Ұлттық поэтикалық шығармашылығын бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
І . Тарау Қазақ жыраулары, би.шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні.
І.1. Эстетикалық тәрбие міндеттері, мазмұны және әдістері ... ... ... ... 6 бет
І.2 Жыраулар мен шешен.билердің толғау . арнауларындағы
эстетикалық идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14 бет
ІІ . тарау. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану
ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ жыраулары мен би.шешендерінің тәрбие тағылымдарын эстетикалық тәрбиеде пайдаланудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33 бет
ІІ.2. Тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары ... ... ... .43 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57 бет

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 14-бабы «Оқу тәрбие процесін ұйымдастыру» бөлімінің 7-тармағында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық азаматтық, интернационал-дық, жоғары моралдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс» деп, ал «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» Орта білім берудің алғашқы міндеттерінің бірінде: «азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу» делінген. Осы мақсаттарды іске асыруда жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтарының, мемлекеттің, қала берді барша халықтың міндеті. Қытайларда мынадай бір сөз бар: «Әр адам бір мемлекет, ал мемлекетке немқұрайды қарау опасыздық.» Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі қай кезде де, қай заманда да болмасын күрмеуінің шешілуі өте қиын өзекті мәселе.
Әйтсе де, қазіргі тәуелсіздік жағдайында кеңестік кезеңде жіберілген қателіктерімізді жойып, жас ұрпағымыздың бойында халқымыздың ғасырлар бойы жинаған салттары мен дәстүрлері арқасында ізгілікті – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақ елінде қазірде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістер, халық ағарту, білім, тәрбие, ғылым cалаларына да ерекше әсерін жасауда. Бұл жағдай бұрынғы рухани құндылықтарымызды тағы да қайта қарауды тарихи жәдігерлерімізді әлі де ашылмай жатқан асылдарды зерделеуді қажет етуде.

1. Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов К. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы − Түркістан,2005.
2. ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. − Алматы, 2002.
3. Қ.Р Бастауыш білім беру мемлекеттік стандарты. − Алматы, 2002
4. «Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» − Алматы, 2003.
5. Қ.Р. Білім туралы заңы - 1999ж.
6. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы (ХҮ-ХҮІІІғғ.). − Алматы, 1999
7. Омар Е.О. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. − Түркістан, 2004.
8. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік− Алматы, 2003.
9. Әлсатов Т.М. Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тәлім- тәрбиелік идеялары. − Алматы, 1998.
10. «Қ.Р. Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» - Астана, 2005ж. 18 ақпан.
11. «Қ.Р. Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» - Астана,2006. - 1 наурыз
12. Аймауытұлы Ж. Психология. Жан жүйесі және өнер таңдау. − Алматы, 1995.
13. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. − Алматы, 1995.
14. Балабақшадағы балаларға эстетикалық тәрбие беру. − Алматы, 1978.
15. Сейдеханов К. Ұлы арман. (ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы). − Алматы, 1990.
16. Яссауи Қ.А. Хикмет жинақ. − Алматы, 1998.
17. Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі 3-сынып. − Алматы, 1999)

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
І – Тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы
эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні.
І.1. Эстетикалық тәрбие міндеттері, мазмұны және әдістері
... ... ... ... 6 бет
І.2 Жыраулар мен шешен-билердің толғау – арнауларындағы
эстетикалық идеялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .14 бет
ІІ – тарау. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің
оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану
ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ жыраулары мен би-шешендерінің
тәрбие
тағылымдарын эстетикалық тәрбиеде пайдаланудың қазіргі
жағдайы

... ... ... ... ... ... ... .33 бет
ІІ.2. Тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары ... ... ... .43
бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 54 бет
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
бет
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңының 14-бабы Оқу тәрбие процесін ұйымдастыру бөлімінің 7-
тармағында Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру бағдарламалары білім беру
бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың,
тәрбиеленушілердің елжандылық азаматтық, интернационал-дық, жоғары моралдық
және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы
мен қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс деп, ал Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы
Орта білім берудің алғашқы міндеттерінің бірінде: азаматтыққа, адамның
құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын
сүюге тәрбиелеу делінген. Осы мақсаттарды іске асыруда жаңа қоғам
мүддесіне лайықты жан жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен ұлттық
психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның,
орта және жоғары білім беру ошақтарының, мемлекеттің, қала берді барша
халықтың міндеті. Қытайларда мынадай бір сөз бар: Әр адам бір мемлекет, ал
мемлекетке немқұрайды қарау опасыздық. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі қай
кезде де, қай заманда да болмасын күрмеуінің шешілуі өте қиын өзекті
мәселе.
Әйтсе де, қазіргі тәуелсіздік жағдайында кеңестік кезеңде жіберілген
қателіктерімізді жойып, жас ұрпағымыздың бойында халқымыздың ғасырлар бойы
жинаған салттары мен дәстүрлері арқасында ізгілікті – адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі болып
отыр. Қазақ елінде қазірде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси
өзгерістер, халық ағарту, білім, тәрбие, ғылым cалаларына да ерекше
әсерін жасауда. Бұл жағдай бұрынғы рухани құндылықтарымызды тағы да
қайта қарауды тарихи жәдігерлерімізді әлі де ашылмай жатқан асылдарды
зерделеуді қажет етуде.
Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлкеде өмір сүрген
атақты білімпаз, ақылгөй – даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт
елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлар
ұшан – теңіз. Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс тәрбие, үйірме
жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың
бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа,
адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей ұлттық поэтикалық шығармалар -
шешендік сөздер, жыраулардың нақыл сөздерін, мақал - мәтелдерді
кеңінен қолдансақ: біріншіден оқушылардың тіл орамдылығын арттырып,
өмірге қөзқарасын қалыптастырса, екіншіден ой - өрісін кеңейтіп,
көркем сөйлеп, пікірін дәл айтып жеткізуге баулиды сөздік қорын байытады,
үшіншіден балаларды жақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
Біздің жарқын болашағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен
байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім
нәріне сусындаса ғана,мемлекетіміз көгереді,егеменді ел іргесі берік
болады деп сенімді түрде нық айта аламыз.
