Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері . . . 5
1. 2 Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы . . . 13
1. 3 Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген психологтарды ерте балалық шақ мәселесі қызықтыруда. Бұл қызығушылық кездейсоқтық емес. Бала өмірінің алғашқы жылдары сол кезеңнің қарқынды даму сатысына жатады. Баланың денелік дамуы, психологиялық және денсаулық деңгейінің негізі салынады. Осының нәтижесінде мүмкіндіктер ағымы қалыптасады, баланың болашағы айқындалады. Әлі туылмаған бала - ол адамның қалыпты тіршілік иесі. Ананың әлі туылмаған баланың дамуына қатынасы тікелей маңызды. Жүкті болғаннан кейінгі ананың балаға қатынасы, махаббаты оның туылуымен байланысты. Ананың туылмаған баламен қатынасқа түсуі, баланың психикасының дамуына ықпал етеді. [1. 25]
Зерттеу жұмысының мақсаты: 1983 жылдың шілдесінде доктор Верни бес жүз әйелге сұрақнама жүргізді, ондағы көрсекіш бойынша әрбір үш әйелдің біреуі көтеріп жүрген баласының психикасы туралы ойланбаған. Осы жағдайда дүниеге келген балада жүйке жүйесінің бұзылғандығы байқалған. Мұндай балалар нәресте кезінде басқа балалардан көбірек жылайды. Сондай - ақ олар бейімделу кезінде де қоршаған ортаға үйрене алмай, қиындықтар көрген. Нәресте кезінде балаға өз уақытындағы мүмкіндікті қалыптастыру мен психологиялық сапаны көтеру қажет. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі, қайталанбас қадірі, өзіне тән даму деңгейі қалыптасады. Осыған орай мектепке дейінгі балалар мекесесіндегі кеңес берушілер бала дамуындағы әртүрлі бұзылулардың деференциялды диагностикасынан хабардар болып, жаңа психология әдістерін жүргізуде маңызды болып табылады. [3. 69]
Зерттеудің міндеттері:
- Әр түрлі балаларды тәрбиелеу ісінде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп олардың ауытқуларын психо- физиологиялық тұрғыдан толықтыру мүмкіндігін тудырып отыруды ұйымдастыру.
- Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету жолдарын қарастыру .
- Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың әлеуметтік ортаға тез икемделіп араласып кетуін ұйымдастыру.
Педагогика, физиология, педиатрия ғылымдарымен қатар балалар психологиясы да баланың психикасының дамуын зерттейді. Балалардың жас ерекшеліктері үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезең - ерте балалық шақ - туғаннан бастап үш жасқа дейін; Екінші кезең - балалық шақ - үш жастан бастан он жасқа дейін; Үшінші кезең - ересек шақ. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы балалар психологиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы олардың туғаннан бастап жеті жасқа дейінгі дамуының психикалық ерекшеліктерін зерттейді. Балаларды психологиясы бір жас ерекшелігінен екінші жас ерекшелігіне өту кезеңіндегі ерекшеліктер қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық процестердің жеке өздері ғана емес, олардың пайда болуы мен қалыптасу мәселесі де зерттеледі. Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің пайда болуымен қатар, бар психикалық формалардың түрленіп өзгеруі деп түсінеміз. Психикалық даму әрекет, тұлға, таным үшеуінде өзара байланысты болатын сандық және сапалық өзгерістер. Сонымен, психиканың дамуы - өткенді қайталау ғана емес, сонымен қатар, күрделі, бірте-бірте сапасы артып, өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де алады, бұл жағдайда сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге айналады. Жаңадан пайда болған сапалар өз кезегінде сандық өзгерістерге әкеледі. Психология ғылымында психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибе тұрғысынан қарастырылады. Баланың психикалық дамуы үшін адамзаттың бойына жинақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды. Ағзаның құрылымы мен жұмыс істеуі балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық даму толыққанды болу үшін ми қыртысы мен жоғары жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі маңызды. Миға зақым келуі немесе дұрыс дамымауы өз кезегінде психикалық дамуды тежейді. Сондықтан, баланың іште жатқан кезінен бастап барлық жағдай жасалуы оның қалыпты дамуының кепілі. Баланың психикасының дамуы ортаға да тәуелді. Бала өзінің белсенді әрекеті арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы бала қабілеттерге ие болады. Балалардың психикалық дамуының негізгі механизмі әлеуметтік, әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары болып табылады. Қоғам әлеуметтік-тарихи тәжірибені мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырады. Бала туғаннан бастап әлеуметті ортаға тап болады. Қоғам баланы адамның қолымен жасаған затттар арқылы білім, біліктілік, дағдыларды меңгеру 6 процесінен табысты өтуге үйретіп қана қоймай, тұлғаның тәрбиесіне де көңіл бөлінеді. Үйрету, тәрбиелеу, дамыту үнемі өзара тығыз байланысты. [6. 55]
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. [14. 150]
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет [6. 67] .
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды.
Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты [14. 76] .
Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.
Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелг ен. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды. Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады [15. 86]
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу - қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа
ізденістермен жетілдіріп отыру - теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.
- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.
- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.
Зерттеу әдістері-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі:
- түрлі әңгіме әдістерін қолдану.
- шағын тестік тапсырмалар
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
П. П. Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған . Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс. Балалардын ойлауын сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. [20. 120]
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. В. С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .
Д. Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1, 5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады . Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады. В. С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі, сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады. [16. 150]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz