Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 3

АУСТРАЛИЯ МАТЕРИГІНІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ

1. 1 Геогарафиялық орны . . . 4

1. 2 Еуропалықтардың материкті ашуына дейінгі Аустралия (1606 жылға дейін) . . . 5

Негізгі бөлім.

2 АУСТРАЛИЯ МАТЕРИГІНІҢ АШЫЛУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 2 Аустралияның материгінің ашылуы және материкті отарлау кезеңі . . . 9

2. 2 Джеймс Куктың Аустралия материгін зерттеуі . . . 14 2. 3 Жаңа замандағы Аустралия материгінің зерттелуі . . . 16

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . 25

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Курстық жұмысымның тақырыбы Аустралия материгінің табиғат жағдайы және Аустралия материгінің зерттелу тарихы. Аустралия материгінің табиғатын зерттеу материкті толық әрі жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді. Аустралия құрлықтан ерте бөлінген материк болғандықтан, географиялық орны басқа құрлыққа қарағанда ерекше болып келеді. Аустарлия материгін көптеген еуропа саяхатшылары зерттеген. Аустралияның көптеген болігін шөл басып жатыр, яғни табиғаты құрғақ болып келеді. Аустралияны кімдер зертегені туралы жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті . Аустралия материгі оңтүстік жарты шарда географиялық орнына сипаттама беру. Аустралия материгінің ашылу мен зерттелу тарихын анықтау. Аустралия материгін зерттеген саяхатшылардың маршрутын таныстыру. Аустралия материгін кімдер және қай жылы зертегені туралы мағлұмат беру.

Тақырыптың құрылымы . Менің курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, 1 және 2 тараулардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курсттық жұмыста Аустралия материгінің ашылуы туралы мағлұмат берілген.

1 АУСТРАЛИЯ МАТЕРИГІНІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ

1. 1 Географиялық орны

Аустралия - Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Баскалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латыннын оңтұстік деген сөзінен шыққан.

Оңтүстік тропик Аустралияны одан солтүстікте материктің шағын, онтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктін шеткі бөліктері: солтүстікте - Йорк мүйісі (10°41 о. е. ), оңтүстікте - Онтүстік-Шығыс мүйіс (39°11 о. е. ), батыста - Стип-Пойнт мұйісі 113°05' ш. 6. ), шығыста - Байрон мүйісі (І53° ш. б. ) . Аустралия солтүстіктен онтүстікке 3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі - 7631, 5 мың км 2 .

Солтүстікте Аустралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа үсақ аралдар, оңтүстікте - материктік кайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығыста - Фрейзер.

Аустралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Аустралияны, сондай-ақ оның көлемінін шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.

Аустралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсакты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.

1 - сурет. Аустралия материгінің физикалық картасы

Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1, 3 млн. км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Аустралияға ең таяу жатқан Жана Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвиңея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Мұхиттық аралдарды бірнеше бөліктерге бөледі: Батыстағы ең ірі аралдар тізбегін Меланезия деп атайды. Меланезиядан солтүстікке қарай жатқан аралдар тізбегін Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік шығыс бөлігінде жатқан аралдарды Полинезия деп атайды.

1. 2 Еуропалықтардың материкті ашуына дейінгі Аустралия (1606 жылға дейін)

Аустралиялық аборигендердің арғы тегі Аустралия материгінде 40-60 мың жыл бұрын пайда болған (өзге мәліметтер бойынша шамамен 70 жыл бұрын) . Аустралияға алғашқы адамдар Жаңа Гвинея мен Тасман аралдары біртұтас материк құрмында болған кезде келген. Сондықтан мұндағы байырғы халық дүние жүзіндегі ең ертедегі теңіз саяхатшылары екенін дәлелдейді. Материкте адамдардың қоныстануы 42-48 мың жыл бұрын басталған.

Ең ертедегі адам қалдықтары Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының оңтүстік-шығысында кеуіп қалған Мунго көлінің орнында табылған. Бұл адам қалдықтары Жер бетінде кремация мысалындағы ең ескі қалдықтар болып, бұл өз кезегінде аустралиялық аборигендердің арасындағы діни жоралғылардың болғандығын көрсетеді.

2 - сурет. Какаду ұлттық саябағындағы аборигендердің салған суреті (шамамен 3 жыл бұрын)

Аборигендердің кол өнер дүние жүзіндегі әліде сақталып келе жатқан қол өнерлер дәстүрлерінің бірі болып табылады. Аборигендер мәдениетің жасын 3 жыл тұжырымдалады және бұл мәдениетті Аустралияның барлық территориясында кездестіруге болады (әсіресе, Улур мен Какаду Ұлттық саябағы) . Аустралия материгінде кездесетін ескі суреттердің жасы мен оның көптігін ескере отырып, Аустралиядағы тасқа қашалып жазылған жазбалар Еуропадағы Ласко мен Альтамир үңгірлерінде кездесетін тастағы жазбалардың жасымен сәйкес келеді.

Біздің дәуірімізге дейінгі 10-12 мың жылдықта Тасман аралы Аустралия материгінен оқшауланады. Сондықтан бұл кезде кейбір тас дәуірінің технологияары тасмандық аборигендерге дейін жетпей қалған (мысалы бумерангты қолдану) .

Аустралия аборигендері аңшылықпен айналысып, жеуге жарамды өсімдіктерді жинаумен күнелткен. Әсіресе, аңшылық кәсіпті өте жақсы меңгерген. Олар әр түрлі найзалар мен лақтырғыш құралдарды тиімді пайдаланған. Әсіресе, олар ойлап тапкан аңшылық қаруы - бумеранг өте ерекше, лақтырғанда нысанаға дәл тимей қалса аңшының қолына қайтып келеді. Аңшылық ұзақ қашықтықта тоқтаусыз жүруді, аңның жолын торуылдауды қажет ететіндіктен, аңшылар біртіндеп 20 - 30 адамнан тұратын шағын топтарға біріге бастады. Азық ретінде көбінесе жеуге жарамды өсімдіктердің жемістері мен тамырларын, сондай - ақ кейбір жәндіктер мен олардың жұмыртқаларын да пайдаланды.

3 - сурет. Аустралия аборигендері

Аустралиялық аборигендер -Аустралияның байырғы халқы. Аустолоид нәсіліне жатады. Аустралияға 50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік-шығысынан келген. 18 ғасырда Аустралияға келген европалықтар аборигендерді қырғынға ұшыратты. Соның салдарынан қазір Аустралия халқының 2, 6 % құрайды.

Бұрын материктің бүкіл халқын байырғы тұрғындар құрайтын. Олар Аустралияның табиғат жағдайлары адамның тіршілігі үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын оңтүстік-шығысына орналасқан. Материкке европалықтар келгеннен кейін және қой шаруашылығының дамуына байланысты байырғы тұрғындарды материктің ішкі жағына - құрғақшылықты аудандарға ығыстырып, оларды аштан өлуге душар еткен. Оның үстіне, еуропалықтар аустралиялықтарды аяусыз қырған, оларды өлтірген, ішетін асын, құдықтағы суды уландырған. Осындай айуандықтың нәтижесінде бүкіл тасманиялықтар құрып біткен. Ал материктегі байырғы халықтың саны күрт азайған. Қазір Аустралия аборигендерінің саны бар болғаны 50 мыңға жуық адам болып отыр.

Аборигендер шөлді аудандарда орналасқан р е з е р в а цияларда (байырғы тұрғындарды күштеп қоныстандыруға арналған территориялар) қайыршылық жағдайларда тұрады. Аборигендердің бір бөлігі фермаларда мардымсыз ақы үшін бакташы және жұмысшы ретінде батырақ болып жұмыс істейді. Басқалары әлі де жартылай кезбе аңшылар мен терімшілердің өмір салтын жалғастыруда. Аборигендердің арасында дарынды және білімді адамдар бар. Өздігінен суретші болған Наматжирдің картиналары бүкіл дүние жүзіне белгілі.

Тасмания аралын мекендейтін ежелгі тасманиялықтар да, аборигендер оқшаулануға ұшыраған. Олар материктен аралға бұдан шамамен 9 - 10 мың жыл бұрын қоныс аударған. Негізгі кәсібі теңізшілік болып, көбінесе итбалық, моллюска, кейде балық аулаумен айналысқан. Материктегі де, аралдағы да аборигендер аңшылық жағдайларын жақсарту мақсатында, оттың көмегін пайдаланған. Әрбір аңшылық топ жылына 100 км2 - ге жуық жерді өртеп отырған. Мұхит аралдары тұрғындарының тұрмыс деңгейі аборигендермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Папуастар еуропалықтар келгенге дейін жер өңдеумен айналысқан, мал ұстаған. Папуастар әсіресе ит өсірумен, тауық және шошка өсірумен айналысқан. Папуастар үшін шошқа соңғы кезге дейін байлықтың басты көрсеткіші болып есептелген, оны тіпті ақша есебінде айырбас үшін де пайдаланған. Аймақтағы ең тұрмыс деңгейі жоғары түрғындар - полинезиялыктар.

2 АУСТРАЛИЯ МАТЕРИГІНІҢ АШЫЛУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 2 Аустралияның материгінің ашылуы және материкті отарлау кезеңі

4 - сурет. Аустралияның еуропалық теңіз жүзушілермен зерттелуі (1812 жылға дейін)

1606 -Виллем Янсзон1606 -Луис Ваэс де Торрес1616 -Дерк Хартог

1619 -Фредерик де Хаутман1644 -Абел Тасман1696 -Виллем де Вламинк

1699 -Уильям Дампир1770 -Джеймс Кук1797-1799 -Джордж Басс

1801-1803 -Мэтью Флиндерс

Кейбір авторлар еуропалықтар Аустралияда XVI ғасырдың өзінде болған деп дәлелдемекші болды. Кеннет Макинтайр және өзге де тарихшылар XVI ғасырдың 20- жылдарында португальдықтар Аустралияны жасырын түрде ашты деп тұжырым жасады. Мысалы, Дьептің картасындағы «Жав-ля-Гранд» деген жазудың басым болуы «португальдық ашулар» деген пікір үшін негізгі дәлел деп есептелінген болатын. Алайда Дьептің карталары сол кезеңдегі географиялық білімнің теориялық және дәлелдемелік жағынан әлі дамымаған түрін сипаттайды. Дегенмен XVII ғасырға дейін еуропалықтардың материктегі саяхаты туралы теория Аустралия мен өзге елдердің ғалымдарыныңң әлі де қызығушылығын танытып отыр. Себебі, бұл тұжырым даулы әрі, жеткіліксіз айғақты болып саналады.

Аустралия материгінің ашылуы 1606 жылы басталды, яғни Виллем Янсзон Дайфкен кемесімен Аустралияның жағалауына тоқтаған кезі болып есетелінеді. Алайда Янсзон Дайфкен бұл материкті Жаңа Голландия деп атап, бұл жерді Нидерландықтардың иелігі деп жариялайды (алайда бұл материкті голландықтар ешқашан игермеген) . Осы жолдың өзінде испандық Педро Фернандес Киростың экспедициясы Жаңа Гибридтерге кемесін қондырады және бұл құрлықтың - оңтүстік құрлық екенін пайымдап, Қасиетті Аруақтың Оңтүстік Жері деп атайды (испанша Austrialis del Espiritu Santo) . Кейінірек осы жылдың өзінде Киростың орынбасары Луис Ваэс де Торрес Торрестер бұғазы арқылы жүзіп, Аустралияның солтүстік жағалуын байқайды.

5 - сурет. 1644 жылдағы Жаңа Голландияның картасы

XVI - ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырда географиялық ашылымдар ашуда ағылшындар мен голландықтар барған сайын үлкен роль атқара бастады. Өте маңызды ашылымдарды орыс теңізшілері мен «құрлықтағы жиханкездері» де жасады. Ең маңызды жаңалық Аустралияны ашу болды. XVI ғасырдың географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты «теңстіріп тұру» үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен континент болуға тиіс деп жорамалдады. Бұл континентті тіпті 16 ғасырдың бірінші жартысындағы испан және португал карталарының бетінде таңғажайып сипатта бейнелеп көрсетті.

Осы «Австралиялық» яғни «Оңтүстік» жер әсіресе Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты еліктірді. Олар бұл аймақтан алтын мен күмістің кендерін және қара түсті халықты - олардың американдық рудниктері мен плантацияларына қажетті жұмыс күшін таппақшы болды. «Оңтүстік» жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталып жөнелтілді. Олар Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды тапты да. Нағыз Аустралияны XVII ғасырдың басында голландықтар ашты. Олар 1619 жылы Ява аралында Батавия қаласының негізін қалады. Голланд теңізшілері Зонд аралдарынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Аустралияның бүкіл Батыс жағалауымен және Оңтүстік жағалауының жартымымен танысты. Бірақ жаңылысып оны «Полярлық жердің» бір бөлігі деп санады.

Испандық саяхатшы Луиис Вааэс де Тооррестің есімімен Аустралия Одағында бірнеше географиялық нысандар белгілі: Торрес бұғазы (Аустралия мен Жаңа Гвинея аралығындағы бұғаз болып, 1769 жылы теңіз жүзушінің атымен «Торрес бұғазы» деп аталды), Торрестер бұғазының аралдары (осы бұғаздағы аралдардың тобы), Торрес аралы (Жаңа Гибридтер архипелагының солтүстік бөлігінде орналасқан аралдар тобы) . Торрес 1605-1606 жылдары ұйымдастырылған экспедицияның мүшесі. Саяхатшы Жаңа Гвинеяның оңтүстік жағалауын, Маржандар теңізін, Папуа шығанағын ашты.

6 - сурет. Луи́с Ва́эс де То́ррес

1627 жылы капитан Франс Тейсен «Гулден Зепард» атты кемемен Аустралияның оңтүстік жағалауынан шығысқа қарай 2000 км жүзіп өтіп, Аустралия материгінің жағалауын картаға түсіріп, Ява аралына қарай бет алады.

1642 жылы Батавиядан саяхатқа шыққан Абель Тасман Аустралияны айналып өтіп бір үлкен аралды ашты да және оны Ван-Димэнаның Жері (қазіргі Тасмания) деп атады. Алайда бұл жаңа континент көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмады: кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.

Абель Тасман 1644 жылғы өзінің екінші саяхатын жасау барысында Аустралия материгінің шығыс жағалауы бойымен Жаңа Гвинеяның оңтүстік жағалауынан жүзіп өтеді. Саяхатшы Жаңа Гвинея мен Аустралия аралығындағы Торрестер бұғазын байқамай, Аустралия материігінің жағалауының бойымен жүзе отырып, алғаш рет карта бетіне Аустралияның батыс жағалауын түсіреді.

7 - сурет. Абел Янсзон Тасман

Абел Янсзон Тасман (1603, Лютьегаст, Гронинген - 1659 Батавия) - көпес, голланд теңізшісі, Австралия және Мұхиттық аралдарды зерттеуші. 1642-1643 жылдары Тынық мұхиты мен Үнді мұхитында жасалған біріншіэкспедицияда, кейіннен өзінінің атымен аталған аралдың (Тасман аралы) оңтүстік және шығыс жағалауын ашып, Жаңа Зеландияныңбатыс жағалауына жетті; Тонга архипелагын, Фиджи аралдарын және Бисмарк архипелагын ашты.

Абел Янсзон Тасманның құрметіне:

• Аустралия жағалауында өзі ашқан Тасман аралы аталған

• Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде Аустралия мен Жаңа Зеландия аралығында орналасқан Тасман теңізі

• Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде Аустралия мен Жаңа Зеландия аралығында орналасқан Тасман щұңқыры

• Выступ материка на северо-западе Аустралияның солтүстік-батысындағы Тасман жері шоқысы

• Тасманияның әкімшілік орталығы - Хобарт қаласындағы ұзындығы 1, 3км көпір

• Тасмания аралындағы жол (Tasman Highway (or A3) )

• Жаңа Зеландиядағы ұлттық парк

• Жаңа Зеландиядағы тау шыңы

• Жаңа Зеландиядағы көл

• Жаңа Зеландиядағы шығанақ

• Жаңа Зеландиядағы әкімшілік аудан аталған.

8 - сурет. Абел Тасман саяхатының картасы

2. 2 Джеймс Куктың Аустралия материгін зерттеуі

XVII ғасырдың 50-ші жылдарында голландық теңіз жүзушілердің арқасында Аустралия материгі айтарлықтай карта бетіне түскен болатын.

1769 жылы Индевор кемесін басқарған лейтенант Джеймс Кук Шолпанның Күн орбитасы бойынша жүру жүрісін анықтау үшін Таитиға сапар шекті. Кук сонымен қатар, Оңтүстік құрлықты іздеу бойынша құрылған Адмиралдық құпия құрылымның қызметін де атқарды.

Джеймс Кук Индевор кемесі арқылы Аустралия материгінің жағалауларын зерттеді. Бұл кеменің көшірмесі 1988 жылы Аустралияның ашылуының 200 - жылдығында құрастырылған болатын.

19-сәуір 1770 жылы Индевор кемесінің жолаушылары Аустралия материгінің шығыс жағалауын көреді және он күннен кейін Ботани қолтығына кемені тоқтатады. Кук материктің шығыс жағалауын, сонан соң кемесін натуралисті Джозеф Бэнкспен Ботани бұғазы колония құруға қолайлы орын екенін басшылыққа хабарлайды.

Джеймс Кук (7 қараша 1728 ж., Мартон, Йоркшир - 14 ақпан 1779 ж., Гавайи аралы) - ХVІІІ ғасырдағы атақты ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Ол оңтүстік материк (Аустралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты.

Джеймс Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді, онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын ағылшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке Голландиядан, Норвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Санкт-Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды.

Жеті жылға созылған ағылшын - француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кемеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан соғыстарға жібереді. Ол өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да, Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады.

Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін, Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитында испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.

1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында - географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук Жаңа Зеландия, Аустралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771 жылы 12 шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.

1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады.

1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 39-35’шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп, 58 - 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 - 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.

Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774 жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д. Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.

2. 3 Жаңа замандағы Аустралия материгінің зерттелуі

XVIII ғасырдың аяғынан бастап Аустралияны игеру жұмысы басталды. Ағылшын үкіметі әуелі Аустралияға қылмыскерлерді жер аударды. Материктің оңтүстік-шығысында айдалған адамдардың қонысы ретінде Сидней қаласы бой көтерді. Австралияда мал өсіру үшін пайдалануға болатын. Жақсы жайылымдар еуропалықтардың назарын аударды. Сондықтан материктің ішкі аудандарын зерттеу еуропалық қоныс аударушылардың малдары үшін жайылммдар мен су іздестіруден басталды.

Аса бай алтын кен орындарының ашылуына байланысты XIX ғасырдың ортасында Аустралияға көптеген «бақыт іздеушілер» ағылды. Осы кезде Англия Бүкіл материкті өзінің отары деп жариялады.

Еуропалықтар алғаш рет Мұхит аралдарын 1521 жылы Ф. Магеллан Гуам аралына тоқтағанда ғана көрді. Ал Аустралия одан жүз жыл өткеннен соң ғана ашылды. Аустралия мен Мұхит аралдарының ашылуы еуропалықтар үшін аса зор жаңалык болды. Байырғы халықтың тұрмысы тым қарабайыр. Мұны ғалымдар аймақтың өркениеттің орталықтардан аса кашық орналасуымен және табиғат жағдайларының қолайсыздығымен байланыстырды. Алайда бұл орталықтардан окшау орналасқан Америка үндістері өркениеттің аса жоғары деңгейіне көтерілген.

ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ Полинезияда шаруашылықтың ерекше «мұхиттық» түрі калыптасып үлгерген болатын. Олар балық аулаумен айналысып, теңізде жүзуде алдарына жан салмаған. Өте жылдам әрі жеңіл, оңтайлы жүзетін каноэ жасауды шебер меңгерген, полинезиялықтар біздің жыл санауымызға дейінгі 2000 жылдықтың екінші жартысының өзінде - ақ Фиджиден Тонга аралына дейін жүзіп барған деген мәліметтер бар. Сондай - ақ, олар банан, кокос пальмасы, нан ағаштарын өсіріп, жер өңдеумен де айналысқан. Испандықтардың Мариан аралдарын жаулап алған кезінен, яғни ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бұл аймақта отарлау кезеңі басталды. Голландтар бірнеше ірі экспедициялар ұйымдастырып, А. Тасман бастаған топ Аустралия материгі жағалауына да келіп жетті. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл аймаққа Англия мен Франция көз тіге бастады, ал XIX ғасырда АҚШ пен Германияның аңсары ауды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аустралия құрлығының ашылуы
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
Австралия материгі
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz