Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметінің түсінігі, құқықтық негіздері және қалыптасу тарихы . . . …… . . . 6

1. 2 Нотариаттық қызметінің құқық жүйесіндегі орны . . . ……… . . . 8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ НОРМАЛАРЫНА СӘЙКЕС НОТАРИУСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

2. 1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар13

2. 2. Нотариустың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. 32

2. 3. Нотариустың қызметін қадағалау . . . 37

3. НОТАРИАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ.

3. 1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес орындалатын нотариаттық іс-әрекет түрлері . . . 44

3. 2. Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер……… . . . 59

Қорытынды. . 61

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі……… . . . 65

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың әр түрлі мекемелеріне қызметтер жүктелген. Нотариат-осылардың бірі болып табылады. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының № 155 Заңы 1997 жылы 14 шілде күні қабылданды (өзгертулер және толықтырулар 2007 жылы 2- қыркүйегінде енгізілген) . Осы заң негізінде Қазақстан Республикасында нотариаттық қызметті ұйымдастыруға бағытталған бірқатар реформалар жүзеге асырылды. Бұл заң өз бойына бұрыңғы заңдардан ең жақсысын сіңіріп, бірақ оның бәрін ескере отырып, жаңа нормалар мен институттарды, құрылымы мен ұйымдастырылуы өзгерді. Яғни, қазір жеке нотариустар институты пайда болды. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың мемлекеттік нотариаттық кеңселерде қызмет ететін нотариустар сияқты азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға және даусыз құқықтарын куәландыруға құқықтары бар.

Еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі маңызды салалардың бірі нотариат болып табылады. Нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыру, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесін құрайды. Нотариаттық іс-әрекетті Нотариат туралы Заңында қарастырылғандай, мемлекеттік және жеке нотариустар, нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, консулдық қызмет атқаратын адамдар жүзеге асыра алады.

Бірақ нотариус заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда еліміздің заңдарында көзделген қылмыстық, әкімшілік, материалдық, тәртіптік және өзге де түрде жауапқа тартылуы мүмкін. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзінің кәсіптік міндеттері мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда оны нотариаттық палата Нотариустың ар-ождан кодексіне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.

Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары, сондай-ақ нотариаттық палата да жеке нотариустың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылайды.

Нотариус еліміздің құқық қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ол, елдің заңнамасына, ең бастысы, жоғары тұрған «Нотариат туралы» Заңға негізделген және барлық ықтимал болашақ бұзушылықтарды алдын алу мақсатында азаматтық құқықтарды құқықтық бекіту және шоғырландыру функцияларын орындайды. Осыған сәйкес нотариус келесідей қызметтерді жүзеге асырады:

-жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес іс-әрекеттер жасауға, мәмілелердің, өтініштер мен құжаттардың жобаларын жасауға, құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша кеңестер беруге, заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге, ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша қызметпен айналысуға;

-заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға, азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуына жол бермеу үшін, жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге, кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға, заңға сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға, кәсіптік әдепті сақтауға, әділет органдарына және нотариаттық палатаға өз қызметіне байланысты шағымдар бойынша мәліметтер, басқа да құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері бойынша түсініктемелер беру.

«Қазақстан Республикасында Нотариаттың қалыптасуы. Нотариаттың қызметін нормативтік құқықтық реттеу» деген негізгі тақырыбымның өзекті сұрақтары мен мәселелерін қарастырып, мүмкіндігінше оларды тереңдетіп зерттеу болып табылады. Нотариус атқаратын негізгі әрекеттер: мәмілелерді куәландырыды; шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландырыды; мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды; мұраға құқық туралы куәліктер береді; құжаттардың көшірмелері мен олардан аынған үзінділердің дұрыстығын куәландырыды; құжаттарға қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландырыды; мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды және т. б. Осы сипатталған әрекеттердің жасалу ерекшеліктерін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Нотариус қызметінің негізін салушы ұйымдық бастамалар, нотариаттық қызметтің қағидаттары, нотариаттық қызметке орналасу үшін, үміткерлерге қойылатын басты талаптар. Бұл қойылатын талаптар, негізінен, мемлекеттік нотариустар мен жеке нотариустарға да ортақ. Қаржылық жағынан, қызметке басшылық жасау, сондай-ақ өзері келтірген зиянның орнын толтыру бойынша ғана кейбір Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Осы дипломдық жұмыста ғылыми танымның талдау, синтез, индукция, дедукция сияқты әдістер қолданылған. Сонымен қатар тарихи, нақтылық және тағы басқа теориялық қағидалар басшылыққа алынған.

айырмашылықтар барын ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ нотариаттық тәжірибеде туындайтын практикалық мәселелерді табу және шешу жолымен көрсетілген операциялардың жекелеген түрлерін, нотариалды куәландыру тәртібін зерттеу болып табылады. Нотариат қызметінің рөлін, азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы зор үлесін ашып, сондай - ақ нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы тақырыпты ашу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

-Қазақстан Республикасында нотариаттық қызмет - түсінігі мен тарихы;

-Нотариаттық қызмет принциптері ұғымы және жүйесі;

-Нотариаттық қызметтердің түсінігі мен түрлері;

-Қазақстан Республикасында нотариалды куәландыру жалпы ережелері; Қазақстан Республикасында мүлікті иеліктен шығару туралы келісімдер жүйесі нотариаттық сертификаттауды жақсарту.

Жаһандық құқықтық және әлеуметтік байланыстарды Қазақстанның үлес қосуы, халықтың ресурстарының ұтқырлығын арттыру, объективті елдің құқықтық ұғымдарды әзірлеген және қабылданған, заңға негізделген нотариустың әлеуметтік және құқықтық мәртебесін анықтау, қажеттілігін анықтау және дамыған елдерде құқықтық тәжірибесі үшін халықаралық-құқықтық қоғамдастыққа елдің интеграциялық қол жеткізуі [3, 5] .

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты зерттеу барысында Қосанов Ж. Қ., Әленова А. Х., Мадиярова А. С., Федоров С. Д., Пантелеев С. Ф., Мукушева М. Ш., Репин В. С., Фолькер Хиленбрандт, Прохорова С. А., Эйдинова Э. В., Баймолдина З. Х., Грибанов В. П., Ибраева А. С., Зайцева Т. И., Глущенко П. П., Седов А. М., Жылысбаев М., Дербесалинов А. Н., Мюллера В. К., Ибрагимов Х. Ю., Аюпова З. К., Урисбаева А. Және тағы басқа авторлардың еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілеріне анализ берілген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІ ЗДЕРІ

1. 1 Қазақстан Республикасын нотариаттық қызметінің түсінігі, құқықтық негіздері және қалыптасу тарихы

Заңдардың иерархиялық принципіне сәйкес, ұлттық құқық жүйесінің негізгі қайнар көзі, соның ішінде Қазақстан Республикасы нотариатының да негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, басты құндылығы адам, оның құқығы мен бостандығы болып табылады деп көрсетеді. Адам құқығы мен бостандығын тану мен кепілдік беру одан әрі Конституцияның 12-бабында қарастырылады. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталынады. Бұл норма қызметі азаматтар мен заңды тұлғалардың субъективтік құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариат жүйесін құру үшін негізгі болып табылады.

Конституцияның 6 бабында мемлекеттік және жеке меншік үшін тең дәреже және тең қорғау құқығы бекітілген. Сонымен қатар Конституцияның 13 бабының 3 бөлімінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көрселген ретте заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл баптың да нотариатттық қызметке тікелей қатысы бар [2] .

Нотариаттық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің келесі жүйесіне Азаматтық кодекс жатады. Оның жалпы және ерекше бөлімдерінде мәміленің түсінігі, нысаны мен түрлеріне, мәміленің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарды қамтитын көптеген нормалары бар. Азаматтық Кодекстің 57-60 тарауы толығымен мұрагерлік құқықты реттеуге арналған. «Нотариат туралы» Заңның 2 бабы нотриат туралы заңнама «нотариаттық қызметті реттейтін Азаматтық құқық нормаларынан тұрады» деп көрсетеді. Әр түрлі нотариаттық әрекеттерді жасаған кезде нотариустар мен нотриаттық әрекеттер жасауға құқығы бар басқа да лауазымды тұлғалар тек нотриаттық өндіріс ережелерін ғана емес, сонымен қатар азаматтық іс жүргізу, неке-отбасылық, жер, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларын қолданады.

Нотариаттық қызмет пен нотраиттық әрекеттер жасауды реттейтін арнайы заң «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы да реттейді[1] .

«Нотариат» деген ұғым арнайы нотариаттық мемлекет өмірінде орын ала бастағанының белгісі болып табылады, бұл әрине оның құқыққорғаушылық рөлінің артуы мен байланысты. Нотариат даулардың алдын алуда елеулі роль атқарады. Себебі нотариат азаматтар мен заңды тұлғалардың ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Нотариустармен жасалған іс-әрекеттердің және нотариалды рәсімделген құжаттар көпшілікпен танылуы дәлелдемелік күші кепілдендіріледі, себебі бұл іс-әрекеттер ҚР атынан жасалады.

Қазіргі кезде әртүрлі заңдылық аясында еркін меңгеретін жоғарғы дәрежелі нотариустарды дайындау көкейкесті мақсат болып табылады. Бұл жағдайда арнайы курстар нотариаттық қызметтің барлық мәселелерін оқытады, соның ішінде бірінші кезекте нотариат туралы ҚР-ң заңның талаптарына сәйкес біздің елдің нотариалдық қызметтің ұйымдастырылуы.

Нотариат нотариаттық іс әрекеттерді жасай отырып, азаматтардың құқыбұзушылығын алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды орындайды және куәландырған актілері мен құжаттарының заңға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Азаматтардың құқықтарын нотариуспен қорғау, азаматтар мен ұйымдардың бірқатар даусыз міндеттемелерін орындауын мәжбүрлеуге бағытталған шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады, (мысалы-теңіз наразылықтарын, вексель наразылықтарын жасау)

Нотариат органдары азаматтар мен заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсетеді. Нотариат соттың міндеттемелеріне сәйкес функцияларды атқарады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың субъективті құқықтарын қорғау. Бірақ соттан айырмашылығы дауды зерттемейді және анықтамайды. Нотариалдық қызметтің пәні даусыз істер, нотариус тікелей немесе құжаттар негізіндекөруге болатын фактілер негізінде ғана өз қорытындыларын жасайды.

Нотариат әділет органының жүйесінде дербес орынды иеленеді. Нотариалдық іс-әрекеттерді реттейтін заң актілерінің аясы өте кең және ең маңызды орынды ҚР-ның азаматтық кодексі иеленеді, сонымен қатар неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі, АІЖК, Салық кодексі.

Нотариаттық құқықтың табиғатын оның юрисдикциялық, құқық қорғаушылық функциялары белгілейді. «Нотариат» термині латын тілінде хатшы дегенді білдіретін «нотариус» сөзден шыққан. Нотариат азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында нотариалдық іс әрекеттерді жасау, олардың көшірмелерін куәландыру сияқты даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру жүктелген органдар жүйесін білдіреді.

Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуына қысқаша тоқталып өтетін болсақ:

Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуын келесідей кезеңдермен қарастыруға болады:

-1994 жылы Қазақстандағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

-1997 жылы, 14 шілдесінде «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

-1997 жылдың желтоқсанында Әділет министрлігі мемлекеттік нотариустарды аттестациядан өткізді. Аттестация тек қана нотариустардың біліктілік дәрежесі мен мамандығын ғана емес, сонымен қатар нарықтық ойлау қабілеттілігін де тексерді.

-1998 жылы 25 сәуірде нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық берген алғаш лицензиялар қолға тапсырылған.

-1998 жылы қаңтары мен тамызы аралығында нотариаттық мәселелерін қамтитын 30 - дан астам нотариаттық құқықтық актілер жобаланды.

-1998 жылдың қыркүйегінде Павлодар қаласында алғаш республикалық деңгейде нотариустарға арналған семинар өткізілді.

-1998 - 1999 жылдар. Жеке нотариустардың жұмысын реттеу мен бақылау мәселелері бойынша республикамызда жаңадан құрылған ұйым - территориалдық нотариалдық палаталар пайда болды (ТНП) .

-18. 02. 2000 жылы Территориалдық палаталар өкілдерінің алғаш құрылтай сьезі өткізілді. Оның нәтижелері бойынша Республикалық нотариалдық палата құрылды.

-2000 жылдың желтоқсан айынан бастап 2001 жылдың маусымына дейін республиканың барлық нотариустардың біліктілік дәрежесін жоғарлату мақсатында, мұрагерлік құқық мәселелері мен сұрақтары бойынша аудандық семинарлар өткізілді.

-2001 жылдың тамыз айында «Қазақстандағы құқықтық реформа» атты бағдарламасы басталды.

-2001 жылдың қыркүйек айында Республикалық нотариалдық палата Афин қаласында өткен Латын нотариатының кеңесіне қадағалаушы ретінде қатысты.

-2002 жылдың мамыр айы. Республикалық нотариалдық палата Халықаралық симпозиумге қатысты. Тақырыбы: «Шығыс Еуропа, Ресей Федерациясы және ТМД-дағы нотариаттың әлеуметтік ролі».

-2002 жылдың маусымында Республикалық нотариалдық палата Әділет министрлігімен бірігіп, «Нотариат туралы» Заңға «өзгертулер мен толықтырулар еңгізу туралы» заң жобасын құрастырды. Оның мақсаты: мемлекеттегі нотариаттық жүйені дамыту болып табылады.

-2003 жылдың 5 мамырда «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «өзгертулер мен толықтырулар» енгізіліп, «Нотариат туралы» Заңы қайта қабылданды. Осы заңды ресми бекітудің қорытындылары: нотариат - пайда табуды көздемейтін және кәсіпкерлікпен айналыспайтын қызмет болып табылады. Нотариат - көпшілік құқықтық институт. Ол заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғайтын, заңмен бекітілген құқықтық жүйе болып табылады. Дамыған мемлекеттердің басым көбісінде нотариат сот органдары сиқтылармен бір қатарға қойылады. Нотариат қоғамның өміріндегі маңызы зор, себебеі ол азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқытарын қорғайтын инстанция [] .

Сонымен, Қазакстан Реслубликасындағы қолданыстағы заңдарына сәйкес: нотариат- кұқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Нотариат туралы заңдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген нормалардан, Қазақстан Республикасыдағы «Нотариат туралы» Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.

Қазақстан Республикасында нотариаттық қызметке Заңмен белгіленген кепілдіктер беріледі. Мұндай кепілдіктер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

-нотариустардың тәуелсіздігі. Яғни, нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетгі басқа да адамдар нотариатгық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар республикадағы қолданыстағы заңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

-Нотариаттық іс-әрекет құпиялығы. Яғни, нотариустар жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға кепілдік береді. Сонымен қатар, нотариус ретінде қызметін токтатқан адамдар нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті. Бұл орайда, нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жургізілген заңды және жөке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана беріледі. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жургізіп жатқан
істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық ісжургізу ісгері бойынша атқарушылық ісжүргізу органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарының талабы бойынша ұсынылуы мүмкін.

Нотариаттық қызметті жүзеге асыру, нотариаттық іс-әрекеттер жасау барысында нотариустар заң нормаларымен бекітілген және тәжірибе негізінде қалыптасқан қағидаларға сүйенеді. Олар:

-реалистік қағидасы - бекітілген (нақгыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітлген(түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

-транспаренттілік қағидасы - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазакстан Реслубликасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

-дәйектілік қағидасы - бюджеттік қатынастар аясында бұйрык қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

-тиімділік және нәтижелілік қағидасы - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

-басымдық қағидасы-бюджеттік процесті республиканың немесе аймақың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

-жауапкершілік қағидасы-бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

-бюджеттердің дербестік қағидасы - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жумсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

Нотариат жүйесіне мына тұлғалар жатқызылады:

1. Тек мемлекеттік кеңселер ғана емес сонымен қатар жеке практикамен айналысатын нотариустар.

2. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаған жағдайда нотариалдық іс әрекеттерді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

3. Басқа мемлекеттің территориясында ҚР атынан нотариалдық іс әрекеттерді жасауға өкілеттігі бар ҚР-ң консулдық мекемелерінің лауазымды тұлғалары жасайды.

4. Кейбір нотариалдық іс әрекеттерді ауруханалар мен өзге де стационарлық мекемелердің бас дәрігерлері, олардың орынбасарлары, кезекші дәрігерлері сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлері жасау құқығын иеленген.

Нотариустың пайда болуы азаматтық айналымның дамуымен және оның субъектілерінің мәмілелер жасау арқылы иеленген құқықтарын заңды түрде бекітуге ықпал ету қажеттілігімен байланысты. Нотариат жеке меншікті қорғауға бағытталған және даусыз мүліктік құқықтарды қамтамасыз ететін азаматтық құқықтың институты ретінде пайда болды.

Нотариат ежелгі римде пайда болды Сол кезеңнің өзінде Римде претордың шығарған соттық формулдар мен магистраттардың бұйрықтарын жазбаша рәсімдеу функциясын атқаратын ерекше лауазымды тұлғалар (хатшы) институты болған.

1919 жылы желтоқсандағы №2 декретте нотариаттық әрекеттердің нотариустармен жасалатындығы қарастырылды.

1922 жылы 4-қазанда мемлекеттік нотариат және дербес мемлекеттік мекеме құру жөніндегі ереже қабылданды.

1997 жылы 4-шілдеде ҚР-ң Нотариат туралы заңы қабылданды, оған 26. 12. 2011 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Мамандықтың пәндер каталогы
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Құқық қорғау органдары. Бірқатар беймәлім институттар, адвокатура, нотариат
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Азаматтық құқықтықта сенімхат
Нотариат қызметін құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz