Қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбы немесе ғылыми- техникалық революция өркені



Бірінші тарау
Кемел әдебиетке кең өріс
1.1 Ғылыми . техникалық революцияның әдебиеттегі орны
1.2 «Өндірістік шығармалар» және кейіпкер
Екінші тарау
Ғылыми. теникалық прогресс және еңбек адамы
2.1 Көркем шығарма көтерген мәселесімен құнды
2.2 Шығармаға қойылатын уақыт талабы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы. Заман бір орында тұрмайды. Дамып отырады. Егер дамымай бір орында тұрып қалса, қоғам күйрейді, күйремесең дамыған елдердің желіне айналып, тарихтан мүлдем өшесің. Біз қазір ғылыми – техникалық революция дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Алғаш атомдық электр станциясының салынуы, тұңғыш жер спутнигінің ұшырылуы; тұңғыш космос кемесінің жасалуы; телеведениенің кеңінен таралуы, лазер құбылысының ашылуы, электрондық есептегіш машиналардың кеңінен қолданылуы, алғаш автоматтық линиялардың іске қосылуы, шала өткізгіштер техникасының қолданылуы, интернеттің жаппай ел игілігіне айналуы, қалтафондарсыз жүрудің мүмкін болмайтындығы- қаулаған прогресс дәуірінің басталуын көрсететін сипат- белгілер. Ол- дүниежүзілік құбылыс, дамыған елдердің бәріне ортақ.
Әлемде алғаш жер спутнигін ұшырған, космосқа бірінші адамды аттандырған,тұңғыш атомдық станциялар орнатқан, ең ірі электростанцияларын, ең өнімді доминалар мен мартендерді, көмір разрездері мен мұнай кәсіпшіліктерін, ең қуатты тракторлар мен автомобильдерді, тепловоздар мен атомоходтарды жасаған әлемдегі ең қуатты СССР деген елдің шапанынан шыққанымызды иойындауымыз керек. Құлаған СССР- дің жақсылығын ұмытпай, онан көрген ізгілікті істерді жалғастырып, тұрлаусыздарынан безінген жөн. Демек социализм жағдайында ғылым мен техника адамның игілігіне қызмет еткенің, халықтың әл- ауқатын жақсатып, Отанының қуатын арттырғаның көзімізбен көрдік. Ғылыми- техникалық, өндірістік- экономикалық мәселелердің әрқайсысында әдетте күрделі де шытырман пікірлер айқасы, позициялар шайқасы жатады. Сол айтыс- шайқастарды ұйымдастыратын да жандандыратын, ақыры реттеп шешетін де тындыратын адамдар. Қазіргі өндіріс орындары ма, мекеме ме ауылшаруашылық кооперативі ме, жер асты жұмыстары ма бәрі техникамен жарақтандырылған. Сондықтан жастар да, егде тартқан қариялар да техника тілін білмейінше, ескіше өмір сүре алмайды. Демек техниканың күллі өміріміздің мәніне айналғанына сүйіну керек, сүйсіну керек, техниканы адамға айналдырмай, адамның игілігіне қызмет еткізген жөн. Асылы, іс тағдыры адамның өз тағдырына айналады. Көркем шығарма осы процесті тауып, дәл басып көрсете білгенде әрекеттің бағы жанады. Өндірістік поблемалардың шешілуі және бір техникалық шаралардың жүзеге асуы, жеңіп шығуы ғана емес, адам тағдырының шешілуі, адамның өмір сүру мүмкіндігі жаңа бағытына ие болды деген сөз. Біз ХХ ғасырдың ішінде феодализмнен социолизмге, онан кейін толық женген социолизм, кемелденген социализм, коммунизмге аяқ басып барып, Тәуелсіздігімізді алған жеке дара қуатты мемлекет болу бақытына ие болдық. Қазір ешкімге жалтақтамай, ата- баабмыздан қалған ұлы даланың байлығын игеріп, жас ұрпақтарды өсіріп, дамыған кемелденген елге айналуға бар күш- жігерімізді салып тер төгуіміз қажет. Елді дамыту үшін ұрпақ білімді, өнерлі, еңбекқор, табанды, қайсар, өз туған елінің патриоты болғаны жөн. Білім- ол ғылым, ғылым- жаналық, өнертапқыштық, техниканың жана көздерін тауып, халықтың игілігіне қызмет еткізбек. Біз бүгінгі жетілген техника ғасырының өмірімізге бірден еніп, бірден кереметке қол созбағаның білеміз. Оның өткені бар. Өткенсіз бүгін. Бүгінсіз келешек жоқ. Техниканы ойлап тауып, өмірге, тұрмысқа енгізген адам. Әдетте сол адамды зерттейтін, танытатын, небір құдіретті құбылысты жеткізе таңғажайып әлемге жетелейтін қасиеті,құдіреті өнер. Қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбы, ғылыми- техниканық рефолюцияның қазақ халқының өркениетіне алғышарт қызмет жөн. Жоғарыда атап өткен таңғажайып ғылыми- техникалық біздің елімізде бірінші боп жүзеге асып, әлемді бізге үңілдіруге, танып- білуге мүмкіндік туғандығының айғағы.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Гуманитарлық факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбы немесе ғылыми- техникалық революция өркені

Орындаған: ҚТӘ 412 топ білімгері
Чатбай Тоғжан
Ғылыми жетекшісі: фолология
ғылымдарының докторы,
профессор Т.С. Сыдықов

Талдықорған, 2016 жыл

Мазмұны
Кіріспе
Бірінші тарау
Кемел әдебиетке кең өріс
0.1 Ғылыми - техникалық революцияның әдебиеттегі орны
0.2 Өндірістік шығармалар және кейіпкер
Екінші тарау
Ғылыми- теникалық прогресс және еңбек адамы
2.1 Көркем шығарма көтерген мәселесімен құнды
2.2 Шығармаға қойылатын уақыт талабы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы. Заман бір орында тұрмайды. Дамып отырады. Егер дамымай бір орында тұрып қалса, қоғам күйрейді, күйремесең дамыған елдердің желіне айналып, тарихтан мүлдем өшесің. Біз қазір ғылыми - техникалық революция дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Алғаш атомдық электр станциясының салынуы, тұңғыш жер спутнигінің ұшырылуы; тұңғыш космос кемесінің жасалуы; телеведениенің кеңінен таралуы, лазер құбылысының ашылуы, электрондық есептегіш машиналардың кеңінен қолданылуы, алғаш автоматтық линиялардың іске қосылуы, шала өткізгіштер техникасының қолданылуы, интернеттің жаппай ел игілігіне айналуы, қалтафондарсыз жүрудің мүмкін болмайтындығы- қаулаған прогресс дәуірінің басталуын көрсететін сипат- белгілер. Ол- дүниежүзілік құбылыс, дамыған елдердің бәріне ортақ.
Әлемде алғаш жер спутнигін ұшырған, космосқа бірінші адамды аттандырған,тұңғыш атомдық станциялар орнатқан, ең ірі электростанцияларын, ең өнімді доминалар мен мартендерді, көмір разрездері мен мұнай кәсіпшіліктерін, ең қуатты тракторлар мен автомобильдерді, тепловоздар мен атомоходтарды жасаған әлемдегі ең қуатты СССР деген елдің шапанынан шыққанымызды иойындауымыз керек. Құлаған СССР- дің жақсылығын ұмытпай, онан көрген ізгілікті істерді жалғастырып, тұрлаусыздарынан безінген жөн. Демек социализм жағдайында ғылым мен техника адамның игілігіне қызмет еткенің, халықтың әл- ауқатын жақсатып, Отанының қуатын арттырғаның көзімізбен көрдік. Ғылыми- техникалық, өндірістік- экономикалық мәселелердің әрқайсысында әдетте күрделі де шытырман пікірлер айқасы, позициялар шайқасы жатады. Сол айтыс- шайқастарды ұйымдастыратын да жандандыратын, ақыры реттеп шешетін де тындыратын адамдар. Қазіргі өндіріс орындары ма, мекеме ме ауылшаруашылық кооперативі ме, жер асты жұмыстары ма бәрі техникамен жарақтандырылған. Сондықтан жастар да, егде тартқан қариялар да техника тілін білмейінше, ескіше өмір сүре алмайды. Демек техниканың күллі өміріміздің мәніне айналғанына сүйіну керек, сүйсіну керек, техниканы адамға айналдырмай, адамның игілігіне қызмет еткізген жөн. Асылы, іс тағдыры адамның өз тағдырына айналады. Көркем шығарма осы процесті тауып, дәл басып көрсете білгенде әрекеттің бағы жанады. Өндірістік поблемалардың шешілуі және бір техникалық шаралардың жүзеге асуы, жеңіп шығуы ғана емес, адам тағдырының шешілуі, адамның өмір сүру мүмкіндігі жаңа бағытына ие болды деген сөз. Біз ХХ ғасырдың ішінде феодализмнен социолизмге, онан кейін толық женген социолизм, кемелденген социализм, коммунизмге аяқ басып барып, Тәуелсіздігімізді алған жеке дара қуатты мемлекет болу бақытына ие болдық. Қазір ешкімге жалтақтамай, ата- баабмыздан қалған ұлы даланың байлығын игеріп, жас ұрпақтарды өсіріп, дамыған кемелденген елге айналуға бар күш- жігерімізді салып тер төгуіміз қажет. Елді дамыту үшін ұрпақ білімді, өнерлі, еңбекқор, табанды, қайсар, өз туған елінің патриоты болғаны жөн. Білім- ол ғылым, ғылым- жаналық, өнертапқыштық, техниканың жана көздерін тауып, халықтың игілігіне қызмет еткізбек. Біз бүгінгі жетілген техника ғасырының өмірімізге бірден еніп, бірден кереметке қол созбағаның білеміз. Оның өткені бар. Өткенсіз бүгін. Бүгінсіз келешек жоқ. Техниканы ойлап тауып, өмірге, тұрмысқа енгізген адам. Әдетте сол адамды зерттейтін, танытатын, небір құдіретті құбылысты жеткізе таңғажайып әлемге жетелейтін қасиеті,құдіреті өнер. Қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбы, ғылыми- техниканық рефолюцияның қазақ халқының өркениетіне алғышарт қызмет жөн. Жоғарыда атап өткен таңғажайып ғылыми- техникалық біздің елімізде бірінші боп жүзеге асып, әлемді бізге үңілдіруге, танып- білуге мүмкіндік туғандығының айғағы.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Әдебиет- дүниенің сырт бейнесін ғана көрсететін өмірдің айнасы емес, шындық болмыстың ішкі процестерін, жер астында буырқанған магма реакциясы сенімді сырғанағанда сезілмей, бір байқағанға білінбейтін адамдардың ойларындағы, сезімдеріндегі құбылыстарды көрсететін рентген айнасы. Ол жай суреттеп қоймай, олардың табиғат жаратылған тенция, туу қалыптасу жолын зерттейді бет алу, өзгеру процестерін барлайды.Қазақ даласы бұрын төрт түлік малға шұрайлы жайылым болып жатты. Оның жайлаған көшпенді ата-бабаларымыз ғылымы, білімі пайда болып, ел өмірін қркениетті жаңалықтарын жүзеге асырып, жаңаша өмір сүре бастаған өнер-білімі бар жұрттарға көз салып, солардан қалмай қуатты мемлекет құруға бас ауыртпады. Қазақ даласын орыс империясы толық отарлап алғаннан кейін өз иелігін аталған далаға жаңалықтар келе бастады. Деревня, ауылдар пайда болып, жаңа үйлер салынды, мектеп, магазин, ойын-сауық отаулары өмірге келіп, темір жолдар салынды. Кен орындары ашылып, оған қазақтар да тартылды. Революция ірі өзгерістер ала келді. Қазақ балалары білім алып, жаңа мамандықтарды игеріп, кейбір ғылым іздеп, ата- бабасы армандамаған биікке қол созды. Әрине, бұл жолда орыстың алдыңғы қатарлы, озық ойлы, гуманист перзенттері жеткілікті жерден шыққан талантты, талапты жастарды жатсынбай, бауырына тартып, білімге, ғылымға, өнерге баулығанын мойындағанымыз жөн. Қазақ жазушылары Б. Бұлқышев, С. Ерубаев, Сәкен Сейфуллин, І. Жансүгүров, Ә.Әбішев, Ғ.Мустафин, Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ш.Мұртаза, А.Жақсыбаевтарға өндіріс тақырыбын қалай игеріп, теміржол салып жатқан жұмысшылардың өмірін, тағдырын, қала тіршілігін, ғылыми- техникалық революцияның өмірге батыл қадам бастауын көркем бейнелеудің құпиясына сол орыстың алдыңғы қатарлы талантты перзенттерінің ұстаздығы нәтижесінде мүмкіндік туды. Сол мүмкіндікті жазушы-ақындарымыздың алғырлықпен меңгергенін ашу тақырыптың өзектілігін аңғарса керек. Тың тақырып, тың мәселені біздің дарынды жазушыларымыз шапшаң меңгерді. Өйткені, олардың үйренер, үлгі алар мектебі орыс әдебиетінің ғылыми техникалық революцияны жан-жақты бар қырынан зерттеп жазған білім дайындығы, табиғи ынғайы жағынан ерекшеленген жазушылары өздерінің атақты туындыларымен үлгі-өнеге . Біздің әдебиет жеке қорған, дара тұрған әдебиет емес, Тәуелсіз елдер семьясының бір мүшесі, үлкен бәйтеректің бір бұтағы. Демек, Тәуелсіз елдер әдебиетінің тәжірибесі, сабағы, алған әрбір қазақ жазушысы үшін ортақ байлық, ортақ игілік. Біз өткен ғасырдың 60- 70 жылдарындағы қазақ әдебиетінде де лебі мен демін сездіретін, білдіретін, осы заманғы экономика мен өндірістің күрделі де процестері мен проблемалары арқылы адамды көрсететін шығармалары толғағанда кешегі СССР құрамындағы туыстас халықтар әдебиетінің жетістіктерін қатар алып қарастырсақ ғылыми жағынан ұтымды тұжырымдар жасай аламыз. Осы мәселелерге назар аударсақ, тақырыбымыздың өзектілігін терең байыптап, объективті ғылыми тұжырымдар жасарымыз анық.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Ғылыми- техникалық революцияның қазақ әдебиетіне енуінің арғы негіздерін қаза отырып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайына тигізетін пайдасын нақты шығармалар арқылы айқындауды мақсат етіп қойып, оны жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді алдыға қойдық:
Ғылыми- техникалық революция ұғымын көркем әдебиет шығармалары арқылы дәріптеудің, насихаттаудың қажеттігін анықтау;
Кешегі СССР құрамында болған, қазір Тәуелсіз елдер достастығы бір шаңырақ астында отырғанда ғылымда, өнеркәсіпте қол жеткен биік табыстардың нәтижесі кеңес әдебиетінде қалай көрірніс бергенің сараптау;
Кеңес әдебиеті үлгі алған, НТР- ды шығармаларының өзегі еткен шетел жазушылырдың ізденістерін туындыларын талдау арқылы айқындау;
Ғылыми- техникалық революцияның жетістіктерін көркемөнер мен көркем шығармада насихаттап, ондағы озық ойлы мамандар мен ғалымдардың, қарапайым еңбек адамдарының образын жасанды партия съездері мен пленумдарында қабылданған қаулы- мәні- маңызын байыптау;
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяқ кезінде Тюмень мен өткізілген бүкіл одақтық творчестволық конференциялар НТР проблемаларынан өндіріс, жұмысшы тақырыбының бүгінгі әдебиетімізде қалай көрініп, осыған байланысты қандай проблемалар мен бағыттар байқалғаның қарастыру;
Өткен ғасырдың 20- 60 жылдары НТР тақырыбына өндіріс, жұмысшы табынан қазақ даласында пайда болып, дамуын бейнелеген қазақ ақын- жазушыларының туындыларын таразылау;
Өндірістік шығармалар шын мәнінде әдебиетімізде 70- жылдары қанатын жайып, буыны қатайғаның, сондай- ақ Кеңес әдебиетінің де ең басты сипаты, жаңалығы осы кезеңде кең көрініп, әлемдік әдебиеттің деңгейінде танылуының құпиясын сараптау;
Өндіріс тақырыбына жазылған шығармалардың көркемдік ізденістері енді есейген, кемелденген әдебиеттің мінезіне сай назарды халықтық, адамзаттық маңызы бар ірі проблемаларға аударып, қоғамның объективтік, субъективтік бір- біріне сәйкес, сай келуін, адамауи, заманауи мүдделерге бағыттала бастағаның талдап, көрсету.
Дипломдық жұмыстың нысанасы. Дипломдық жұмыстың басты тақырыбы өндірістің НТР- дың қазақ әдебиетіндегі орнына арналғандақтан осы тақырыпқа қатысты әлем, орыс әдебиетінің озық үлгілері, солардың шеберлігін зерттеп, үйренудің негізінде жазылған қазақ ақын- жазушыларының басты шығармалары басты нысанаға алынды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері. Салыстырмалы- типологиялық және мазмұндық жүйелі талдау. Алдымызға қойған мақсатты шешу үшін біз біртұтастық талдау мен проблемалық интертекстуалдық әдістерді типологиялық принциптерін пайдаландық.
Дипломдық жұмыстың теориялық, әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде әдебиет тарихына қатысты кейбір еңбектер кешенді түрде зерттеудің ғылыми әдістемелік негізіне алынды. Атап айтқанда: М. Әуезов, С. Қирабаев, М. Қаратаев, Х. Әдібаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Т. Сыдықов, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғалиев, К. Смаилов, Т. Қожакеев, А. Егеубаев, Б. Майтанов т.б ғылыми- теориялық тұжырымдарын кеңінен пайдаландық. Ал шет елдік ғалымдардан: В. , А. Овчаренко, З. Кедрина, В. Беловтардың еңбектері тиімді жерінде кәдеге асты.
Дипломдық жұмыстың ұсынылатын тұжырымдары. Зерттеу нәтижесінде дипломдық жұмыс төмендегідей тұжырымдарды ұсынады:
Ғылыми- техникалық революция ұғымы елдің өркендеуі, даму жолында ерекше импульс тудыратын құдіретті күш екенін теориялық жағынан терең пайымдадық.
Кешегі СССР құрамында болған, қазір Тәуелсіз елдер достастығы бір шаңырақ астында отырғанда ғылымда, өнеркәсіпте қол жеткен ірі табыстары ортақ саналып, әдебиетте олардың бейнеленуі қызу қолдау тауып, озық үлгілері ұлттық тілге аударылып, кеңінен насихатталғаны нақты мысалдарман сараланды.
Кеңес әдебиеті үлгі алған, НТР, өнеркәсіп тақырыбына жазылған шетел жазушыларының туындылары талданып, озық ізденістері байыпталды.
Ғылыми- техникалық революция жетістіктерін көркем шығармада насихаттау жөніндегі партия съездері мен Пленумдарының материалдарының мән- маңызы терең қарастырылды.
Өндірістік шығармалар шын мәнінде 70- жылдары қанатын жайып, буыны қатайғаны, кеңес әдебиетінін де ең басты сипаты, жаналығы осы кезеңде айрықша көрінгенін нақты мысалдармен талданып, ғылыми тұжырымдалды.
Дипломдық жұмыстың теориялық, практикалық мәні. Дипломдық жұмыс қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбы немесе ғылыми- техникалық революция (ҒТР) өркенін зерделейтіндіктен еңбекті орта мектептің 11- сыныбында қазіргі қазақ әдебиетінен сабақ жүргізгенде пайдалануға болады. Сондай- ақ жоғары мектептің филология, журналистика факультеті студенттеріне қазіргі қазақ әдебиеті, қазақ әдебиеті тарихы пәндерінен оқылатын дәрістерде, семинар сабақтарында қосымша кәдеге асырса нұр үстіне нұр.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау төрт тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1 Ғылыми - техникалық революцияның әдебиеттегі орны
Біз ғылымитехникалық революция НТР дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Алғаш атомдық электр станциясының салынуы, тұңғыш жер спутнигінің ұшырылуы; тұңғыш космос кемесінің жасалуы; телевидениенің кеңінен таралуы; лазер құбылысының ашылуы; электрондық есептегіш машиналардың іске қосылуы; шала өткізгіштер техникасының пайдалануы - міне, қаулуған прогресс дәуірнің басталуын көрсететін сыпат-белгілер осылар.
Ол - дүние жүзілік құбылыс, дамыған елдердің бәріне ортақ. Бірақ капитализм елдеріндегі жоспарсыз экономикада ғылыми-техникалық революция прогрестері стихиялы түрде жүреді. Ал, істің бәрін жоспарлы түрде, алдын-ала ойластырып ұйымдастыратын, бүкіл қоғамның, халықтың ортақ мүддесін, игілігін көздейтін социалистік экономика басқа системаларға қарағанда оңтайлы жағдай жасап, ғылым мен техниканың өркендеуіне кең жол ашатынын тарих талай көрсетті, дәлелдеді.
Әрине алғаш жер спутнигін ұшырған, космосқа бірінші адамды аттандырған, тұңғыш атомдық электр станциясын орнатқан. Жер бетіндегі ең ірі электростанцияларын, ең өнімді домналар мен мартендерді, көмір разрездері мен мұнай кәсіпшіліктерін, ең қуатты тракторлар мен атомоходтарды жасаған - социализмнің ғылымы мен советтік экономика. Демек, социализм жағдайында ғылым мен техника адамның игілігіне қызмет етеді, халықтың әл-ауқатын жақсартады, Отанның қуатын арттырады. Ғылыми-техникалық революция кезеңі экономистер мен социологтардың айтуына қарағанда біздің елімізде елуінші жылдардың аяғы - алпысыншы жылдардың басында басталған. Совет әдебиеті мен өнерінің таңдамалы, таңдаулы шығармаларынан оның көріністерін де көреміз. Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев
Сәбит Дөнентаев ( 1894-1933)
Жазушының драмалық шығармалары
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Пәндер