Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ӘМІР ТЕМІР ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДА ... ... ... ... ... .8

1.1 Әмір Темірдің жасөспірім және бозбала шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Низомаддин Шами «Зафарнаме» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Шараф ад.Дин Али Йезди «Зафарнаме» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

2 ERHWERHTWHTHTHT ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

2.1 Абд Ар Раззак Самарканди ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2 Мұхаммед Ховент Шах Мирхонд ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал.макдур фи тарихи Таймур» ... ... ... ... ... ... 45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып өмір сүріп тұрған тұста, қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихы санасының қалыптасуы дәуірінде өзінің көршілес және алыс-жақын халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойы орын алған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылық уақыт өте артып отыр. Осы орайда, әлем тарихында үлкен маңызы болған, орта ғасырларда Орта Азияда құрылған Әмір Темір мемлекетінің жүргізген сыртқы саясатын жан-жақты талдау кездейсоқ емес. Өйткені, мемлекет орта ғасырдың ең ірі империяларының қатарына кіріп қана қоймай, өзінің көрші мемлекеттерінің, сондай-ақ Иран, Үндістан, Қытай сияқты ірі мемлекеттердің, Еуразия мен Орта Азия аймағындағы бірсыпыра этностар мен мемлекеттердің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Олардың ішінде халықтардың тарихына өзіндік әсерін тигізген, тарихи оқиғаларға өшпес із қалдырған – Әмір Темірдің жасаған жорықтары және оның жүргізген сыртқы саясаты болы. Осы уақиғаларды талдау барысында мен өзіме зеттеу нысаны ретінде Әмір Темір жайында жазылған деректер тақырыбын алдым. Себебі осы мәселені жан-жақты қарастыру барысында осы тарихи тұлға жайында деректер талданады. Осы тарихи тұлға жайында жазылған көптеген сол уақыттағы және кейінгі еңбектерді талдай отырып олардың мазмұнын, бір-бірімен салыстыра отырып өзектілігін ашу болып табылады. Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамыспен, Моғолстан ханы Тоғлық Темурмен болған соғыстары жайында кеңірек тоқталып кетттім. Сонымен қоса бірнеше деректермен жұмыс істей отырып оларды бір бірімен салыстыра кетіп еңбек жайында авторлардың пікірлерін айта отырып салыстра көрсету болып табылады. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады. XIV-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихын ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Темір және оның ұрпақтарына арналған нарративтік шығармалар орта ғасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады. XIII-XIV ғғ. Дешті Қыпшақ және Түркістан жеріндегі негізгі оқиғалар тізбектелген бұл шығармалар біржақтылығына қарамастан дерек ретінде алатын орны жоғары. Өйткені тек Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармалары ғана сол кезең оқиғаларынан басқа ортағасырлық мұсылман деректеріне қарағанда толықтай көрініс береді.
1. Гийасаддин Али Йезди «Дневники похода Тимура в Индию» М.-1992 С. 188.
2. Клавихо Р.Г. «Дневник путешествия в Самарканд ко двору Тимура». М.- 1990. С.
3. Тұрсын Сұлтанов «Темір және оның империясы» Алматы. «Мектеп». 2007. 148 б.
4. Тұрсын Сұлтанов «Темір және оның империясы» Алматы. «Мектеп». 2007. 148 б.
5. Тұрсын Сұлтанов «Темір және оның империясы» Алматы. «Мектеп». 2007. 148 б.
6. Ибн Арабшах «Чудеса судьбы историй Тимура». Ташкент.- 2007
7. Тұрсын Сұлтанов «Темір және оның империясы» Алматы. «Мектеп». 2007. 148 б.
8. Гийасаддин Али Йезди «Дневники похода Тимура в Индию» М.-1992 С. 188.
9. Тұрсын Сұлтанов «Темір және оның империясы» Алматы. «Мектеп». 2007. 148 б.
10. Гийасаддин Али Йезди «Дневники похода Тимура в Индию» М.-1992 С. 188.
11. Герасимов М.М. «Портрет Тамерлана» Краткие сообщения Института историй материальной культуры. 1947.Вып. XVII. С.
12. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.-1941 г. т. II.
13. Якубовский А.Ю., Герасимов М.М. Тамерлан — покоритель Азии. М. С. 224.
14. Сайт Восточная Литература Низомаддин Шами «Материалы по историй киргизов и Киргизий» Вып 1. М. Наука. 1973.
15. «Тарих-Адамзат ақыл ойының қазынасы» он томдық. Т. 3. Астана.-2005.509 б.
16. Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю. Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир А. Уринбоев. Ташкент.- 1996.
17. «Тарих-Адамзат ақыл ойының қазынасы Орта ғасырлық тарихи ой».-Он томдық.- Т. 3. «Фолиант» баспасы,-Астана.- 2005.-509б.
18. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л., 194. т. II.
19. Мухаммаджанов А.Р. «Темур ва Темурийлар салтанати» Тарихи очерк. Т.-1996. C.
20. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.- 1941. т. II.
21. Тулибаева Ж.М. Персоязычные источники по историй казахов и Казахстана XII-XIX вв. Дисс. На соискание уч. Степени д.и.н. А, 2003.
22. Уложение Тимура. Ред. Р.Азимова. Т.- 1992, С. 108.
23. Темур тузуклари / Форсчадан А.Согуний ва Х. Кароматов тарж, Б.Ахметов тахр, сузбоши ва изохлар Б.Ахмедовники/. Т.-1996, 344 б.
24. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.- 1941 г. т. II.
25. Историй Казахстана в западных источниках XII-XX вв. Пер. с франц. Х.К. Хамраева./ сост. Б.М Сужиков. А.- 2005, т. II.
26. Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар муаллифлари, Б.М. Эшпулатов Т.- 1997, 383 бет.
27. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.- 1941 г. т. II.
28. Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар муаллифлари, Б.М. Эшпулатов Т, 1997, 383 бет.
29. Цугаченкова Г.А. Очерки исскуства Средней Азии. М. 1982. С. 436.
30. В.А. Панова, Е. Шамрай, А. Пишпенко. «Тамерлан автобиография и Уложение». М. «ЭКСМО». -2006.
31. Мирзо Улугбек. Турт улус тарихи./ Б.Ахмедовнинг кириш сузи, изохлари ва тахририда, Форс тилидан Б.Ахметов ва бошк. тарж./ - Т,, 1993, Б. 352.
32. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973.
33. «Тарих-Адамзат ақыл ойының қазынасы Орта ғасырлық тарихи ой».-Он томдық.- Т. 3. «Фолиант» баспасы,-Астана.- 2005.-509б.
34. Якуповский А.Ю. Тимур Вопросы историй, 1946, № 8,9
35. Грановский Т.Н. ПСС. СПб Т.1.С 352
36. Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю.Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир – А. Уринбоев. Ташкент, 1996.
37. Муминов И.М. Роль и места Амира Тимура в историй Средней Азии: Т. 1968, 118-122.
38. Лянглә Л. Жизнь Тимура. 1992. С. 340.
39. Кловихо Г. История великого Тамерлана. СПб.
40. Граневский Т.Н. ПСС. СПб. Т. І. С. 460.
41. Иванин М.И. О военном исскустве и завоеваниях монголо-татарских среднеазиатских народов при Чингисхане и Тамерлане. СПб. С.
42. Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов. Ташкент.1928. 387.
43. Скрынников Р .Г.Тамерлан: Эпоха, личность. М.-1992.
44. Сайт Восточная Литература Низомаддин Шами «Материалы по историй киргизов и Киргизий» Вып 1. М. Наука. 1973.
45. «Тарих-Адамзат ақыл ойының қазынасы Орта ғасырлық тарихи ой».-Он томдық.- Т. 3. «Фолиант» баспасы,-Астана.- 2005.-509б.
46. Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю.Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир – А. Уринбоев. Ташкент, 1996.
47. Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар муаллифлари, Б.М. Эшпулатов Т, 1997, 383 бет.
48. Ускенбай К.З. Восточный дашт-и Кыпчак в составе улуса джучи в XIII-первой трети XV-века аспекты политической историй Ак-Орды. Дисс. На соискание уч. Степени к.и.н. А, 2002.
49. Темур тузуклари / Форсчадан А.Согуний ва Х. Кароматов тарж, Б.Ахметов тахр, сузбоши ва изохлар Б.Ахмедовники/. – Т, 1996, 344 б.
50. Уложение Тимура. Ред. Р.Азимова. Т, 1992, С. 108.
51. Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю.Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир – А. Уринбоев. Т, 1996.
52. Халықаралық интеррация мен модернизация жүйесіндегі Қазақстан-Германия қатынастары. ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т.Жұмағұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материвлдары (Алматы, 9 ақпан 2008 ж.) / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ред. Алқасы: А.И.Купчишин т.б. – Алматы, 2008. – 186-190 б.
53. Абдураимов М. Темур ва Тухтамиш. Т, 2000
54. Тулибаева Ж.М. Персоязычные источники по историй казахов и Казахстана XII-XIX вв. Дисс. На соискание уч. Степени д.и.н. А, 2003.
55. Умняков И. Из истории международных отношении. М. 1960. С. 245.
56. Ру Жан-Поль. Тамерлан. - М.: Молодая гвардия, (Жизнь замечательных людей: сер. биогр.; вып. 1063) 2007. - 295. - 4-е изд.
57. Мароцци Джастин. Тамерлан. Завоеватель мира. - М.: АСТ, АСТ Москва, Полиграфиздат, 2010 - 464 с.
58. Лемб Гарольд. Тамерлан. Потрясатель вселенной. - М.: Вече, 2008. 340 с.
59. История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. Л.: Издательство Ленинградского университета, 1958. С. 232 с.
60. Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар муаллифлари, Б.М. Эшпулатов Т, 1997, 383 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Джалгасбаев К.П.

Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400-тарих

Алматы, 2016
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ӘМІР ТЕМІР ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДА ... ... ... ... ... .8

1.1 Әмір Темірдің жасөспірім және бозбала шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Низомаддин Шами Зафарнаме ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Шараф ад-Дин Али Йезди Зафарнаме ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .25

2 ERHWERHTWHTHTHT ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

2.1 Абд Ар Раззак Самарканди ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2 Мұхаммед Ховент Шах Мирхонд ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 9
2.3 Ибн Арабшах Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур ... ... ... ... ... ... 45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып өмір сүріп тұрған тұста, қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихы санасының қалыптасуы дәуірінде өзінің көршілес және алыс-жақын халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойы орын алған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылық уақыт өте артып отыр. Осы орайда, әлем тарихында үлкен маңызы болған, орта ғасырларда Орта Азияда құрылған Әмір Темір мемлекетінің жүргізген сыртқы саясатын жан-жақты талдау кездейсоқ емес. Өйткені, мемлекет орта ғасырдың ең ірі империяларының қатарына кіріп қана қоймай, өзінің көрші мемлекеттерінің, сондай-ақ Иран, Үндістан, Қытай сияқты ірі мемлекеттердің, Еуразия мен Орта Азия аймағындағы бірсыпыра этностар мен мемлекеттердің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Олардың ішінде халықтардың тарихына өзіндік әсерін тигізген, тарихи оқиғаларға өшпес із қалдырған - Әмір Темірдің жасаған жорықтары және оның жүргізген сыртқы саясаты болы. Осы уақиғаларды талдау барысында мен өзіме зеттеу нысаны ретінде Әмір Темір жайында жазылған деректер тақырыбын алдым. Себебі осы мәселені жан-жақты қарастыру барысында осы тарихи тұлға жайында деректер талданады. Осы тарихи тұлға жайында жазылған көптеген сол уақыттағы және кейінгі еңбектерді талдай отырып олардың мазмұнын, бір-бірімен салыстыра отырып өзектілігін ашу болып табылады. Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамыспен, Моғолстан ханы Тоғлық Темурмен болған соғыстары жайында кеңірек тоқталып кетттім. Сонымен қоса бірнеше деректермен жұмыс істей отырып оларды бір бірімен салыстыра кетіп еңбек жайында авторлардың пікірлерін айта отырып салыстра көрсету болып табылады. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады. XIV-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихын ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Темір және оның ұрпақтарына арналған нарративтік шығармалар орта ғасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады. XIII-XIV ғғ. Дешті Қыпшақ және Түркістан жеріндегі негізгі оқиғалар тізбектелген бұл шығармалар біржақтылығына қарамастан дерек ретінде алатын орны жоғары. Өйткені тек Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармалары ғана сол кезең оқиғаларынан басқа ортағасырлық мұсылман деректеріне қарағанда толықтай көрініс береді. Зерттеуіміздің мақсаты осы Темірлік деректер негізінде Ақ Орда, Алтын Орда және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты жазылған темірлік материалдарды зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Әмір Темір өзінің халқына және хандығына мемлекеттік билік пен заңдар жобасын жасап берді. Бірақ бұл оқиғалар халықты жаппай қыру және қиратумен қатар жүріп отырды. Бұл оқиғаларды талдап, баға беру үшін мен бірінші кезекте осы оқиғаларға деректік негіз бола алатын шығармаларға тоқталлып өтейін. Әмір Темірдің өміріне байланысты деректік материалдар жылнамалық және мемуарлық сипатта жазылған деп топтауымызға болады. Бұл кезеңге байланысты бай мәліметті сонымен қатар заттай деректерден, эпиграфикалық ескерткіштерден де байқауымызға болады. Бұл дәуірге байланысты көп деректің бізге жетуіне Әмір Темірдің жанында арнайы хат танитын сауатты жылнамашыларының болғандығы да септігін тигізді (дабиран-и хас-жеке хатшы, фадилан-м аср-заманының білімді адамы). Осындай адамдарының бірі Омар деген ғалым адам болды. Ол Темірдің Үндістан сапарына қатысып, жанында болып, көрген білгендерін қағазға түсірген. Осы сапардың негізінде Үнді жорығының күнделігі жазылды. Сондай ақ осы сапар нәтижесінде жазылған Гиас ад-дин Алидің күнделіктері белгілі. Бұл шығарма В.В.Бартольдтың зерттеуі бойынша 1403 жылы жазылғандығы анықталды. Низам ад-дин Шамидің Зафар-намесінде де Темірге байланысты маңызды мәліметтер кездестіреміз. Әмір Темір оқуды және жазуды білмесе де, өз заманының білікті адамдарының бірі болғандығын айтады. Сонымен қатар, деркете бұл еңбек жазылғанға дейін де бізге жетпеген басқа деректердің болғандығы туралы мәлімет бар. Бұл еңбектің Гиас ад-дин Алидің еңбегінен ерекшелігі, еңбектің тілінің жеңілдігі және онда Темірдің бүкіл саяси қызметінің толық қамтылуы. Низам ад-дин Темірдің 1360 жылға дейінгі тарихына да тоқталған. Бұл еңбек 1405 жылға дейін жазылып аяқталған. Бұл еңбектің деректік маңызы зор. Сондықтан осы еңбекте келтірілген фактілер Әмір Темір дәуірінің тарихына байланысты кейінгі кездері жүргізілген барлық зеттеулердің желісінің негізгі арқауы болды. Әмір Темір мемлекетінің әскери жорықтарына қатысты әдебиеттер саны жағынан көп болып есептелінеді. XIV-XV ғасырлардағы деректер ішінен мәселеге қатысты Шараф ад-дин Али Йездінің Зафар-нама атты еңбегіне ерекше тоқталуға болады. Ол Әмір Темірдің өмірінің соңғы жылдарында оның кеңсе бөлімін басқарып, билеушінің Кіші Азияға жасаған жорықтарына тікелей қатысқан адам болды. Йездінің сөзіне сүйенсек, ол бұл туындысын Әмір Темірдің ұлы Шахрухтың баласы, өзінің немересі сұлтан Ибрагимнің тапсырысымен жазған. XIV-XV ғғ. Әмір Темірге байланысты деректерді екіге бөліп қарастыруымызға болады: біріншілерінде Темірдің жүргізген саясатын құптау, қолдау байқалады; екіншілерінде бұл әрекеттерге теріс баға беріледі. Бірақ, соған қарамай бұл екі топтағы деректердің қай қайсысынан болмасын біздің мәселеге, сол оқиғаларға байланысты бай мәліметтер алуға мүмкіндік бар. Атап өтетін жай - әлі күнге дейін осындай бай материалдар толығымен жүйеленіп, бір ізге келтірілмегені байқалады. Бұл дерекді Орта Азия тарихы мен Әмір Темір мемлекеті дәуірі арасындағы тарихи сабақтастық толық орын алмаған. Орта Азия, Иран және іргелес елдердің тарихын қазіргі уақыттаы зерттеушілер Темір мемлекетінің ықпалының әлі де толық зерттелмегендігін атап өтіп, деректерді іздестіруді жалғастыру керек деп есептейді. Шараф ад-дин Али Йездидің Зафар-намесіне тоқталайық. Автор еңбектің соңында шығарманы Фатх-наме деп атап өтеді де, оны хижра жыл санағы бойынша 840 жылы (1437 ж.) рамазан айында аяқтағанын баяндайды. Осы қолжазбаны зерттеген Өзбекстандық зерттеушілір еңбек 1419 жылы басталып, 1437 жылы аяқталған деген қорытынды жасады. Бұдан автордың осы еңбекті 18 жыл көлемінде жазғандығын байқаймыз. Бұл еңбектің ерекшілігі, автор өзінің еңбегінде тарихтың адамзат тарихында алатын жоғарғы орнын анықтай отырып, оның өткенді саралап, болашақты болжау мемлекеттің гүлдену мүмкіндігін көрсете алу ерекшеліктерін атап өтеді. Зафар-намеде фактілік материалдардың көп болуы оның құндылығын арттырады. Бұл еңбектің жазылуына Темірдің өзінің қадағалауы және жағдай жасауы оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл дерек негізінен оның өлімінен кейін жазылғандықтан автор Темірді көрген, білген, оның жорықтарына қатысқан адамдардың мәліметтеріне сүйенген. Бұл еңбектің алғы сөзі Рашид ад-диннің еңбегінен алынған. Белгісіз автордың Ескендір Анонимі атты шығармасы да Әмір Темір жорықтарына қатысты құнды дерек болып есептелінеді. Бұл еңбектің авторын өмірінің соңында В.Бартольд зерттеп, Муин ад-дин Натанзи болуы мүмкіндігі туралы өзінің ойын айтып кеткен. Бұл еңбекпен танысу барысында автор көптеген түркі, монғол терминдерін, атауларын қолданғандығын байқаймыз. Бұл еңбек 1413-1414 жылдары жазылған. Еңбекте өзге шығармаларда кездеспейтін көптеген фактілердің келтірілуі оның құндылығын арттырады. Әмір Темір тарихына қатысты құнды мәліметтер XV ғасырдың тарихшылары Хафиз Абру, Абд ар-Разак Самаркандидің және Мирхондтың шығармаларында да кездеседі. Осы деректерді тимуридтік тарихнама кезінде жазылған, бізге жеткен деректер тобына жатқызуымызға болады. Олар тікелей Темірдің өзінің немесе оның ұрпақтарының тапсырысы бойынша жазылды. Ал енді келесі топтағы деректерге, Әмір Темірге байланысты өз ойларын ашық білдірген, оны ұнатпаған топ өкілдерінің мәліметтерін жатқызуымызға болады. Осындай топ өкілдеріне Ибн Арабшахты және оның Аджип ал-макдур фи наваиб ал-Тимур атты еңбегін қарастыруымызға болады. Жас кезінде Дамаскіде тұтқынға түсіп, Самарқандқа алып келінген ол, өле-өлгенше Темірге және оның қырып жою саясатына деген өзінің теріс көзқарасын ұстанды. Ибн Арабшахтың Темір өміріндегі көргемпаздық ғажайыптары атты еңбегінде Темірге қатысты көптеген фактілер келтірілген. Бұл еңбекте автор сол оқиғаларға қатысып қана қоймай, оны көрген-білгендердің мәліметтеріне сүйене отырып та жазған. Темірге қатысты келесі деректің авторы Абд ар-Разак Самарканди атты тарихшы. Оның Матлаас-са дайн ва маджма ал-бахрайн (Бақытты екі жұлдыздың қосылған және екі теңіздің түйіскен жері) атты еңбегі бізге жеткен. Еңбек 1467-1471 жылдары жызылған. Оның бірінші томында Темірдің өліміне дейінгі кезеңнің тарихы баяндалады. Еңбек Темір мен оның әулетінің тарихын зерттеу үшін құнды мәліметтер береді. Әмір Темір мемлекетіне және оның жеке тұлғасына байланысты құнды мәліметті Руи Гонзалес де Клавихоның Самарқандтағы Темір сарайына жіберілген елшілігі кезінде көрген білгендерін жазған мәліметтері де бере алады. Бұл елшілік 1403 жылы кастильдік король III Генрихтың бұйрығымен Самарқандқа аттандырылған болатын. 1404 жылы Клавихо Темірдің бірнеше қабылдауында болып, онымен сұқбаттасқан, мемлекеттің өзге де қалаларын аралаған. Өз көрген білгендерін күнделік түрінде қағазға түсіріп отырған. Бұл дерек те Темір мемлекеті және оның сыртқы саясатының тарихын зерттеуде көмегін тигізетін бағалы шығарма болып есептеледі. Әмір Темір мемлекетінің өзге елдермен жасаған қарым-қатынасына байланысты құнды мәліметтерді материалдық мәдениеттің туындылары арқылы да байқауымызға мүмкіндік бар. Себебі осы кезеңде дүниеге келген мәдениет және өнер туындыларында осы ықпал анық аңғарылады. Олардың қатарына осы дәуірлерде тұрғызылған Самарқанд, Шахризабс, Түркістандағы мешіттер, мавзолейлер, сарайларды жатқызуымызға болады. Осы құрылыстарды салу үшін жаулап алынған елдердің барлығынан шеберлер, қолөнершілер жиналды. Олар көп жағдайда өздері тұрғызған ғимараттарға аттарын жазып отырды. Осындай қолөнер туындылары арқылы бұл мемлекеттің өзге де елдермен жасаған қарым-қатынасы, ықпалын байқауымызға болады. Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеу барысында негіз болатын қазіргі кезге белгілі деректер, жоғарыда аталған еңбектер. Енді осы мемлекеттің тарихының зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, бұл мәселеге байланысты ең алдымен В.В.Бартольдтың еңбектерін атап өтуіміз керек. Автордың зерттеулерінде аталған деректер негізінде осы мемлекеттің құрылу тарихы, жаулаушылық жорықтары, әмір Темірдің жүргізген саясаты талданған. Осы мемлекеттің Орта Азия халықтарының тарихындағы орнын анықтаудың маңызына көңіл бөлген. Зерттеуші Л.В. Строеваның еңбектері және ізденістері, мақалалары осы тақырыпқа арналды. Автор зерттеу мақалаларында Әмір Темір мемлекетінің құрылу алғышарттарына талдау жасай отырып, көрші мемлекеттердің тарихындағы орнына өзіндік бағасын беруге тырысады. Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеуде А.Ю. Якубовский де қосқан үлесін атап өтуіміз керек. Ол өзінің зерттеулерінде Темір мемлекетінің тарихына қатысты құнды ойлар мен болжамдарын келтіреді. Оның Б.Д. Грековпен бірлесіп жазған еңбегінде де осы мемлекеттің тарихы баяндалған. 1960 жылдарға дейін бұл мемлекеттің тарихына қатысты көлемді зерттеулер болмады. 1960 жылдары Өзбекстанда атап өтілген Әлішер Науаидің туғанына 525 жыл толуы және Самарқанд қаласының 2500 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты жиындар мен конференциялар ұйымдастырылды. Осы оқиғаларға байланысты зерттеушілердің Әмір Темір мен Темір ұрпақтары заманындағы Орта Азияның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өмірінің мәселелеріне арналған зерттеулер жарық көрді. Абд ар-Разак Самарқандидің еңбегі өз тіліне аударылды. Соңғы жылдары Әмір Темір мемлекетінің тарихына және оның жеке тұлғасына арналған еңбектер, зерттеулер де жарық көріп жатыр. Олардың қатарына Тамерлан: Эпоха. Личность. Дияние атты жинаққа кірген зерттеулерді қосуымызға болады. Қазақстан ғылымына тоқталатын болсақ, біз бұл салада ғалымдардың әлем тарихы бағытындағы ізденістеріне ерекше тоқталуымыз керек. Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың маңызды міндеті ретінде қазақстандық ғылымды қалыпты оқшаулану жағдайынан әлемдік кеңістікке шығару мәселесі болып отыр. Осы мәселеге байланысты Қ.Т. Жұмағұловтың айтқан ойлары біздің мәселені де зерттеуде теориялық негіз бола алады. Ол: Тарих ғылымындағы идеологияландыру және бейсаясаттандыру жағдайлар, интеграциялық үрдістердің ғасырында маңызды теориялық және методологиялық мәселелерді жүйелеудің жаңа жолдарын іздестіруге талпыныстар жасау керек. Өйткені жалпы тарих мектептерде, гимназияларда, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытылады-деген пікірін білдірді. Бұл пікірдің Әмір Темір мемлекетінің жүргізген саясатына да обьективті баға беруде маңызы зор деп ойлаймыз. Автордың әлем тарихына байланысты жалпы теориялық еңбектерінің де маңыы үлкен. Бұл ізденістерге теориялық, практикалық тұжырымдар Қазақстандық тарихнамада Еуропа мен Еуразияда жаңа идеологияның таралуына үлкен ықпал берді. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Менің зерттеу жұмысымның мақсаты Әмір Темір туралы жазылған еңбектерге жеке-жеке сипаттама беріп, еңбектердегі Қазақстан тарихына қатысты деректерді айта кету және авторлардың пікірін салыстырып шет елдік және Қазақстандық авторлардың деректер жайында жазған пікірлерін ашып көрсету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қойдым:
Әмір Темір жаулаушылығының нәтижесі және оның Қазақстан мен Орта Азия елдеріне ықпалын түсіндіру;
Сол уақыттағы және кейін Әмір Темір жайында жазылған еңбектерге түсініктеме беріп оларды зерттеу;
Низам-ад-дин Шами Зафар-наме дерегіндегі Темір мен Ақ Орда арасындағы саяси қарым қатынасты талдау;
Шараф-ад-дин Али Йездидің Зафар-наме дерегіндегі Темір, Орыс хан, Тоқтамыс арасындағы саяси жағдайды көрсету;
- Шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектерін қарастыру.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері негізінен XIV ғасыр мен XVI ғасыр орталарына дейінгі кезеңді қамтиды. Әмір Темір жайында жазылған Низом-ад-Дин Шамидің Зафар-наме, Шарафаддин Али Йездидің Зафар-намесі, Абд Ар Раззах Самарқандидің Матла ас - са дайн ва маджама ал - бахарйн, Мұхаммед Ховент Шах Мирхондтың Раузат ас - сафа фи сират аал - анбия ва - л - мулук, Ибн Арабшахтың Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур еңбектері негізінде жазылған. Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеуде жалпы тарихи, тарихи салыстырмалық, тарихи жүйелік әдістер қолданылды. Ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі ретінде герменевтикалық және салыстырмалы тәсіл таңдап алынды. Жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер-талдау мен синтез, индукция және дидукция, суреттеу және түсіндіру сияқты әдістер де қолданылды. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӘМІР ТЕМІР ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДА

Әмір Темір 1370-1405 жылдар аралығында билік құрды. Ел басқарған отыз бес жыл ішінде орасан зор империя құрылды, оған деген ынта-ықыластан ұлан-ғайыр тарихи әдебиет пайда болды, бұған ішінара Темірдің өзі де, Темірдің ұрпақтары да себепші болған еді. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады. Билік құрған соңғы жылдарында Темір қайда барса да, дабирани хастарын-жеке хатшыларын және фазила асрларын-түркілердің білімдар адамдары мен парсы ғалымдарын ертіп жүрді. Олардың ішіненен біреулері Темірдің жорықтарының күнделігін жызып отырды, енді біреулері оның жеке басының ерліктерін сипаттап жазды, ал үшіншілері оның патшалық құруының жылнамасын жазумен шұғылданды. Темірдің жүргізген соғыстары мен ерліктері өлеңмен, қарасөзбен сипатталған көптеген баяндаулар бізге дейін жеткен жоқ; олардың болғанын басқа шығармаларда келтірілген тақырыптарынан, үзінділерінен білеміз. Жекелеген жорықтар сипатталып жазылған бірқатар күнделіктерден бізге дейін жеткені Гийас ад-Дин Алидің Темірдің Үндістанға жорығының күнделігі ғана. Күнделіктің парсы мәтінін В.В. Бартольдтің редакциясында 1915 жылы Л.А. Зимин бастырып шығарды. 1958 жылы профессор А.А. Семенов оны орыс тіліне аударды. Темірдің өмірі мен қарекетін баяндайтын, пұрсатты ресми хроника болып табылатын екі шығарма бар: біріншісі-Низам ад-Дин Шамидің Зафарнамесі-1404 жылы, Темірдің тірі кезінде-ақ жазылған; екіншісі-Шараф ад-Дин Али Йездидің сол атлас белгілі шығармасы-1425 жылы жазылған [1, 57-60]. Ал, жалпы алғанда, мұндай толық ресми жылнама түзудің алғашқы тәжірибесі XIV ғасырдың аяғына қатысты. Алайда бұл қарекет сәтсіз болды. Еңбекке Темірдің көңілі толмай, қабылданбай қалған болатын. Сәтті болмаған осы тәжірибеден кейін хижраның 804 жылы (1401-1402) Темір өзінің билік құрған тарихының толық сипаттамасын жазуды Низам ад-Дин Шамиге жүктеді. Низам ад-Дин Ирандағы Тебриз қаласының төңірегіндегі Шамда туған, осыған орай, ныспысының (туған жері бойынша атану) Шами болуы содан. Низам ад-Дин Шами Бағдатта тұрған және Темірге 1393 жылы ол осы қаланы алған кезде ғана қосылған. Шами жұмысқа кеш дегенде 1402 жылдың тамызында кірісті; бұл уақытта оның қолында Темірдің тарихының жаулап алушының өзінің көңілінен шықпаған бір толық нұсқасы болды, сондай-ақ бірқатар жекелеген жорықтардың күнделіктері мен бұрынғы соғыстардың сипаттамалары бар еді. 1404 жылы жазғытұрым, Темір Ираннан Самарқанға қайтып келе жатқанда, Шами тамамдаған шығармасын әмірге ұсынды. Темір еңбекті мақұлдап, оны Зафарнаме-Жеңістер кітабы деп атадыЗафар-наме дерегінде Қаршыда, Қарабақта, Самарқандта болған құрылтай жиналыстары жақсы сипатталған. Бұл құрылтайларға ханзадалар, басшылар, әскери қолбасшылар ақсүйектер қатысатын болды. Бұл құрылтайларда мемлекеттің өмірінде маңызы бар келісім шарттар, әскери іс шаралар шаруашылық мәселелер талқыланды. Үлкен мәселелерді шешу барысында ол міндетті түрде ғұлама ғалымдармен кеңесіп, олардың айтқан ойларын ақыл таразысына салып отырды [2, 35] . Парсы тілінде жазылған бұл еңбек Темірдің ел басқарған уақытын сипаттайтын аса маңызды деректеме болып табылады. Шами шығармасының мәтінін F.Tauer 1934 жылы бастырып шығарды. Шамидің Зафарнамесінің толық орысша аудырмасы әзірше жоқ. Әулеттің негізін салушының өзінің талаптары ескеріле отырып жазылған және Темірдің өзі мақұлдаған Шами шығармасы Темірдің ресми тарихын сипаттаудың бастамасы болған еді; бұдан кейінгі жылдарда бұл сипаттаманың бірнеше жалғасы мен нұсқасы болды. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны үшінші нұсқа болды. Ол әулет басының қазасынан кейін жиырма жыл өткен соң Темірдің немересі, Фарста 1415-1436 жылдары билік құрған Ибрахим сұлтанның бастамасымен және тікелей қатысуымен жазылды [3, 27-30] . Ибрахим сұлтан хатшыларының көмектесуімен Темір тарихы жөнінде бұған дейін жазылған материалдардың барлығын, сондай-ақ әр алуан жазғыштар мен хатшылардың жазбаларын жинастырды. Мұқият іріктеліп, бір жүйеге келтірілген материал Жезді қаласынан (Иран) шыққан, Темір әулетінің сарай ғалымы әрі әдебиетшісі, замандастары дәуірдің үздік сөз зергерлерінің бірі деп білген Шараф ад-Дин Алиге берді. Ол жиналған материалды түпкілікті өңдеп, қарасөзді арабтың шешендігі мен парсының мәнерлілігімен әсемдеп жазып шығуға тиіс болды. Мәртебелі бұйрыққа бойсұнған Шараф ад-Дин Али Йезди тарихты құрастырып шықты. Алғы сөзінде бұл шығарма Фатх-наме-ий Сахибқирани деп аталған, бірақ көбіне Йездінің Зафарнамесі ретінде мәлім [4, 30]. Түпкілікті түзетілуінде бұл шығарма Темірдің ресми тарихының неғұрдым толық жазылуы болып табылады. Ол парсы тілінде жазылған және бірнеше рет басылып шыққан. Шығарманың орыс тілінде толық аудармасы жоқ. Темір туралы материалдар ресми деректемелермен тамамдалмайды. Оның өмірі туралы Муин ад-Дин Натанзи, Хафиз-и Әбру, Әбдіраззақ Самарқанди, Мирхонд және өз шығармаларын Темір әулетінің сарайында жазған XV ғасырдың басқа да тарихшылары көп жазған. Темір-түркі-монғол бектерінің арасынан шыққан, елде Шыңғыс хан ұрпағы еместер әулетінің басы болған Мәуеренахрдың бірінші ұлыс билеушісі. Ілгеріде айтылғанындай, ол тарих майданына күтпеген жерден, кенет, жиырма бес жасында шықты. Сол уақытта бұрынғы Шағатай мемлекетінің шығыс бөлігінің ханы Тоғлықтемір Мәуеренахрға әскерімен кіріп келген еді. Темірдің 1360 жылға дейін немен шұғылданғаны туралы Темір әулетінің ресми болсын, басқадай болсын деректемелерінде анық еш нәрсе айтылмайды. Тек бар хабарланатыны-Темірдің жас шағына қатысты уақиғалар тарихы жылнамаларға Темірдің өзінің қалауы бойынша кіргізілмеді, өйткені, олар оқушыларға адам сенбестей болып көрінер еді делінеді. Темірдің жас шағының өмірбаяны үшін деректеме болатындар-оның сарайымен байланысы жоқ, осы себепті, Темірдің қалауынан еркін жазба жәдігерлер. Бұл-ең алдымен, Темірдің тарихы жөнінде араб тілінде Ибн Арабшах құрастырған көлемі үлкен еңбек. Ол кісінің толық аты-Шихаб ад-Дин Ахмед ибн Мұхаммед. Бірақ ол Ибн Арабшах деген есімімен көбіріек мәлім. Тегінде бұл есім - тахаллус (әдеби бүркеншек ат) болса керек. Оның шыққан тегі араб, Дамаскіде хижраның 791 жылы (1388) туған, он екі жастағы бала кезінде Дамаскіде Темір тұтқынына түсіп, Самарқанға әкелінген [5, 31]. Мәуренахрда ол бірталай жыл тұрып, білім алды, парсы және монғол тілдерін үйренді, сөйтіп, XV ғасырдың 20-30 жылдары межесінде Хорезм, Дешті Қыпшақ, Қырым және Туркия арқылы отанына оралды; кейін Египетке көшіп барды, 1450 жылы Каирде дүние салды. Ибн Арабшах бірнеше шығарма жазды, бұлардың ішінде ең белгісі-Аджаиб әл-мақдұр фи наваиб әл Темір (Темәрдің тағдырындағы күн ілгері белгіленген ғажайыптар)-1436-1437 жылдары жазылған. Бұл шығарма бірнеше рет басылып шыққан, 1936 жылы аударылған ағылшынша тәржімасы бар. Ибн Арабшах Темірге өте-мөте дұшпандық пиғылда болған, оны қатал басқыншы, зорлықшы, безбүйрек қиратушы деп атайды, әйтсе де оның білімді, ақыл иесі, ұйымдастырушылық, дипломатиялық, әскери талант дарыған адам болғанын жоққа шығармайды[6, 33] . Темірдің жас кезіндегі өмірбаянының енді бір деректемесі-испан королі III Генрих Темірдің сарайына жіберген елшісі Рюи Гонсалес де Клавихо Темірдің өзін көрген, сөйлескен, басқалармен сұхбаттасқан, естіген-көргенінің бәрін өзінің жолжазбаларына айнытпай жазып отырған [7, 31]. Бұл өзінше бір үлгідегі маңызды ескерткіштің алғашқы орысша аудырмасын түпнұсқа мәтінімен қосып, И.И. Срезневский 1881 жылдың өзінде бастарып шығарған болатын. Клавихоның Саяхат күнделіктерінің И.С.Мирокова тәржімалаған жаңа аудармасы 1990 жылы Мәскеуде Наука баспасында Шығыс әдебиеті бас редакциясының дайындауымен басылып шықты. Клавихо мен Ибн Арабшахтың әңгімелеріне илансақ, бозбала жас жігіт кезінде Темір қарақшылар тобының басшысы болған, ол жылдардағы оқиғалар оның атына кір келтіретін еді. Орыс ғалымы түркістануының негізін салушы В.В. Бартольдтің (1869-1930) пікірінше, ресми жылнамалар - Шамидің Зафарнамесі мен Йездінің Зафарнамесінің Темірдің жас шағы туралы үндемеуі нақ осы себептен.

1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
Темірдің шыққан тегі-түркі болып кеткен монғолдың барлас тайпасы; кейбір ғалымдардың болжауынша, бұл тайпаның бір бөлігі Шағатай ұрпағы Мүбаракшах ханмен бірге XII ғасырдың екінші жартысында Жетісудан Мәуеренахрға көшіп келіп, Қашқадария жазығында басқаласы Шахрисабз болған өңірге қоныстанған. Темірдің қашан туғаны жөнінде деректемелерде бір біріне қайшы келетін деректер бар. Бір мұсылман авторлары: Ол хижраның 728 жылы (1327-1328) туған десе, енді біреулері: 736 жылы (1335-1336) туған дейді. Темірдің ресми тарихы-Йездінің Зафарнамесінің түпкілікті редаксиясында ғана, нақты туылған күні хижраның 736 жылының 25 шағбаны сейсенбі (1336 жыл - Тышқан жылының 9 сәуірі) деп хабарланады [8, 35]. Йезді оның әкесі Тарағай ноянның және шешесі Текине хатунның аттарын атайды, алайда Темір өмірінің 1360 жылға дейінгі оқиғалары туралы ештеңге айтпайды. Ибн Арабшахтың Темірдің туған жері деп Қожа-Ілгер ауылын атайды. Шахрисабздің оңтүстік-батысындағы бұл ауыл қазір де бар, қаладан он үш шақырым жерде. Оның тұрғындары: Бұл жерде Темір туылған деген аңызды естерінде ұстайды [9, 33 ]. Тарағай Кештің билеушісі де, барлас тайпасының басшысы да болмаған. Деректемелерде оның ауылдық жерде тұрғаны, тақуа мұсылман болғаны, ғалымдар мен дәруіштерге дос болып жүргені, сондай ақ Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де бірқатар бекзадалармен достық қарым-қатынас жасағаны туралы хабарланады. Тарағай 1360 жылы қайтыс болып, Кеште ата-баба зиратында жерленген. Өмір деген-тіршілік күнкөрістің бір нысаны ғана емес, әркімнің пешенесіне табиғат өлшеп берген тарихи Уақытпен қарым-қатынас деген де сөз ғой. Адам жарық дүниеге келуі мүмкін сан мың жыл ішінде сол өзінің тағдырына жазылған тарихи уақытта туып, тіршілік кешеді. Адамдардың өз заманымен қарым-қатынасы әрқалай қалыптасады. Біреулер онымен жағаласып арпалысып өтеді. Әдетте, ондайлардың өмірі опынумен тынады. Енді біреулері заманымен үйлесіп, онымен ғажап жарасымды тіршілік құрады. Темір осы аталғандардың соңғылары еді. Ол өз заманының қыр-сырын жете ұғынды, әрбір қалыптасқан жағдайды жіті аңғарып, қапы жіберген жоқ, жеңе де білді, жеңісінің игіліктерін түгел игере де білді. Өздеріңіз ойлап қарасаңыз, Темірдің дүниеге келіп, өмір кешкен уақыты-бастан-аяқ соғыс уақыты. Соғыстар күнбе-күнгі қатал шындық болды, сыртқы дүниемен кереғарлық атаулының бәрі келіссөз арқылы емес, қантөгіспен жойылып отырды. Осыған орай, XIV-XV ғасырлар межесінің авторы Ғийас ад-Дин Әлидің нақыл сөзін келтірсек жеткілікті, онда сол дәуірдің мәні айдан анық аңғарылады: Қылышы қынында жүргеннің ісінің қыйыуы қашады. Қанға құныққан қылышы жоқ адам биік билікті ұзақ ұстап тұра алмайды [ 10, 76] . Қиян-кескі қақтығыстардан, шапқыншылықтар, жорықтар тоқтамай, тұрмыстың өзі әскерилердің тіршілігіне ұқсауға айналды. Әскери өнер, соғысқа машықтанғандық, жекелей жаужүректік бәрінен жоғары бағаланды. Бұл орайда ол кездегі әскердің көбіне атты әскер болғанын айта кету керек. Деректемелер Темірдің ат десе жаны қалмайтынын, аттың құлағында ойнағанын, соғыс өнерін үйренумен, қамалап аң аулаумен көп шұғылданғанын, құралайды көзге атқан садақшы болғанын, сол уақыттағы жауынгердің ең қадірлі қаруын жетік меңгеріп, қылыштасуда да алдына жан салмайтынын айтады.Темірдің көсем, басшы ретіндегі қасиеттері жастайынан байқалды. Ибн Арабшахтың айтуында, Темір өжет, батыл, табанды және айлалы болып өсті, уәзірлердің балаларымен дос болды, әмірлердің ұлдарына жақын жүрді. Құрбы-құрдастары арасында өте беделді, олар мұны өте жақсы көретін. Барлас жастары, көрші рулар мен тайпалардың жалаңдаған өжет жігіттері Темірге үйір болып, оның төңірегіне топтасты. Бастапқыда оның қаруланған атты жасақтар секілді төрт-бес нөкері ғана болды. Оны төрт-бес адамның өзі өздерінің руластарының бірде қойын, бірде сиырын алып кететінді шығарды, бұлары сәтті болған күндері достарымен тойлап қалатын деседі,-деп жалғастырады Клавихо. Жолы болғыш, өжет те жомарт жас, жетекшілік, атамандық қабілеттері айқын көрінген Темір көп ұзамай Қашқадария жазығындағы барластардың арасында аты шығып, Мәуренахр шағатайлардың басқа рулары мен тайпаларының арасында да танымал бола бастады. Бұған таңдануға да болмайтын. 1360 жылға қарай Темір енді атқұмар, аңқұмар бозбала емес, соғысқа машықтанып алған қарымды батыр жігіт болған еді. Оны өз көзімен көріп білген Ибн Арабшахтың айтуында, Темір батыр тұлғалы адам болған; 1941 жылы Темірдің сүйегін зерттеген профессор М.М.Герасимов та бұл деректі растап берді. Ұзын бойлы, денелі, сымбатты оны ежелгі алып адамдар-Амиеликиттердің ұрпағы деуге болғандай болатын [11, 12-14]. Қақпақ жауырынды, кеуделі, бұлшық етті, кең маңдайлы, сопақ жүзді, қызыл шырайлы адам болған. Қол-аяғы әлеуетті адам екенін анық аңғартатындай ұзын, саусақтары жуан, көзі от шашқандай болып жарқырап тұратын. Дауысы зор, өте қарулы, ержүрек батыл, өлімнен қорықпайты, қандай шайқасқа болсын қаймықпай кіріп кететін.
Темірдің түзіктері
Менің мемлекетті жаулап алушы бақытты балаларыма, дүниені билеуші ұлыларым-ұрпақтарыма. Барлығына мәлім болсын, Алланың рақымына үміт артқандардың барлығының, менің ұлы тағыма көз тіккендеріне сенімдімін. Осының барлығы, өзім қолданып жүрген тәсілдерімді қолдануыма итермелейді. Осы ережелерді қатаң сақтай отырып, Мұхамед дінінің игілікті әсерінен, аспаннан маған берілген бақытқа, олар да қол жеткізе алады. Осы ережелердің барлығы, олардың тәртібінде, мемлекет басқаруында қызмет ететін болсын. Ережелердің барлығы он екі. Осы ережелердің барлығы маған үкіметті қолға алуыма, мемлекетті басып алуыма көмектесті. Мен, өзіме сенім білдірген адамдарды 12 топқа бөлдім, олардың кейбіреулері үкіметті басқаруда маған кеңес беріп отырды. Мен оларды өз бақытымның кілті ретінде пайдаландым, олар менің сарайымның сәні болатын.
1. Мен Алла діні мен Мұхаммед заңдарын кеңінен тарауына барымды салдым, ислам дінін әр кезде, барлық жерде қолдадым.
2. Дана, данышпандардың кеңестері маған дұшпандардың әскерлерін жойып, көптеген аймақтарды басып алуға көмектесті. Басқаруда мен адамгершілік қасиетпен және төзімділікті басшылыққа алдым, барлығын сырттан бақыладым және достарымның арсында беделді болдым.
3. Осы тәртіптер мен заңдарға бағыну, менің тағдырыма сүйеніш болды. Басқа нәрселер де, уәзірлер, әмірлер, солдаттар мен қарапайым халық жоғарылауға дәмеленді және өз орындарына риза болатын, осының бәрі менің билігімді одан ары нығайтты.
4. Офицерлер мен солдаттарды жігерлендіру үшін, олардан мен алтынды да, бағалы тастарды да аямадым; оларды өз дастарханыма емін-еркін отыруға мүмкіндік бердім, есесіне олар шайқастарда мен үшін жанын беруге дайын болды. Оларға, маған деген жақсы көрушілік сезімдері үшін, қиындық туған шақта көмегімді аямадым. Осылайша, айбынды көсемдердің және менің жауынгерлерімнің арқасында, 27 мемлекеттің әміршісі болдым. Мен Иран, Туран, Рум, Магреб, Сирия, Ирак-Араб, Ирак-Аджеми, Мазандеран, Гилян, Ширван, Азербайжан, Кабулистан, Фарс, Хорассан, Четте, Ұлы Татарстан, Хорезм, Хотан, Бактерземин мен Үндістанның патшасы болдым. Бұл мемлекеттердің барлығы менің билігімді қабылдады, ал мен олар үшін заң жазуды бұйырдым.Үстіме патша жамылғысын кидім, бос отырудан, тыныштықтан бас тарттым. 12 жасымнан бастап түрлі аймақтарға барып, бақытсыздықпен күрестім, дұшпан әскерлеріне қарсы түрлі жобалар жасадым, офицерлер мен солдаттардың ызаланған әңгімелерін сабыр сақтап тыңдауға әдеттендім. Ақырында, дұшпандарға қарсы шықтым. Осылайша, түрлі шет аймақтарды басып алып, ол жерлерде өз билігімді жүргізе алдым.
5. Алланың берген ықыласын әділетті түрде қабыл алдым. Дана саясат пен қатаң әділеттілікте, өз солдаттарымды ұстап тұра алдым. Менің жауынгерлерім түрлі сыйлықтармен көмкерілген болды. Төменгі халықтар мен мемлекеттің бақытсыз сыныбындағыларға рақымшылық білдірдім. Мен езілуші халықты қанаушылардың қолынан құтқардым, жазықсызды жазалау үшін ешқашан үкім шығарған емеспін. Менің ниетіме қарсы қару көтерген қайсыбір адам, өз кінәсін мойындап кешірім сұраса, одан рақымшылық көрсеттім.
6. Мен пайғамбардың ұрпақтарына, ғалымдарға, дін мамандарына, философтар мен тарихшыларға қошемет көрсеттім. Мен оларды құрметтедім және қадір тұттым. Батыл адамдар менің достарым болды, өйткені, Алла тағала батылдарды жақсы көрген. Мен жандары ізгі ғалымдармен сөзім жарасты. Мен олардың батасын алдым, сол баталар маған жеңіске жетуде көп көмек берді. Дәруіштер мен пақырларды қолдап жақтадым. Мен, оларға қандай да бір қайғы-қасірет беруден аулақ болдым, олардың өтініштерін ешқашан жерге тастаған емеспін. Қандай да бір адам, басқа адам туралы жаман сөйлесе, менің сарайымнан қуылатын. Олардың өсектерін ешқашан тыңдыған емеспін.
7. Мен өз кәсіпорындарыма өте табанды болдым. Әрбір қабылданған жоба, қандай болмасын, менің назарымнан тыс қалған емес және ол жетістікке жетпейінше оны тастаған емеспін. Мен ғалымдардан Адамнан Мұхамедке дейінгі ежелгі үкімдердің қандай болғанын сұрап қызықтым.
8. Мен халықтың жағдайын білдім. Мен атақтыларға өз бауырларыма қарағандай, ал қарапайым халыққа балаларыма қарағандай қарадым. Дұшпандардың мінездеріне сай бола алдым. Мен әрбір аймақтың жағдайын жеке-жеке білдім. Әрбір мемлекетке жалықтың, әскерлердің жағдайын ойлайтын адал адамды қойдым. Олардың дұрыс емес әрекеттерін білген болсам, оларды жазаладым.
9. Қандай-да бір тайпаның, қандай-да бір түрік, араб, парсы немесе басқа мемлекеттердің ордалары менімен кездескісі келсе, олармен міндетті түрде, адамгершілікпен қабылдап алдым. Кімде-кім менімен достық одақтаста болғысы келсе, ешқашан өкінбеген. Оған дәлел ретінде, менің мейірімділігім мен қайырымдылығым болды. Маған көрсетілген әрбір қызмет, марапатсыз қалған емес. Менің дұшпаным да, меннен қолдау сұрап келсе, менің тарапымнан кешіріліп, менімен дос бола алды. Мен, дәл осылай Шир- Бахраммен жасадым. Бұл, менің қасымда еріп жүруші, тайпа басшысы, шайқас кезінде тастап кетті. Ол мен үшін шйқасқа түскен жоқ. Ақырында, ол менің дәм-тұзымды жегені есіне түсіп, меннен рақым сұрап қайтып келді. Мен, оның барлық жасаған істеріне көзімді жұма қарадым, оның алдын жасаған жақсылықтарын ескеріп, оған рақымшылық еттім.
10. Менімен қандай-да бір, байланыста болған балаларым, немерелерім, достарым мен жақтаушыларым, менің қайыр-шапағатыма ие болды. Менің бақытымның жарқындығы, қандай-да бір адамды ұмытқан емес. Қайырымдылық қасиеті де менің жүрегімде бәр нәрсе. Мен балаларымның қандарында ортақтастық бар екенін білдім, оларды құрметтедім. Менің тағдырымда болған тәжірибелер, достарыммен және дұшпандарыммен өздерін қалай ұстау керек екендігін үйретті.
11. Мен, үшін өмірін қиып, шайқасқан әскерлеріме құрметпен қарадым. Олар алдарына келген түрлі қиындықтардан мойымай, алға шығып, күресе білді.
12.Мен үшін жанын қиған қандай да бір әскер, менің достығыма ие болды. Бірақ шайқас кезінде, менің көзімше өз қолбасшысын тастап, маған өткісі келген адам, мен үшін ең бишара адам болды. Тоқтамыс ханмен соғысу барысында, оның әмірлері, маған жазбаша түрде бірнеше хат жолдады. Мұндай әрекет, олардың өз княздеріне деген опасыздығын білдірді. Өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған осындай ұсыныстарды көрген мен өзімше: өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған болса, маған да опасыздық жасауы мүмкін, және мен оларға қарғыс айттым. Тәжірибелерден түсінгенім, дін мен заңдарға сүйенбейтін билік, өз күшін көпке сақтай алмайды. Оны, кез келген уақытта сұмпайы адам кіре алатын, шарбағы және шатыры жоқ үйге теңер едім. Менің жүрегіме ұялаған ең бірінші ереже, дін мен Мұхамедзаңдарын кеңінен тарату болды. Мен дүниеге исламды кеңінен тараттым, ол менің империямның ең әдемі сәні болды. Мұхамед дінін қабылдағандардың санын көбейтуде жетістікке жету үшін, мұсылмандардың үстінен толықтай билік жүргізе алатын, ұлы данышпан адамды таңдадым. Ол өзінің қол астында, қасиетті мүліктер мен мешіттерді басқару мүмкіндігіне ие болды. Ол сонымен қатар, қалаларда жоғары сотта үкім жүргізді, базарларда инспекторларды сайлады. Мен армия мен қазынаға соттарды, ал халық үшін басқаларын сайладым. Әрбір аймақтарға исламды дәріптейтін қария, данышпандарды жібердім. Мен қалаларда мешіттер мен шіркеулер, жолдарда керуен - сарай, ал өзендерде көпірлер салуға бұйрық бердім. Мен, барлық қалаларға мұсылмандарды Құран оқыту үшін діни өкілдерді жібердім. Дінге сенуші және жай адамдар, менің дінге қатысты заңдарымның адал, рас екеніндігіне көз жеткізген соң, мұсылман ғалымдары менің құрметуіме келесі хабарландыруларды ойлап жазды: Әр ғасырда Алла тағала дінді тарату үшін Мұхамед елшісін жіберіп отырды. Осы VIII ғасырда, дүние жүзінің батыры, бақытты жұлдыз астында туылған Темір, сенімді қайта жаңғырту барысын баршамен бірге есептессін. Ғалымдардың басшысы Мир - Саид - Шериф маған былай деп жазды: дүние жүзінің аймақтарында ислам дінін тарқатуда еткен еңбектенгеніңіз үшін, дінді таратушы лауазымына ие бола аласыз,-деді. Оның жазған хатында Алла! Мұхамед дінін қолдаушыларға көмекші бол, ал оны қолдамағандарды тастап кет,-делінген. Ұлы елшінің жоқ болып кеткеніне сегіз ғасыр өтсе де, қазіргі кезде де оны таратушы жан бар. Оны, дүние жүзінің батыры, мемлекет пен қаланы шынайы сенімді қабылдауына ықпал еткен әмір Темірге міндеттелді. Бірінші Хиджра ғасырында сенімнің жақтаушысы Омар Абдул- Азиз болғаны белгілі. Омар сол кездегі жаман әдеттердің барлығын жойған болатын. Ислам халқы зәбір көру, алауыздықтың табысы болды. бірінші ғасырда, дін қорғаушысы әділетті Момын болды. Бұл халиф, жетпіс екі жалған дінді таратушы қалыптарды кінәраттады. Ол Хорасан-Алиядан Мұса-Джафардың ұлын алдырып, оны өзіне мұрагер етті. Үшінші ғасырда, дінді өз қамқорлығына Аббассид Моктадир-Биллях алды. Абутаирдың кереметтері қасиетті Мекке мен отыз мың қажыларды өз қарамағында ұстады. Қағба қабырғасынан қара тас жұлынып алып тасталып, мұсылман жерлерінде зорлық-зомбылық, қарақшылық көбейіп кеткен шақта, дін жоғалудың алдында тұрды. Сол кезде Моктадир-Биллях қарақшыларға қарсы шығып, дінді қайта жаңғыртты. Азадәулет-Диле ми, төртінші ғасырда дін сенушілердің қорғаушысы болды. Аббас ұрпағынан қаһарлы Мотилла Ахтиллах, сарайдағыларға шынайы дінді теріс уағыздады. Азадәулет оны жолдан алып, оның орнына өз ұлы Тал Билляхты қойды. Бесінші ғасырда Малик-Шахтың ұлы Санжардың туылуымен мақтанды. Ол Ахмед Джами мен Хакім-Сенанның замандасы болған. Ол солардың шәкірті атанған. Ол солардың шәкірті болды. Дінбұзарлар мен надандар, исламға соққы жасаған кезде, Санжар сұлтан оларды жоюдың жанды зейінін тапты. Пайғамбардың дінге берілгендігі соншалықты, ол Мұхамед заңдарына қайшы ешқандай әрекет жасаған емес. Алтыншы ғасырда, Түркістандағы опасыздардың басып алуы, исламды есеңгіретті, бірақ Алла, жүз мың түрікке басшы Лар алқабында аса қадірлі Ибрагим Хаммавидің алдында дінді насихаттаған және Құдайдан басқа-құдай жоқ, ал Мұхамед-оның елшісі деген сөздерді айтқаннан кейін, құдайға сенушілердің қатарына енген, Хасан-ханды көтерді. Олардың келісімін алғаннан кейін, дінбұзарларды жер бетінен жойдырды, сол арада сенім қалалар мен аймақтарға тарады. Жетінші ғасыр, Мухаммед Худабанд аталып кеткен, Аргун-ханның ұлы, Альджайт сұлтанның сенімімен аталған. Бұл султан ағасының тағына мұрагер болғаннан кейін, қоғамдық жерлерде Аллаға ғибадат еткеннен кейін, пайғамбарға және оның ұрпақтарына сиынуды ұмытқан екен. Сонда, өзі ғибадат болып жатқан жерге барып, Мұхамед пен оның ұрпақтарына сиынудың қажеттілігін сұрады. Олар, Алланың өзі орнатқан сиыну, - деп бірауыздан жауап берді. Альджайт олардан, Мұхаммет басқалардың атына сиынғанда, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Отырар қаласының пайда болуы
Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы
Мойнақ су электр станциясы салынуына байланысты Шарын өзені аңғарының табиғаты мен жануарлары әлемінде болуы ықтимал өзгерістер
Шибан ұлысы
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Пәндер