Балабақшаларда ұлттық ойындарды пайдалану



Ж О С П А Р Ы

І. Кіріспе

Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала . ойын.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойын . балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс. әрекет.

2. Ұлттық мұраның бай қазынасы . халықтық ұлттық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.

Ойын . баланың білім.білік дағдысын қалыптастыратын
тәрбие құралы.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата «Жалын» 1987 г.


2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.


3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.


4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАБАҚШАЛАРДА
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Ж О С П А Р Ы

І. Кіріспе
Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.

2. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын
тәрбие құралы.

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге
деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және
білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен
ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру,
бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік,
үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі
бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани
жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын
үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін
балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық
дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың
бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік
қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге
әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген
ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік
тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін
және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің
біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы
деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң
береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің
түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі
мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін
қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық
тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін
еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну,
қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік
пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені
ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне
өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын
немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол
арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын,
бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал
ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің
күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ
қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір
педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман
жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін
жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-
қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған
ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді
қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың
ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті
жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек
мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал
жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі
баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне
бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды.
Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды
ойын деп түсінуінде жатыр.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік
сапаны жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді,
көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.
д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д
і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне
тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра
беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен
бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-
жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен
білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң
болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: Біздің
заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар
ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып,
көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған.
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп
өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін
адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші,
көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші,
жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде
ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға
жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік
шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп
салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да
балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне,
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың
бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді,
демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи
түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген
еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен
бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар,
он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде қазақтың
ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға
лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ
серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ,
тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз
қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды
жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Мысалы, Соқыр теке ойыны (Ақ сандық, көк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын әрекетінде баланы дамыту
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы
Қазақ тілі пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушының ой - өрісін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың тілдік қорын ойындар арқылы дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Пәндер