Оқу өндірістік – техникалық тәжірибе



Кіріспе 3
1 «Ш.Башиков атындағы негізгі мектебінің» жалпы сипаттамасы 4
1.1 Мектептің даму тарихы туралы түсінік 4
1.2 «Ш.Башиков атындағы негізгі мектебінің» мұғалімдері 5
1.3 Мектепте жұмыс істейтін үйірмелер мен ұйым 9
1.4 Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері
2 «Қазақ тілі пәнінің оқу құралын» жобалау 12
2.1 Оқу құралының мақсаты мен міндеті 12
2.2 Оқу құралының бағдарламалық құралдарын сипаттау 12
2.3 Сайттың HTML және CSS кодтары 16
2.4 Сайттың функциялары және суреттері 17
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиет 20
Оқу өндірістік – техникалық тәжірибеде осы мекемеде өту мақсатым:
- Жеке білімдік қасиетімді көрсету;
- Өзге де жаңа мәліметтермен танысып, түрлі бағдарламада жұмыс атқаруды үйрену;
- Жаңа бағдарламалар атауымен танысу;
- Өндірістік орнымнан тәжірибе алу.
Тәжірибеден өткен орным туралы қысқаша мәлімет берсем:
1929-1930 жылдары Жанұзақ елді мекенінің жанындағы Мәметек деген жерде «Ынталы» атындағы бастауыш мектеп, Көрпебай жерінде ІІІ Интернационал атындағы бастауыш мектептер болды. 1947-48 жылы ІІІ Интернационал бастауыш мектебін Жанұзақ ауылына көшірді.
1969-1970 жылдары аудандық білім бөлімінің бұйырығы бойынша бұрынғы бастауыш мектеп негізінде сегіз жылдық мектеп болып ұйымдастырылды.
1971 жылы 16 қарашада Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №641 Қаулысы негізінде Жанұзақ сегіз жылдық мектебіне Шөки Башиков есімі берілді.
1. http://referatikz.ru/
2. http://asuasu.kz/
3. Питер Лабберс, Брайан Олберс, Фрэнк Салим. HTML5 для профессионалов: мощные инструменты для разработки современных веб-приложений = Pro HTML5 Programming: Powerful APIs for Richer Internet Application Development. — М.: «Вильямс», 2011. — 272 с. — ISBN 978-5-8459-1715-7.
4. Стивен Шафер. HTML, XHTML и CSS. Библия пользователя, 5-е издание = HTML, XHTML, and CSS Bible, 5th Edition. — М.: «Диалектика», 2010. — 656 с. — ISBN 978-5-8459-1676-1.
5. Фримен Эрик, Фримен Элизабет. Изучаем HTML, XHTML и CSS = Head First HTML with CSS & XHTML. — 1-е изд. — М.: «Питер», 2010. — С. 656. — ISBN 978-5-49807-113-8
6. Питер Лабберс, Брайан Олберс, Фрэнк Салим. HTML5 для профессионалов: мощные инструменты для разработки современных веб-приложений = Pro HTML5 Programming: Powerful APIs for Richer Internet Application Development. — М.: «Вильямс», 2011. — 272 с. — ISBN 978-5-8459-1715-7.
7. Стивен Шафер. HTML, XHTML и CSS. Библия пользователя, 5-е издание = HTML, XHTML, and CSS Bible, 5th Edition. — М.: «Диалектика», 2010. — 656 с. — ISBN 978-5-8459-1676-1.
8. Фримен Эрик, Фримен Элизабет. Изучаем HTML, XHTML и CSS = Head First HTML with CSS & XHTML. — 1-е изд. — М.: «Питер», 2010. — С. 656. — ISBN 978-5-49807-113-8

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Ш.Башиков атындағы негізгі мектебінің жалпы сипаттамасы 4
1.1 Мектептің даму тарихы туралы түсінік 4
1.2 Ш.Башиков атындағы негізгі мектебінің мұғалімдері 5
1.3 Мектепте жұмыс істейтін үйірмелер мен ұйым 9
1.4 Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері 10
2 Қазақ тілі пәнінің оқу құралын жобалау 12
2.1 Оқу құралының мақсаты мен міндеті 12
2.2 Оқу құралының бағдарламалық құралдарын сипаттау 12
2.3 Сайттың HTML және CSS кодтары 16
2.4 Сайттың функциялары және суреттері 17
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиет 20

Кіріспе

Мен, 13-09-ИСК тобының студенті Мұратов Ерқайрат 01.09.2016 - 24.11.2016 уақыт аралығында Ұлан ауданы Жанұзақ ауылының Ш.Башиков атындағы негізгі мектеп коммуналды мемлекеттік мекемесінде өндірістік тәжірибеден өттім. Оқу өндірістік - техникалық тәжірибеде осы мекемеде өту мақсатым:
Жеке білімдік қасиетімді көрсету;
Өзге де жаңа мәліметтермен танысып, түрлі бағдарламада жұмыс атқаруды үйрену;
Жаңа бағдарламалар атауымен танысу;
Өндірістік орнымнан тәжірибе алу.
Тәжірибеден өткен орным туралы қысқаша мәлімет берсем:
1929-1930 жылдары Жанұзақ елді мекенінің жанындағы Мәметек деген жерде Ынталы атындағы бастауыш мектеп, Көрпебай жерінде ІІІ Интернационал атындағы бастауыш мектептер болды. 1947-48 жылы ІІІ Интернационал бастауыш мектебін Жанұзақ ауылына көшірді.
1969-1970 жылдары аудандық білім бөлімінің бұйырығы бойынша бұрынғы бастауыш мектеп негізінде сегіз жылдық мектеп болып ұйымдастырылды.
1971 жылы 16 қарашада Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №641 Қаулысы негізінде Жанұзақ сегіз жылдық мектебіне Шөки Башиков есімі берілді.

1 Ш.Башиков атындағы негізгі мектебінің жалпы сипаттамасы

1.1 Мектептің даму тарихы туралы түсінік

Қазіргі Жанұзақ ауылының негізі 1928-29 жылы алғаш Көрпебай қонысында ұйымдастырылған ІІІ Интернационал колхозы негізінде құрылған.
1947-48 жылдарында ірілендіру мақсатында Обалы колхозын ІІІ Интернационал Колхозына біріктірді де Жамбыл атындағы колхаз деп атала бастады. Орталығы Жанұзақ қонысына көшірілді. Колхозды басқарған және ұйымдастырған Сембаев Оралғазы деген адам болды. Сонымен Жанұзақ қонысында Жамбыл атындағы колхоздың негізі қаланды. Бұл селоның алғашқы тұрғындары: Хасенов Слет, Шакеров Мамай, Жүнісов Балтабай, Сартаев Жеңіс, Сыдықов Манап саналды. 1961 жылы шаруашылықтардың барлығы Ұлан атындағы совхоз деп аталды. Жанұзақ селосы Ұлан совхозының №2 бөлімшесі деп аталды.
Мектеп тарихына тоқталсақ 1929-30 жылдары осы қазіргі Ұлан совхозына қарасты Мәметек деген жерде Ынталы атындағы бастауыш мектеп, Көрпебай жерінде ІІІ Интернационал атындағы бастауыш мектептер болды.
1947-48 жылы Интернационал бастауыш мектебін Жанұзақ ауылына көшірді. Бұл мектептің тұңғыш мұғалімі Ғафаров Қасен. 1969-70 жылдары аудандық оқу бөлімінің бұйрығы бойынша бұрынғы бастауыш мектептің негізінде сегіз жылдық мектеп болып ұйымдастырылды. Ол кезде мектепте бар-жоғы 5 сынып қана болды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып Ғафаров Қасен ағай, мұғалімдері Асқарова Қорлан, Сембаева Ғалия, Қатапаева Жүрсін, Жұбаева Жібек қызмет атқарды. 1970-71 оқу жылында Жанұзақ атындағы сегіз жылдық мектебінің аз коллективі өз жұмысын аядай 3 бөлмелі ескі мектеп үйінде бастады. Мектепте сол жылы 6 сынып болды, онда 104 оқушы оқыды. 1971 жылы 16 қарашада Қазақ КСР Министрлер кеңесінің №641 Қаулысы негізінде Жанұзақ сегіз жылдық мектебіне Шөки Башиков есімі берілді.

1.2 Ш.Башиков атындағы негізгі мектебінің мұғалімдері

Мектеп тарихында өзіндік із қалдырған, мектептің алғашқы жылдарынан мектепте бірнеше жыл қызмет еткен Садыков Маркс және Енсебаева Мағрипа мұғалімдер жайлы сыр шертпеу мүмкін емес. Маркс Манапұлы мектепте дене шынықтыру және технология пәндерінен, ал Мағрипа Ахметқызы бастауыш сыныптарға дәріс берді. Мағрипа апай тек бастауыш сынып мұғалім ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге мектептің алғашқы аға вожатыйы, мектептің намысын қорғаған спортшысы да болды десек артық айтқандық емес. Аудан мұғалімдерінін арасында өтетін спартакиадада үстел теннисінен үнемі алғашқы орындарды иеленіп, мектеп намысын қорғай білді. Маркс ағай бірнеше жыл мектептің кәсіподақ ұйымынына жетекшілік етіп, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайына қатысты сұрақтарды шешуге атсалысты. Маркс ағай мен Мағрипа апай отбасында Жанна және Дәурен атты бала тәрбиелеген үлгілі отбасы да бола білді. Қыздары Садыкова Жанна осы Ш. Башиков атындағы мектептің 7-сыныбынан кейін Алматы қаласындағы республикалық физика - математикалық мектеп - интернатқа (қазіргі Жүргенов атындағы ) оқуға түсіп, сол оқу орынын 1987 жылы бітірді. Қазір сол республикалық физика - математикалық мектеп - интернатында қызмет етуде. Маркс ағай мен Мағрипа апайлар 1986 жылдары Алматыдағы Талғар жеріне көшкеннен кейін де өздерінің мұғалімдік қызметтерінің жалғастырып, үлкен жетістіктерге жетіп, Маркс ағай мектеп директоры болып қызмет етті. Маркс ағай осы білім саласынада қызмет етсе, Мағрипа апай қазіргі заман талабына сай бейімделіп, бизнеспен айналысуда. Қазіргі кезде ауылымыздан, алтын ұя мектебімізден алыста жүрсе де, мектебімізге деген ыстық ықыластары ерекше. Оған меткебіміздің 40 жылдық мерейтойына келгендегі көңіл - қоштары, кездесу барысындағы әңгімелері дәлел болды. Мерейтойдағы өз сөздерінде осы мектептен алған тәжірибелерінің және сол кезде мектепте қызмет еткен аға буын өкілдерінің үйреткендері өмірдің кез - келген саласына да өз пайдасын тигізгендігін атап өтті. Орамал тоң болмайды, жол болады - демекші, мектептің 40 жылдық мерейтойына өз отбасыларының атынан бейнекамераны сыйға тарту етті.
Нұсолтанова Шолпан Жұмаханқызы - осы мектеп түлегі, осы мектепте 25 жыл қызмет еткен ардақты ұстаздардың бірі. Бірнеше жыл бастауыш сынып мұғалімі, аға вожатый және мектеп кітапханашысы қызметін атқарған жаны нәзік, аяулы ұстаздардың бірі. Өзінің еңбек жолында әр баланың көңілінен орын таба білген білімді де білікті ұстаз, отбасында екі қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана.
Баймұханбетов Бауыржан - мектептің алғашқы ұстаздары қатарында осы мектебімізде бірнеше жыл қызмет етті, мектептің кәсіподақ ұйымын басқарды. Кейіннен әкімшілікте жұмыс атқарса, қазіргі кезде Асу - Бұлақ кентінде тұрады.
Қасымханов Ерназ Төлеуханұлы - өзінің алғашқы мұғалімдік қызметін осы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 20 жыл қызмет жасаған мұғалім ретінде 40 жылдық мерейтойға шақырылған қонақтардың бірі болды. Мектебіміздегі Шөки Башиковтың мүсінін жасаған, қолынан өнер тамған, мектеп оқушыларын спортқа жұмылдырған мұғалімнің бірі.
Мектеп басшылары болған ұстаздар, олар:
1970 - 1977 жылдары биология және химия пәнінің мұғалімі Солтанғалиев Аман Хасенович;
1977 - 1985 жылдары география пәнінің мұғалімі Сейілғұмаров Көшен Сейілғұмарович;
1985 - 1994 жылдары физика пәнінің мұғалімі болған Сейтов Орал аға басшылық етті;
1994 - 2010 жылдарда биология пәнінің мұғалімі - Ахметуалиева Амина Балабаевна;
2010 жылдан бастап Касымова Бибигуль Амантаевна.
Математика пәнінен сабақ берген ұстаздар: Аға мұғалім, Оқу ісінің үздігі, 1986 - 1994 жылдарда оқу ісінің меңгерушісі болған - Сабырова Зинаят Кинаятовна және Аға мұғалім - Сабазова Бақытты Чажебаевна - Бақытты апай қазір Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызмет етеді; Зейнолдин Найманғазы, жас маман болып келген Әділбек Әмина, қазіргі уақытта Үсенова Айым Үсенқызы жұмыс атқарып жүр.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері: Асқарова Қорлан, Мағауиянова Маржангүл жоғары санатты мұғалім, аудандық Ең үздік қазақ тілі мұғалімі байқауында І - орын иеленген, оқушылары аудандық облыстық олимпиада жеңімпаздары болды және Басарова Сабижамал Рамазанқызы
Орыс тілі пәнінің мұғалімдері: Әдия Әкірамовна - бұл кісі қазір зейнеткер, Шымқора ауылында тұрады; Бельгибваева Бақытжамал Қалеловна және Сабитова Ардақ Тоқановна - 1 санатты мұғалімдер.
География пәнінің мұғалімдері: Сейілғұмаров Көшен Сейілғұмарович - қазір Өскемен қаласында тұрады. Мағауиянов Марат - 1 санатты мұғалім.
Биология пәнінің мұғалімдері: Солтанғалиев Аман Хасенович - зейнеткер, қазір Ахмерово ауылында тұрады. Ахметуалиева Амина
Балабаевна - 1 санатты мұғалім.
Тарих пәнінің мұғалімдері: Қыстаубаева Майра Ражетжанқызы - қазір Ахмерово ауылында тұрады, зейнеткер; Темірханов Бақытжан - қазір Қанай орта мектебінде мұғалім. Қасымова Бибигул Амантаевна - осы мектептің түлегі, жоғары санатты мұғалім және мектеп директоры.
Бастауыш сынып мұғалімдер: Рамазанова Роза - қазір Ахмерово ауылында тұрады, зейнеткер. Енсебаева Мағрипа - қазір Алматы облысы, Талғар қаласында тұрады. Нұрсолтанова Шолпан Жұмахановна - осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі және аға вожатый қызметін атқарған. Қазір Талдықорғанда тұрады. Нұрмұханова Бағзила Мәдениетқызы - 1-санатты мұғалім, оқушылары аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпазы.
Қабдешова Клара Қазтаевна - 2-санатты мұғалім, оқушылары аудандық, олимпиадалардың жеңімпазы.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Садыков Маркс Манапович - қазір Алматы облысы, Талғар қаласында тұрады, Қасымханов Ерназ Төлеуханұлы. Мукантаева Нұргүл Кайратовна - қазіргі таңда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқушылары аудандық дзюдо, қазақша күрестен жеңімпаздары атанды.
Мектепалды және кіші орталық тәрбиешілері: Басарова Сәбижамал Рамазанқызы - мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі, мектептің кәсіподақ төрайымы, 2006 жылдан бастап Жұлдыз мектепалды тобының тәрбиешісі. Камзина Сандуғаш Оралбекқызы - мамандығы бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 2007 жылы алғаш ашылған Бәйшешек кіші орталығының тәрбиешісі және Балауса балалар ұйымының аға вожатыйы. Аудандық Аға вожатый - 2009 байқауында І - орынға ие болды.
Мектеп кітапханашылары: Нұрсолтанова Шолпан Жұмахановна, Қасымханова Гауһар, қазір жұмыс істеп жүрген - Байжуминова Нұрзада Шерубайқызы.
1972-1973 оқу жылында ең алғашқы түлектер мектепті бітірді.
1999-2000 оқу жылының қазан айында мектепалды даярлық тобы ашылды. Осы жылы мектепте ең алғаш рет компьютерлік сыныбы ашылды. 2007 жылдың қазан айында шағын орталық ашылса, 2008 жылы асхана ашылды.

1.3 Мектепте жұмыс істейтін үйірмелер мен ұйым

Мектебімізде бірнеше жыл қатарынан дзюдо, гимнастика, волейбол, үстел теннисі, шахмат - дойбы секциялары және тоғызқұмалақ, Жас тілші үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмелер мен секцияларға оқушылардың 84 пайызы қатысады.
Дзюдо секциясына 13 ұл, гимнастикаға 12 қыз және волейбол секциясына 18 бала қатысады. Бұл секцияларды таңдау курсы ретінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Мукантаева Нұргүл Қайратовна жүргізеді.
Жас тілші үйірмесіне 8 оқушы қатысады, үйірменің қоғамдық бастама негізінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі - Магауиянова Маржангүл апай жүргізді. Қазіргі уақытта бұл үйірмені Басарова Сабижамал Рамазановна жүргізеді.
Тоғызқұмалақ үйірмесіне 6 оқушы қатысады, бұл үйірмені қоғамдық бастама негізінде тарих пәнінің мұғалімі - Касымова Бибигүл Амантаевна жүргізеді.
Әкелер кеңесінің мүшелері: Нысанов Дулат, Касымов Бағлан, Мамаев Ринат ағалар шахмат- дойбыдан үйірме өткізеді.
Мектебімізде Жасұлан балалар ұйымы құрылған. Басшысы: президент. Ұйымда әр жастағы балалардан құрылған 4 топ жұмыс жасайды (Шамшырақ, Қызғалдақ, Сымбат, Зергер). Әр топтың жетекшісі бар және консультант мұғалімдері болды. Мақсаты: балаларды өзіндік басқаруға және жауапкершілікке дағдыландыру. Қоғамдық белсенділіктерін арттыру арқылы, өз елінің патриоты болуға және өмірден өз орынын таба білуге тәрбиелеу. Ұйымның рәміздері бар, олар туы, ұраны, төсбелгісі, сүйікті әні және әр топтың жеке галстуктері. Мектеп бойынша аталып өтетін ұйымының атаулы күндері бар:
oo Өзін - өзі басқару күні- қазан айының 1-ші сенбісі
oo Мектеп күні - 4 қараша.
oo Жас Ұлан ұйымына балалар қабылдау - 15 желтоқсан Жас қыран және Жасұлан топтарына салтанатты түрде қабылдау.
oo Әр топ жетекшісінің жылдық есеп беруі - сәуір айының 2- ші аптасы.
oo Президент сайлауы - сәуір айының 3 - аптасы.
oo Президенттің салтаннаты ант беруі - сәуір айының соңғы аптасы.
Жетістіктер: аудандық сурет және шығармалар байқауынан, мәнерлеп оқу сайыстарынан, аудандық Дебат пікірсайысынан, аудандық спорт жарыстарынан, аудандық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындар.

1.4 Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері

Аудандық пәндік олимпиада жеңімпаздары:
oo 2010 жыл - Мұратова Арайлым (қазақ тілі - ІІ орын), Қасымов Есжан (Қазақстан тарихы - ІІ орын);
oo Аудандық байқаулар: 2008 жыл - Касымова Гүлсанат (рәміздер тарихына арналған сайыс - І орын).
2015-2016 оқу жылының жетістіктеріне тоқталсам:
oo Касымова Б.А Ұстаз-ұлы тұлға республикалық сырттай Педагогтің үздік портфолиосы номинациясы бойынша қатысты.
oo Мукантаева Н.К Облыстық Дене шынықтыру пәнінен үздік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік тәжірибе
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Болашақ құрлысшы мамандықта оқыйтын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Дуалды оқыту жүйесі
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Кәсіпорынның мөрі
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Балаларға антропометрия жүргізуді үйрендік
Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері
Пәндер