Экология ғылымы - дүниеге көзқарас



Жоспар

Кіріспе.

1.Негізгі бөлім
1.1 Экология ғылымы мазмұны, мақсаты мен міндеттері
1.2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
2.3 Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
2.4 2004—2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары

Қорытынды.
Кіріспе

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе дамыған еддерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуде, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Өткен кезендердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Экология ғылымы- дүниеге көзқарас.

Жоспар

Кіріспе.
1.Негізгі бөлім
1. Экология ғылымы мазмұны, мақсаты мен міндеттері
1.2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
2.3 Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
2.4 2004—2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздік
тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары
Қорытынды.
Кіріспе

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға
ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген
елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып,
адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдік
және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ
табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде,
әсіресе дамыған еддерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық,
адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны
қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуде, табиғатты сақтау және қалпына
келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын
тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру,
ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды
тазарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу
төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу,
байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері
ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ
жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі
кешігіңкірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Өткен кезендердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа
ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең
орны толмас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің
қажет екенін естен шығармаған жөн.
.
1. Экология ғылымы мазмұны, мақсаты мен міндеттері.

Экология - биология ғыльмының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған.
Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат
алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш еңгізген Э. Геккель (1866).
Экология термині гректің ойкос -үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым деген
сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни,
тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған
ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Э. Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген
толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат-
міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт
алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат,
қоғам, табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі
ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін
кешенді ғылымға айналады. Экология ғылымдардың ғьлыми деңгейіне көтеріледі.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм
(особь) мең орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар,
биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса,
табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ
құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі
географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар,
экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық
экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-
қатынастарды зертгеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен
байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология
ғылымьшың қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз
жеткіземіз.
Экология - организмдердің арасында болатын (особтар, түр, түр
аралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала
қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зертгеумен қатар табиғаттағы
өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі
ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін
кешенді ғылымдар жиынтығы.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық
проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам,
қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат
ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық және географиялық
микро жөне макро-экожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.)
мен оның уақыт пен кеңістікке қатыеты тіршілік ырғағы (динамикасы).
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи
ортасы;
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туын-
дайтын өзгерістер;
- табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-
теориялық негіздері;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын
сақтауды қамсыздандыру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және
экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;
- экологияльщ қауіпсіздікті сақтау больш табылады.

1.2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы

Экология - биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде
айқындала бастағаньшен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен
XX ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің
элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель,
Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер
мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық
бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде
экологиялық тұрғыдан қарастырады.
Экология ғьшымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға
болады.
І кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл
кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мәселен, К. Линей (1707-1788), Ж.
Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), И.
И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858),
Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-
1882),К.Мебиус (1825-1908),Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.
В. Докучаев (1846-1903), Шоқан. Уәлиханов (1835-1865), т.б. табиғат
зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде
экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының
дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың
"Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Ботаникалық
география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың
"Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В.
Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер
экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист
Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.
Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
ІІ кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму
кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат
зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX
ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда
Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М.
Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б.
жан-жақты экологиялық с, зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан
университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И.
Панфильев, П. Н. Сі Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зертгеп дамыта
түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің
экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В Никольский, Б. Г.
Ноганзян), топырақтағы организм дер экологиясы М. С. Гиляров), насекомдар
экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов,
Г.А.Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель,
Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен
жорғалаушьшар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А.
Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н.
Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы тұстарда
жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша
теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П.
Шенниковтың "Өсімдіктер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология
негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б.
еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың
"Қолданбалы экология негіздері" (1981), Н. Чернова мен А.Былованың
"Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің
"Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер
қатарына жатады.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология
- бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және
проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының
қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа
салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың
қатарына: А.М.Гиляровтың "Популяциялық экология"(1990) М. Захарченконың
"Экологияның қазіргі проблемалары" (1955), Н. Реймерстің "Экология" (1994),
В. В. Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері" (1995), Ф. Мотузконның
"Экология негіздері" (1994), С. Боголюбовтың "Экология және право" (1989),
Ю. А. Израильдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н. Реймерстің
"Экологияландыру" (1993), Г. Сидеренконың "Экологияның қазіргі заманғы
проблемалары" (1993), М. Бигонның "Экология" (1989) т.б. еңбектерді
жатқызуға болады.
Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі
экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам
экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыттары дами түсуде. Бұл
- бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы -
адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды.
Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі
болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының
ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.
Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты қорғау
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Экология ғылымының даму кезеңдері
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Философиялық білімнің ерекшелігі
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Экология ғылымының қоғамдағы ролі
Пәндер