Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Бюджет: түсінігі, мағынасы, атқаратын қызметі және экономикалық санаттар жүйесіндегі мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Бюджет, мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЮДЖЕТТІК МЕХАНИЗМДЕГІ РӨЛІ
2.1 Әлеуметтік . экономикалық даму және бюджеттік параметрлердің болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Стратегиялық және операциялық бюджеттік жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны және өзге де экономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жетуі осы қарым-қатынастардың ахуалына қатысты. Ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен бюджет саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс. Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Қазақстан Республикасының халқының әл-ауқатын жақсарту үшін, қазіргі заманға сай, әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін, бюджетте бөлінген және бұдан былай да бөлінетін қаражаттарды үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде қатет етеді. Бұған қоса аймақтық даму үшін еліміздегі қаржы тұрақтылыған қамтамасыз етіп, мемлекеттік бюджеттің артуына жағдай жасауға тиіспіз.
Еліміздің экономикасында бюжеттік жүйенің алатын орны ерекше екені сөзсіз, ал сол бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен бюджеттің орындалуы туралы есептілікті ұсыну жауапкершілікті талап етеді. Есеп ерекшеліктері қаражаттық, нақтылы бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің жалпы мақсаттары қажеттілік деп атайды, мысалы, бекітілген қаражаттың дәл атқаруын, қаражаттық тәртіптердің сақталуын, қаражат құралдарын мобилизациялау және қосымша шығындарды табу[1].
Бюджеттік есеп-ол бюджеттік операциялар жөнінде ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытудың ретке салынған үздіксіз деректі жүйесі. Ал, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты -қандай да ұйымдар болмасын, бұлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдарды сақтау болып табылады. Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстанған жалпы бағыт, ұйымдар ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайларда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан орнықты болады. Демек, бюджеттік мекемелердегі есеп және есеп берудің ұйымдастырылуының ерекшеліктерін ашып, қаржылық есептің халықаралық стандартарына көшу проблемаларын айқындау курстық жұмыстың өзектілігін қалыптастырады .
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлік қазынашылық департаментінде Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп нұсқаулығы бекітілген. Бюджеттік мекемелер осы бекітілген нұсқаулықпен жұмыс істейді. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының, ақша түсімдері мен шығыс жоспарларын және осыған байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады
1 ҚР Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы.- Астана: 28.02.2011.-2 б.
2 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы, 2009. -25-32 бб.
3 А.Смадиев. Қаржы жүйесіндегі бюджеттің атқаратын рөлі, экомикалық мәні /Қаржы-қаражат.-2009.- №6.-12-14 бб.
4 Қ.Қ.Ілиясов., С.Құлпыбаев. Қаржы.- Алматы,- 2009 . -325-328 бб.
5 Д.С.Өсербайұлы., Ш.Қ. Несіпбаева. Республикалық бюджеттің механизмін жетілдіру /АльПари. -2008 -.№ 1.-2-3 бб.
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты /Егемен Қазақстан.- 2009.-№5.-19-21 бб.
7 Ж.Елубаева. Межбюджетные отношения: состояние и направления реформирования. - Алматы, -2008. С.57-58
8 Нам. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Қ.Р Заңындағы өзгерістер мен толықтырулар /Бухгалтер бюллетені.-2010.-№33.-2-5
9 С.Найманбаев. Салықтық құқық. Оқулық.- Алматы, -2009.- 236-237 бб.
10 Қазақстан Республикасының Салық кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен). - Алматы, 2009.47-49 бб.
11 Т.Н. Краммаренко., А.М.Қамбарова. Салық және салық салу. Оқулық.-Астана: Фолиант.-2007.-30-32 бб.
12 ҚР ҚМ Статистика бюллетені. -2008-2010 жж., -желтоқсан.-21-23 бб.
13 А.Назарова. Халықтан алынатын салықтардың ҚР мемлекеттік бюджетіндегі үлесі /Экономика негіздері.- 2009.- №3.-33-35 бб.
14 www.Google.kz
15 Ш.Қ.Несіпбаева. Бюджетаралық қатынастар түсінігінің теориялық аспектілері. /АльПари.- 2008.- 3-4 бб.
16 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы, 2009. -25-32 бб.
17 Б. Өтебаева. Мемлекеттік бюджет. Оқулық.- Алматы, -2006.-225-226 бб.
18 Н. Томилина. Қ.Р-ның бірыңғай бюджеттік жіктеуі /Бухгалтер бюллетені.-2011.-№2.-59-61 бб.
19 Алматы облысының қаржы басқармасына 75 жыл. – Алматы, 2007. -7-8 бб.
20 Raimbekfin mail.ru
21 Ә.Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. –Алматы, -2010.- 284-285 бб.
22 А.М. Қомбаров. Бюджет бойынша тәжірибелік жинақ.- Астана, Фолиант.-2007.-177-179 бб.
Е.Испаев. Салық әкімшілігін жүргізу

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Бюджет: түсінігі, мағынасы, атқаратын қызметі және экономикалық санаттар жүйесіндегі мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Бюджет, мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЮДЖЕТТІК МЕХАНИЗМДЕГІ РӨЛІ
2.1 Әлеуметтік - экономикалық даму және бюджеттік параметрлердің болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Стратегиялық және операциялық бюджеттік жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны және өзге де экономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жетуі осы қарым-қатынастардың ахуалына қатысты. Ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен бюджет саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс. Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Қазақстан Республикасының халқының әл-ауқатын жақсарту үшін, қазіргі заманға сай, әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін, бюджетте бөлінген және бұдан былай да бөлінетін қаражаттарды үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде қатет етеді. Бұған қоса аймақтық даму үшін еліміздегі қаржы тұрақтылыған қамтамасыз етіп, мемлекеттік бюджеттің артуына жағдай жасауға тиіспіз.
Еліміздің экономикасында бюжеттік жүйенің алатын орны ерекше екені сөзсіз, ал сол бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен бюджеттің орындалуы туралы есептілікті ұсыну жауапкершілікті талап етеді. Есеп ерекшеліктері қаражаттық, нақтылы бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің жалпы мақсаттары қажеттілік деп атайды, мысалы, бекітілген қаражаттың дәл атқаруын, қаражаттық тәртіптердің сақталуын, қаражат құралдарын мобилизациялау және қосымша шығындарды табу[1].
Бюджеттік есеп-ол бюджеттік операциялар жөнінде ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытудың ретке салынған үздіксіз деректі жүйесі. Ал, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты -қандай да ұйымдар болмасын, бұлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдарды сақтау болып табылады. Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстанған жалпы бағыт, ұйымдар ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайларда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан орнықты болады. Демек, бюджеттік мекемелердегі есеп және есеп берудің ұйымдастырылуының ерекшеліктерін ашып, қаржылық есептің халықаралық стандартарына көшу проблемаларын айқындау курстық жұмыстың өзектілігін қалыптастырады .
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлік қазынашылық департаментінде Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп нұсқаулығы бекітілген. Бюджеттік мекемелер осы бекітілген нұсқаулықпен жұмыс істейді. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының, ақша түсімдері мен шығыс жоспарларын және осыған байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады
Курстық жұмыстың мақсаты-бюджеттің қалыптасуын қарастырып, оның атқарылуы және бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін ұсыну барысындағы проблемаларды ашып көрсету, сонымен қатар бюджеттік мекемелердегі есеп және есеп берудің ұйымдастырылуының ерекшеліктерін зерттеп тиісті қорытындылар жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- бюджет түсінігі және оның экономикадағы мәні мен маңызын айқындау;
- салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қарастыру;
- республикалық және жергілікті бюджеттің қалыптасуын қарастыру;
- бюджеттің кірістері және шығыстар есебін және бюджеттер арасында есеп айырысу есебінің ерекшеліктеріне тоқталып өту;
- жергілікті бюджет атқарылуының есептілігін ұсыну;
- мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелерін талдау;
- бюджеттің қалыптасуы, оның атқарылуы мен есептілігінің проблемаларын ашу;
- халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшу қажеттілігі және бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Бірінші бөлімде бюджет жүйесінің экономикадағы мәні мен маңызы, оның қалыптасуы және бюджетаралық қатынастар қарастырылған.
Екінші бөлімде бюджеттің қалыптасуы, оның атқарылуы және есептілігінің бірқатар проблемалары мен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің қаржылық есептің халықаралық стандарттарына көшу проблемелеры айқындалып, оларға жетілдіру жолдары ұсынылды.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Бюджет: түсінігі, мағынасы, атқаратын қызметі және экономикалық санаттар жүйесіндегі мәні

Бюджет кез келген мемлекеттің өзіндік қызметтерін қаржы ресурстары арқылы жүзеге асыруға қажетті міндетті шарт болып табылады. Капитализмге дейінгі құрылыста мемлекеттік табыс негізінен табиғи сипатта болды. Қажеттіліктердің көп бөлігі табиғи жиындардың борыштары мен түсімдерінен құралды. Ресурстардың нақты жұмсалу бағыттарын негіздеу үшін арнайы жекелеген шығыс және кіріс сметалары жасалынды. Шығындар мен кірістердің біртұтас сметасын құрастыру талпынысы алғаш рет XVII ғ. Англияда жүзеге асып, бюджет деген атқа ие болды (budget -- ағылшын сөзінен ақшасы бар қап , қазынашының сөмкесі дегенді білдіреді). Қаржы байланыстарының үлкен алуан түрлілігінде жекелеген жалпы қасиеттерге ие оқшауланған салаларды бөліп қарастыруға болады. Осылайша, жалпы қоғамдық өнімнің құндық үлестірілуінің ерекше облысында мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен халық арасында қалыптасқан қаржылық қатынастар құралады. Бұл қатынастарға ортақ тән қасиет олар міндетті қатысушысы мемлекет болып табылатын бөлу үдерісінде пайда болады және қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қаржы қорының құрылуы және пайдаланылуымен байланысты болып келеді. Аталмыш қаржылық қатынастар жиынтығы мемлекеттік бюджет түсінігінің экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық кұбылыс ретінде тауарлы өндіріс тәсілі бар түрлі қоғамдық экономикалық құрылыстарға тән. Оның пайда болуы мен дамуы мемлекеттің қаржы ресурстарының белгілі бір көлеміне деген қажеттіліктеріне байланысты. Кез келген қоғамдық құрылымның өндірістік қатынастары мемлекет қызметінің мазмұнын және бюджетті пайдалануды бөлу механизмі ретінде анықтайды. Бюджет мемлекеттің ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін жинақтап әлеуметтік саланы, ғылымды, экономиканы және басқа да салаларды дамытуға бағыттайтын маңызды бөлу құралы ретінде пайдаланылады. Бұл әлеуметтік-экономикалық үрдістер қаржылық басқарудың мәндік жағын сипаттайды яғни, бюджеттік қорды экономикалық жүйенің барлық деңгейінде жоспарлау, құру және пайдалану арқылы жүзеге асатын бюджеттік реттеу.
Бюджет термині ақшасы бар қап, ақша салатын, сақтайтын, әмиян сияқты тікелей мағынасында екі түрлі түсінікке (талқыламаға) ие. Бір жағынан, бұл азамат, жанұя, корпорация, аумақ, мемлекет сияқты кез -келген экономикалық субъектінің меншігіндегі қаржылық ресурстадың көлемі, қаражат жиынтығы.
Екінші жағынан, бюджет - белгілі бір уақыт аралығындағы кіріс пен шығыстың сәйкестігін сипаттайтын экономикалық субъектінің кіріс және шығыс арасындағы қатынасы, оның қаражатының теңдестігі. Басқаша айтқанда, бюджет сөмкенің ішіндегі қаражаттың бар - жоғын да, қаражаттың толтырылуы мен шығындалу өкілдігін де, ақшаның келу - кету жолдарын да анықтайды.
Орталықтандырылған экономикада бюджет толығымен мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық даму жоспарына тәуелді болып келеді, сондықтан да қандай да бір өзіндік маңызды мағынаға ие емес. Мұндай әрекет, жоспарлы басқарушылық- экономикадағы материалдық заттық факторларға басты рөлдің берілуі, ал қаржылық факторларға жанама рөл берілу үрдісіне байланысты.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік жылдық бюджеттің құрылуына, бекітілуіне, атқарылуының талдануына көп көңіл бөлінеді. Бюджеттердің өздері болса мемлекеттік және аумақтық бірліктер деңгейінде қаржылық жоспарлаудың анықтаушы түрі болып табылады. Көптеген дамыған елдерде жалпымемлекеттік және муниципалдық деңгейлерде бюджетті қабылдаудың демократиялық рәсімі орныққан және сақталған. Бюджеттер парламентте және олардың комиссияларында барлық шығыс баптар бойынша, тіпті әр объект бойынша жете талқыланады. Осылайша, үкімет халықтың ақшасын өз мүдделері үшін жарату мүмкіндігінен айырылған.
Шаруашылықтың тұрақтылығын қолдау үшін, жұмыс жасау теңдігін қамсыздандыру үшін және түрлі секторлар мен экономиканың салаларын дамыту үшін қаржы ағымын бақылаудың және бюджеттің шығыс және кіріс баптарын уақтылы түзетудің мәні зор. Әлбетте, нағыз қаржылық қатынастар белгіленген жобалар мен жоспарлардан ерекшеленеді. Әдетте, қаржылық шығындар бастапқы белгілемеден артық болып, ал табыс күткеннен төмен болып шығады. Осыдан бюджеттерді түзету, резервтерді экономикалық үдерістерді қажетті бағытқа жұмсау үшін пайдалану, оларды қаржылық мүмкіндіктермен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды. Нарықтық жүйесі бар бірқатар елдерде мемлекеттің бюджеттік - реттеу қызметі өте жоғары деңгейде және өсу тенденциясына ие, бұл мемлекеттік экономиканы басқаруда бюджет жүйесінің жетекші буын ретінде маңыздылығын атап көресетеді.
Мемлекеттік бюджеттің мазмұны көп қырлы, оның құрамы әртүрлі экономикалық түсіндірмелері бар түрлі үрдістерден тұрады. Осы тұрғыда мемлекеттік бюджет экономикалық құбылыс ретінде ғылыми көзқараспен мынадай сипатқа ие: экономикалық санат ретінде, қаржы жүйесінің орта буыны ретінде және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық санат ретіндегі сипаты төмендегідей. Ақша құралының орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорына кірісі мен шығысы үдерісін құрастыратын, бір жағынан мемлекет пен екінші жағынан жеке және заңды тұлға арасында қаржылық қатынастар туындайды. Бұл қаржы қатынастары әртүрлі пішінге ие, дегенмен барлығына екі түрлі ортақ қасиет тән: біріншіден, олар мемлекет міндетті қатысушысы болып табылатын бөлу үдерісінде пайда болады; екіншіден, олар жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған қаржы қорының құрастырылуымен байланысты.
Мемлекет пен басқа да өндіріс үдерісінің қатысушылары арасындағы көрсетілген қаражат бөлу қатынастары мемлекеттік бюджет деп аталатын ерекше қаржы санатының мазмұнын құрайды. Бюджет (budget) термині белгілі бір кезеңдегі қаржы кірісі мен шығысының жазылған тізімін білдіреді. Мемлекеттік деген анықтама аталған тізімнің мемлекет иелігінде екенін айқындайды, яғни, мемлекеттік бюджеттің өміршеңдігі сол мемлекттін бар болуымен алдын ала анықталған.
Бюджет нақты, объективті түрде негізделген бөлу қатынастарының экономикалық формасы болып, оның мемлекеттік-аумақтық құрылымын және қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қоғамдық мақсатта орындай отырып, дербес экономикалық, нақтырақ айтқанда, қаржылық санат ретінде қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік бюджет бөлу қатынастарының айқындаушы бөлігі ретінде базистің элементі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет қаржы санаты ретінде шын мәнінде өмірде бар өндірістік қатынастардың теориялық көрінісі (дерексіз) болып табылады және нақты сипатқа ие. Бұл қатынастардың айырықша мағынасы - олардың көмегімен жалпы ұлттық өнім құнын әсіресе ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу жүзеге асырылады, осылайша, мемлекет басшылығымен қаржы ресурстары құралады.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз - қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтитын, ең алдымен көп қырлылығымен, кең өрісімен сипатталатын ерекше экономикалық санат. Бюджеттің мұндай қасиеттері оны басты қаржы құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджеттік қатынастар деп аталатын айрықша бөлу саласының пайда болуы жыл сайын ұлттық табыстың басым бөлігі мемлекет құзырында жинақталу қажеттілігі мен байланысты. Жоғарыда айтылғандай, ең алдымен өзінің сан түрлі қызметтерін орындау үшін, оның ішінде кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттілігін қаржыландыру үшін мемлекетке орталықтандырылған ресурстар қажет.
Осылайша, мемлекеттік бюджет экономикалық санат ретінде, жалпы-мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін орталықтандырылған ақша қорын құрумен бөлу арқылы, ұлттық табыс пен ұлттық өнім құнын жоспарлы бөлу бойынша қаржы қатынастарының ерекше саласын айқындайды.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4 бабында бюджет мемлекеттің міндеттері мен қызметтерінің жүзеге асыруын қаржыландыруға бағытталған орталықтандырылған қаржы қоры ретінде түсіндіріледі. Мұндай анықтама бюджеттік қатынастардың материалды жағын сипаттайды.
Осылайша, бюджеттік қатынастардың материалды-заттай нысаны сондай-ақ, мемлекеттік бюджет деп аталатын мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры болып табылады. Аталмыш қор тек қана қаржы қорына ортақ болатын қаржылық қатынастар негізінде ғана емес, сондай - ақ, нақты сипатқа ие келесідей арнайы ерекшеліктерге негізделеді:
1) жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған;
2) қатаң мемлекеттік заңдар мен нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі;
3) ақша қаражаттары қордың қайнар көзі болып табылады (мемлекет аумағында өмір сүріп жәненемесе қызмет жасайтын заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдері түрінде);
4) әдетте қайтарымсыз негізде пайдаланылады;
5) аса қарқындылыққа ие, оған әрдайым ұсақ мақсатты қорларға бөлшектеу
және де керісінше оларды ірілендіру үдерісі тән;
6) тек қана қор түрінде пайдаланылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорының құрылуы ұлттық табыстың бастапқы бөлу кезеңінде де, қайта бөлу кезеңінде де жүзеге асады. Бастапқы бөлу кезеңінде мемлекет өз иелігіне қосымша құн салығы түріндегі өсім бөлігін алады. Одан кейінгі қайта бөлу нәтижесінде мемлекеттің орталыктандырылған қорына әртүрлі салықтардан басқа да міндетті төлемдер мен алымдар түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың табыс бөлігі түседі.
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын пайдалану, жалпы ұлттық табыс құнын ары қарай қайта бөлудің көп сатылы үдерісін көрсетеді. Аталмыш бөлу экономикалық жүйедегі қаржы ағымының қозғалысымен қатар жүреді. Мемлекет жалпы орталықтандырылған қаражат қорының көп бөлігін экономиканың дамуы мен әлеуметтік-мәдени іс-шараларды қаржыландыруға бөледі. Аталған әр қор көп сатылы бөлуден тұрады: экономиканың салалары бойынша, қоғамдық жұмыс түрлері мен салалары бойынша, мемлекет аумақтары бойынша, арнайы мақсаты бойынша және т.б.
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорының көлемі бірқатар факторларға тәуелді, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1) экономиканың даму деңгейі;
2) экономиканы басқа ру әдістері;
3) нарық субъектілерімен қарым- қатынас қағидалары;
4) экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу жолдарының сипаты;
5) ұлттық экономикадағы көзделген құрылымдық ауқымының алға басуы;
6) әлемдік шаруашылықтағы мемлекеттің рөлі мен қатысуы және т.б.
Мемлекеттік бюджет бүкіл қаржы жүйесінің құрама бөлігі ретінде қаржымен ортақ қасиеттерге ие және бірдей қызмет түрлерін атқарады. Сонымен бірге, көрсетіліп кеткендей, қаржы жүйесінің басқа бөліктерінен ерекшеленетін және сол жүйеде жетекші орын иеленуіне мүмкіндік беретін кейбір ие қасиеттерге. Мұндай ерекшеліктерге жататындар:
1. Мемлекетке тікелей бағынуы, себебі мемлекеттік бюджетті мемлекет өз қызметтері мен міндеттерін атқару үшін құрастырады. Аталмыш қорды құрастыру мемлекеттің экономиканы басқаруда қолданатын тәсілдеріне тәуелді. Қор қаражатын пайдалану бағыттары ел дамуына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық саясатының басым міндеттерімен анықталады.
2. Бюджеттік қатынастар арқылы ұдайы өндіріс үдерісіндегі субъектілердің әртүрлі экономикалық мүдделеріне әсер ету мүмкіндігі. Мұндай әсер нәтижесінде экономикалық мүдделер дамуының үйлесімді түрдегі немесе қарама - қайшы түрдегі алғышарттар пайда болады. Барлығы да мемлекеттік бюлжетке түскен қаржы көлемі мен мемлекеттік бюджет саясатының бағыттарына байланысты.
Орталықтандырудың бірлігі мен жоғары деңгейі. Бюджеттің әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерінің көп болғанына қарамастан, олардың барлығы бірыңғай мемлекеттік бюджетте біріктіріледі. Барлық мемлекеттік органдарда өздерінің бюджет қаражаттары болады және олар өздерінің бюджеттік құзырларын пайдаланады.
Бұл ерекшеліктер мемлекеттік бюджет қаражаттарын орағыта пайдаланудың және икемді бюджеттік саясат жүргізудің кен мүмкіндіктерін атлын ала анықтайды.
Мемлекеттік бюджет өндірілген өнімнің құнын бөлудегі негізгі қаржы құралы ретінде бірқатар ерекшеліктерге ие. Соның ішінде, қаржы арқылы бөлу - құн түрінің, сан түрлі сату-сатып алу актілерінің жиі өзгеру жағдайында жүзеге асады. Ал мемлекеттік бюджет арқылы бөлу әрдайым айырбастан біршама оқшау түрде жүзеге асады. Мемлекеттік бюджет арқылы болатын құн қозғалысы толығымен материалды өнім қозғалысынан ажырап, таза құндық (ақшалай) сипатқа ие болады. Тек кана мемлекеттік бюджеттен тыс, бюджет қаражаты өндірістік немесе өндірістік емес салаға тап болғанда ғана бөлу және айырбас операцияларының шиеленісуі пайда болады.
Қатынас жүйесіндегі кез келген экономикалық объект өз қасиеттерін қызметтері арқылы көрсетеді. Экономикалық санаттың мағынасы оның атқаратын қызметімен айқындалады. Басқаша айтқанда, қызмет - экономикалық категория мәнінің әрекет арқылы айқындалуын білдіреді, яғни, экономикалық санатқа тән қасиеттері бар экономикалық санаттың әрекет тәсілі.
Қызмет санаттың әрекет тәсілі ретінде біріншіден, өзіне тән мәнінен туындайды, екіншіден, әрдайым объективті, себебі қоғамда санаттың бағыты алдын ала анықталған. Мән айқындаушы құрал ретінде қызмет, экономикалық санаттың өзін ерекшелендіретін қасиеттерді көрсетеді. Сондықтан, қызмет арқылы санаттың экономикалық табиғаты, оның ерекше қасиеттері және қоғамдық мәні ашыла түседі.
Бюджеттің бөлу қызметі арқылы аумақаралық және салааралық қаржы ресурстары бөлінеді, қаражат қорлары құрылып пайдаланылады. Аумақаралық қаражат ресурстарын бөлу сәйкес мемлекеттік үкімет пен басқару органының бюджет табысын бекітуімен, сондай-ақ түрлі ішкі бюджеттік реттеу түрлері арқылы жүзеге асады (субвенциялар, дотациялар, мемлекеттік салық пен алымдардан түскен пайыздар, трансферттер, бюджеттік алулар т.б.). Ақша ресурста - рын әр әкімшілік-аумақтық бірлікке аумақаралық бөлу нәтижесінде жеке бюд - жет қоры құрылады.
Ақша ресурстарын салааралық бөлу бір жағынан, түрлі экономикалық салаларға жататын кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік бюджет-ке төлейтін төлемдеріне негізделсе, екінші жағынан, түрлі салалар мен өн-дірістердің кажеттіліктеріне жүмсалатын бюджет қаражат ына негізделеді. Мы-салы, экономиканың кен өндіріуші салаларына деген бюджеттік инвестиция немесе ауылшаруашылық кәсіпорындарын қаржыландыру және т.б.
Бюджеттік бөлу қызметі әрекетінің объектісі ретінде, ен алдымен, ұлттық табыс болып табылады. Дегенмен, бұл бюджет арқылы бөлу үдерісі жалпы ұлттық өнім мен ұлттық байлықтың бір бөлігін қамтитынын жоққа шығармаиды. Атап айтар болсақ, бюджеттік резервтер табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан болған залалды өтеу көзі болып табылады; шекарадан өткізілген тауарларға кеден салықтары салынады және т.б.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу қызметі оның мәнін көрсетеді (мұны бюд - жет көмегі арқылы жасалатын бөлу қатынастарының мазмұнынан айқындауға болады). Мемлекеттік бюджет арқылы бөлу - ең алдымен материалды өндіріс саласында, ары қарай бюджет кезеңін өтіп, одан кейін бюджет қаражаттары бағытталған бөлімшелер мен қызмет салаларында жалғасатын бөлу үдерісінің аралық кезені болып табылады. Сондықтан да, мемлекеттік бюджеттің бөлу қызметі өзіне тән кейбір ерекшелікке ие болады - ол өндірілген өнімнің бөлінген құнын қайта бөлу үшін қолданылады. Егер, материалдық өндірісті бөлуде (бірінші кезең) бюджет қаражаттары (бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер) ұлттық табыстың бір үлесі ретінде болса, ал екінші кезеңде бұл үлес бөлшектерге бөлініп, экономикалық, әлеуметтік салаларды және басқа да мақсаттарды қаржыландыру үшін көптеген бюджет арналары бойынша бағытталады.

1.2 Бюджет, мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде

Бюджет құндық бөліністің ерекше саласы ретінде арнайы қоғамдық мақсатты орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттарының арқасында өндірісті кеңейтуге, ғылыми техникалық шапшаңдық пен салалық және аумақтық қоғамдық өндірістің құрылымын жеделдетуге жұмсалған шығындарды қаржыландыру жүзеге асады; басқарудың өндіріске қатысты емес жалпы шығындары жабылады; ұжымдық қажеттіліктерді бірлесе қанағаттандыру бойынша шығындар өндіріледі (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру); қорғаныс бойынша және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша және т.б. шығындарды қаржыландыру іске асады. Бюджеттің қызмет етуі мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорының құрылуы мен пайдалануымен байланысты және арнайы экономикалық және ұйымдастыру түрлерін қолдану негізінде жүзеге асады.
Экономикалық нысандар деп жалпы ішкі өнімнің құндық бөлінісінің жеке қырларын объективті түрде көрсететін бюджеттің кірістер мен шығыстар санатын айтады. Бұл санаттар арнайы мақсатқа ие, себебі кіріс мемлекетті бюджеттік ресурстармен қамтамасыз ету үшін арналған, ал шығыстар жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында бюджет ресурстарын бөлу үшін керек.
Бюджеттің ұйымдастырушылық нысаны нақты табыс кірісінің түрлерімен, олардың көлемін анықтау әдістерімен, бюджет шығынының көлемін нақтылау тәсілдері мен оның тапшылығы арқылы анықталады. Негізінде, бұл сәйкес заң актілерін қабылдау негізінде мемлекет регламенттейтін нақты бюджеттік қатынастар түрлері болып табылады.
Бюджет қайта өндіру үдерісінде маңызды экономикалық, әлеуметтік, саяси рөл атқарады. Мемлекет ұлттық табысты салалар арасында қайта бөлуге әсер етеді. Мемлекеттік бюджеттің сипаты елдің негізгі қаржы жоспары ретінде үкіметтің экономиканы дамыту үшін және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін белсенді түрде бюджетті пайдалануымен сипатталады. Объективті қаржы санатын осылай саналы түрде пайдалану орталықтандырылған қаржы қорын жоспарлау арқылы жүзеге асады, бұл үдеріс нәтижесі елдің негізгі қаржы жоспары, мемлекеттік бюджет болып табылады. Негізінен мемлекеттің қаржы жоспарында мемлекеттік бюджеттің экономикалық санат ретінде мазмұнын құрайтын барлық бөлу қатынастары көрсетіледі. Кез келген қаржы жоспары сияқты мемлекеттік бюджет кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Өз кезегінде бұл бөліктер әртүрлі баптардан құралады. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының арнайы баптарында оның құрылу қайнар көздері мен пайдала - ну бағыттары көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті еліміздің негізгі қаржы жоспары ретінде дербес қаржы жоспарларынан тұрады - республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер. Мемлекеттік бюджет қаржы жылына жасалады және заң түрінде бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде, мемлекеттің шығыс бөлігін орындау міндетіне арналған ақша қаражаттарын бір жыл есебімен құру және пайдалану нысаны болып табылады. Бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде кез келген экономикалық санат ретінде келесідей нақты қызметтерді атқарады:
* бюджет қорынын құру;
* бюджет қорын пайдалану;
* қаржының мақсатты бағыты бойынша пайдаланылуын бақылау.
Бірінші қызмет түрі салықтық және салықтық емес кірістерден тұратын табыстың құрылуымен байланысты. Ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде пайда болатын шаруашылық субъектілердің табыстары негізгі кіріс көзі бо - лып табылады. Бюджеттік кірістердің құрылымы тұрақты емес және мемлекеттің белгілі бір кезеңдегі экономикалық даму деңгейіне тәуелді болады. Екінші қызметі бюджеттік қаражаттың мақсатына сәйкес пайдалануымен байланысты.
Үшінші қызмет түрі бірінші және екінші қызметпен байланысты бақылаудың болуымен анықталады. Бақылауға бюджеттік қаражаттың мақсатына сәйкес пайдалануы алынады. Бұл үшін арнайы есеп түрі бар.
Бюджеттің қызмет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық нысандары жоспарлы және дәйекті түрде жүзеге асады, себебі меншік түрлерінің түрлілігі шаруашылықты болжамды - жоспарлы жүргізуді қарастырады, ол өз кезегінде, бюджеттік қатынастардың дәл осындай болжамды-жоспарлы түрде қызмет ету түрін алдын ала анықтайды. Бюджеттік байланыстардың тұрақты сипаты, мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорының жоспарлы түрдегі қозғалысы - бюджеттік байланыстардың сәйкес інше қаржы құжаты бо - лып табылатын бюджетте - елдің негізгі қаржы жоспарында көрініс табуына әкеп соқтырады. Мұнда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу үдерістері қарастырылған.
Негізгі қаржы жоспарының кіріс және шығыс бөлігінің арнайы баптары мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорының құралу көздері мен пайдалану бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлау қызметінің өнімі болып табылады, онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін көрсететін мемлекеттің қалауы көрініс табады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес бұлжытпай орындалуы тиіс.
Бюджет қаржы жоспары ретінде бір жағынан экономика мен қызмет көрсету салалары дамуының қаржылық жоспарына негізделсе, екінші жағынан, көп жағдайда оларды анықтайды. Бұл мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде әсер етуімен түсіндіріледі, себебі ол бүкіл ұлттық шаруашылықтың бюджеті ретінде айқындалады. Мемлекеттік бюджет материалды өндіріс саласында оның өсімін тездетуші ретінде үлкен рол атқарады. Бюджет құралдары жеке (жеке шаруашылық субъектілері төңірегінде) және қоғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық көлемінде) қор айналымын қамсыздандыруда пайдаланылады.
Бюджет арқылы қаржы жоспары ретінде халықтың жағдайын көтеру мен өсіруді қамсыздандыру мақсатында елдің экономикалық жүйесіне әсер ету үшін мемлекеттік қаржыларды басқару құралдары мен механизмдерін пайдалану қызметі түріндегі мемлекеттің бюджеттік- салықтық саясаты жүзеге асады. Бюджеттік-салықтық саясат кедейшілікпен күрес, жұмыссыздықты қысқарту, инфляция қарқынын төмендету, экономикалық өсу қарқынын арттыру сияқты міндеттерді шешуді қамсыздандыруға бағытталған.
Бюджет қаржы жоспары ретінде, бір жағынан экономиканың салалары мен қызмет салаларының қаржы жоспарына негізделсе, екінші жағынан көп жағдайда оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджеттін елдің негізгі қаржы жоспа - ры ретіндегі түсіндірмесі бюджеттің объективті санат ретіндегі экономикалық табиғатына қарсы келмейді. Бұл мемлекеттік бюджет терминінің сипаты бой - ынша әртүрлі түсінік білдіру үшін қолдануымен байланысты, оның бірі бөлу қатынасы саласына жатса, ал екіншісі адами қызмет үдерісіндегі объективті категорияны пайдалану түрін көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджеттін мазмұны бюджеттік қатынастар ерекшелігінен - қоғамдық өнім құнын бөлудің ерекше саласынан туындайды.
Бөлу қатынастарының өмір сүруінің нақты, объективті түрде шартталған экономикалық нысаны бола отырып, қоғамның және оның мемлекеттік-аумақтық құрылымының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қоғамдық арнайы мақстаттарды орындай отырып бюджет, дербес экономикалық санат ретінде қарастырыла алады. Бұл санат жалпы қаржыға тән қасиеттермен сипатталатын қаржының бір бөлігі бола отырып, сонымен қатар қаржы қатынастарының басқа салалары мен тізбектерінен ерекшеленетін қасиеттерге ие.
Мемлекеттік бюджет экономикалық санат ретінде және мемлекеттік бюджет елдің негізгі қаржы жоспары ретінде берілетін түсініктерді ажырата білу керек. Бірінші жағдайда әңгіме объективті сипатқа ие ақша қатынастары жүйесі тура - лы, ал екінші жағдайда, адамдардың саналы түрде орталықтандырылған қаражат қорын құрумен пайдалану қызметінің нәтижесі туралы. Мемлекеттік бюджет деп қаржылық жоспар ретінде жалпы қоғамдық өнімнің орталықтандырылған бөліктері қозғалысының бюджеттік жоспарын айтады. Бұл қоғамда пайда болатын экономикалық объективті қатынастарды тәжірбиелі қолданудың нәтижесі.
Осылайша, мемлекеттік бюджет заңды күші бар бүкіл ұлттық шаруашылыққа және Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік мемлекеттік жоспарының іс шаралары мен тапсырмалары негізіндегі бюджетке төлемдер бойынша қоғамдық өндірістің барлық бөлімшелеріне бюджеттік қаржыларды бөлу бойынша қарым қатынастарға бекітілген мемлекеттік жоспардың ерекше түрі.
Мемлекеттік бюджет қаржылық жоспар ретінде мынадай белгілермен сипатталады:
oo оның заңды күші бар;
oo ол үкіметтің нұсқауларын көрсетеді;
oo ол негізделген болып табылады;
oo оны құрастыру және орындау орталықтанған басқару мен жергілікті биліктің үйлесуіне негізделеді.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің жалпы қаржылық жүйесіне кіреді. Қоғамдық дамудың қаржылық жүйесін ұйымдастырудың анықтаушы қағидалары ретінде мыналарды атауға болады:
1) жалпыға ортақтылық, яғни қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуының барлық жақтарын қамту, мелекеттік, жеке, акционерлік, бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметін қамту; сондай ақ, өндірістік емес саланы, кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісіндегі көп қырлы қаржылық қатынастарға негізделген банктік және сақтандыру құрылымдары қамту;
2) мемлекеттің қаржылық саясатының талаптарына сәйкес бірегей жоспар бойынша мақсатты түрде әрекет ететін теңгерімді және өзара байланысты қаржы жүйесін қарастыратын біртұтастық және тенгерімділік. Жалпы елдің қаржылық жоспары елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарының көрінісі болып табылады, ал оның жекелеген бөліктері сәйкес осы жоспардағы аспектілердің (салалық, ведомстволық, аймақтық) көрінісі болып табылады. Елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының мемлекеттік жоспарын жасау үдерісінде қаржылық жоспар жүйесінде мемлекеттің экономикалық бағдарламаларынан туындайтын және елдің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша нақты жоспардағы тапсырмалармен шартталған жалпы елдің ұлттық шаруашылығы көлемінде қаржылық және бюджеттік қатынастар құралады;
3) қаржылық орталықтандыру яғни жеке шаруашылык субъектілерінің (кәсіпорындар, бірлестіктер, корпорациялар) қаржылық жоспарларын және жергілікті бюджеттерден бастап, елдін қаржылық жоспары мен мемлекеттік бюджетіне дейін құру мен орындауда біртұтас, қатаң қаржы саясатын жүргізу.
Бюджетті негізгі қаржы жоспары ретінде карастыра отырып. онда қаржы жоспарының барлык ерекше белгілері көрсетілгенін айту керек: нақты тусім көздері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Республикалық бюджет – мемлекеттің бюджет жүйесінің басты буыны ретінде
Бюджетті құру принциптері
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері
Салықтық емес түсімдер
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Мемлекеттік бюджеттің құрамы
Шаруашылық қызметінің аудиті
Бюджет жүйесінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Пәндер