеткен күнiнде жасалған балансқа сәйкес шығып кететiн қатысушыға серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең құны төленедi. Қатысушының талабы бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен салымды толық немесе iшiнара заттай түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серiктестiкте болған кезеңiнде серiктестiктiң сол жылы алған таза табысының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi. Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады. Толық серiктестiкке қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз мiндеттерiн дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда қатысушылардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн серiктестiктен сот тәртiбiмен шығаруды талап етуге құқылы.
Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi.
Сенiм серiктестiгi салымшысының:
серiктестiк таза табысының жарғылық капиталдағы өзiне тиесiлi үлесiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша алуға;
серiктестiктiң қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заң құжаттарында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесiн басқа бiреуге түгелдей беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;
заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқылы.
Сенiм серiктестiгiнің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Сенiм серiктестiгiнің салымшылары үшін осы Кодексте және басқа заң құжаттарында көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz