Өндірістік – техникалық тәжірибе есебі



КІРІСПЕ 3
1 Статистика басқармасының даму тарихы туралы түсінік 4
1.1 Статистика басқармасының тарихы және негізгі міндеттері 4
1.2 Статистика басқармасының негізгі функциялары 5
2 ШҚО Өскемен қаласының статистика басқармасының бөлімдері 6
2.1 Бизнес тіркелім бөлімі 6
2.2 Ауыл, орман, және балық шаруашылығы бөлімдері 7
2.3 Құрылыс бөлімі 10
2.4 Көлік және байланыс бөлімі 11
2.5 Сауда және қызмет көрсетулер бөлімі
2.6 Инвестициялар бөлімі 12
2.7 Кәсіпорындар қаржысы бөлімі 14
2.8 Шағын кәсіпорындар және Инновациялар бөлімі 15
3 ШҚО ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ СТАТИСТИКА БАСҚАРМАСЫ КЕЛУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ 17
3.1 Delphi программалау ортасы 17
3.2 Деректер базасын басқару жүйесі туралы ақпарат 18
3.3. Практикалық бөлім 19
3.3.1 Деректер базасын жобалау 19
3.3.2 Деректер базасындағы кестелер 20
3.3.3 Шығу құжаттары 22
3.4 Деректер базасын жобалау құралы
3.4.1 Деректер базасының шығу құжаттар терезесі 28
Қорытынды 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Оқу өндірістік – техникалық тәжірибеде статистика басқармасынан өту міндетім:
- Өз білімдік қабілетімді көрсету;
- Басқа жаңа ақпараттар алып, бірнеше программада жұмыс жасауды үйрену;
- Жаңа бағдарламалар атауымен танысу;
- Өндірістік орныннан болашаққа тәжірибе алу.
ШҚО Өскемен қаласының статистика басқармасы мекемесінен тәжірибеден өту мақсатым: мекеме жайында өзімнің деректер қорын құру, статистика жайлы ақпарат беру тапсырмасымен өттім. Тәжірибие уақытында мекеменің қандай бағытта жұмыс жасайтынымен таныстым.
Тәжірибеден өткен орным жайлы қысқаша ақпарат берсем:
Статистика басқармасы 1920 жылдың 8 қарашасында Қазақ АКСР-ның статистикалық басқармасы құрылды.
1939 жылы Орталығы Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының құрылуына байланысты статистика басқармасы құрылды.
Облыстық халық шаруашылығы есебі басқармасы басшылардан, жалпы бөлімнен, бухгалтериядан, инспекциядан және ондаған секторлардан тұрды. Басқарма 16 аудандық халық шаруашылығы инспектураларының жұмысына басшылық жасады.
1990ж. - Шығыс Қазақстан облыстық статистика және талдау басқармасы болып өзгерді.
1997ж. - Шығыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармасына өзгертілді.
2009 жыл - Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының Статистика басқармасы атауына өзгертілді.
1. «Статистика» Ю.К. Шоқаманов, Қ.Қ. Белгібаева;
2. Ызғарбек Әміреұлы «Статистиканың жалпы теориясы»: оқулық, экономикасы, 1989 ж;
3. Журико «Статистика теориясы» Муханбетова С. М;
4. «Статистика теориясы» Муханбетова С. М.;
5. Дәрістер жинағы «Теориялық статистика» Сисен Ақсұлу Кенжеғалиқызы;
6. http://kk.wikipedia.org/wiki/Статистика;
7. www.s@stat.kz.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 Статистика басқармасының даму тарихы туралы түсінік 4
1.1 Статистика басқармасының тарихы және негізгі міндеттері 4
1.2 Статистика басқармасының негізгі функциялары 5
2 ШҚО Өскемен қаласының статистика басқармасының бөлімдері 6
2.1 Бизнес тіркелім бөлімі 6
2.2 Ауыл, орман, және балық шаруашылығы бөлімдері 7
2.3 Құрылыс бөлімі 10
2.4 Көлік және байланыс бөлімі 11
2.5 Сауда және қызмет көрсетулер бөлімі 11
2.6 Инвестициялар бөлімі 12
2.7 Кәсіпорындар қаржысы бөлімі 14
2.8 Шағын кәсіпорындар және Инновациялар бөлімі 15
3 ШҚО ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ СТАТИСТИКА БАСҚАРМАСЫ КЕЛУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ 17
3.1 Delphi программалау ортасы 17
3.2 Деректер базасын басқару жүйесі туралы ақпарат 18
3.3. Практикалық бөлім 19
3.3.1 Деректер базасын жобалау 19
3.3.2 Деректер базасындағы кестелер 20
3.3.3 Шығу құжаттары 22
3.4 Деректер базасын жобалау құралы 25
3.4.1 Деректер базасының шығу құжаттар терезесі 28
Қорытынды 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ

Мен, 13-09-ИСК тобының студенті Қанибекова Іңкәр Асқарқызы 01.09.2016 - 24.11.2016 уақыт аралығында Өскенмен қаласының статистика басқармасынан өндірістік тәжірибеден өттім. Оқу өндірістік - техникалық тәжірибеде статистика басқармасынан өту міндетім:
Өз білімдік қабілетімді көрсету;
Басқа жаңа ақпараттар алып, бірнеше программада жұмыс жасауды үйрену;
Жаңа бағдарламалар атауымен танысу;
Өндірістік орныннан болашаққа тәжірибе алу.
ШҚО Өскемен қаласының статистика басқармасы мекемесінен тәжірибеден өту мақсатым: мекеме жайында өзімнің деректер қорын құру, статистика жайлы ақпарат беру тапсырмасымен өттім. Тәжірибие уақытында мекеменің қандай бағытта жұмыс жасайтынымен таныстым.
Тәжірибеден өткен орным жайлы қысқаша ақпарат берсем:
Статистика басқармасы 1920 жылдың 8 қарашасында Қазақ АКСР-ның статистикалық басқармасы құрылды.
1939 жылы Орталығы Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының құрылуына байланысты статистика басқармасы құрылды.
Облыстық халық шаруашылығы есебі басқармасы басшылардан, жалпы бөлімнен, бухгалтериядан, инспекциядан және ондаған секторлардан тұрды. Басқарма 16 аудандық халық шаруашылығы инспектураларының жұмысына басшылық жасады.
1990ж. - Шығыс Қазақстан облыстық статистика және талдау басқармасы болып өзгерді.
1997ж. - Шығыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармасына өзгертілді.
2009 жыл - Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының Статистика басқармасы атауына өзгертілді.
1 Статистика басқармасының даму тарихы туралы түсінік

1.1 Статистика басқармасының тарихы және негізгі міндеттері

Қазіргі Қазақстанның аумағында жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызмет-тің пайда болуы 18 ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ресей империясының біртұтас мемлекеттік статистика принциптерін қазіргі Қазақстан аумағына енгізуі осы өлкеде арнайы статистикалық органдар мен 19 ғасырдың 60-шы жылдарының соңында Қазақстанды әкімшілік басқару реформасын өткізгеннен кейін құрылған жергілікті қызмет органдарының жұмыс істеуімен қатар жүрді.
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемен қаласының Статистика басқармасын статистика мекемесінде 6 жылдан артық жұмыс істеген Майкенев Жаслан Талғатұлы басқарады. 2012 жылы Конституция күні мерекесіне орай ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Ә.А. Смайыловтың, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті РММ - нің басшысы Ә.А. Мақажановтың, 2013 жылы мемлекеттік статистика күніне орай қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Статистика басқарамсының негізгі міндеттері:
1. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2. Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық құрылымдары мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жасау;
3. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

1.2 Статистика басқармасының негізгі функциялары

Статистика басқармасы бірнеше саладан тұратындықтан өз ішіндегі тәртіп бойынша міндеттерден, тәптіптерден және функциялардан тұрады. Негізгі функцияларды атасам:
1. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіру мен көтеру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет кадр резерві жөніндегі мәліметтен республика базасын құрайды;
2. Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыруды үйлестіру;
3. Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
4. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурстар өткізудің шарты мен тәртібін айқындауға, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткізілуі үшін бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
5. Қойылатын біліктілік талаптарына үміткердің сәйкес келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындауға келісім береді;
6. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұза отырып қабылданған жергілікті мемлекеттік органдардың шешімдерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
7. Мемлекеттік қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың әрекеті мен шешімдеріне мемлекеттік қызметшілердің шағымдарын қарайды.

2 ШҚО Өскемен қаласының статистика басқармасының бөлімдері

2.1 Бизнес тіркелім бөлімі

Статистикалық тіркелім - қысқаша әкімшілік және экономикалық ақпарат қоса берілген заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі. Ол статистикалық қызметті халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға және үйлестіруге арналған.
Заңды тұлға - оқшауланған мүлкінеменшік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен жауап беретін, өз атына мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді мойнына алатын әрі жүзеге асыратын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Экономикалы ққызмет - жабдықтар, жұмысшы күші, өндірістік процестер, ақпараттық жүйелер мен өнімдер бірігіп, белгілі бір тауарлар жасап, қызметтер көрсететін қызмет, экономикалық қызмет түрі шығындармен, өндіріс процесі мен және өндірілген өніммен сипатталады.
Экономикалық қызметтің негізгі түрі - қосымша құнның аса мол өсуін қамтамасыз ететін экономикалық қызмет. Ол мемлекеттік ЭҚЖЖ жіктегіші негізінде анықталады.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлға - экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруға қарымы бар заңды тұлға.
Белсенді заңды тұлға - экономикалық қызметті жүзеге асыра алатын жұмыс істеп тұрған тұлға.
Заңды тұлғаның меншік нысаны - меншік құқығының субьектісіне байланысты ұғым. Ол меншік нысанының ведомствалық статистикалық жіктегішіне МНЖ сәйкес анықталады.
Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны - заңды көзделген құқықтық нормаларға сәйкес заңды тұлғаны ұйымдастыру түрі, типі. Статистикада ведомствалық ҰҚНЖ жіктегішіне сәйкес анықталады.
Заңды ұйымның мөлшері - қызметкерлердің жылына орташа тізімдік санына байланысты ұғым. Ол кәсіпорындар мөлшерінің ведомствалық жіктегішіне КМЖ сәйкес топтастырылады.
Демографиялық деректер - заңды тұлғалардың құрылу, даму және таратылу процестерін сипаттайтын көрсеткіштер. Оларға заңды ұйымдардың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер, сондай-ақ заңды тұлғаларды құру, тарату және қайта ұйымдастыру коэффициенттері жатады.

2.2 Ауыл, орман, және балық шаруашылығы бөлімдері

Ауыл шаруашылығы кәсіпорны - негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы саласы болып табылатын заңды тұлға. Жергілікті бірлік - негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылатын, заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылық түріндегі бөлімшесі.
Шаруа (фермер) қожалығы - жеке кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді өңдеумен және өткізумен үздіксіз байланысты адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі.
Жұртшылық шаруашылығына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай учаскелері жатады.
Жеке қосалқы шаруашылықтарға жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалануға, иеленуге және меншікке беріледі.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің күнтізбелік жыл ішінде өткізудің нақты орташа салмақталған бағаларындағы ақшалай шағылуы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индексін есептеу үшін оның көлемінің салыстырмалы бағалардағы көрсеткіші қолданылады.
Өсімдік шаруашылығының өніміне осы жылғы егіннен алынған өнімдер құны, жас көп- жылдық екпе ағаштарды өсіру құны және жыл басынан аяғына дейін аяқталмаған өндіріс құнының өзгеруі кіреді.
Мал шаруашылығының өніміне мал, құс және басқа жануарларды өсіру, сүт, жүн, жұмыртқа, бал және басқаларын өндіру құны кіреді.
Жалпы жер көлемі - мемлекеттік шекара ішіндегі ішкі сулармен бірге құрылық бетінің көлемі.
Ауыл шаруашылығы жерлері - ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Оның құрамына егістік жерлер, тұрақты дақылдар егілетін жерлер, шабындықтар мен жайылымдар кіреді.
Егістік жерлер - ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылатын, жүйелі өңделіп отыратын пайдалы жерлер, оған көпжылдық шөптерді егетін жерлер мен таза сүрі жерлер де кіреді.
Шабындықтар - шөп шабу үшін жүйелі пайдаланылатын жер учаскелері.
Жайылымдар - мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын (осындай пайдалану негізгі болып табылатын) ауыл шаруашылық алқаптары, сондай-ақ шабындыққа пайдаланылмайтын және тыңайған жерлерге жатпайтын, мал жаюға жарамды жер учаскелері.
Егістік жерлер (көктемгі өнімді аудан) - бұл ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы. Оның құрамына, қысқы солғандарын есептен шығарып тастағандағы өткен жылғы егілген күздіктер, дербес ауданға, соның ішінде солған күздіктердің орнына қайта себілгендерді қоса, ағымдағы жылы егілген жаздық дақылдар және берілген жылы егілген көпжылдық шөптер (бүркемесіз), бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптердің биыл жиналатын ауданы, яғни көктемге сақталған шабындық ауданы кіреді.
Жалпы түсім - бұл бір шаруашылықтың немесе қандай-да бір аумақтық бөлімшенің шегіндегі әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарының барлық егістігінен, ауыл шаруашылығы екпелерінен немесе басқа ауыл шаруашылығы жерлерінен өндірілген (жиналған) өнім. Дәнді дақылдардың, күнбағыстың, қант қызылшасының (фабрикалық) жалпы түсімі жетілдіруден кейінгі (тазалау, кептіру) салмақ бойынша, басқа дақылдар - алғашқы кіріске алынған нақты салмағы бойынша көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі - жер бірлігінен ауыл шаруашылығы өнімінің орташа жиналымын сипаттайтын көрсеткіш, ереже ретінде, 1 гектардан жиналған центнермен есептеледі.
1 қаңтардағы жағдай бойынша мал саны жыл сайынғы есеп (санақ) негізінде белгіленеді және малдың сәйкес түрінің барлық жыныстық-жастық топтарының саны кіреді.
Мал мен құс өткізу бойынша (ет өндіру) мемлекетке, тұтынушылар кооперацияларына, базарға, меншікті сауда желісі мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындары арқылы союға сату және баспа - бас айырбас операциялары бойынша айырбастау және басқалары көрсетіледі.
Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтімен сипатталады, ол өткізілді ме немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға тұтынылды ма, оған қарамайды. Емізіп асырау кезінде бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды.
Бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт мөлшері жыл басындағы және әрбір есепті кезеңнің басындағы орташа сиыр санына есептеліп келтіріледі. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бір сиырдан сауылған сүт мөлшерін анықтағанда жалпы сиыр санынан бордақылауда тұрған сиырлар, еттік табындағы сиырлар және бұзауларды топтап емізіп бағу үшін бөлінген сиырлар есептен шығарылады.
Жүн өндіру, оның сатылғаны немесе шаруашылықтың ішкі қажеттілігіне жұмсалғанына байланыссыз, қой, ешкі және түйенің нақты қырқылған жүнін түгел есептейді. Қой терісін былғарыға өнеркәсіптік өңдеу кезінде алынған жүн ("қышқыл жүн" деп аталатын) өнімге енгізілмейді. Жүннің тура қырқудан кейінгі табиғи салмағы көрсетіледі.
Жұмыртқа өндіру, құстар санын ұдайы өсіруге (инкубацияға, басқаға) жұмсалған жұмыртқа санын қоса, олардың бір жылда үй құстарының барлық түрлерінен жиналғанын есептейді.
Аңшылық жерлерге жабайы аңдар мен құстар мекендейтін және аңшылық шаруашылықты жүргізуге пайдалану мүмкін болатын барлық жерлер және сулы алаңдар жатады.

2.3 Құрылыс бөлімі

Құрылыс қызметі - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, калпына келтіру, күрделі жөндеу) солармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтарды жасау бойынша қызмет.
Құрылыс ұйымдарына жалпы құрылыстық және мамандандырылған, жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса есептегендегі барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік келісім шарт бойынша орындалған, мемлекеттік Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыштарына (ЭҚЖС) сәйкес қызмет түрі Құрылыс болып табылатын жұмыстар жатады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі - құрылыс ұйымдарының үйлер мен ғимараттарды салу, жаңғырту, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу, құрал- жабдықтарды монтаждау бойынша өз күшімен орындалған жұмыстар құны.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру - құрылыс аяқталған жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлер, жатақханалар, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үйлерді (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат-үйлер, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары); әлеуметтік сала объектілері және басқа объектілерді белгіленген тәртіпте пайдалануға беру жатады.

2.4 Көлік және байланыс бөлімі

Қазақстан Республикасының көлігі - сол аумақта тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр (оның ішінде метрополитен), сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы магистралдық құбыр көлігі.
Жүк тасымалдау - (жүктерді тасымалдау көлемі) көлікпен тасымалданған жүктердің тоннадағы саны. Көлік, қатынас түрлері, жүктің түрлері, тасымалдау бағыттары бойынша ескеріледі.
Жүк айналымы - жүк тасымалдау бойынша көлік жұмысының көлемі, тонна - километрмен көрсетіледі. Тасылатын жүктің әрбір топтамасы (жөнелтім) салмағын оны тасымалдау қашықтығына көбейту сомасы ретінде анықталады.
Жолаушылар тасымалдау - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тасылған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша есептеледі.
Жолаушылар айналымы - жолаушылар тасымалдау бойынша орындалған көлік жұмысының көлемі, жолаушы-километрмен көрсетіледі. Әрбір жайғасым бойынша тасымалданған жолаушылар санын оны тасымалдау қашықтығына көбейту сомасы ретінде анықталады.

2.5 Сауда және қызмет көрсетулер бөлімі

Бөлімде бөлшек және көтерме сауда тауар айналымының көлемін сипаттайтын статистикалық деректер келтірілген.
Бөлшек сауда - халыққа жеке тұтыну және үйге пайдалану немесе кәдеге жарату үшін жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (өңдемей сату).
Базарларда сауда жасайтын жеке тұлғалармен жәке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлермен тауарларды сату көлемі Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүргізілетін статистикалық іріктеп зерттеу негізінде анықталады.
Бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлемінің индексі - ағымдағы кезенде базистегімен салыстырғанда тауар массасын сату көлемінің (тауар айналымының сандық факторының) өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Тауар қорлары - сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, белгілі күнге жолда болатын ақшаға немесе табиғи шағылған тауарлар мөлшері.
Көтерме сауда - жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды бөлшек сауда сатушыларға, өнеркәсіп, коммерциялық, институционалдық, кәсіби пайдаланушыларға немесе басқа да көтерме сауда сатушыларына, сондай-ақ осы тұлғалар мен компаниялар атынан сатып алатын агенттер мен маклерлерге қайта сату (өңдемей сату).
Бөлімде көрсетілген қызметтердің көлемін сипаттайтын статистикалық деректер келтірілген.
Қызмет көрсету көлемі қызмет өндірушілердің кәсіпорындар мен халыққа көрсеткен қызметіне төлем түрінде түскен қаражат мөлшеріндегі түсім болып табылады.

2.6 Инвестициялар бөлімі

Негізгі капиталға салынған инвестициялар негізгі құрал-жабдықтарды жасауға, ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар жиынтығы болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестицияларға мыналар кіреді: үйлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Компания Бағлан ЖШС
Еңбек ақы шығындары
Бухгалтерлік есептен тәжірибелік есебі
Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз
Қаржылық шаруашылық қызметтен түскен табыстар
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
Пәндер