Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы ономастикалық атаулар



«Тіл саясатының жүргізілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің нығаюы тұсында ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Төрткүл дүниеге танылып, өзін біріне мойындатып, біріне сенім артып, әлемнің озық елдерімен тең дәрежеде иықтасып, жиырма бірінші ғасырға батыл қадам басқан еліміз үшін өз мемлекеттік тілінің мерейін таныту да – аса маңызды міндет. Тіл – өркениетті қоғам құруға ұмтылған ұлттың ұлы мақсаттарының мәйегі. Сол себепті де ел-жер байлығын мемлекет үшін игеруді сол елдің рухани күшті өрлеуінсіз елестету мүмкін еместігін ұғу қажет. Осы ретте Қазақстан Республикасындағы ономастика, топонимика саласында жүргізіліп отырған тілдік саясат мемлекеттікті нығайу, мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыру сияқты міндеттерді жүзеге асырудағы басымдықтардың біріне айналып отыр. Өйткені ұлттық ономастика рухани байлығымыздың, этникалық мәдениетіміздің ежелден келе жатқан құрамдас бөлігі. Есімдер мен атаулар – әр дәуірдің ескерткіші ретінде халық тарихынан, ұғым-нанымынан дерек беретін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түсетін тарихи зердеміздің айнасы.» [1,6;7]
Енді ономастика ұғымының анақтамасын беріп өтейік:
Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлімі. Грек тілінен аударғанда «атаулар беретін өнер» деген ұғымды білдіреді. Осы ономастиканың өзі бірнеше бөлімдерді қамтиды:
Топонимика – географиялық нысандардың атауларын, олардың туындау, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика бөлімі;
Антропонимика – адамдардың есімдерін зерделейтін ономастика бөлімі;
Ойконим – топонимнің түрі, елді-мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары;
Короним – топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары.
1. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Ономастика: Бүгіні мен болашағы. Астана, 2002.
2. Ғаламтор мәліметтері. Ономастика тарихы және оның Семей өңірінде қалыптасуы.
3. М.Әуезов. Шығармалар. 8-том. Алматы: Жазушы, 1969, 357-бет.
4. М.Әуезов. Абай жолы. 2-том. Алматы: Жазушы, 1989.
5. М.Мөңкеұлы. Шығармалары. Алматы: Ана тілін, 2013.
6. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Баяндама
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы ономастикалық атаулар
Орындаған: Есенгелді А.Ж.
Баделова Р.М.
Тобы:02301
Ғылыми жетекші: Тұрғанәлиева Г.Г.

Орал 2016 ж.
Тіл саясатының жүргізілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің нығаюы тұсында ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Төрткүл дүниеге танылып, өзін біріне мойындатып, біріне сенім артып, әлемнің озық елдерімен тең дәрежеде иықтасып, жиырма бірінші ғасырға батыл қадам басқан еліміз үшін өз мемлекеттік тілінің мерейін таныту да - аса маңызды міндет. Тіл - өркениетті қоғам құруға ұмтылған ұлттың ұлы мақсаттарының мәйегі. Сол себепті де ел-жер байлығын мемлекет үшін игеруді сол елдің рухани күшті өрлеуінсіз елестету мүмкін еместігін ұғу қажет. Осы ретте Қазақстан Республикасындағы ономастика, топонимика саласында жүргізіліп отырған тілдік саясат мемлекеттікті нығайу, мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыру сияқты міндеттерді жүзеге асырудағы басымдықтардың біріне айналып отыр. Өйткені ұлттық ономастика рухани байлығымыздың, этникалық мәдениетіміздің ежелден келе жатқан құрамдас бөлігі. Есімдер мен атаулар - әр дәуірдің ескерткіші ретінде халық тарихынан, ұғым-нанымынан дерек беретін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түсетін тарихи зердеміздің айнасы. [1,6;7]
Енді ономастика ұғымының анақтамасын беріп өтейік:
Ономастика - тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлімі. Грек тілінен аударғанда атаулар беретін өнер деген ұғымды білдіреді. Осы ономастиканың өзі бірнеше бөлімдерді қамтиды:
Топонимика - географиялық нысандардың атауларын, олардың туындау, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика бөлімі;
Антропонимика - адамдардың есімдерін зерделейтін ономастика бөлімі;
Ойконим - топонимнің түрі, елді-мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары;
Короним - топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары.
Қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың алғашқыларының бірі, Республикадағы ономастикалық мектепті қалыптастырушы ұстаз, ғалым, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреты, академик, профессор, ф.ғ.д. Телғожа Сейдінұлы Жанұзақтың жер-су, адам есімдері мен тегі, тайпа, ұлыс, халық аттары мен аспан денелері және ғарыш кеңістіктері атауларының шығу, пайда болу және түп-төркіндеріне арналған еңбектері оқырман қауымға белгілі. Қазіргі таңда ономастика республикадағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми-тәжірибелік, мәдени тарихи ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси маңызға да ие болып отыр. [www.cdni-arhiv.vko.gov.kz]
Қазақ көркем әдебиетінде қандай да бір шығарма болсын ономастикалық атаулардың кездесері ақиқат. Құрамы ба й, құндылығы мол тіліміздегі осындай еңбектерге шолу жасап көрейік. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың Айман-Шолпан пьесасындағы мына бір шумаққа назар аударсақ:
Күдікті көңілдегі таста, Арыстан,
Біз бе едік сенің жауың қасарысқан?
Алып кеп Әлібекті жауабын ал,
Өзің бол ендігі істі басқарысқан! [3:357]
Бұл - пьесадағы Айманның сөздері. Байқап отырғандарыңыздай Арыстан, Әлібек сынды кісі аттары кездесіп тұр. Немесе:
Баласы ек Маман байдың мыңды айдаған,
Қызыл көл дүниені ен жайлаған
Сұр жорға, қара жорға теңселдіріп
Тұрманға меруерт маржан зер байлаған. - деген Шолпанның сөздерінде де Маман, Тұрман сияқты кісі есімдері кездеседі.
Сол сияқты:
А, мына указ туралы, петиция туралы не ойлайсыз? Басқа Қарабұжыр, Көксу... Қызылжар, Теректі болыстары да осы Жыланды болысы сияқты, біздің хабарға қарап қалды. Майқан елді осымен басып кетті. [3:259] деген Түнгі сарын пьесасындағы Кәрім сөздерінде Қарабұжыр, Көксу... Қызылжар, Теректі, Жыланды елді-мекен атауы болса, Майқан кісі есімі.
Немесе, Абай жолы роман-эпопеясындағы:
Бұлар осы есеппен Ертіс жағалай жүрген. Құмаштың үйінен аттанысымен Дайыр өз қасынан үш кісіні бөліп, киізші Сейсеке байдың үйінде жатқан Оразбайға шаптырды. [4:354] - деген сөйлемдерде Ертіс - топонимикалық белгі болса, Құмаш, Дайыр, Сейсеке - есімдерді білдіріп тұрған антропонимикалық атау.
Кішілеу өткір қой көзді, қызыл-күрең жүзді Жамбыл ақын Әбсәметке мәлім еді. Жамбыл Мағашпен енді танысып амандасты да, Торжорға аттың бүгінгі өнерін өз көзімен көрген жайын айтты. [4:434]
Бұл сөйлемде Жамбыл, Әбсәмет, Мағаш - кісі есімдері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)
Ономастика және әдеби ономастика
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Мөңкеұлы Мұрат
Мұрат Мөңкеұлы
Халел Досмұхамедұлы – мұрат ақын шығармаларын жинаушы һәм зерттеуші
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Балалар әдебиеті тілінің когнитивтік негіздері
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онімдердің сипатын анықтау
Пәндер