5-7 жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

5-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ.

5-6 жастағы баланың танымдық дамуын тексеру әдістемесі, диагностикалық оқыту, іс - әрекетін сапалық және сандық бағалау.

Балаға психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізудің алдында ата-анасында баланың соматикалық және неврологиялық жағдайы, көру және есту анализаторларының жағдайы туралы қорытынды болуы керек. Балаға тексеру жүргізу кезінде келесі шарттар қатары бақылануы керек:

  • ата-анасының (немесе оның орнын ауыстыратын басқа тұлға) болуы;
  • ересек пен баланың арасында ерекше, сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында жағымды контактіні ретке келтіру;
  • танымдық қиындығына байланысты тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру;
  • тапсырманы орындауға қиналғанда және баланың жетістікке жетуінде жағымсыз реакциялар пайда болса, көмек көрсету қажет, кейін оның мүмкіндігіне байланысты тапсырмалар беру керек.

Тексеруді жүргізу үшін келесі тапсырмалар ұсынылады:

5-6 жастағы балаларды тексеруге арналған тапсырмалар

Тапсырмалар атауы
№: 1
Тапсырмалар атауы: Қатарға қосу (А. А. Венгер әдістемесі)
№: 2
Тапсырмалар атауы: Формалар қорапшасы
№: 3
Тапсырмалар атауы: Таяқшалардан тұрғыз
№: 4
Тапсырмалар атауы: Кеспе суретті құрастыр (төрт бөлікті)
№: 5
Тапсырмалар атауы: Суреттерді топтастыр (түсі мен пішіні бойынша)
№: 6
Тапсырмалар атауы: Сандық түсініктер мен есеп
№: 7
Тапсырмалар атауы: Салыстыр («Жазда» сюжеттік суреті)
№: 8
Тапсырмалар атауы: Жыл мезгілін тап
№: 9
Тапсырмалар атауы: . . . Суреттеп сал
№: 10
Тапсырмалар атауы: Әңгімеле (сюжеттік суреттер сериясы)
  1. ҚАТАРҒА ҚОСУ( А. А. Венгердің әдістемесі)

Тапсырма баланың ересекпен контакті орнатуына және көріп қабылдау дамуы, оның ішінде көлемді бағдарлау деңгейінің пайда болуына бағытталған.

Құрал - жабдықтар: экран, алты бөлікті матрешка.

Тексеру жүргізілуі : ересек алты бөлікті матрешканы алады және балада да осындай болады. Оны шашып, жинай отыра, оларды бір қатарға ұзындығы бойыншажәне ара-қашықтығын бақылай отырып тұрғызады. Сосын балаға матрешкалармен ойнау ұсынылады. Ересек экран арқылы матрешкалар ішінен бір матрешканы жинайды және олардың ара-қашықтығын реттейді. Балаға осы матрешканы беріп, қатарға тұрғызу қағидасына қарамай, оны өз орнына қоюын сұрайды. Егер матрешканы өз орнына қойса, ересек ойынды жалғастыра отырып, балаға өзбетінше әрекет ете бастауын ұсынады. Бала бір қатарға екі, үш матрешканы (әр қатарға біреуден) қоюы керек және оның қатардағы орнын анықтау керек.

Оқыту : егер бала матрешканы негізгі белгісін (көлемін) есептемей қойса, ересек оның қатесін айтып, көрсете отырып: «Жоқ, дұрыс емес, бұл матрешканы мұнда қою керек» деп түзетеді. Сосын ойнауды тағы да ұсынады және экран арқылы басқа матрешканы жинайды, бірақ қатарға тұрғызу қағидасы түсіндірілмейді.

Бала әрекетін бағалау : тапсырма қабылданған; орындау тәсілі; оқыту; нәтижесіне қызығушылығы.

1 ұпай- бала мақсатты түсінбейді; оқыту барысында сәйкес емес әрекеттер жасайды.

2 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды, бірақ оның шартын түсінбейді; матрешкаларды көлемін ескермей қатарға қояды; матрешкалардың дұрыс орналасу реті көрсетілгенімен өзі көлемі бойынша бағытын дұрыс қоя алмайды.

3 ұпай - бала тапсырманы қабылдайды және шартын түсінеді, практиканы қолдана отырып жеке өзі тапсырманы орындайды.

4 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды және шартын түсінеді, көру бағдарын қолданып жеке өзі орындайды.

2. ФОРМАЛАР ҚОРАПШАСЫ . Бұл тапсырма формаларды көріп бағдарлауының даму деңгейін тексеруге бағытталған.

Құрал-жабдықтар: Алты бөлікке (домалақ, жартылай домалақ, үшбұрыш, кесілген тіктөртбұрыш, квадрат, алтыбұрышты форма) бөлінген ағаш каробка мен 12 көлемді геометриялық фигуралар, кесілген қораптың көлемі бойынша әрбір фигураның көлемі сай болуы керек.

Әдістеменің жүргізілуі: баланың алдына үстелдің үстіне кесілген қорапшаны қояды, жанына фигураларды жайғастырады (бірдей фигуралар бірге орналаспауы қажет) . Педагог кесілгендерге сәйкес фигураларды орналастырады. Кейін балаға өз еркімен жасауды ұсынады. Бала қажетті кесікті таппаса, она күшпен фигураны кіргізуге тырысады, сол себептен үйрету жұмысын жүргізу қажет.

Үйрету: педагог кез келген фигураны алып, оны басу арқылы өзіне керектісін таппайынша әр түрлі тесіктерге апарады. Кейін баламен бірге тәжірбиелік бағдарлауды пайдалана отырып ұқсас іс-әрекет жасайды, Қалған фигураларды бала өзі түсіреді.

Баланың іс-әрекетінің бағалануы: тапсырманы түсіну мен қабылдау; орындау тәсілдері; өз іс-әрекетінің нәтижесіне деген қарым-қатынас.

1 ұпай- бала тапсырманы түсінбейді, оны орындауға талпынбайды; оқытудан кейін сәйкес емес әрекеттерді жазайды.

2 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды, ретсіз әрекеттерді қолдану арқылы және күшпен орындауға тырысады; оқытудан кейін озып кетудің түрлі әдісін қолданады.

3 ұпай - бала тапсырманы қабылдайды және түсінеді, және асып кетудің түрлі варианттарымен орындайды, бірақ оқытылғаннан кейін мақсатқа баңытталған әдіс қолданылады.

4 ұпай- бала тапсырманы түсінеді және қабылдайды, қызығушылықпен немесе практикалық және көру арқылы әдісімен орындайды.

3. ТАЯҚШАЛАРДАН ҚҰРА (шағын саты) . Тапсырма құрылымдық қабілеттерінің даму деңгейі мен есте сақтау, үлгі бойынша жұмыс жасау қабілетін анықтауға бағытталған.

Құрал-жабдықтар : бір түсті 20 таяқша, экран.

Әдістеменің жүргізілуі: Балаға 10 таяқшадан сатыны қалай құру керектігін көрсетеді де, оны есте сақтауын сұрайды. Кейін педагог сатыны экранмен жауып қояды да, балаға есте қалғанын бойынша сатыны құрастыруын сұрайды. Егер балаға қиындық туғызатын болса, онда тапсырманы үлгі бойынша жасауды ұсынады. Егер бала тапсырманы орындай алмаған жағдайда, үйрету жұмысы жүргізіледі.

Үйрету: педагог сатыны құрады, бала оны қалай жасайтынына назар аудара отырып, бала кейін өз бетімен сатыны құру қажет.

Баланың іс-әрекетінің бағалануы: тапсырманың шарттарын қабылдау мен түсіну; үлгі және есте сақтау бойынша орындау тәсілдері, үйретуден кейін- көрсету бойынша .

1 ұпай- бала мақсатты түсінбейді; оқыту барысында сәйкес емес әрекеттерді қолданады.

2 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды, бірақ оның шартын түсінбейді; үлгіні еске алмай таяқшаларды қояды; есте сақтау арқылы ғана емес сондай-ақ үлгі бойынша да құрастыра алмайды; тапсырманы тек көрсеткен жағдайда немесе баспалдақ элеметтері арқылы үйреткенде орындайды .

3 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды және түсінеді, бірақ жеке өзі орындай алмайды; тек қана қайталап көрсеткеннен кейін ғана өзі тапсырманы үлгі бойынша орындайды.

4 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды және түсінеді; есте сақтау құрлымы бойынша еске түсіру арқылы орындайды.

4. КЕСІЛГЕН СУРЕТТІ ҚҰРАСТЫР (4 БӨЛІКТЕН)

Тапсырма суреттегі сюжетті бейнені тұтас қабылдаудың даму деңгейін табуға бағытталған.

Құрылымы : екі бірдей сюжеттік сурет (жылқыда отырған тышқан) , олардың біреуі қиғашынан 4 бөлікке бөлінген.

Көрнекі материал: № 1 . 31-32- сурет

Тексерудің жүргізілуі: үлкен адам балаға суреттің кесілген 4 бөлігін беріп «Тұтас суретті құрастыршы» деп сұрайды.

Оқыту: егер бала тапсырманы орындай алмаса үлкен адам кесілген суреттің толық нұсқасын көрсетіп, кейін баладан кесілген суретті құрастыруын сұрайды. Егер тапсырма балаға тағы қиындық туғызса, үлкен адам кесілген суреттің бір бөлігін алып тұтас суретке орналастырады да қалған бөлігін балаға тапсырады. Одан кейін бала тапсырманы өздігінен орындайды.

Бала іс-әрекетінің бағалануы: тапсырма шартын қабылдап, түсінуі; орындау жолы; үйрену; нәтижеге қатынасы; нәтиже.

1балл- оқыту барысында адекватты емес қозғалады

2 балл - бала тапсырманы қабылдайды, бірақ оның шартын түсінбейді. Берілген суретті толықтай қабылдаған бойынша емес қояды; оқыту барысында суретті қоюға тырысады, оқытудан кейін өз бетінше орындауға тырыспайды

3 балл - бала тапсырманы түсініп қабылдайды, бірақ өз бетінше орындай алмайды, бірақ оқытудан кейін өз бетінше суретті қояды.

4балл - бала тапсырманы түсініп қабылдайды. Өз бетінше тапсырманы орындай алады

5. СУРЕТТЕРДІ ТОПТАСТЫР (ТҮСІ ЖӘНЕ ФОРМАСЫ БОЙЫНША) .

Тапсырма көрнекі-бейнелік ойлау және қабылдауының даму деңгейін тексеруге бағытталған (түсі және форма бойынша бағдарлау, үлгі бойынша суреттерді топтастыра білу, топтастыру жүйесін түсіндіру, топтастырудың бір жүйесін екіншісіне қосу ) .

Құрылымы: геометриялық форма карточкалары ( шеңбер, шаршы, үшбұрыш, доғал, көпбұрыш және төртбұрыш төрт түс бойынша- қызыл, көк, жасыл, сары) .

Көрнекі материал: №1, 33-56-сурет

Тексерудің жүргізілуі: Бала үстелде үлкен адамға қарама-қарсы отырады, алдында сабақ барысы бойынша үлгі-карточкалар жатады: қызыл, көк, сары, жасыл шеңберлер (формалар бойынша бірдей бірақ түстері әртүрлі объектілер) . Үлкен адам әр карточканы фигураның түсі бойынша сәйкестендіруін сұрайды. Тапсырманы түсіндіру барысында жестті қолданады. Мысалы: «Мен саған карточкаларды беріп отырамын, ал сен мыналарды мұнда қой (жестпен қызыл шеңберді көрсетеді), ал мұнда тек мынандайларды (сары щеңберді жестпен көрсетеді) » және т. б. Үстелдің айналасында түстері көрсетілген басқа да карточкалар жатады(үшбұрыш, доғал, төртбұрыш, көпбұрыш, шаршы-жалпы 24 дана) . Үлкен адам біреуін алып, балаға беріп оны дұрыс орналастыруын сұрайды. Егер бала карточканы дұрыс қоймаса немесе тапсырманы шеше алмаса, үлкен адам үнсіз өзі жасайды да балаға келесі карточканы береді және әріқарай жалғасады. Барлық карточкаларды орналастырып болған соң үлкен адам: «Қане айта қойшы, мына қатарға қандай карточкаларды қойдың, ал мынаған қандай?» деп әңгіме жүргізеді. (жестпен барлық қатарды көрсете отырып) .

Бала түсі бойынша топтастыруды орындаса, енді тапсырманың екінші бөлімі - фигурасы бойынша топтастыру жүреді. Үлкен адам: « Мұқият бол, енді карточкаларды басқа белгісі бойынша топтастырамыз». Баланың алдына төрт карточканы - шаршы, шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш бейнесіндегі бір түсті үлгілерді қояды. Кейін бір - бірден кез-келгенін алып балаға береді, ол орналастырады. Кейін үлкен адам бала бұл топтастыру жүйесін қалай түсінді және оны түсіндіріп бере алады ма, соны нақтылайды: «Қане айта қойшы, мына қатарға қандай карточкаларды қойдың, ал мынаған қандай?».

Оқыту: Егер бала түсі бойынша топтастыра алмаса, оқыту жүргізіледі. Көмектің үш түрі көрсетіледі.

Көмектің 1-ші түрі: үлкен адам карточкаларды түсі бойынша салыстырады және түсін атамай оларды әрбір үлгі бойынша орналастырғанын көрсетеді. Төрт карточканы осылай қойып шығады.

Көмектің 2-ші түрі: егер бала көмектің 1-ші түрінен кейін де тапсырманы дұрыс орындамаса, үлкен адам үнсіз үлгілері бойынша сәйкестендіруге қадам жасайды. Осылай сегіз карточканы орналастырады.

Көмектің 3-ші түрі: үлкен адам топтастыру жүйесін көрсетеді және ауызша нұсқау береді: «Мұнда барлық қызыл түсті карточкаларды қою керек, ал мұнда -барлық сары түсті». Және әріқарай.

Оқыту: егер бала формасы бойынша топтастыру жүйесін орындай алмаса, яғни түсі бойынша топтастырудан формасы бойынша топтастыруға өте алмаса, оқыту жүргізілмейді.

Бала іс-әрекетінің бағалануы: тапсырманы қабылдауы; тапсырманың шартын түсінуі(түсі бойынша топтастыру жүйесі) ; үлгі бойынша жұмыс істей алуы; топтастыру жүйесінің бірінен екіншісіне өте алуы; топтастыру жүйесін ауызша түсіндіре алуы.

1 балл - бала тапсырманы түсінбейді, оның шартарына бағытталмайды ( карточканы желдетіп оны лақтырып жібереді), оқыту барысында адекватты емес қозғалады

2 балл - бала тапсырманы қабылдайды, түс бойынша бағытталып карточкаларды санаусыз кояды: 3 рет көмектескенен кейін бала үлгіге бағытталады: жұмыстың 2 ші кезеңін (кескін бойынша топтастыру) орындамайды

3балл - бала тапсырманы түсінеді; карточканынң түсі және кескінін санау бойынша бағытталып орналыстырады; кейбір жағдайда көмектің 1 ші түрі керек болады; тілдік жоспар бойынша топтастыру себептерін жасай алмайды

4 балл- бала тапсыраны түсінеді; карточканынң түсі және кескінін санау бойынша бағытталып орналыстырады; өз бетінше топтастыру себептерін анықтайды

6. КӨЛЕМДІК КӨРІНІСТЕР МЕН САНАУ.

Бұл тапсырма сандық көріністернің даму деңгейін анықтауға, балалардың ойша санау операцияларын орындау біліктілігіне бағытталған.

Көрнекілігі: 15 бір түсті жалпақ таяқшалар.

Тексеруді жүргізу:

Бірінші нұсқа: баланың алдына 15 таяқшаны қойып, одан 5-еуін алуға нұсқау береді, оны қайтадан санап, көлемін есте сақтауын сұрайды, сосын таяқшаларды экранмен жабады. Экранның артынан ересек адам 3 таяқшаны алып тастап, балағакөрсетіп, сұрайды: «қанша таяқша қалды?». Егер бала дұрыс жауап берсе, келесі тапсырманы орындауын сұрайды. Ересек 2 таяқшаны көрсетіп, экранның артына қалған екеуіне қосады. Экранды ашпай, «Қанша таяқша қалды?» деген сұрақ қойып, анықтайды.

Үйрету: егер бала тапсырманы орындауда қиналса, таяқшалардың санын азайту қажет, алдымен 4-ке, кейін 3-ке. Сонымен қатар, экран қолданылмайды.

Екінші нұсқа (ауызша тапсырма) : « Қорапшада 4 қарындаш жатыр. Оның 2-еуі қызыл, ал қалғандары көк. Қанша көк қарындаш қорапшада жатыр?». Егер, тапсырманы орындауда қиындықтар болса, оқыту жұмысы жүргізіледі.

Үйрету : балаға барлық 4 қарындашты алып, соған сүйеніп, шартын қайталап, тапсырманы орындауын ұсынады. Егер бала тапсырманы орындай алса, оған аналогиялық ауызша есеп беріледі: «Бір қызда 4 шар болды, оның бірнешеуі жарылып қалды, 2-і шар қызда алды. Қанша шар жарылды?».

Баланың әрекетін бағалау: тапсырманы қабылдау, тапсырманың шартын түсіну; қайтадана санау тәсілі; 3, 4, 5 шамасындағы сандық операцияларды орындау біліктілігі, ауызша тапсырмаларды орындау.

1 балл - бала таяқшалармен жұмыс жасай бастайды, бірақ сандық белгілеріне бағытталмай

2балл - бала тапсырманы қабылдайды; сандық көрініс қарапайым деңгейде қалыптасқан -санды 3 көлемінде ғана анықтай алады; санау жұмысы 3 көлеміндеган жүргізе алады; ауызша тапсырманы орындай алмайды

3 балл - бала тапсырманы қабылдап оның мақсатын түсінеді; таяқшаларды 5 көлемінде ғана санайды ( таяқшаларды ұстау арқылы) ; санау жұмысын 3 көлемінде жүргізеді; ауызша тапсырманы өз бетінше оырндамайды; оқытудан кейін тапсырманы таяөшалар көмегімен орындайды

4балл - бала тапсырманы қабылдап оның мақсатын түсінеді; көру қабілеті арқылы таяқшаларды 5 көлемінде санап шығады; санау жұмысын 2 көлемінде көру арқылы және ойлау арқылы ауызша тапсырманы 5 көлемінде орындайды.

7. САЛЫСТЫР ( «Жазда» тақырыбына сюжетті суреттер») . Бұл тапсырма көрнекілік-бейнелік ойлауды дамыту деңгейін анықтауға ( суретте бейнеленгенді толық жағдайды қабылдау), суретте бейнеленген жағдайды динамикалық өзгертуді түсіну мен салыстыру біліктілігіне бағытталған.

Көрнекілігі: 2 сюжетті сурет. Біріншісінде жарық күн ( сол жақта үстінде), жасыл ағаштар, жолдың бойында екі қыз бір-біріне қарап тұр, екеу іде жаздық киімде, қолдарында балмұздақ, олардың жанында сөмкелері азық -түлікпен тұр, жақында «балмұздақ» деген ашық терезелі киоск орналасқан. Екінші суретте тура сол сурет, бірақ кішкене айырмашылықтар бар: батып жатқан күн ( оң жақта салынған), киоск терезесі жабық, қыздар бір-біріне қарама қарсы тұрып, таң қалу үстінде, балмұздақ еріп кеткен, оның тек соңғы тамып жатқан тамшылары көрініп тұр, жерге құлаған балмұздақ.

Тексеру жүргізу: баланың алдында бірінші суретті қойып, оны мұқият қарауын сұрайды, кейін екіншісін қойады. Екеуін салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықты анықтауын сұрайды.

Үйрету: егер бала дұрыс жауап бермесе немесе мүлдем жауап бермесе, оған қабылдауын белсендендіретін, суреттегі жалпы жағдайды түсіндіретін жетек сұрақтарды қояды: « бұл жерде қандай мезгіл суреттелген? Бұл жерде жаз бейнеленгенін қайдан білдің? Қыздар қолдарында не ұстап тұр? Балалар неге балмұздағын жемеді?»

Баланың әрекетін бағалау: тапсырманы түсіну мен қабылдау, суретте бейнеленген жағдайды бала түсінуі, суретте бейнеленген сюжеттің динамикасын түсіндіру мүмкіндігі.

1 ұпай-бала тапсырманың мақсатын түсінбейді, үйретуде адекватсыз қимылдар жасайды, көрнекі-бейнелік жоспарда тапсырманы орындай алмайды, сюжетте бейнеленген суреттерді қабылдай алмайды.

2 ұпай-бала тапсырманы қабылдайды, бірақ түсінбейді, 2 суреттеде бейнеленген жағдайларды түсінбейді, берілген сұрақтарға дұрыс жауап бермейді.

3 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды, бірақ суретте берілген жағдайды толықтай қабылдай алмайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді.

4 ұпай- балалар тапсырманы қабылдайды, өзбетінше берілен суретті түсінеді және айтып бере алады.

8. ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІН АТА. Тапсырма жыл мезгілдері қалыптастыру деңгейін (көрнекі-бейнелі ойлауын дамыту) анықтауға бағытталған.

Құрал жабдықтары; суреттерді әңгімелеу физикалық арнай төрт жыл мезгілін

Сауалнама жүргізу; Баланың алдына төрт сурет қойылады, төрт жыл мезгіліне арналған сурет. Баладан сұрайды: « қысты көрсетші ( күзді, көктемді, жазды) Содан кейін сұрайды « Сен кайдан білдің бұл қыс екенін?) және т. б Оқыту қиынға түседі

Оқыту : баланың алдына тек екі жыл мезгілі бар сурет қойылады қысты және жазды содан кейін түсінікті сұрақ қояды « Қыста не болады? Суреттен қысты тапшы? Ал жазда не болады? Суреттен жазды тап»

Балаға баға беру; түсінікті тапсырма; жыл мезгілдерін елестету, өз таңдауын түсіндіру.

1 ұпай - бала тапсырманы түсінбейді, картинкаларды төңкеріп тастайды.

2 ұпай - бала тапсырманы қабылдайды, суретте бейнеленген жыл мезгілін атай алмайды, үйреткеннен кейін 2 ғана жыл мезгілдерін ажырата ламайды: қыс және жаз

3 ұпай -бала тапсырманы қабылдайды, өзіне сенімді және нақыт түрде 2 жыл мезгілін ажырата алады: қыс және жаз

4 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды, суретте берілген барлық жыл мезгілдерін нақты айта алады, барлық жыл мезгілдерін нақты түрде атай алады, берілген жыл мезгілін түсідіріп бере алады

9. Толықтап суретте ( Венгер А. А әдістемесі)

Тапсырма, анық жиналу сипаты мақсатқа бейнелі ойлауды дамыту деңгейін анықтауға бағытталған.

Құрал- жабдықтар ; екі сурет, өзіне таныс ойынщықтарға арнап салынған сурет, бауырсақ ( бір сурет қиылған) қағаз бен қалам ( фломастерлер)

Сауалнама жүргізу: кесілген бауырсақ бар суретті мұғалім баланың алдына қояды содан кейін толықтырып салуын сурайды. Суретті алдын ала бүктемейді. Егер бала тапсырманы орындай алмаса, оқытуды үйретеді.

Оқыту ; балаға кесілген сурет береді және орнына қоюуын сұрайды содан кейін салуын сурайды. Егер бала қиналса мұғалім көмектеседі. Содан кейін тағыда сурет береді.

Баланы бағала; тапсырманы түсінуі, кесілген суреттерді салу, суреттің анализі, үйренуі, қорытындысы.

1 ұпай- бала тапсырманы қабылдай алмайды, үйрету барысында адекватсыз қимылдар жасайды.

2 ұпай - бала тапсырманы қабылдайды, кесілген суреттерді толық сурте ретінде сала алмайды

3 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды, бірақта кесілген суреттерді толықтай сала алмайды, кесілген суреттерді құрастырып берген соң ғана суретті сала алады.

4 ұпай - бала тапсырманы қабылдайды, кесілген суреттерді толықтай сала алады және қызығушылықпен орындайды.

10. АЙТУ ( « Таңертеңгі бала» атты аңгіме суретті)

Кезектілікпен уақыт оқиғаларды анықтау қабілетін анықтауға бағытталған, тәжірибеңізді (көрнекі-бейнелі ойлау) қорытындылау

Құрал - жабдықтар; бір жағдайды көрсетіп салынған екі сурет балаға таныс күнделікті тәжірбиеден. Бірінші -суретте бала оянып жатыр, төсекте отыр, алыс емес жерде киімдері жатыр, ал - екіншіде ол жуынып жатыр, ал үшіншіде - орындықта отыр және киініп жатыр, ал- төртіншіде киінген бала столда отырып таңғы асын ішіп жатыр

Сауалнама жүргізу; Баланың алдына кезектілікпен төрт сурет қойылады және қарап шығып орнына қоюын сурайды. « Суреттерді кезектілікпен қойып шық, бала бірінші не істеді, содан кейін не істеді соңы қалай аяқталды»

Оқыту; Егер бала суреттерді қоя алмаса немесе тапсыпманы дұрыс орындамаса, мұғалім көрсетіп айтады « Мынау бірінші сурет. Таң. Бала оянды. Енді суреттерді былай қой түсінікті болу үшін, бала содан кейін не істеді». Келенсіде қиналса мұғалім келесі суретті қояды « Енді бала киініп жатыр, енді бала не істейді?»

Баланы бағалау; тапрсырманы түсініп қабылдау, кезектілікпен уақытты жағдайға байланысты түсіну, суреттегі жағдайдың түсінуі.

1 ұпай - бала тапсырманы қабылдай алмайды, сюжетте бейнеленген суреттерді қабылдай алмайды

2 ұпай - бала тапсырманы қабылдай алмайды, бірақ суретте бейнеленген бейнелерді толықтай қабыладй алмайды, барлық іс-әрекеттерді жеке-жеке атайды, кезектілігі бойынша іс-әрекеттерді біріктіріп атай алмайды.

3 ұпай -бала тапсырманы қабылдайды, үйрету кезінде сюжеттегі суреттерді толықтай қабылдайды, берілген жағдайдларды ауыша айтып бере алады.

4 ұпай - бала тапсырманы қабылдайды, өз бетінше суретті құрастыра алады, уақытты кезектіліктерін тура айта алады, оқиғаны айта алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
ПМПК олигофренопедагогының қызметі
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық заңдарды аңықтау
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz