Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1. Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
1. 1 Төтенше жағдайдың ұғымы, сипаты және жіктелуі . . . 9
1. 2 Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің құқықтық аспектілері . . . 22
1. 3 Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдарын басқарудың қағидалары . . . 29
2. Төтенше жағдайлардың әкімшілік құқықтық режимінде ішкі істер органдарын басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
2. 1 Төтенше жағдайларға ішкі істер органдарын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету . . . 38
2. 2 Төтенше жағдайлардағы басқару органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері мен қызметтері . . . 50
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемелекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған [1] .
Сондықтан, кез келген жағдайда тіпті, төтенше жағдай кезінде де адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары бірінші орында тұрады. Яғни, төтенше жағдай кезінде қауыпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдары түрлі шаралар қолданады және олардың қажеттігі туралы жергілікті тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіледі. Қолданылатын іс-шараларға: бекініс, эвакуациялау, медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, басқада қажетті топтар құру және тағы басқалары жатады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттырын батыл ойлармен белгілеп берді.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. Біз ел Конститутциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие» деп көрсетті [2] .
Бұл дегеніміз көп ұлтты Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарды болдырмауға ерекше көңіл бөлетіндігін білдіреді. Оған қоса төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының қызметін жетілдру негіздерінің бірі болып келеді.
Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық, құқықтық және басқада негіздерін түбірмен қайта құру, басқаруды жетілдіру түрлі әлеуметтік жүйе үшін соның ішінде ішкі істер органдары жүйесінің әлеуметтік маңыздылығына, күрделілігіне және олар орындайтын міндеттердің жауапкершілігін есепке алғанда да ерекше өзектілікке ие болуда.
Сонымен экстримальды жағдайларда ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқару проблемалары осы жүйенің жұмысын ұйымдастыруды жетілдірудегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Ішкі істер органдарының экстримальды жағдайлардың зардаптарымен тиімді күресі оның кері салдарларын жоюдағы ерекше шарттарды заңдастыру мен жоюға бағытталған күштермен құралдарды топтастыру мен қолдануды қарастыратын әр түрлі шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда осы шаралар кешенін жүргізу ішкі істер органдарының жұмыстарын ұйымдастыру жүйені жетілдіруді, жергілікті жерлердегі органдар мен бөлімшелердің, ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы аппараттары қызметтерінің басқару дәрежесін біршама көтеруді талап етеді.
Диалектика заңына сәйкес табиғат пен қоғам арасында, сондай-ақ қоғамның өз ішінде қарама-қайшылықтың қатты күшеюінің оқтын-оқтын болып тұратынына тарихи тәжибие дәлел бола алады. Зерттеушілер мұндай құбылыстардың таралуы мен көлемінің өсу және олардың зардаптарының ауыртпалғының арту үрдесін көрсетіп отыр.
Жоғары деңгейдегі әлеуметтік шиеленіс, стихиялықтың көрінуі, бұқаралық шараларды өткізудіңі ережелерімен нормаларын оларға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың жиі ескермеуі қоғамдық қауыпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету бағытындағы бұқаралық шараларды өткізуді дайындау дәрежесі мен бақылау мүмкіндігін едәуір төмендетті. Соның нәтижесінде бұқаралық іс шаралар барысында түрлі қауіпті оқиғалар мен төтенше жағдайлар деңгейі біршама өсті [3, 14-б. ] .
Мысал ретінде 2000 жылдың 2 ақпанында астаналық «Жастар» сарайында «Лад» славияндық қозғалысы мен «Дала өлкесіндегі қазақтар одағы» ұйымдастырылып, өткізілген митинг кезіндегі ішкі істер органдары әрекетінің ерекшелігін келтіруге болады.
Митнингінің билік басындағылардан рұқсат алғанына және оның «Ресей мен Бельаруся Одағында Қазақстанның өркендеуі» ұранымен өткеніне қарамастан, мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына қайшы келді және шын мәнінде Қазақстан халқын іс жүзінде конституциялық құрылымды өзгертуге шақырады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы ішкі істер органдарының төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың өмірі мен бостандықтарын, құқықтарын қамтамасыз ету бойынша туындайтын мәселе күрделі де көкейкесті, сонымен бірге теориялық және тәжірибелік маңызы зор мәселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ішкі істер органдарын төтенше жағдайлар барысындағы әрекеттерге, олардың қауіпі мен пайда болу барысында ішкі істер органдарының басқару жүйесін жоспарлау мен жобалау жолымен дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету өзара сабақтас кейбір міндетердің шешілуімен тығыз байланысты. Олардың қатарына төмендегілер жатады:
- «төтенше жағдайлар» түсінігінің мазмұны мен анықтамасын анықтау;
- ішкі істер оргадары қызметінің практикасында орын алған жағдайлардың барлық түрлерін баяндау мен жүйелеу;
- ішкі істер органдаының төтенше жағдайлардағы әрекетін жоспарлау барысындағы кемшіліктерді анықтау мен жүйелі суреттеу;
- төтенше жағдайлардың тууына мүмкіндіктер беретін факторлады анықтау мен жіктеу;
- төтенше жағдайлар ықтималдығын болжау;
- ішкі істер оргадары кадрларын төтенше жағдайлардағы әрекеттерге дайындаудың іс жүзіндегі практикасын үйрену;
- ішкі істер органдарының төтенше жағдайлардағы әрекеттерін ұйымдастыруды жоспарлау мен жобалау бойынша практика тәжірибелері мен ғылым жетістіктерін талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- төтенше жағдайдың ұғымын, мазмұнын, төтенше жағдай енгізу тәртібінің құқықтық жағдайын анықтау;
- төтенше жағдайдағы ішкі ісер органдарының атқаратын жұмысын, үйлестіру рөлін ішкі істер министрлігінің орталық аппараттарымен өзара әрекетесуіне сипаттама беру;
- төтенше жағдайда ішкі істер органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асыру барысындағы қызмет шараларын дамытуға бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау.
Дипломдық жұмыстың объектісі мемлекеттік органдардың құқық қорғау қызметтерінің ерекше саласы - төтенше жағдайлар ахуалында қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі Дипломдық жұмыс барысында танымның әртүрлі - жалпы, жеке, арнайы әдістері қолданылады. Мұнда танымның нысанын диалектикалық, жүйелік, салыстырмалы-тарихи, әлеуметтік зерттеу шеңберінде қалыптасқан әдістер көп қолданылады. Дипломдық жұмыстың міндеттері құықтық, философия, психология, басқару, педагогика теорияларының ережелері мен категорияларын, олардың төтенше жағдайлардың тууы мен құқықтық тәртібі күштерін үйлесімді әрекетке дайындаудың заңдылығын, механизімдерін, факторларын баяндау мен талдау үшін пайдаланылатын салада қолданумен байланысты шешіледі.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін зерттеудің объектісін ішкі істер органдарының төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың өмірі мен бостандықтарын, құқықтарын қамтамасыз ету барысында туындайтын әкімшілік құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Дипломдық зерттеудің териялық негізін ішкі істер органдарының төтенше жағдай кезіндегі міндеттерін, олардың функциялар мен әдістердің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері жөніндегі тұжырымдарды қарастырады. Одан бөлек, төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың өмірі мен бостандықтарын, құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы еңбектері құрайды.
Дипломдық жұмысты жазудың практикалық базасы - дипломның құқықтық және фактілік базасы болып зерттеу барысында пайдаланылған Қазақстан Республикасының Контитуциясы, Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты бұйрықтары мен нұсқаулары, полиция органдарының әкімшілік практикасының жағдайын көрсететін статистикалық мәліметтер, басқа да нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
- Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
1. 1 Төтенше жағдайдың ұғымы, сипаты және жіктелуі
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да негідерін қазіргі кездегі түбірімен қайта құру, басқаруды жетілдіру түрлі әлеуметтік жүйе үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жүйесінің әлеуметтік маңыздылығына, күрделілігіне және орындайтын міндеттердің жауапкершілігін есепке алғанда да ерекше өзекке ие болуда. Сонымен қатар, аталмыш жүйені ұйымдастыру мен қалыптастыруды жетілдірудегі ең негізгі проблемалардың бірі - төтенше жағдайлар ахуалындағы ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқару проблемесы болып табылады.
Төтенше жағдай ахуалында криминогендік жағдай бірден нашарлайды, біршама материалдық зардап келтіріледі. Ішкі істер органдарына кері салдарлардың алдын алуға байланысты жұмыстардың бар ауыртпалығы мен негізгі көлемі жүктеледі. Бұл жұмыстың бұрынғы ұйымдастырылған құрылымы мен формасы ішкі істер органдарының оперативтік жағдайдың шұғыл шиеленісуіне байланысты туындаған міндеттерді орындауларын қамтамасыз ете алмайды. Жұмыс көлемінің өсуі ішкі істер органдарынан жеке құрамды арнайы және психологиялық дайындау әрекетінің ерекше амалдары мен тәсілдерін талап етеді.
Ішкі істер органдары төтенше жағдайлар ахуалында, олардың өткізілу сипаты мен әдістерін ескере отырып тиімді жұмыс жасау үшін кең кешенді ұйымдастыру, жедел-қызметтік, психологиялық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік, материалды-техникалық және қалыпты жағдайға тән емес басқа да іс шаралар өткізуді талап етеді.
Кез келген әректтің негізінде ұғым жүйесі жатыр. Сондықтан ішкі істер органдарының ерекше жағдайлардағы басқару әрекетінің мәнін толық түсіну үшін «ерекше жағдайлар» ұғымының мағынасын анықтап алу қажет. Бұл сөз тіркесінің құрылысын «ерекше» және «жағдайлар» терминдері құрайды, олардың әрқайсысы өзіндік сематикалық мағынаға ие.
«Ерекшелік», «ерекше» басқалардан өзгеше деген мағынаны білдіреді, яғни өзіндік ерекшелік, сипаттық қасиеті бар. «Жағдайлар» белгілі бір нәрселерді шешетін шарт ретінде түсіндіріледі: ереже, бірдеме болатын жағдай, сондай-ақ орындалуға тиісті талаптар мен мәліметтер. Сондықтан бұл сөз тіркесін қолдану оның мағынасымен бірге ішкі істер органдары әрекет ететін жағдайдың ерекше белгілерін де көрсетеді.
«Ерекше жағдайлар» ұғымы ішкі істер органдары үшін бір шама кеңірек және ол мағынаны да, айту формасында қамтиды. Ол табиғи, техногендік және экологиялық құбылыстардың нәтижесінде туындаған жағдайларды сипаттаумен шектелмейді, керісінше әлеуметтік сипаттағы жағдайларды едәуір қамтиды. Сонымен қатар, берілген ұғым аталмыш жағдайдың басты ерекшелік белгілерін, яғни, мұндай жағдайда ішкі істер органдарына не тән екенін көрсетеді. Бұлар - ерекше құықтық режим, уақытша ұйымдастырылған штаттық құрылымдар жасақтау, қосымша күштер мен байланыстың жаңа жүйесін құру, кейбір арнайы операцияларды жүргізу [4, 12-б. ] .
Ішкі істер органдары әрекетінің ерекше жағдайына әлеуметтік, табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы құбылыстар қозғау салуы мүмкін.
Әлеуметтік сипаттағы құбылыстарды және криминалдық және криминалдық емес құбылыстар деп топтау қалыптасқан. Біріншіге - жаппай тәртіпсіздіктер, мемлекеттік коммуникацияларды қоршау, қылмыскерлердің бас бостандығынан айыру орындарынан, айдау барысында топпен және қарумен қашуы, аманат алу, әуе кемелерін, су көліктерін және темір жолдың жылжымалы құрамын басып алу мен ұрлап айдап кету, террорлық актілер және т. б. жатады.
Екінші топқа - бұқаралық саяси, спорттық, мәдени, діни және басқа да шаралар жатады.
Бұқаралық қоғамдық - саяси шараларға манифестациялар, митингілер, көшедегі салтанатты жүрістер, әскери шерулер, съездер, конференциялар, сайлаулар, референдумдар, пикеттер және т. б. жатады. Мұндай акцияларды өткізу барысында, әдетте ұйымдастырылған және белгіленген құзырлы органдар азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырады. Бұндай шараларды өткізу өте күрделі сипат алады, билік органдары тарапынан жоғары бақылауды талап етеді.
Бұқаралық мәдени ойын-сауық шаралары - бұлар фестивальдар, карнавалдар, көрмелер, дискотекалар, спектакльдер, концерттер және т. б. Бұларды көру барысында азаматтар өздерінің рухани қажетттілігін қанағаттандырады. Белгіленген іс-шараларды тоқтату немесе кейінге қалдыруға, музыка «фанаттарының» бұзықтық әрекеттеріне, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс сатуға байланысты туындаған шұғыл жағдайлардың шиеленісуі - аталмыш шаралардың ерекшелігі болып табылады. Өздерінің таралу мен қайталану шамасына қарай олар жақсы зерттелген және оған ішкі істер органдарын дайындау дұрыс ұйымдастырылған.
Бұқаралық спорттық шаралар - олимпиадалар, универсиадалар, спартакиадалар, халықаралық, республикалық және басқа да спорттық жарыстар, матчтар, раллилер және тағы басқалары. Оларды өткізу барысында апаттар, террорлық актілер және басқа да төтенше оқиғалар тіркеледі.
Бұқаралық діни шаралар - азаматтармен діни ғибадаттар мен жораларды, тиісті мерейтой күндерін мерекелеу мақсатымен өткізледі. Мысалы, мұсылмандардың Оразасымен, христиандардың Пасхасымен, Рождествосымен, кешірім күнімен және т. б. байланысты жыл сайын өткізілетін мерекелер. Олар азаматтардың шектелген територияларда өте көп жиналуымен, қатысушылардың жас мөлшеріне қарай әр түрлі болуымен, дінге қатысты әлеуметтік және кәсіби белгілерімен өткізіледі. Мұндай іс-шаралар барысында қарама-қайшы әрекеттерге байланысты төтенше жағдайлар туындауы да мүмкін.
Бұқаралық арнайы шараларға басқа мемлекет басшыларының елімізге сапары кезін, олардың арнайы нысандары аралауын мемлекеттік қаралы процесстерді және т. б. жатқызуға болады. Бұл жерде экстримистер мен саяси қарсыластардың әрекеттері қауіп тудырады.
Бұқаралық коммерциялық шаралар - түрлі шоп-турлар, жәрмеңкелер, сауда-саттықты, майда базарларды қамтиды. Мұндай нысандар әдетте тұрақты жұмыс істейтін ойын-сауық және сауда кәсіпорындары сияқты адамдар ағымы үшін жақсы бейімделіп, жабдықталмаған орындарда көп кездеседі, ал бұл қолайсыздықтар төтенше жағдайлардың тууына мүмкіндік береді.
Бұқаралық аралас (кешенді) шаралар әр түрлі шаралардың элементін қамтиды. Оларды өткізу бағдарламасына митингілерді, театрландырылған көріністерді, концерттерді, би кештерін, спорттық жарыстар және т. б. кіреді. Ондай шараларға фестивальдар, қала күндері, газет мерекелері және т. б. жатады. Жергілікті шараларды аталған бұқаралық жалпы бағдарламасы бұқаралық жалпы бағдарламасы шеңберінде өткізу орындарының көптігі және территориясының кеңдігі құқық қорғау жағдайына әсер ететін осы шаралардың өзіндік ерекшелігі болып табылады. Мұндай бұқаралық шаралардың ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше күндерге созылады, бұл оларға ішкі істер органдарының едәуір күштері мен құралдарын қатыстыруды талап етеді.
Бұқаралық әлеуметтік - тұрмыстық шаралар - бұлар: тойлар, мерейтойлар, өлікті жерлеу, көп адам қатысатын сот процестері, ұжыммен тоғайға саяхат жасау, жеміс-жидек жинауға бару және т. б. Олардың ішінде криминалға итермелеген жағдайлар бар болса, ондай бұқаралық шараларда төтенше жағдайлар аз кездеспейді. Бұқаралқ шараларды жіктеуде пайдалануға болатын басқада бір қатар белгілер бар.
Бұқаралық шаралар өзінің мағынасы мен мәртебесіне қарай халықарлық, республикалық, облыстық, жергілікті шаралар деп жіктеуге болады. Осыған сәйкес оларды ұйымдастырушы мен іске асырушы субъектілердің дәрежесі анықталады. Азаматтардың оған қатыса алу мүмкіндігіне қарай бұқаралық шараларды төмендегіше жіктеуге болады: жалпы бұқаралық (қала күндері, митингілер, салтанаттар жәрмеңкелер, карнавалдар және т. б. ) ; қатысушылардың кіру шектеулі шаралар (спорттық матчтар, шерулер, концерттер, көрмелер, сессиялар және т. б. ) . Екінші жағдайда осы шараға қатысушылардың құрамы мен құқық қорғау күштерінің әрекет ету тактикасын анықтаудың оңай болатыны түсінікті.
Бұқарлық шараларға қатысушылардың құрамына қарай біртекті (мысалы, мүддесі, кәсібі, жасы мен жынысы бойынша саяси көз қарасы бойынша) және әр текті (оларды басқару мен болжау күрделілеу) болып бөлінеді.
Бұқаралық шаралар қатысушылардың әрекеттерінің сипатына қарай динамикалық (демонцтрациялар, марштар, веложарыстар және т. б. ) болуы мүмкін. Көрсетілген бұқарлық шараларда құқық тәртібі күштерін орналастыру мен оларды тиісті әрекеттерге дайындау тактикасы анықтауға себепші болады.
Бұқарлақ шараларды бұдан басқа да топтарға жіктеуге болады:
- өткізудің қайталануы бойынша - бір жолғы (көрмелердің, ескерткіштердің ашылуы, спектакльдардың премералары мен белгілі бір артистерінің бенефистері, кезектен тыс съездер және т. б. ) ; біршама жүйелі қайталанатын (демонстрациялар, сапарлар, сайлаулар, жыл сайынғы сауда жәрмеңкелері және т. б. ) ; жиі қайталанатын (футбол матчтары, рок концерттері, би кештері және т. б. ) - шаралар. Қайталанатын бұқаралық шаралар барысында ішкі істер органдарын оларға дайындауда белгісіздік аз болады, бұл әрекеттің типтік жоспарын жасауға мүмкіндік береді;
- өткізу орындары бойынша - ғимараттарда, үйлерде ашық территорияларда, қолайлы немесе қолайсыз орындарда өткізілген шаралар (соңғы жағдай төтенше жағдайлардың туу мүмкіндігін арттырады) ;
- ұйымдастыру тәсілі бойынша - ұйыдастырылған және ішкі себептермен пайда болған;
- жағдай мен қатысушылардың әрекеттерін болжай білу дәрежесі бойынша - болжауға болатын және болжауға болмайтын;
- төтенше жағдайлардың туу қаупі бойынша - төтенше жағдайдың туу мүмкіндігінің төменгі және жоғарғы дәрежесі.
Ұйымдастырылған және қайталанатын бұқаралық шаралар, әдетте болжауға оңай және төтенше жағдайлардың туу қаупі төмен болып келеді. Олар алдын ала дайындалып, іс жүзіндегі заңдылықтарға, ережелер мен осы шараның бағдарламасына сай жүргізіліп, әкімшілік тарапына бақылауда болады.
Көпшілік акцияларға ұйымдастырылмаған жалпының қатысу өзін-өзі бақылау сезімін жоғалтады, ал аноним элементтері кері эмоциялардың тууы мен дамуына мүмкіндік береді. Бұл бұқаралық шараларға есірткілік немесе алкогольдік мас болу жағдайындағы тұлғалардың қатысуымен жиі күшейе түседі, және қоғамдық тәртіпті сақтауды біршама қиындатады. Сондай-ақ, бұқаралық шараларға қатысушылардың мінез-құлқы әлеуметтік-психологиялық факторлардың (ішкі және сыртқы) әсерінен ғана емес, сонымен бірге неформальді лидерлердің әсерінен де қатысатын ескеру керек.
Бұқарлық шаралардың ауқымды топтары үлкен мәнге ие. Ол шараның ұзақтылығымен, оны өткізетін территорияның немесе объектінің көлемімен, ал ең бастысы - қатысушылардың мөлшерімен анықталады. Шараның ауқымдылыған қарай ондағы құқық тәртібін қорғауға жіберілетін ішкі істер органдары күштерінің саны мен құралдарының мөлшері анықталады. Осы өлшем бойынша бұқаралық шараларды - кіші (1 мың адамға дейін), орташа (1 мыңнан 5 мыңға дейін) және ірі (5 мың адамнан жоғары) деп бөлу орынды.
Біздің ойымызша, бұқаралық шаралардың тағы бір категориясын - аса ірі бұқаралық шараларды бөлу керек. Оған қатысушылардың саны он және жүз мыңдаған адамдарды қамтиды. Ондай шаралардың негізгі ерекшеліктері мыналар:
- басқаруға көбейтетін топ жасауға қабілетті және олардың әрекеттерін реттейтін жергілікті ішкі істер органдарының күштерінен басым қатысушылар мен көрермендердің аса көп болуы;
- қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етуді қиындатанын техникалық құралдарды көп мөлшерде тарту;
- төтенше жағдайларды тудыру қаупі жоғары. Бұлардың барлығы қатысушылар мен көрермендерге кейбір шектеулер қою, ікі істер органдарының едәуір күштері мен құралдарын тарту, оларды ба қару мен байланыс жүйесіне құрылымдық өзгерістер енгізу қажеттілігін тудырады.
Сондай-ақ ірі бұқаралық шаралардың ерекшелігіне оларды дайындау мен өткізуге өте көп субъектілердің қатысуында жатқызуға болады.
Табиғи сипаттағы құбылыстарға геологиялық, гидрологиялық және метерологиялық төркіндес құбылыстар жатады. Қазақстанда бұлардың ішінен жер сілкінісі, су тасқыны, шөккіндер мен опырлып құалу, борандар мен құйындар, қар басып қалу мен көшкіндер, сеңдер, табиғат өрттері, құрғақшылық біршама қауіп тудырса, ал жаппай эпидемиялар, эпизоотиялар және эпифитомиялар аса қауіпті болып табылады [5, 23-б. ] .
Техногендік сипаттағы құбылыстарға көліктегі, өндірістік нысандардағы (қоршаған ортаны былғамайтын да, химиялық және биологиялық қауіп тудыратын да сондай-ақ, радиктивті заттар шығаратын) апаттар мен катастрофалар жатады.
Бұған, сондай-ақ жарылу қаупі бар өндірістік нысандардағы апаттар мен халықтың тұрмысын қамтамасыз ету жүйелеріндегі, су шаруашылықтарындағы катастрофалар жатады.
Экологиялық сипаттағы құбылыстарға құрғақ жердің қасиеті мен жағдайындағы (жер қыртысының, қазба байлықтардың, ландшафтың), атмосфередағы, жердің биосферасындағы қаупті өзгерістер жатады. Олар экологиялық апаттар - қоршаған табиғи ортадағы қайта қалпына келмейтін, халықтың денсаулығына зор зиян тигізетін, терең өзгерістер, табиғи теп-теңдіктің бұзылуын, табиғат экологиялық жүйенің бұзылуын, флора мен фаунаның нашарлауын туғызуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz