Отанымыздағы инвестициялық жобаларды басқарудағы көрсеткіштердің деңгейін анықтау
КІРІСПЕ
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2. Зерттеу әдіснамасы: Инвестициялық жобаларды әзірлеумен іске асырудағы қазіргі заманғы түсініктер концепциясы.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҮШІН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ (МЫСАЛЫ ДАМУ АҚ)
3.1 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ПОРТФЕЛІН ТАЛДАУ
3.2 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ЖӘНЕ ТАҢДАУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ
1.3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Дипломдық жұмысымның өзектілігі. Қазіргі таңдағы еліміздегі инвестициялық жобаларды бағалауда, тиімділігін арттыруда қолданылатын шаралар мен әдіс-тәсілдердің қолайлылығын растау. Инвестициялық жобаларды бағалауда оларды қолдану қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізу және оны тәжирибеге енгізу.
Әрбір әлеуетті жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан да бағалануға тиіс. Күрделі жұмсалымды бағалаудың ең кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚ ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның өнеркәсіптік техника-экономика зерттеулерді дайындау жөніндегі оқу құралында көрініс тапқан. Соның негізінде әзірленген бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR – Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng) немесе инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Отанымыздағы инвестициялық жобаларды басқарудағы көрсеткіштердің деңгейін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
1. Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
2. Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.

1. А. Дамодаран, «Инвестиционная оценка» - Москва 2008 г.
2. В.А. Слепов, Е. В. Лисицына «Финансовый менеджмент» - Москва 2005г.
3. Б. Сапарова «Финансовый менеджмент» - Алматы 2010 г.
4. Э.С. Мадиярова, С.Н. Сүйеубаева «Қаржылық менеджмент» - Алматы 2009 ж.
5. Ю. Бригхем, Л. Гапенский «Финансовый менеджмент» - Санкт-Петербург 1997 г.
6. Джеймс К.Ван Хорн, Джон М. Вахович, мл. «Основы финансового менеджмента» - Москва, Санкт-Петербург, Киев 2008 г.
7. Григорьева Т.И. «Финансовый анализ для менеджеров: оценка, прогноз» – М. Юрайт, 2012 г.
8. Маленков Ю.А. «Стратегический менеджмент» – М. Проспект, 2011 г.
9. Акулов В.Б. «Финансовый менеджмент» – М. Флинта, 2010 г.
10. Бараненко С.П. «Инновационный менеджмент» – М. Центрполиграф, 2010 г.
11. Фомичев А.Н. «Риск-менеджмен». - М. Дашков и К, 2011 г.
12. Агабекян И.П. «English for Managers» - М. Проспект, 2010 г.
13. http://www.damu.kz/
14. http://group-global.org/
2. В.А. Слепов, Е. В. Лисицына «Финансовый менеджмент» - Москва 2005г.
3. Б. Сапарова «Финансовый менеджмент» - Алматы 2010 г.
4. Э.С. Мадиярова, С.Н. Сүйеубаева «Қаржылық менеджмент» - Алматы 2009 ж.
5. Ю. Бригхем, Л. Гапенский «Финансовый менеджмент» - Санкт-Петербург 1997 г.
6. Джеймс К.Ван Хорн, Джон М. Вахович, мл. «Основы финансового менеджмента» - Москва, Санкт-Петербург, Киев 2008 г.
7. Григорьева Т.И. «Финансовый анализ для менеджеров: оценка, прогноз» – М. Юрайт, 2012 г.
8. Маленков Ю.А. «Стратегический менеджмент» – М. Проспект, 2011 г.
9. Акулов В.Б. «Финансовый менеджмент» – М. Флинта, 2010 г.
10. Бараненко С.П. «Инновационный менеджмент» – М. Центрполиграф, 2010 г.
11. Фомичев А.Н. «Риск-менеджмен». - М. Дашков и К, 2011 г.
12. Агабекян И.П. «English for Managers» - М. Проспект, 2010 г.
13. http://www.damu.kz/
14. http://group-global.org/
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Дипломдық жұмысымның өзектілігі. Қазіргі таңдағы еліміздегі инвестициялық жобаларды бағалауда, тиімділігін арттыруда қолданылатын шаралар мен әдіс-тәсілдердің қолайлылығын растау. Инвестициялық жобаларды бағалауда оларды қолдану қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізу және оны тәжирибеге енгізу.
Әрбір әлеуетті жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан да бағалануға тиіс. Күрделі жұмсалымды бағалаудың ең кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚ ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның өнеркәсіптік техника-экономика зерттеулерді дайындау жөніндегі оқу құралында көрініс тапқан. Соның негізінде әзірленген бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR - Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng) немесе инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Отанымыздағы инвестициялық жобаларды басқарудағы көрсеткіштердің деңгейін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
1. Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
2. Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
3. Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
4. Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.
Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:
* жобаны экономикалық талдау,
* жобаны техникалық талдау;
* жобаны коммерциялық талдау;
* жобаны ұйымдастырушылық талдау;
* жобаны әлеуметтік талдау;
* жобаны экологиялық талдау;
* жобаны қаржылық талдау.
Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.
Зерттеу әдістемесі. Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылығы мен зерттеу объектісі. Республикамызда жыл сайын көптеген жобалар қаржыландырылып келеді. Оларды қаржыландыру шет ел және отандық инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылады. Оларды іске асыру үшін, жасалып жатқан жобаға бағалау жұмыстары жүргізіледі. Осы бағалау жұмысының қазіргі кездегі елімізде қолданып жүрген критерийлерді өз дипломдық жұмысымда көрсетпешімін. Ондағы көрсеткіштердің қаншалықты дұрыс-бұрыстығын анықтап, олардың тиімді жақтарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, төрт бөлім және қорытындыдан тұрады:
oo бірінші бөлімде, дипломдық жұмысымды жасаудағы әдебиеттерге шолу;
oo екінші бөлімде, тақырып бойынша зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер;
oo үшінші бөлімде, қазіргі таңдағы инвестициялық жобалардың тиімдісін таңдау, оларды бағалаудағы критерийлер көретілген;
oo төртінші бөлімде, инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру перспективалары жайлы айқындайды;
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Инвестиция - жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй , мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
Инвестиция немістің invesition деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады. [9, 198 б.].
Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.
Инвестициялық жобаларды бағалау бірнеше әдебиеттер төңірегінде көрсетілген. Мысалы, Э. С. Мадиярова еңбегінде Өз еліміздің және шетел тәжірибесінде білқатар ресми әдістер бар, солардың көмегімен инвестиция саясаты саласында шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Барлық жағдайларда қолданылатын әмбебап әдіс жоқ. Алайда, кейбір жағдайда салыстырмалы түрде болса да ресми әдістермен есептелеген бағалау негізінде соңғы шешім қабылдау жеңілірек. деп топшылаған. [4, 178-179 б.].
Ал, Дамодоран әдебиетінде қандайда жақтаушылары болмасын, бағалау ғылым болып табылмайды деген тұжырымдама берген. Соған қарамастан, бұл автор өз еңбегінде инвестициялық жобаларды бағалау төңірегінде өте көп мәліметтер қорын жинақтаған.[1, 19 б.].
Ю. Бригхем және Л. Гапенскийдің қаржылық менеджмент еңбегінде инвестициялар жайында: Жабдықты сатып алу қажеттігі туралы қате болжам, жағымсыз нәтиже беруі мүмкін. Ірі инвестициялар ақталатын үлкен шығындар талап етеді, ал жеткіліксіз көлемде екі мәселе туындайды:
1) Компания жабдықтарының қазіргі заманға сай болмауы, оның бәсеке қабілеттігін төмендетеді.
2) Егер ол үйлесімсіз күшке ие болса, компания өзінің нарықтағы бөлігін жоғалтып бәсекелестерге жол беруі мүмкін. Оны қалпына келтіру үшін, көп көлемде жарнама шығындарына, бағаның түсуіне, тұтынушылар сапасының жоғарылауына және де т.б. қосымша шығындарға алып келеді.
Инвестициялаудың тағы бір аспектісі - оның уақыттылығы, яғни негізгі құралдар керек уақытында толықтай дайын болуы шарт. Сондықтан тиімді инвестицияларды уақтылы және сапалы кіріс жабдықтар көздейді. [5, 169 б.].
Джеймс С. Ван Хоум және де Джон М. Вачовикз кітабында Инвестициялық жобаларды талдау мақсатында қаржыландыруды көптеген көздерден пайда болуы мүмкін, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұсыныстар бес санатқа бөлуге болады:
1. Жаңа өнімдер шығару немесе қолдыстағы өнім көлемін арттыру;
2. Жабдықтарды жаңғырту және ғимаратты кайта жаңғырту;
3. Ғылыми-зерттеу жұмыстары және оны дамыту;
4. Іздестіру;
5. Басқалар (қауіпсіздікті арттыру, қоршаған ортаны ластанудан қорғау. [6, 223 б.].
Қорыта айтсақ, жоғарыдағы авторлар инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру мен оларды бағалаудағы қолайлы жолын көрсеткен. Көрсетілеген авторлар еңбегі негізінде, мен дипломдық жұмысымды жазып шықтым.
2. Зерттеу әдіснамасы: Инвестициялық жобаларды әзірлеумен іске асырудағы қазіргі заманғы түсініктер концепциясы.
Іс-әрекеттің тиімділігін бағалау инвестициялық жобаны талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Қазірде инвестициялық жобаның тиімді екенін бағалайтын әдістерді 2-ге бөлеміз:
1)Дисконттық емес әдіспен инвестицияны бағалаудың мынандай екі әдісі бар: ақтау мерзімін анықтау және табыстылықтың есептік коэффициенті
1.1 Ақтау мерзімін анықтау. Ақтау мерзімі - капитал салымына жіберілген ақша қаражатын қайтарып алу мерзімін айтамыз. Егер капитал салымынан келіп түсетін ақша ағымы әрбір жылы бірдей соманы құраса, онда ақтау мерзімі бастапқы инвестиция сомасын жыл сайынғы күтілген түсім сомасына бөлу арқылы табуға болады.
Егер капитал салымынан келіп түсетін ақша ағымы әрбір жылы әр түрлі соманы құраса, онда ақтау мерзімі бастапқы инвестицияны өтегенге дейін жинақталады. Ол келесі формуламен анықталады[4, 183 б.]:
Ақтау мерзімі=толық ақталу мерзімі+жыл басындағы өтелмеген инвестиция бөлігіосы жылғы таза ақша түсімі (1)
Бұл әдістің басымдылығы - есептеу карапайым, сондақтан ол инвестицияның тәуекелін бағалаудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады. Кемшіліктері:
oo Өтемділіктің нормативті мерзімі субъективті болуы мүмкін;
oo Әдіс жобаның өтемділік мерзімінен тыс уақыттағы табыстылығын есепке алмайды, сондықтан өтелімділік мерзімі бірдей, бірақ өмір сүру мерзімі әр түрлі жобалардың нұсқаларын салыстыру үшін қолданыла алмайды;
oo Әдіс кумулятивті табысбар сомасы бірдей, бірақ жылдар бойынша бөлінуі әр түрлі жобалар арасында айырмашылық жасамайды.
1.2 Табыстылықтың есептік коэффициенті. Бұл әдіс есептік табысқа негізделген. Есептік немесе бухгалтерлік табыс жоба бойынша жылдық орташа табыстың бастапқы инвестициялық салымның орташа жылдық сомасына қатынасы арқылы анықталады[4, 184 б.].
ARR=жылдық орташа пайда[.б. инвестиция+ж.с. инв]2 (2)
Бұл коэффициенттің мазмұны активтердің рентабельділігіне ұқсас.
Табыстылықтың есептік коэффициенті әдісінің артықшылықтары:
- есептеудің қарапайымдылығы;
- жобаның табыстылығын бағалау;
Әдістің кемшіліктері:
- келешекте түсетін түсімдердің құндылығы есепке алынбайды;
- салыстыру ставкасы ретінде алынған таза табыстың көлеміне барынша тәуелді;
- табыстың есептік коэффиценті кезең бойына орташа болады.
2) Инвестицияны бағалаудың дисконттық әдісінің үш түрі бар: Ақша ағымын дисконттеу, таза келтірілген құн әдісі, ішкі табыстылық мөлшерлемесі.
2.1 Ақша ағымын дисконттеу әдісі бойынша белгілі бір кезеңде жобадан түсетін болашақ ақша түсімі өлшенеді. Бұл әдіс ақшаның уақытша құнын пайдаланады. Болашақ құнды келесі формуламен анықтаймыз:
FV=V0(1+k)n (3)
Мұндағы,
V0 - бастапқы инвестиция;
k - капитал салымынан түсетін табыстың нормасы;
n - капитал салымының мерзімі[4,185 б.].
Болашақ ақша бірлігігінің бүгінгі құнын дисконттық құн немесе ағымдық құн д.а. Ағымдық құн келесі формуламен анықталады[4, 186 б.]:
PV=FVn(1+k)n (4)
2.2 Таза келтірілген құн әдісі. Бұл әдіс бойынша жобадан түсетін күтілген ақша түсімі табыстылық мөлшерлемесіне сәйкес барлық күтілген ақша ағымын дисконттеу арқылы анықталады. Таза келтірілген құн әдісі келесі реттен тұрады:
oo жобаға байланысты барлық релеванттық ақша ағымының ағымдық құнын есептеу;
oo жекелеген ақша ағымының қосындысын анықтау;
oo әрбір қосындыны бастапқы инвестициямен салыстыру.
NPV=PV1+PV2+PV3+ ... ... ... +PVn-I0 (5)
Мұндағы,
PV1, PV2, PV3 - әрбір кезеңдегі келтірілген ақша ағымы;
I0 - бастапқы инвестиция[4, 63 б.].
Егер таза келтірілген ағымдық құн оң болса, онда жлбаны қабылдау керек.
Егер екі альтернативтік жоба болса, онда қайсысының таза келтірілген ағымдық құны жоғары болса, соны қабылдау қажет.
2.3 Ішкі табыстылық мөлшерлемесі әдісі бойынша таза келтірілген ақша ағымы бастапқы инвестицияға тең, яғни жобаның таза келтірілген құны нөлге тең болады.
I0=CF1(1+IRR)1+ CF1(1+IRR)2+ CF1(1+IRR)3+ ... .+ CFn(1+IRR)n (6)
Мұндағы,
CF - бір жылдағы таза ақша ағымы[4, 188 б.].
Егер таза ақша ағымы тепе-тең жағдайда IRR есептеу үшін мыналар қажет:
oo аннуитеттің дисконттеу факторын бастапқы инвестиция сомасын әрбір жылғы таза ақша ағымына бөлу арқылы анықтаймыз.
oo кесте бойынша аннуитеттің дисконттеу факторының пайыздық мөлшерлемесін анықтаймыз.
oo Егер ішкі табыстылық мөлшері қажетті табыстылық мөлшерінен артық болса, онда жоба қабылданады.
2) Меншікті капитал рентабельділік коэффиценті - активтер тиімділігін басқарудағы алғашқы және кең таралған көрсеткіш.
ROE=PnE (7)
Мұндағы,
Pn - таза табыс;
Е - меншікті капитал[4, 190 б.].
3) Активтердің рентабельділігі көрсеткіші - ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз ала отырып, кәсіпорынның меншікті капиталынан пайда табу қабілеттілігін білдіреді.
ROA=PnA (8)
Мұндағы,
Pn - таза табыс;
А - активтер[2, 98 б.].
4) Кәсіпорын үшін жалпы құнынның бағасындағы соңғы қадам болып, әртүрлі көздерден алынған капитал құнын үйлестіру болып табылады. Бұл жалпы құнды көбіне капиталдың орташа өлшенген құны деп атайды, өйткені ол әртүрлі деңгейдегі компоненттердің орташа құнын білдіреді.
Орташа өлшенген капитал құнынын есептеу мына формула арқылы жүргізіледі:
WACC = WdХСdХ(1-T)+WpХCp+WeХCe (9)
Мұндағы,
Wd, Wp, We - қарыздық капитал үлесі, артықшылықты акциялар, меншікті капитал;
Сd, Cp, Ce - капитал құнына жататын бөлігі;
Т - табыс салығының ставкасы[4, 185б.].
Осы жоғарыда көрсетілген формулаларға сәйкес, инвестициялық жобалардың табыстылығын, тиімділігін айқындауға болады. Бұл формулалар қазіргі кезде елімізде инвестициялық жобаларды бағалауда қолданылады.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҮШІН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ (МЫСАЛЫ ДАМУ АҚ)
3.1 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ПОРТФЕЛІН ТАЛДАУ
Еліміз нарықтық экономикаға көшкеннен кейін, бізге шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керек болатын. Сол мақсатта, 1997 жылы Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құру туралы жарлығын шығарды. Қор жұмысын осы жылдың тамыз айының 18 күні бастады.
Қор жұмысының негізгі мақсаты: Отанымыздағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикамызда өсуін, мемлекеттен бөлінген ақша қаражаттарын осы жолда жұмсауда тиімділігін арттыру.
Өзiнiң келешектегi жоспарына қол жеткiзiп, миссиясын iске асыру үшiн, Даму Қоры төрт стратегиялық бағыт бойынша әрекет етедi:
1. Даму әлеуетiне ие шағын және орта кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерiн қаржыландыру қолжетiмдiлiгiмен қамтамасыз ету арқылы белсендi әрекет етушi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны мен жұмыс орындарының санын арттыруға септiгiн тигiзу.
Осы бағыт шеңберiнде Даму Қорының негiзгi мақсаты республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, шетелдiк және отандық несиегерлерден, сондай-ақ Даму Қорының жеке қаражаттарынан қаражат тарту есебiнен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру көлемдерiн арт-тыру және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшiн қойылатын негiзгi мiндеттер:
:: әрекет етушi ШОК субъектiлерi мен бастаушы
кәсiпкерлерге арналған қаржы қорларының қол-жетiмдiгiн арттыруға септiгiн тигiзу;
:: ШОБ субъектiлерiн өңiрлiк және салалық үлес
бойынша барынша қамту арқылы несиелiк қор-лардың тиiмдi бөлiнуiн қамтамасыз ету.
2. Экономиканың шикiзатсыз секторларында кәсiпкер-лiктiң дамуына көмектесу.
Осы бағыт шеңберiнде Даму Қорының негiзгi мақ-саты экономиканың шикiзатсыз секторларында ШОК қаржыландырылуын арттыруға ынталандыру болып табылады, олардың дамуы әртараптандыру деңгейiне әсер етедi, бұл өндiрiс көлемдерiн арттырып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, бюджетке төленетiн са-лық түсiмдерiнiң артуына, ШОК саласындағы қызмет-керлер табысының өсуiне, елдiң энергия қорларының бағасы мен өндiрiлетiн шикiзат көлемдерi өзгеруiнен тәуелдiлiгiнiң төмендеуiне септiгiн тигiзедi. Бұл мақсатқа жету үшiн, келесi мiндеттер орындалады:
:: БЖК 2020 бағдарламасының 1 - 3 бағыттары шеңберiнде қаржы агентiнiң қызметiн сапалы атқару;
:: ШОБ инновациялығының артуына, техникалық қайта құралдануына септiгiн тигiзу.
3. ШОК субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту.
ШОК субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту бағдарламаларының мақсаты әлеуеттi және әрекет етушi кәсiпкерлердi халықтың кәсiпкерлiк әлеуетiн нығайтуға бағытталған қаржылық емес қолдаумен қамтылуын арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн қойылатын негiзгi мiндеттер:
:: БЖК 2020 бағдарламасы шеңберiнде оқыту және кеңес беру бойынша оператор қызметiн сапалы атқару;
:: ШОБ субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа ақпараттық-талдамалық және кеңес беру қызметтерiн қашықтан көрсету құралдарын
ендiру;
:: Қазақстанның барлық өңiрлерiнде кәсiпкерлерге қаржылық емес қолдау инфрақұрылымын дамыту;
:: ШОК секторының дамуына тұрақты талдамалық зерттеулер өткiзу және мониторингiлеу.
4. Даму Қоры қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Даму Қоры қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында келесi мiндеттер орындалуы тиiс:
:: корпоративтiк басқаруды жетiлдiру;
:: тиiмдi кадрлық саясат жүргiзу;
:: кәсiпкерлер, мемлекеттiк органдар, ұлттық даму институттары мен басқа ұйымдар арасында бiрыңғай терезе және байланыстырушы буын қызметiн орындап, өңiрлiк дамыту;
:: активтердi тиiмдi басқару
2012 - 2013 жж. 17 Кәсiпкерлерге қызмет көрсету ор-талықтары, 27 моноқалаларда кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары, 14 шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары құрылған.
Өз миссиясын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы 24-і желтоқсанда Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның директорлар кеңесінде 2012-2022 жылдарға арналған өз миссиясын бекітті.
Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы мемлекет саясатының Даму Қоры қызметінің бағыттары бойынша индустриалдық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге салалардағы басты бағыттарын ескере отырып әзірленді және Қордың 10-жылғы кезеңге арналған миссиясын, болашақтағы көрінісін, стратегиялық бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Даму Қоры өз миссиясын негізгі төрт стратегиялық бағыт бойынша іске асырады:
1. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны мен жұмыс орындары санының артуына даму әлеуеті бар барлық ШОК субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы жәрдемдесу;
2. Экономиканың шикізат емес секторларындағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
3. ШОБ субъектілерінің кәсібилігін арттыру және тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту;
4. Даму Қоры қызметінің тиімділігін арттыру.
Даму Қоры стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша алға қойған мақсаттарына қолжеткізу барысында, ҚНК қолдана отырып, үнемі мониторинг жүргізіп отырады.
Осы бағыт аясында Даму Қорының басты мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттен, шетелдік және отандық кредиторлардан қаражат, сонымен қатар Даму Қорының меншікті қаражатын тарту есебінен ШОБ субъектілерінің қаржыландыруға қолжеткізушілік көлемін ұлғайту және қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа қолжеткізу үшін төмендегілер негізгі міндет болып табылады:
1. Жұмыс істеп жүрген ШОК субъектілері мен кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қаржы ресурстарына қолжеткізушілікті арттыруға жәрдемдесу Даму Қоры бағдарламаларды іске асыру арқылы ықпал етуді жалғастыратын Қаржы ресурстарына қолжеткізушілікті анықтайтын негізгі факторлар мыналар:
Қаржы институттары нарықта ШОК субъектілеріне ұсынуға дайын қаражаттың жиынтық көлемі;
ШОК субъектілері үшін қаржыландыру құны;
ШОК субъектілерін қаржылай қолдау әдістері;
ШОК субъектілерінің қарыз алушылар ретінде тартымдылығы;
Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламаларды енгізу;
ШОК субъектілерін Даму Қорының бағдарламаларына, оның ішінде БЖК 2020 бағдарламасына қатысуына тарту мақсатында е-үкімет порталында (www.egov.kz) ШОК субъектілерінің бірыңғай электронды базасын құру.
1. Кредит ресурстарының ШОБ субъектілерін барынша қамту жолымен аймақтық және салалық тұрғыда тиімді үлестірілуін қамтамасыз ету. Даму Қоры қаражаттың кәсіпкерлерге жеткізілуін ШОК географиялық және салалық жағынан шектеуді қарастырмайтын жаппай қамту бағдарламаларын, сонымен қатар аймақтық және секторлық тұрғыда ШОК қаржыландыру сәйкессіздін төмендетуге жәрдемдесетін бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асыратын болады:
ШОК жаппай қамту бағдарламалары;
Аймақтық (оның ішінде нүктелік) бағдарламалар;
Секторлық бағдарламалар;
Микроқаржыландыру.
Бұл стратегия елдегі ШОК деңгейін жоғарылатып, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын өсіруге бағытталған.
Қорытындылай келе, Даму Кәсіпкерлікті дамыту АҚ елдің ШОК-ты дамытудың бірден-бір жолы. Сондықтан барша Қазақстан халқына өз кәсібін ашуына мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті әр ел азаматтары жібермеуі тиіс.
3.2 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ЖӘНЕ ТАҢДАУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ
Инвестициялық сипаттағы шешім қабылдау, басқару қызметінің басқа да түрлері сияқты, ресми және ресми емес әдістер мен критерийлерді қолдануға негізделген. Олардың үйлесімділік деңгейі әртүрлі жағдайлармен анықталады, соның ішінде менеджердің қандайда бір нақты жағдайда қолда бар ақпаратпен қаншалықты таныс екендігі де енеді. Өз еліміздің және шетел тәжірибесінде білқатар ресми әдістер бар, солардың көмегімен инвестиция саясаты саласында шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Барлық жағдайларда қолданылатын әмбебап әдіс жоқ. Алайда, кейбір жағдайда салыстырмалы түрде болса да ресми әдістермен есептелеген бағалау негізінде соңғы шешім қабылдау жеңілірек.
Инвестициялық шешім қабылдау критерийлері:
1. Жобаның нақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер:
oo Нормативтік-құқықтық критерийлер, яғни ұлттық, халықаралық құқық нормалары, стандарт талаптары, конвенциялар және т.б.
oo Ресурстық критерий түрлері;
oo Ғылыми-техникалық критерийлер;
oo Технологиялық критерийлер;
oo Өндірістік критерий;
oo Қаржы ресурстары көздері мен көлемі;
2. Жобаны жүзеге асырудың мақсатқа лайықтылығын бағалауға мүмкіндік беретін сандық критерийлер:
oo Жоба мақсатының іскерлік ортаның болашақтағы даму мақсатына сәйкестігі;
oo Тәуекелдер мен қаржылық нәтижелер (инвестициялық тәуекелге қосымша әкеле ме, күтіп отырған өндіріс, баға және сату көлемінің төмендеуіне әкеле ме);
oo Жобаның тұрақтылық деңгейі;
oo Іскерлік орта жағдайын және сценарийді жобалау мүмкіндігі;
3. Жобалар арасының мақсатқа лайықтығын таңдап алуға мүмкіндік беретін сандық критерийлер:
oo Жобаның құны;
oo Ағымдағы таза құны,
oo Пайда;
oo Пайдалылық;
oo Пайданың ішкінормасы;
oo Өтелімділік мерзімі;
oo Пайданың жоспарлау мерзіміне, іскерлік ортадағы өзгерістерге, мәліметтерді бағалаудағы қәтеліктерге сезімталдығы.
Осы критерийлерді пайдалана отырып, Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның көрсеткіштерін есептейік:
Кесте 1
Қор дамуының негізгі көрсеткіштері:
Көрсеткіш
Пайда
Қызметінің табыстылығы
Болжам
2 541 599
22,1%
Орындалу
3 488 007
39,3%
Ескерту - Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ жылдық есептілігінен алынды
Қор дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша күтілген пайда 2 541 599 теңгені, қызмет табыстылығы 22,1 пайызға жету керек еді. Бірақ қарқынды жұмыс нәтижесінде пайда 3 488 007 теңгеге, ал қызмет табыстылығы 39,3 пайызға жетті.
Кесте 2
Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы орналастыру бағдарламалары:
Көрсеткіш
Мақұлданған
Несиелер сомасы
Орналастыру сомасы
Болжам
1 480 қарызгер
91 470млн. теңге
21 310млн. теңге
Орындалу
2 159 қарызгер
104 766млн. теңге
31 423млн. теңге

Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы орналастыру бағдарламалары бойынша 1 480 қарызгерге 91 470млн. теңге несие бөліп, 21 310млн. теңге орналастыру керек болатын, жұмыс орындалуы нәтижесі 2 159 қарызгерге 104 766млн. теңге несие бөлініп, 31 423млн. теңге орналастырылғанын көрсетті.
Кесте 3
Қаржыландыру:
Көрсеткіш
Мақұлданған
Несиелер сомасы
Орналастыру сомасы
Болжам
1 500 жоба
144 000 млн.теңге
20 700 млн. теңге
Орындалу
1 455 жоба
183 563 млн. теңге
27 463 млн. теңге

Жоспар бойынша 1 500 жобаға 144 000 млн. теңге несиеленіп, 20 700 млн. теңге орналастыру болжанған, бүгінде 1 455 жобаға 183 563 млн. теңге несие бөлініп, 27 463 млн. теңге орналатырды.
Кесте 4
Кепілдендіру:
Көрсеткіш
Мақұлданған
Несиелер сомасы
Орналастыру сомасы
Болжам
80 жоба
6 000 млн. теңге
3 000 млн. теңге
Орындалу
148 жоба
7 089 млн. теңге
3 336 млн. теңге

Кепілдендіру қызметі бойынша 80 жоба жоспарда қарастырылған. Жұмыстардың аса жақсы атқарылуы арқасында 148 жоба кепілдендірілді. Несиелеу сомасы 1 098 млн. теңгеге артты.
Кесте 5
Кеңес беру:
Кәсiпкерлер құзыретiнiң орталықтары
Тұтынушылар саны
Берiлген кеңес саны
Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары
(17 орталық)
8 874
30 384
Моноқалаларда кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары
(27 орталық)
13 153
22 244
Кәсiпкерлiктi қолдаудың мобильдi орталықтары
(14 облыста)
6 714
9 702

Кеңес беру барша аймақтарды қамтыды. Кеңес беру барысында қолдау орталықтары елеулі жұмыстар атқарып, кеңес саны 3 есеге өсті.
Кесте 6
Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру арқылы кәсiпкерлердi қаржыландыру:
Көрсеткіш
Жоспар 2013ж.
Дерек 2013ж.
% жосп. орынд.
Қатысушылар саны, бiрл.
1 480
2 159
145%
Қаржыландыру сомасы, млн. теңге
91 470
104 766
115%
Орналастыру
21 310
31 423
147%
Кесте 6-жалғасы
Сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру (Бизнестiң жол картасы 2020: 1-3 бағыт)
Қатысушылар саны, бiрлік
1 500
1 455
97%
Несиелер сомасы, млн. теңге
144 000
183 563
127%
Субсидиялар сомасы, млн. теңге
20 700
27 463
133%
Несиелердi кепiлдендiру (Бизнестiң жол картасы 2020: 1 бағыт)
Қатысушылар саны, бiрлік
80
148
185%
Несиелер сомасы, млн. теңге
6 000
7 089
118%
Кепiл сомасы, млн. теңге
3 000
3 336
111%

Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру арқылы кәсiпкерлердi қаржыландырудағы 2013 жылдағы қорытынды деректемелерге сүйенсек, барша жұмыстар бағдаламалар бағыты бойынша атқарылып, барлық көсеткіштер 1,5-2 есеге дейін өскен.
Кесте 7
Қызмет табыстылығының көрсеткiштерi:
№
Атауы
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Жоспар
Дерек
% жосп.
орынд.
1
ROA, активтердiң табыстылығы
1,8%
1,9%
1,5%
2,1%
141%
2
ROE, капиталдың табыстылығы
7,5%
4,5%
3,3%
4,4%
132%
3
Қызметiнiң табыстылығы
29,9%
35,5%
22,1%
39,3%
178%
4
Таза табыс, мың теңге
3 461 820
3 456 204
2 541 599
3488 006
137%
5
NI margin
26,9%
27,8%
19,2%
30,8%
160%

Қызмет табыстылығының көрсеткiштерiнің орындалуына келсек:
oo Активтер табыстылығы 141%-ды;
oo Капитал табыстылығы 132%-ды;
oo Қызмет табыстылығы 178%-ды;
oo Таза табыс 137%-ды;
oo Инвестициялық маржа 160%-ды құрады.
3.3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Даму институттарының мақсаты - қоғамға пайдалы, экономикалық өсімге әсер ететін жобаларды ұзақ мерзім аралығында қаржыландырып, жаңа салалардың дамуына жағдай жасап, әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу. Осы тұрғыда "Даму" қоры отандық орта және шағын бизнесті қолдауда елеулі шаруа атқаруда. Атап айтқанда, 8500 субъектіге көмек көрсетіліп, соның арқасында 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға 120 млрд. теңге бағытталған болатын. Нәтижесі де жаман емес, 2009 жылдың шілдесіне дейін-ақ 4760 жұмыс орны құрылып, 2550 орта және шағын бизнес нысандары несиеленді.
Мысалы, "Даму" қоры арқылы Алматы облысында ғана 17 млрд. теңгеден астам сомаға 574 жоба қаржыландырылып, 1400-ден аса жұмыс орны ашылды. Демек, "Самұрық-Қазына" өзінің даму институттары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz