Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қылмыстық процестегі ұстау тактикасының түсінігі мен маңызын зерттеуге бағытталған. Зерттеу барысында, ұстаудың қылмыстық процестік заңымен бекітілген нормалары, тәртібі, қолданылатын мәжбүрлеу шаралары мен жедел іздестіру кезіндегі құқықтық жағдайы қарастырылған.
Диплом жұмысымның әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтары, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 - бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмір, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады [1] .
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясында: «мемлекеттің басты бағыты - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғары дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады» деп атап өтеді. Әрбір жыл сайын Қазақстан халқына жасаған жолдауларында, осы бағытқа баса назар аударып отыр [2] .
Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасының Конституциясының іргелі категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде орнықтырады. Оны шешу құқық қорғау органдарында процесуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде ұстау мен қамауды заңды және негізді түрде қолдануға мүмкіндік береді. Осы мәселенің шешілуі қылмыстық процестің әрі қарай жетілуін қамтамасыз етуге, алдын ала тергеу міндеттерін шешуге, тергеу әдістемесінің дамуына мүмкіндік береді. Терең ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің маңыздылығы жөнінде айта отырып, қылмыстық процесте қылмыс жасады деп күдіктелген тұлғаларды ұстау әрекеттері көп көңіл аудартады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылған мәлім.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі және Қылмыстық процестік кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптермен мен нормаларына негізделген.
Соңғы жылдары елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны әрі өсуде. Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан - жақты пайдаланылуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай - ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс. Мемлекеттің тұлғаға, оның қадір - қасиетіне, мүдделеріне, құқықтарына деген қатынасы қылмыстық іс жүргізу үшін аса маңызды болып табылады.
Қылмыстық процестегі ең күрделі әрекеттердің бірі ұстау тактикасы, ұстау қылмыс жасауы мүмкін деген күдікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жарияланғанша мәжбүрлеу шарасы жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Ұстаудың тактикалық әрекеттерін жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдарының жан жақты іс қимылдары арқылы заңды негізде күдіктелген тұлғаларды ұстап қылмысты алдын алу болып табылады.
Дипломдық зерттеудің обьектісі. Ұстау тактикасының жүзеге асыруының, заңды негізде орын алуын және ұстау әрекетін жүзеге асырушы тұлғалардың міндеттері.
Дипломдық зерттеудің пәні. Ұстау әрекеттерін орын алуы кезіндегі құқықтық нормалары, ұсталған күдіктінің процессуалдық құқықтарының жүзеге асырылу тәртібі, аталған құқықтарды қамтамасыз ететін кепілдіктер саналады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты - қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір негізгі адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.
Қылмыстарды тез және толық ашу, күдіктілерді ұстау әрекетін жүргізу, айыптыларды әшкерелеу, әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазасын алуы және кінәсіз бір де бір адам қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін заңын дұрыс қолдануын қамтамасыз ету - қылмыстық процестің мақсаты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты ұстау тактикасының және процессуалдық ережелерін, әдістерін толық көлемде заңды орындалуымен іс тәжірибедегі орнын жүзеге асыру болып табылады.
Ұстау тактикасы бұл іске асырылуы өте күрделі құқықтық норма. Заңдылықты сақталу дәрежесі, барлық ұстау процесінің толықтығы мен әділдігі.
Бұл мақсат зерттеу тақырыбында келесідей міедеттерді көрсетіп отыр:
- қылмыстық процестегі ұстау тактикасының қалыптасуы мен дамуына талдау жасау;
- ұсталған күдіктінің процессуалдық жағдайын қамтамасыз ету;
- жедел - іздестіру органдарының ұстау тактикасын жүзеге асыру тәртібі;
- ұсталған күдіктілерге жеке тінту әрекетін қарастыру;
- қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамды босатудың негіздерін саралау;
- ұсталған тұлғаларды халықаралық шарттарға сәйкес «экстрадиция» шетел мемлекеттеріне ұстап беру ережелерін талдау.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҰСТАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Ұстаудың мәні және негіздері
Ұстау - дәстүрлі түрде қылмыс жасағаны үшін күдік келтірілген тұлғаға қатысты қысқа уақытта қамауда ұстауды білдіретін қылмыстық процестің мәжбүрлеу шарасы ретінде.
Заң әдебиеттерінде ұстаудың мәніне қатысты өзге де көз қарастар кездеседі, яғни бұл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады.
Ұстаудың процессуалдық белгісі оның материалдық құрамына қатысты қызметтік рөлін білдіреді. Бұл шара қылмыс жасау фактісі бойынша тек өндіріспен байланысты ғана пайдалану үшін ғана арналған.
Ұстаудың провентивтік сипаттамасы оның қылмыс фактісімен байланысты істі өз өндірісіне алған тұлғаның қалыпты іс жүргізуін қамтамасыз ету үшін шара болып табылатынын білдіреді. Осы белгі бойынша аталған шара қылмыстық, әкімшілік және тәртәптәк жазалау шарасынан ажыратылады. Бұл белгі күдіктіні ұстау мақсатының негізінде болады.
Қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары - бұл қылмыстық процестік заңында көзделген сот әділдігінің міндеттері мен тергеу шектейтін іс бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның, әрекетері мен шешімдері.
Мәжбүрлеу шараларының шарттары - әділ сот мақсаттарының жетістігіне жету қажеттілігі, қылмыстық сот өндірісі мен үкімді орындауға қатысты тәртіптерді анықтаумен қамтамасыз етілуі. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары тек кедергі болған жағдайда және іс қозғалысына қатысты кедергілердің пайда болу мүмкіндігі шынайы туындаған жағдайда қолданылады.
Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының негізіне:
1) қозғалған қылмыстық істің болуы;
2) оған қатысты субьектілердің болуы (прокурор, анықтаушы, тергеуші, және өз өндірісінде істі қабылдаған және қарсылық білдірмеген сот) ;
3) оған қатысты обьект (қылмыстық іс жүргізу заңның әрекеттері тағылатын тұлғалар) жатады.
Қозғалған қылмыстық іс заңды түрде іс жүргізушілік мәжбүрлу үшін қызмет етеді, себебі, онда қоғамға қауіпті әрекеттердің жүзеге асуы туралы қорытындылар болуы мүмкін. Мәжбүрлеу шаралары іс тоқтатылғаннан кейін қолданылуға тиісті емес.
Заңға сәйкес істі тоқтату барысында бұлттартпау шаралары, мүлкін тәркілеу, корреспонденция, қызметінен уақытша шеттету шаралары жойылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы мынадай іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қарастырады:
-күдіктіні ұстау;
-бұлттартпау шаралары;
-басқа да іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
Ұстаудың мәні прокурор мен соттың алдын ала рұқсатынсыз адамды уақытша күзетке алу. Осыған байланысты ұстау екі түрге бөлінеді: айыпталушыны ұстау және күдіктіні ұстау.
Айыпталушыны ұстау - бұл іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының тосын түрі. Оның мазмұңы күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдап, қорытынды шығару туралы қылмыстық ізге түсу органдарының өтінішін қарау үшін тез арада айыпталушыны сотқа жеткізу мақсатында қысқа мерзімге күзетте ұстауға негізделеді. Бірақ айыпталушыны ұстау күдіктіні ұстауға қатысты көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыпталушыны ұстаудың өзіндік ерекше негіздемесі, мақсаттары, уәждері және шарттары бар. Оның негіздемесі прокурордың, тергеушінің күзетке ұстау сияқты бұлттартпау шараларын таңдау туралы өтінішін соттың судьясы қарау қажеттілігіне тікелей байланысты. Ал мақсаты айыпталушыны аталған өтінішті қарау мақсатында сотқа тез арада жеткізу болып табылады. Уәжі ретінде айыпталушының тергеушіге тіпті сот отырысына келуден жалтару қаупінен сақтану белгілерін атауға болады. Ұстау шарттары айыпталушы ретінде мәжбүрлеу туралы қаулының негізді қабылдануына қызмет етеді.
Күдіктіні ұстау Қылмыстық Процестік Кодекстің 17 - тарауында қарастырылған. «Сезіктіні ұстау» ұғымының мәнді белгілері оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбүрлеу шарасы ретінде тануға негіз болады.
Қылмыстық іс жүргізулік ұстауды жай ұстаудан, әкімшілік ұстаудан және күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларынан ажыратып қарау керек.
Ұстау деп қылмыс жасады деп күдік келтірген адамды өз бетінше әрекет ету құқығынан айыру үшін дене күшімен мәжбүрлеу шаралары түсініледі. Заң бойынша қылмыскерді жәбірленушінің өзі, сондай - ақ басқа азамат немесе полицияның патруль - күзетші қызметкерлері ұстай алады.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының ҚПК 453 - бабының 1 - 1 тармағында (үкімді орындау сатысында) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты іздестіру жариялау мен бұлтартпау шаралары қарастырылған. Тұрғылықты жерінен жасырынған және тұратын жері белгісіз сотталған адамға іздестіру жарияланады және ұсталуы да мүмкін.
Іс жүргізулік ұстау күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасымен ұқсас келеді. Екі жағдайда да күзетке алынған іс жүргізулік ұстау жүзеге асырылады. (ҚР ҚПК 150 - баптың, 5 - тармағы) . Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғымдар.
Ұстау тосын қолданылатын, қысқа мерзімді күзетке алу белгілерімен ерекшелінеді, оның ерекше негіздемесі, мақсаты, шара қолдану әрекеттері болады. Ұстау әрқашан тосын іс жүргізулік әрекеті деп танылады, сондықтан соттың санкциясынсыз қылмыстық ізге түсудің бастапқы сатыларында ғана жүзеге асады. Бір ғана күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш бойынша айыпталушыны қайтадан ұстауға жол берілмейді.
Іс жүргізулік ұстау шарасын тергеуші, прокурор, анықтау органы мен анықтаушы, қылмыстық ізге түсу органдары ғана жүзеге асыра алады.
Күдіктіні ұстау негіздері ҚПК 128 - бабында қарастырылған. Қылмыстық ізге түсу ісін жүзеге асыратын орган мына негіздердің бірі болған жағдайда күдіктіні ұстай алады:
1) қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғаг адам. Қылмыс жасау кезінде немесе оны жасаған адамды жәбірленушіні, көрген адам, полиция қызметкерлері ұстай алады.
2) Көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасау кезінде сол адамды тікелей көрсете алады немесе сол адамның оған қол сқғушылығына қарсы бұлтартпау мақсатында ұстай алады. Осы негізде ұстау кезінде бір ғана көрген адамды тану жеткілікті.
3) Ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылады.
Бұндай іздер дене жарақатының болуымен, заттай дәлелдемелердің болуымен (мысалы, қару және қылмыс заттары, қан ізі) анықталады. Осыған орай анық іздер тек үйін ғана емес жұмыс орнын, гаражын, саябағын, басқа жерлерді тінту кезінде табылуы мүмкін.
4) адамды қылмыс жасаған деп күдікті етуге негіз болатын басқа да мәліметтер болған кезінде. Бұл мәліметтердің кінәлі екнін дәлелдеуде күші аз және қылмыстың аса айқын емес іздері болып саналады (күдіктінің қылмыскер пішініне ұқсас болуы, мойындап келуі, көрмеген адамды тану) .
Осы негіздер бойынша ұстау мүмкіндігі төмендегі шарттардың бірі болған жағдайда жүзеге асырылады:
а) егер бұл адам жасырынуға талпынса (ұстау кезінде қарсылық білдіру, қашуға бейімделу, жолға кетуге дайындалу) ;
б) егер ол адамның тұрақты тұрғылықты жері болмаса. ҚПК 128 - бабының мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмауы тиіс;
в) күдіктінің жеке тұлғасы туралы мәліметтер белгілі болмаған жағдайда. Адамды ұстау туралы хаттаманы толтыру барысында ұсталған адамды куәландыратын құжаттардың болмауы күмән тудырады.
Ұстауға қатысты негіздер - қылмыс жасаған деп күдіктелген адам обьективті тергеуге және талқылау ісіне кедергі келтіретіндей қауіп тудырса, тергеу ісінен жасырынса, қылмыстық әрекетті жалғастыратын болса немесе іс бойынша ақиқатты ашуға кедергі келтірсе (куә, жәбірленуші атына қауіп төндірсе) .
Ұстау шарасын қолдану күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдау ретінде сипатқа ие болуы керек (күдіктінің мінез - құлқын түзетуге қатысты басқа да құралдар сияқты) .
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкциясы бойынша ғана тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады. Басқа қылмыстар бойынша, яғни қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ұстаудың да қажеттілігі болмай қалады. Осыған орай күдіктіні ұстау заңдылығы қылмыстық істі қозғау кезінде дұрыс квалификацияның болуына байланысты.
Ұстаудың арнайы негіздемесі - дербес категориялары лауазымды адамдардың қызметтік иммунитетіне қатысты қосымша талаптарды сақтау. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы және оның мүшелері, Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және дипломатиялық қызметі бар тұлға қылмыс жасаған және дипломатиялық қызметі бар тұлғалар қылмыс жасағанжерінде ұстау жағдайынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің келісімінсіз қамауға алынуға тиісті емес.
Іс жүргізушілік ұстау (соның ішінде қысқа мерзімге қамауға алу) іс қозғалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Күдіктіні жеткізген сәттен бастап үш сағат ішінде кешіктірмей ұстау туралы хаттама толтырылуы тиіс ( ҚР ҚПК 129 - бап) . Ұстау туралы хаттама ҚР ҚПК 199 - бабына сәйкес толтырылады. Онда толтырылған күні мен уақыты көрсетіледі, күдіктіні ұстаудың негізі мен уәждері, оны жеке өтіну нәтижелері мен оның түсініктемесі енгізіледі. Бұған қоса, хаттамада ұсталған адамның күйі (мас болуы, жарақаттарының болуы және тағы басқа әрекеттерінің болуы), оның киім киісі туралы мәліметтер толық түрде анықталып көрсетілуі тиіс. Хаттама күдікті адамға хабарланады, оның құқықтары түсіндіріледі және түсіндірілгені туралы хаттамаға жазба белгіленеді. Хаттамаға күдікті мен оны толтырған адам қол қояды. Хаттаманың көшірмесі қолхат арқылы күдіктіге тапсырылады (ҚПК 230 - бап, 4 - тармақ) .
Адамды ұстау барысында анықтау, тергеу органдары немесе анықтаушы, тергеуші ұстау туралы хаттама толтырылған сәттен бастап он екі сағат ішінде прокурорға хабарлауы міндетті.
ҚР ҚПК - нің 134 - бабына сәйкес осы мерзім ішінде ұстау туралы хабарланады:
-жанұяның кәмелетке жасы толған мүшелеріне, олар болмаған жағдайда күдіктінің жақын туыстарына хабарланады немесе күдіктінің не айыпталушының өзіне хабарлауға мүмкіндік беріледі;
-әскери бөлімнің командованиесіне хабарланады, егер күдікті әскери қызметтегі адам болса;
-ұстау орны туралы ақпаратты білу үшін қорғаушысына хабарланады.
Алдын ала тергеу мүддесіне сай күдіктінің туыстарына өзі хабарлау құқығы шектелуі мүмкін (мысалы, қылмысқа бірге қатысқандар қылмыстың ізін жою немесе өзі ұсталмауға талпыну қаупінің алдын алу үшін) .
Кейбір жағдайларда ұсталғаны туралы хабарлама прокурордың санкциясымен де жүзеге аспауы мүмкін. Хабарламаны кейінге қалдыру тергеудің айрықша жағдайларымен, тергеу құпияларымен негізделеді (мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыс, қастандыққа қатысушының біреуін ғана ұстау басқа қатысушылардың тергеу ісіне қарсы кедергі келтіруі мүмкін) .
Кәмелетке жасы толмағандарды ұстау туралы қандай бір жағжайжа болмасын тез арада оның заңды өкіліне хабарланады (ҚР ҚПК 56 - тарау) . Тергеуші не анықтаушы күдіктінің асырауындағы адамды қамқорлығына алу туралы және оның мүлкін сақтау туралы шаралардықолдануға міндетті .
Күдікті ұсталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей күдіктіге қорғаушысының қатысуымен жауап беру мүмкіндігі жүргізілуі тиіс (ҚР ҚПК 64 - бап) .
Күдікті адам тергеу изоляторына қамауға алынады, тергеу изоляторынан алыс жерде болған жағдайда прокурор, анықтаушы, тергеуші қаулысы бойынша бұл адам уақытша ұстау (қамау) изоляторында, гауптвахтада қамауға алынады.
Күдіктіні ұстау оны босатумен немесе қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолданумен аяқталады.
Заң күдіктінің босатудың мынадай негіздерін қарастырады:
ҚР ҚПК 133 - бабы
1) Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адам, егер:
а) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаса;
ә) ұстап алынған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын не қамаққа алу не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны қолдануға негіздер болмаса;
б) ұстап алу осы Кодекстің 131 - бабының талаптарын елеулі түрде бұза отырып жүргізілген болса;
в) ұстап алу үшін заңды негіздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп - тексеруді жүзеге асырып жатқан адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.
2) Егер нақты ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағаттың ішінде ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келіп түспесе, ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен дереу босатады және ол туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.
3) Осы баптың екінші бөлігінің талаптары орындалмаған кезде ұстап алынған адамды ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленген жауаптылықта болады.
4) Ұстап алынған адам босатылған кезде оған оны кімнің ұстап алғаны, ұстап алудың, жеткізудің негіздері, орны мен уақыты, босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
5) Осы баптың бірінші бөлігнің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларда, заңсыз ұстап алу барысында не одан кейін ұстап алынған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады.
Жалпы ережелер бойынша ұстау мерзімі ұсталған сәтінен бастап жетпіс екі сағаттан артық болмауы тиіс. Егер ұсталған сәті көрсетілген мерзім ішінде анықтаушы, тергеуші қамауға алу туралы қаулы қабылдамаса күдікті босатылады.
Ұсталған адамды босату кезінде мыналар тапсырылады:
-тергеуші не анықтаушының күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды таңдау туралы өтінішінің туралы прокурор немесе сот қаулысының көшірмесі;
-ұстау туралы анықтама. Анықтамада кім ұстағаны, ұстау негіздері, ұсталған жері, уақыты, босату негіздері мен уақыты көрсетіледі (ҚР ҚПК 133 - бап) .
Үйде қамауда ұстау (ҚР ҚПК 146 - бап) қылмыстық процестегі жаңа бұлтартпау шараларының бірі. Үйде қамауда ұстау шарасының мәні - айыпталушы, күдіктіні пәтерінен, үйінен немесе басқа да тұрғылықты жерде кетпеуге, кейбір адамдармен ауызша, жазбаша және байланыс құралдары бойынша қатынас жасамауға тыйым салу.
Үйде қамауда ұстау дене мәжбүрлеу түріндегі бұлтартпау шарасы болып табылады немесе бұл шара күдіктіні, айыпталушыны қоғамнан оқшаулатады. Бұл шара күдіктіге қолданылады немесе айыпталушы, күдіктінің келісімінсіз сот санкциясымен таңдалып алынады. Үйде қамауда ұстау айыпталушының әрекеттеу бостандығы мен қарым - қатынас жасау бостандығын шектеуді негіз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz