Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс


ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
1 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС5
1. 1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеудің реабилитациясының әлеуметтік технологиясы5
1. 2 Қараусыз қалған балалармен және қаңғыбастарымен жүргізілетін әулеметтік жұмыс10
2 ӘЛЕУМЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛЫ19
2. 1 Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі19
2. 2 Қазақстан Республикасында жас мүгедектерді әлеуметтік реалибитациялау24
ҚОРЫТЫНДЫ29
ПАЙДАЛАнЫЛған әдебиеттер тізімі30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалар-18 жасқа дейінігі физикалық және психологиялық жетіспеушіліктері бар балалар. Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады.
Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың реабилитациялаудың технологияларын жан-жақты сарпатау мен қарастыру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық, педагогикалық қолдау көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
-мүмкіндігі шектеулі анықталуын және зерттеуін бырыңғай мемлекетті жүйені құрастыру;
-мүмкіндігі шектеулі бар балаларға әлеуметтік қолдау көрсету;
-мүмкіндігі щектеулі балалардың әлеуметтік бейімделу;
- еңбектерді жинақтау, бір ізге түсіру;
- жиналған материалдарды сұрыптау, сараптау, тақырыпқа бөлу;
- мүмкіндігі шектеулі балалар туралы түсінік беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды реабилитациялаудың мәнін, дамымаған жолдарын ашу;
- курстық жұмысы барысында материалдың өзектілігіне, мезгілдік тұрғыда жаңалығына мән беру;
Зерттеудің объектісі. Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Декларациясында былай делінген, «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқада түсінігіне, туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету табылады.
Зерттеудің пәні. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік реабилитациялаудың технологиясын қарастырып, жан-жақты сараптау.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста баяндау, реабилитациялау технологияларын сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту, сараптау т. б. зерттеу әдістері тиісінше қолданды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бейімдеу бағдарламасы бұл нақтылы жоспарды ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысты жүйелі жүргізу арқылы жүзеге асады. Және қандай да болмасын бейімдеу шаралары психолог маманның көмегі арқылы жүргізіледі. Бағдарламаның әр кезеңі бірнеше бөлімдерге топтастырылып, сан қилы бағыттарда жүргізіліп, оған көптеген мамандар қатыстырылады. Мәселен бағдарламаға мынадай шараларды енгізген жөн.
-Медициналық ( сауықтыру, алдын-алу)
-Арнайы ( білім беру, психологиялық, әлеуметтік және баланы сөйлеу қабілеті, ойлау жүйесі, өзін өзі тәрбиелеу)
Отбасының өзге де мүшелері мімкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу бағдарламасына белсене атсалысу арқылы сәбиге ықпал жасауға тиіс. Сондықтан бейімдеу бағдарламасы жүргізілген кезде мүмкіндігі шектеулі балалардың айналасы тыныш бейбіт қалыпта күн кешетін адамдармен топтасқан жөн.
Бағдарламаның алғашқы орындалу кезеңінде мониторинг жүргізіліп, мамандар, кураторлар және баланың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылуға тиісті. Қажет болса куратор ата-аналарға қиындықты жеңуге көмектесіп, тиісті мамандармен, кәсіпорын, мекеме өкілдерімен әңгімелесе отырып, баланың хұқын сақтайды. Сөйтіп бейімдеу бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми жаңалығы, тақырыптық өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізі, зерттеудің әдістері, ғылыми болжамы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, оның тәжірибеге енгізілу тұжырымдалды.
Бірінші бөлімде-Мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеудің реабилитациясының әлеуметтік технологиясы мен мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері туралы баяндалады.
Екінші бөлімде-Әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі мен
Қазақстан Республикасында жас мүгедектерді әлеуметтік реалибитациялау туралы қарастырып, талданады.
Қорытындыда- алғы көтерілген мәселелерге түсінік беріліп, шешім жолдары қарастырыла, нәтиже-қорытынды жасалады.
Зерттеу жұмысы 25 пайдаланған әдебиеттер көздерінен тұрады
1 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
1. 1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеудің реабилитациясының әлеуметтік технологиясы
Бейімдеу бағдарламасы-бұл балалардың ата-анасымен, қоршаған ортамен арнайы мамандармен, әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп жасайтын шара. Көптеген елдерде мұндай бағдарламаны бір ғана маман басқарып, өзге бейімдеу орталықтарының қызметкерлері қадағалап отырады. Мұндай жүйе беімдеуді қажет ететін нақты бір баланың төңірегінде өрбиді. Бейімдеу бағдарламасы жарты жыл немесе одан да қысқа мерзімге белгіленіп, сәбидің жас мөлшеріне қарай жүргізіледі.
Жоғарыда белгіленген мерзімге байланысты маман-куратор баланың ата-анасымен жиі кездесіп, қол жеткен табыстарды немесе кейбір кедергілерді талқылап отырады. Сондай-ақ бағдарлама төңірегінде атқарылған істерді саралап отыру қажет. Мұнан соң маман немесе мамандар командасы ата-аналармен бірлесіп бейімдеудің келесі бағдарламасын жасайды.
Бейімдеу бағдарламасы бұл нақтылы жоспарды ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысты жүйелі жүргізу арқылы жүзеге асады. Және қандай да болмасын бейімдеу шаралары психолог маманның көмегі арқылы жүргізіледі. Бағдарламаның әр кезеңі бірнеше бөлімдерге топтастырылып, сан қилы бағыттарда жүргізіліп, оған көптеген мамандар қатыстырылады. Мәселен бағдарламаға мынадай шараларды енгізген жөн.
-Медициналық ( сауықтыру, алдын-алу)
-Арнайы ( білім беру, психологиялық, әлеуметтік және баланы сөйлеу қабілеті, ойлау жүйесі, өзін өзі тәрбиелеу)
Отбасының өзге де мүшелері мімкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу бағдарламасына белсене атсалысу арқылы сәбиге ықпал жасауға тиіс. Сондықтан бейімдеу бағдарламасы жүргізілген кезде мүмкіндігі шектеулі балалардың айналасы тыныш бейбіт қалыпта күн кешетін адамдармен топтасқан жөн.
Бағдарламаның алғашқы орындалу кезеңінде мониторинг жүргізіліп, мамандар, кураторлар және баланың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылуға тиісті. Қажет болса куратор ата-аналарға қиындықты жеңуге көмектесіп, тиісті мамандармен, кәсіпорын, мекеме өкілдерімен әңгімелесе отырып, баланың хұқын сақтайды. Сөйтіп бейімдеу бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Ата-аналармен жұмыс істеу оңайға соқпайды, тіпті ата-аналардың арасында мінездері келіспейтін кездер де жиі кездеседі. Сондықтан әлеуметтік қызметкер бейімдеу бағдарламасына қосылған баланың ортасын анықтап алу керек. Әлеуметтік қызметкер заңдылықты сақтай отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды хұқын қорғай алады. Осы орайда маманға ақпарат алуға талпыну керек. [3] .
Тәжірибесіне, біліміне, тренингке байланысты әлеуметтік бейімдеу маманы мүгедек балалардың ата-аналарына мына талаптарды қоя алады.
-Униформалықтан келісімге жиі келуден бас тарту
-Ата-аналар сеніміне кіру үшін олар жайлы нақты ақпарат алу.
-Қажетті түсінік жұмыстарын жасау
-Жалғыздан жалғыз шешім жасамау.
1. Нақтылы бір отбасымен атқарылатын жұмыс.
- Әлеуметтік қызметкер( немесе басқа маман отбасына келгенде: Пәтерге кірген кезде үй ішінің ахуалына назар аудару;
Әке шешесімен бірге үйдегі өзге де бауырларымен тілдесу;
Ата-аналардың тұрмыстық жағдайын сұрап білу;
Баланың оқуымен танысу;
Ата-аналардың сұрағына жауап беру;
Отбасы баламен қалай әңгімелесетінін қадағалау;
2. Нақтылы бір отбасымен жұмыс істеудің жүйесі:
Ата-аналармен кездескен кезде арнайы күнделік толтыру арқылы әр кездесудің нәтижесін жазу.
Хат арқылы ақпарат алмасу
Телефон арқылы хабарласу
Ата-аналарға әлеуметтік ойындар
Оқу құралдарын тапсыру
Ата-аналарға телебағдарламаларды көрудің жоспарын жасап беру
3. Ата-аналармен арнайы кеңселерде кездесу
Ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу
Әртүрлі кинофильмдер көрсету
Бейімдеу орталығындағы ашық есік күні.
Спорт ойындары, туризм
Мерекелік шаралар
4. Ата-аналарға бейімдеу орталығында жасалатын жұмыс жоспарын беру.
Ақпараттарды арнайы буклеттер арқылы жеткізу
Арнайы тақсалар жасау.
Жергілікті және басқа да басылымдарда жарияланған мақалалармен таныстыру
Оқу-құралдарын әзірлеу
5. Ата-аналардың көмегі арқылы күтушілер дайындау.
Тәжірибелі отбасыларының бейімдеуді қажет ететін үйлерге баруын қамтамасыз ету.
Бейімдеу орталықтарында әртүрлі шаралар ұымдастыру.
Міне жоғарыдағы көрсетілген бағдарлама әлеуметтік қызметердің мүмкіндігі шектеулі балалар және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. [4] .
Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінең тараған түрлеріне қарауысыздық пен қанғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші-балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық - кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар-педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан ( немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата-аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата-аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі- бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қанғыбастық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық қылмыстық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтынсүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201-1 бабы бойынша қанғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір-екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту алынып тасталды, өйткені ол Республиканың Конституциясында көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Жазаны алып тастау, әрине, проблеманы алып тастамайды. ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстанда қараусыздық пен қанғыбастық өткір, әрі аумақты проблема болып, әлеуметтік қызметтер жағынан аса басты назар аударуды қажет етіп отыр.
Бұл құбылыстың таралуын түсіндіру мүмкін емес, ол туралы статистика да жүргізілмеген: олар жайлы кейбір зерттеулерге, жанама көрсеткіштерге ( қылмыс жасаған қараусыз қалғандар мен « омждардың саны) қарап қана айта алады. Мысалы, Ресейде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың РАН институтының есептеуінше қараусыз қалғандар саны 4 миллиондай адам. Қазақстандағы бұл құбылыстың аумағы туралы мынадай жанама мәліметтер келтіруге болады: Семей қаласында (республикадағы осы көрсеткіші аса қолайсыз емес қала) жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реабилитациялау. Орталығын әр күн сайын 20-дан астам қараусыз қалған балалар - кірлеген, жүдеген, педикулезбен, басқа да тері ауруларымен ауыратын балалар баспана қылады екен. 2000 жылы 6 ай ішінде Алматы қаласының жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реабилитациялау Орталығына 100 бала әкелініп, тапсырылған, олардың 231 Алматы қаласының тұрғыны, 489 Қазақстанның алыс және жақын аймақтарынан келген, 257 ТМД елдерінен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) келсе, олардың 75-і 3-тен 7-жас аралығында, 8-ден 13-ке дейін-496 бала, 223-14-тен 16-ға дейін, 205-16-дан 18-ге дейінгі балалар болып шыққан. [22] .
РАН тұрғындардың әлеуметтік -экономикалық проблемаларының институтының жүргізген зерттеулері мынадай «қараусыз қалған адамның типтік» портретін жасаған: бұл жасы 8-ден 15жас аралығындағы жасөспірім, әдетте қалалық тұрғын (ауылда адамдар бір-біріне жан, ашырлықпен қарап, көмектесіп тұрады), олардың 83% ұл балалар, бірақ соңғы уақыттары қыз балалар көбейіп келеді, 57% -үлгерімі нашар балалар, кейбірі бірнеше жыл сыныпта отыр, көпшілік қараусыз қалғандардың отбасы бар, 8% отбасы толық, 24-толық емес, 16% ата-аналарымен, әжелерімен, аталарымен тұрады, қалғандары балалар үйінен қашып кеткен.
Осы зерттеулерден байқағанымыздай, 1996-2000 жылдары пайда болған қараусыз қалғандар үрдісінің шамамен 70% топтарға біріккен, оларды ересек жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар басқарады. Мұның еш жақсылығы жоқ: топта олар өздерін топта жазаланбайтындай сезінеді, агрессивті және ашуланшақ болып келеді, дегенмен оларға онда өмір сүру оңай, ақша таба алады, өздерін қауіпсіз сезінеді, егер қауіп төне қалса бір-біріне көмектесе алады. Қоғамдағы дарашылдық идеясының кеңінен тарауы жасөспірімдер үшін де өз ізін қалдырды, сол себепті қазір мұндай топтар азайған. Одан басқа да себептербар: оқығысы келетін оқушылар саны екі есеге азайған, бұл балалар аса еңбектеңбей-ақ ақша тауып, өмір сүруге болатыны «түсінген». 1996 жылғы қараусыз қалғандары сұрағанда, оларда әлі де болса, қоғамның көмектесетініне кішкентай да болса үміттері бар екені анықталған. Қазіргі қараусыз қалғандар қатал, өзгелерге сенімсіздеу, ештнңеге сенбейді: ешқандай көмек керек мжоқ деген балалар тобының саны екі есеге өсті, ешкім оларға көмектесе алмайды деген балалар саны 17 % -дан 56% -ға дейін өсті. ( қараңыз Труд. -2001. 17 наурыз) .
Бұл мәліметтер Ресей зерттеулерінен алынған, бірақ бұрынғы ортақ өткеніміз бен қазіргі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік- психологиялық жағдайларымыздың ұқсастығын ескерсек, оларды қазақстандық қоғамға да тән деп айтуға болады. [21] .
Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Декларациясында былай делінген, «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқада түсінігіне, туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы.
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады. [19] .
Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі - ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай от басындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл күйі түсіп сенімсіздік пайда болады. Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай, ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Мүмкіншілігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әр бір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог, психолог, әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру.
Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын еді. [14] .
1. 2 Қараусыз қалған балалармен және қаңғыбастарымен жүргізілетін әулеметтік жұмыс
Қараусыздық пен қаңғыбастық- баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драммасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:
- алғашқы қоғамдық ырғақтан ( оқу, еңбек) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды: себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, «бомждардың» көпшілігінің білімі орта және арнаулы-орта;
- қылмыс үшін және қосымша криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35% « бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары;
- әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитариялық жағдайларда өмір сүруінен олар көбіне әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық-гигиеналық аспектілермен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастармас бұрын, қараусыздықты болджырмай, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды
Әлеуметтік - экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынадай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық эпидемиялар, әскери жанжалдар немесе табиғи катаклизмалар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік-экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік -психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылылардың көбеюімен, ата-анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл-күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, токсикомания, нашақопрлық жатады.
Қаралып отырған құбылыстардың, соның ішінде қараусыздықтың психологиялық себебібіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез-құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтан 3-4% осыларға жатады деген де пікір бар. Шындығында осы себептер өзара байланысты, бір-бірін толықтырып, айқындап тұрады. [20] .
Қоғамның дамуының өтпелі кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық өмірдің тұрақсыздығы жағдайында, реформаларды жүзеге асыру кезі халықтың негізгі бөлігі үшін ауыр болады, балалардың, жасөспірімдердің өміріне теріс әсер етіп, қараусыздықты тудыратын қосымша факторларға мыналарды жатқызуға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz