Педагогикалық іс-әрекеттің қарым-қатынасты орнатудағы маңызы



Кез-келген тұлға дамуында қарым-қатынас үлкен мағынаға ие. Осы қарым-қатынас процесінде тарихи-әлеуметтік тәжірибе меңгеріледі, білім жинақталады, практикалық шеберлік және дағды қалыптасады, дүниеге деген көзқарас, пікір айқындалады. Рухани қажеттіліктер, адамгершілік-саяси, эстетикалық сезімдер мен идеялар қарым-қатынас процестері негізінде дамып, жетіледі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас күрделі және көп қырлы процесс. Адамзатқа тән әлеуетті мүмкіндіктер қарым-қатынас арқылы кеңейеді, күрделенеді. Дамудың өзі адамдар арасындағы өзара әрекетпен және қарым-қатынаспен анықталады. Сондықтан да қарым-қатынас проблемасын зерттеуге деген қызығушылық күннен күнге артуда. Әсіресе қарым-қатынастың тиімді, жағымды дамуына кері әсерін тигізетін кикілжің, оның салдарынан туындайтын мағыналық кедергілер мен қиындықтар педагогика мен психология ғылымдарының ауқымды да өзекті саласы.
«Қарым –қатынас» және «іс-әрекет» ұғымдары психологияның дербес бөлек салалары болып табылады, дегенмен олардың арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Сондай-ақ іс-әрекеттің кейбір түрлері қарым-қатынас заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Сондай іс-әрекеттердің бірі- педагогикалық іс-әрекет.
Қазіргі кезеңде ақпарат алу түрлерінің барынша кең тараған дамыған шағында қарым-қатынас оқытудың маңызды тетігіне айналып отыр. Себебі қарым-қатынас білім мен дағдыны игеру, сараптау, іріктеу, меңгеру, қайта өңдеудің басты құралы болып табылады.
Тәрбиелік немесе танымдық сипаты жоқ қарым-қатынасты көзге елестету қиын. Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттер мен практикада «педагогикалық қарым-қатынас» атты тың ұғым кеңінен қолданылып жүр. Ол белгілі педагогикалық функцияға негізделген оқытушы мен студенттің оқу және тәрбие процесіндегі кәсіби қарым-қатынасы дегенді білдіреді.
Аталмыш қарым-қатынас, оқу іс-әрекетін оңтайландыруға, ұжымдағы педагог пен білімгердің қатынасын, жалпы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас - педагогикалық мақсаттағы педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас.
Педагогикалық қарым-қатынастың мәні, маңызы жөнінде педагогика саласында іргелі зерттеулер бар. Көптеген педагогтардың анықтамасында педагогикалық қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушілердің бір-біріне әлеуметтік-психологиялық әсер етуінің бүтіндей жүйесі ретінде көрсетіледі. Оған ақпарат алмасу, тәрбиелік әсер ету, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру т.б. жатады. Оның барлығы коммуникативті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық мақсаттағы педагог пен білім алушының арасындағы қарым-қатынас.
1. Маркова А.К. Психология труда учителя. - М., 1993.
2. Конфликтология. /Под. ред. Кармина А.С./ Спб., 1996г. -с 282-284.
3. Педагогическая компетентность преподавателя. - С-Пб., 1995.
4. Психология и этика делового общения. 3-е изд. / Под ред. проф. В.Н. Лавриненко. — М., 2000.Громова О.Н. Конфликтология М.,1993.-с 20-48
5. Шейнов В.П. Конфликты в нашей жизни и их разрешение. Мн: Амалфея. 1997.- с 40-48.
6. Кан-Калик В.А. Педагогическая деятельность как творческий процесс. - Л., 1981.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық іс-әрекеттің қарым-қатынасты орнатудағы маңызы

Р.Т.Игенбаева – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекттік университеті

Кез-келген тұлға дамуында қарым-қатынас үлкен мағынаға ие. Осы қарым-
қатынас процесінде тарихи-әлеуметтік тәжірибе меңгеріледі, білім
жинақталады, практикалық шеберлік және дағды қалыптасады, дүниеге деген
көзқарас, пікір айқындалады. Рухани қажеттіліктер, адамгершілік-саяси,
эстетикалық сезімдер мен идеялар қарым-қатынас процестері негізінде дамып,
жетіледі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас күрделі және көп қырлы процесс.
Адамзатқа тән әлеуетті мүмкіндіктер қарым-қатынас арқылы кеңейеді,
күрделенеді. Дамудың өзі адамдар арасындағы өзара әрекетпен және қарым-
қатынаспен анықталады. Сондықтан да қарым-қатынас проблемасын зерттеуге
деген қызығушылық күннен күнге артуда. Әсіресе қарым-қатынастың тиімді,
жағымды дамуына кері әсерін тигізетін кикілжің, оның салдарынан туындайтын
мағыналық кедергілер мен қиындықтар педагогика мен психология ғылымдарының
ауқымды да өзекті саласы.
Қарым –қатынас және іс-әрекет ұғымдары психологияның дербес
бөлек салалары болып табылады, дегенмен олардың арасында диалектикалық
өзара байланыс бар. Сондай-ақ іс-әрекеттің кейбір түрлері қарым-қатынас
заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Сондай іс-әрекеттердің бірі-
педагогикалық іс-әрекет.
Қазіргі кезеңде ақпарат алу түрлерінің барынша кең тараған дамыған
шағында қарым-қатынас оқытудың маңызды тетігіне айналып отыр. Себебі қарым-
қатынас білім мен дағдыны игеру, сараптау, іріктеу, меңгеру, қайта өңдеудің
басты құралы болып табылады.
Тәрбиелік немесе танымдық сипаты жоқ қарым-қатынасты көзге елестету
қиын. Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттер мен практикада педагогикалық қарым-
қатынас атты тың ұғым кеңінен қолданылып жүр. Ол белгілі педагогикалық
функцияға негізделген оқытушы мен студенттің оқу және тәрбие процесіндегі
кәсіби қарым-қатынасы дегенді білдіреді.
Аталмыш қарым-қатынас, оқу іс-әрекетін оңтайландыруға, ұжымдағы
педагог пен білімгердің қатынасын, жалпы жағымды психологиялық ахуалды
қалыптастыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас -
педагогикалық мақсаттағы педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас.
Педагогикалық қарым-қатынастың мәні, маңызы жөнінде педагогика
саласында іргелі зерттеулер бар. Көптеген педагогтардың анықтамасында
педагогикалық қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушілердің бір-біріне
әлеуметтік-психологиялық әсер етуінің бүтіндей жүйесі ретінде көрсетіледі.
Оған ақпарат алмасу, тәрбиелік әсер ету, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру
т.б. жатады. Оның барлығы коммуникативті әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық мақсаттағы педагог
пен білім алушының арасындағы қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың тиімділік проблемасы көп зерттеліп жүр. Белгілі
психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Знаков, А.А.Леонтьев,
А.А.Реанның еңбектерін атауға болады. Педагогикалық қарым-қатынас
тиімділігі мәселесі И.А.Зимняя, Я.Л.Коломинский, С.В. Кондратьева,
А.А.Леонтьев, Н.В.Кузьмина, А.А.Реан еңбектерінде қарастырылады.
Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей педагог міндеттерінің ішіндегі қиын
да күрделісі қарым-қатынас мәселесі.
Педагогикалық кәсіби қарым-қатынас негіздерін меңгерудің басты
шарттарына:
• педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мен заңдылықтарын зерттеу;
• педагогикалық коммуникацияның технологиясын меңгеру;
• педагогикалық кәсіби қарым-қатынастың білігі мен дағдысын
қалыптастыру;
• коммуникативті қабілеттерді дамыту жатады
Қазіргі заманғы ғылымда қарым-қатынас және іс-әрекет, өзіндік
заңдылықтары мен құрылымы бар – психологиялық шындық (құбылыс). Бұлардың
арасында табиғи байланыс бар. Тіпті, іс-әрекет заңдылықтарының негізінде
құрылатын қарым-қатынас та кездеседі (мысалы, актерлардың ойынын жатқызуға
болады). Ал кейде, керісінше, қарым-қатынас заңдылықтары бойынша құрылатын
іс-әрекеттің түрлері де болады. Педагогикалық іс-әрекеттің обьектісі –
тұлға болғандықтан, ол педагогикалық іс-әрекет қарым-қатынас заңдары
бойынша құрылады. Қарым-қатынас құрылымында үш негізгі компонентті ерекше
атап өтуге болады: когнитивтік (танымдық); аффективтік (эмоционалдық);
мінез-құлықтық немесе әрекеттік.
Қарым-қатынаста басқа да модельдер бар, бірақ кез-келген жіктеуде
алдымен когнитивтік аспектісі қарастырылады. Педагогикалық қарым-қатынаста
бұл аспект ерекше маңызға ие. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы,
педагогтың оқушы тұлғасын терең зерттей білуіне байланысты. С.В.Кондратьева
және оның әріптестерінің зерттеулері көрсеткендей, тәжірибесіз педагогтар
жағдайдың тек сыртқы жақтарына ғана көңіл аударады, іс-әрекеттің шын
мақсаты мен түрткісіне тереңдеп бара бермейді [13].
Ал тәжірибелі педагогтар оқушы тұлғасының қасиеттерін, іс-
әрекеттерінің негізгі мақсаттары мен түрткілерін, ой-пікірлерін анықтай
алады. Осыдан педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі мен педагогтың оқушы
тұлғасын танып-білу арасындағы тығыз байланысты көруге болады. Оқушының
тұлғасына деген оң қөзқарас және оларды мадақтау жүйесі – педагогикалық
қарым-қатынастың маңызды бөлігі.
Педагогикалық қарым-қатынас өнімділігінің көрсеткішіне жағымды
психологиялық ахуал құру, оқу тобындағы белгілі тұлғааралық қатынасты
қалыптастыру жатады. Педагог оқу тобындағы тұлғааралық қатынасты мақсатты
түрде ұйымдастыру керек. Белгілі бір жоғары деңгейдегі қатынастың өзегі -
ұжымның өзіндік дамуы болады. Ал алғашқы кезеңде тұлғааралық қатынасты
қалыптастыру педагогтың шеберлігіне тікелей байланысты.
Оқушылардың іс-әрекетін мадақтау тиімді және тиімсіз болуы мүмкін.
Қарым-қатынас ақпарат алмасу, пікірлесу, сезімдермен және пікірлерімен
бөлісуден, қоршаған ортаны қабылдаудан қалыптасады. Сондықтан ол
педагогикалық процестің рухани-психологиялық негізін құрайды. Осы қарым-
қатынас арқылы тұлғаның қалыптасуы, тәрбиеленуі, дамуы жүзеге асады. Яғни
педагогикалық іс-әрекетте табысқа жетудің бірден-бір жолы педагог пен
білімденушінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас. Студенттермен қарым-қатынас
дәрежесі педагогтың кәсіби шеберлігінің деңгейін байқатады.
Педагогикалық психология ғылымындағы маңызды проблема - қарым-
қатынастағы қиындықтар немесе кедергілер мәселесі. Қиындықтар ұғымына
байланысты құбылыстар ежелден, сонау шешендік өнердің қалыптасу кезеңінен
бастау алады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл проблема коммуникативті-
ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық теориялар және когнитивтік психология
тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін сала.
Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілер, олардың туындау себептері, оқу
әрекетіндегі маңызы Н.В. Кузьмина, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым қатынас психологиясы. Қоғам коммуникативтік процесс ретінде.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үрей деңгейін зерттеу
Қ.Р. жоғарғы мектептің оқытушысы. Жеке тұлғаның қалыптасу үлгісі
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Жаттықтырушының кәсіби маңызды қасиеттері
Модульдік технологияның гипотезасы
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Ақыл ойы дамуында кемістігі бар балалардың қарым – қатынасындағы психологиялық ерекшеліктер
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Пәндер