Машина жасау технологиясының даму бағыттары


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Машина жасау технологиясының даму бағыттары

Орындаған: Амангельди Ж.

Қабылдаған: Нұрман А.

Қызылорда, 2016ж

Машина жасау технологиясының даму бағыттары

Жоспар :

I Кіріспе
II Негізгі бөлім

1) Қазіргі жағдай

2) Біліктердің дайындамалары

3) Машина жасау технологиясының даму бағыттары

III Қорытынды

Кіріспе

Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), , аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады. 1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды. Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады. 1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.

  1. Қазіргі жағдай

Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жендеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды. Сендер Қазақстанның түрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес екендігін түсінесіңдер. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр. Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық өлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті - ел ішіндегі көптеген әндірістердің дамуына жағдай туғызу (72-сурет) . Өзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік), Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады. Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады. 3. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады.

Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі - 154, 5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % - ын құрайды.
2009 жылдың қорытындылары бойынша 282, 5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6, 8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115, 5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61, 5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105, 5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9, 8 %-ға, электр жабдығы - 13, 4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1, 4 %-ға ұлғайған. Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті. Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15, 9 %-дан 2008 жылы 3, 0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3, 2, %-ды құрады
Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9, 5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды. Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 - Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі.
Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды.

  1. Машина жасаудағы мамандану

Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар. Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын - тракторлар, станок жасайтын - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды. Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы - аккумуляторлар шығарады. Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық мамандану.

Машина жасау кезеңдері

Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады . Бірінші кезең - құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі - бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі - бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт ендірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл - технологиялық мамандану болып саналады. Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі. Сонымен, машина жасау кешені салааралык емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.

  1. Машина жасау технологиясының даму бағыттары

ХХI ғасырдың бас кезеңiндегi ғылым, техника және технологияның даму бағдарын жорамалдау арқылы, әсiресе, жапондықтардың жорамалдауларын ғылыми-техникалық мәлiмдемелерге сүйенiп, қорғалып жатқан диссертациялардың, гранттардың және ғылыми-техникалық жобалардың тақырыптары мен ғалым-технологтардың ұсыныстарын ескере отырып, машина жасау технологиясының негiзгi даму бағыттарын төмендегiдей жүйелеуге мүмкiндiк туды.

  1. Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.

Қазiргi кезеңде алуан түрлi тетiктердi жасап шығарудың типтi технологиялары мейлiнше кең игерiлген.

Дегенмен, дайындама алу өндiрiсiнiң даму ерекшелiктерi машина жасау технологиясы-ның, металл кескiш станоктардың және құрал-саймандардың прогресивтi түрлерiнiң пайда болуларына орай, қалыптасқан типтi технологияларды энергия материалдар және басқалай ресурстар үнемдеу тұрғысынан қайта қарауды талап етедi.

Мысалы, тiстi дөңгелектердiң дайындамаларын жасау барысында тiстерiмен бiржола қалыптастыру материалдар мен энергиялар шығындарын күрт азайтуға және оның технологиялық өзiндiк құнын кемiтуге кең жол ашады.

Токарлық өңдеу орталықтарын қолдану арқылы бiлiктер шығарудағы типтi технологияда өзгерiске түсiп жатады.

Турбиналық қалақтарды шығаруда да, алты координатты өңдеу орталығын қолдану типтi технологияны мүлде өзгертiп жiбередi.

Осы аталған бағытпен ТМД елдерiнiң көптеген ғылыми-технологиялық бiрлесiктерi мен машина жасау ұжымдары тiкелей айналысып жатыр.

Бұл бағыт бұйымның өзiндiк құнын азайтуға зор мүмкiндiк тудырады.

  1. Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.

Бұл бағытты дамыту үшiн өте жүйелi ғылыми тұрғыда негiзделген тиянақты көзқарас қажет.

Өндiрiсте қалыптасқан өңдеу тәсiлдерiн оңтайландыру және жетiлдiру, оларды iске асыру режимдерiн, өңделетiн беттерiнiң сапаларын, өңдеу дәлдiктерiн, энергиялық шығын-дарын, өнiмдiлiктерiн және технологиялық өзiндiк құндарын тiкелей жақсартумен тығыз байланысты.

Мұнда технологиялық өзiндiк құн оңтайландырудың ең кешендi және қажеттi түрi ретiнде алынады.

Ғылыми тұрғыда негiзделген технологиялық өңдеу тәсiлдерiн жетiлдiру үшiн iргелi фундаменталды ғылымдардың жетiстiктерiн кең қолдану қажет, әсiресе, физикалық, химия-лық, электротехникалық, т. с. с. салалар.

Машина жасау саласындағы қолданылып жүрген технологиялық тәсiлдер - тетiк бет-терiн пластикалық деформациялау тәсiлiмен әрлеп, шыңдау технологиясы, электроэрозия-лық өңдеу, электроимпульстық өңдеу, электронды сәулелi, жарық - сәулелi, ультрадыбыстық, лазерлiк, магниттi, химиялық және т. с. с.

Тетiк беттерiн пластикалық деформациялауға жататын технологиялық әрекеттер: домалату, бүрлеу, кеулеу, бұранда салу, калибрлеу, дорындау, үйкелеу, дiрiлдете таптау, құм шашумен өңдеу, центрден тебетiн аспаптармен өңдеу.

Лазерлiк технологиялық әрекеттерге кесу, тесу, жазу, өлшеу, диагностика, тепе-теңестiру, сапа тексеру сияқты жұмыстар кiредi.

Өңдеудiң кешендi - қосарланған тәсiлдерiне электромеханикалық, термомеханикалық, химия-механикалық, физика-химиялық, механо-физика-химиялық тәсiлдер жатады.

Жаңа, кешендi өңдеу тәсiлдерiн қолдану өңделетiн беттiң қызметiне қарай күштiк, қызу-лық немесе химиялық әсерлер арқылы iске асады.

Бұл бағыт өте қиын өңделетiн материалдарды өңдеуде таптырмайтын тәсiл.

  1. Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.

Бет қатпарларын модификациялау тәсiлдерiне жататындар: диффузиялық сiңдiру, лазерлiк легiрлеу, қаптаудың электродоғалық және плазмалық түрлерi, иондық имплантация, химиялық және гальваникалық қаптау, бүрку, эмальдау, электрсiлтiлiк қаптау т. с. с.

Бұл бағыт қымбат материалдарды тоздырмау және бұйымның төзiмдiлiгiн арттыру үшiн қолданылады. Көбiнесе тозған бұйымдарды жөндеуде жиi пайдаланылады.

  1. Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.

Тетiктiң бетiнiң сапасы сыртынан iшiне қарай (бет қатпарына) өзгермелi болады.

Машина бұйымдарын жасауда бет сапасын қамту үшiн арнайы технологиялық үрдiстер жүргiзiледi.

Оларға жататындар: санды бағдарламамен басқарылатын станоктарда кесу жылдамдық-тары мен аспап берiсiн өзгерту арқылы жону, беттердi пластикалық деформациялау арқылы таптау (мұнда таптау күштерi, жылдамдық, берiстер өзгертiлiп тұрады), тоқ күшiн өзгерту арқылы электромеханикалық өңдеу, т. с. с.

Бұл бағытты дамыту арқылы бұйым төзiмдiлiгiн арттырады.

Мысал ретiнде, әртүрлi құлақшаларды өңдеу, дифференциалдардың ұялары, турбина қалақшалары, тiстi дөңгелектердiң тiстерiн атауға болады.

  1. Дәлме - дәл, өте жоғары дәлдiктегi нанотехнологиялар. Өңдеу дәлдiгi ангстремге жуық, бет кедiр-бұдырлығы Rα=0, 0001 мкм.

Өте жоғары дәлдiктегi өңдеудi iске асыру дайындаманың материалының химиялық құрамы мен оның өңдеу қасиетiне тығыз байланысты болады.

Дайындама материалының механикалық және физикалық қасиеттерiнiң параметрлерiнiң шашырауы 0, 1%-дан аспауы тиiс. Мұндай шартты тек наноматериалдар қамтамасыз етедi.

Нанотехнологиялар бұйым жасаудың жаңа тәсiлдерiн тудыруға жол ашады.

  1. Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.

Бұл дегенiмiз өңдеудi жүздi аспаптармен жүргiзуде кесу жылдамдығын 30 м/с, ал алмас-ты-абразивтi өңдеуде 150 м/с жеткiзу.

Жоғары жылдамдықтағы кесу пiшiндерi өте күрделi тетiктердi өңдеуде кездеседi, мұнда дайындама салмағының 70 - 80%-ы жоңқаға айналады.

Плита тәрiздес пiшiнi қарапайым тетiктердi өңдеуде бұл әдiс өте тиiмдi келедi.

Тәжiрибеде жоғары жылдамдықты токарлық жону жиi қолданылады.

Жоғары жылдамдықты кесу үрдiсiн iске асыру үшiн кескiш аспапты майда түйiрлi қатты қорытпалармен арнайы қаптап, оларды керамикалық бордың кубтық нитридтерiмен, алмас-тық кескiштермен жабдықтап, өңдеудi жоғары жылдамдыққа бейiмделген металл кескiш станоктарда жүргiзу қажет.

Қазiргi кезеңде машина жасауда қолданылатын металдар мен қорытпалардың 200-дей маркiлерiн жоғары жылдамдықпен өңдейдi. Мұнда өңдеу өнiмдiлiгi 3-10 есе өседi де, өңде-лiнетiн беттiң сапасы мен дәлдiгi жақсарады.

  1. Материал қасиеттерiнiң, өлшем дәлдiктерiнiң, тетiк беттерiнiң сапасының тектiк iзқуушылығы.

Бұл бағыт тетiктер сапасын жақсартып, өңдеудiң өзiндiк құнын азайтады.

  1. Бұйым құрамындағы конструкторлық - технологиялық өлшемдiк талдауларды жетiлдiру.

Қиылыстырылатын беттердiң сапасын ескере отырып, ондағы өлшем тiзбектерiне есеп-темелер жүргiзу.

  1. Бұйымның пайдаланушылық қасиеттерiн технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.

Пайдаланушылық қасиеттерге жататындар: статикалық және шаршау берiктiгi, тоттану тұрақтылығы, статикалық және динамикалық контактты берiктiк, контактты серпiмдi қатаңдылық, қондыру берiктiгi, тығыздылығы, тозу тұрақтылығы.

Осы бағыттағы жиналған ақпараттар жиынтығы бұйымның сенiмдiлiгiн арттыруға сара жол ашады.

  1. Өңдейтiн тетiктердiң және құрастырылатын бұйымдардың сапасын автоматтандырылған бейiмдi жүйелермен басқару.

Бұл бағытты iске асыру үшiн өлшем дәлдiктерiн, сапа көрсеткiштерiн, өңдеу үрдiстер-iнде туатын күштер мен температураларды лезде тез бақылайтын тексеру құрал-сайман-дары болулары қажет.

Осылар арқылы алынған ақпараттар жиынтығын электронды есептеу машиналарымен басқарылатын станоктарға салып, үрдiстi iске асыруға болады.

  1. Өзiн-өзi үйрететiн технологиялық жүйелердi құру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Корея, Сингапур және Гонконг қазіргі даму кезеңінде
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКТТІҢ РӨЛІ
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Автокөлік дамуының сатылары
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz