Қуаттылығы жылына 20 000 м3 автоклавсыз қатаятын қабырғалық көбіктібетон блоктарын шығаратын завод


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. 1. Ақпарат көздеріне аналитикалық шолу . . . 5

1. 1. Қазақстанның шикізат ресурстары . . . 9

2. 1 Жобаланған зауыттың шығаратын өнімінің номенклатурасы және қолданылатын шикізат материалдары . . . 12

3. 1. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі . . . 15

3. 2 Технологиялық схеманың сипаттамасы . . . 16

3. 3 Қажетті шикізаттар қорын есептеу . . . 22

3. 4 Технологиялық жабдықтардың және жылу қондырғыларының санын анықтау . . . 23

3. 5 Қойма есебі . . . 27

3. 6 Технологиялық бақылау . . . 29

4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері . . . 33

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Тақырыбы: «Қуаттылығы жылына 20 000 м 3 автоклавсыз қатаятын қабырғалық көбіктібетон блоктарын шығаратын завод»

Кіріспе

Замануй технологияларды пайдаланып табиғи ресурстармен қатар өндіріс қалдықтарының негізінде де жаңа өндірістерді ұйымдастыру құрылыс материалдарын өндіру бағытында экономикалық, экологиялық жағынан тиімді және «Қазақстанның дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында» көрсетілген жаңа тұрғын үй саясатынадағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы маңызды тетік болып табылады. Осындай өндірістер қатарына әлемнің көптеген мемлекеттерінде кең қолданысқа ие болып отырған ұялы бетон негізіндегі құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығаратын жаңа ұрпақ зауыттары жатады.

Құрылыс практикасында ұялы бетонды қолдану оның тұрғын, өндірістік, ауыл шаруашылық ғимараттар мен үймереттер ішінде жақсы микроклимат құратын және нысандарға әр түрлі, сәулеттік өң беретін және конструкциялар мен фундаменттерге түсетін күшті азайтатын, қасиеттері мен жоғарғы тиімділігімен ерекшеленеді. Ал бұлар өз кезегінде құрылысты индустриалды әдіспен сейсмикалық белсенді аудандарда да жүргізуге, шикізатты, еңбек және энергия ресурстарын үнемдеуге және экологияны жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұялы бетондар түрлі бағыттағы ғимараттардың қоршаушы конструкцияларына арналған материалдар қатарына жатады. Олар салыстырмалы төмен орташа тығыздығымен, жеткілікті дәрежеде жоғарғы беріктілігімен және аязға төзімділігімен ерекшеленеді.

Ұялы бетоннан жасалған сыртқы қабырғалардың массасы керамикалық кірпішті қабырғалармен салыстырғанда 2, 5-3, 5 есе жеңіл, ал ұялы бетонды қабырғаның қалыңдығы жылусақтау талаптарына сәйкес керамзитті бетон және силикат қыш қабырғаларынан 1, 5-2, 5 есе аз болады. Ұялы бетондар олардан алынатын бұйымдар процесінде және ғимаратты пайдалануда ұялы бетоннан дайындалған қоршаушы конструкцияларда жоғарғы экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

Бүгінгі күні ұялы бетонның жоғарғы технико-экономикалық көрсеткіштері ғылыми зерттеушілердің және өндірушілердің назарын аударып отыр. Сонымен қатар, азқабатты тұрғын үйлердің құрылысы артуына байланысты ұялы бетоннан жасалынған құрылыс бұйымдарын көптеп шығару қажеттілігі туып отыр.

Ұзақ жылдарғы зерттеулердің нәтижесінде ұялы бетоннан жасалынатын түрлі бұйымдарды өндірудің ғылыми және өндірістік негіздері жасалынған. Ұялы бетоннан алынатын бұйымдарды қолданудың тиімді облыстары айқындалған. Ғимараттардың қоршаушы конструкцияларының ұялы бетоннан жасалуы көп жылдардан бері іске асырылып келеді. Бұл өз кезегінде беріктілігімен және жоғарғы сенімділігімен ерекшеленеді. Бірақ, бұйымдарды қолдану аумағындағы зерттеулердің басым көпшілігі автоклавта қатайған ұялы бетондарға арналған. Ұялы бетон бұйымдарын автоклавта өңдеу процесі салыстырмалы түрде күрделі, жұмысты және энергияны көп қажет етеді.

Ұялы бетондардың әрі қарайғы дамуы олардың физико-механикалық қасиеттерінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып қолдану аясын кеңейту, ең бастысы бұйымдарды өндіру барысында энергия шығыны мен материал сыйымдылығын төмендеу бағытында жүргізіледі.

Ұялы бетонның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі жағдайда қарапайым энерго-үнемдегіш технология есебінен бетон компоненттерін алдын-ала ұнтақтау, қатаюдың аз энергосыйымдылық процесімен және түрлі өндіріс, жанар май энергетикасы қалдықтарын пайдалану тарапынан жүзеге асыру көзделіп отыр.


1. Ақпарат көздеріне аналитикалық шолу

Көбіктібетон ұялы бетон түрлерінің қатарына, ал ол өз кезегінде аэроматериалдар класына жатады. Мұндай материалдың құрамының көп көлемін ауа алып жатады.

Аэроматериалдар класына ұялы бетон, пенопластар, кеуекті керамика, түйіршікті тығыздалмаған материалдар, минералды және органикалық мақта, пневмоконструкциялар, автокамералар (жұмыс күйіндегі), ағаш қалдығы және т. б. кіреді. Бұл материалдарда ауа-жылу оқшаулағыш және амортизациялық функцияларын қамтамасыз етеді

Ұялы бетон деп негізгі құрамдас элементі (көлем бойынша 40-95%) ауа болып табылатын бейорганикалық материалдардан жасалған жасанды жеңіл материалды айтады. Көбіктібетонды дайындауда бөлек дайындалған көбік арқылы немесе судың беттік тартылысын төмендететін және араластыру барысында ауаны ұстау қабілеті бар беттік активті қоспа (ПАВ) қосылған ерітіндіні жылдам араластыру арқылы ауа енгізіледі.

Көбіктібетондарда арнайы беттік активті қоспалар арқасында (ПАВ) сфера түрінде диаметрі 0, 1 ден 2 мм - ге дейінгі ұялар пайда болады. Көбікбетон ол - көпіртілген, (кеуекті, ауалы) цементті қоспа десек болады. Оның кеуектері тек сфера түрінде емес, гидраттанудан және су булануынан тузілген капилярлы кеуектер түрінде болады (контракционды немесе капилярлы кеуектік) . Сондықтан Көбіктібетонда ауа құрамы 95% құрауы мүмкін. Бірақ, жоғарғы берітілік қасиетін сақтай отырып, олардың аязға төзімділігін және кавитациялы тұрақтылығын жоғарылату мақсатында ауа бөлігі аз көбікбетондар да болады. Бұлар көлемдік массасы 1300 ден 1800 кг/м 3 (тығыздығы бойынша маркасы D1300-D1800) дейінгі майда түйіршікті, кеуекті бетондар.

Кәдімгі көбіктібетондар жылуоқшаулайтын (D200-D400), конструциялық-жылуоқшаулайтын (D500-D800) және конструкциялық (D900-D1200) болып бөлінеді.

Көбіктібетондардың қатаюын тездету үшін атмосфералық қысымда будың көмегімен өңдеуді, электроқыздыруды, тез қататын цементті немесе химиялық тездеткіш қоспаларды (Простон-Д17) пайдалануға болады.

Көбіктібетондар, кеуектері газбөліну арқылы химиялық реакция негізінде болатын газды бетондарға қарағанда, төмен тығыздыққа (100 кг/м 3 дейін) ие, және кеуектілігі біркелкі майда дисперсті болып, қоршаған ауаның температурасы мен қысымының толқуына тәуелсіз болады.

Жылуоқшаулағыш қасиетіне қарай көбіктібетондар 4 топқа бөлінеді:

1. Жылуоқшаулайтын, құрғақ күйінде көлемдік массасы 150-400 кг/м 3

2. Конструкциялық-жылуоқшауғыш, тығыздығы 500-800 кг/м 3 ;

3. Конструкциялық, тығыздығы 900-1200 кг/м 3 ;

4. Конструкциялық кеуекті, тығыздығы 1300-1600 кг/м 3 ;

Көбіктібетондарды құрылыста қолдануда оларды өндіру мен бұйымдар дайындаудың технико-экономикалық көрсеткіштеріне аса назар аударылады.

Көбіктібетон бұйымдарының өзіндік құны оны дайындауға кететін негізгі компоненттерінің, яғни цемент, күл, көбіктүзгіштер шығынымен және бағасымен, және еңбек шығындарымен анықталады. Негізгі компоненттер шығынының саны Көбіктібетонның тығыздығына байланысты болады.

Ұсынылып отырған бетон бұйымдары қойылған беріктік, мәңгілік, дыбыс оқшаулау қасиеттері бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкес болу үшін олар тығыздығы 800-1200 кг/м 3 болатын көбіктібетоннан жасау керек. Мұндай 1 м 3 көбікбетон алу үшін 300-400 кг цемент, 500-900 кг күл, және маркасы мен дайындау әдісіне байланысты 0, 5-1 кг көбік концентрат қажет.

Материал шығынының нарықтық бағасымен және электр энергиясының шығынымен, орындаушылардың еңбек ақысымен қоса есептегенде көбікбетонның өзіндік бағасы 4000-4500 тг/м³ құрайды.

Зауыттық тәжірибе өзіндік құнына қоса, еңбек ақысына қосымшалар, амортизацияға кететін шығын, қондырғыларды пайдалану, цехтық, жалпы зауыттық және басқа да шығындар өнімнің өзіндік құнының 1 м 3 - қа 1500-1700 тенгеге артуын көрсетеді. Нәтижесінде бұйымның өзіндік құны 3500-4100 тенге/м 3 құрай алады. Қазіргі кезде көбіктібетонның ең жоғарғы нарықтық бағасы шамамен 5000-7000 тенге/м 3 құрайды.

Құрылыста көбіктібетонды пайдалану бойынша бұрынғы КСРО-ның үлкен тәжірибесі бар. Көбікбетонды төңірегіндегі 1928 жылдардығы (профессор А. А. Брюшков) бірінші зерттеулер 30 жылдардан бастап көбікбетонды өндірістік ғимараттар жабындарын монолитті жылу оқшаулаулағыш ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Ол кезде көбікбетонның тығыздығы 400-500 кг/м 3 болатын, ал көбіктүзгіш ретінде цемент ұстасу уақытын бәсеңдететін және көлемдік массасын 400 кг/м³ төмендетуге мүмкіндік бермейтін желімдіканифоль, алюмосульфомафтенді, смолосапонинді және гидролизденген қан қолданған.

Көбіктібетон сыртқы және ішкі қабырғалады, қабат аралық жаппалар мен төбе жабындарын дайындауда, еден құюда, мұздатқыштардың жылу оқшаулағыштары ретінде, тампонажды ерітінділерде, жолдардың негізі ретінде және т. б. көптеген мақсаттарда қолданылады.

Автоклавты газды бетоннан алынған қабырғалық блоктардың бағасының шарықтауына байланысты, көптеген құрылыстарда майда конструкциялық-жылу оқшаулайтын көбікбетонды блоктар өндірісін қолға алу мақсатқа айналды. Әрине, стационарлы өндіріс ұйымына шығыны бірнеше есе көп болады, бірақ, жыл көлемінде өз бағасын шығарады, өйткені, мұндай блоктардың өзіндік құны нарықтағы газды бетонды блоктардың құнынан 4-5 есе төмен болады.

Көбіктібетон өндірісі үшін қолданылатын қондырғылар шет елдік фирмалармен қатар отандық фирмалармен де қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қазіргі кезде шет елдік фирмалар түрлі сапалы көбіктүзгіштер ұсынуда.

Кейінгі кездері ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды қолдану бұрын қолданбаған көптеген мемлекеттерде, атап айтқанда: АҚШ, Канада, Куба, Мексика, Венесуэла, Италия, Иран, Индия, Қытай, ОАР, Жапония елдерінде қолданылып келеді. Бұл мемлекеттерде зауыттар негізінен «Итонг», «Сипорекс» және «Дюрокс» - Швеция, «Хебель» - Германия, «Калсилокс» - Нидерланды, «Селкон» - Дания фирмаларының лицензиясы бойынша салынды

Өзінің экономикалық және технологиялық жетістіктері бойынша, Қазақстан үшін «Сипорекс» және «Итонг» Швеция және «Хебель» Германия фирмаларының технологиялары тиімді болып саналады.

Ұялы бетон негізіндегі қоршаушы конструкциялар кеңтаралған керамзитбетон мен кірпіш конструкцияларымен салыстырғанда аз тығыздығы, өндіріс және эксплуатация бойынша энергосыйымдылығы, жалпы капиталсыйымдылығы мен жұмыссыйымдылығы бойынша тиімді болып саналады.

Азаматтық және өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына тығыздығы 950-1100 кг/м 3 болатын керамзит бетонды панельдердің орнына тығыздығы 600-700 кг/м 3 болатын ұялы бетон негізіндегі панельдерді қолдану толықтай экономикалық әсер береді, яғни, шығындар 17-26% төмендейді.

Ұялы бетондар олардың өндірісіне кететін еңбек шығынымен, әсіресе, күйдірілетін бұйымдармен (сазды кірпіш, керамзит) салыстырғанда, сонымен қатар, ғимараттарды жылытуға кеткен еңбек шығынымен тиімді ерекшеленеді.

Ұялы бетон панельдері өндірісінің энергосыйымдылығы (байланыстырғыштар мен толтырғыштарды дайындауды ескере отыра) керамзитті бетонмен салыстырғанда екі есеге аз, ал ғимаратты пайдаланудағы энергия шығыны 20% аз болып саналады.

Әсіресе кірпіштен немесе тастан салынған үйлермен салыстырғанда азқабатты тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қабырғаларында ұялы бетон негізіндегі майда блоктарды қолдану тиімділігі жоғары болып табылады. Кірпіштің орнына ұялы бетон негізіндегі майда блоктарды қолдану құрылыстың еңбек сыйымдылығын 1, 5 есе қысқартады. Блоктарды шығаруда кесу технологиясы бойынша механикаландырылған жабдықтарды пайдалану нәтижесінде қажетті шикізат материалдары мен майда блоктар өндірісіндегі еңбек шығыны кірпіш пен тасөндірісіндегі еңбек шығынына қарағанда 2-3 есе аз.

Құрылыс практикасында тығыздығы 300-400 кг/м 3 және оны 500-600 0 С температура жағдайында қолдануға болатын ұялы бетон негізіндегі жылу оқшаулайтын тақтайларды қолдану аса тиімді болып табылады. Сонымен қатар қалыпты байланыстырғыш негізінде алынған және ыстыққа төзімді бетонды дайындауға кеткен шикізат шығынына қарағанда тиімді болатын ұялы бетон қолданылады.

«Силакпор» деп аталатын дыбыс оқшаулайтын материал ретінде қолданылатын ұялы бетон кеңінен қолданысқа ие болды. Бұл материалдан дайындалған арнайы тақтайлар массасы аздығымен, бірақ, жақсы дыбыс оқшаулау қасиетімен ерекшеленеді. Бұл тақтайлар жабынға бекітіледі, және оған ерекше сәулеттік өң береді.

1. 1 Қазақстанның шикізат ресурстары

Қазақстан территориясында ұялы бетон өндірісіне керекті минералды шикізаттардың барлық түрі кездеседі. Олар композитті түрде немесе бөлек қолданылатын байланыстырғыш - портландцемент, шлакопортландцемент, әк, шлак, және аралас түрде - цементті-әкті, әкті-белитті, әкті-цементті және т. б. Сондай-ақ кең көлемде кремнеземді компоненттердің, яғни өз құрамында кремний оксиді SiO 2 бар, жеткілікті қоры бар (кесте 1. 2) .

Ұялы бетон өндірісінде жоғарғы кремнеземды материалмен қатар аз кварцты материалдар болғанда жергілікті шикізаттарды қолдану тиімді болып табылады. Азкварцты материалдар - құрамында 90% төмен кварц болатын полиминералды күлдер (кесте 1. 3) .

Оларға қышқыл кристал жыныстарының (граниттер, гнейстер және т. б) бұзылу нәтижесінде түзілген дала шпатының күлдің жатқызуға болады.

Кесте 1. 2 - Цемент өндірісіне арналған минералды шикізаттар қоры

:
Цементті шикізаттар: Цементті шикізаттар
: Атауы
Цементті шикізаттар: Карбонатты
сазды
қоспалар
:
Цементті шикізаттар: М
З
%
М
З
%
М
З
%
: Ақтөбе
Цементті шикізаттар: -
-
-
-
-
-
2
20444
26, 8
: Шығыс-Қазақстан
Цементті шикізаттар: 1
52013
2, 1
2
31118
5, 2
-
-
-
: Жамбыл
Цементті шикізаттар: 2
124426
5, 0
1
38653
6, 5
-
-
-
: Қарағанды
Цементті шикізаттар: 3
1062555
43, 0
2
79985
13, 5
-
-
-
: Көкшетау
Цементті шикізаттар: 2
161606
6, 6
: Қостанай
Цементті шикізаттар: 1
225520
9, 2
1
68296
11, 5
1
26040
35, 0
: Павлодар
Цементті шикізаттар: 3
157761
6, 4
2
155963
26, 4
-
-
-
: Семей
Цементті шикізаттар: 1
31823
1, 3
2
154463
26, 4
1
5069
6, 8
: Талдықорған
Цементті шикізаттар: 2
6746
0, 3
-
-
-
-
-
-
: Батыс Қазақстан
Цементті шикізаттар: 2
157670
6, 4
-
-
-
-
-
-
: Шымкент
Цементті шикізаттар: 3
491638
20, 0
2
46539
7, 9
2
23411
31, 4
: Барлығы:
Цементті шикізаттар: 20
2471758
100, 0
13
592185
100, 0
6
74964
100, 0

(М - кен орындарының саны; З - өндірістік қорлар, мың. тонна; % - жалпы көлемнен алынған пайыздық көрсеткіш)

Кремнеземды компонент ретінде құрамында 20% кварц, 60-70% дала шпаты және 20-30% басқа минералдары бар құмдарды да пайдалануға болады.


2. 1 Жобаланған зауыттың шығаратын өнімінің номенклатурасы және қолданылатын шикізат материалдары.

Жобаланған зауытта көбікбетон бұйымдарының 2. 1-кестеде көрсетілген түрлері және өлшемдері шығарылады.

Кесте 2. 1 - Шартты-есепті номенклатура және өндіріс көлемі

Көбікбетон бұйымның атауы
Маркасы
Өлшемдері, мм
Бетонның класы
Жылдық өнімі, м 3
№: 1
Көбікбетон бұйымның атауы: 2
Маркасы: 3
Өлшемдері, мм: 4
Бетонның класы: 6
Жылдық өнімі, м3: 7
№: 1
Көбікбетон бұйымның атауы: Конструкциялық жылуоқшаулағыш
Маркасы: D500
Өлшемдері, мм: 500×300×200
Бетонның класы: В 2
Жылдық өнімі, м3: 20 000
№: 2
Көбікбетон бұйымның атауы: D600
Маркасы: В 2, 5
№: 3
Көбікбетон бұйымның атауы: D700
Маркасы: В 3. 5
№: 4
Көбікбетон бұйымның атауы: D800
Маркасы: В 5
№: 5
Көбікбетон бұйымның атауы: Конструкциялық
Маркасы: D1000
Өлшемдері, мм: В 7, 5
№: 6
Көбікбетон бұйымның атауы: D1100
Маркасы: В 10
№: 7
Көбікбетон бұйымның атауы: D1200
Маркасы: B12, 5

Байланыстырғыш. Байланыстырғыш ретінде химиялық және минералогиялық құрамдары 2. 2 және 2. 3-кестелерде көрсетілген М400 маркалы портландцемент қолданылады. Цемен қамырының ұстасуының басталуы 2 сағат, ал аяқталуы 4 сағат. Цемент ұнтағының меншікті беті 3000-4000 г/см 2 аралығында. Цементтің басқа да қасиеттері МемСТ-10I78-85 стандартына сәйкес болуы тиіс.

Кесте 2. 2 - Портландцементтің химиялық құрамы, %

СаО
SiO 2
Al 2 O 3
Fe 2 O 3
MgO
Сілті
SO 3
СаО: 64
SiO2: 18
Al2O3: 5, 0
Fe2O3: 5, 0
MgO: 4, 0
Сілті: 1, 0
SO3: 3, 0

Кесте 2. 3 - Портландцементтің минералогиялық құрамы, %

3CaO×SiO 2

(C 3 S)

2CaO×SiO 2

(C 2 S)

3CaO×Al 2 O 3

(C 3 A)

4CaO×Al 2 O 3 ×Fe 2 O 3

(C 4 AF)

3CaO×SiO2(C3S): 55
2CaO×SiO2(C2S): 20
3CaO×Al2O3(C3A): 12
4CaO×Al2O3×Fe2O3(C4AF): 13

Кремнеземдық компонент. Кремнеземдық компонент (ұсақталған кварцты құм, ЖЭС күлі, ұсақталып-бөлшектенген доменді қож) байланыстырғыш шығынын және бетонның шөгуін азайтады, көбікбетон қасиеттерін жақсартады. Кремнеземық компонентті ұсақтау оның меншікті бетінің ауданын және сол арқылы химиялық белсенділігін арттырады. Кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданы, яғни оның майдалық дәрежесі, көбікбетонның тығыздығына тікелей әсер етеді (2. 4 -кесте) .

Кесте 2. 4 - Көбіктібетон тығыздығына кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданының әсері

Кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданы, см 2 /гр
Алынатын көбікбетонның тығыздығы, кг/м 3
Кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданы, см2/гр: 1500-2000
Алынатын көбікбетонның тығыздығы, кг/м3: 800
Кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданы, см2/гр: 2000-2300
Алынатын көбікбетонның тығыздығы, кг/м3: 700
Кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданы, см2/гр: 2300-2700
Алынатын көбікбетонның тығыздығы, кг/м3: 600
Кремнеземдық компоненттің меншікті бетінің ауданы, см2/гр: 2700-3000
Алынатын көбікбетонның тығыздығы, кг/м3: 500 және төменірек

Су. Көбіктібетон өндірісінде МемСТ 23732-85 талабына сай таза суды қолдану керек. Сонымен бірге су ластанбаған және тұрып қалмағанған болмауы керек. Сонымен қатар көбіктендіргіштің жұмысшы ерітіндісін дайындауда оның көпіру дәрежесін арттыру үшін қолданылатын су жұмсақ болуы керек.

Көбіктібетон жасау үшін қолданылатын судың мөлшері С/Ц қатынасына байланысты анықталады. Теориялық тұрғыдан алғанда, цемент гидратациясы үшін С/Ц қатынас 0, 2-0, 3 аралығында болса жеткілікті, бірақ тәжірибе жүзінде бұл мүмкін емес. Бұндай жағдайда көбікбетонның көбігі ыдырап кетеді, сол себепті көбікбетонда су көбірек қолданылады, С/Ц қатынас 0, 4-0, 45 аралығында болады. Судың осындай мқлшерінде көбікбетон араласпасы аққыш, иілімді болады және цемент су мен көбікті тартып алмайды. Бірақ суды көп қолданған сайын көбікбетонның беріктілігі төмендейді. Су көп болса - көбікбетондағы кеуекаралық қабырғалардың капиллярлық кеуектері көп және ірі болады. Осы себепті көбікбетонның беріктілігі мен аязға төзімділігі төмендейді. Көбікбетон жасауда су мөлшерін азайту мақсатында өндірісте түрлі пластификаторлар (мысалы С-3) қолданылады.

Көбіктүзгіш . Жобаланып отырған заутта көбікбетон өндіру үшін кеуектендіргіш ретінде сапасы жоғары және қымбат емес протеинді GreenFroth көбіктүзгішін қолдану ұсынылады. GreenFroth көбіктүзгіші тығыздығы 200-ден - 1600 кг/м 3 дейінгі көбікбетон бұйымдарын жасауға арналған. Көбіктүзгіш толығымен протеинді болғандықтан ол көбіктенудің өте жақсы көрсеткіштерін қамтамасыз етеді және синтетикалық көбіктүзгішке қарағанда тұрақты.

Көбіктүзгіш зауытқа концентрат түрінде жеткізіледі және одан көбік жасау үшін 2, 5-3 %-дық сулы ерітінді жасалады. Көбіктің тұрақтылығы температураға байланысты 0, 5-2 сағаттты құрайды.

GreenFroth көбіктүзгішінің оңтайлы жақтары:

- жоғары сапалы және майда кеуекті көбікбетон алуға мүмкіндік береді;

- экологиялық таза материал;

- қасиеттері тұрақты;

- цемент шығынын азайтуға мүмкіндік береді.


3. 1. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және құрамы.

Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі технологиялық жабдықтарды, шикізаттарды, өндірістік алаңдарды және жұмысшылар құрамын есептеу үшін қажетті мәлімет болып табылады. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі бір жылдағы жұмыс күндерінің, тәуліктегі ауысым санының және аусысымдағы жұмыс сағатының санынмен анықталынады. Осы үш көрсеткіштердің көбейтіндісі арқылы кәсіпорынның жұмыс уақытының кесімді жылдық қоры анықталынады.

Жабдықтың жұмыс уақытының кесімді қоры келесі формула бойынша анықталынады:

Т г = N * n * t, (2. 1)

мұндағы: N - бір жылдағы жұмыс күндерінің саны;

n - тәуліктегі ауысым саны;

t - ауысымдағы жұмыс сағатының саны, сағ.

Жабдықтың жылдық жұмысшы қоры Т р келесі формула бойынша анықталынады:

Т г = Т г * К и (2. 2)

мұндағы: К и - технологиялық жабдықтың жұмысының ауысым ішіндегі пайдалану коэффициенті;

Шикізат қабылдау бөлімі үшін жабдықтың жұмыс уақытының кесімді қорын табамыз:

Т г = 253*1*8=2024 сағ.

Т р = 224*1=2024 сағ.

Зауыттың басқа бөлімдерінің, жабдықтың жұмыс уақытының кесімді қоры жоғарыда көрсетілгендей табылады. Кәспорынның жұмыс режимі 2. 5. - кестеде келтірілген.

Автоклавсыз қатаятын көбікбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорындарды технологиялық жобалаудың мөлшерлеу талаптарына сәйкес кәсіпорынның төмендегідей жұмыс режимі қойылды:

- жұмыс уақыты: 8 сағат;

- ауысым саны: 1;

- бір айдағы жұмыс күні: 22 күн;

- бір жылдағы жұмыс күні: 264 күн.

Зауыттың құрамына келесі негізгі және қосалқы цехтар кіреді:

- шикізаттарға арналған қоймалар;

- негізгі цех - бетонараластыру, қалыпқа құю, кесу, жылу-өңдеу;

- зертхана.

Кесте 2. 5 - Кәсіпорынның жұмыс режимі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көбікбетон құрамын жобалау
Бетондық араласпаның қасиеттері
Тараз қаласындағы газды бетон блоктарын шығаратын цех
Қызылорда қаласындағы жылдық өнімділігі 20000м3 газдысиликальциттен майда қабырға блоктарын өндіретін зауыт жобасы
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Гипсті қабырғалық бұйымның сипаттамасы
Бетон және темірбетон өндірісі
Құрылыс жұмыстарына арналған цемент
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz