Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
Кіріспе
1. Қонақ үй шаруашылығы
1.1Қонақ үй шаруашылығының тарихы
1.2 Қонақ үй классификациясы
1.3 Дүние жүзінде қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы
2. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
2.1 Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
2.3 Қонақ үйдегі қызмет көрсету және оның спецификасы
2.4 Қонақ үйдегі тамақтануды ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
3.1 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы
3.2 Шымкент қаласының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Халықаралық туризм – бұл әлемдік және ішкі нарықтың сараптаушысы және кез келген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемелекеттер туризмнің дамуы үшін туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемелекеттерде туризмнің потенциалды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемелекеттердегі туристік индустрияның салалары халықаралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда. Басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемелекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
Дамушы мемелекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемелекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.
Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта –қайта келу тілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қонақ үй шаруашылығындағы орналастыру құралының өзектілігі туристерді уақытша түнеу мен оған кіретін қызметтерді жоғары сапамен қамтамасыз ету.
Орналастыру дегеніміз – келуші туристерді үймен немесе қонатын жермен қамтамасыз ету. Орналастыру туризмнің ең маңызды элементі болып табылады. Орналастырудың жүйесі мен құралы - әр түрлі сервис деңгейіне байланысты келушілерді уақытша түнеу орнымен қамтамасыз етуді ұймдастыратын және оларды қабылдауда ғимараттардың пайдаланатын ғимарат түрлері өте көп, оларды клиенттің өздері қалауы бойынша таңдайды. Мысалыға, әр клиенттің талғамы әр түрлі, жоғары деңгейлі комфортты қалайтын турист жоғары категориялы қонақ үйді таңдайды, ал студенттер немесе оқушылар пансионаттар мен жатақханаларды қанағат тұтынады деген сияқты орналастырудың қазіргі заманғы түрлері өте көп.

1. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебное пособие для вузов – М.: Аспект Пресс, 2001. – 464 с.
2. Азар В.И. Экономика Туристского рынка. – М., 1998. – 217 с.
3. Балапанов И.Т, Балапанов А.И. Экономика туризма. – М.: Финансы и Статистика, 1999. – 183 с.
4. Браймер Р. Основы управления в индустрии гостеприимства. – М., 2001.-356 с.
5. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. – М.: Нолидж, 1996. -309 с.
6. Дайан А., Букерель Ф., Ланкар Р. И др. Академия рынка: маркетинг. – М.: экономика, 1993. – 348 с.
7. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии готепримства. – М.: Академия, 2003 – 229 с.
8. Дурович А.К. Маркетинг в туризме: Учебное пособие. – Минск, 2005. – 496 с.
9. Исмаев Д.К. Маркетинг иностранного туризма в Россииской Федерации: Учебное пособие. – М.: Академия, 2004 – 192 с.
10. Исмаев Д.К. Основы стратегии и планирования маркетинга в иностпанном туризме. – М.:Луч, 1994 – 253 с.
11. Карпова Г.А.. Воронцов М.Г., Нотаров М.В. и др. Экономика современного туризма. – Спб.: Герда, 1998 – 197 с.
12. Котлер Ф. Основы маркетинга. – М., 1992 – 223 с.
13. Котлер Ф., Боуэн., Мейкенз Д. Маркетинг: Гостеприимство и туризм: Учебник. – М., 1998. – 432 с.
14. Лесник А.Л., Чернышев А.В. Практика маркетинга в гостиничном бизнесе. – М., 2000. – 337 с.
15. Линн ван дер Ваген. Гостиничный бизнес. – Ростов И/Д, 2001 – 320 с.
16. Ляпина И.Ю. «Организация и технология гостиничного обслуживания 9с
17. Немоляева М.Э., Маркетинг в иностранном туризме. – м.:ВКШ по иностранному туризму, 1991 – 279 с.
18. Чудновский. Гостиничный и туристический бизнес – 37 с.
19. Папирян Г.А. Международные экономические отношения: Маркетинг в туризме. – М., 2000. – 384 .
20. Розанова Т.П. Маркетинг в туризме: стратегия достижения успеха. – М.: РЭА, 1998. – 361 с.
21. Уокер Дж. Введение в гостеприимство. – М.: ЮНИТИ, 1999. – 413 с.

Мазмұны
Кіріспе
1. Қонақ үй шаруашылығы
1.1Қонақ үй шаруашылығының тарихы
1.2 Қонақ үй классификациясы
1.3 Дүние жүзінде қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы
2. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
2.1 Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
2.3 Қонақ үйдегі қызмет көрсету және оның спецификасы
2.4 Қонақ үйдегі тамақтануды ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
3.1 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы
3.2 Шымкент қаласының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Халықаралық туризм - бұл әлемдік және ішкі нарықтың сараптаушысы және кез келген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемелекеттер туризмнің дамуы үшін туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемелекеттерде туризмнің потенциалды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемелекеттердегі туристік индустрияның салалары халықаралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда. Басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемелекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
Дамушы мемелекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемелекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.
Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің саласы - бұл адамдар арасындағы қарым қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй - ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта - қайта келу тілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты - туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қонақ үй шаруашылығындағы орналастыру құралының өзектілігі туристерді уақытша түнеу мен оған кіретін қызметтерді жоғары сапамен қамтамасыз ету.
Орналастыру дегеніміз - келуші туристерді үймен немесе қонатын жермен қамтамасыз ету. Орналастыру туризмнің ең маңызды элементі болып табылады. Орналастырудың жүйесі мен құралы - әр түрлі сервис деңгейіне байланысты келушілерді уақытша түнеу орнымен қамтамасыз етуді ұймдастыратын және оларды қабылдауда ғимараттардың пайдаланатын ғимарат түрлері өте көп, оларды клиенттің өздері қалауы бойынша таңдайды. Мысалыға, әр клиенттің талғамы әр түрлі, жоғары деңгейлі комфортты қалайтын турист жоғары категориялы қонақ үйді таңдайды, ал студенттер немесе оқушылар пансионаттар мен жатақханаларды қанағат тұтынады деген сияқты орналастырудың қазіргі заманғы түрлері өте көп.
Қазіргі заманғы қонақ үйлер туристерге комфортабельді түрде түнейтін, орын беру және қосымша қызметтермен қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сондай-ақ олардың корпустары көп функционалды құрылыс және техникалық күрделілігі жоғары деңгей түрінде болуы керек. Сол себепті қонақ үйді салу кезіндегі басты назарда болатын міндеттемелерге тоқталып кетемін.
Орналастырудың қонақ үй шаруашылығында қандай ролі бар екендігін анықтау мақсатында дипломдық жұмыс жазылып жатыр.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жалпы орналасудың не екендігін түсіндіру мен қазіргі заманғы орналастырудың даму тенденцияларын анықтау. Орналастыруда инструкция өте үлкен роль ойнайды. Туристерді дұрыс орналастыру үшін ең алдымен орналастыру инструкциясын білу керек. Орналастыру мекемелерінің қазіргі заманғы классификациясының қазіргі деңгейі қарастырылады. Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Қонақ үйлердегі қызмет түрлерін ұйымдастыру оның құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, номерлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты. Қонақ үй жағдайында қызмет түрлерінің ортақ моделі кездеспейді. Олар әр түрлі қонақ үй статусына тікелей қатысты. Қонақ үй бизнесіндегі басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы шарт. Сонымен қатар зерттеу тәсілдері орналастыру инструкциясын қалай басқарады, қонақтарды күтіп алып, регистрация жасау мен орналастыру процесі қалай жүзеге асырылатыны туралы, қонақтардың орналасуына номерлерді қалай дайындау керектігі жайлы ақпараттар және қонақ үй индустрия нарығының қонақ үй қызметінің негізгі бөлігін кімдер көбірек тұтынатыны жайлы жазылады.
Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен бөліп қарастыру мүмкін емес.
1 Қонақ үй шаруашылығы
0.1 Қонақ үй шаруашылығының тарихы
Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) б.э.д 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.
Ежелгі Греция, ертедегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т.б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен.
Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қаоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, құлдары мен қызметшілері келген қонақтарға қызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғары сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшеленген.
Ерте ғасырларда Ресей, Еуропалық бөліктегі ТМД елдерінде және Жібек жолы бойындағы қалаларда атпен серуендеушілердің, саудагерлердің, пошта т.б. мемелекеттік қызметкерлердің жол бойында тынығуға, тамақтануға ыңғайлы керуен сарайлардан басқа, пошта станцияларының салынуы, қонақ үй аулаларының трактирлер құрылысы пайда болып, 1818ж. Өзінде Мәскеу қаласында 7 қонақ үй жұмыс істеген. Оған дейінгі кезеңде көрші мемлекеттерден келген шет елдік қонақтарға арналған демалатын, тамақтанатын орындар болған,
Олар армяндық, ағылшындық, гректік, голандық т.б. болып аталған, құрылымында шағын сауда сөрелері, кішігірім дүкендер, зат сақтайтын қоймалар т.б. қызмет көрсетуге арналған нысандар болған. Калуга каласында көненің көзі ретінде қазірге дейін сақталып туристік экскурсиялық нысан құрайды.
1878 ж. Мәскеуде бес қабатты ең ірі қонақ үй және мейрамханамен ашыла отырып Үлкен Мәскеу серіктестігі болып аталған.
1890 жылдары Европа, Центральный қонақ үйлерінде Люкс нөмірлері ашылды. Кейінірек Балчуг, Метрополь іргетасы қаланған болатын.
1910 жылдары Ресей жерінде 4685 қонақ үйлері пайда болған екен, Бұлардан басқа кішігірім демалыс тамақтану орындарын есептемегенде.
Қазақстан қонақжайлылығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қонымтардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді мекендерден шатыр құрып түнейтін болған. Сондықтан, олар ерте кезеңдердегі қонақ үй кешені болып керуен сарайлар деген атауға ие болған. Керуен сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болып табылса керек. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Еуропаға қарағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен сарайлар ақша табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында салынғаны тарих арқылы белгілі. Бірақ 13-ші ғасырдың басы болашақ Алматымен жалпы Жетісу аймағына қай салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңғол шапқаншылығы елдің экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы Жібек жолы маңындағы қалалардың күйреуі сауда және керуен жолдарының әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан керуен сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп соқты. Алайда саудамен көлік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсақ Темірдің билеу кезеңінде басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елдер жаңа жолдар салып, жаңа қалалардың ашылуы халықаралық қатынасты дамыта түсті. Мұның өзі жаңа қонақ жайларын ашуды міндеттенеді. Тарихтың келесі беттері 15 қасырдың аяғымен 16 ғасырдың кезеңіндегі қонақ үй тұрақтарының жайы.
Осыншама артқа тастаған Қазақстанда қазір 160-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан.
Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихымен тұспа тұс келеді.
Еуропа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі империалдардың құлауы. Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келді.
17-19 өндірістік революция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. 20 ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей.
Б.Э. дейінгі ІІ-І мыңжылдық аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашқы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі. Б.Э. дейінгі І мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қалыптасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемелекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын бөлмелері бар таверналар (тамақ ішетін орындар)
Б.Э. дейінгі 6 ғасырдағы - б. Эрамыздың І ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жатын үйлер мен таверналар салынған. Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемелекеттік шенеуніктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империясындағы пошта байланысының қалыптасуына байланысты мемелекеттік заңға байланысты 70-100 шақырым ат шабыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды. Рим империясының күйреуі, заманында жағарыдағы пайда болған кешендер бұзылып қирауға ұшырады.
Орта ғасыр (5-8 ғ.) заманында Еуропа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайлаы қонақжайлық орындар пайда болды. Бұл кешендердің бірінші қабатында ас ішетін орын және атқора, шаруашылық, қызметшілерге арналған бөлмелермен жабдыөталса, ал жоғарғы қабатында жататын бөлмелер төбесі жабық арнайы театрлық көріністерге арналған орындар болған.
Қайта өрлеу заманында Еуропа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді. Еуропа елдеріндегі мемелекеттердің экономикалық және саяси байланысының дамуы барысында қонақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады. 17-18 ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй СитиОтель Нью-Йорк қаласында 1794 ж. Салынған. 18-19 ғ. Бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналған орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі Тремонт отелі 1829 ж. Бостон қаласында іргетасын көтерген.
19 ғ. Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Нәтижесінде теңіз жағалауында, темір жол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синдикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй қызметі ұсынылды.
20 ғасырдың бас кезінде қонақ үй құрылысы, шаруашылығында жаңа идеялар, тұжырымдамалар, қонақ үй синдткаттары (Лондонда) қонақ үй иелерінің одағы (Париж) 1906 ж. Құрылған қонақ үй иелерінің халықаралық қонақ үй одағы, дүние жүзінің 1700 қонақ үйлерінің басын біріктірген. Осы мезгілде Европа қонақ үйлерінде керуендер, конференциялар, ойын сауық кештері ұйымдастырылған казино, мейрамханалар пайда болған 20 ғ. 20 жылдарында қонақ үй бизнесіндегі Конрад Хилтон үлесіне тоқталып өткен орынды.
1930 жылдардағы қонақ үй шаруашылығының Ұлы күйзеліс өзіндік ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі де өз септігін тигізді.
1950-1960 жылдары көлік тасымалдау түрлерінің өркендеуі, соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы, әлеуметтік экономикалық жағдайдың ретке келуі дүние жүзінде қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді. Қонақ үйлердің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг т.б. пайда болуы және курортты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады. Әуежай, жол бойы қонақ үйлері олардың құрамында тамақтану, көңіл көтеру орындары қалыптасты. Адамдардың бос уақытта пайдалану мүмкіншіліктерінің артуына байланысты емдік сауықтыру курорттары белгіленген аймақтарда пайда болды.
ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. Адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ірілері Шератон, Мариотт, Рамада, Редиссон қонақ үй класстарына орай Апартамент, Кондоминнимум түрлері пайда болды.
20 ғасырдың 90-шы жылдарында экономикалық күйзелістерге байланысты қонақ үй шаруашылығының дамуының тежелгендігі байқалады.
Отельдердің мамандандырылуы, супер және экзотикалық түрлерінің шыққанын байқаймыз, Қонақ үй шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамалары зор ізденіс бағытта жүргізілді. Шығыс Азия және Тынық мұхит секторында қонақ үй шаруашылығы құрылысы жаңа технологияны пайдаланды.
2000 жылдары жекеменшілік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы нарықтық жағдайда өтуде.
Кеңестер дәуірінде бұрынғы жекеменшік қонақ үйлер мемелекеттік коммуналдық жұйеге көше отырып, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Москва және Ресейдің 669 қалаларда қонақ үйлер салынды. Қонақ үй бизнесінің тоқырауы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде байқалды.
1980 э. Олимпиада ойындары қарсаңында Космос, Измаилово, Севастополь, Спорт, Международная т.б. қонақ үй жұмысы жанданды.
1990 ж. Қонақ үй шаруашылығы күйзелісі Кеңестер ожағының ыдырауы, жекешелендіру, басқа салаға, офистік ойын-сауық орталықтарына көшу тенденциясы байқалады.
Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. 19 ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол тарихи жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттерді, қонақ үй шатырларын айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашқы Еуропаң қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.
Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45,8%, ішкі туризм бойынша - 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады.
Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді.
Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қалада көптеген самиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетінбірнеше бас қосулар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем күз айларына келеді. Қысқы әсіресе жазғы кезде бизнес туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейдегі қонақтар бар. Бірақ іскер адамдармен бизнес туристердің қонақ үй мен отельдерге деген нақты талаптары бар - ол сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі мамандардың айтуынша, бір орында нөмірге тәулігіне 290 доллар төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік құрылымдағы The Rejent Ankara және Hyatt Rejency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашқы бекітілген баға көп жағдайда қалыпта баға болып саналмайды да, номерлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы: корпоративті клиенттерге немесе отельмен бірге жұмыс жасайтын туристік операторларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал: кейбір тур фирмалар Алматының 5 жұлдызды қонақ үйінің бір орынды номерін прайста көрсетілген бағадан 30% түсіреді. Бірақ The Rejent Ankara немесе Hyatt Rejency деңгейлес қонақ үйлердің мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнес орталықтарының, конференц залдарының болуы салдарынан. Аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация, семинар немесе пресс конференцияларды ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек қонақ үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай қосалқы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді. Бірақ басқа да көзқарастың барлығын да мойындау керек. Мысалы Отырар қонақ үй кешенінің директоры Назигүл Шорманованың айтуынша қонақ үйдің негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ішінде казино, түнгі клуб, мейрамхана, авиакасса және т.б. болуын тек туристердің ұсынысынан туындағанын айтып түсіндіреді.
Бірақ Отырар тек 4 жұлдызды қонақ үй екендігін ескерсек, оның жұмыс спецификасының да біраз өзгеше өтетіндігін түсінеміз. Қалай дегенмен де қосалқы қызметі бар қонақ үйлердің кірісі, ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика көрсетіп отыр. Яғни қонақ үйдің қосымша қызмет көрсетуі биік сұранысқа ие. Айта кететін бір жағдай: 5 жұлдызды қонақ үйде тұру кезінде жоғарыдағы қосымша қызметтер бағасы номер бағасымен бірігіп кетеді (бассейнге түсу, фитнес орталығында, түнгі клубта болу, саунаға кіру т.б.). Бірақ елімізге келушілердің барлығы да фирмадағы жұмыс орнына байланысты, 5 жұлдызды қонақ үйде бола алмауы мүмкін. Осылайша Қазақстан шетелдік қонақтарға тағы не ұсына алады деген орынды сұрақ туындайды.
1.2 Қонақ үй классификациясы
Біздің елде қонақ үй сертификациясымен оларға жұлдыздық деңгей беру жүйесі 1994 ж. Ресей Федерациясының Мемлекеттік стандартымен бекітілген ресейлік қонақ үй жіктелуі қаулысы бойынша жүргізіледі. Нормалармен ережелердің ескеруінен бе, жоқ әлде біздің сертификат беретін орындардың белгіленген ереже тәртібін түсінбеуінен бе, әйтеуір Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды ағайындарына қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады. Мысалы, оңтүстік астанамызда 4 жұлдызды қонақ үйіміз төртеу: Қазақстан, Достық, Отырар, Ambassador. Сонымен қатар 3 жұлдызды 11 қонақ үй бар. Олардың ішінде Алматы, Премьер-Алатау, Премьер Интернейшнл Медеу, Пекин, Каргалинск отель-санаториі, КазЖол, Астана Интернейшнл Отелі және т.б. Осындағы Астана сияқты қонақ үйлер қалаға жетіспеуде. Дәлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет. Дегенмен қонақ үйлердің түрлі бағытта жұмыс жасауы қуандырарлық жағдай, бірақ осы саладағы ғимараттар өз жұлдызына сай қызмет көрсеткені абзал. Жібек Жолы компаниясының қарамағындағы Жетісу қонақ үйінің басшылары Қазақстанға, әсіресе Алматыға комфотабельді, әрі қазіргі заманға сай 4 жұлдызды отель жетіспейді деп есептеуде. Жібек Жолы компаниясының менеджері Санжар Бейсембаев: Біздің қонақ үйге 3 жұлдыз деңгецін береді, бірақ әрине біз ондай сатыға әлі көтеріле қойған жоқпыз. Көп дегенде 2 немесе одан да төмен жұлдызда шығармыз. Бірақ дегенмен де, біздің қонақ үй орналасқан жер 4-5 жұлдыз деңгейіне сай болуға иетрмелегендіктен, біз инвесторлармен келіссөз жүргізіп қонақ үйді реконструкциядан өткізуге дайындалудамыз. Ғимараттың фасадын жаңартып, оны европалық стандарттарға сай етіп және нөмірлерді қайта күрделі жөндеуден өткізе отырып, біз қонақ үйдегі төменгі бағаны сақтап қалмақшымыз. Еліміздегі дүние жүзілік тізбектегі 5 жұлдызды отельдер жоғары бағасымен келетін аз туристерден шығынын өтеп алады. Жаңадан өңделген қонақ үйдің шындығында да өз деңгейіне де сай болуын ескерсек, ойлары жаман емес сияқты. Ең бастысы қонақ үй обьектілерінің жұлдызын арттырмаған дұрыс. Себебеі елімізге келіп қонақ үйде түнеген және ондағы қызметтен түңілген турист не сол отельде енді ешқашан тоқтамайды, не ең жаманы біздің елге қайта келмеуге тырысады.
Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты.
Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй мекемесі туристерге мынадай шарттармен қамтамасыз ету керек:
Жоғары дәрежелі қызмет
Туристердің барлық континентті шарттарға байланысты жағдай жасау
Қызмет түрінің жүйелігі
Қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спортты қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар
Құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар
Кез келген туристік мекеменің функционалды сұраныстарын айқындау кезінде, бірнеше басты классификациялық факторларға байланысты:
А) қызмет көрсетілетін континенттің, олардың жас ерекшелігіне байланысты, бос уақыттарына байланысты ерекшеленеді. Көбінше туристік қонақ үйлер туристерге көрсететеін қызметті бір ыңғайлылықпен жүргізуге әрекеттенеді.
Қонақ үй және мотельдердің жұмыс бағыты жыл бойына жоспарланады, турбазалар және приюттар - жыл бойы және жазға жоспарланады. Кемпингтер - тек жаз айында қолданылады. Турбазаларда жаз айлары кезінде туристер саны 50 % асады осыған байланысты бұл мекемелерде қосалқы палатка, үйшіктер жалға беріледі, бұл әрине олардың жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар жаз айларында туристік мекемелер орын сандарына байланысты, өртке сай іс щаралар жүргізеді;
В) туристік мекемелерде туристердің орны, сыйымдылығы мезгілдерге байланысты жоспарланады.
Қонақ үй мекемелерінде орын саны мынандай болғаны шарт
Туристік қонақ үйлерде 300, 500, 800, 1000;
Туристік базаларда 500-ден 1000;
Мотельдерде 300-ден көп емес;
Кемпингтерде 500-ден көп емес;
Туристік приюттарда 50-ден 100-ге дейін.
Туристік мекемелерде және оған қатысты жайларда орын саны және қабылданатын турист саны Мемлекеттік Азаматтар Құрылысы заңдарымен бекітіледі.
Қызмет көрсетушілер саны туристік мекемедегі орын санына байланысты қабылданады. Туристік қонақ үйлерде және мотельдерде 0,4, турбазаларда 0,35, кемпингтерде 0,15.
Туристік комплекстерде туристердің сыйымдылығы мынандай көрсеткіштерге сай болғаны жөн деп қарастырылады: теңіз маңы аудандарда 2-ден 7 мың орын; орман маңы және өзен маңы аудандарда 3-тен 5 мың орын; таулы аудандарда 2-ден 5 мың орын.
Туристік мекемелердің классификациялық белгілері жеке және тәжірибелік бағыттарға байланысты бөлінеді.
Жабдықталғандық - бұл жай ғана ыңғайлылықтың жиыны деп түсінеміз. Кеө келген заттың жоғары дәрежеде жабдықталғандығын сипаттаған кезде біз оның ыңғайлылық деңгейіне баға береміз.
Жоғары дәрежеде жабдықталу туристердің барған жерінде өзін жақсы сезіну, өзін жақсы сезіну үшін күш жігер жұмсатпау.
Жабдықталу бағамы құрылыс нормалары бойынша қонақ үйлер беске бөлінеді, онда қонақ үйлердің жұлдыз белгісі анықталады. 5 жұлдыз (*****), 4 жұлдыз (****), 3 жұлдыз (***), 2 жұлдыз (**). Мұндай құрлыс разрядтарына тек қана кемпингтер кірмейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комценнің бекіткен құрлыс нормалары бойынша қонақ үйлер үшін жеті разряд тағайындалған: Люкс (5*,4*,3*), Жоғары дәрежелі А, Жоғары дәрежелі Б І, ІІ, ІІІ, 4. Сонымен қатар туристік кешендерді қолдану үш разрядқа бөлінеді: турбазалар, приюттар және кемпингтер: А, Б және В. Мұндағы разряд түрлері қонақ үйлердегі сияқты бір біріне сай келеді.
Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы, нарық жағдайына байланысты қызмет көрсету деңгейі алуан түрлі. Жекеменшік басқару формасы жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.
Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемелекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоцациясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.
Қонақ үй классификациясы әр елдерде әртүрлі қатегорияларға бөлініп, отызға жуық атауға ие.
1, 2, 3, жұлдызды қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассортименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі. Ассортименттері мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығын бірнеше типтерге бөлуге болады.
Әртүрлі елдерде қонақ үй шаруашылығының комфорттылығына байланысты әртүрлі классификация жүйелігі қолданылады, солардың арасында кең тарағандары:
Жұлдыздық жүйе.
Жұлдыздық жүйе Францияда, Австрияда, Венгрияда, Мысырда, Қытайда, Ресейде және т.б. елдерде қолданылады.
1. Әріптік жүйе Грецияда қолданылады
2. Тәжілік жүйе Ұлыбританияға тән
3. Разрядтық жүйе және т.б.
Комфорттылық деңгейі тек қана қонақ үйлердің базасының тұрмыстық жағдайына байланысты ғана емес, сонымен қатар қонақ үйдің қызмет көрсетушілерінің жұмыс сапасына да байланысты болып келеді. Бүгінгі күнде 30-дан аса әртүрлі классификациялар бар. Дүние жүзіндегі қонақ үйлерге бірдей классификацияны енгізуге мемлекеттердің тарихи мәдени дамуына байланысты кейбір факторлар әсерін тигізеді. Сонымен қатар, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, қызмет көрсету сапасына және т.б. бағалау сапасына байланысты болып келеді. Төменде әртүрлі елдердегі берілген классификацияларының ерекшеліктері қарастырылады.
Жұлдыздық жүйе. Көбінесе кездесетін қонақ үйлердің классификациясы француз ұлттық классифифкациясы болып табылады. Барлық дерлік қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұлдыздық жүйемен белгіленеді, әрбір жұлдыздар саны бірқатар көбейеді.
Жұлдызды қонақ үйлердің сипаттамасы мынандай:
1 жұлдызды қонақ үйлердің ғимараты ескі, 1-2 қабатты. Бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмеледрдің кіре берісі жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік түрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортақ. Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы, орындықтары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазытқышы, радиосы жоқ; электр жүйесі ортақ; төсек орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік тек қана күндіз, күзеті жоқ.
2 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған, 1-3 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджиясы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсақ жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналған лифті бар.Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалаған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар, душы дәретханасымен орналасқан. Төсек орын келеген мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады. Климаты ыстық елдердегі қонақ үйлерде кондиционері бар, 1 қол сүртетін орамал мен сабын беріледі. Стол, тоңазытқыш, орындықтар, телевизор, қонақ үй ішіндегі телефон, қала бойынша телефон кезекшіде ғана бар. Электр жүйесі ортақ. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі. Қонақ үй брйынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.
3 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған 2-7 қабатты ғимарат. Қонақ үйдегі ортақ холы едәуір үлкен, холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңғайлы жұмсақ креслолары бар. Қабаттардың бірінде тәулік бойы бар жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген. Қабаттарында кілем төселген, жылдам лифті бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған, стандартты жиһаз, стол мен орындықтар болмауы да мүмкін. Төсек орны бар, электр жүйесі бөлме бойынша барлығына даортақ. Терезелері ашылады, балкон мен лоджия міндетті түрде емес, қонақ үйдің қабырғалары суреттермен безендірілген, телевизор пультпен, кондиционер, тоңазытқыш, радиоаппаратура, бар (тек қана люкс номерлерінде) қонақ үй бойынша телефон тегін, ал қала бойынша ақылы. Душ дәретханасымен бірге орналасқан, дәретхана қағазы, орамал, сабын. Бөлмені күнделікті жинайды, төсек орын күнделікті ауыстырылып отырады. Туристтердің жеке құнды заттарына арналған сейф ұсынылады. Қонақ үйде тәулік бойы кезекшілік және күзет жүргізіледі.
4 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады. Міндетті түрде сыртқы қас бетінде қонақ үйдің аты жазылып және демеушілердің жарнамасы болуы шарт. Қонақ үйдің көп қабаттылығы 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонақ үйде жылдам лифті 3-4 кем болмауы тиіс. Қонақ үйде үлкен холы бар. Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалған, қабырғалары әдемі дизайнды, гүлдермен әсемделінген, жалпы жақсы жарықпен және радио-видео-телеаппаратуралармен жабдықталған. Қонақ үй кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.
Бассейні қонақ үйдің қасында орналасқан және бильярд ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері - үлкен кіре беріс жиһаздармен және толық жиһазбен жабдықталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, бары бар тоңазытқыш, төсек асты кілемше, қонақ үй ішіндегі және қала бойынша телефон болады. Лоджиялар мен бассейн бар, душы дәретханасымен бірге орналасқан, 2 орамал беріледі. Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлмен күнделікті жинастырылып отырады. Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы жүргізіледі. Буклеттер, визиткалар, қала бойынша проспектілер тегін таратылады.
5 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты қазіргі заман талабына сай, көп қабатты. Міндетті түрде сыртқа және ішкі бөлімшелері, қымбат соңғы үлгідегі құрылыс материалдарынан салынған. Кіре беріс есігінде міндетті түрде швейцар тұрады. Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген, міндетті түрде туристердің және қонақ үйдің көліктері тұратын орын болады. Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыға алады. Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қақпамен салынады. Бассейн жағалауында көптеген де столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар т.б. барлығы да тегін. Бұл жерде-ақ солярий болуы мүмкін. Массаж т.б. қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі. Дүние жүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг-понг ойынына арналған корт салынады. Сонымен қатар, бильярджәне гольф ойындарына арналған залдары бар. Міндетті түрде 2 концерттік залдары; біреуі холдың қасында орналасқан, барлығына да ашық. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірақ сахынасыз, түнгі бағдарламасыз, орындақсыз тегін. Екіншісі, қымбат концерттерге көрсетулерге, шоу бағдарламаларға, лекцияларға арналған және ақылы. Орталық холл өте үлкен: қабырғалардың дизайны, жиһазы, жарықпен қамтамасыз етілуі жақсы ойластырылған. Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі. Үлкен коридор, кіре беріс және номерлер дыбыстарқыш жүйесімен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшелері төселеген. Ванна, душ, дәретхана, 3 орамал, бөлмеге киетін аяқ киім, халат, тіс пастасысы, сабынсу - әрбір бөлмеде міндетті түрде бар. Номерлер қымбат жиһаздармен жабдықталған. Теле-бейнеаппаратуралары, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, сейф - дүние жүзінде ең жақсы деген фирмалардың өнімдері осы қонақ үйлерде бар. Кезекшілік пен күзет қонақ үйде тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлмені жинау мен төсек орын ауыстыру күнделікті. Ал люкс номерлерінде бөлмені жинау және төсек орын ауыстыру қонақтың сұрауы бойынша жүргізіледі.
Әр елдердегі қонақ үй жүйелігіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей:
Австрия мемлекеті қонақ үйлері 5 жұлдызды Европа қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды елді мекендерде кішігірім қонақ үйлер категориясыз ең арзан орналасу және түнеу орны болып саналады.
Ұлыбритания қонақ үйлері өте жиі тараған қонақ үй классификация жүйесіндегі тәжі немесе кілт сипатында болып келеді. Европа елдеріндегі қонақ үйлерге қарағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді. Сонымен қатар, мұнда Британдық Туристік Агенттілікклассификациясы жиі пайдаланылады.Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақ жай орындары.
Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздық категорияға сай мынандай бес категория белгілері енгізілген.
Т - туристік класс. Ол екі жұлдыздық қонақ үй болып есептелінеді.
Ғ - бірінші класс. Бұл үш жұлдызды қонақ үй деп есептелінеді.
ҒS - супер класс. Суперкласс - төрт жұлдызды қонақ үйге сай келеді.
L - люкс, DL - өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.
Германия қонақ үйлерінің жүйелігі мемлекеттік бес жұлдызды белгіге ие. Орналастыру тәртібінің іс шаралары; қонақ үйлер, курортты, қонақ жай мекемелері, отель пансиондар және отель-гарнн деп аталады. Осылар орта ауқатты демалушыларға арналған.
Греция мемлекеті қонақ үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған. Олар төрт категорияға жатады. Жоғары, сапалы қонақ үйге DL, ал бесжұлдызға сай - А, үш жұлдызға - В, екі жұлдызға - С, бір жұлдызды - Д әрпімен белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол бекеттері, порттар маңында шоғырланған.
Египет жерінде бес жұлдызды жүйелік барлық қонақ үйлерге тән. Бірақ кез келген қонақ үйлер жұлодыздары Европа елдеріндегі қонақ үй жұлдыздарына 1 не 2 жұлдызға артығырақ көрсетілген. Европадағы екі жұлдызды қонақ үй қызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйге тән.
Испания категориялық деңгейі жұлдызды болып келегн. Қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонақ үйлерге арналған жұлдыздық жүйелік 1-5 жұлдызға дейін белгіленген. Бургало, жеке аппартаменттер 1-4 жұлдызды белгілерге сай қызмет көрсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1-3 жұлдызды категорияға сай жұмыс істейді. Өте қарапайым орналастыру орындар 1-2 жұлдызды болып келеді.
Италия қонақ үйлері Еуропа қонақ үй белгілерінің үлгілеріне сай, үш категориядан тұрады. Бірінші категория - 4-5 жұлдызды қонақ үйлері біріктіреді. Екінші категория үш жұлдызды қонақ үйге, үшінші категорияға екі-бір жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.
Қытай республикасында жұлдызды классификациядан қарапайым қонақ үйлерден бастап 5 жұлдызды комфортты қонақ үйлер кешендерін кездестіруге болады. Өте арзан тұраққа хостельдер жатады. Студенттік жатақханаға сай қонақ үйлер көптеп тараған.
Мальдив аралдары қонақ үйлері өте жайлы, жоғарғы сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы Стандарт ауқатты демалушыларға арналған. DL қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, Балалар кешені жанұялық топтарға арналған арнайы тұрақтар.
Мальдив жері туристік рекреациялық аймақ болғандықтан лауазымды адамдарға арналға Президенттік кешен деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіреміз.
Мальта мемлекетінің қонақ үйлері бес жұлдызды классификациялық жүйе жаңа ұлттық құрылымды ендірген кезде сақтала отырыполарды үш категорияға бөледі:
1 категория Алтын
2 категория Күміс
3 категория Қола
Мексикада бес жұлдызды классификациялық жүйелік Европаға ұқсас. Кластың деңгейі бірнеше критерий негізінде ерекшелінген. Олардың саны 52-108 дейін. Сонымен қатар бесжұлдыздан да жоғары категория Гранд туристо - деп аталады.
Біріккен Араб әмірлігіндегі қонақ үйлер бес жұлдызды классификацияға жатады. Сонымен қатар, жекеленген вилла, аппартаменттер өте көп кездеседі. Оған себеп климаттық т.б. жағдайлар. Қала шетінде категориясыз жататын орынды қонақ үйлер кездеседі. Онда негізінен өндіріс жұмысшылары және әртүрлі сала қызметкерлері тұрады.
Ресей Федкрациясында бес жұлдызды қонақ үйлер 1995 жылдан бастап пайда болды. Ресейдің ұлттық қонақ үйлер ассоциациясына қабылдануымен тікелей байланысты. Қазірде Кеңестік кезеңнен қалған разрядтық қонақ үйлер әлі сақталған.
Франция қонақ үйлері жұлдызды жүйеде болуы тарихи аспектіге ие. Ең алғаг жұлдыз жүйелігіне көшкен Француздар болып табылады. Сондықтан мұнда барлық қонақ үйлер толығымен жұлдыздық бірлікке енгізілген.

Қонақ үй тарапынан демалушылардың алғашқы пікірі қабылдау және орналастыру кезінде қалыптасады.
Қонақтарды қонақ үйге орналастырудағы қызмет көрсетудің барлық түрін мынадай бөліктерге бөлуге болады.
oo алдын-ала қонақ үйден орын дайындау (брондау);
oo қабылдау, қонақтарды тіркеу және орналастыру;
oo қонақжайлылық және тамақтану қызметін ұйымдастыру, өткізу;
oo тұратын орнына, тамағына (бөлмені жинау ақысына) ақша төлеу;
oo және қосымша қызмет көрсету түрлеріне;
oo қайтар кездегі қызмет түрлерімен есеп жасау;
Осы айтылғандар кешенді түрде ұйымдастырылса тұтынушы тарапынан айтылатын кемшіліктер болмаған жағдайда қызмет көрсету дәрежесінің жоғарғы болғандығын көрсетеді. Тұрақты тұтынушы, қонақ үй имиджінің жоғары дәрежеге көтерілгендігін, жарнама ісінің дұрыс ұйымдастырылғанын үнемі байқап, назардан тыс қалдырмауына көңіл бөледі.
Алдын ала орынға сұраныс берумен, тұтынушыны орналастыру қабылдаумен кезекші администратор, портье, есеп айырысу кассирі, төлқұжат тіркеумен айналысады. Қабылдау және орналастыру қызметі көпшілік қонақ үйлерде ағылшынша Reseption деп аталады. Қабылдау және орналастыру қызметкерлерінің жұмысы кәсіби стандартқа, талапқа сай орындалуы тиісті.
Администратордың басты міндеті, тіркеу журналын тексере отырып сұраныс ақпаратын сұрыпта, басқа қызметкерлер жұмысын қадағалау. Қонақ үйдің нөмірлік қорының санын және оның қонақтармен қоныстану деңгейінің есебін біліп отыруы қажет. Есеп айырысу кезінде ұқыпты тиянақтылықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz