Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары



Кіріспе
1 Өндірістік ақаба сулар
1.1 Өндірістік ақаба суларды тазалау
1.2 Ақаба суларды биологиялық тазарту
1.3 Айналма сумен қамту жүйелері
1.4 Мұнай өңдеу зауыттарында суды тұтыну
1.5 Мұнай өңдеу зауытттарындағы ақаба суларды өңдеу
2. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларды өңдеу кешендері
2.1 Мұнай өңдеу зауытындағы сарқынды суларды биологиялық тазарту жүйесі
2.2 Ақаба суды өңдеу жүйесінің кешенді сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақаба су бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанған аймақ, соның ішінде өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары елді мекен арқылы өткен су; адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судың 60 м3-ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялық қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.
Мұнайөңдеу зауыттары суды көп мөлшерде талап ететін өнеркәсіп саласына жатады. Ол сулар негізінен ЭТСҚ-да тұзсыздандыру кезінде мұнайды жуу үшін, мұнайөнімдерін салқындату және конденсациялауда (ауалы салқындатуды қолдану мүмкін болмаған жағдайда), сонымен қатар басқа технологиялық мақсаттар үшін (реагент ерітінділерін дайындауда, отынды сілтілеуден кейін және т.б) тұтынылады.
Қайтымды су жүйесі енгізілген қазіргі заманғы МӨЗ-да тұщы суды нақты тұтыну отын профильді зауытта өңделген мұнайдың 1 тоннасына 0,5 м3 және майлы – отынды профильді зауытта 1 тоннасына 1 м3 тең. Отын және майлы – отынды профильді зауыттарда қайтымды су шығыны тиісінше өңделетін мұнайдың 1 тоннасына 12 және 24 м3 құрайды. Шаруашылық тұтыну мақсаттағы су үшін ауыз су шығыны 0,017-0,02 м3/т.
Ағынды сулардың су тоғандарына шығарылатын орташа жылдық мөлшері: терең өңдейтін сұлбалы мұнай қуаттылығы жылына 12 млн.т отын профильді зауыттар үшін – ластанудан тазалауға қажетті өнеркәсіптік ағынды сулар - 0,22 м3 және 0,02 м3 – тұрмыстық ағынды сулар; майлы – отынды профильді зауыттар үшін – 0,23 м3 өндірістік және 0,021 м3 тұрмыстық ағынды сулар құрайды.
Мұнайөңдейтін және мұнайхимиялық зауыттар көп мөлшерде органикалық қоспалары бар ағынды суларды тастайды. Ағынды суларда түрлі мұнай өнімдері альдегидтер, шайырлар, фенолдар және басқа да зиянды заттар бар. Органикалық қоспалардың зиянды әсерлері негізінен тотығу процесстерінде суда оттегі мөлшерінің азаюымен, ондағы биохимиялық қажеттіліктің артуымен және судың органолептикалық көрсеткішінің нашарлауымен сипатталады.
Ең көп тараған ағынды суларды ластағыштар болып, ол мұнайөнімдері – мұнай, мазут, керосин, майлар және басқа да қоспалардың көмірсутектік тобы саналады. Ең қауіптісі суперэкоулы саналатын хлор – және металл органикалық қосылыстар болып табылады.
1 Воронов, Ю. В. Водоотведение и очистка сточных вод : учебник / Ю. В. Воронов [и др.] – изд. 4-е, доп. и перераб. – Москва : Изд-во Ассоциации строительных вузов, 2006. – 702 с.
2 Технологии и оборудование для комплексной очистки сточных вод с использованием биологических методов. Т. 1. – Москва : НИЦ «Глобус», 2007. – 50 с.
3 Технологии и оборудование для комплексной очистки сточных вод с использованием биологических методов. Т. 2. – Москва : НИЦ «Глобус», 2007. – 82 с.
4 Андрианов, А. П. Очистка сточных вод с применением технологии мембранного биореактора / А. П. Андрианов // Экология производства. – 2012. – № 11. – С. 66-74.
5 Бляшина, М. В. Использование анаэробно-аэробного биореактора для очистки сточных вод / М. В. Бляшина, Л. А. Саблий // Водоочистка. – 2013. – № 4. – С. 19-23.
6 Большаков, Н. Ю. Биологические методы очистки сточных вод от органических веществ и биогенных элементов : [о биотехнологии, обеспечивающей очистку стоков] / Н. Ю. Большаков // Экология производства. – 2013. – № 4. – С. 64-69.
7 Федоровская, Т. Г. К вопросу очистки сильнощелочных сульфидсодержащих сточных вод / Т. Г. Федоровская, Г. Н. Кудряшова // Водоснабжение и санитарная техника. – 2013. – № 6. – С. 49-51.
8 Ақаба суды биологиялық тазарту қондырғысының әдістемелік нұсқауы
9 Ақаба суды механикалық тазарту қондырғысының әдістемелік нұсқауы
10ьТехнологиялық режим нормалары мен метрологиялық қамтамасыздандыру

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

"Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы" кафедрасы

Реферат №2

Тақырыбы: Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары


Жұмысты орындау сапасы
Баға диапазоны
Орындалған
%
1
Орындалған жоқ
0 %

2
Орындалды
0-50%

3
Материалдық өзіндік жүйелендіру
0-10%

4
Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау
0-5%

5
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану
0-5%

6
Орындалған тапсырманың ерекшелігі
0-10%

7
МӨЖ-ді қорғау
0-20%

Қорытынды:
0-100%



Оқытушы: Мырзалиева С.К.
Магистрант: Аронова Ақбота Мамандығы: 6М072100

Алматы 2016
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1
Өндірістік ақаба сулар
4
1.1
Өндірістік ақаба суларды тазалау
4
1.2
Ақаба суларды биологиялық тазарту
6
1.3
Айналма сумен қамту жүйелері
10
1.4
Мұнай өңдеу зауыттарында суды тұтыну
10
1.5
Мұнай өңдеу зауытттарындағы ақаба суларды өңдеу
12
2.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларды өңдеу кешендері

15
2.1
Мұнай өңдеу зауытындағы сарқынды суларды биологиялық тазарту жүйесі

15
2.2
Ақаба суды өңдеу жүйесінің кешенді сипаттамасы
16
Қорытынды
19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
20


КІРІСПЕ
Ақаба су бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанған аймақ, соның ішінде өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары елді мекен арқылы өткен су; адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судың 60 м3-ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялық қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.
Мұнайөңдеу зауыттары суды көп мөлшерде талап ететін өнеркәсіп саласына жатады. Ол сулар негізінен ЭТСҚ-да тұзсыздандыру кезінде мұнайды жуу үшін, мұнайөнімдерін салқындату және конденсациялауда (ауалы салқындатуды қолдану мүмкін болмаған жағдайда), сонымен қатар басқа технологиялық мақсаттар үшін (реагент ерітінділерін дайындауда, отынды сілтілеуден кейін және т.б) тұтынылады.
Қайтымды су жүйесі енгізілген қазіргі заманғы МӨЗ-да тұщы суды нақты тұтыну отын профильді зауытта өңделген мұнайдың 1 тоннасына 0,5 м[3] және майлы - отынды профильді зауытта 1 тоннасына 1 м[3] тең. Отын және майлы - отынды профильді зауыттарда қайтымды су шығыны тиісінше өңделетін мұнайдың 1 тоннасына 12 және 24 м[3] құрайды. Шаруашылық тұтыну мақсаттағы су үшін ауыз су шығыны 0,017-0,02 м[3]т.
Ағынды сулардың су тоғандарына шығарылатын орташа жылдық мөлшері: терең өңдейтін сұлбалы мұнай қуаттылығы жылына 12 млн.т отын профильді зауыттар үшін - ластанудан тазалауға қажетті өнеркәсіптік ағынды сулар - 0,22 м3 және 0,02 м3 - тұрмыстық ағынды сулар; майлы - отынды профильді зауыттар үшін - 0,23 м3 өндірістік және 0,021 м3 тұрмыстық ағынды сулар құрайды.
Мұнайөңдейтін және мұнайхимиялық зауыттар көп мөлшерде органикалық қоспалары бар ағынды суларды тастайды. Ағынды суларда түрлі мұнай өнімдері альдегидтер, шайырлар, фенолдар және басқа да зиянды заттар бар. Органикалық қоспалардың зиянды әсерлері негізінен тотығу процесстерінде суда оттегі мөлшерінің азаюымен, ондағы биохимиялық қажеттіліктің артуымен және судың органолептикалық көрсеткішінің нашарлауымен сипатталады.

Ең көп тараған ағынды суларды ластағыштар болып, ол мұнайөнімдері - мұнай, мазут, керосин, майлар және басқа да қоспалардың көмірсутектік тобы саналады. Ең қауіптісі суперэкоулы саналатын хлор - және металл органикалық қосылыстар болып табылады.
1 Өндірістік ақаба сулар
Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әркетінде пайдаланылғаннан кейін шыкқан су. Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.
Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді. Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады. Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды,електерді, гидроциклондарды, т. б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

1.1 Өндірістік ақаба суларды тазалау
Сонғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланылып жүрген материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары пенополиуретан жатады.
Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалдық, радикалдық және диагоналдық болып сараланады. Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.
Ақаба суды 0,08-0,3 мс жылжу жылдамдықпен құмұстағыш арқылы өткізіп, оның құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәрізді ауыр қоспалардан ажыратуға болады. Кейбір құмұстағыш, үлгілерімен құм 80 %-ке дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың тиімділігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады.
Гидроциклондарды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Көбіне бұл қондырғылар тығыздығы 1,2 гсм3 жоғары ағындыларды ірілігі 0,15 мм үстіндегі бөлшектерден тазалауға бағытталған.
Коммуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды
механикалық әдісті қолдану арқылы ерімейтін қоспалардың 60%-
тей мөлшерінен тазалауға болады, ал кейбір өндірістік сулар бұл
әдіспен 95 %-ке дейін тазаланады.
Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялык қасиеттерін ескере, оларды химиялық агентгерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.
Нейтралдау процесін кұрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мәнін 6,5 - 8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен, әдетте, құрамында әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазаланады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамында СО2, SO2, NО2 оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде, бұл жағдайдың қолайлылығы екінші жағынан газды тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесі де шешіледі.
Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктің еритін қосылыстарын және т. б.) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.
Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцерогендер (мыс, диоксиннің) түзілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген.
Механикалық және физикалық-химиялық әдістер ақаба суларын тазалаудың алғашқы кезеңі, осыдан кейін олар биологиялық тазалауға жөнелтіледі.

1.2 Ақаба суларды биологиялық тазарту
Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т. б.) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.
Микроорганизмдердің қатысуымен екі процес - тотығу (аэробты) және тотықсыздану (анаэробты) жүреді. Аэробты процестерге активті лайда немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20 -30 0С шамасындағы температура қажет. Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс - лайдың ашуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады.
Ақаба судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда - биосүзгіштерде, аэротенктер мен окситенктерде жүргізуге болады. Өндірістік ақаба сулардың биологиялық тазалауын негізінде жылдамдығы жоғары болғанына байланысты жасанды жағдайда жүргізеді.
Аэротенк мәжбүрлі түрде аэрациялық қондырғымен жабдықталған, қалқалармен бірнеше бөлек бөліктерге бөлінген темірбетон резервуары. Аэротенкте тазалау процесі ауаланған ақаба су мен тірі организмдерден және қатты субстраттардан (балдырлардың өлі бөліктерінен және әртүрлі қатты қалдықтардан) құралған активті лай қоспасының жіберуіліне қарай жүреді. Құрғақ лайдың 1г 108 ден 1012 дейін бактерия даналары болады. Органиканың негізгі массасы бірнеше сағат ішіңде өңделінеді. Аэротенктен активті лай мен өңделген ақаба су әрі қарай екінші тұндырғышқа өткізілінеді. Түбіне түскен активті лай насос станциясының резервуарына жіберіліп, ал тазаланған ақаба су не қосымша онан арғы тазалануға немесе дезинфекциялануға бағытталады. Биологиялық процесс нәтижесінде активті лайдың биомассасы жоғарылайды. Оның артық мөлшері тұнбаны өндейтін ғимаратқа жіберіледі де, негізгі бөлшегі циркуляциялық түрде аэротенкке қайтарылады. Аэротенктегі активті лайдың концентрациясы 2-4 гл шамасында ұсталуға тиіс.
Биосүзгілерде ақаба су кесекті материалдардан құрылған қабат арқылы сүзілінеді. Кесекті сүзгіш ретінде кеңінен ұсақталған тас, ірі құм, шлак, керамзит, пластмасса, металл торы және басқа материалдар қолданылады, олардың бетінде түзілетін биологиялық қабықша қабат активті лайда жүретін функцияны орындайды. Бұл беткі қабықша қабат ақаба судағы органикалық заттектерді адсорбциялайды да және өндейді де. Биосүзгіштің тотықтырғыштық қуатын жоғарылату мақсатында сүзбелеу процесінің бағытына қарама-қайшы қысымдағы ауа жіберіледі.
Ақаба суды биологиялық процеспен тазалағанда массасы көп мөлшердегі тұнба шығады, оны утилдеу, не залалсыздандыру, немесе аулақтандыру қажет. Осы мақсатта активті лайды тығыздаудан, сусыздандырудан, термиялық және басқа да өңдеуден өткізеді. Залалсыздандырғаннан кейін тұнбаны органоминералдық тыңайтқыш немесе кейбір материалдарға қосымша компонент ретінде пайдалануға жатады. Активті лайды рекуперациялайтын технологиялар жасалған, олардың көмегімен белокты-витаминді өнімдерді, азық ашытқыларды және құрама азық өнеркәсіптеріне қажетті техникалық витаминдерді алуға болады.
Қазіргі шақта өндірістік және коммуналды - үй-жай ақаба суларын тиімді түрде тазалау ең актуалды инженерлік-экологиялық проблемалардың бірі. Бұл мәселенің күрделенуі үй-жай және өндіріс ағындыларының жалпы бір канализация жүйесіне құйылуына, адам мен жануарлар нәжістерін жууға судың кеңінен қолданылуына, кір жуғыш порошоктардың, шампуньдердің және әртүрлі беттік активті заттардың қосылуына байланысты. Суды тазалауға биологиялық әдісті қолданғанның өзінде органикалық заттектердің 90% және анорганикалық қосылыстардың 10-40% -нен ғана құтылуға болады.
Ақаба суды биологиялық әдіспен тазалағанда ауру тудыратын бактериялардың 91-98 % ғана жойылады, сондықтан тазаланған ақаба суларды су қоймаларына жіберудің алдында залалсыздандыру қажет. Ақаба суды заласыздандыру үшін кеңінен қолданылатын әдістің бірі газ тәріздес хлормен немесе хлорлы әк ертіндісімен хлорлау. Бұл процесте екі сатылы реакция жүреді:

Сl2 + Н2О = НСl + НОСl
НОСl = НСІ+О

Реакция нәтижесінде бос атом күйінде түзілген оттек бактерия клеткаларының протоплазмасына кіретін заттектерді тотықтырады, соның саладарынан бактериялар жойылады. Дизентерияның, обаның және іш сүзегінің бациллалары хлордың әсеріне өте сезімтал келеді. Ақаба суларды хлорлы әкпен дизенфекциялағаyда жүретін реакциялар газ тәріздес хлормен дизенфекциялағандағы процестей.

2Ca(ClO)2 + 2H2O = Ca(OH)2 + 2НОСl + СаСl2

Хлорлау әдісін қолданғанда бактериялардың өніп-өсуінен басқа органикалық заттектердің қышқылдануы да тоқтатылады, каогуляция процесі жеделтетіледі және иіс азаяды. Механикалық тазалау жолын қолдану немесе өздігінен табиғи түрде тазалану арқылы ақаба судан бөлінген құрамында минералды және органикалық қатты заттектері бар тұнбалар жергілікті ауылшаруашылық және орман дақылдарының тыңайтқышы ретінде пайдаланылуымен қатар, биогаз алуға да жарамды. Ал ортақ канализациядан шыққан ақаба судың құрамында алуан түрлі улы заттектер кездесетініне байланысты олардан шыкқан тұнбалар тыңайтқыш ретінде қолдануға жатпайды. Кейбір өндірістерден тасталатын ақаба сулардың температуралары табиғи ортанікінен анағұрлым жоғары болғандықтан оның тигізетін зияндық әсеріне де назар аударылады. Жылы ақаба сулар суаттардағы судың температурасын көтереді, бұл жағдайда суда еріген оттектің мөлшері күрт төмендейді, ал ол өзіндігінен тазалану процесінің тежеленуіне әкеп соғады. Орын алған қолайсыз әсер судағы өсімдіктер мен балықтардың тіршілік жағдайларына нұсқан келтіреді, себебі судың жаппай гүлденуі, балдырлардың қаптауы басталады, яғни жылулық ластану эвтрофтану процесінің жүруіне жағдай жасап, көптеген уытты ластағыштардың пайда болуына себебін тигізеді.
Биологиялық тазалау әдісі суды тұзсыздандыра алмайтынына байланысты, бұл тазалау әдісінен кейін судағы тұздардан құтылу үшін арнайы оларды бөліп шығаратын тазалау әдістері қолданылады. Бұларға дистилляция (булау), қатыру (мұздату), мембрандық, ионалмасу әдістері жатады.
Дистилляция кеңінен қолданылатын және жақсы меңгерілген әдістің бірі. Буландыру қондырғылары арқылы тәулігіне 15-30 мың м3 суды тазалаудан өткізуге болады. Қазақстанда ең қуатты буландыру қондырғысы Ақтау қаласының атом энергетика кәсіпорынында (тез нейтронды реактор) болған.
Қатыру әдісінде тұзды суды баяу түрде салқындату арқылы тұзсыз мұз кристалдарын алады. Дистилляция әдісімен салыстырғанда қатыру процесі энергетикалық, технологиялық, конструкциялық тұрғыдан алғанда тиімді.
Мембрандық әдіске электродиализ және гиперфильтрация немесе кері осмос жатады. Электродиализ қазіргі заманның дамып келе жатқан деминерализациялау және қойыртылған ерітінділер алу әдісі. Бұл әдісте тұздардың диссоциациялануынан пайда болған иондар табиғи немесе синтетикалық материалдардан жасалған ионіріктегіш мембрана арқылы тұрақты тоқтың катысуымен катод және анод орналасқан бөліктерге іріктеніп өтеді. Электродиализ көптеген елдерде теңіз суларын тұздардан тазалау мақсатында кеңінен қолданылады. Мысалы, Ливияда 20 мың м3с, ал АҚШ-та -- 400 мың м3с су тазалайтын қондырғылар жұмыс істейді. Kepі осмос әдісі бұл осмостық қысымнан жоғары қысымның (6-8 МПа) күші арқылы жартылай өткізгіштік қасиеті бар мембрана арқылы сулы ерітінділерді сүзу. Бұл энергияның көп мөлшерін қажет етпейтін процеске жатады. Шет елдерде өнімділігі 1000 м3с дейінгі қондырғылар меңгерілген. Ресейдегі қондырғылардың өнімділігі төмендеу. Осы тәсілдегі ең қиындыққа түсетін -жартылай өткізгіштік мембрана мен қысымды жасау.
Ионалмасу әдісі барлық елдерде кеңінен қолданылып жүр. Осы кезге дейін бұл АЭС және өте жоғары қысымды қазандықтары бар ЖЭС үшін тұзсызданған суды дайыңдауға пайдаланылып жүрген негізгі әдіс болып келеді. Сонымен қатар, ионалмасу әдісі суайналым циклымен істейтін өнеркәсіптердің ақаба суларындағы құнды компоненттерді байытуға және бөліп алуға жиі қолданылады. Бұл әдіс судың кермектілігін жоюға да қолданылады.
Ақаба суларды биохимиялык әдістермен тазалағаннан кейін қосымша тазалау жұмыстарын атқаруға тағы да пайдаланылатын әдістің бірі активтенген көмірдің көмегімен адсорбциялау. Микроорганизмдердің күшімен тазаланбай қалған судағы органикалық заттектерді жою мақсатында активтенген көмірмен тазалау жүргізіледі. Істе болған бұл адсорбенті қыздыру арқылы регенерациялауға болады.
Әдетте тазаланатын ақаба су активтенген көмір салынған бағаналар арқылы жіберіледі, бұл процестің жүруіне 20-40 минуттай уақыт жұмсалады. Бұл әдістің нәтижесінде судың оттекке биологиялық қажеттілігі (ОБҚ) 1 мг О2л (стандарттық нормадан төмен) шамасында болады. Осы әдісті өткізу барысында қолданылатын аппаратура да едәуір қарапайым.
Активтенген көмірмен адсорбциялау үй-жай шаруашылығынан шыққан ағындыларды, мұнайды, фенолды, басқа да ароматикалық қосылыстарды айырып шығарғанда шыққан сұйық қалдықтарды және де көптеген органикалық заттарды тиімді түрде тазалауға жататын әдістің бірі болып саналады.

1.3 Айналма сумен қамту жүйелері
Тазартылған суларды қайтадан технологиялық қажеттерге пайдалануға болады. Су ресурстарын қорғаудағы және оны ұтымды пайдаланудағы бас бағыттың бірі айналмалы сумен қамтамасыз ететін жүйені өндірістерге кеңінен енгізу. Бұл айналадағы ортаның ластануын азайтумен қатар, экономикалық тұрғыдан да тиімді, себебі ол тұщы судың шығынын төмендетуге және тоғандардың ластануын болдырмауға мүмкіндік туғызады.
Айналмалы сумен қамтамасыз ету деп техникалық айналымда пайдаланылған немесе тұрмыстық су құбыры торабы суының тазартылғаннан кейін қайтадан айналымға түсуін айтады. Бұл жағдайда өнеркәсіп салаларында пайдаланған судың тек 1-3 % ғана су объектілеріне тасталуға тиіс.
Ластану дәрежесіне және жылулығына қарай өндірістегі айналма сумен қамту жүйесінің 3 үлгісін ерекше атауға болады:
1. Су ластанбайды, тек ысыйды. Мұндай жағдайда қолданылған суды салқындатады да (тоғандарда, сепкілейтін шашырамалы
әуіттерде немесе сусалқындатқыштарда) өндіріске қайтарады.
2. Су ысымай тек ластанады. Ластанған суды өндіріске
қайтару үшін әртүрлі әдістерді (тұндырғыштарды, тоғандарды,
сүзгіштерді және т. б.) пайдалану арқылы тазалайды.
3.Су әрі ысыйды, әрі ластанады. Ондай жағдайда суды жүйелі
түрде тазалайды да, салқындатады да.

1.4 Мұнай өңдеу зауыттарында суды тұтыну
Мұнайөңдеу зауыттары суды көп мөлшерде талап ететін өнеркәсіп саласына жатады. Ол сулар негізінен ЭТСҚ-да тұзсыздандыру кезінде мұнайды жуу үшін, мұнайөнімдерін салқындату және конденсациялауда (ауалы салқындатуды қолдану мүмкін болмаған жағдайда), сонымен қатар басқа технологиялық мақсаттар үшін (реагент ерітніділерін дайындауда, отынды сілтілеуден кейін және т.б) тұтынылады.
Қайтымды су жүйесі еңгізілген қазіргі заманғы МӨЗ-да тұщы суды нақты тұтыну отын профильді зауытта өңделген мұнайдың 1 тоннасына 0,5 м3 және майлы - отынды профильді зауытта 1 тоннасына 1 м3 тең. Отын және майлы - отынды профильді зауыттарда қайтымды су шығыны тиісінше өңделетін мұнайдың 1 тоннасына 12 және 24 м3 құрайды. Шаруашылық тұтыну мақсаттағы су үшін ауыз су шығыны 0,017-0,02 м3т.
Ағынды сулардың су тоғандарына шығарылатын орташа жылдық мөлшері: терең өңдейтін сұлбалы мұнай қуаттылығы жылына 12 млн.т отын профильді зауыттар үшін - ластанудан тазалауға қажетті өнеркәсіптік ағынды сулар - 0,22 м3 және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молдова КСР жемісті-көкөністі консерві өнеркәсібінің ақаба суын тазалау технологиясы
Братья Махмадовы ЖШС- гі жайлы жалпы мәліметтер
Ашық тау өндірімдері
Суды тазалаудың жаңа технологиялары туралы
Суды тазалаудың жаңа технологиясы
Су құбырларын тазартатын құрылғы
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТОСПА СУ» МЕКЕМЕСІ МЫСАЛЫНДА)
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Еритін органикалық темір
Пәндер