Шалдай орман шарушылығына сипаттама


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Орман - жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым - қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады. Орман түсінігі көп қырлы түсінік. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т. б. құрастырады.

Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен ».

Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.

Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т. б. өсімдіктер өседі.

Яғни, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т. б. өсімдіктердің қарым-қатынасы және биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта.

Орман шаруашылық өндірісінің дамуы орманды қалпына келтіруді әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Орманды қалпына келтіру процесі әлеуметтік-экономикалық, биологиялық, географиялық және т. б. әртүрлі факторлардың шиеленісуі жағдайында жүреді. Сондықтан да экологиялық-экономикалық процестердің өзара байланысында жүргізілетін зерттеулер қиынға түседі, өйткені бұл үлкен көлемдегі эксперименттік мәліметтер мен қолда бар ақпараттарды есепке алуды және қайта қарауды талап етеді .

Мен осы курстық жобамда Шалдай орман шарушылығына сипаттама беремін. Мұндағы орманшылықтың ұйымдастырылу сипаттамасын, орманшылық қызметінің және бөлімдерінің функцияларын, олардың қызметтерінің құрылымын қарастырамын. Курстық жобамды орындаған барысында еңбек шығынын және ат көлікті жоспарлау жұмыстарын, жұмысшылардың еңбек ақысын жоспарлау, материалдық шығындық жұмыстарын атқарамын.

1. 1 Шалдай филиалының жалпы сипаттамасы

Мен қарастырып отырған МОТР « Ертіс орманының» Шалдай орман шаруашылығы Павлодар қаласынан 160 км жерде орналасқан Шалдай ауылында орналасқан.

Шалдай орман шаруашылығы - ландшафтық және биологиялық әралуандықты сақтау мен қалпына келтіруге, осы аумақтағы табиғи ресурстардың теңгермелі пайдаланылуын және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған қорғау режимі әртүрлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Шалдай орман шаруашылығы «Ертіс орманы» МОТР-ң жерлері облыс аумағының 4%-ын алады. Ормандардың көбісі Лебяжі және Шербақты аудандарында жатыр және олар онда негізгі қарағайлы орман түрінде келеді.

Орман құру жұмыстары резерваттың барлық территориясында қамтылған, ол « Қазақ орман құру қожалығы » республикалық мемлекеттік қазына қожалығының келісім шарты және « Орман және аң шаруашылық Комитетінің » 2003 жылғы 25 наурыздағы №2 бұйрығымен бекітілген.

Шалдай филиалының аймақтарында құндылығы аз жерлерде кәдімгі карағайдың орман екпелерін кұру кезінде кұндылығы төмен орман көшеттерінің ағаш шаруашылығы әдістерімен қайта құру сұр қандағаш, көктерек, қайың және т. б. ағаштар негізгі, қылқан және қатты жапырақты ағаштарды жапқан жағдайда ғана жүргізіледі.

Қайта құруға алдымен құндылығы төмен, орманның І тобындағы ағаш өсіру жағдайы бойынша ерекшеленген ағаштарды тағайындайды. Екінші кезекте орманның ІІ тобына жататын өскін және тамыр атпасынан пайда болған көшеттерді құрастырады. Соңғы кезекте орманның ІІІ тобында ағаштың өтімі жоғары болғанда қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Құндылығы аз көшеттерді әдетте 4 тәсіл арқылы қайта құрады: жолшық, куртиналы-топтық, бір қалыпты және жаппай. Ол қайта құрылатын көшеттің құрамына, тығыздығына, шыққан жері мен жағдайына байланысты болады, ал ең бастысы - олардың түбіндегі, шаруашылық құнды тұқымдардың өсуі.

Қайта құрудың жолшық тәсілді 5 . . . 20-жылдық 6 . . . 7 м биіктіктегі өскін және тамыр атпасының ұсақжапырақты жас ағаштарға пайдаланылады. Мұндай кулисаларда ені 4 . . . 8 м құрайтын дәліздерді қазады. Содан барып кулисаларды бағыттап сейілтеді немесе толығымен шауып тастайды.

Жасыл желектердің жыл сайын өзініңкөлемін қысқарту себебінен орманды жан-жақты күтіп баптау, қалпына келтіру, өрттерден қорғаужәне т. б секілді шаралар қарқынды болып келеді. МОТР «Ертіс орманы» Павлодар облысының жалпы орман қоры 405, 5 мың га жерді қамтиды. Оның орманмен жабылған жері 251, 6 мың га жер, құнды қылқанды орман - 161, 2 мың га және қалғаны:

- МОТР «Ертіс орманы» 277961 га;

- Баянауыл Ұлттық табиғи паркі 50, 7 мың га;

- Ертіс жағалауы орманы және солтүстік шоқ орманы 127, 6 га.

1 кесте - «Ертіс орманы» табиғи резерватының әкімшілік-шаруашылық құрылымы

№ п/п
Орманшылықтар
Әкімшілік ауданы
Аумағы, га
Орманшылықтармен резерваттардың конторалары орналасқан
№ п/п:
Орманшылықтар: Жалпы
Әкімшілік ауданы: Ұзақ мерзімдік
Аумағы, га:
№ п/п: 1
Орманшылықтар: 2
Әкімшілік ауданы: 3
Аумағы, га: 4
Орманшылықтармен резерваттардың конторалары орналасқан: 5
6
№ п/п:
Орманшылықтар:

Шалдай филиалы

Галкин

Бауыртал

Степное

Сейтен

Садыкащин

Шошқалы

Шалдай

Заводское

1 Май

Барлығы филиал бойынша

Соның ішінде Бесқарағай филиалы

Әкімшілік ауданы:

Шарбақты

Шарбақты

Шарбақты

Шарбақты

Лебяжі

Шарбақты

Шарбақты

Шарбақты

Лебяжі

Шарбақты

Лебяжі

Лебяжі

Шарбақты

Лебяжі

Аумағы, га:

12109

14977

16476

15389

251

18571

13353

16839

2711

9851

4864

17856

143247

117565

25682

Орманшылықтармен резерваттардың конторалары орналасқан:

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Галкино

Жаңаауыл

Сугур

Есильбай

Садыкащин

Бозалан

Шалдай

Шошқалы

Солт Бозалан

Орман қорының есебі бойынша жылдың табиғи резерват бойынша жалпы аудан 277961 га құрады, соның ішінде орманмен қамтылған аудан 148298 га (53. 3%) . Ал орманмен қамтылмаған аудан 75483 га (27. 5%) құрайды. Резерваттың орман алаңы 2 орман шаруашылығы мекемесінен, 16 орманшылықтан, 38 орман шебері учаскесінен, 193 орман қарау аймағынан тұрады.

«Ертіс орманы» табиғи резерваты бойынша орманшылықтардың аудандары, орман шебері учаскесінің, орман қарау аймағының орташа аудандары 1 - кестеде келтірілген.

Облыстың мемлекеттік орман фонды 456, 2мың, гектарға тең. Олар:қарағай орман жолағы -2779 мың, га; су жағалауындағы ормандар-43, 4 мың, га; далалы шоқ ормандар-84, 2 мың, га; баянаул ұлттық табиғи парктың тау ормандары-50, 7 мың, га.

Облыстың негізгі аумағында ормандардың ерекше тобын, Шалдай және Бесқарағай мемлекеттік мекемеде бекітілген - Ертіс өңірінің ленталы қарағайы құрайды. Олар Алтай өлкесінен және Семей облысынан облыс шекарасына кірген. Бұл ормандар құмды дөңдердің шөгінділері жиналған жерлерде өседі. Павлодар, Баянауыл ленталық борларда 2 орман шарушылығы : Шалдай және Бесқарағай.

2 кесте - Орман қорының жалпы ауданын алқаптар санаты бойынша бөлу

Алқаптар аты
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан
Шалдай орман шаруашылығы
Га
%
га
%
Алқаптар аты: 1. Резерваттың жалпы ауданы
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 277961
Шалдай орман шаруашылығы: 100
143247
100
Алқаптар аты: 2. Жалпы орман алқабы
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 225985
Шалдай орман шаруашылығы: 81. 3
116879
81. 5
Алқаптар аты: 2. 1Орман мен қамтылған жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 148298
Шалдай орман шаруашылығы: 53. 4
80482
56. 2
Алқаптар аты: Соның ішінде орман ағаштары
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 28367
Шалдай орман шаруашылығы: 10. 2
15933
11. 1
Алқаптар аты: 2. 2Жинақталған ағаштар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 2106
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 8
1025
0. 7
Алқаптар аты: 2. 3. Орман питомниктері
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 98
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 03
31
0. 02
Алқаптар аты: 2. 4Орман мен қамтылмаған жерлер, барлығы
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 75483
Шалдай орман шаруашылығы: 27. 1
35341
24. 6
Алқаптар аты: Соның ішінде өртеңдер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 51560
Шалдай орман шаруашылығы: 18. 5
27618
19. 3
Алқаптар аты: Ағашы кесілген жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 1576
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 6
342
0. 2
Алқаптар аты: Алаңқай жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 21946
Шалдай орман шаруашылығы: 7. 9
7376
5. 1
Алқаптар аты: Сирек ормандар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 401
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 1
5
-
Алқаптар аты: 3. Ормансыз алқап
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 51976
Шалдай орман шаруашылығы: 18. 7
26368
18. 4
Алқаптар аты: Соның ішінде жыртылған жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 731
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 3
356
0. 2
Алқаптар аты: Шабындықтар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 22515
Шалдай орман шаруашылығы: 8. 1
12479
8. 7
Алқаптар аты: Жайылымдар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан:

17073

Га

Шалдай орман шаруашылығы:

6. 1

%

7696

га

5. 4

%

Алқаптар аты: Сулар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 532
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 2
211
0. 2
Алқаптар аты: Жолдар, квартал, жолақтары
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 4452
Шалдай орман шаруашылығы: 1. 6
2411
1. 7
Алқаптар аты: Елді мекендер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 620
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 2
383
0. 3
Алқаптар аты: Батпақтар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 427
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 2
214
0. 1
Алқаптар аты: Құмдар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 15
Шалдай орман шаруашылығы: 0. 01
13
0. 01
Алқаптар аты: Басқа да алқаптар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 5611
Шалдай орман шаруашылығы: 2. 02
2605
1. 8

2-кестеден көріп отырғанымыздай, табиғи резерват бойынша ормансыз алқап жалпы резерват ауданының 18. 7%-ын құрайды. Ормансыз алқаптың 8. 1%-ын шабындықтар, 6. 1%-ын жайылымдар, 1. 6%-ын жолдар, квартал жолақтары және 2. 02%-ын басқа да алқаптар алады. Өртеңді жерлердің басым бөлігі Шалдай орман шаруашылығы мекемесіне келеді және жалпы мекеме ауданының 19. 3% құрайды.

1. 2 Ауданның табиғи-климаттық жағдайлары

Қарастырылып отырған территориямыз, республикамыздың солтүстік шығыс бөлігіндегі қою сары топырақты құрғақ ақ селеулі бетегелі дала аймағына орналасқан. Ландшафт түрі құрғақ далалы, класс ішінде сортаңды, қою сары топырақты орналасқан әртүрлі селеулі өсімдіктері бар келді-жазық жер. Орман шаруашылығы ісін тәртіптейтін, межелі құжаттар бойынша, сондай-ақ ҚазҒЗИ ОША зерттеулерімен қаралып отырған территориямыз Ертіс - Обь өзендерінің айналасындағы қарағайлы - қайыңды ормандарға, Павлодар ауданы бойынша құм-далалы жерге жатқызылған.

Орманның өсуі жағдайына әсер ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы қары аз қатты қыспен сипатталады . Максималды және минималды амплитудалық температрасы -89ºС-ге тең.

Павлодар облысының климатының қалыптасуына территорияның терең континетальды жағдайда орналасуы, күн радиациясының молдығы, ауа циркуляциясының жылдамдығы, жер бетінің біркелкі жазық далалы болып келуі әсер етеді.

Маусымда күннің ұзақтығы-17 сағат, желтоқсанда 7 сағатты құрайды.

Облыс маңында орташа жылдық температура 1 ºС-3 ºС, солтүстікте 0 ºС, орта бөлікте -1, 8 ºС, ал оңтүстікте -2, 6 ºС. Нағыз жылы айдың орташа айлық температурасы- шілдеде 19 ºС дан 21, 3 ºС-қа дейін ауытқиды, ал басқа күндерде күн ыстық 40 ºС-ке дейін, тіпті Оңтүстік Қазақстан сияқты болады. Максималды температура 42 ºС болып тіркелген.

Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда- облыс территориясында 17 ºС дан 18, 1 ºС, ал нағыз аязды күндерде температура -47 ºС. Сонымен орташа жылдық амплитуда 38 ºС-тан 40 ºС-қа жеткен.

Тәулік ішінде температураның айырмашылығы үлкен. Көктемде, тіпті жылы күннен кейін де, қатқақ суық және керісінше болуы мүмкін. Әсіресе көктемде және күзгі салқын мен жылы температурада күрт өзгерістер байқалады.

Вегетациялық кезең 5 ºС-да сәуірдің үшінші онкүндігінен басталады да, қазанның алғашқы онкүндігінде аяқталады. Оның ауытқу ұзақтығы солтүстікте 167 күннен, оңтүстікте 178 күнге дейін созылады. Бірақ аязсыз кезең аз. Ол 109 күннен 130 күнге дейін созылады.

Облыстың климатының құрылымы ауа массасының 3 типі қатысады. Материктің құрылуына қоңыржай ендіктің континентальдық ауасы үстемдік етеді, сондықтан қыста ол күшті суынады, ал жазда керісінше, ол өте қызады. Бұл қысқы кезде ашық суық ауа райы жіне ыстық құрғақ жазды анықтайды. Қыста мұнда Сібір антициклоны басып кіреді де, ашық аязды ауа басым болады. Қоңыржай ендікте Атлант мұхитынан циклон түрінде басып кіретін ауа массасының ролі зор. Қыста олар жылылықты әкеледі, бұлыңғыр күні қар жауады, ал жазда салқын найзағай жарқылдап, нөсер жауын-шашын әкеледі. Облыстың Атлант мұхитынан тым алыс жатуы ауа массасының ерекше ендіктен кем болуына әкеліп соғады.

Солтүстік Арктикалық ауа ешбір кедергісіз далалы өңірден өтеді, күрт және тез суынып қысқы күшті аяз күндерде, ал көктем мен күзде аздаған тоңазу болады.

Жыл сайын жауын-шашын мөлшері күшті ауытқиды, ылғалдылық пен куаңшылықтың кезектесіп отыруына тура келеді. Құрғақшылық жылдары шілде кезіндегі жауынның кешігуі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктері мен жасанды азықтың, шөптесін өсімдіктердің өнімін төмендетуге әкеліп соғады.

Облыстың қар жамылғысының жатуы 150-160 күнге созылады. Дегенмен облыстың солтүстігінде қар 143-195 күн жатқан кездері де болған, ал оңтүстікте 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның бірінші жартысының соңында, солтүстікте қарашаның ортасына облыстың басқа бөліктерінде болған. Басқа жылдары қар ертерек қыркүйектің соңында түскен. Қар жамылғысының биіктігі 25 см.

Топырақтың мұздану тереңдігі 70-125 см. Орташа мұздану тереңдігі 100-110 см құрайды.

Жылына 11-24 күндей қарлы боран болады. Қатты желдер қарды алыс қашықтыққа ығыстырып, даланы жалаңаштайды және күрт қалың қар түсіп, төңірегіне бөгет жасайды. Сондықтан облыста ерекше қарт тоқтату қажет, далаға ағаш отырғызып егін алқаптарын қорғау керек қар тоқтату тек топырақты ылғалдандыру үшін ғана қажет емес, сол сияқты жерді тоңазудан да сақтау қажет. Қыста аз түскен қар 2 м-ге дейінгі жерді қатырады да, күзгі және көктемгі егістіктерге зиянын тигізеді. Қысқы кезеңнің ерекше сипаты қыстың бірінші жартысының екінші жартысынан біраз жылы болуында. Күшті аяз бен қатар жылыну температурасының 1-2 ºС-қа көтерілгені байқалады. Кейде қыста тұман, қырау, тайғақ болады. Тайғақ жол қатынасына, ауыл шаруашылығына ауыртпалық әкеледі.

Орташа тәуліктік температура 0 ºС-тан жоғары болып айқындалса, ол көктемнің басы болып есептеледі. Ол әдетте наурыздың соңында немесе сәуірдің басында болады. Көктем облыста ерте басталады. Бұл кезде қардың еруі жолда ғана емес, егіс алқаптарында да байқалады. Қардың еруі 1 сәуірде бітеді. Ауаның тез жылуы, атмосфералық жауын-шашынның түспеуі көктем кезінде қуаңшылыққа әкеп соғады. Сондықтан міндетті түрде топырақтың ылғалдылығын дұрыс жинақтап, сақтап пайдалану керек.

Ерте көктемде, жерде әлі өсімдік шықпай тұрып, жел күшті көтеріліп, жел эрозиясы пайда болады. Топырақ шашырап, оның құнарлығы төмендейді. Көктемде ауа-райы тұрақсыз, әсіресе наурыз-сәуір айларында. Бұл кезде суық пен жылылық арасында күрес жүреді.

1. 3 Жер бедері мен өсімдігі

Павлодар құмды-далалы ауданы Ертістің оң жағасындағы оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жолақлы орманның Қазақстанға тиесілі бөлігі әртүрлі шөпті - селеулі дала аймағына орналасқан. Жолақлы ормандардағы рельефтің құрылу ерекшеліктері ертеректе бір жолмен құйылған су қойынауларында флювиогляциялық түзілістердің жиналуынан, бұл жерде ерте келіп қосылған Обь және Ертіс өзені суларынның әсерінен бірнеше рет жуылып, шайылып, ұшырылып кетуінен қалыптасты.

Негізгі фонды жоғары бұдырлы-тізбекті, биіктігі 1 метрден 25 метрге дейінгі орман сілемі құрайды. Олардың арасымен жақсы тұйықталған, кейде терең ойыстар ойнаттар кездеседі орманның қалған жоғары жақтарының иірімі аз, тегіс, жазық рельеф сияқты. Жолақлы орман даланың жазық жерінде жалпақ үймек немесе жота түрінде аздаған адырлы болып, бағыты оның дәл сол ормандай солтүстік шығыстан оңтүстік-батысқа дейін бағытталған.

Территорияның орталық және солтүстік шығыс бөлігіне Құлынды және Қарасук даласы орналасқан және ол Барабин даласының оңтүстік жалғасы болып табылады. Оңтүстікке қарай орман жанында Алтай тауы етегіне жететін Алтай жазықтығы орналасқан. Оңтүстік батыста орман Коростелев, Белопан, Белоагач-Локтев даласын қоршап жатады. Алтай аймағындағы даланы қоршап жатқан жолақлы орманы жалпы рельеф бойынша астау тәріздес төмендікте орналасқан, әсіресе оңтүстік-шығыс бөлікте айқын көрінеді. Мұнда көптеген жерлерде орманның үстіңгі жағына қарай дала орналасқанын көруге болады. Қазақстандағы ормандар дала деңгейімен бірдей не сәл жоғарлау орналасқан.

Орман орналасқан жердегі рельеф негізінен құмды дөңесті және жота түрінен ойпаттарға ауысады. Бұл дөңеспен жоталардың салыстырмалы биіктігі әр түрлі солтүстік шығыста рельеф 1м. -3м. дейінгі биіктік айырмашылығында болатын жазық иірімді болып келеді. Оңтүстікке қарай жылжыған сайын бұл биіктік өсе береді, Коростелев орманына барғанда 30-40м. көрсетеді. Бұл жердегі рельефтің түрі биік жота және құрама етек бөктер түрінде, бағыты жалпы орман бағытына паралелль болып келеді. Тік адырдың баурайы жанынан қарағанда соққан желдің бағытына қарсы 20-30°-та орналасқан.

Құм төбелерде пайда болған ойдым шұқырларды және құйылыстарды орманда балкаш деп атайды. Олардың біраз бөліктері топырақ суларының шығуына жол ашады, басым көпшілігі - жоғары қабаты қарашірікке бай және жеткілікті мөлшерде ылғалданған өнімді өте жақсы беретін топыраққа жатады. Балкашта - әдетте қарағайдың толықтығы 1, 0 дейінгі I-III бонитеті орналасқан.

Жердің солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына қарамастан облыстың барлық территориясы бірдей -топырақ белдеуінің маңында каштан топырақта орналасқан. Территорияның үлкен бөлігін -қоңыр топырақты белдеу алып жатыр, тек солтүстік шетіне қарай қара топырақ белдеу, оңтүстік- шығыс белдеуінде топырақты ашық каштан. Горизонттың жоғарғы жағы, жыртылған жерлерін тозандату қара топырақта 97% жетеді. Жердің көптеген көлемі суландыруды, тұзды азайтуды керек етеді. Топырақта суды ұстап қалу үшін қар тоқтату жұмысы жүргізіледі. Топырақтың құңарлығын көтеру үшін тыңайту қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану амалдарын қорғанады.

Павлодар облысының өсімдік жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы боз, бетеге, жусан, шоқ қайың, шоқ терек және қарағай өседі. Ал жануарлар әлемінде қасқыр, түлкі, қоян, ақтышқан, суыр, қосаяқ, орманды өңірде сілеусін, тиін, елік; құстардан дала бүркіті, күйкентай, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, тоқылдақ, өзен мен көлдерде қаз, үйрек, шағала т. б мекендейді.

1. 4 Гидрологиялық жағдай

Жолақлы орманда гидрологиялық тармақ нашар жетілген, тек аздаған мөлшердегі ащы-тұзды көл түрінде көрсетілген, гидрологиялық жағдайды аңықтауда жер асты сулары негізгі роль атқарады.

Жер асты суларының орналасу жағдайлары және химиялануы территорияның рельефіне, топырақ суының литологиялық құрамына, геологиялық құрылысқа тікелей байланысты.

Негізгі қоректену көзі болып атмосфералық жауын-шашындар болып табылады, сондай-ақ тасымал судар, яғни Обь-Ертіс сулары бөлігінде жырамен жырылып келетін тасқын сулар. Оның деңгейі ойпаттарда 1, 5м. -3 м-ге дейін, дөң жерлерде 10-15 м. ауытқиды.

Құмды ормандағы сулар аз минералданғанымен сипатталады.

Жолақты орманның өте үлкен топырақ қорғанысын, ауа-райы реттеушілігін, суды сақтаудағы маңыздылатын ескере отырып, өте қысқа мерзімде кең көлемде орманды қалпына келтіруді орман екпе жұмыстарын жүргузі керек және бір мезгілде орманды өрттен қорғау жұмысын күшейту, өз бетімен орман кесетіндерді тоқтату керек.

1. 5 Топырағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалдай орман шаруашылығы мекемесі
Қала экологиясы
Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер туралы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
Қарағайлы орман зиянкестері
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz