Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының
мұнайгаз өнеркәсібі
Орындаған: Амангельди Ж.
Қабылдаған: Юсупова Л.
Қызылорда, 2016ж
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Жоспар :
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1) Қазақстан мұнайгаз өнеркәсібі дамуының қысқаша тарихы
2) Қазақстан мұнайгаз өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
3) Қазақстан мұнайгаз кешенінің келешектегі болашағы
III Қорытынды
Кіріспе
Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты - 1, 6 млрд. тонна, табиғи газ қоры - 5, 9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Ломоносов айтқандай, «Ресей қуаты Сібірмен өркендейді . . . », «болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек . . . ».
Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібі дамуының қалыптасу тарихы
Халықта Әукетай-Шағыл ауданындағы (Орал-Жайық өзен аралығында) «Киелі от туралы» аңыз сақталды, кейін белгілі болғандай, ол жанатын газдың шығуына арналыпты. ХІХ ғасырда атақты діни қызметкер және емші Мәтенқожа малдың қотыры мен адамдардың тері ауруларын Ойыл өзенінің төменгі ағымындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдепті. Жібек жолымен Қытайдан Үндістанға жүрген сауда керуендері арбаларының дөңгелектерін жағу үшін Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып қалған қара майды пайдаланғаны туралы саяхатшылардың естеліктері де сақталды.
XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар аудара бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту, оңтүстік елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Батыс Қазақстанды зерттеушілер Маңғыстау түбегіне қатты назар аударды. Зерттеулер 1864 жылы М. И. Ивановтың экспедициясы Маңғыстау түбегінде мұнайдың алғашқы белгілерін тапқанда басталды.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының екінші бөлігінде Ембінің мұнайшылары бұрғылау жұмыстарының дамуына, ұңғыма тереңдігінің ұлғаюына, мұнай иірімдерін ашуға және барлауға әсерін тигізген роторлық айналмалы бұрғылауды қолдана бастады. Ембідегі айналмалы бұрғылау КСРО бойынша алғаш рет қолданылды. Осының нәтижесінде ұңғымалардың орташа тереңдігі 1927 жылдағы 196, 7 метрден 1932 жылы 637, 7 метрге дейін өсті. Ембінің мұнайшылары сол кезде КСРО мен Еуропа бойынша бірінші болып 2500-2800 метр тереңдікке дейін қатты бұрғылауды игерді. Сынған толқындар әдісі (СТӘ) қолданылған алғашқы тәжірибелі сейсмикалық-барлау жұмыстары түз күмбездерін зерттеу мақсатында Ембі мұнайлы ауданында 1929 жылы жүргізілді. СТӘ-ні қолдану арқасында конфигурацияны және тұз күмбездері ядроларының шөгу тереңдігін айқындау дұрыстығын арттыру мүмкіндігі пайда болды.
Каспийдің су айдынындағы мұнайгаз кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 13 ақпандағы №97 қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы құрылды.
1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL (Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Италия) шетелдік компанияларымен операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК, ал консорциумның директоры Ж. Н. Марабаев болған халықаралық консорциумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды. 1994-1996 жылдары кемінде 100 тыс. км2 алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық, инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеу бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қаазсқтанның Үкіметі ОКИОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және 1999 жылы іздеу бұрғылау басталды.
Қазақстан мұнайгаз өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнайгазды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы- Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан.
Аумағында 930 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы қорлары бар 75-тен астам кен орындары ашылған Атырау облысы неғұрлым барланған мұнай қорларына ие. Облыстың ең ірі кен орны - Теңіз (бастапқы алынатын қорлары - 781, 1 млн. тонна) . 150 млн. тоннаға жуығы қалған кен орындарының үлесіне тиеді. Бұл қорлардың жартысынан астамы екі кен орнына - Корлевское (55, 1 млн. тонна) мен Кенбайда (30, 9 млн. тонна) шоғырланған.
Маңғыстау облысының аумағында өндірілетін 725 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы мұнай қоры, 5, 6 млн. тонна конденсаты бар 70-тен астам кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының жартысына жуығы пайдаланылуда. Олардың көпшілігі игерудің соңғы сатыларында. Қалдық қорлардың басым бөлігі алынуы қиын кен орындарына жатады. Ең ірі кен орындар - Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан облысында сұйық көмірсутегі шикізатының алынатын қорлары 320 млн. тоннаға жететін және газдың алынатын қорлары 450 млрд. текше метрден астам Қарашығанақ кен орны болып табылады. 2005 жылдың қыркүйегінде Қарашығанақпен жалғас жатқан Федоровский блогында көмірсутегі шикізатының табылғаны туралы жарияланды. Мұндағы мұнай және газ конденсаты қорлары 200 млн. тонна болады деген болжам жасалып отыр.
Мұнайгазға қанықтығы жағынан алғанда тағы бір болашағы зор аймақ Ақтөбе облысы болып табылады. Мұнда 25-ке жуық кен орындары ашылды. Бұл аймақтағы неғұрлым маңызды геологиялық ашылым алынатын мұнай және конденсат қорлары 170 млн. тоннаға жуық болатын Жаңажол кен орындары тобы болып табылады. 2005 жылы Каспий жағалауы ойпатының шығыс бөлігінің орталық блогында Үміт жаңа кен орны ашылғандығы туралы жарияланды.
Қызылорда мен Қарағанды облыстарының мұнай өндіруші салаларының негізін Қазақстандағы бесінші мұнайгазды өңір - Құмкөл кен орындары тобы құрайды. 2005 жылдың жазында осы аймақта жұмыс істейтін «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылқия кен орнының солтүстік шекарасына жалғас жатқан Көлжан лицензиялық аумағында мұнайдың коммерциялық қорлары аңғарылғаны туралы жариялады.
Мұнай Өнеркәсібі - мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.
Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
1960 жылдардың ортасында осы аймактағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т. б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды. Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.
1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды. 1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4, 8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында. Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.
Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде :
- «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
- ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
- Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл) .
«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.
Көш бастаушы Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.
Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омбы-Павлодар-Шымкент.
Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.
Газ өнеркәсібі - табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т. б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей менҚазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.
Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азоттыңайткыштарын алуда қолданылады. Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.
Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына -Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнайгаз кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.
- Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.
- 1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ. ) іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:
- Қазақ газ өңдеу зауыты
- Теңіз газ өңдеу зауыты
- Жаңажол газ өңдеу зауыты
- Қарашығанақ өңдеу кешені.
Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара - Орал - Орта Азия - Мәскеу, Бұхара - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматымагистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын « Қазтрансгаз », « Қазтрансойл », т. б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006) . Қазақстан uаз өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы « Қазақгазөнеркәсіп » мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол « Қазресгаз » ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу - Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4, 0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1, 2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2, 2 млрд. м 3
Қазақстан мұнайгаз кешенінің келешектегі болжамы
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша құрылықтағы және шельфтегі көмірсутектерінің расталған қорлары 4, 8 млрд. тонна немесе 35 млрд. баррель шегінде бағалануда, 2001 жылғы жағдай бойынша мұнайдың барланған баланстық қорлары тек 2, 9 млрд. тоннаны құраған болатын. Оның үстіне, кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша мұнайдың болжамды қорлары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кен орындары бойынша ғана 17 млрд. тоннадан немесе 124, 3 млрд. баррелден астамды құрауы мүмкін. Мұнай мен газ қорларын, сондай-ақ үнемі артып отырған оларды өндіру ауқымдарын ескерсек, таяудағы келешекте Қазақстан дүниежүзілік мұнай өндіру ошағы болып қала бермек.
Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша 2011 жылдың қорытындылары бойынша мұнай өндіру 80, 1 млн. тоннаны құраған. Салыстыру үшін айтсақ, 1998 жылы мұнай өндіру 25, 93 млн. тонна деңгейінде белгіленді. Табиғи газ өндіру ауқымы (2011 жылы 39, 5 млрд. текше метр) бойынша Қазақстан ТМД-дағы көшбасшылардың бірі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz