Кітапшалау-түптеу цехында орындалатын технологиялық процестер



КІРІСПЕ
1 Технологиялық бөлім
1.1 Басылымның техникалық сипаттамасы
1.2 Кітапшалау түптеу цехының жылдық жүктемесі
1.3 Кітапшалау.түптеу цехында даярлаудың технологиялық сұлбасы
1.4 Таңдалған технологиялық процесті талдау және орнықтыру
1.5 Негізгі жабдықты таңдау
1.6 Негізгі матеиалдарды таңдау
1.6.1 Негізгі материалдың санын анықтау есептері
1.7 Кітапшалау.түптеу процесінің маршрутты.технологиялық картасы
1.8 Өндірістің кітапшалау.түптеу цехын ұйымдастыру
2 Өндірісті ұйымдастыру
2.1 Кітапшалау.түптеу цехының техникалық қауіпсіздігі
ҚОРЫТЫНДЫ
«Кітапшалау» деген термин – кітапша деген сөзден, яғни 5-80 беттен тұратын жұмсақ мұқабамен қапталған басылым деген сөз. Ал, «түптеу» деген термин түптеме, түптелген қап, яғни кітап блогын түптеуге арналған қап деген сөзден шыққан.
Кітапшалау-түптеу процестері технологиялық процестің соңғы этапы. Полиграфиялық өнімнің кейбір түрлері, жарнамалық өнімдер, газеттер, журналдар тек өңдеу операцияларынан өтеді. Кітапшалау процестеріне – бүктемелеу, бүктелген дәптерлерден блокты жинақтау, нақты бір әдіспен блокты бекіту, дайын блокты жұмсақ мұқабаға қондыру, шыққан кітапшалардың сапасын тексеру және орап - буу процестері жатады.
Баспа өнімдерінің ішіндегі ең күрделісі – кітап. Ол өзара әртүрлі тәсілдермен біріктірілген, көптеген элементтерден құралады. Кітаптың әртүрлі элементтерімен, параметрлерінің (дәптерлер, олардың бөліктері, бейнесуреттер, форзацтар, мұқабалар, түптеу қаптары, кітаптың форматы, көлемі т.б.) бірлесуі, қолдану варианттарының көптігі кітап шығару, өндірісінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Басылып шыққан кітап-журнал түріндегі жартылай даяр өнімдерді өңдеу процесі олардың басу цехынан кітапшалау цехына қандай түрде түскеніне байланысты. Егер олар рулонды ротациялық машиналарынан бүктелінген және бумаға сығымдалған күйде берілетін болса, парақтық машиналардан үлкен жеке парақтар түрінде шығады, оларды кітап-журналдық құрылымының алғашқы элементтері – дәптерлерге қалыптасыру қажет.
Маған берілген өнімнің түрі – сөздік. Яғни кітап өнімінің бір түрі. Кітап – мерзімсіз өнім түрі. Бұл полиграфиялық өнім түрі кітапшалау-түптеу процесінің барлық технологиясын қамтиды. Және маған берілген кітап өнімі қатты түптеу қабымен қапталып, жіппен тігілетіндіктен қосымша метериалдар да пайдаланылады.
1 Медетбекова З.О, Ибраева Ж.Е. Кітапшалау-түптеу процесі. Оқу-әдістемелік кешені – Алматы: ҚазҰТУ, 2007, 56-105 бет.
2 Бәзiлoв Ж. Ж. Пoлигpaфия өндipiciнiң нeгiздepi – Алматы: Дәуір, 2010.
3 Электрондық нұсқасы http://www.polimk.ru сайтында берілген.
4 Электрондық нұсқасы http://post-press.net сайтында берілген.
5 Электрондық нұсқасы http:http://siko-print.ru сайтында берілген.
6 Электрондық нұсқасы http://www.yam.ru сайтында берілген.
7 Медетбекова З.О, Ибраева Ж.Е. Полиграфиялық материалдар. Оқу-әдістемелік кешені – Алматы: ҚазҰТУ, 2010, 75-195 бет.
8 Норма времени и выработки на процессы полиграфического производства. М.: Книга.
9 Нормы расхода материалов на полиграфических предприятиях. М: 2007.
10 №5 спрвочник технолога-полиграфиста. Часть 6. М.: Книга, 1986 г. 97-105 с.
11 Производственные процессы в полиграфии: Проектирование и расчет. М.: Книга, 1985 г. 301-310 с.
12 Трудникова Г.Г. Переплетные брошюровочные процессы, Книга Москва, 1987 г.

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Кітапшалау деген термин – кітапша деген сөзден, яғни 5-80 беттен
тұратын жұмсақ мұқабамен қапталған басылым деген сөз. Ал, түптеу деген
термин түптеме, түптелген қап, яғни кітап блогын түптеуге арналған қап
деген сөзден шыққан.
Кітапшалау-түптеу процестері технологиялық процестің соңғы этапы.
Полиграфиялық өнімнің кейбір түрлері, жарнамалық өнімдер, газеттер,
журналдар тек өңдеу операцияларынан өтеді. Кітапшалау процестеріне –
бүктемелеу, бүктелген дәптерлерден блокты жинақтау, нақты бір әдіспен
блокты бекіту, дайын блокты жұмсақ мұқабаға қондыру, шыққан кітапшалардың
сапасын тексеру және орап - буу процестері жатады.
Баспа өнімдерінің ішіндегі ең күрделісі – кітап. Ол өзара әртүрлі
тәсілдермен біріктірілген, көптеген элементтерден құралады. Кітаптың
әртүрлі элементтерімен, параметрлерінің (дәптерлер, олардың бөліктері,
бейнесуреттер, форзацтар, мұқабалар, түптеу қаптары, кітаптың форматы,
көлемі т.б.) бірлесуі, қолдану варианттарының көптігі кітап шығару,
өндірісінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Басылып шыққан кітап-журнал түріндегі жартылай даяр өнімдерді өңдеу
процесі олардың басу цехынан кітапшалау цехына қандай түрде түскеніне
байланысты. Егер олар рулонды ротациялық машиналарынан бүктелінген және
бумаға сығымдалған күйде берілетін болса, парақтық машиналардан үлкен жеке
парақтар түрінде шығады, оларды кітап-журналдық құрылымының алғашқы
элементтері – дәптерлерге қалыптасыру қажет.
Маған берілген өнімнің түрі – сөздік. Яғни кітап өнімінің бір түрі.
Кітап – мерзімсіз өнім түрі. Бұл полиграфиялық өнім түрі кітапшалау-түптеу
процесінің барлық технологиясын қамтиды. Және маған берілген кітап өнімі
қатты түптеу қабымен қапталып, жіппен тігілетіндіктен қосымша метериалдар
да пайдаланылады.

1 Технологиялық бөлім

1.1 Басылымның техникалық сипаттамасы

Әр кәсіпорын басылымды шығармас бұрын, оның техникалық сипаттамасын
жасайды. Маған берілген басылымның техникалық сипаттамасы 1-кестеде
берілген [1].

1-кесте - Басылымның техникалық сипаттамасы

Басылымның аталуы Сөздік
Басылымның түрі Кітап
Басылымның форматы және бөлшегі, см 60×9016
Басылымның форматы, мм
кесуге дейін: 150×225
кесуден кейін: 145×215
Басылымның көлемі:
- физикалық баспа табақта 30
- қағаз табақта 15
- беттерде 480
- шартты баспа табақта 30
Таралымы, мың дана 3500
Атау саны 30
Түптеу типі №4
Түптеу қабының материалы Мұқаба қағазы мен пленка
Түптеу қабының өңдеу түрі Фальгамен оймалау
Форзацтың түрі Қарапайым
Блоктың бөлшек басылым табақтарының,
суреттерінің болуы және олардың бекітілу–
сипаттамасы
Жинақтау әдісі Бірінің үстіне бірін қойып
Кітап блогын бекіту әдісі Жіппен тігілген, түбі желімденген
Терілім бетінің форматы, кв 6 12 × 10 12
Кесілгеннен кейінгі жолақтарының өлшемі 34, 12, 34, 34
Таңдалған қағаздың түрі (гм2) Офсеттік, борланбаған
- мәтінге 80
- форзацқа 120
- мұқабаға 160
Фальцтың пайда болу әдіс 3 бүгілім, перпендикуляр
Дәптердегі беттердің саны 16
Блоктағы дәптерлер саны 30

1.2 Кітапшалау түптеу цехының жылдық жүктемесі

Кез-келген кәсіпорынға жылдық жүктеме беріледі. Мұнда дәптердің
жылдық саны мен басылымның жылдық санын есептейміз. Маған берілген жылдық
жүктеме 2-кестеде келтірілген [1].

2-кесте -Кітапшалау-түптеу цехының жылдық жүктемесі

Басылымның аты Сөздік
Басылымның форматы мен бөлшегі 60×9016
Кесуге дейінгі форматы, мм 150×225
Кескеннен кейінгіформаты , мм 145×215
Көлемі,физикалық баспа табақ 30
Таралым, мың дана 3500
Атау саны 30
Мерзімділігі -
Дәптердегі көлемі 15
Басылымның жылдық саны, мың дана 1575000
Дәптердің жылдық саны, мың дана 105000

Басылымның жылдық саны (1) формуласымен есептелінеді:

Бж=Т∙А∙М∙Vқ.т
(1)
мұндағы Т – таралым,
А – атау саны,
М – мерзімділігі,
Vқ.т – физикалық баспа табақтағы көлемі.

Бж=3500×30×15=1575000

Дәптердің жылдық саны (2) формуласымен есептелінеді:

Дж=Т∙А∙М (2)

Дж=3500×30=105000

1.3 Кітапшалау-түптеу цехында даярлаудың технологиялық сұлбасы

Кітапшалау-түптеу цехында даярлау үшін орындалатын барлық процестер
төмендегі 1-суретте көрсетілген [1].

Мәтін парақтарын
Форзацтың қағаз парақтарын
екшелеу
екшелеу


Мәтін парақтарын кесу Форзацтарды
бүктеу


Парақтарды 3 бүгілімге бүктеу
Кесу


Негізді дәптерлерге
форзацты бекіту

Дәптерлерді бірінің үстіне бірін
қойып блокқа жинақтау

Блокты жіппен тігу

Кітап блоктарын тіккен
кейін қысу

Кітап блогының түбін желімдеу

Кептіру

Кітап блогының
түбін қысу

Блокты үш жағынан
кесу

Блоктың түбін (тігінен) өңдеу


1-сурет - Сөздік оқулықтарын кітапшалау-түптеу цехында даярлаудың
технологиялық сұлбасы

Түптің қабы үшін материалды кесу

Түптік бүгілімдерді бүгу Мұқабаны
пленкамен сығымдау
↓ ↓
Каптал және қағаз тілімін желімдеу Түптің қабын
жинақтау



Фольгамен оймалау


Блокты қапқа біріктіру

Кигізгеннен кейін кітапты престеу

Кітапты штриховкалау

Сапасын бақылау

Орап-буу

1-суреттің жалғасы

1.4 Таңдалған технологиялық процесті талдау және орнықтыру

Екшелеу. Парақтарды өзара екі перпендикуляр жақтарымен тегістеу
процесі. Қағаз парақтарының арасына ауа кіргізу арқылы парақтарды біркелкі
етіп стопаға жинайды. Бұл операцияны басылмаған таза парақтарға да, басылып
кітапшалау-түптеу цехына келіп түскен парақтарға да орындайды. Екшелеу
операциясының сапасы мен еңбек сыйымдылығына қағаз парағының форматы, қағаз
парағының массасы, тегістігі, ылғалдылығы үлкен әсерін тигізеді. Екшелеуді
қолмен немесе арнайы екшелеу автоматтарында орындауға болады. Оның сапасын
қағаз табағының дұрыс жақтарын вейер сияқты төгіп тексеруге болады.
Екшелеуден кейін болашақ басылымның толық таралымын қамтамасыз ету үшін
санау керек. Ол қолмен немесе арнайы санау құрылғыларында жүргізіледі.
Екшелеудің дұрыс жасалуы нәтижесінде келесі операциялардың – кесу мен
бүктемелеудің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі.
Кесу. Кітапшалау-түптеу процесі басылған парақтарды кескілеуден
басталады. Қағазды кесу кезіндегі кішкене ғана қажетті өлшемнен
ауытқулар соңғы өнімнің сапасына ақау тудыруы мүмкін. Этикеткалар мен
бағалы қағаздарды жасау кесудің жоғары дәлдігін қажет етеді. Оның
дәлдік шегің 0,1 мм болу керек, өйткені этикалық машиналардың
жұмысында қателіктер болуы мүмкін банкоматтардың және және ақшаларды
санайтын машиналарда ондай қателіктер болмау керек.
Қағаз табағында бірнеше баспа табақ орналасса, кесуге жібереміз. Кесу
терминінің екі мағынасы бар: разрезка, подрезка. Разрезка – қағаз табағында
орналасқан өнімдерді бөлікке кесу. Ал подрезка – форматқа келтіру.
Кесу өте жауапты операция. Себебі ГОСТ пен белгіленген сызықтық
өлшемдерінде ауытқу пайда болса, ол ақауға соқтыруы мүмкін. Кесу операциясы
бір пышақты кесу машиналарында кіші форматты өнімдер үшін арналған стол
кескіште орындалады.
Кесілетін өнімнің сипатына байланысты пышақтың ұшы әр түрлі
бұрыштан немесе ұштаудың әр түрі болады. Пышақты ұштаудың 2 түрі бар:
- тік сызықты;
- екі тік сызықты.
Басылған табақтар керекті санына кесілгеннен кейін келесі
бүктемелеу операциясына келіп түседі.
Бүктемелеу. Кітап немесе кітапшалау басылымдардың белгілі форматтардың
рет-ретімен бүктеу операциясы. Бүктемелеу кезінде бүгілім сызығы бойымен
орналасқан қағаз талшықтарының деформациясы пайда болады. Бүгілім саны
және олардың орналасуына байланысты табақтарды бүктемелеу әр түрлі болып
бөлінеді.
Бүгілім саны бойынша бүктемелеуді 1,2,3,4 етіп бөлінеді. Менің
өнімім бүгілім саны бойынша 3 бүгілімде бүгіледі. Орналасуы бойынша:
перпендикуляр, параллель және де аралас бүктеледі. Осылардың ішінде
перпендикулярлы бүктемелеуде әрбір келесі бүгілім алдыңғы бүгілімде
перпендикуляр болып орналасады. Сондықтан мен осы бүгілім түрін таңдадым.
Парақты басу машиналарында басылған өнімдерді бүктемелеу
кассеталы, пышақты жəне осы екі əдісті де қолданатын арнайы бүктемелеу
машинасында орындалады. Бірінші бүктемелеу секциясында кассеталық, ал
барлық басқа секцияларында пышақты əдіс қолданылады.
Кассеталы бүктемелеу əдісі, қағаздың форматына қарай минутына
330- ден 750-ге дейін парақтарды бүктейді. Бұл əдіс бір рет бүктелген
дəптерлер мен параллельді бүктелген буклеттерді дайындауға ыңғайлы.
Пышақты бүктемелеу əдісі бойынша бүктемелеу дəлдігі жоғары болады,
бірақ жылдамдығы жағынан кассеталы бүктемелеу машинасынан 25-11% төмен.
Перпендикулярлы бүктемелеуде жылдамдығы сағатына 25000-нан бастап, ал
параллельді бүктемелеуде 40000-ға дейін жетеді.
Менің өнімім перпендикулярлы бүктелетін болғандықтан мен пышақтық
бүктемелеу әдісін қолданамын. Пышақтық бүктемелеу бүктелінген парақ
бүктемелеу пышағы мен бүктемелеу білікшелері арасына беріледі. Бүктемелеу
пышағы парақты бүгілім сызығы бойымен бүктемелеу білікшелер арасымен
соғады. Одан кейін олардың арасымен өткенде бүгілім пайда болады [2].
Негізгі дәптерге форзац біріктіру. Форзац – қатты мұқабаның негізгі
элементі. Оның көмегімен кітап блогы мұқабамен бекітіледі. Форзац –
екіге бүктелген екі қағаз парағынан тұрады. Кітап блогы алдыңғы және
соңғы бетте орналасқан екі форзацтан тұрады. Алдыңғы форзацтың түбі,
кітап блогындағы бірінші дәптердің түбіне, ал соңғы форзац соңғы
дәптердің түбіне желімденеді. Форзацтың қарама-қарсы жағы түптеу қабына
тұтас желімденеді.
Форзацқа кітап тақырыбына сәйкес келетін суреттер, ою-нақыштар
басылады немесе ештеңе басылмай таза қарапайым болады. Менің өнімімнің
форзацы қарапайым.
Форзац блокты жинақтау алдында дәптерлерге желімденеді. Форзацқа
арналған қағазды кесу барысында ол қағаздың барлық шеті жан-жағынан
кесілуі керек. Бүктемеленген форзацтың форматы үш жағынан кесіліп дайын
болған кітап блогының форматына тең болу керек. Ені және ұзындығы жағынан
тең болуы керек. Ені және ұзындығы жағынан +-2 мм. Ауытқуын жіберуге
болады. Желімденетін форзацқа арналған қағаздың талшықтары ұзын жағына
қарай бағытталған жағынан (қағаз талшықтары кітап түбіне параллельді
орналасуы керек) кесіліп-пішіледі. Бетінде ештеңе басылмаған форзацтағы
бояудың түсі, қолданған желімнің әсерінен өзгеріп кетпеуі керек.
Колбус ағынды желісі. Жіппен тігілген блоктар кітап блогын өңдеуге
жіберіледі. Ол Колбус ағынды желісінде жүргізіледі.
Ол ағынды желі келесі агрегатардан тұрады:
- АВ 370 блокты өзі беру жүйесі;
- RB 462 блокты ИҚ кептіріп, желімдеу жүйесі;
- FN 400 кітап блогын престеу;
- FSL 1032 үш пышақты автоматты кесу;
- SD-75 конвейер беру жүйесі;
- AR блоктың түбін қысу, яғни тігінен өңдеу;
- HL 501 қапталды бөлігі (приклейка, марля, қағаз, қапталды лента);
- EMP 582 блокпен мұқабаны кигізу;
- FE 604 престеу.
Ағынды желіден дайын кітаптар шығады, олардың сапасы тексеріліп,
оратылып дайын өнім қоймасына жіберіледі.
Дәптерлерді блокқа жинақтау. Бүктелген дәптерлер мен қосымша
элементтерді ретпен жинақтау. Жинақтаудың 2 тәсілі бар: бірінің ішіне
бірін кигізіп (вкладка), бірінің үстіне бірін қойып (подборка) болып
бөлінеді.
Менің өнімімнің көлемі 80 беттен асатын болғандықтан, тек
подборкамен жинақталады. Подборкада блоктағы дәптертерлердің дұрыс
орналасуын қадағалау керек. Кітап блоктарын өңдеу басылымның түбінің
беріктігі мен жинақтылығын арттыратын, сыртқы түрі мен пайдалануға
қолайлығын жақсартатын операцияларды біріктіреді.
Блокты жіппен тігу. Бұл бекітудің ең тиімді әдісінің бірі. Бір жіп
түйіндегіш және екі жіппен тізбектеп тігу орындалады. Кітап және кітапшалық
блоктарға жинақталған дәптерлерді бір-бірімен жіппен бекітіліп келесі
операцияға жіберілуі керек.Жіппен бекітудің дәптерлік әдісі – кітап
блогының әр дәптері түптік фальц арқылы тігіліп, келесі дәптер алдыңғы
дәптермен сол жіппен тігіледі. Қарапайым түптік тігіс – қарапайым
брошюралық тігістегідей бір-бірінің астында орналасады, өлшемдері әр түрлі.
Бір дәптердің ішкі тігістері келесі дәптердің тігісінен кіші болады. Бұл
тігіс марлямен және жіппен тігеді.Блоктарды дәптерлік әдіспен тігу әмбебап
жіппен тігу машиналарында және автоматтарында 4 түрлі тігіспен орындалуы
мүмкін: қарапайым кітапшалық, қарапайым түптік, ауыспалы түптік және
ауыспалы кітапшалық. Технологиялық тәртіптің дұрыс орындалуын қадағалау
үшін тігістердің айырмашылықтарын білу керек:
1) қарапайым тігісте тігілген блоктың барлық дәптерлерінде ішкі
тігістердің жіптері бір-бірінің астында орналасқан;
2) ауыспалы тігісте ішкі тігістер дәптерлерде біріншісі екіншісіне
қарағанда аралас болып келеді;
3) кітапшалық тігістің біржіпті бөліктерінің сыртқы элементтері түпке
қарама-қарсы орналасқан түзу сызықтарды қалыптастырады;
4) түптік тігістің біржіпті бөліктерінің сыртқы элементтері зигзаг
тәрізді тігістермен толтырылған;
5) қарапайым кітапшалық тігістерден басқа барлық тігістерде бір-
бірінің астында орналасқан дәптерлердің бүгілімдерінде жіптері жоқ тесіктер
болуы мүмкін.
Маған керекті тігіс, қарапайым түптік тігісі көлемі 8 беттік
дәптерден жинақталған 10 дәптерге дейінгі, тығыздығы 100 гм² және одан да
көп болатын қағазда басылған марліге тігілетін блоктар үшін, 16 беттік
дәптерлерден жинақталған көлемі 20 дәптерге дейінгі блоктарды тігу үшін, 32
беттік дәптерлерден жинақталған көлемі 30 дәптерге дейінгі блоктарды тігу
үшін қолданады. Бірақ іс жүзінде осындай блоктарды ауыспалы тігіспен
тігеді. Егер жіппен тігу автоматы әдетте ауыспалы түптік тігіске
келтірілген болса онда жеке басылымдар үшін қарапайым түптік тігіске ауысу
мақсат емес [2].
Блок түбін қысу. Жіппен тігілген кітап блоктарын өңдеу блок түбін
қысудан басталады. Бұл операция жіппен тігілген блоктардың түптерін
мыктылату үшін колданылады. Және блок түбін желімдеу кезінде желім
дәптердің ішкі беттеріне өтіп кетпеу үшін қажет. Блок түбін қысу үшін
әртүрлі жабдық колданылуы мүмкін. Ол жеке қысу прессі немесе кітап блогын
өңдейтін арнайы ағынды желіде орындалуы мүмкін.Жіппен тігілген кітап
блогінің өнделуі түбін қысудан басталады. Барлық блокты өндейтін және оны
қапқа кигізетін ағымды желілерде бірінші түбін қысу операциясы орындалады.
Блок түбін желімдеу. Блок түбі қысылғаннан кейін желімдену керек. Яғни
блок түбінен керекті мөлшерде желім жағылады. Желімдік қабат блок түбіне
қаттылық береді және келесі операциялардың сапалы өтуін қамтамасыз етеді.
Блокты желімдеу сапалы өту үшін және барлық талаптарға сәйкес болу керек.
Желім блок түбінін тегіс пленкамен жауып дәптер арасына өтіп кетпеуі
қажет. Кітап блоктарының түбін желімдеу операциясының сапасы желімнің
құрамына байланысты болады. Желімдеу үшін желім созылмалы болу керек.
Кітап блогын желімдеу процессінің механикаландырылған түрі арнайы
блокжелімдеуші RB 462 станогында жасалады. Бұл станокта электр келтіргіштен
айналатын бірқатар біліктер бар. Біліктер бетіне автоматы түрде желім
қабаты жағылады. Желімденетін блоктар түбімен білікке қарап
орналастырылады, ол дөңгелектер арқылы қозғалысқа келеді. Біліктер бетінде
желім қабаты болғандықтан, желім дәптерлердің түптік бүгілімінің бетін
жауып және белгілі тереңдікке сіңеді. Барлық біліктерді өтіп, блок
қабылдауыш столға келіп түседі, оны қолмен алып кептіруге жібереді.
Блок түбін кептіру. Кітапшалау түптеу цехында жартылай фабрикатты
кептіру техникалық процесстің әртүрлі стадияларында орындалады. Кептіру
әртүрлі желімдік ертінділер қолданылатын операциялардан кейін орындалады.
Кептіру дегеніміз – желімдік қабаттан артық қабатты жою. Кітап блоктарының
түптерін желімдегеннен кейін кептіру табиғи және жасанды жағдайда
орындалады.
Блок түбін кептіргеннен кейін қысу. Блок түбін желімдегеннен кейін
қағаз талшықтары ісініп, бірнеше деформацияланады. Ал кептіру процессінен
кейін блоктар бос қалыпта болады және дәптердің түптік фальцтары
қопсыланады. Сондықтан блок түбін қалыпты жағдайға келтіру үшін оларды
кептіргеннен кейін қысу керек. Бұл операцияны да блок түбін өңдеуге
арналған AR станогында орындауға болады.
Блокты үш жағынан кесу. Желімденген және кептірілген кітап блоктарына
түптеу қабын кигізбес бұрын үш жағынан кеседі. Үш жағынан кесу кітапты
қолдануды ыңғайлы ету үшін, бүктеу кезінде пайда болатын тегіс емес
жақтарын кесу үшін қажет. Кесу бір пышақты кесу және арнайы үш жақты кесу
машиналарында жүргізілуі мүмкін.
Колбус фирмасында үш жақты кесу машинасы FSL 1032 өңделген. Онда кесу
бір пышақпен іске асады, ал блок арнайы гидравликалық қысқышта қысылған, ол
белгіленген көрсеткіштер бойынша бұрылып отырады. Түбі бойынша қысылған,
желімденген және кептірілген блоктар келесі үш жағынан кесу операциясына
түседі. Ол фальцтарды жоғары, төмен және алдыңғы жағынан кесуді
қарастырған. Үш жағынан кесілген блоктардың форматы сәйкес келу керек. Блок
кесудың келесі нормаларын бекіткен: блоктың ені бойынша – 5 мм (алдыңғы
жағы), биіктігі бойынша – 10 мм(төменгі және жоғарғы жағы) [2].
Блокты түбін өңдеу. Қарастырылған өніміме байланысты келесі операция
кітап түбін тігінен өңдейді. Қолдану кезіндегі дайын кітап беріктігі,
көбіне блок түбін өңдеуде жүргізілетін блок түбінің формасына байланысты.
Блок түбінің формасын таңдау көбіне қолданылатын ортаға, блок қалыңдығына
және бекіту түріне байланысты.
Блоктың түптік бөлігінің құрылымын құру негізгі технологиялық
нұсқамаларда, түбіртекке механикалық өңдеуден кейін беріктік беретін
материалдар желімдеумен аяқталады. AR агрегатында блокты өңдеу кезінде,
мұндай беріктік беретін метериалдар марля және капталды – қағаз тілімшесі.
Беріктік беруші өңдеулер мына мақсатта жасалады:
- түбіртектің қосымша бекітілуі;
- блоктың жылжуға беріктігін арттыру және түбіртекті механикалық
- өңдеу кезінде алынған формасын қатайту;
- блок және түптеу қабын біріктіру кезінде беріктікті қамтитын блок
- түбінің құраушы элементтерінің құрылуы;
- түбіртектің үстінгі және астынғы жағының беріктігін
- арттыратын және безендіру ретінде капталды тесма жапсырылады. Осы
операцияны аяқтаған соң блокты өңдеу процесі аяқталып, тек дайын блокты
түптеу қабымен біріктіру ғана қалады [2].
Блоктарға мұқаба кигізу. Блоктарға мұқаба кигізу процессі блок
өңдеумен қатар жүреді. Ол қатырманы пішуден басталады.
Қатырманы пішу. Қатырма қаптама өлшемдеріне қарай кесілуге жататын
табақтар түріне жеткізіліп беріледі. Мұндайда қатырманы қуыс бағыты блоктың
биіктігіне сәйкес келуіне назар аудару қажет, өйткені бұл қаптаманың
сапасының жоғаы болуын қамтамасыз етеді. Қатырма табақтары қатырма кескіш
машиналардың дискілі пышақтарымен кесіледі. Қазіргі қатырма кесу құралдары
автоматтық өздігінен бергішпен, бұрыш астында орналасқан екі дискілі пышақ
торабымен және автоматты шығарумен жабдықталынған. Көлденең кесуі жапқыш
түрінде құрастырылған қатырма кесуші машиларда да ұсынылады.
Түптеу материалдарын пішу. Түптеу материалының парағын кесу үшін
бірпышақты кесу машиналары қолданылады. Рулондық материалдан қажетті пішім
алу үшін арнайы мата кесуші құрылғыларда өңделінеді, оларда ұзына бойы кесу
дискі пышақтармен, ал көлденеңдері шапқыш кесумен іске асырылады [2].
Отставты даярлау. Оставтар (жақтаулардың арсасына желімденетін
жапсырмалар) үшін қатырма немесе қағаз материал рулон күйінде түседі.
Рулондар жіңішке жолақтарға кесіледі, түпкілікті пішімдерге кесу қаптама
жасайтын машиналарда іске асырылады.
Мұқаба қаптамаларын безендіру. Көп таралымды басылымдарда
полиграфиялық фольгаларды өрнектеу үшін қолданылатын штампқа ұқсас штамптар
қолданылады. Қаптамаларды полиграфиялық безендірудің бұл тәсілі кезіндегі
латун штамптардың таралымға төзімділігі 90 мың да, дюралюминийлік штамптікі
200 мың баспа-таңба.
Мемлекеттік стандарт бойынша полиграфиялық өндірісте қаптамалар
мен мұқабалардың тоғыз түрі пайдаланылады және олар түрлеріне сәйкес
нөмірленеді. Менің өнімім №4 мұқаба болып табылады. №4 – түбі
оконтовкаланған құрамдас мұқаба. Мұнда мұқаба екі детальдан: жақтар мен
түптен тұрады. Блок подборкамен жинақталады.
Мұқабалық қағаз бетіне пленка престеу. Менің қарастырған өнімімнің
мұқабасын мөлдір полимерлік пленкамен қаптаймыз. Бұл әдіс түптеу қабын
өңдеудің ең жиі қолданылатын түрі болып табылады. Пленка желімдеу басылым
реңін жақсарту және бояу таңбасының сыртқы әсерлерден қорғау үшін қажет.
Пленкадағы желім қалыңдығы 10-12 гм2 болуы керек. Желім аз болған
жағдайда пленкада жылтырлық, көп болған жағдайда сызықтар пайда болады.
Пленкадағы желімді кептіру режимі, пленка алынғаннан кейін сәл қолға
жабысуы керек. Желім қабатында еріткіштің көп болуы көпіршік пайда болуына
алып келеді. Бұл операцияны FN-400 станогында орындауға болады.
Блокты түптеу қапқа біріктіру. Түптеу қабында кітапты өңдеудің соңғы
процесі – өңделген блок пен дайын түптеу қабын біріктіру. Бұл процесті
механикаландыру үшін кітап қоюшы станок ЕМР-582 қолданылады. Желім блок
форзацқа жағылып, арнайы столға қойылған түптеу қабы блокқа кигізіліп,
дайын өнім блок және түптеу қабы біріктірілген кітап алынады.Біріктіру
кезіндегі қосымша операция штрихтау түптеу картон мен отстав арасына
қойылатын ойық, ол кітап жақсы ашылуын қамтиды. Ол мақсатқа престеу
штрихтау машиналары қолданылады.
Кітапты штриховкалау. Бұның нәтижесінде мұқаба қаптамасының сыртқы
жағында бүгілім із (биговка – мұқаба жақсы ашылуы үшін сол жақ жиегіне із
салу, қағазға, картонға оңай бүктелуі үшін тік сызықты із салу процесі).
Сапаны бақылау. Тираж басу барысында және басылып біткеннен кейін
оның сапасын эталонға, тапсырушының қойған талаптарына жауап беруін
тексеру.
Дайын өнімді орау. Ең соңғы операция. Өңделіп болған баспа
полиграфиялық өнімдер дұрыс орап буылып, тапсырыс берушіге немесе
дүкендерге таратылады. Орамалаудың мақсаты: дайын өнімді тасымалдау кезінде
кездейсоқ бүлінулерден сақтандыру [2].

1.5 Негізгі жабдықты таңдау

Perfecta 92 TS бір пышақты кесу машинасы. Кесу үстелінің бұдырлы болуы
буманы жылжытқан кезде астындағы парақтардың бүлінуінен сақтайды.
Ерекшеліктері: арнайы көтергіштері, шаблоны бар пышақты тез ауыстыру
жүйесі; кесуді бағдарлама жадысында сақтау компьютерлік жүйесі;
көпфункционалды батырмалары бар сұйык кристалды дисплей арқылы басқару
жүйесі.
Затл жетіктің бакты орналасуы. Затлдың сервоприводтан берілуі, жүретін
винт пен саңылаусыз шарикті винт механизмі позициялаудың жоғарғы дәлдігін
ұсынады. Perfecta 92 TS машинасының техникалық сипаттамасы 3-кестеде
көрсетілген [3].

3-кесте - Perfesta92 TS бір пышақты кесу машинасының техникалық
сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Кесу машинасының ені, мм 920
Буманың максимальді биіктігі, мм 120
Үстелдің артқы жағындағы пайдалы ұзындық, мм 920
Қысу планкасыз минималды қалдық ұзындық, мм 18
Қысу планкасымен есептегенде минималды қалдық ұзындығы, 57
мм
Прогоy кезде кесу саны, 1мин 50
Прижимді күшейту, кН 2-30
Затлдың артқа қайту жылдамыдығы, ммс 300
Басты приводтың қуаттылығы, кВт 3
Салмағы, кг 2000

GUK FA-74 бүктемелеу машинасы. Бұл жоғары өнімді перпендикуляр және
параллель бүктемелеу машинасы. Машинаның артықшылығы болып бүктемелеу
кассетеларын тура күйге клтіру болып табылады. Бүктемелеу пышағы парақты
бүгілім сызығы бойымен бүктемелеу білікшелер арасымен соғады. Одан кейін
олардың арасымен өткенде бүгілім пайда болады.GUK FA-74 машинасының
техникалық сипаттамасы 4-кестеде көрсетілген [3].

4-кесте - GUK FA-74 бүктемелеу машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Парақтаң макс. және мин.форматы, мм 74×104-1445×19
Кассета саны 2-8
Бүктелетін қағаздың қалыңдығы, гм2 40-280
Өнімділігі, парақсағ 40 000

MORGANA Major Folder фальцминиатюра бүктемелеу машинасы.Жаңа,
толықтай автоматтандырылған үстелді микропроцессорлық бақылауы бар
MORGANA Major Folder бүктеу машинасы қолданыста өте қарапайым және реттеу
уақытын қысқартады. Электроника арқылы басқарылатын машинаның қызметі
қатесіз ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету және ақаулардың
диагностикасы дисплей бетіне бірнеше тілде көрсетіліп тұрады. Машина
автоматты түрде өзібергіште тіреу бойынша орналасқан парақ ұзындығын
өлшейді.MORGANA Major Folderфальцми ниатюра бүктемелеу машинасының
техникалық сипаттамасы 5-кестеде көрсетілген [4].
 

5-кесте - MORGANA Major Folder фальцминиатюра бүктемелеу машинасының
техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Максималды форматы, мм 648×365
Минималды форматы, мм 148×140
Қағаз қалыңдығы, гм2 56-240
Латоктың көлемі, таңба 1000
Өнімділігі 27 500
Габариттік өлшемдер, мм 771 ×485
Салмағы, кг 137

D NH-80 қысу пресі. Блоктар мен кітап бумаларын қысуға арналған пресс
бұл электр қозғалтқыш жетегімен және қысуды қадағалап жұмыс істейтін винтті
пресс. Қысу 500-ден 5000 кг шамасында бума санымен және қағаздың түріне
сәйкес бақыланып отырады. D NH-80 қысу пресінің техникалық сипаттамасы 6-
кестеде берілген [4].

6-кесте -D NH-80қысу пресінің техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Өнімділігі, блоксағ 2 400
Максималды форматы, мм 510×320
Минималды форматы, мм 100×90
Қуаты, кВт 0,5
Габариттік өлшемдер, мм 1,13×0,98

Sprinter ee XL табақ жинау машинасы. Sprinter ee XL модельді принцип
бойынша құрастырылған, яғни бір түзу бойымен де автономды да жұмыс істейді,
машинаның барлық модулі АСС жүйесімен жабдықталған, самонаклад
станциясының автоматты күйге келуі қағаз немесе дәптер қалыңдығын таңдайды.
Sprinter ee XL табақ жинау машинасының техникалық сипаттамасы
7-кестеде көрсетілген [4].

7-кесте - Sprinteree XL табақ жинақтау машинасының техникалық
сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Дәптeрдің түбі бойынша ұзындығы, мм 105-370105-485
Дәптер ені, мм 75-320 75-320
Өнімділігі, блоксағ 1000-8000
Автономды жұмыс кезіндегі өнімділігі,1000-5000
блоксағ

7-кестенің жалғасы

Атауы Көрсеткіштер
Транспортталатын канал ені, мм 80
Станциялардың максималды саны 4-284-32
Электр тұтынуы, ВФГцкВт 3803506,5
Алатын аумағы, мм 7909×18708746×1870
Салмағы, кг 23902650

Жіппен тігу машинасы.Кітапты құрайтын дәптерлерді түбінен тігіп кітап
топтамасының (блогының) түбін жіппен бекітуге арналған. Жіппен тігу
машинасы жартылай автомат, автомат әмбебап (төрт түрлі тігу әдісін атқара
алатын) және арнайы (тек бір тігу әдісіне арналған) түрлері болады. Purlux
SX-01A тігу машинасының техникалық сипаттамасы 8-кестеде берілген [4].

8-кесте - Purlux SX-01A тігу машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Головкалар саны 10
Дәптерлер форматы, мм мин.150×10, мак.460×310
Шығарылымы, тетрадеймин 40-50
Тігістің ұзындығы, мм 18
Қажетті қуаттылығы, кВт 0,55
Электрқажеттілігі, В, Гц 380, 50
Өлшемдері, мм 1300×1200×1500
Салмағы, кг 600

Кітап даярлауға арналған Kolbus Compact 2000 ағымды желісі. Ағымды
желі альбомның түбін дөңгелету, каширлеу, марля, қағаз сызықтарын, капталды
лента жапсыру және кітап блогын қатты, жұмсақ немесе пластикалық қаптарға
кигізуге, және де фальцты штрихокалау мен кітапты қысу үшін арналған.
Блоктары желімдеу тәсілімен бекітілген мұқаба қаптамалы кітаптарды шығару
үшін көптеген шетел фирмалары (мысалы Колбус және Валенберг, ГДР,
Мюллер-Мартини, Швейцария: Харрис, АҚШ, ЛБВ, бұрынғы ГДР т.б.) негізінен
блоктар олардан жазық жиектелінген түппен шығатын желілер модельдерін
шығарады. Бұл модульдер іріктегіш және тігусіз бекіту (жиектеп)
машиналарынан тұрады немесе үш жақтан кесетін автоматтық машинаны
біріктіреді: блоктарды өңдеу, қондыру, кітаптарды престеу мен штрихтау
блоктары дәптерлер бойынша жіппен тігілген кітаптарды шығаруда қолданылатын
модульдерде орындалады. Автоматтық желілер басылымның, материалдардың т.б.
ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін басылымның,
материалдардың т.т. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес
келетін жеке тапсырыстар бойынша қалыптастырылады.
Кітап даярлауға арналған Kolbus Compact 2000 ағымды желісінің
техникалық сипаттамасы 9-кестеде көрсетілген [5].

9-кесте - Kolbus Compact 2000 ағымды желісінің техникалық
сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Арналуы Ағымды желі
Блоктың максималды қалыңдығы, мм 70
Обрезканың максималды ені, мм 270
Обрезканың максималды ұзындығы, мм 365
Қуаттылығы, (кВт) 20
Максималды жылдамдығы, циклмин 45
Габариттері, м 9×2,4×2,3
Салмағы, кг 8800

Collomatic жоғары өнімділікті жартылай автоматты форзац жабыстыруға
арналған машина. Дәптерлерді жүктеу және бүктелген форзацтар нон-стоп
режимінде қолмен орындалады. Пневматикалық присоскалар дәптер бүгілімін
бөледі, ал арнайы пинцеттер дәптерді бірінші самонакладтан алып, оны
тасымалдаушы астауышқа береді. Дәптерге приклейка кезінде арнайы Jet
желімдеу жүйесі арқылы дәптер бүгілімінің сызығымен 2мм-лік клей жағады.
Содан соң дәптерге форзац желімденеді. Collomatic жоғары өнімділікті
жартылай автоматты форзац жабыстыруға арналған машинасының техникалық
сипаттамасы 10-кестеде көрсетілген [5].

10-кесте - Collomatic жоғары өнімділікті жартылай автоматты форзац
жабыстыруға арналған машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Дәптердің максималды форматы, мм 280×360
Дәптердің минималды форматы, мм 100×150
Өнімділігі, циклсағ 6000
Габариттері, м 2,2×1,4

BL-500 қап кигізу машинасы. Кітап блогының түптеу қабына бекіту
–кигізу деп аталады. Блокты түптеу қабына кигізудің сапасы қолданылатын
желімнің құрамына және блоктың қалыңдығына байланысты.Блокты түптеу қабына
кигізу кітаптық басылымдарды даярлаудың соңғы операциясы емес. Блоктың
сыртқы қабына, сапалы енуі үшін, алдымен блокты ортасынан бөлетін пышақ
арқылы ұстап тұрады. Сонда қажетті желімдер блокқа жағылып, түптеу қабына
кигізіліп, қысым беріледі.BL-500 түптеуп қабын кигізу машинасының
техникалық сипаттамасы 11-кестеде келтірілген [5].

11-кестe - BL-500 қап кигізу машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Өнімділігі, кітапсағ 200
Кітап блогының максималды форматы,мм 300×390
Минималды форматы, мм 80×100
Блок қалындығы, мм 6-60
Габариттік өлшемдер, м 7,2×2,1
Қуаты, кВт 4
Массасы, кг 3800

HM-42 картон кесу машинасы.Машина қатты түптеу қабындағы кітаптарды
шығаруға арналған. Машина түп пен түптік жақтарды кесуге арналған.Бұл
құрылғы дұрыс конструкцияға ие болғандықтан, жұмыс істеуі жеңіл
болғандықтан, нақ әрі эффективті болғандықтан тұтынушылар арасында танымал.
Картон парақтары тоқтаусыз бірінен кейін бірі беріледі. Мұндай әдіс кесудің
дәлдігін, жоғары өнімділікті және артық шығын шықпауды қамтамасыз етеді. HM-
42 картон кесу машинасының техникалық сипаттамасы 12-кестеде көрсетілген
[5].

12-кестe - HM-42 картонкесу машинасының техникалық сипттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Пышақ ұзындығы, мм 420
Жолақ қалыңдығы, мм 0,1-4
Өнімділігі, данамин 200
Энергия жұмсалуы, В 380
Салмағы, 560кг 560
Габариті, мм 1127×1002×1360

Vektor TYP-660 Пленкамен престеу машинасы.Vektor TYP-660 Пленкамен
престеу машинасының техникалық сипаттамасы 13-кестеде көрсетілген [5].

13-кесте – Vektor TYP-660 пленкамен престеу машинасының техникалық
сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Қыстыратын материалдың ұзындығы, мм 660
Материалдың макс қалыңдығы, мм 5
Жұмыс жылдамдығы, ммин 21
Қуат мөлшері, кВт 0,5

13-кестенің жалғасы

Атауы Көрсеткіштері
Электр көзі, В 380
Габаритті өлшемі, мм 920×500×1000
Орманың салмағы, кг 115

VECTOR 350 Ultra бобина кесу машинасы.VECTOR 350 Ultra бобина кесу
машинасы орауға, тарқатуға, визуалды бақылауға, бөлшектеп кесуге және
көлемі 350 мм рулон материалын есептеуге арналған. Бұл бобина кесу машинасы
екі тарқату валы мен тәуелсіз. Орау кесу машинасының конструкциясы жұқа
пленкалар мен металданған фольгамен (қалыңдығы 25 микроннан бастап),
қағазбен, өзі жабысатын материалмен, аллюминді фольгамен (қалыңдығы 450
гм2 дейін) жұмыс істеуге көмектеседі. VECTOR 350 Ultra бобина кесу
машинасының техникалық сипаттамасы 14-кестеде көрсетілген [6].

14-кесте - VEKTOR 350 Ultra бобина кесу машинасының техникалық
сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Полотноның максималды ені, мм 350
Тарқатудағы рулонның максималды диаметрі, мм 750
Ораудағы рулонның максималды диаметрі, мм 420
Жұмыс жылдадығының диапазоны, ммин 5-300
Материалдың миниалды қалыңдығы, мкм 25
Материалдың максималды қалыңдығы, мкм 300
Полотноны ультрадыбысты датчигпен тегістейтін құрылғы 1
Орау валы, мм 76
Тарқату валы, мм 76
Кесудің минмалды ені, мм 13
Полотноны визуалды бақылау үстелі 1
Электро қоректенуі, kВ, V 4,5, 380

BSF-5540 орамалау машинасы. BSF-5540 орамалау машинасымен жұмыс
істеген кезде оператор өнімді пленкаға содан соң термоусадты камераға
салып, қолымен қақпағын жапқан соң автоматты түрде ормалау циклі қосылады
(пленканы еріту және әрі қарай отырғызу) және одан кейін өнімді камерадан
қолмен алып тастайды. Мұндай машинада пленка өнімді шеті бойынша тартылып,
содон соң отырғызылады. Мұнда ПВХ және полиолефин пленкалары қолданылады.
Ерекшеліктері:
- кішкентай өлшемдерге ие, қуатты аз тұтынады;
- келесі параметрелер реттеледі: камерадағы температура, термоусадки,
ұзақтығы, пленка еріту уақыты;
- термоусадты қалпақ мөлдір болғандықтан, орамамалау процесін үнемі
бақылап отыруға болады, оған өнімділікті, сапалы бола тура арзан баға;
- жұмыс істеу үшін бір операторда жеткілікті.
BSF-5540 орамалаумашинасының техникалық сипаттамасы 15-кестеде
берілген [6].

15-кесте - BSN-5540 орамалау машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Қуаттылығы, кВт 4
Оралатын өнімнің максималды габариті, мм 450×300×250
Пленканының максималді ені, мм 600
Пленка рулонының максималды диаметрі, мм 300
Аппарат габариті, мм 1370×670×1080
Салмағы, кг 125

1.6 Негізгі матеиалдарды таңдау

Таңдалған өнім мұқабасы – қатты мұқаба. Оның құрамы қатырмадан,
бумвиннилдан, отставтан тұрады.
Қатырма – өсімдік тектес талшықтардан тұратын, 1м2массасы бойынша
жеңіл және ауыр қатырма боп бөлінетін материал. Қатырма бір немесе көп
қабатты, массасы 150-600гм3болып келеді. Пайдаланылуына қарай қатырма үш
маркада шығарылады. А, Б және В маркалары.
Форзацтық қағаз – ақ және түрлі-түсті болып келеді. Оларды кітап
форзацтарын даярлау үшін қолданады. Оның екі маркасы бар. А және О маркасы.
А маркасы басылмайтын (ақ) болады, ал О маркасы көп бояулы түрлі-түсті
басылатын форзацтар үшін қолданылады [7].
Мұқабалық қағаз – ақ немесе түрлі-түсті болып келеді. Жылтыр,
күліңгірт және қысыммен өңделген болып бөлінеді. А және Б маркалы мұқабалық
қағазды 60% сульфидтік және 40% сульфаттық ақ целлюлозадан жасайды. Олар
физика-механикалық қасиеттері бойынша бірдей. А маркасы жылтыр, ал Б
маркасы күліңгірт. Мұқабалық қағазды түптеу қаптарын және мұқабаларды
дайындауда пайдаланады.
Синтетикалық жіптер – капрон және алид полиамидті полимерде
дайындалып жасалынады. Ол үшін полимерлер ерітіліп диаметрі 0,25 мм тесігі
бар фильер арқылы қысылып балқытылады. Полимердің мұқабасы, суыған кезде
талшықтарға айналады. Диаметрі 8 мкм синтетикалық жіптер еріліп
дайындалады. Синтетикалық капронды жіптер 18 К мөрлері –кітапты брошюалы
тігудегі 3 қолайлы жіптер. Мақта-маталы жіптерге қарағанда 2 есе мықты.
Блоктарды тігуде бұл өте сапалы.
Түптеу материалы №4 – біртұтас полиграфиялық материалдардан жасалған,
жұмсақ қаптама, жиектері блоктан асып тұрады (с кантом). Мұны дайындап
шығару үшін екі жағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полиграфиялық кәсіпорынды жобалау технологиясы
Жоғары сынып оқушыларға арналған оқулықтарды, жеке шығармаларды және әдебиеттерді шығаратын баспахана жобасының технологиялық бөлімін жасау
Мерзімді басылым - журнал өнімін шығаратын баспахана
Басу формасын дайындау
Басылымды дайындау технологиялық нұсқауларын таңдау
Жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын баспахана жобалау
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Компьютерлік неологизмдер
Кітап басу
Тісті беріліс бөлшектерін жөндеу
Пәндер