Кезінде қаралғанымен, талданғанымен, әлде рухани қазыналарымыздың
қалтарыста қалған, байқалмай жүрген байлықтары жоқ емес. Оларды замана
талабына сай білім беру тәрбие жұмыстарында лайықты қолдана алмай, қазіргі
жас өскіндерімізге, болашақ жеткіншектерімізге өз деңгейінде үлгі - өнеге
етуде олқылықтар жіберіп жатқан жағдайларымыз бар екендігі де жасырын
емес. Сондықтанда тарихи тұлғаларымыздың тағылымдарын мектеп шәкірттеріне
әсіресе бастауыш сынып оқушыларына паш етуді, нақты іс–шаралар атап
айтқанда мектептен тыс жүргізілетін үйірме жұмыстарында, тәрбие
сағаттарында эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалануды рухани саладағы
негізгі мәселелердің бірі деп есептейміз.
Сондықтан халықтық педагогика жөнінде түсінік танымы терең, болашақ
бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды талап ету керек. Осы жағдай
дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Ұлттық поэтикалық шығармашылығын бастауыш
сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану деп
таңдауға себепші болды.
Дипломдық жұмыстың обьектісі: Бастауыш мектептің оқу тәрбие барысы.
Дипломдық жұмыстың пәні: Ана тілі пәнінде ұлттық поэтикалық
шығармашыларды тәрбие құралы ретінде оқыту.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ұлттық поэтикалық шығармаларды бастауыш
сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану тиімділігін
негіздеу және жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Тақырыпқа байланысты этнопедагогиканың асыл мұралары, зерттеу
проблемасы бойынша жазылған ғылыми, тарихи еңбектерге, монография,
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге шолу жасау, оқып түсіну.
2. Тақырыпқа байланысты педагогикалық озық тәжірибе жинақтау, озық
тәжірибелермен танысу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Менің дипломдық жұмысым кіріспеден, 2 тараудан, 4 параграфтан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен барлығы 57 беттен тұрады.
І – тарау. Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы

І.1. Эстетикалық тәрбие мәні мен міндеттері және әдістері
Адамдардың әсемдікке сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, оған ең
жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның қоғамдық мәнін
жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін,
көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Ұлттық
поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық
тәрбие құралы ретінде пайдалану өзінің татымды жеміс беретіні сөзсіз.
Өйткені дарқан даламызда жасап өткен небір ділмар шешендер, небір майталман
аузымен құс тістеген аузы даулы даналар ұлттық поэтикалық шығармалардан
нәрленіп сусынданып өскеніне тарих беттері куә. Зерттеуімізді әуелі
эстетикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны және әдістеріне шолу жасап
бстағанды жөн санап отырмыз.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері.
Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті
қабылдау, сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдік заңы бойынша
қоршаған дүниені жасауда өзі ұмтылуға тәрбиелеу, көркем іс-әрекетке араласу
және шығармашылық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.
Эстетикалық тәрбиеде өнерге ерекше роль беріледі. Ол толғанта, қуанта
отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін оларды қоршаған дүниеге
үңіле қарауға мәжбүр етеді, әсер ықпалын бастан кешіруге, зұлымдықтан
жиренуге итермелейді.
Баланы адам қарым-қатынасындағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата
білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету
дегеніміз оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.
Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары
балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекеті адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі неғұрлым жоғарылағанын көрсетті.
Қазіргі кездегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-
қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы
шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың шығармашылығымен, сурет және мүсін
өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектакльдерімен,
мультфильмдермен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның
барлық жақтарымен өзара әрекеттес. Ақыл-ой және дене жағынан толық даму,
моральдық пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас
адамгершілік жағынан жетілуі көбіне эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып
келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті болады және есте ұзақ уақытқа,
кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай
болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл
көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін дұрыс пайдалану қажет.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады.
Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені,
қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады.
Эмоция, қиял, сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен
эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүниеге өзіндік реакцияның
материалдық негізі болуы, сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін
тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Дегенмен,
совет педагогтары өз жұмысында академик И. П. Павловтың нерв жүйесінің
икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған
қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.
Қазіргі жағдайда эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға
қойылып отыр:
1. Балалардың әсемдікті қабылдауын, эстетикалық сезімін, елес-
қиялын жүйелі дамыту. Өнердің барлық түрлері, табиғат пен тұр-
мыс бұған көмектеседі, тікелей эмоциялық ықыластылық, қуаныш,
толқу, таңдану, қызығу тудырады.
2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа
әлі келгенше әсемдік әлементтерін ендіру қажеттілігі мен әдетін
баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.
3.Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір
құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру,
4.Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен
байланысты іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты
талпыныспен, шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы тиіс. Бала
эстетикалық жағынан неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік іскерлігі мен
дағдылары соғұрлым беріге. Шығармашылық іс-әрекеті соғұрлым кеңірек болады.
Эстетикалық тәрбиенің мазмұны. Эстетикалық тәрбие - өмірге деген көзқарас
белсенділігінің тууына әсерін тигізетін қабылдаудың, қиялдаудың, естің
қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына,
жалпы жан сұлулығына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және
олардың дамуын қадағалау білім және дағдыны үйретудің нақты нәтижелерінен
қиындау. Бұл дамудың бірізділігін анықтау маңызды. Эстетикалық тәрбие —
күрделі процесс. Сондықтан біз кейде балаларды эмоциялы қабылдауға
үйрету, рахаттана білу, сүю және ұмтылу, қабілеттілік көрсету. деген
сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да, оның қалай көрініс
беретінін нақтылай отырамыз. Мәселен, баланың музыкалық және поэтикалық
есту қабілетін көрсету талабына тап болдық делік, дәл осы жерде мүны қалай
тексеруге болатындығы және балалардан не талап етілетіндігі түсіндіріледі:
таза интонациялау, әннің дұрыс салынғандығын, есту арқылы анықтау,
дыбыстардың жоғарылығын және төмендігін, олардың күшін және шарықтауын, ән
салу, өлең оқудағы қарқын ауысуын айыра білу.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері. Эстетикалық тәрбие методикасының негізіне
бала мен педагогтың, баладағы көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-
әрекетке дсген шығармашылық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға
деген саналы қарым-қатыстарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекетті
жатады.
Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне-көп тәрбиеленушінің дара
ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, оның жалпы даму деңгейінің
қаншалық мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.
Өмір құбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамады.
Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы,
заттың дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн
қосады.
Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға:
көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-
әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық
деңгейі, шеберлігі меп қабілеттігінің атқаратын ролі аз емес. Эстетикалық
информацияны бала көптеген каналдар арқылы (әлеуметтік орта, музыкалық
әуендер, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан да
музыкалық әуендерді, ертегіні, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді, насихат
сөздерді тыңдау арқылы қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға
дыбыстарды беріле тыңдауға, зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын
детальдарды қабылдауға, мақсатты бақылауға, аударады. Мәселен, телевизиялық
хабарды көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-
құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.
Балалар эстетикалық информацияны қалай алатындығына қарай (өнер
туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре
отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қойып отырған тәрбие
арқылы танысады) эстетикалық тәрбие әдістері мен тәсілдерін көрнекі және
ауызша деп бөлуге болады.
Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де
тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиелік оның назарын
жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың
қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек балалардың алдына басқа міндет —
ересек адамның жетекшілігімен қоршаған дүниені активті
жасампаздықпен, бірақ олардың шама-шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті
қойылады.
Педагогикалық ғылым мен практика балаларды эстетикалық
сезімдердің, қарым-қатынастардың, ой қорытындылаудың, бағалау-
дың практикалық іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін неғұр-
лым тиімді әдістерін анықтайды:
- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы
көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;
- қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті
дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әреттерге үйрету,
жаттықтыру әдісі;
— творчестволық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін
проблемалық ситуациялар әдісі;
- әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық-жағымды ықылас тудыруға және
қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жек көре қарауға ояту әдісі.
Баланың әсемдікпен тікелей қарым-қатынаста болуы қаншалықты маңызды
болғанымен оның өзі жеткіліксіз. Эстетикалық толғанулар әрдайым этикалық
көріністермен байланысты. Эстетикалық және этикалық бірлік еліміздің
болашақ құрылысшысын жеке адам ретінде қалыптастырудың ерекше маңызды
белгісі болып табылады. Әсемдіктің өнердегі, қоғамдағы тұрмыстағы,
табиғаттағы тікелей әсерімен ғана сендірмеу керек. Бала санасына, оны
практикалық іс-әрекеттерге тарта отырып, сөзбен активті әсер ету қажет.
Қарастырылған әдістер балалардың әсемдік сезімін оятуға, өзіне тән, аралық,
бірақ әсемдік заңы бойынша әрекет ету ынтасын тудырады. Д.
Б.Кабалевский: Әсемдік жақсы қасиеттерді оятады,—дейді.
Қазіргі кездегі педагогика ғылымында сабартарда проблемалық ізденіс
ситуацияларын тудыру, әр балаға әр түрлі және жеке-жеке қатынас жасау
жолымен қарау қажеттігін қарастыстыратын көркем білім беру методикасына
ерекше роль беріледі.
Үйретудің тәрбиелік және дамыту сипатын күшейту үшін тәрбие әдістерін
(сендіру, үйрету), сондай-ақ дербестікті, белсендікті, шығармашылықты
дамытатын оқыту әдістерін қолданған жөн. Бұл — кеңестік дидактикада кең
қолданылатын проблемалық-ізденгіштік әдістің мән-мағынасы. Оның проблемалық-
ізденгіштік болып аталатын себебі тәрбиеші ойға түйген нәрсенің шешім
тәсілдерін табуды балалардың өздеріне ұсынады. Мәселен, балаларға ертегіні
тыңдаған соң оның белгілі бір кейіпкерін бейнелеу ұсынылады. Бұл міндетті
олардың өздері шешеді. Қолайлы не қолайсыз кейіпкер таңдап алу арқылы
тапсырманың орындалуы күрделендіруге немесе оңайлатуға болады. Оны қалай
бейнелеуді (балшықтан жапсыру немесе суретін салу), өз ойын қандай
тәсілдермен іске асыру дұрыс екендігін ойластыру қажет. Осылайша бала
ойлануды, ізденуді, шешім табуды, яғни ізденгіштік іс-әрекеттерін жүргізуді
үйренеді.
Балалардың көркем іс-әрекетінің маңызды шарты олардың өзіндік іс-
әрекеті болып табылады, ол үлкендердің іс-әрекеттерімен ара байланыста
болады. Тапсырманы баланың өзі жасай алатында тәсілдер жүйесін қамтамасыз
ету керек. Қабылдау, елестету, орындауды қалыптастыруға ықпал ету
тәсілдерінің екі түрі бар.
Б і р і н ш і. Педагог балаларды шығарманың мазмұны, сипаты бейнелеу
құралдары жөнінде өздігінен ой айтуға, өзінің және өз құр-быларының
тапсырманы орындауларын бағалауға, балалардың өздері өткізетін түрлі
теңестіруге, салыстыруларға жетелейді.
Е к і н ш і. Балалар неғұрлым күрделірек жағдайларда тапсырманы
тәрбиешінің көмегінсіз орындайды, мысалы, фортепьяноның сүйемелдеуінсіз ән
айтады, алдын ала ескертпей-ақ қимылдар жасайды, өз ойлары бойынша сурет
салады. Өзіндік іс-әрекет неғұрлым жеңіл жағдайда да тәрбиеші не істеу
керек екенін айтып, бала өзін-өзі бақылай отырып, өз орындауындағы
кемшіліктерді өзі түзетуге тапсырма алады.
Кейбір әдістер қарама-қайшы сипатта болады. Бірақ оларды құрайтын
тәсілдер бір-бірін толықтырып тұратындай болады. Міне, олардың
кейбіреулері:
- өнер шығармаларын, орындау тәсілдерін көрсету барысында айтатын
тәрбиеші сөзі (түсіндіру, нұсқау) және көрнекілік әдістер;
саналы қатынасты талдай, салыстыра білуді дамытатын және
эмоциялы толғануларды оятатын тәсілдер;
дәл атқарылуға тиісті іс-әрекеттерді көрсету және өзіндік іс-
әрекет жолдарын қалыптастыру тәсілдері;
жаттығуға, дағдыларды жаттықтыруға бағытталған тәсілдер
өзіндік ерекшелікті, өзіндік орындалуды, тапқырлықты, құ-
былмалылықты қалайтын шығармашылық тапсырмалар.
'І'ұтас алғанда мүмкіндігінше әр түрлі әдістер комплексі - ғана баланың
толық құнды көркемдік дамуын қамтамасыз ете алады.
І.2. Жыраулар мен шешен-билердің толғау - арнауларындағы эстетикалық
идеялары.
Дала жырауларының импровизация, яғни суырыпсалма өнеріне өзгеше жетік
болғаны белгілі. Бұл көшпенділердің ойлау жүйесі ерекшелігінің тамаша бір
көрінісі. Мұндай жағдай ғұлама ғалым Ш.Уәлиханов айтқандай, арабтың шөлейт
даласында ғұмыр кешкен жыраулардың жеке басынан байқауға болады, яғни
олардың суырыпсалмалық, шешендік өнерлі өзіндік пайымдарымен
ерекшеленеді. Жырау толғаулары олардың өмір сүрген дәуірінің айнасы
іспеттес. Жырауларда үлкен - эмпирикалық тәжірибелер, халықпен қоян-қолтық
араласуы нәтижесінде өзіндік байқау жағы мол болғаны білінеді. Бірақ та
батыс философтарындай, әсіресе, Гегель мен Кант Секілді абстракциялық
тұжырымдардың кездеспейтіндігін айту қажет. Бұлар өздерінің көзбен көргенін
және тікелей естігендерін ғана, суырыпсалма ойлауының негізінде,
көшпенділерге тән ерекшелігінің төңірегінде өрбітеді.
XV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы хал–жағдайы,
көрші жұртпен ара қатынасы жаңа арнаға түсе бастады, халық арасынан
сауатты, білімдар, ақылгөй адамдар бой көрсетті. Халқымыздың қоғамдық ой-
пікірінің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы, ақылгөй
аталған, дуалы ауызды дала философтары болды. Жыраулар мораль, этика, тәлім-
тәрбие жайындағы ой түйіндерін, аса мәнді қоғамдық мәселелермен қатар,
әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді тұжырымдарды ортаға
салды, ылғи халқымен кеңесіп отырды.
Қазақ ақын–жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен
Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген
ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген
елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты
құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уәлиханов
көшпенділер философы атаған Асан қайғы өз заманының үлкен ойшылы болған.
Заманымыздың көрнекі ойшыл ғалымы, әдебиет тарихын терең зерттеп, тексерген
академик Мұхтар Әуезов айтқандай, Асан қайғы өзінен қалған қысқа сын
болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарымынан да бірталай
көрініс - елес, білік – дерек береді.
Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің толғау-
жырауларында не жақсы, не жаман, не ғарып деген мәселелер төңірегінде ой
толғап, заманы жайлы да философиялық пікірлерін сарапқа салады. Ел қорғаушы
азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе
Жаныңды алы тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қол бер,
Бұрынғыны қуыспа,-
деп көпшіл бол, достықты бағалай біл деген үгіт насихат айтады.
Бұл пікір халық педагогикасының түйіні мақал – мәтелдерде айтылатын:
Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды берме, Жақсыда жаттық жоқ, Алдыңа
келсе атаңның құнын кеш деген қағидалармен қабысып жатыр. Жатса-тұрса
халық қамын жеген, халықты берекелі бірлікке, достыққа шақырып, сөз
маржанын тізбектеп Халық қамын жеуді, әз әзілдің сөзіне ермеуді, құлқынның
құлы болмауды, адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:
Адам әзіз айтар деп,
Көңіліңді салмағыл.
Нәпсі алдаушы дұшпанның
Насихатын алмағыл, -
деп, Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Көпке қызмет ет, халық
қамын ойлар азамат бол деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. Ашуды ақылға
жеңгіз, көпшіл бол деген өнегелі өсиеттің бүгінгі күнге дейін ұрпақ үшін
мән–мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті кеңес екені даусыз.
Асан қайғы толғауында қазақ жерінің бүлінбеген экологиясы; аса көркем
жан семірткен табиғат байлығы, осындай жағдайда өмір сүрген қазақ халқының
сол кездегі жан дүниесінің сұлулығы тамаша көрініс тапқан. Мұндай жәйт сол
кезде өмір сүрген Қазтуған жыраудың толғауларында да өте әсерлі, көркем
тілмен суреттелген. Асан қайғы тайпалы одақтардың шежіре генелогиясын,
халықтың әдет-ғұрып, дәстүрлерін дәріптеп, оны жас өркендерге өнеге етіп
ұсынады. Ол өмір сүрудің негізгі мәні туралы айта келіп, бұл дүниеде жақсы,
жаман адамдардың болатындығын, жақсылардан үлгі алып, жамандардан бойды
аулақ салып жүрудің қажеттілігін, жас ұрпақтың үлкендерді сыйлап
қастерлеуі, олардың ақылын тыңдап, үнемі ескеріп отыру керектігін, бір-
бірімен босқа қырқыспай бейбіт өмір сүру, ізгі ниетті, барынша қарапайым
адал болып, шыншыл, иманды болу, яғни жайсаң жанды азамат болып өсу
қажеттігін ерекше еске салады. Мұны ол бүкіл халықтың, елдің арманы дейді.
Осынау пікірлерде қазіргі кезде, әсіресе, Батыста кең өріс алған гуматистер
психологиясының принциптерің алғашқы ірге тасы жатқан сияқты. Жырау
толғауларының бірінде, есті адамның ақылын тыңда, естінің артынан қалма,
одан үнемі үйренуді ұмытпа дейді.
Жырау татулық пен ынтымақ белгісі ретінде, төмендегі жыр толғауын
арнайды: Қарындасыңды жамандап,
Өзіңе туған табылмас, -
осы бір ауыз тіркесте адам баласына өзімен бірге туған - туысқан, жекжат –
жұрағатпен сыйласып тұрудың қажеттілігін айта келіп, бұлардан артық саған
адам табылмас дейді. Бұл айтылған тағлым – қазіргі заман қазақтарына да
қатысты тағлым. Мәселен, кейбір қазақ ағайындар бірге туған қарындастарын
тілдеп, сөгіп, керек болса өрескел жағдайларда өлтіріп жататындар кездесіп
қалады. Ұлы ғұламаның осыдан 5 ғасыр бұрын айтқан тәлімдерінің Арғымаққа
міндім деп, артқы топтан адаспа, артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа
деген сөзінің қазіргі кездегі тәлім – тәрбиемізге берері аз ба? Жырау
сондай – ақ адамның досымен бірге қаскөй, дұшпанының болатындығын еске
алады. Бірі өшпенділігі мол, жаулылығы, қаскөйлігі бастан асып жататын
адамдар да екіншісі көре алмағаннан жауығатындар. Ұлы ғұлама біздерді
бұлардың біріншісінен өте сақ болуды, олардың арам ниеттерін біліп қана
қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерелеп отыру қажет деген еді. Асқан
ғұлама-ғалым кей жағдайда жау адамды тәрбиелеп, қатарға қосудың
қажеттілігін, егер мұндай шара іске аспаса, олардың көзін құртқан теріс
болмайды дейді. Сондай-ақ көре алмаушылық пен күндеуден гөрі, жауласқан
адамға байыпты қарым-қатынас жасалып, осынау теріс қылықтардың себебін
тауып, көздерін шындыққа жеткізу қажет деген еді.
Жырау жастарға – балаларым болды деп тоқмейілсімеңдер, артыңда келе
жатқандарды адастырма, оларға өнеге көрсететін бол, әр уақытта өзім
болдымға салынба, кішіпейіл, кеңпейіл бол, жұртпен босқа таласпа Ғылымым
жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама, адамға шамаң келсе көмектесіп,
ақылына ақыл қос дейді. Жырау осынау ізгі қасиеттер елдің басшыларына аса
қажеттілігін айта келіп, олардың аяғынан шалмай, оларға қиянат жасамай,
ізгі іс – әрекетін ылғи да қолдап отыр дейді. Есті көрсең, кем деме деп
жырау сондай-ақ Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа мүмкіндігінше
досыңның жан дүниесінің кілтін таба біл деп айтады. Ғұлама толғауларында
сол кездің өзінде-ақ қазақ жұртында ғылым жолын қуғандардың болғанын
айғақтайтын деректер де кездеседі (Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз
бастама). Әрине, ұлы далада сонау Әл-Фараби заманынан бұрын да ғылым –
ілімнің көзі болғандығын тарихшылар айтып жүр емес пе? Жыраудың бір сөзден
тұратын толғауында дерек боларлықтай мағлұматтар жеткілікті. Дала ойшылы
өзінің тәлім – тәрбиелік пікірлерінде мынадай бір тамаша пікір қозғайды.
Кең байтақ ұлан ғайыр қазақ даласының сәні қазірге дейін ауылда. Біз
ауылды көркейте түсуді бір сәт естен шығармауымыз қажет.
Елі үшін еңіреген ерлердің бірі – Ақтамберді жырау шығармалары
негізінен нақыл, аффоризмдік толғауларға толық келеді. Халқымыздың тіршілік
тынысы мен кәсібі, мінез-құлық ерекшелігі, ақынның жастарға айтар өсиеті,
өмірге деген көзқарасы оның толғауларынан айқын көрінеді. Болат қайнауда
шынығады, Батыр майданда шынығады- деп бағалаған жырау:
Жігіт жанды бұласа!
Ел шетіне жау келсе
Алдыңа, сірә, дау келсе
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса! –
деп жігіттің жігіттігі өлім мен өмір белдескен қан майданда сыналмақ
дегенді меңзейді. Қол бастаған батыр соңынан ерген сарбаздарына:
Жалтыра шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас
Уа, жігіттер жандарың
Жаудан аяй көрмеңіз...
деп ұрандайды Халық үшін жан пида деп қол бастап жүрген батыр елінің бас
бостандығы үшін жан аямай жаумен кескілесе күресіп жүргенін сөз етеді.
Ақтамберді батыр астына арғымақ мініп, үстіне ақ кіреуне сауыт киіп,
қоңыраулы найза қолға алып, ту көтеріп жауға атой салудағы мақсатын:
Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шолақ біржерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиын
Өз алдына ел қылсам, -
деп тебіренеді. Бұл нағыз елін, жерін сүйген патриот ұлдың арманы.
Адамгершілік қасиет отбасындағылардың бірін-бірі қадірлеуінен, әке-
шешелеріне ерекше құрмет көрсетуінен көрінбек. Бұл халық педагогикасының
ежелгі қалыптасқан дәстүрлі көзқарасы. Осыны ойға қазық, тілге тиек ете
отырып, көпті көрген көне жырау:
Меккені іздеп нетесің
Меккеге қашан жетесің
Әзір Мекке алдыңда
Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды! –
деп ата – анаңа көрсеткен сый – құрметін құдай жолын қуып, Меккеге барумен
пара-пар деген ойды қорытады. Жырау осы өнегелі өсиетін келер ұрпақтың
санасына сіңіруді мақсат етіп:
Балаларыма өсиет
Қылмаңыздар кениеп.
Бірлігіңнен айырма,
Бірлікте бар қасиет
Татулық болып береке
Қылмасын жұрт келеке, -
деп ел бірлігін, жанұя татулығын, достық пен ұйымшылдықты дәріптейді.
Ұйымшыл, берекелі, бірлікшіл болыңдар, адал еңбек ет, еңбекті, егіншілік,
қолөнер кәсібін қастерлеңдер дейді.
Ақын – жырауладың ішіндегі биік тұлғаның бірі – Бұқар Қалқаман ұлы,
Абылай ханның ақылшысы, қабырғалы билерінің бірі. Бұқар ел қорғаушы
батырдың, сөз бастап, дау шешуші бидің үнемі әділдікті жақтауын қалайды.
Елдің біркелкі бірлікшіл болуы ел басшысына байланысты деп:
Ел иесі құт болса
Халқы ала болмайды.
Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы, -
деп халық қамын ойлау азаматтық парыз, нағыз ел қамын ойлайтын адал ұл
халқына пайдасын тигізуі, әділет үшін күресуі керек дегенді уағыздайды.
Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым-қатынас, адамгершілік
мәселелеріне арналған. Қарт жырау адам өмірінің ең қызықты кезеңі, ойына
алған ісін қайратымен іске асыратын, ақыл, қайрат пен талаптың тасыған шағы
жиырма бесті іздесең де таппайсың, жас өміріңді дұрыс пайдалана біл деп
ақыл айтып отыр. Оған қарама – қарсы кәрілік ел қонбайтын шөл, екі жағы
ор, түпсіз терең көл, алдың белгісіз қараңғы тұман түн деп қорытынды
шығарады. Жырау өскелең ұрпақты шынайы достыққа, ар - ождан, адамершілік
қасиеттерді өмір бойы қастерлеп өтуді айта отырып, өлмейтін, өшпейтін нәрсе
жоқ, қоғам, табиғат, тіршілік үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген
пәлсапалық топшылау жасап келеді де өлмегенде не өлмейді? деп, өзі сұрақ
қойып оған:
Жақсылық аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді –
деп жауап береді. Бұл ойдың астарлы мағынасында артыңа атыңды қалдырамын
десең халқыңа пайдалы азамат бол, оқу оқып, ғылым жолын қу, бойыңдағы бар
өнеріңді, ақыл – парасатыңды қағазға түсіріп, кейінгі ұрпағыңа қалдырып кет
деген өнегелі өсиет жатыр.
Жырау адам психологиясындағы жағымсыз жақтарды, мінездегі міндерді
көрсетуге ерекше шебер. Мәселен, қайырымсыз итке мал бітсе, - дейді ол, -
сауда келмес ішуге, байдан қайыр кеткен соң, мал біткеннен не пайда, -
дейді. Бұл жағдайды біздің қазіргі байларымыз, қазақ бизнесмендері,
меценаттық жағдайларға бара алмай жүргендер, ерекше есіне сақтағаны абзал.
Ғұлама жырау қатал қайырымсыздықты, кейде танып мал - жанды, сараңдықты
сынайды. Адамдардың мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүріп, олардың кең
пейіл елгезек, қайырымды болуын тілейді.
Асан қайғы заманында да қыр қадірін, ел қадірін білмеген жандар аз
болмаған. 300 жылғы жуық орысқа бодан болудың себебінен, кейіннен
коммунисттердің кесірінен біз ауылдың қадір – қасиетін ұмыта бастадық.
Мәселен қазақ топырағында ХV ғасырда ғұмыр кешкен талай зиялылар болған.
Бірақ осынау зиялылардың тәлім – тәрбиелік көзқарастары мен педагогикалық
психологиялық ой-пікірлерінің әлі мұрты бұзылмай өз зерттеуін күтіп
отырғандығы қынжыларлық іс. Кейбір зерттеушілер айтатындай, ғылым-білім
қазақ жеріне тек соңғы кезде келді деген пікірлер шындықпен жанаспайтындығы
белгілі.
Зерттеушілер Бұхар жыраудың философиялық пікірлеріне баға бергенде,
оның толғаулары сол кездегі Шығыс философиясыньң қазақ топырағындағы нақты
бір көрінісі екендігін атап көрсетеді. Жырау өз шығармаларына дүние — хан
мен қарашаға, бай мен жарлы-жағытбайға ортақ, ол алма-кезек. Мұнда
мәңгілік байлық та, жарлық та, көптік те, жалғыздық та жоқ, сондықтан әркім
шама-шарқынша өмір сүруі қажет, адамсыз бұл дүниенің сәні болмайды, әр адам
қоғамда қажетті игіліктерді басқалармен бірлесе өндіруі тиіс деген идеяны
өзек етеді. Оның пайымдауынша, адамды адам ететін - оның ортасы, нақты
тәлім-тәрбиесі. Бірақ, Бұқардың айтуынша, бір биеден ала да туады, құла да
туады. Оның "Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау
туғанмен, ішінде оның бірі арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы
болса мінісіп, торқасы болса киісіп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай
дәурен сүрмес пе" деп келетін толғауы — осы айтқандарымыздьщ нақты айғағы.
Өз толғауларында Бұхар жырау Абылайханды арыстанға теңейді. Жұртты оның
соңынан еріп, саясатын қолдауға шақырады, өйткені оны Ерен тұлға деп
таниды. Бұхар жыpay бес саусақтың бірдей еместігі сияқты адамдардың да
бір-бірінен жеке сипат, қасиеттерімен ерекшеленетіндігін, бұлардың ішінде
біреулері көреген, білгір, озық ойлы, қара қылды қақ жарған ақылды болса,
екіншісі, керісінше, ойсыз, надан болып келуі мүмкін екенін айтады. Оның
ойынша, таланты зор, ерен қабілетті адамдар әлеуметтік өмірде елеулі роль
атқарады. Жырау Абылай ханның басқарушылық ролін, қазақ қоғамындағы
орнын дәл көрсетуге тырысады .
Заманның аумалы-төкпелі болып келуін Бұқар заңды құбылыс деп санаған.
Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет
болуын аңсаған. Сондықтан Абылай осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп,
хандық үкіметтің берік болуы жолында бар ақыл-кеңесін аямайды. Абылай
ханның қос тірегі - Бөгембай мен Қабанбайды дос тұтып екеуіне айырықша баға
беріп, олардың батырлық тұлғаларын сомдап, топтан озып дара шыққан екі
тұлға арқылы қазақтан шыққан небір батырларды мақтаныш етеді.
Жырау Бөгембайдың ақылы терең, өмірге байьппен көз салатын адам
екендігін, ел қамын ойлайтын, халқы үшін жанын қиятын батыр екенін кейінгі
ұрпаққа үлгі етеді. Сонымен қатар оның тек жалаң батыр емес, қолынан неше
түрлі іс келетін ақыл-ойы жан-жақты дамыған тұлга ретінде көрсетеді.
Қабанбайға арнаған толғауларынан оның ақ көңіл таза жан екенін және досына
әділ, бауырмал да кішіпейіл болғанын байқаймыз. Мұсылмандар әулие деп
жоғары моральді ақпейіл, көпті көрген көп білетін адамдарды айтады. Міне,
Қабанбайдың мінезі жайдары, терең ойлы, көкірегі ояу жан екендігі осынау
теңеу арқылы түйінделген. Қос батырдың мінез-құлқын осылайша сомдаған Бұқар
жырау кей кездері олардың кемшіліктерін де беттеріне басып айтып, оларға
тоқтау салды. Жырау батырлардың ерен ерліктерін жастарға үлгі ету арқылы
оларға туған жерді жаудан қорғауға әзір тұрып, ел ішін жаныңды пида етуден
тайынба деген ұлағатты ой тастайды.
Жырау адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше мән
берген. Ол "Тілек" атты толғауында жастарға он бір тілек ұсына отырып,
соларды орындасаң ғана нағыз азамат болып ержетесің деген уағыз айтады.
Аллаға адал болуды, құдай жолын ұстануды ол мұсылмандардың басты моральдық
кодексі деп есептейді. Кісінің имандылығы — алдымен оның Аллаға адал
болуынан туындайды ("Бірінші тілек тілеңіз, бар аллаға жазбасқа"). Алла —
сенің барлық тіршілігіңнің, бүткіл өміріңнің, тыныс-тіршілігіңнің негізгі
арнасы. Толғаудың келесі жолында "Екінші тілек тілеңіз, пасық, залым
кісінің тіліне еріп азбасқа" деген тілек айтып, жырау қай заманда да
залымдар, қаскөйлер аз болмағанын, олардан ылғи да сақтанып жүру қажеттігін
еске салады.
Бұқардың үшінші тілегінде қыз-келшшектердің, әйелдердің үсті-басын таза
ұстауы, киім кию мәселелері, тіршілік етудің caн алуан қырлары сөз болады.
Бұқар жырау төртінші тілегінде ол төрде төсек тартып жатпауды ойластырыңыз
дейді. Бұл арада қазақтың "әуелгі байлық — денсаулық" деген сөзі еске
түседі.
Бесінші тілекте жырау бес уақыт намазды ұмытпау қажеттігіне тоқталады.
Намаз — бес парыздың бірі, мұсылмандықтың белгісі. Біз қазірде де осы
парызды естен шығармағанымыз жөн.
Алтыншы тілегінде, ол, ардақтаған аяулың күнінде біреуге тегіннен-тегін
олжа болмасын деген ой айтады.
Жетінші тілекте жырау "желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, сонан
сасып тұрмасқа" деп, ел қорғау мәселелеріне назар аударады. Қазіргі қазақ
сарбаздары — Қазақстан армиясының тірегі. Ал әскерге барудан жалтарып, бара
қалған күнде одан қашып-пысып жүру — имандылыққа жатпайтын теріс қылық.
Сегізінші тілегінде жырау өз ұрпақтарын әртүрлі төтенше, кездейсоқ
жағдарлардан сақтандыруды кездейді.
Бұдан соң жырау "тоғызыншы тілек тілеңіз, төреңіз тақтан таймасқа"
дейді. Қай заманда да қазақ ел басшысын, хан, сұлтанын сыйлаған. Сондықтан
да, біз қазіргі жағдайда Н.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасын
қолдап, оның іске асуына бір кісідей атсалысуымыз қажет.
Оныншы тілекте тағы да бейбіт өмірдің мән-маңызы сөз болады. Жырау
тоқсандағы қарт бабалардың топқа жаяу бармау, тар құрсағын кеңіткен, тас
емшегін жібіткен аналардың аңырап қалмау жайын ескертеді. Расында,
қазіргідей ел тыныш, жұрт аманда еңіреп жүрген аналар аз ба?
Имандылық тәрбиесінің үлкен бір көрінісі ана алдындағы борышты өтеу. Ананың
нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жүрек жылуы баланы жұбатып, оны жылылық
нұрына бөлейді. Әр ана өз перзентін ақылды не ақымақ, мейірімді не
рақымсыз, кесір, я қырсық болғанына қарамастан шексіз сүйеді. Анасын
сыйлап, қастерлемейтін адамның имандылықтан жұрдай екені белгілі. Сондықтан
жастар анасы үшін небір құрбандыққа баруға даяр болуы керек. Ананы сүйіп,
ардақтау жеткіліксіз, оны баръшша құрметтеп, сыйлау - парыз. Қазақта парыз
бен қарыз деген ұғым бар. Мұның екеуі де анаға қадір-құрмст көрсетуге
қатысты қасиетгі ұғымдар. Бұқар жыраудың ананы аңыратпау дегені де -
имандылықтың басты шарттарының бірі.
Оның он бірінші тілегінде әйел-ананы қастерлеу имандылық қасиеттің негізі
ретінде сөз болады. Жыраудың тәлімдік тағылымдарының кредосы — еліне,
халқына деген сүйіспеншілік, атамекенді, туған жерді, Отанды сүю. Ол туған
жерге, атамекенге деген патриоттық сезімді қазақ жастарының бойынан үнемі
көргісі келеді. Бұқар кең-байтақ қазақ даласының табиғат сұлулығын да
тебірене жырлайды. Ол қазақ жерінің тау-тасы, орман, суы, шүйгін шөбі т.б.
туралы эстетикалық тұрғыдан өте тартымды, тәлім-тәрбиелік мәні аса зор
толғаулар тудырды.
Сөйтіп, Асан Қайғыдан басталып, Ақтамберді, Бұқар толғауларымен
аяқталатьш "жыраулар педагогикасы” халқымыздың философиялық, педагогикалық
көзқарастарының ең бір шұрайлы үлгісі екендігі құмән тудырмайды. Біздің
топшылауымызша, осы дәуірде өмір сүрген жыраулар мен қазақ ойшылдарының
ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен шығармалары адам тыныс-тіршілігінің
моральдық-этикалық, психологиялық ерекшелік-терін тайға таңба басқандай
суреттейді. Дала ойшылдарының туынды-ларында басқа жұрттарда қайталанбас
ұлттық қасиеттердің баса көрсетілуі — аса мәнді ерекшелік болып табылады.
Тағы бір айта кететін жәйт, қазақ жырауларының толғауларында эстетикалық
идеялар өз жалғасын тауып, әрі қарай дамып, сабақтасып жатады. Бұлардың қай-
қайсысынан да моральдық-этикалық, имандылық сарынындағы проблемалар, сондай-
ақ көшпелі халықтың психологиялық ерекшеліктеріне қатысты мәселелерге бой
ұру ерекше байқалады. Сол кездегі қазаққа тән рухани мұралардың қоғам
дамуының талабынан, оның әлеуметтік экономикалық қатынастарынан, халықтың
асыл армандарынан туындап отырғанын да байқау қиын емес.
Бүкіл қазақ ұрпағының болашағын ойлаған дана жыраулар өмірден
көрген жақсылығы мен жамандығы, ащылы-тұщылы тәжірибесі арқылы, ел
басшыларының қадір-қасиеттерімен қатар, сол кездегі кейбір адамдардың
екіжүзді, арам пиғылды болатынын да тамаша көрсете білді. Олардың елдің
тыныш, бейбіт өмір сүруін, "Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын" заманды
аңсағандығын да байқаймыз. Қазақ жырауларының ішінде Асан Қайғы мен Бұқар
жыраудың толғаулары мен тебіреністерінде, замана жайында көтерілген алуан
түрлі мәселелер өзінің мәнін жоймақ түгілі, қазіргі күнде күннен – күнге
зор маңызға ие болуда.
Ұлы билердің мұраларындағы тәлім-тәрбиелік пікірлер күні бүгінге
дейін түбегейлі зерттелмей келеді. Бұларда шешендік өнер, тіл мәдениеті,
адам мінезінің жақсы, жаман жақтары, адамша өмір сүрудің нормалары, бір
сөзбен айтқанда, имандылық пен адамгершілік мәселелері ерекше орын алады.
Олардың осы саладағы ой-пікірлері ел зердесінде мықтап орнығып, танымдық-
тәрбиелік мәнге ие болып, мақал-мәтелдерге айналып та кеткен. Билер
мәселені дөп басьш, тындаушысын аузына қарататын шешендігімен елдің бүкіл
тыныс-тіршілігінде аса маңызды роль атқарған. Мәселен, Төле бидің
(1663—1756) тәлім-тәрбиелік пікірлері көп жағдайда философиялық астары
терең небір түйінді ойларды тұспалдау арқылы беріледі. Бұл жәйт қазақ
психологиясының басты белгісі — сөз бен ой қысқа болса да нұсқа болсын
дейтін қағидаға негізделген.
Төле би екі тексіз қосылса, олардан жақсы ұрпақ өрбімейтінін, яғни
баланың жақсы азамат болуы әкесі мен шешесінің тектілігіне байланысты
екендігін айтады (Жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас). Мұнда екі
жаманнан туған адамның сатқын, опасыз, жасық болуы мүмкін екендігі
меңзеледі. Дала шешенінің мына тұжырымында да үлкен мән бар: "Қару жисаң
мылтық жи" дегенде, Төле би соғысқа дайындалуды сөз етпейді, бұл - тек мал
бағумен айналысқан халыққа ит-құстан, ұры-қарыдан мылтық арқылы сақтанасың
деген ескертуі, қазақта "Қару-жарақ ұстау-бес ырыстың бірі" деген сөз бар.
Билердің тәлім-тәрбиелік пікірлерін белгілі бір жүйеге келтіру - қиын
мәселелердің бірі. Бұларда педагогика ғылымының кәдесіне жарарлық асыл
ойлар жетіп артылады, алайда олар әлі жүйеленіп, бір ізге түсіріле қойған
жоқ. Мәселен, Төле би: "Балаң жақсы болса жан мен тәннің шырағы" дейді.
Балажан халқымыздың "Жақсы бала сүйік, жаман бала күйік" дейтін аталы сөзі
де бар. Бұл пікірлердің бірін-бірі толықтырып тұрғаны анық. "Өзіңнен туған
ұл мен қыз сыйламаса-сол қайғы!" деген тағылым сөзде де терең педагогикалық
мән бар. Осыларды белгілі педагогикалық, психологиялық жүйеге түсіріп,
мәнін ашып көрсету - келешек зерттеушілердің міндеті екені айқын. Билердің
педагогикалық, психологиялық пікірлерін белгілі бір топтамаға жүйелеп
келтіру өте қиын мәселенің бірі. Сонда да жалпыламай осы ғылымныц негізгі
бір кіріспесіне жарарлықтай асыл ойлар жетіп жатыр. Соның бірі, жасы кіші
демеңдер ақылы асса аға ғой, үй баласы ма деп едім, ел баласы екенсің,
деген сөзі ұлы Абайдың, әкенің баласы болма, халықтың баласы бол деген
сөздері Төле бидің сөздерімен сабақтасып жатқап жоқ па? Аулыңның тауы бол.
Маңдайындағы бағы бол дейді ойшыл данышпан. Бұл жерде шапақ шашып келе
жатқан таң рауандап қандай әсем көрініс болса, сен де елге қызмет ет,
шапағатың елге шашылсын. Сол елдің, халықтың, тайпаның, ауылдың бағы бол
деп жас өскінге үлгі айтып тұрғаны емес пе? Педагогикалық бағытта айтылған
мына бір тағылымдық сөзі қандай әсерлі айтылған; Балаң жақсы болса, жан
мен тәннің шырағы. Бұл сөзге кандай түсінік беріп жату керек. Тәлімдік
әсері екпінді енді бір ой салатын пікір бұл - өзіңнен туған ұл мен қыз,
сыйламаса сол қайғы!!! - дегені. Бұл сөз қазақ ойшылдарының көп айтатын
мәселесі. Төле би осы жайында ерекше атап кеткен. Төле бидің тәлім-
тәрбиелік сөзін қорытындылай келіп біздің би бабамыз атадан қалған сара
жолың бар деп бізге нұсқайды. Осыны әр уақытта ескеріп жүр дейді. Сондай-
ақ құлдық ұрсаң дұшпанға арылмайтын сорың бар, дүшпанның, алдында
жалпақтама, жантық болма ербеңдеме, керісінше қасқырша қарсы тұр, сен қазақ
жылқы мінезді халықсың бұлтаңдама, қазіргіше айтқанда, құлдық психологияға
ұрынба дейді. Үш жүз жылға созылған орыс патшасының отарлау саясаты, одан
кейін коммунистік идеология кезінде біздің қазақ халқы осындай құлдық
психологияға душар болды. Осы психология батпандап кіріп, мысқалдап
шығуының өзі қиын болып тұр.
Орта жүз биі Қазыбек (1665—1765) жастарға жағымсыз қасиеттерден
аулақ болуды қатты ескерткен. Ол "қазақта не жаман" деп сауал қойып, оған
"бірлігі кеткен ел жаман" деп өзі жауап береді. Ел бірлігінің негізгі
арқауы — қазақтың қамал бұзар тілі, шешендік өнері. Қазіргі кезде ұлттық
тіліміздің өз деңгейінен көріне алмауы, кейбір жастарымыздың ана тілінде
сөйлемеуі — сол бірліктің аздығының салдары болса керек. Бірлік әрбір
отбасынан басталады. Қазақ баласы бәрі бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып, өз тілінде сөйлеп, халық тағылымына бас исе, бұның кейіннен қоғам
өміріндегі бірлік-татулыққа жеткізері хақ. Қазыбек бидің педагогика
мәселелеріне қатысты "Бір бала бар — атаға жете туады, бір бала — атадан
өте туады, бір бала — кері кете туады" деген тұжырымы бар. Бұл қазақ
халқының "бір биеден ала да туады, құла да туады" дейтін ойымен астасып
жатыр. Бұл арада халқымыздың "бес саусақ та бірдей емес" деген тағы бір
даналық сөзі еске оралады. "Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос",
"Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме", "Тату болса, ағайын
жақын" деген нақылдардың тәлім-тәрбиелік ұлағаты аса мол. Мәселен, бір-
бірімен тіл табыса алмай, қырғиқабақ күн кешетіндер, бұрындары да болған,
қазір де кездеседі. Би бабамыз "Ақылшы болса, апайың жақын" дейді.
Жасөспірімдерді тәрбиелеуде өнегелі апа, әпкелер ролінің қаңдай екені
екінің біріне мәлім. "Бауырмал болса інің жақын, инабатты болса келінің
жақын, алдыға тартқан адал асын ұсынған қимас қарындасың жақын, еркелейтін
немерең жақын, өз ұрпағыңнан шөберең жақын, - деген өсиет айтады Қазыбек
би. Қазақта әйел ұғымы "екі жарты бір бүтін", жұбай, қосақ т.б. синоним
сөздермен беріледі. Халқымызда "қосағыңмен қоса ағар" деген де аталы сөз
бар. Бұл жарыңның өзіне өте жақын жан екенін көрсетеді.
Кәрілік барша адамзаттың өтетін кезеңі. Одан ешкім құтыла алмайды.
Кәрілікті де біз сыйлауымыз керек. Кәрілікті жастық шақ кезінде ойлауымыз
керек. Мысалы: автобуста қазақтың кейбір қыз-жігіттері үлкендер тұрып
тұрғанда бадырайып отыра береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz