Депозит нарығының экономикалық мәні мен мазмұнын, оның құрылымын, даму болашағы
КІРІСПЕ
1. ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Депозиттің экономикалық мәні мен оның жіктелуі
1.2 Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының қалыптасуы және даму жолдары
1.3 Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымы
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттік қызметін талдау
2.2 «ForteBank» АҚ.ның депозиттік операцияларын талдау
2.3 Депозиттерді сақтандыру қорының қызметін талдау
3.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстанның депозит нарығының даму перспективалары
3.2 «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ қызметінің даму бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚР-дағы депозиттік нарығы еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған сегментіне жатады. Депозиттік нарық заңды және жеке тұлғалардың банктік салымдарының жиынтығын құрайды.
Депозиттік нарығының ажырамас бөлігі-депозит, яғни бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі – макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Сонымен депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалық қатынасты сипаттайды.Депозиттік нарық - ақша нарығының бір бөлігі ретінде банктің депозиттік қызметін ұсынушылар мен тұтынушылардың жиынтығын білдіреді.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты— депозит нарығының экономикалық мәні мен мазмұнын, оның құрылымын, даму болашағын анықтау.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
депозиттiң экономикалық мәнi мен оның жiктелуiнiң теориялық негіздерін ашып көрсету;
депозит нарығының теориялық негізін және ҚазақстанРеспубликасындағы депозит нарығының қалыптасуы және даму жолдарын зерттеу;
Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымын анықтау;
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттік қызметін талдау;
«ForteBank» АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау;
Қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жүргізу арқылы оның дамуындағы мәселелерді анықтау, депозиттерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру жолдары қарастыру;
Қазақстанның депозит нарығын дамытуды жетілдірудің нақты бағыттарын ұсыну.

1. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.
2. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие.» оқу құралы. Алматы. 2004ж.
3. Д.Т.Бохаев,Ұ.М.Искаков. «Қаржы нарығы және делдалдары» Алматы Экономика 2008ж.
4. Мамыров К.Н. Депозиттік нарық және оның даму ерекшеліктері// «Экономическая наука в Казахстане:проблемы ипути реформирования» уч.пособие Алматы 2003ж.
5.Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» оқу құралы, Алматы. 2004ж.
6. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» оқу құралы, Алматы Экономика 2005ж.
7. Сағиев М.С. «Ақша несие банктер» оқу құралы Алматы экономика және статистика институты 2002 ж.
8. Алдабергенова А. С. Депозиты как показатель доверия банковской системы // Экономическое Обзрение НБ РК №2 2001ж.
9. Алимухамбетов Н.Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность // Банк №6 2000ж.
10. Ауезов О. Когда деньги работают //ДН №23 2000ж.
11. Банки и банкоское дело / Под ред. Балабанова. Алматы 2001ж.
12. Банковские операции . оқу құралы под ред. Лаврушина О.И. 1995ж.
13. Жакыпова Ф.П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков //Вестник КазГУ №2 2000ж.
14. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в Республике Казахстан: Основные тенденции и перспиктивы// Вестник КазГУ №2 2001ж.
15. Исанова А.У. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Социально – экономические процессы в современном Казахстане в контексте реформ: материалы межвузовской студенческой коференции «Жас – Туран – 2000» Алматы 2000ж.
16. Куанова Г.А. Депозиты в банковской системе Казахстана.//Саясат №6 2004ж.
17. Куанова Г.А. Теоретические основы развития депозитного рынка// Евразийское сообщество №3 2001ж.
18. Лим А. Депозит – капитал, приносящий доход// Финансы Казахстана №11 2000ж.
19. Сухов П.А. Некоторые аспекты устойчивости банковской системы//журнал Деньги и Кредит №5-6 2005ж.
20. www.fortebank.com
21. www.nationalbank.kz
22. www.nur.kz
23. www.7kun.kz
24. Ranking.kz

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі - макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Сонымен депозитік нарық - бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалық қатынасты сипаттайды.Депозиттік нарық - ақша нарығының бір бөлігі ретінде банктің депозиттік қызметін ұсынушылар мен тұтынушылардың жиынтығын білдіреді.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік - бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -- депозит нарығының экономикалық мәні мен мазмұнын, оның құрылымын, даму болашағын анықтау.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
oo депозиттiң экономикалық мәнi мен оның жiктелуiнiң теориялық негіздерін ашып көрсету;
oo депозит нарығының теориялық негізін және ҚазақстанРеспубликасындағы депозит нарығының қалыптасуы және даму жолдарын зерттеу;
oo Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымын анықтау;
oo Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттік қызметін талдау;
oo ForteBank АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау;
oo Қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жүргізу арқылы оның дамуындағы мәселелерді анықтау, депозиттерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру жолдары қарастыру;
oo Қазақстанның депозит нарығын дамытуды жетілдірудің нақты бағыттарын ұсыну.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының депозит нарығы, екінші деңгейдегі банктердің депозит нарығында ұсынатын депозиттік қызметтері.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының дамуы мен қызмет ету үдерісінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломның жұмысының құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Депозиттің экономикалық мәні мен оның жіктелуі
Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді:
(1 сызба)
1. Депозиттік қаражаттар.
2. Депозиттік емес қаражаттар
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттары
депозиттік депозиттік емес
қаражаттар қаражаттар
Мерзімді Орталық банк
депозиттер несиесі
Талап етуге дейінгі Басқа бантерден алған
депозиттер
Жинақ
салымдары
1-сызба.Банктің тартылған қаражаттар құрылымы
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) - бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар - банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі - бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.
Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі - уақытша бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Кез-келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.
Халықаралық банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:
I - топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері - депозиттік сертификаттар ;
II - топ, талап етуге дейінгі депозиттер;
III - топ; халықтың жинақ салымдары;
Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:
-- 3 - ай мерзімге дейінгі депозиттер;
-- 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
-- 9 - айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
-- Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
-- Депозиттік сертификаттар
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, жасанды депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп - айырысуы мүмкіндігін беру барысында.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай - ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
-талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай - ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
-салым иелерінің категорияларына қарай;
-қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
-пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің, активтік операциялары бойынша Жеңілдіктер алуына қарай;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
-кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
-қаржылық мекемелерінің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай - ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
-әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырусыдағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
-- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
-- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
-- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
-- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Депозиттер
Транзакциялық шоттар
Талап еткенге дейінгі салымдар
Жинақ және мерзімді салымдар
Куәләндыратын чектер
Мерзімді салымдар
Жинақтық салымдар
Нау
шоттары
және
басқа да
шоттар
Ірі мерзімді салымдар
Ұсақ мерзімді салымдар
Ақша нарығының депозиттік шоты
Кәдімгі жинақ салымдар
2-сызба.АҚШ-тың коммерциялық банктеріндегі депозиттер
АҚШ - тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған чектер сияқты депозиттер Америка бантерінде кеңінен қолданылады.
Нау - шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады;
oo бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
-- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
oo салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәләндырылған чектер шоттары - бұл куәләндырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді. Куәләндырылған чектер - бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәләндырылуы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:
oo ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
oo шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
oo салымдардың сақтандырылуы;
oo иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
oo меншікті-мерзімді депозиттер;
oo алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
oo 30 күнге дейін;
oo 30-90 күнге дейінгі;
oo 90-180 күнге дейінгі;
oo 180 күннен 360 күнге дейінгі;
oo 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
-- есп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
-- шоттағы қаражат баяу айналады;
-- тұрақты пайыз төленеді;
-- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
-- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
-- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
-- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
-- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
-- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
-- мерзімді жинақ салымдар;
-- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
-- ұтыс салымдары;
-- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
-- мақсатты және ағымдық салымдар;
-- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
-- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға -- тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттың барлығын куәләндыратын банк-эмитент жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
-- атаулы сертификаттар;
-- мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
-- аударылатын;
-- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады, аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатын сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық бенктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру тиіс:
oo депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
oo депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
-- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
-- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер - бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспондент шотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт - банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтыңпайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем - банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
1.2 Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының қалыптасуы және даму жолдары
Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда қайырымдылықты дамыту үшін құрылған болатын. Оған жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатын болған. Кейіннен қаржы жүйесінің даму нәтижесінде 1860 жылы мемлекеттік банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да, құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік - есеп айырысу операциялары жүргізілген. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде алынатын, ал қаржыларды қайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есбінен алынатын болған.Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын пайыздар есептелініп тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына алынатын болды. Біртін деп Қазақстанның несие Ресей империясының несиелік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші деңгей - мемлекеттік банк, екінші деңгей - банк секторы, үшінші деңгей - мамандандырылған несие институттары. Бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер.
Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі бұл өркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез келген дамыған қоғамның өміріне қажетті элемент. Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы мемлекеттің дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып келеді.
Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897 жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті қағаздар бойынша капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары, мемлекеттік банк мекемелерінің ордерлері бойынша қаражаттарды қабылдау және беру, жеке қаражат сомаларын аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және мерзімсіз салымдарды қабылдау,процентті қағаздарды кепілге қоя отырып ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетілетін болды.
Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан бастап жинақ жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ жүйесінің жаңа тармағы дами бастады. Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен айналысатын Республикалық Жинақ Кассасы құрылды. Салымшылардың көп мөлшерін тарту мақсатында жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, калхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.
Мемлекеттік қарыздарды орналастыру есебінен түскен қаражаттар 1922-1925 жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары 6.8 пайызын құрады.Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар қабылдана бастады. Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан банктік реформа екі деңгейлі банк жүйесін қамтыды: Орталық Банк - мамандандырылған банктер.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында Қазақ ССР - дағы банктер банктік жүйе туралы заң қабылданды.
1993 жылы Жинақ банкісі Қазақстан Республикасына тиесілі Қазақстан Жинақ банкісі болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылды. Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.
Қазақстан Республикасындағы жалпы жинақтар және депозиттік нарық жайында тек 1995 жыл ортасынан бастап айта аламыз. Осы кезеңде теңге курсы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады. 1995 жылдың соңында, ресми мәліметтер бойынша, 5096.2 млн. теңгедей қаражат жинақталды. Сол кезеңдердегі нақты сектордың тұрақсыз болуы себебінен қаражат иелері оларды сенімді орналастыру жолдарын іздестірді.
Осы жылдың бірінші жартысында қабылданған банктік жүйені қайта құру бағдарламасына сәйкес, аукциондық ресурстар ұлттық банкінің тек өтімділік мәселесін шешу үшін ғана берілетін. Бұл белсенді депозиттік саясатты жүргізу мәселесіне біршама еріксіз сипат беретін. Сонымен қатар, 1995 жылдың соңынан бастап коммерциялық банктер әлеуетті салымшыларды тарту мақсатында әртүрлі бағдарламаларды құрай бастады. Банктер депозиттердің көптеген жаңа түрлерін енгізді, кейбір депозит түрлері бойынша қосымша лотереялар жүргізілетін болды.
Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі - макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды.
Қазақстанда 1994 жылы, яғни депозиттік нарықтың жаңадан аяқ басқан кезеңде, салымдар, депозиттер небәрі 15-35%-ын құрады.
Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1 кезең(1994-1995). 1994 жылдың аяғына қарай жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, 1995 жылдың аяғына қарай қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады.
Шын мәнінде халықтың жинақтары аталған сомадан анағұрлым жоғары болды, олардың көлемі 1,5-2 млрд.АҚШ долларын құрады. Халық өз қаражаттарын дұрыс және сенімді сақтау үшін тәсілдер іздей бастады.
Осы кезеңде бәсекелестік коммерциялық банктер арасында ғана бола қоймай, сонымен қатар басқа да коммерциялық құрылымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын тарту үшін үлкен жарнаманың компанияларын құрды, халықты қызықтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді немесе басқа да табысты шарттарды ұсынды, дегенмен олардың қызметі халықты алдау екендігі тез айқындалды. Сондықтан, халық өз сенімін көбінесе банктерге артты, сол себептен банктер өз несиелік, депозиттік саясаттарын жақсартуға үлкен көңіл бөле бастады.
1994 жыл аяғында инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалғандықтан, салымдар мен депозиттер бойынша банктік пайыздар өз нәтижелерін көрсете бастады. Бұл мәселе ақша құралдарын банкке салу керектігіне тағы да көз жеткізді. 1995 жыл бойы халықтың банкке салымдары көбейе бастады, 1995 жылдың қаңтар айында 7,7 млрд.теңге болса, 1995 жылдың қараша айында 18,5 млрд.теңгеге көбейді.
Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.
2 кезең (1996-2000). 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады. Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жағдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Инфляция деңгейін жабатын пайызды анықтау қиын, себебі оған көптеген факторлардың әсерін есептеу керек. Ал екінші пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.
1996 жылы мерзімі 6 айдан асатын депозит барлық мерзімді депозиттердің 55%-н құрады. Ең көп орын алған депозиттер 3 ай мерзімдегі мерзімді депозиттер болды, олар барлық мерзімді депозиттердің 40%-н немесе жалпы депозиттердің 16%-н құрады. Барлық депозиттердің 60% депозиттері халық салымдары болды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артуын білдіреді. Ең көп салымдар Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау қалаларында байқалды.
ҚР ҰБ-ң мәліметтері бойынша 2001 жылдың 1 қыркүйегінде, банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 21,9 млрд.теңгені құрады, валютада - 10,5 млрд, соның ішінде мерзімді депозит көлемі - 9,1 млрд. теңгені құрады.
3 кезең(2001-2003жж). Бұл кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында тұрды.
Дегенмен, бұл кезеңде салымдарды қорғау депозиттерді сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарына сай келген жоқ.
Банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 7,86%-ға төмендеді, ал ұлттық валютада 6,24%-ға көбейді. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары 7,36%-ға өсті және 2004 жылдың басында 141,579 млн.теңгені құрады, ал шетел валютасында 5,73%-ға төмендеп, 192,973 млн.теңгені құрады.
Шетел валютасында жалпы салымдар көлемі 7,071 млн.теңгеге азайды, ал ұлттық валютада керісінше көбейді, бұл жағдай халықтың салымдарды ұлттық валютада салуына үлкен сенімін артқанын көрсетеді.
Сонымен, біздің елімізде депозиттік нарықтың дамуында келесі қорытындыларға келеміз:
a) банктік депозиттік нарық 1994 жылдың аяғынан дами бастады, осы уақытта депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесі оңтайлы болып, ақша жинауға нақты мүмкіндік болды
b) депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне сенімінің артуын білдіреді, ең алдымен бұл Ұлттық Банк пен Үкіметтің заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің конвертациясы бойынша өз міндеттерін орындаумен байланысты. әрине, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша сақтандыру жүйесінің және банк құпиясы туралы заңның қабылдауын ескерусіз қалдыруға болмайды.
Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзiнiң жеке заңдылықтары мен ерекшелiктерiне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық мәлiметтер негiзiнде депозит нарығына мiнездеме бере отырып, оны сaлыстырмалы тaлдay негiзiнде көpceтyгe болады.
1.3 Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымы
Жоғарыда айтылғандай, әрбір мемлекет нарығының олардың қызмет ету тәжірибелері мен шарттарына қарай өз ерекшеліктері болады. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын нарықтық институттардың тұрғысынан және нарықтың қаржы құралдарының тұрғысынан көрсетуге болады.
Институтционалдық құрылым қадағалаудың реттеуші органдары мен тікелей қатысушы - шаруашылық жүргізуші субьектілердің желісі болып табылады. Республиканың Ұлттық банкі ҚР несие жүйесінің жоғары буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және мамандандырылған несие мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар, елдегі барлық қаржы нарығын реттеуші органы ретінде ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі, қазіргі Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау басқармасы алға шығады(3-сызба).
2000 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қор жұмыс істеп келеді. Оның жалғыз құрылтайшысы және акционері - ҚР Ұлттық банкі.
Бүгінгі таңда қор ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес ҚР ҰБ бекіткен нақты және міндетті шарттарға жауап беруі тиіс екінші деңгейлі банктер жүйенің қатысушылары бола алады. Депозиттерді сақтандыру жүйесі келесі параграфта кеңірек қарастырылады.
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі (Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау басқармасы)
ҚР Ұлттық
банкі
ДСЖ- ның құрамына кірмейтін депозит жинақтаушы мекемелер
Депозиттерді сақтандыру жүйесі (ДСЖ) ( 33 банк)
Зейнетақы қорлары
Қазпочта АҚ
Kоммерциялық банктер
Жүйенің қатысушылары -банктер
3-сызба. ҚР депозит нарығының институтционалдық құрылымы
Әрине, нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алғы шығады. Олар өз қызметінің 80%-ынан көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады. Алайда депозит нарығының жүйесінен және мамандандырылған депозит институттарынан парабанктік жүйенің ұйымдарын шығарып тастауға болмайды.
Депозит
нарығы
Мерзімді депозиттер нарығы
Талап етілгенге дейінгі депозиттер
Жинақтаушы депозиттер нарығы
1. Ағымдағы шот
2. Есеп айырысу шоты
3. Валюталық шот
4. Карточкалық шот
5. Чек шоты
1. Депозиттік сертификаттар
2. Қысқа мерзімді депозиттер
3. Орта мерзімді депозиттер
4. Ұзақ мерзімді депозиттер
1. Жинақ кітапшасы
2. Жинақтың үзінді көшірмесі
3. ЖЗҚ - дағы ерікті салымдар
4. Жинақ сертификаттары
4-сызба. Қазақстандық депозит нарығының сегменті
Депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірмейтін депозиттік жинақтаушы мекемелер де халықтың салымдарын нақты табыс алу мақсатында тартады, әр түрлі инвестицияларға шоғырландырып, бағыттап отырады. Олардың депозит нарығындағы рөлі айтарлықтай маңызды емес. Мысал ретінде, жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың өз еріктерімен салған салымдарын айтуға болады. Мұндай қорлар қошымша зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.
Депозиттердің көптеген түрлері бар. Әр институт заң шеңберінде тартылатын депозиттердің шартын дербес анықтауға құқылы. Депозиттердің мөлшері осыған байланысты болуы мүмкін. Қазақстандағы депозит нарығында мерзімді, жинақтаушы және талап етілгенге дейінгі депозиттер бар.
ҚР депозит нарығы күрделі динамикалық жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен ұдайы сезінеді. Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға ұмтылатын көптеген субьектілермен көрінсе де, ол Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі ағымдардың арнасынан табылады.
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттік қызметін талдау
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай - ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Жалпы алғанда, 2011 жылдан бастап, банк секторының өсу қарқыны байқалды, осылайша 2011-2013 жж. Екінші деңгейдегі банктердің активтері 28,5% (+3430,2 млрд.теңге) шамасында 15,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Атап айтсақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, банк секторының жиынтық активтері 1,6 трлн. теңгеге дейін (немесе 11,5%-ға) ұлғайды. Негізгі өсім көзі банктердің корпоративтік клиенттері мен халықтың депозиттері көлемінің артуы болып табылды. Бұл өсім халықтың банк секторына деген сенімін білдіретінін айта кету қажет. Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жылдардың барлығында депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде жеке тұлғалардың депозиттік қорының тұрақты өсімі байқалды. 2013 жылы олар 15%- дан астам шамаға өсіп, жалпы сомасы 3,9 триллион теңгеге дейін жетті.
Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті, ал, жыл басынан бері 13,9%-ға артты.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 6496,8 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өссе, жеке тұлғалардың депозиттері 3745,7 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 15,5%-ға және 11,1%-ға артқан.
2013 жылғы қазанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6277,1 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға төмендеген.
Ал, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3965,4 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 6,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%-ға артты. Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 62,6%-дан 61,3%-ға дейін кеміді.
Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қазанда 3778,5 млрд. теңгеге дейін 0,8 %-ға ұлғайса, жыл басынан бері 10,8%-ға өсіпті. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2082,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 1695,8 млрд. теңгеге дейін 2,9% - ға көтерілді.
Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 56,0%-дан 55,1%-ға дейін төмендеді.
2013 жылғы қазанда мерзімді депозиттер 7060,6 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4225,3 млрд. теңгеге дейін 2,0%-ға артты, шетел валютасымен депозиттер 2835,3 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті.
2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,8% (2013 жылғы қыркүйекте - 4,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 8,3% (6,3%) болды.
Бірақ активтердің, соның ішінде несие қоржыны сапасының жалпы нашарлау қарқыны сақталып қала берді. Бір жыл бұрын жұмыс істемейтін несиелердің үлесі банктердің несие қоржынының 35,9% құраған болса, 2013 жылдың соңында оның үлесі 36,9% шамасына дейін ұлғайды. 2013 жылы стандартты несиелер екі есе немесе 1,7 трлн. теңгеге қысқарды, күмәнді несиелер 66%-ға, ал үмітсіз несиелер 1,8%-ға ұлғайды.
Шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейді.
Ranking.kz сайтыпорталының мәліметіне сүйенсек, салымшыларда девальвация болуы мүмкін деген қорқыныш болды. Оның үстіне, 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен ұсынылатын жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5%-дан 4,5%-ға дейін төмендетілді.
Екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz