Кәсіпкерліктің түрлері, ұйымдастыру нысандары



IКіріспе
IIНегізгі бөлім
1) Кәсіпкерлік мәні
2)Кәсіпкерліктің түрлері
3)Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдар блок түрлерінің артықшылығы мен олқылығы
IIIҚорытынды
Кәсіпкерлік экономикада орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұндақұқықтық, психологиялықтарихисәттеркөрінісалады. Сондай-ақкәсіпкерлікәрекеттіршілігіміздіңэкономикалықжағдайынадақатыстыекеніанық. Буржуазиялықэкономикалықтеорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырдақолданылабастады. А.Смиттіңойыбойыншакәсіпкерсауда-саттықмақсаттыжүзеге асыружәнепайдатүсіруүшінэкономикалықтәуекелгебаратынменшікиесіболыптабылады. Олөндірістіөзіжоспарлайды, ұйымдастырадыжәнесоныңнәтижесінеиелікжасайды.
Бүгінгітаңдакәсіпкернемесеөсімқордепиелігіндегіқажеттіқұралдары (өзінікінемесеқарызғаалған) барпайдалыжұмыстыұйымдастырушыадамдыайтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекші және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшы). Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр: Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз -аталған субъектінің (кәсіпкерліктің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және таңдауда, т.б. олардың жиынтық бостандығы мен құқықтары болуы керек деген сөз. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу. Кәсіпкер дегеніміз — белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестіктеріне қатаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адам болып келеді. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі.
1. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы» Алматы-2004жыл
2. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш «Кәсіпкерлік негіздері » Орал 2001жыл.
3. 18. Жолдасбаев Т.Ө «Кәсіпорын экономикасы » Алматы –2002 жыл.
4. Мейірбеков. «Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері ». «Ә.ғ.к» ғылымт дәрежесін алу үшін ұсынған кандидаттық дисертациясы. Алматы 2002 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Кәсіпкерліктің түрлері, ұйымдастыру
нысандары

Орындаған:
Қабылдаған:



Қызылорда, 2016ж
Кәсіпкерліктің түрлері, ұйымдастыру
нысандары
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1) Кәсіпкерлік мәні
2) Кәсіпкерліктің түрлері
3) Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдар блок түрлерінің артықшылығы мен олқылығы
III Қорытынды

Кіріспе
Кәсіпкерлік экономикада орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайына да қатысты екені анық. Буржуазиялық экономикалық теорияда кәсіпкер ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесіне иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекші және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшы). Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр: Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз -аталған субъектінің (кәсіпкерліктің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және таңдауда, т.б. олардың жиынтық бостандығы мен құқықтары болуы керек деген сөз. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін -- нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу. Кәсіпкер дегеніміз -- белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестіктеріне қатаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адам болып келеді. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы -- өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі.

Кәсіпкерлік мәні
Пайда - кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық. Кәсіпкер - нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық кәсіпкерлердің бір-бірімен байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады. Олар:
а) кәсіпкер жер, капитал, еңбек ресурстарын біркелкі өзгеріс жөне қызмет процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;
б) бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу процесінде кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме алады;
в) жаңашыл, коммерциялық негізінде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізуге ынтасы бар адамдар;
г) жоғарыда айтылған кәсіпкердің үш қызметін таңдаудан шығатын қорытынды: ол тәуекелге бел буған адам.
Кәсіпкер жұмылдырған қаржысымен, сонымен бірге ол өз уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен да тәуекелге барады. Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты капиталы -- ұшқыр қиял және тұтынушының психологиясын сезінуі. Нақ осылар кәсіпкерге пайда түсіреді. Кәсіпкерлікті менеджменттен және оны басқарушыдан аражігін ажырата білу қажет. Кәсіпкер -- бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей араласады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент -жалпы өндіріс пен тауар айналымын тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатында басқару жүйесі мен формаларының, әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Менеджер -- шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы, ол өз әрекеттерінде мүліктік жауапкершілікті мойнына алмайды. Яғни, оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің басқару орнынан айырылуы деген сөз. Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс жағдайларына, мінез-құлықтарына қарай екіге бөлінеді: Біріншісі, бұрынғы классикалық кәсіптік шаруашылықтың (кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып, нәтижелі әрекет жасайтын көсіпкерлік. Екіншісі, қазіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әр түрлі мүлікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Демек, кәсіпкерліктің бірінші түрі қолда барға бағытталса, ал оның екінші түрі кәсіпкерлік ұйымдастыру-құқықтық жағынан: жеке дара кәсіпкерлік, компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге бөлінеді.

Кәсіпкерліктің түрлері
Жеке-дара кәсіпкерлік. Бұл қазіргі заманғы классикалық кәсіпкерлікті жолға қою шарттары. Әрине мәдениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп уақытты, көп ізденісті, мол тәжірибені қажет етеді. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде Бизнес дегеніміз -- өнер деген қанатты сөз кеңінен тараған.
Компания. Сіз өз белсенділігіңіз арқылы кәсіпкерлік әрекетте табысты боларыңызды сезіне түстіңіз делік. Енді кәсіптік әрекеттеріңізді ұлғайтуды ойластыра бастайсыз. Әрине, ол үшін сізге ғимарат, құрал-жабдықтар, көп мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет. Осы жағдайға байланысты кәсіпкерлікпен айналысуға қабілеті бар басқа адамдарды шақыруға болады. Соның нәтижесінде жеке меншік фирма компанияға айналады, яғни капиталы бірнеше дербес мүлік иелерінің бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болады. Мұндай компаниядағы капитал аталған компанияға енген мүшелердің қосқан жарнамаларынан құрылады. Серіктестік дегеніміз - бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесе кәсіпшілік жасауы.
Серіктестіктің мынадай түрлері бар:
A) толық серіктестік;
Б) сенімге негізделген серіктестік;
B) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Г) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Д) акционерлік қоғамдар.
Қазіргі таңда нарықтық экономикаға көшуге байланысты жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды жүзеге асыру, соның ішінде меншік нысандарын қайта құру ісінде акционерлік қоғам өзекті проблеманың біріне айналып отыр. Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді. Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін басында келісілген нысанда ғана қайтарып алуға мүмкіншілігі бар. Мәселен, серіктестіктің бір мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе, ол одан шыққан кезде сол ғимаратты өзіне қайтаруға талаптанады. Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады. Міне, осыдан сақтану үшін серіктестікті акционерлік қоғамға айналдыруға болады. Мұндай қоғамда барлық қосылатын үлес тек ақшалай салынады да, оның құрамынан шыққан да оның үлесі ақшалай қайтарылады. Сол арқылы қоғамның бір мүшесінің одан шығуы өндірісті тоқтауын құтқарады. Тек қана қоғамның ақша капиталын өз мөлшерінде кемітеді.

Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерліктің түрлері
Сурет-1

Қаржы
Қаржы
Коммерциялық
Коммерциялық
Өндірістік
Өндірістік
Кеңес берушілік
Кеңес берушілік

Жаңарт-
пашылық
Жаңарт-
пашылық
Саудалық
Саудалық
Банктік
Банктік
Жалпы басқару

Жалпы басқару

Ғылыми-техникалық
Ғылыми-техникалық
Сауда-көтерме сатып алу
Сауда-көтерме сатып алу
Сақтандыру
Сақтандыру
Әкімшілік жолмен басқару
Әкімшілік жолмен басқару

Аудиторлық
Аудиторлық
Тауар өндіру
Тауар өндіру

Сауда делдалдық
Сауда делдалдық
Қаржылық басқару
Қаржылық басқару
Қызмет көрсету
Қызмет көрсету
Лизингтік
Лизингтік

Тауар биржалары
Тауар биржалары
Биржа қорлары
Биржа қорлары
Кадрларды басқару
Кадрларды басқару
Өндірістік тауарды тұтыну
Өндірістік тауарды тұтыну

Маркетинг
Маркетинг
Өндірістік қызметті тұтыну
Өндірістік қызметті тұтыну

Өндіріс

Өндіріс

Ақпараттық
Ақпараттық
Ақпарат. технология
Ақпарат. технология

Арнайы қызметтер
Арнайы қызметтер
Акция - бұл оның иесі акционерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын және сол кәсіпкерліктен түсетін пайданың белгілі бір бөлігін алуын растайтын қағаз. Кәсіпорын өндіріс шаруашылық әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі нысаны болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекеленген дербес бөлім. Сондай-ақ, кәсіпорын қоғамдық қатынастары жүйесіндегі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыскерлердің іс-әрекетін өзара ұштастыратын буын екені анық. Кәсіпорын атаулыға фабрика, зауытпен бірге өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер, сондай-ақ өте ірі және күрделі кәсіпорындар да жатады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен кәсіпорындардың экономикалық жағынан дербестігіне байланысты олардың өндіретін өнімдері тауарға айналады. Ендігі жерде тауар айырбастау және оны сақтау, сатып алу процестері басталып, бұл әрекеттер қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан кәсіпорындар тауар өндіруші ретінде бейнеленеді. Біздің республикадағы бүкіл шаруашылық механизміндегі өзгерістердің іргетасын қалайтын әлеуметтік-экономикалық маңызы зор құжат Қазақстан Республикасының Кәсіпкер туралы заңы. Бұл заңда халық шаруашылығының негізгі буындары ретіндегі кәсіпорындардың қоғамдық өндіріс жүйесіндегі рөлі мен орны жөнінде айтылады. Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын тұтынушылардың сұранысын ойдағыдай қанағаттандыратын өнімдер өндіріп және сол деңгейде қызмет көрсетулері өзекті мәселе. Кәсіпорындардың мақсатты қызметі тұтынушылардың қажеттілігін толығырақ қамтамасыз етуге негізделуі қажет. Мұндай мақсат пайданы барынша арттыра отырып, нарықта қолайлы жағдайға ие болу үшін ұқсас өнімдер өндіретін көсіпорындармен бәсекелестік жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Жеке кәсіпкер -- бір ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұялық кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Кәсіпкерлік орта
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері
Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкердің тәуекелі
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Пәндер