Туберкулез ауруының алдын алу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

«Медбикелік істегі ізденіс жұмыстарын жоспарлау және жүргізу принциптері»

Тақырыбы: Туберкулез ауруының алдын алу

Орындаған:Тұрсынбай Мереке

2016-2017ЖЫЛ

I. « Туберкулез ауруының алдын - алу» тақырыбындағы диплом жұмысы

Тақырыптың өзектілігі

Бұл тақырыпты таңдаған себебім- қазіргі таңда әлемдік статистика бойынша дүние жүзінде туберкулез ауруының алдын алу қажет. Неліктен туберкулез ауруымен ауыратындығын зерттеу мақсатында осы тақырып таңдалды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің м. а 2014 жылғы 22 тамызда №19 бұйрығы «Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекітілді ( who. int/mediacentre/factsheets/) .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер шарының әрбір үшінші тұрғыны туберкулез микобактериясы инфекциясын жұқтырады. Жыл сайын әлемде 8 миллион 400 мың адам туберкулезбен ауырып, 2 млн. адам өмірімен қоштасады екен. Ем қабылдамайтын әpбip науқас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұқтырып үлгереді десек, дүниежүзінде әрбір минут сайын 1 адам осы кеселдің құрығына ілігіп жатады. Бірақ инфекцияны жұқтырғандардың 5-10 пайызының ағзасында ғана туберкулез бактериялары дамуы мүмкін. Республика медицинасын туберкулезге шалдыққандардың 75 пайызы 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар құрайтыны алаңдатып отыр. ( http://www. aktobegazeti. kz/?p=19205)

Дүние жүзі бойынша 2013 жылы 1, 5 млн әлемдегі туберкулез ауру 9 миллион адам қаза тапты

II. Зерттеудің мақсаты?

Қазіргі таңда «Туберкулез -әлемдік проблема» екендігін, өкпе ауруының пайда болуы, аурудың алғашқы белгілері, тарау жолдары мен сақтану жолдары туралы түсінік бере отырып, алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтауға денсаулықты түзетуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

III. Зерттеудің міндеті

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау, сипаттама беру;

-Зерттеу жүргізу объектісі

-Анализдеу

-Зерттеу қорытындысы

-Ақпарат көздері

Теориялық негіздеме:

Жоспар:

Кіріспе

Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Негізгі бөлім

І. Туберкулездің анықтамасы, жіктемесі

ІІ Адамда туберкулездің дамуына әсер етуші факторлар:

ІІІ. клиникалық белгілердің ерекшелігі

ІV. Диагностикасы

V. Туберкулез ауыратын науқастарды ауруды бақылауда ұстауға үйрету

Қорытынды

Туберкулез ауруының алдын алудағы мейірбике рөлі

Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.

Қараған кезде тері жамылғылары және кілегей қабаттары бозғылт екені анықтала

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м 2 . Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей. Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді. Оң өкпенің үш бөлігі бар (жоғары, ортанғы және төменгі), сол жақта - екі бөлік (жоғары және төмен) . Өкпе бөлік аралық шекаралары келесідегідей: алдынан сол жағында жоғарғы, оң жақта - жоғарғы және төменгі бөліктері ( олардың арасындағы шекара IV қабырғамен өтеді ) ; оң жақ қырынан 3 бөлігін ажыратады, сол жақтан- 2 бөлігін; артынан екі жақтан да жоғарғы және төменгі бөліктері орналасқан; олардың арасындағы шекара spina scapulae линиясы бойынша өтеді, ол омыртқамен шекараласқан.

Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде - 220 см 3 , 6 жаста 168 см 3 , 14 жасқа таман 128 см 3 , ал ересек адамда 96 см 3 , дем алу көлемі жаңа туған сәбиде - 25 см 3 , 1 жаста - 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста - 140 см 3 , ересек адамда - 400 см 1 . Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде - 50 см 3 , 1 жаста - 210 см 3 , 13 жаста - 707 см 3 , 20-25 жаста - 1680 см 3 , ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см 3 .

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0, 2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0, 07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1, 617 см 3 , ал ересек адамда -67, 7 см 3 . Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4, 10 s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м 2 , ересек адамда - 50 м 2 , яғни 8 есе артық.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста - 7 см, ересек адамда - 10-12 см.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) . Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1, 5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1, 5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы

Бала
Жасы
Бала:
Жасы: 6
7
10
12
15
17
Бала: Ер бала
Жасы: 1200
1400
1630
1975
2600
3520
Бала: Қыз бала
Жасы: 1100
1200
1460
1905
2530
2760

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

2-кесте

Жасы
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет
Жасы:

1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет:

44

26

20

18

16

18

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4, 5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+ вентиляция - желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.

Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1, 7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

3. Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Ақпарат көздері: http://kazmedic. kz,

http://dov. kz

http://zhastar. info)

Туберкулез - Бұл ауа-тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды. Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды.
Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2011 жылы 29 қыркүйекте №907 бұйрығымен бекітілген:

  • № ТБ 01/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезбен ауыратын науқас картасы) ;
  • № ТБ 03/е- нысанды медициналық құжаттама (Облыста қалада, ауданда) туберкулезді тіркеу журналы;
  • № ТБ 04/ е- нысанды медициналық құжаттама (Зертханалық тіркеу журналы)
  • № ТБ 05/е - нысанды медициналық құжаттама (Қақырықты ТМБ-ға микроскопиялық зерттеу жолдамасы)
  • № ТБ 06/е - нысанды медициналық құжаттама (туберкулезге микробактерияның культурасын емдеуге жолдама)
  • № ТБ 06А/е- нысанды медициналық құжаттама (ТМБ культурасының туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауға жолдама)
  • № ТБ 09/е - нысанды медициналық құжаттама (науқастарды ауыстыру жолдамасы) ;
  • № ТБ 11/е- нысанды медициналық құжаттама (IV санат бойынша ем қабылдап жүрген туберкулез науқастарын тіркеу журналы) ;
  • IV санатты №ТБ 01/е - нысанды медициналық құжаттама (карта) ;
  • № ТБ 12/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезге қарсы препараттарды тіркеу) ;
  • № ТБ 14/е- нысанды медициналық құжаттама (Науқастың емделуге берген келісім карта) ;
  • № ТБ 17/е - нысанды медициналық құжаттама (Культуралық зерттеулерді зертханалық есепке алу журналы)
  • № ТБ 18/ е - нысанды медициналық құжаттама (ТМБ дәріге сезімталдығын тестілеу қортындыларының зертханалық журналы)
  • № ТБ 19/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезге қарсы препараттар қозғалысының сөре картасы) ;
  • № ТБ 20/е- нысанды медициналық құжаттама (жөнелтпе құжат) ;

Ауру қоздырғышы -. Кох бацилласы. Оны 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады. Жоғарғы қауіп топтары: туберкулезбен ауыратын пациенттері- бұл ТБ / АИТВ бар пациенттер, инекциялық есірткілерді тұтынушылар, аз қамтылған адамдар, белгілі тұрағы жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында қамауда отырғандар және босап шыққандар.

Туберкулез эпидемиологиясы

Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.

Жұғу жолдары - экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді - қан және лимфа арқылы. Туберкулез - созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы - өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы - Гон ошағы деп атайды. Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі. Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды. Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады. Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды. туберкулез қазақша Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар: Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы Тыныс органдарының туберкулезі Жүйелермен органдардың туберкулезі Микробиологиялық диагностика Бактериоскопиялық әдіс - Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс - Левенштейн -Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі) . Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады. Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы - вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс -Прайс микродақылдар әдісі. Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері. Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т. б. Зерттеу тәсілдері: микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік) микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу) биологиялық серологиялық (сирек қолданылады) аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары) Экспресс (шұғыл) диагностика - ИФР (РИФ) . ПТР (ПЦР)

Ақпарат көзі: http://kazmedic. kz/archives/1890 Материал көшіргенде, KazMedic. kz сайтына сілтеме міндетті

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

Іске қосатын фактор - иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.

- ауыр аурулардың қатар жүруі (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары) ;

- суық тигізу;

- зиянды әдеттер;

- созылмалы күйзелісті жағдайлар. Туберкулез түрлері

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Жіктелуі

1. Туберкулез интоксикациясы:

А) ерте туберкулез интоксикациясы;

Б) кеш туберкулез интоксикациясы;

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

Б) өкпенің ошақты туберкулезі;

В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

Г) туберкулездік бронхоаденит;

Д) туберкулездік плеврит;

Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

Туберкулез интоксикациясы - ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температура байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде : лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға дейін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе таберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6 -12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналған. .

Біріншілік туберкулездік жиынтық - туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады. Сонымен қатар, қабыну процесі өкпе лимфа түйіндерін де қамтиды.

Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады:алғашқыда жоғары температура (38-39 С), кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде- дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар.

Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген лимфа түйіндерінің қатайғанын - петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады. Қанда лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ 35-40 мм/ сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары - плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы туберкулезіне пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез ауруының түрлері
Туберкулез(тарихы, этиологиясы, патогенезі, түрлері, диагностикасы, емі, алдын алу)
Туберкулездің эпидемиологиясы
Туберкулез ауруы оның түрлері
Балалардағы өкпе туберкулезі
Туберкулездің жалпы сипаттамасы
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
Аурудың алдын алу
Туберкулезді диагностикалау және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz