Жас педагогтың педагогикалық техникасындағы кемшіліктері


Жас педагогтың педагогикалық техникасындағы кемшіліктері
Педагогикалық техника - мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы. (А. П. Черняевская)
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері;
2) Ұжыммен жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері.
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері құралады:
- өз денесін басқара алу (физикалық денсаулық, мимика, понтомимиканы бақылай алу, төзімділік ) ;
- эмоциональды жағдайын басқара алу (жағымды эмоциональды көңіл-күй, эмоцияларды білдіре алу т. б. ) ;
- әлеуметтік перцепцтивті қабілеттер (зейін, әлеуметтік сезімталдық - басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау) ;
- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дем алу, сөйлеу темпі мен тембірін басқара алу, дикция)
Педагогикалық техниканың принциптері. Педагогикалық текхниканың бірнеше принципін бөліп көрсеткен А. Гин.
- Еркін таңдау принципі- педагогтың кез келген оқытушы әрекеті, қимылы оқытушының жауаптылығының жетілуімен тандау құқығына бағытталған;
- Ашықтық принципі- тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану үшін жол ашуды іздестіру, сөйтіп, педагогикалық процестің субьектілерін өзіндік жетілуімен танымдық белсенділігін ыналандырады;
- Қызметтік принципі- теориядан практикаға көшу үшін қажет, сонда ғана сабақтарда алынған білім педагогикалық техниканың негізі болады;
- Кері байланыс принципі -бұл белгілі шамада барометр сияқты, оқытушы бұның көмегімен өзі қолданған әдіс -тәсілдердің оқу тәрбие жұмыстарындағы тиімділігін анықтайды;
- Идеалық принципі -кез келген іс-қимылды тек пайдамен сипаттамайды, сонымен қатар есепке алуына қажет энергетикалық, психологиялық, шығындармен анықталады.
Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерліктері мен өзара әрекеттесу іскерліктерінің жиынтығы.
Мұғалім шеберлігін зерттеу барысында әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық өзара әсер ету тәсілдерінің алар орны ерекше екенін байқалады. Мұғалімнің өзара әсер ету тәсілдерін педагогикада педагогикалық техника қарастырады. Мұғалім өзіне әрқашанда оушыларды белсенді танымдық жұмысқа жұмылдыра алу іскерлігін, ұжыммен, жекелеген оқушымен жұмыс жасай алу іскерліктерін, өз көңіл-күйін, мимикасын, дауысын, қозғалысын басқар алу іскерліктерін меңгере алу іскерліктерін меңгере алу қажет.
Педагогикалық техникалық қарым-қатынас жасау формасы - мүғалімнің іштей ұйымдастырылған сөз әрекеттерімен сырттай ұйымдастырылған ым-ишара, дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады.
Негізінен педагогикалық техника екі топ компоненттерінің сөйлесуімен жүзеге асырылады.
Бірінші топ компоненттеріне жататындар: өз дене құрылыс пітімін қимыл-қозғалысын басқара білу, келбет-пішінін, қас-қабағы, көңіл-күй сезімімен мақұлдауын, не құптамауын білдіру, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен дикция-сымен қатынасты үйлестіре білу, әлеуметтік байқағыштық, өз қиялын басқара білу.
Екінші топ компоненттеріне жататындар: оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыра білушілік, конструктивтік техникасының болуы. Жеке адамға, ұжымға ықпал ете білу коммуникативтік білгірлік, шығармашылық жұмыс ұйымдастыра білу.
Сондықтан педагогикалық техника дегеніміз - сөз және сөйлеудің басқада құралдары арқылы: адамның келбет-пішіні, дене қимылы басқада да ұйымдастыру формалалары арқылы іс-әрекет қатынасын жүзеге асыру жолдары болып табылады.
А. С. Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыњды, жүрек сезіміңді ұққандықтан ғана қабылдамайды сені көргендіктен, сені естігендіктен де қабылдайды". Демек, мүғалімнің іс-әрекет техникасы - оны ішкі рухани ой-сезім мәдениетінің көрінуімен бірге эстетикалық әсерлілігімен сырттай көзге түсуінің бірігуі, яки сөйлеу және сөйлеуден тыс қатынас формаларының бірігуі.
Мұғалімдердің негізгі міндеттері аталған педагогикалық техникалық іскерлік қатынас формаларын қолдана білу, әдетте мектепке жаңа келген жас мұғалімдердің уақытша сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі - педагогикалық техникалық іскерлік қатынастарды толық меңгермегендіктерінен болады. Мысалы, сөйлегенде сөйлеу мәнерінің болмауы, дауыс ырғағының біркелкі болмауы, дене қимыл-қозѓалысын дұрыс бағыттай алмауы, жүрсе - ұзақ жүріп кетуі; тұрса ұзақ тұрып қалуы, сөйлегенде дене қимылын, мимикасын қатыстыра алмаушылық, кейде жылдам сөйлеп, кейде тым баяу сөйлеушілік, дауыс ырғағы дикциясының дұрыс үйлеспеуі т. б. Осы сияқты кемшіліктер - оқушыға нәтижелі әсер ете білу өнерінің төмендігін көрсетіп, сабақтың тартымды болып өтуіне кері әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz