Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты .
Жоспар:
Кіріспе.
- Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы. Заңсыз кәсіпкерлік. Жалған кәсіпкелік. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (216-б) Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуЗаңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
- Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың сипаттамасы. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды динамикасы, криминологиялық сипаты құрылымы. Кәсіпкерлік саасындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаты. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың алдын алу
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысқа жалпы сипаттама. Бұл дипломдық жұмыс негізінен кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың құқықтық және криминологиялық сипатына байланысты туындайтын теориялық және практикалық проблеммаларымен күресу үшін бағытталған. Бұл жұмысты жазу барысында автор тарапынан тың деректер мен ғылыми және тәжрибиелік негіздерге сүйенген жаңа тың деректер мәлім болды. Зерттеу барысында осы қылмыспен күресу жолдарын жетілдіруге бағытталған, және алдын алу шараларын жүргізу мәселелері де қарастырылып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің алдына қоғамдағы және мемлекет ішіндегі проблеммаларды жеке өзі шешуі секілді мақсатты қойды. Сонымен қатар осының негізінде жаңа мемлекетке өзінің экономикалық жүйесін құру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабының 2 - тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] . Бұл дегеніміз мемлекеттің даму жолында эконмиканың қаншалықты маңызды, өзекті екенін көрсетіп отыр.
Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дамуына жол ашатын стратегиялық “Қазақстан - 2030”, “Қазақстан - 2050” құжаттарын бекітті. Ол стратегиялық жоспарлардың басты талаптары ретінде - нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, ірі көлемдегі шетел инвестициясын тарту сияқты мақсаттар көзделген. Осыған байланысты мемлекет тарапынан экономиканы, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында меншік туралы, кәсіпорындар туралы, ауыл шаруашылығы туралы, кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтің еркіндігіне бағытталған заңнамаар бұл саланың тамырына қан жүгірткені хақ[2] .
Мемлекет ішіндегі 90 - жылдардағы реформалар негізінен бұрынғы кеңес елінен қалған жоспарлы экономикадан бас тартып нарықтық экономикаға өтуге бағытталды. Бұл мемлекеттің эконмикалық жүйесін түбегейлі өзгертуіне алып келді. Нарықтық жүйе эконмикалық жүйенің еркіндігіне жол ашады., барлық меншік түрлерінің теңдігін, және лайықты қорғалуын қамтамасыз етеді, бәсекелестіктің дамуына жол ашады. Ал жоғарыда аталған салаларды жоспарлы экономикада дамыту мүмкін емес.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев қадағалауымен экономика саласында төмендегі мақсаттар қойылды:
- Бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканы қалыптастыру, меншіктің негізгі түрлерінің (жеке және мелекеттік) өзара байланысын қарастыру, жалпы жүйедегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерін бірге орындауға бағытталған.
- Мемлекет тарапынан азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуын арттыру үшін заңнамалық жағдай жасау сияқты мақсаттар қойылды [3, б. 6] .
Сонымен қатар ел ішінде реформалар жүргізілгеннен бастап, экономикалық қылмыстар да түпкілікті өзгерістерге тап болды. Жаңа меншік түрлерінің пайда болуы, әлемдік эконмикамен жақыннан жұмыс істеу қылмыстың кең ауқымда дамына жол ашты. Қоғамға беймәлім қылмыстар туындай бастады. Біздің мемлекеттің құқық қорғау органдары пәреқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мемлекеттік билікте отырған тұлғалармен біріге отырып “ өз ойын ережелерін” қоюға талпынуы секілді түйіткілді мәселелерге тап болды. Бұл әрине азаматтық нарықтық экономиканың дамуына үлкен кедергі келтірді.
Осығын байланысты экономика саласындағы қымыстың алдын алуға байланысты мемлекет тарапынан реформалар жүргізіле бастады. Осыған байланысты ел ішінде алғаш рет экономикалық қылымстармен күресуге байланысты 2002 жылы, 29 - желтоқсанда үкімет тарапынан №1430 қаулы бекітілді, ол қаулыда Қазақстан Республикасында 2003 - 2004 жылдар аралығында қымыспен күресу жоспары бекітілді. Ол жоспардың негізгі мақсаты - мемлекеттің қаржы - шаруашылық саласындағы қадағалауын орнықтыру, құқық қорғау органдарынынң біліктілігін арттыру, сонымен бірге мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, фискальдық, қаржылық мекемелермен біресе отырып экономикалық, корупциялық қылмыстармен күресу болып табылды. [9]
Эконмикалық қылмыспен күресуді одан раы қарай жетілдіру мақсатында 2003 - 2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан, Пезиденттің жарғысымен - 2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында 2003 жыл, 15 тамызда үкімет жоспары бекітілді. [10]
Жоспарда мемлекеттің экономикалық қауімсіздігін қамтемасыз ету кешені, қоғамдық тәртіпті бекіту, қылмыспен күрусу, ішкі саяси тұрақтылық, сонымен қатар құқықтық нормативтік базаны жетілдіру де қарстырылды, ескерту шараларының сапалы жұмыс істеуін, Заңға бағынуға насихаттау жұмыстары жүргізіді. Жоғарыдағы Концепциияның жүзеге асуы нәтижесінде, көптеген түйіндер шешіліді, және бұдан кейінгі уақыттарда да экономикалық қымыстрмен күрсуге жүйелі түрде бару керек екенін ұғындырды, бұл туралы Қзақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бекітілген 2005 - 2007 жылдарға арналған қылмыспен күресу жоспарында көрсетілген [11]
Жоғарыдағы шараларды қолданылуына қарамай эконмикалық қылмыстар одан әрі етек жайуын тоқтатпайды, оның басты себебі эконмика саласын реттейітін зағнаманың жетілдірілмеуі болып табылады. Профессор И. И. Рогов әділетті баға беріп кеткендей “Экономикалық қылмыстар қылмыстың жалпы жағдайына айтарлықтай әсер етеді, кейбір ескертпелерді ескере отырып мына нәрсені тұжырымдауымыз мүмкін, керек болса кез келген қымыстардың бастауы да десек әбден болады. ”[13, б. 2]
Оның үстіне бұл дипломдық жұмысты жазуда тағы бірнеше мәселелерге тап болдым десем де болады. Себебі біріншіден менің тақырыбымда бұдан алдыңғы кезеңдерде ешбір диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылмапты. Көбі орыс тіліндегі материялдар мына менің өз бетімше ізденуіме тура келді. Екіншіден - 2014 жылы 3 шiлдеде Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі қабылданған болатын, міне осы өзгеріс мына менің жаңадан ізденуіме себепші болды.
Тақырыптқа байланысты ізденістер алып барған тұлғалар
Жалпы, экономика, саласындағы қылмыстарға қатысты өз ойларын жазып қалдырған отандық және рессейлік ғалымдар ізденістер жүргізген. Атап айтқанда: Н. М. Әбдіров, А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, А. Ф. Әубакіров, К. Ж. Балтабаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, Е. И. Қайыржанов, Г. Д. Карагусов, Г. С. Мәуленов, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. Г. Рогов және көптеген аға буын ғалымдары өздерінің құнды мәлі меттерімен бөліскен.
Ал посткеңестік кеңістік ғалымдары арасынан бұл тақырыпқа байланысты өз ойларын жазып қалдырған ғалымдар: Г. Н. Борзенков, Б. Н. Волженкин, Л. Д. Гаухман, И. И. Карпец, В. Котина, Н. А. Лопащенко, А. М. Яковлева Секілді белді ғалымдар өз еңбектерін жазып қалдырған. Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектері, біздің тақырыбымыздың, теориялық, практикалық тұрғыда кең ауқымда ашылуына себепкер болды.
Тақырыптың жаңашылдығы:
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында мен көптеген қызық жайыттарға тап болдым. Осы тақырыпқа байланысты мәліметтер негізінен орыс тілді мәліметтер және ол аталған мәліметтердің арасында да нақты кәсіпкерлік саладағы қылмыстардың барлығын алып көрсеткен ғылыми жұмысты не болмаса дисертацияларды байқамадым. Көп жұмыстар негізінен кәсіпкерік саласындағы қылмыстарға жеке жеке арналған, негізінен жазылған жұмыстар - заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік деген секілді жеке - жекке зерттелген. Сонымен қорыта келе бұл дипломдық жұмыс кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарға қатысты жазылған қазақ тілінде жазылған алғашқы дерек. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығын алып қарастырған алғашқы жұмыс. Бұл жұмыста қылмыстық құқық, криминология секілді құқық салаларының негізгі қағидалары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - теориялық және практикалық дәйектерге сүйене отырып, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАТМАСЫ
Біздің бүгінгі зертеп отырған тақырыбымыз жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығына шолу жасай отырып оны жан - жақтама толығырақ, мағыналырақ ашып көрсетуге бағытталған. Осы күндері кез келген тәуелсіз мемлекеттің саясатының бір тармағына айналған экономика саласы мемлекет үшін де, халық үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабының 2 - тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] Сонымен қатар Конституцияның 26 - бабында әрбір азамат кәсіпкерлікпен еркін айналысу құқығына еге делінген. Сонымен қатар біздің мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікті, жалпы кәсіпкерлік саласын қорғау және қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр.
Кәсіпкерлік терминін XVIII ғасырда Р. Кантильон ғылымға енгізді. Оның берген анықтамасына қарағанда кәсіпкерлік ол алдын ала көре алу, тәуекелге бел буа алу және қылынған барша әрекеттерді өз жауапкершілігіне ала алатын субьект деп көрсетті. Бұл субьекттер негізгі капитарлдың егесі болуы міндетті емес деп айтылдып өтті . [20, 86-96. б]
Саяси экономиканың класикалық мектебінің негізін қалаушы А. Смиттің анықтамасы Р. Кантальоның анықтамасынан біршама өзгешеліктері болды. Ол кәсіпкерді мүліктің иегері ретінде көрсетті және кәсіпкерлікпен пайда табу мақсатында айналысатынын айтып кетті . [21, 124 - 130. б]
Ал, Й. Шумпетердің ойы бойынша кәсіпкер инаватор болуы тиіс, кәсіпкерік саланы болса шаруашылық салаларды ұйымдастырудың құралы деп есептеді. Оның ойы бойынша мүлік меншік құқығы боып есептелмеді. Шумплердің ойы бойынша кәсіпкерліктегі қандай да бір өзгерістер экономкаға да өзгерістер алып келеі деп айтып кетті. [22, 169-170. б]
Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің” 10 - бабына сәйкес кәсіпкерлік дегеніміз - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Жоғарыдағы анықтаманы кеңірек ашып көрсету үшін мынандай амалды қолданғанымыз дұрыс болар. Кәсіпкерліктің басқа қызмет салаларынан ажырататын негізгі мынандай белгілері бар:
- Нарықта өз өнімін, жұмысын, қызметін өндіру және сату арқылы пайда табатын қызмет түрі.
- Бұл қызмет түрі ерікті түрде бастамашының мүддесі мен талаптары негізінде жүзеге асырылады.
- Кәсіпкердің өзінің жекеменшік мүлкінің негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар барша мүліктік шығындар мен шығыстаға өз атынан жауап береді.
- Кәсіпкер тек өз атынан қатынасады.
Жоғарыда аталған негіздердің біреуі жоқ болатын болса бұл қызмет түрін кісіпкерлік қызмет деп атауға келмейді. Бұны қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамымен ұқсатуға да болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда Астанадағы: “Қазақстан 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сратегиялық бағыты атты жолдауында : қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын реформалауы жайлы, сонымен қатар ілгерідегі ізгілендіру барысында, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарға мән беру керектігі жайында жазылған. Демек осыдан түсінуге болатыны мемлекеттің лайықты дамуы үшін маңызды екенін көрсетіп отыр.
Енділікте кәсіпкерлік жайлы шағын болса да түсінік болса өзіміздің негізгі тақырыбымыз жайлы жазайық. Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қымыстық кодексін зерттей отырып мынандай кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды таба алдық:
- 214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет.
- 215-бап. Жалған кәсіпкерлік
- 216-бап. Іс - жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
- 364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
- 365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жаcау
Осы қымыстарды кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар деп қарастырғанымыз дұрыс көзқарас болар деп есептейміз. Біздің тақырыбымыз да осы баптардың негізінде жазылатын болыды.
Кісіпкерлік саласындағы қымыстардың баршасына тән ортақ белгі олар мемлекеттің, немесе жеке тұлғалардың мүддесін, құқығын таптай отырып жүзеге асырылады.
- Заңсыз кәсіпкерліктің обьективтік және субьективтік белгілері
Қазақстан Республикасындағы алғашқы жылдардағы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталған қылмыстық құқықыты қабыдауында айтарлықтай қиындықтарды туындатты. Алғашқы 1997 жылғы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі[72] алғаш рет барлық экономика саласындағы қылмыстарды 7-тарауға кіргізді. Бірақ бұл қылмыстық кодекс . . . Сілтеме табып ескі кодекс неге алынып тасталды, не үшін қала бермеді соған анықтау беріп кету керек. Жаңа кодекстің артықшылықтарын көрсететін сілтеме керек. Мысалыға : Президенттің жолдауы негізінде деген сияқты.
Қылмыстық құқық теориясында кез - келген қылмыстар обьективті және субьективтік белгілерден тұралы. Қылмыс құрамының обьективтік белгілері обьект және обьективтік жағының белгілерін сипаттайды.
Соның ішінде, қылмыстық құқықтың негізгі институттарының бірі болып табылатын, қазіргі таңға дейін түрлі пікірталастарға тақырып болып келе жатқан қылмыс обьектісін зерттеуге тоқталып өтуіміз тиісті. Осы арада професор Е. И. Қайыржанов өте мағыналы, әділетті ой қадырып кеткен: «Обьект мәселесі қазіргі таңға дейін толық зерттелмеген және ең күрделі мәселелердің бірі болып қала беруде»-, деп айтып кеткен[79, б. 88] .
Қылмыстық құқықтың обьектісі ретінде қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады[80-83] . А. Н. Трайниннің пайымдауы бойынша: «Кез келген қылмыстың обьектісі ол қоғамдық қатынастар екенін толыққанды жариялау керек»[84, б. 124] .
Л. Д. Гаухманның ойы бойынша «Қылмыстың обьектісі дегеніміз бағалырық және маңыздырақ қоғамдық қатынастар» [86, б. 53] . Н. И. Коржанскийдің ойы бойынша «маңыздырақ қатынастар деп - бұзылғаннан кейін мемлекетке немесе қоғамға елеулі зиян кетіретін қатынастар, ал бағалырақ қатынастар дегеніміз - әлеуметтік пайдалы қоғамдық қатынастар»-, деген[87, б. 77] .
Жоғарыдағы ойларға қарап отырып мына нәрсені түсінуге болады: Қылмыстық құқықтың обьектісі дегеніміз - ол мемлекет пен қоғам мүддесі үшін, сонымен қатар азаматтар үшін маңызды, конституциямен бекітілген, қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады .
Қылмыстық құқықтың теорриясында дәстүрлі түрде обьектіні жалпы , тектік және тікелей деп бөледі. Бұл сияқты үшке бөліп қарастыру үрдісі ескі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы кодексі қабылданғанда қалыптасса, кейіннен Қазақстан Республикасының 1997 ж. кодексінде де осы үрдіс сақталып қалды. Демек 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекске де осы секілді обьектіні вертикаль бойынша бөліп қарастыру тәсілі тән.
Жалпы обьект ретінде қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1-бабында заңмен қорғалатын жалпы обьектілерді көрсетеді.
Ал тектік обьектіде болса қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ғана қарастырылады. Жалпы обьектіден айырмашылығы, тектік обьекті жалпылама, кең ауқымда қарастырмайды, белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды қарастырады. Мысалыға 8-тараудағы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар», - дың тектік обектісі экономика саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Ал Рессей Федерациясының Қылмыстық кодексінде болса обектілерді төртке бөліп қарастырады, олар: жалпы, тектік, түрлік және тікелей. А. П Гореловтың пайымдауы бойынша: «бір бөлікте жиылған қылмыстың құрамы РФ ҚК - де тектік деп аталады. Ал құрамы бір тарауда орналасқан қылмыстарды түрлік обьекті дейді »[96, б. 80], - деп айтып кеткен. Көріп тұрғанымыздай Рессей Қымыстық құқығында бізге қарағанда біршама өзгешілікті байқауға болады.
Ал тікелей обьектіге келер болсақ отандық ғаымдардың көзқарастары бір жерден шығып тұр, олардың пайымдаулары бойынша заңсыз кәсіпкерліктің тікелей обьектісі заңды кәсіпкерлік қызметтпен айналысуға негіздеген қоғамдық қатынастар[77, б. 30; 103, б. 24] .
Ал Рессейлік ғалымдар арасында әртүрлі ойлар қалыптасқандығы байқалады. Т. Д. Устинаның ойы бойынша жоғарыда аталған саланың обьектісі ретінде кәсіпкерлік қызметтің бақылайтын функционалыдық саласы бойынша қатысатын қоғамдық қатынастар болып табылады[104, с. 10]
Ал С. С. Нестеровтың ойы бойынша, жалған кәсіпкерліктің тікелей обьектісі мемлекеттік тіркелуге байланысты конституциялық құқығын жүзеге асыру саласындағы және арнайы рұқсат алу, заңды кәсіпкерлікпен айналысу секілді салада қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қарастырады[99, б. 48] .
Ал О. Г. Карповичтің ойы бойынша, заңмен және басқа да нормативтік актілермен бектітілген, кәсіпкерлік қызметпен айналысу қызметінің тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар танылады делінген[98, б. 59] .
Жоғарыда аталған тұжырымдарды оқи отырып мынаны айтуға болады: заңсыз кәсіпкерліктің тікелей обьектісі кәсіпкерлік қызметпен айналысу тәртібі бекітілген заңмен бақыланатын қоғамдық қатынастар .
Келесі толық және жанжақты зерттеуді талап ететін қылмыс құрамының элементі қылмыстың обьективті жағы болып табылады. Қылмысты, қылмыс құрамының элеменнетрінің барлығын түсінуде қылмыстың обьективті жағының алатын орны ерекше.
Қылмыстың обьективті жағы қоғамға қауіпті қастандықтың сыртқы жағы болып табылады. Оны мынандай белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті іс - әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап(қылмыстың нәтижесі), қоғамға қауіпті іс - әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасаған орын, уақыт, тәсіл жағдай, жасау құралы мен қаруы [1, б. 94] .
А. В. Наумовтың пайымдауы бойынша: «Қылмыстың обьективті жағы дегеніміз - қылмыстық жауаптылықтың өзіндік ерекше қалыпы, олсыз қылмыстың болуы мүмкін емес»-, деп қылмыстың обьективті жағына өзінше түсінік берген.
Отандық ғаымдарың арасынан осы тақырыпқа толығырақ және анығырақ мәліметті профессор И. И. Рогов пен професор С. М. Рахметов беріп кетті.
Олардың пайымдаулары бойынша: «Адаманың сыртқы мінез құлықын суреттейтін белгілердің жиынтығын қылмыстың обьективті жағы деп айтамыз. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттері(активті мінез-құлық) және әрекетсіздіктері жатады ( пассивті мінез- құлық) . Сонымен қатар обьективті жақтың белгілеріне тұлғаның әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туындайтын қоғамға қауіпті зардап пен солардың арасында туындайтын себепті байланыс та жатыды. Қосымша жоғарыдағы бегілермен бірге қылмыстың обьективті жағына орыны, уақыты, тәсілі, жағдайы, жасау құралы мен қаруы да жатады. » [2. б. 17]
Менің түйген ойым осы И. И. Рогов пен С. М Рахметовтың ойларымен сәйкес келеді. Осы тақырыпқа толыққанды және жан - жақты анықтаманы осы кісілер көрсетіп кеткен.
Тақырыбыма сәйкес енділікте Қазақстан Республикасының Қымыстық кодексінің 214 - бабында көрсетілген Заңсыз кәсіпкерлікке тоқталып, осы қылмыстың обьективті жағының белгілерін көрсететін боламын. Осы Бапытың диспозициясы заңсыз кәсіпкерліктің обьективті жағының белгілері деп келесі әрекеттерді танылады:
- Кәсіпкерлік қызметпен тіркеуден өтпей айналысу;
- Лицензия алу міндетті болған жағдайларда арнайы лицензиясыз айналысу;
- Рұқсаттар мен хабардамалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асырсу;
- Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу;
Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеудекн өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына құқығы бар. Заңды тұғаларды тіркеу Қазақстан Ресубликасының Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңды тұлғаларды «мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы негізінде тіркеледі.
Заңды тұлға немесе жек тұлға жоғарыдағы негізде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, сол тіркелгендігін растайтын құжат беріледі, кәсіпкерләкпен айналысатын тұлғада осы құжат болмаса, мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан болып есептеледі [3, б. 367]
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметпен арнайы рұқсатсыз(лицензиясыз) айналысатын болса, сол арнайы рұқсаттың бомауы да заңсыз кәсіпкерлік қылмыстың құрамы болып табылады. Кәсіпкерліктің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер заңда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткеннен соң лицензия күшін жояды. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» негізінде лицензиялау қызметі жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz