Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста Алғашқы Түрік қағанатының саяси тарихы дерекнамалар, археологиялық ескерткіштер негізінде қарастырылды. Түрік қағанатының саяси тарихы жаңаша зерделенді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа аяқ басуы интеграциялық үдерістермен қатар, әрбір халықтың өзіндік қасиеті мен мәдениетінің ерекшелігін сақтауымен сипатталады. Тарих, тіл және мәдениет халықтың өзіндік ерекшелігін сақтаудың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады. Қазақстанның мемлекеттік дәстүрлерінің қазақтың этникалық тамыры тәрізді терең тарихы бар, оларды түрлі тарихи кезеңдермен сабақтастыра зерделеу өзекті бағыттар санатына жатады. Өйткені қазіргі дүниежүзілік тарихтың тұжырымдамасы жекелеген халықтардың жүріп өткен сүрлеулі жолымен бір құрамда қарастыруды қажет етеді. Ал тарих ғылымы үшін Еуразия кеңістігінде өзіндік ерекшелігімен сипатталатын Түрік қағанаты мен оның мұрагерлерінің этникалық, саяси және әлеуметтік қырларын зерттеудің орыны ерекше екендігі айқын. VI ғ. саяси тартыс сахнасына көтеріліп, Орталық Азия шеңберінде өзіндік тарихы мен төлтума мәдениетін қалдырған ежелгі түріктер кез келген зерттеушіні бей-жай қалдырмайтыны анық. Көнетүріктік мемлекеттік одақтардың тарихын зерттеу ертеден және барынша жемісті жүргізіліп келеді, соған қарамастан идеология мен мәдениеттің кейбір аспектілері әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Тарихи деректер түрлі нұсқада түсіндіріліп, соның нәтижесінде түрік мемлекетінің болғандығына күмән келтіретін ойлардан бастап олардың Еуразия кеңістігіндегі үстемдігіне қырыннан қарайтын керағар тұжырымдар жасалуда. Бұл зерттеуді жүргізу барысында біз түрік мемлекетінің біртұтас құбылыс екендігін басты назарда ұстап, оның негізгі құрамдас бөліктері көшпелі мәдениеттің құндылықтары мен отырықшы өркениеттің жетістіктері арасындағы өзара тығыз байланыстар болғандығын естен шығармаймыз. Түріктердің мемлекетінің қалыптасуы, этникалық мәдениетінің дамуы және олардың көрші халықтармен қарым-қатынас үдерісін мақсатты түрде терең зерттеу алғашқы Түрік мемлекетінің әлемдік тарихтағы орнын өркениеттілік тұрғыдан негіздеуге септігін тигізеді. Еуразия даласында кезінде алып империя құрған түріктердің тарихы тұңғиықта жатыр. Өз дәуірінің алпауыт империяларынан дамуы жағынан еш кем түспейтін Түрік қағанатының әлем тарихында алатын орны бөлек. Даңқты ғұндардың жолын қуған Түрік қағанаты өз туы астында бірталай түрікітілдес халықтарды жиналуына ұйытқы болды.

Әлемнің талай тарихшысының жұмысына негіз болған қағанаттың тарихы туралы біршама пікірлер қалыптасты. Соңғы уақытта түріктердің тарихы-отандық және әлем ғалымдары тарапынан толассыз зерттелуде. Түрікология саласында тынымсыз еңбек етіп жатқан зерттеушілер арқасында көптеген даулы мәселелер шешімін табуда. Алайда Ұлы Түрік қағанатының тарихи ақтаңдақтарын анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Дегенмен, кейіннен табылып жатқан археологиялық-этнографиялық материалдар жəне түрік жазба ескерткіштері мен шетел жазба деректері негізінде Алғашқы Түрік қағанаты тарихын жаңаша зерттеу, зерделеу қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті түріктердің саяси тарихын, олардың материалдық құндылықтарын негізгі дерек қорларымен жаңаша зерделеу түрікітану саласындағы өзекті мəселенің бірі болып табылады. Тарихы тас бетінде қашалып, көршілес халықтардың жылнамалары мен саяхатшылардың жазбаларында сақталуы арқылы бізге жеткен түріктердің сан қырлы жолын кешенді зерделеудің маңыздылығы жоғары екендігі даусыз. Өйткені ерте ортағасырлық түрік тарихы мен мәдениетінің эволюциясы бүгінгі күнгі түрік халықтарының өркениет ошақтарын зерттеудің өзіндік бір үлгісі яғни, қазіргі қазақ халқының ғана емес, түбі бір түрік жұрттары тарихының бөлінбес бөлшегі. Оның үстіне, қазіргі күні елімізде ұлттық сана сезім оянып, өткен тарихымыз бен мәдениетімізді тануға деген құлшыныс үдерісі ерекше қарқын алған тұста көне түріктердің тарихы өнегілі әрі қызықты болып табылады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны 552 жылы құрылған Түрік қағанаты саяси тарихы мен көршілес мемлекеттермен орнатқан саяси қарым қатынасы.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты жазба және археологиялық деректер негізінде Түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау. Алғашқы Түрік қағанаты - түрік мемлекеттілігінің құрылуы мен ыдырауы, тарихи - мəдени құндылықтарын аталмыш деректер негізінде зерделеу жəне ғылыми айналымға енгізу болып табылады. Алдыға қойған мақсатқа сай келесі міндеттер туындады:

-Түріктер туралы деректерді, оның ішінде жазба және археологиялық деректерді зерделеу;

- Алғашқы Түрік қағанатының саяси тарихын жан-жақты қарастыру;

- Түріктердің алғашқы мемлекеті - Түрік қағанатының құрылуы мен ыдырау себеп-салдарлары мəселелерін талдау ;

- Бірінші Түрік қағанатының қағандарының қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі мен маңыздылығын анықтап, саяси-ұйымдастырушылық және жауынгерлік қызметтерін жан-жақты талдау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Түріктердің тарих сахнасына шығу қарсаңынан, алғаш құрылған қағанаттың ыдырауына дейінгі кезең, яғни VI-VII ғасырлар аралығы.

Зерттеудің әдістәсілдеріне объективтіліктің, кешенді зерттеу тәсілдері-нің, зерттеу пәнін жан жақты қарастыру сияқты жалпы тарихи әдістер жатады.

Зерттеудің жаңалығы. Түрік қағанаты тарихының жеке объект болып зерттелуі осы жұмыстың жаңалығын айқындайды. Көшпелі мемлекеттердің, соның ішінде Түрік қағанатының, мемлекеттілігіне қатысты ресейлік, отандық және шетелдік ғалымдардың қалыптастырған теориялары бір-бірімен салыстырыла қарастырылады. Жұмысымызда Алғашқы түрік қағанаты құрылып, оның ыдырауына дейінгі аралықта болған оқиғалар желісі үзілмей көрсетіледі. Ұлы Түрік қағанатын құруда Бумынның мемлекетті басқару стратегиясы жəне көршілес елдермен саяси-дипломатиялық қарым-қатынасындағы көрегендігі жан-жақты сипатталды. Ұлы далада құрылған осынау алып империяның құлдырау себептері жан-жақты баяндалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АЛҒАШҚЫ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕРЕКТЕР

Түрік қағанатының тарихын зерттеуде ең бірінші археологиялық және жазба деректерге жүгінеміз. Зерттеуші ғалымдар көбінесе жазба деректерге, оның ішінде: қытайдың әулеттік жылнамаларына, түрік ескерткіштеріндегі тарихи-әдеби жазбаларға, араб және парсы тарихи-географиялық жазбаларына және батыс тарихшылары еңбектеріне жүгінген.

Жазуы жоқ немесе жазуы болса да бізге жетпеген халықтардың тарихын құрастырудың өзгеше бір қиындықтары болады. Түріктердің бұрын болған тарихи жазбалары сақталмаған, ал құлпытастардағы жазулар олардың орнын баса алмайды. Сол себепті де шеттілдегі бастаухаттардың ғылыми қажетке қосылған аудармаларына сүйенуге тура келеді. Алайда әрқилы жазба мәліметтердің бәрі бірдей бағалы емес және оларға көп сене беруге болмайды. Оның себептері әр алуан: ол -кейде ертедегі автордың білімінің аздығы немесе материалдарды жазу мәнерінің ақауы секілді себеп болады. Сондықтан да тарихи сын мен XIX-XX ғғ. Ғалымдарының талдауы арқылы тексерілген мәліметтер дәйектірек те сенімдірек келеді де, жаңылысу және адасу кеселіне ұшырамайды [1, 86 б. ] .

Алғашқы Түрік қағанатында өмір сүрген халықтардың тарихын, тек Қытай мен Иранның көршілері ретінде ғана қарауды тоқтату керек. Олардың тарихы мен мәдениеті өз бетімен дамыды деген даусыз қағидадан практикалық қорытынды жасайтын уақыт жетті. Олардың қалай өмір сүргенін, сезініп -түйсінгенін, салтанат құрып барып, жойылып кеткенін тек сонда ғана түсінуге болады.

Түрік қағанаты іс-түссіз кеткен жоқ. Ол із адамзат тарихында, соның ішінде Қытай, Араб, Парсы және Византия сияқты сол кездегі әлемнің іргелі мемлекеттерінің тарихында сайрап жатыр. Сондықтан да Түрік қағанатының тарихына қатысты ақиқатты танып-білу үшін бұрынғы және қазіргі зерттеушілердің бәрі бірдей осы елдердің жазба мұраларын негізгі дереккөзі ретінде пайдаланып келеді. Түріктер кезінде көне дүние дүрмегіне өзіндік үлес қосқанымен, қабір басындағы тасқа қашалған жазулардан басқа өз тарапынан кейінгілерге елдігін танытар дерек беретін жазба тарих қалдыра алған жоқ [2, 161 б. ] .

1. 1Қытай жазба деректері

Тақырыптың күрделілігі және көпқырлылығына бізді тарихтық сын мен талдауға мейлінше мұқият қарауға мәжбүр етеді. Ежелгі түріктер туралы ең толық жазба деректер қытайдың жазба деректеріне тиесілі. Аспан асты елінің ежелгі орта ғасырларда түріктер дәуіріне бірнеше әлеуметтік жылнамалары пайда болды. Оның сыртында қытайдың әулеттік шежірелерінің бәрі сарай тарихшыларының қолынан шыққаны, олардың әрқайсысының шындыққа тек өз патшасының қабылдауы тұрғысынан қарағаны және бар. Түріктер туралы құнды деректер ретінде «Суй шу», «Тан шу», «Чжоу шу», «Бей ши» және «Бей ци шу» жылнамаларын атап көрсетуге болады. Қытай жазба деректемелеріне түскен деректер мазмұны жағынан негізінен түріктердің өздерінің қытай шегарасына жасаған шабуылдарының, немесе қытайлықтар-дың оларға қарсы ұйымдастырылған жазалау жорықтарының оқиғаларын баяндаудан және түрлі жағдайларға байланысты арнайы тапсырмамен түріктерге барып-келіп жүрген елшілердің көрген-білгендерінен, немесе шегара бекіністері басшыларының Орталыққа тынымсыз түсіріп жатқан мәліметтерінен тұрады, былайша айтқанда олар түріктердің тек қытай елімен байланысқа шыққан сәттерін ғана көрсетеді. Оның өзі қытайлықтардың мүддесі мен таным-түсінігі тұрғысынан ғана беріледі. Ал түріктердің қытайлықтармен байланысқа шықпаған, елшілік байланыс жасалмаған кездердегі өмірінен ешқандай дерек берілмейді. Алайда мұндағылардың бәрін түріктердің толыққанды тұтас тарихы деп емес, тек олардың білгілі бір кезең аясындағы тарихын жазуға елеулі дәрежеде көмегін тигізер бағалы деректер деп қараған жөн. Қытайдың көне жазба деректемелеріндегі көшпелі көршілері жайындағы деректердің жалпы табиғатының грек және парсы жазба деректе-

мелеріндегі сақ-скиф халықтары жөніндегі деректердің табиғатымен үндесіп жатады. Қалай дегенде де, көне қытай деректерінің өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктерін ескере отырып, ежелгі заманда оларға көрші болған көшпелі халықтардың, оның ішінде түрік халқының тарихын танып-білуде қажетті шындықты табу ортақ міндет [3, 15 б. ] .

Қытай жазба деректерінің артықшылығы - мұнда оқиғаның уақыт мерзімі, болған жері дәл көрсетіліп, оған қатысушылардың аты-жөні жүйелі де нақты беріліп отырады.

Кемшілігі - деректерде кездесетін көшпелі елдердің бір де біреуінің не елдік атауы, не жерінің атауы, болмаса адамдарының есімі дұрыс берілмейді, бәрі бұзып жазылған және оларында ең болмаса жобалап болжам жасауға мүмкіндік берер өзгелердікі секілді бір ізділікке түсірген жүйелік те жоқ. Осылардың бәрі түріктер тарихының нақты болмысын тануда зерттеушіге үлкен қиындықтар тудырады [3, 16 б. ] .

XVIII ғасырдан бері қытай жылнамаларын зерттеу шетел ғалымдары тарапынан қолға алына бастаған еді. Анығырақ айтқанда түрік тарихына байланысты қытай жазба деректерін зерттеу алғаш рет француз ғалымы Дж. Д. Гюгнес тарапынан 1756-1758 жылдары қолға алынды. Кезінде Гюгнестің зерттеуі жоғары бағаланғанымен, кейіннен оның қытайша атауларды дұрыс аудармау секілді біршама қателіктері белгілі болды[4, 89 б. ] .

Түріктер тарихы көптеген ғалымдардың назарын аударған және соңғы 200 жыл бойына оған деген ықылас әлденеше рет жанып сөнген. XVIII ғ. орта кезінде француз миссионерлері қытайдың көптеген тарихи туындыларын тәржімалаған, осылардың ішінде Дж. А. Маилла мен А. Гобильдің аудармалары жоғары маңызға ие болады, өйткені онда Қытайдың VI мен VIII ғасырлар аралығындағы тарихы мейлінше толық баяндалған. Француз ғалымы Ж. Дегиннің осынау ғалымдардың аудармалары негізінде жазылған «Хұндардың, түріктер мен моңғолдардың тарихы» атты көлемді еңбегін жарыққа шығарды[5, 22 б. ] . Дегиннің зерттеуінде түріктердің мемлекеттік құрылымы, саяси-экономикалық, әлеуметтік тұстары да кеңінен баяндалды. XIX ғ. бас кезінде Вивьен де Сен-Мартен, Аббат Лебоның «Византия тарихын» өз түсініктерімен қайта басып шығарды, оның түсініктері осы күнге дейін құнды болып саналады.

Түрік қағанатының тек алыс аймақтарына ғана қатысы бар осынау зерттеулерден бір өзгешелігі Станислав Жюльеннің аудармалары түріктердің тікелей өздеріне арналған. Бұдан кейін П. Пельонның мұқияттығы жағынан өте құнды еңбегі мен Анри Кордье мен Ренет Груссенің кереметтей мәлімдемелері шықты[1, 89-90 бб. ] .

XX ғ. бас кезінде синолог ғалым Э. Шаванн Орхон жазба ескерткіштерінің қытайша жазбасы негізінде Батыс қағанатқа арналған «Батыс Көк түріктер туралы құжаттар» сом еңбегі жарыққа шықты. Еңбекте автор 627 жылдан кейінгі құжаттарды және көне түріктер мен Түрікістанның кіші мемлекеттеріне қатысты мәтіндерді аударған. Грек дереккөздеріндегі түріктер туралы мәліметтерді салыстыра келтіруі, оның зерттеуінің құндылығын еселей түскен[6, 9 б. ] .

Француз мектебінің мынадай бір ерекшелігін ескермей кетуге болмайды, бәлкім, оның үлкен кемшілігі де сонда шығар. Француздар үшін түріктердің біртүрлі ғажайып құбылыс екені сондай, қағанат тарихына ортағасырлық қытай көзімен қарау яғни сырттан қарау оларға ыңғайлы сияқты. Сол себепті де олар кейде оқиғалар байланысынан айрылып қалады, ал кейде оқиғалар қытай көзқарасы тұрғысынан түсіндіріледі. Міне осы жәйт француз мектебінің фактографиялық мүмкіндіктерін шектейді. Негізінен қытайдың әулеттік шежірелері мен анда-санда грек және парсы мәліметтерімен толықтырыла жазылған тарих -осынау орта ғасырдағы қытайлық тарихи дәстүр бағыты көрініп тұрады. Алайда тарихтық сын-сынаққа салынғаннан кейін бұл бағыт мүлде жалған болып шығады, ендеше жалпы алғанда, бір халықтың тарихын тек қана оның дұшпанының көзқарасы тұрғысынан зерттеуге болмайды.

Неміс мектебі француз мектебінен едәуір кем түседі. И. Маркварт пен Ф. Хирттің шығармалары көбіне дәлелдене бермейтін филологиялық жорамалдың, қарапайым қателердің үйлесімі болып табылады. Мәселен, Рихард Хенниг түрік қағанатының шығыстағы шекарасын Владивосток маңынан көреді, ал солтүстіктегі шекарасын Байқалдың терістік шетінен көреді. Ештеңеге сүйенбестен-ақ ол император Вэньдидің тұсында(581-604) Қытай шекарасы «Каспий теңізіне дейін созылып жататын» - деп жар салады, ал шынында оның шеті Ұлы қамал мен Ордоспен шектелетін [1, 90 б. ] .

Қытайлық аудармашы Лю Мао Цзайдың неміс тіліне аударған түріктер туралы еңбегін ерекше атап көрсетуге болады. Лю Мао Цзай V және IX ғасырлар аралығындағы қытай деректерімен тынбай жұмыс жасап, аталмыш еңбегін XX ғасырдың ортасына қарай тәмәмдайды. Зерттеу жұмысында әртүрлі 36 қытай дереккөздерін қолдана отырып, Шығыс түріктері туралы құнды мағлұматтар береді[7, 7 б. ] . Ғалымның бұл еңбегі бүгінгі күнде де түріктер тарихымен айналысатын зерттеушілер үшін құнды дерекнама болып табылады. Лю Мао-Цзайдың аудармасындағы немісше оқу да орысша оқу мәнеріне жақын. Автор қытай иероглифін әріптік жазуға көшірген кезде VI-VIII ғғ. Фонетикасын тірілтеді[1, 89 б. ] .

Лю Мао Цзай өз зерттеуін қытай билеушілерінің әлеуметтік кезеңдері бойынша төрт бөлімге бөледі: бірінші бөлім-386-534 жылдардағы Солтүстік Вей тұсындағы түріктер, 535-556 жылдар аралығындағы Батыс Вей 556-581 жылдардағы Солтүстік Чжоу тарихына арналса; екінші бөлімі-581-618 жылдардағы Суй әулетіне; үшінші бөлімі-618-906 жылдар аралығындағы Тан әулеті тұсындағы түріктерге; төртінші бөлімі 907-959 жылдардағы У-дай тұсындағы шығыс түріктерге арналған.

Лю Мао Цзай еңбегінде төменгідей жазба деректерді қолданды, олар: «Чжоу шу», «Бэй Ци шу», «Суй шу», «Бей ши», «Цзю тан шу», «Тан шу», «Цзю У дай ши» деректері. Бұл жылнамаларда негізінен қытайлардың ішкі және саясаты мен көршілері туралы мол мәліметтер қамтылған.

Лю Мао Цзай өңдеген қытай әлеуметтік жазбаларын негізгі он топқа бөлуге болады, олар:

1. Түрік қағанаты мен қытай елшілігі арасындағы сауда-экономикалық, географиялық байланысты баяндайтын «Хун-лу-сы» жазбалары;

2. Қытай елшілерінің Түрік қағанаты туралы деректері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси әлеуметтік жағдайлары
Көне түріктердің діні
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Алғашқы түркі мемлекеттері
Көк түріктер мемлекеті
Ерте орта ғасырлардағы Түрік Қағанаттарына қатысты Қытай деректеріндегі мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz