Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І . БӨЛІМ Адам өмірінің негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Даму факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..9
1.2 Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
1.3 Балада еріктің дамуы
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жалпы сипаттамасы
ІІ . БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Бала психологиясы— жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Түрлі жастағы топ балаларының даму ерекшеліктерін айқындау және қалыптастыру.
Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі – Балабақшадағы балалардың таным үрдісінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі педагогиканы оқыту үрдісі.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді
Курстық жұмыстың гипотезасы: Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерінің деңгейін анықтау және талдау.
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.
3. Обухова Л.Ф Возрастная психология. — М., 1999.
4. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. — СП б., 2000.
5. Караковский В.А. О подростках. — М.: Педагогика, 1970.
6. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
7. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988.
8. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. — Москва: Просвещение, 1988.
9. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. — М.: Просвещение, 1988.
10. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и ученически коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
11. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1977.
12. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. — Алматы, 1979.
13. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. — М.: Московский рабочий, 1988.
14. А.Г. Хрипкова. Ұл есейсе, қыз өссе. — Алматы, 1988.
15. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.
16. ХарламовИ.П. Педагогика. — М.,1990.
17. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. — Алматы, 1991

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Педагогика, психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктері

Тексерген: аға оқытушы, магистр Халикова
Б.Т
Орындаған: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
1 курс студенті Жәнібекова М

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І – БӨЛІМ Адам өмірінің негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. Даму
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
3. Балада еріктің дамуы
4. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жалпы сипаттамасы
ІІ – БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 35
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

КІРІСПЕ

Бала психологиясы— жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі.
Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың
психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының
іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде
өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В.
Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен
объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың
психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады.
Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін,
ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Түрлі жастағы топ балаларының даму
ерекшеліктерін айқындау және қалыптастыру.
Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен
сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып
бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала
ойлауын дамыту болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы
және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету
сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке
қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы,
адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі – Балабақшадағы балалардың таным
үрдісінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі педагогиканы
оқыту үрдісі.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен
жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді.
Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі
қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан
жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге
бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін
белгілеуге мүмкіндік береді
Курстық жұмыстың гипотезасы: Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына
дейінгі балалардың даму ерекшеліктерінің деңгейін анықтау және талдау.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С.
Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я.
Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың
жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең
маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда
мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей
өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-
бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады.
Курстық жұмыс зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы – мектеп жасына
дейінгі балалардың даму ерекшеліктері және балалық шақтың кезеңдері.
Зерттеудің теориялық мәні – мектеп жасына дейінгі балалардың таным
процесінің тәрбиесі зерттеген әдіскерлер, еңбектеріне шолу жасалынды.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде
шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу
әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу,
талдау.
Зерттеудің өміршеңдігі – мектеп жасына дейінгі таным процесінің
тәрбиесі балабақшада кеңінен қолданылады.
Курстық жұмыстың пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық
таным үрдістерінің маңызы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

І БӨЛІМ АДАМ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Мектепке дейінгі сәбилік кезең
Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму
кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер
байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады.
Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл
ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушас ынан бастап, туғанға дейінгі уақытты
қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі -
туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір
ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos — жекелей, genes -
шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді
ажыратады.
1. Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге
дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің
барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына
байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей
алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен
іске қосады. Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке
карастырылады.
2. Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін
емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол.
Сондықтан да уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке
құнты бар деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір
тағаммен теңестіруге болмайды.Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан
бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты
ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру
уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы
бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте
қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады,
еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке
сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-
аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде
шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де,
мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау
қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты
рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.
3.Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан
көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді,
сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі
келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт
тістері (20) толық шығып үлгіреді.
4. Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына
дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан
жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми
көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі
ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады.
Әсіресе, кимыл-әрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері
дұрыс жетіле түседі.
5. Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық
өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей
байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге
талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті
сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-
150 см, салмағы 30 килодан артады.
6. Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда
болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары
айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты.
Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері
дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі
айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын
байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Зат
алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі.
Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді.
7. Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер
жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі.Жүйке жүйесі мен
ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді. Ағзадағы
барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, міңез-құлық әрекеттерін
басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Тежелу үдерісінің
басымдылығы байкалады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және
т. б. қасиеттер толық калыптасады. Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің
жұмыс істеу кабілеті де арта түседі. Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды.
Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі.
8. Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп,
шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы
жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап,
белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Бұл кезеңнің соңында жыныстық
бездер қызметі әрекетіне байланысты соңғы рет гормондық қайта құрылу
басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі.
9. Мосқалдық кезең (пожилой). Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті
баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын
басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөл уі азаяды.
Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке
жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
10. Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу
қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.

1. Даму факторлары
Даму-баланың қоғамдық-тарихи тәжірбиені игеру процесі. Адам мен
жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады.Жануарлар дүниесі мен
адамның даму процестері мен сипаты мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді.
Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі-биологиялық бекіген-
тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінен жануарлардың ортаға дара
икемделуі өріс алады.
Соңғы кездерде психикалық дамудың биологиялық немесе әлеуметтік
факторларының ықпалы басым келеме,-осы жөнінде айтыстар болып, бірақ
зерттеушілер келісімге келе алмай жүр. Оның себебі, биологиялық, не
әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда
бермейді. Себебі, факторлардың әрқайсысы өзінше психикалық дамуында бөлек
қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.
Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды,тек
психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ, кейде
зерттеушілер биологиялық деген сөзді тұқым қуалаушылық мағынасында
қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер
баланың: психикалық тұрғыдан қалай дамитындығын толық түсіндіре алмайды.
өйткені тұқым қуалау қасиеті өзінен-өзі қызмет еттіріп оятып жұмыс істеу
үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Бұл ілгеріде аталып кеткен
педиология ілімі баланың ой-өрісін анықтауда тұқым арқылы берілетін
қасиеттерге тек мән беріп, әлеумет ортасының, соның ішінде тәрбиенің
тигізетін ықпалын жоққа шығарып келді. Осы кездерде ғылым үстірт
дамығандығынан зерттеушілер әлеумет ортасы, не тұқым қуалаушылық деген
ұғымдарды таяз мағынада түсініп, соның нәтижесінде баланы зерттеуде
сәтсіздіктерге ұшырады.
Адамның дамуына қоғамдық орта, тәрбие микроортасы қарым-қатынасы, іс-
әрекеті мен қызметі себепші болды.
Педагогтардың сол негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдерінен ғана емес,
бала психикасының дамуын, 1-шіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ
осының не екенін дәлелдей алмаынан. 2-шіден, әлеуметке байланысты
факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен.
Осы кемшіліктер қазір де ескеріліп, биологиялық және әлеумет факторларын
бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Егер біз биологиялық факторды
баланың туылғанынан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар
ешқандай роль атқармайды. Керісінше, тек адамнан адам тууы биологиялық
кодтар (пішу т.б.) арқылы берілген.
Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның
іштен туа берілген несібесі. (шартсыз рефлекстер)
Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан
несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.
Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек, мұның да бала психикасының
дамуына тигізетін әсері тым үлкен.
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму
процесін тек біліммен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді
білдірмейді. Адамныңдамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің
күрделілігімен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай
қарастырғанда ғана даму жекелеген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан
көбеюі түрінен емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы
ретінде көрінеді.
Адам психикасының дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен,
жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате
болып табылады. Және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады,
өйткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік
педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму
заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы
мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа
алды.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым
қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро физиологиялық
ерекшеліктерінің, оның психикасындағы дамуының ролі қандай?
Адамның психикалық (құрылымы) іс-әрекеті-өте күрделі құрылым. Оның
ерекшеліктеріалдымен баланың тіршілігі және тәрбиесі мен сабақтас. Сөздік
логикалық ес, ұғымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да
жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен
қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге
ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау-сөйлеу)
мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу
функцияларының) процестерінің арақатынасымен ерекшеленеді. Психикалық басқа
да көптеген компоненттерменен қоса осынау қарапайым функцияларды да
қамтиды. Мысалы, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс
айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі мен синтезі
функциялар арасындағы байланыс белгілі. Әдетте, нышандар деп аталатын,
қарапайым табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын
күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе
бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-
әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне
зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей
білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы
қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес
психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті
қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен
дамитындығы дәлелденіп отыр.
Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі- жоғарғы нерв
қызметінің типі деп жорамалданады.
Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды.
Алайда дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл
қатынасы да бір қалыпты болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның
даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып
отырады. Мысалы, нерв процесінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез
ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса,
2-ші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар
психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен
механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың
арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайы есептеледі.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі-
ойлай білетін-адамның дүниеге келуі.
Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын
бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады.
Еңбек адамзат қоғамының дамуына, ұжымдық байланыстың тууына жағдай
жасады.
Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық
құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Сүйектері, ми қабығының клеткалары,
сондай-ақ бет әлпеті еңбек процестерінде біртіндеп даму үстінде болды.

2. Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
Нәрестенің негізгі ерекшелігі-жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән
мінез құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық
қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің
жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа
қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері)
қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі
дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін
хайуанаттар пәнінен осы ерекшеліктері ажыратады. Баланың жүйке жүйесімен
сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп негізі
және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.
Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің
табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір
жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш
қажеттігін де қанағаттандырады: оны қолына алғанда сәби біраз көңілденіп
қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды
байқайды, олардың қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға
мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады.
Жадырау комплексінің өзінде-ақ баланың үлкендерге деген жағымды
эмоциялық көзқарасы, онымен қарым-қатынас жасағаннан қанағат алатыны
байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді.
Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына үлкен кісі
жақындаса-ақ оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады да, өзінен-өзі тағы да
жалғыз қалып, алдыңғы ойыншығымен ойнай бастайды.Туғанына 4-5 ай болғанда
үлкендерді таңдап, қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан
ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.
Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-
қатынас кешікпей белгілі бір затпен, ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады
да, үлкен кісі баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады.
Үлкен адам мен баланың бірігіп қимыл жасауы үлкен адамның нәресте
қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару
үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады.
Бала мен үлкен кісінің бірлескен іс-әрекетінде бүкіл нәрестелік
кезеңде ересектердің іс-әрекетінде еліктеу қабілеттілігі зор маңыз алады. 7-
10 айда бала үлкендердің сөзін, қимылын бақылайды. Көбіне ол өзіне әсер
еткен қимылды сол бойда емес, біраз уақыт өткен соң, кейде бірнеше сағаттан
соң қайталайды. Бірнеше рет көрсеткеннен кейін ғана еліктеп, қайталайтын
кездері аз болмайды.
Нәрестелік шақтың соңында балалар үлкендердің көптеген қимылдарын
қайталап, оларда көптеген қимылдарын қайталап, оларда еліктеушілік пайда
болады. Столға жайылған дастарханды шүберекпен қалай сүртетінін байқап,
ыңғайы келсе, қолына түскен матамен сүрте бастайды. Баланың үлкендердің
басшылығымен меңгеретін қимылдары дамудың негізін жасайды. Сонымен,
нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуының жалпы заңдылығы айқын
көзге түседі, ондағы психикалық процестер мен сапалар тұрмыс жағдайының,
тәрбие мен үйретудің шешуші әсері бойынша қалыптасады. Баланың болмысқа
қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болады.
Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің артуы кейде қарама-
қарсылыққа да әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей
білген кезде ғана шешіледі.
Қарым-қатынастың қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының
негізін қалайды. Өзімен үлкендер сөйлескен кезде бала ерте бастан-ақ бірден
тынышталып, көңіл қоя тыңдайды. Туғаннан кейін 3 айдан соң, егер баланың
көңіл-күйі жақсы болса, ол уілдеп, дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап
еңкейсе, бұл уіл күшейеді.бала өзі шығарған дыбысқа құлақ қойып тыңдайды.
Кейде ол өзіне өзі еліктеп, ілкіде өзі кенеттен шығарған дыбысын ұзақ
қайталайды. Бірқатар балалар дыбысты мейлінше, анық шығара алатын болады.
Үлкендер нәрестеге жақындаған сайын онымен сөйлесіп, оған кейде жылы
сөздер айтады. Өзара сөйлеспейінше өмір сүру мүмкін еместігін білетіндіктен
адамдар баланың жауап қатуына қол жеткізуге ұмтылады. Сөйлесудің эмоциялық
үнін бала тез түсінеді. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында
дұрыс дамып келе жатқан дені сау бала былдырлап, сөйлегіш келеді. Түрлі
буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды, үлкендер айтқан
буындарды қайталап айтуға тырысады.
Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді, жаңа
сөздерді және айта білуді үйренеді. Осындай дыбыстар шығару балаға қызық,
сондықтан ол кейде ұйықтап жатып та былдырлайды. Баланың сөздік қорының
дамуы үшін бұл былдырлаудың, маңызын асыра бағалау қиын. Былдырлай жүріп,
бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және тыныс алуы жетіле береді. Осындай
әзірліктің нәтижесінде сәби келешекте кез келген тілді меңгере алады.
Егер бала дүниеге келегн алғашқы айларда үлкендер сөзді оған деген
өзінің көңіл-күйін білдіру үшін пайдаланса, шамамен нәрестелік шақтың
жартысынан бастап, олар баланың айтқанды түсіну үшін арнайы жағдай жасауда
болады. Нәрестелік шақта балаға арналып берілген сұрақтың дауыс ырғағы
сөзді түсінуіне әсер етеді.
Бала дүниеге келген бірінші жылдың соңында заттың аты мен заттың
өзінің арасында байланыс болады. Байланыс сол затты іздеп табудан көрінеді.
Мұның өзі сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады.
Бала үлкендердің сұраған нәрсесін оған қарау үшін ғана іздемейді,
қайта үлкендермен қарым-қатынасын жалғастыра беру үшін іздейді. Үлкен кісі
ана зат қайсы?-деп сұрайды да, бала оған ол міне!-деп жауап беру үшін
әлгі затты іздейді. Үлкендердің сөзіне түсінуге байланысты эмоционалдық
қатынас жасау, әдетте, баланы зор қатынасқа бөлейді.
Заттың атын атаған сөзге құлақ асу бала мүмкіндігінің дамуына
байланысты болады: әуелі бала әлгі нәрсеге жай ғана қарайды, біраздан соң
оған ұмтылады, ақырында жаңағы затты үлкендерге алып береді немесе алыстан
қолмен нұсқап көрсетеді.
Жылдың соңында сәби үлкендердің сөзіне жауап беруі және сөйлеу
реакциясы пайда болуы мүмкін. Мұндайда көбіне-көп Папаң қайда?-деген
сұраққа жауап ретінде сәби әкесіне бұрып: Па-па,-деп қуана тіл қатады.
Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан кейін
бала үлкендермен өзі байланыс жасап, одан тағы да жаңа заттардың атын
үйретуді талап етеді. Сөйтіп, нәрестелік шақтың соңында сәби сөйлеуге
ықыластана кіріседі, сөйлеу баланың үлкендер мен қарым-қатынасын ұлғайтудың
маңызды құралына айналады.
Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып заттар
мен іс-әрекет жасауды үйрену арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын
дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй-тәй тұрып, қаз-қаз басуға үйренеді.
Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды
сілкілейді, лақтырады. Осы әрекеттердің бәрі адамға тән мінез-құлық
формаларын біртіндеп игерудің баспалдақтары іспетті болады. Осындай
прогрессивті қимылдар және іс-әрекеттермен қатар, дұрыс тәрбие болмаған
жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың одан
әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді. Қимыл
мен әрекеттің прогрессивті түрлері үлкендер балаға үнемі көңіл бөліп
отырғанда, оның мінез құлқына бағыт-бағдар бергенде ғана дұрыс қалыпиасады
және оның психикалық дамуы үшін зор маңызы болады. Сонымен бірге, олар
дамудың бала жеткен дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Әсіресе,
кеңістікте еркін қозғалудың (еңбектеу, жүру), бір нәрсені ұстап әртүрлі
қимыл жасаудың маңызы зор.
Еңбектеу баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының
алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей көпшілік балалар алғашқы жарты жылдың
соңында, екінші жарты жылдың басында, әлдебір тартымды ойыншықты алуға
тырысқанда еңбектей бастайды. Бала ойыншыққа қарай біресе оң қолын, біресе
сол қолын созып талпынады, оны ұстауға ұмтылып аздап ілгері жылжиды.
Өздігінен жүруді-бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың адамға тән
әдісін-үйрену үшін көп уақыт керек. Бұл мерзім ішінде сәби аяғынан тік
басып тұруға, бірдеңені жағалап тәй-тәй басуға, ештеңеге сүйенбей тұруға,
жүруге үйренеді.Еңбектеген бала ойлаған жеріне бару үшін жүруге асыға
қоймайды. Сондықтан оны жүруге және қимыл жаттығуларына үлкендер әзілеуі
тиіс.
Жүре бастаған балаеңбектеуін бірден қойып кетпейді. Әдетте оған
жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да, ол алысырақ жатқан нәрсеге тезірек
жету үшін еңбектей жөнеледі. Алайда үлкендердің қолдауымен болған жүру
әдісі кешікпей-ақ үйреншікті іске айналады. Бұл әдетте, нәрестелік шақтан
кейін жүзеге асады.
Бірдеңеге жармасу туғаннан соң 3-4 ай өткенде басталады. Төсекте
немесе манежде жатқан бала қолын кеудесінен жоғары көтеріп, бір қолымен
екіншісін сипағандай болады.
Тек 4,5-5 айлық бала ғана ілулі тұрған ойыншыққа қолын еркін
жеткізіп, көп кешікпей 6 ай болғанда бір қолымен ұстай алады. Әрине бұл
бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз емес. Мұның өзі әлі жетіліп
болмаған. Затқа ұмтылған қол тура бармайды, доғаша иіліп, көбіне басқа
жаққа ұмтылып бұрылып кетеді. Бала туғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта
жармасуды онан әрі жетілдіре түседі. 1-шіден, қолды затқа қарай тура
созатын болады. 2-шіден үлкен саусақты қалған саусақтарға қарсы қоюы
жетіледі., сөйтіп бала затты саусақтармен ұстауға көшеді. Қолды затқа
біртіндеп жақындату шамамен балаға 8 ай болғанда, ал қолды көздеген
нәрсесіне ауытқытпай тура апару 1 жасқа толғанда мүмкін болады. Затқа
жармасып, онан соң саусақтардың көмегімен ұстап тұру 7-8 ай болғанда
қалыптасады да, жасқа толғанша жетілдіріле береді. Саусақтардың қалай
орналасуы, әдетте қандай нәрсені ұстайтынына байланысты: допты саусақтарын
тарбитып, ал жіпті үлкен және сұқ саусақтарының ұшымен ұстайды, кубикті
ұстағанда саусақтар оның қырларына жатады.Бірақ, кешікпей затпен қимыл
жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым қимылдардың белгілі бір нәтижеге
қол жеткізеді. Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту дегеніміз мұнда
нәресте бір емес, екі затпен бірдей әрекет жасай бастайды. Бір жастың
соңына қарай баланың заттармен түрлі қимылдар жасауында жаңа маңызды
ерекшелік пайда болады.
Бала қимыл мен әрекеттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдірген
сайын, оның қоршаған кеңістіктегі, заттардың қасиеттері мен қатынасын
бағдарлауы әлі де болса, бөлек сипатта болмайды. Нәрестенің мінез-құлқын
сипаттаған кезде бала бақылайды, бала таниды, бала түсінеді дегенді
жиі қолданамыз.
Нәрестелік кезеңнің басында көру аппараттары мен есту аппараттарының
жұмысын дәлелдеу жүзеге асырылады. Оларды жаттықтыруға байланысты көру мен
естуді шоғырландыру пайда болады. Нәрестелік кезеңнің басында көру мен
естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі. Бақылау көрсеткендей, 3-4 айға
дейін, яғни еңбектегенге, бір нәрсеге жармасып, онымен түрлі әрекет
жасағанға дейін бұл жетілдіру негізінен аяқталады.
Бала көріп және естіп қана қоймайды. Ол сонымен бірге көргеннен
естігеннен әсералып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді.Демек, баланың көру
әлемі бірінен-бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден тұрады. Олар кейде тартымды,
2-шісі тартымсыз болып келеді.
Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің көмегімен орындалатын
қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестердің көмегімен орындалатын
бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның негізі болып табылады. Тұрақты
өзгеріп тұратын әсерден кейін заттар балаға өзін қоршаған кеңістікте
тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті бар нәрсе болып
көріне бастайды.
Ерте жастағы психикалық үрдістердің ішінде басты рөл атқаратын
қабылдау болып табылады. Бұл жастағы балалардың тәртібі мен танымы
қабылдауымен анықталады. Осылайша, ерте жаста есте сақтау тану формасында
жүзеге асады, яғни таныс заттарды қабылдау. Баланың ойлауы 3 жасқа дейін
бірбіткей мінезді болады, бала қабылдаған заттар арасында байланыс
орнатады. Баланың барлық уайымы қабылдаған заттары мен құбылыстарына
қарай негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша ... баланың бұл
жастағы барлық қызметі айналадағы қабылдаулардың айналасында өтеді,
қабылдау арқылы және қабылдаудың көмегімен ешқандай да қызмет ерте жаста
жақсыға ие болмайды . Ерте жастағы қабылдау дамуының негізгі
ерекшеліктерін қарастыралық.
Сәбилік жастың аяқталуына қарамастан балада жиынтық образдар пайда
болады және ол айналасындағы таныс заттар мен адамдарды жеңіл тани алады.
Балалар көру әрекеті арқылы заттарды қабылдайды. Ерте жаста заттарды
тану үшін түс ешқандай да мағынаға ие емес. Сәби боялған және боялмаған
бейнелерді бірдей көреді, тіпті ең қарапайым түсті боялған затты да. Ол
тек формасына қарап ажыратады. Бұл бала түсті тіпті ажырата алмайды деген
сөз емес. Еске саламыз, нақты түстерді ажырату дүниеге келген алғашқы
айлардың өзінде-ақ болады.
Ерте жастағы қабылдаудың дамуы заттық қызметтер мен жаңа әрекеттерді
игеру аясында өтеді. Мағына ие әрекет, ол арақатынас болып есептеледі.
Бұл әрекет екі не одан да көп заттармен, бұнда әртүрлі обьектінің
көлемін, формасын, үлкендігін, қаттылығын, орнын және т.б. есте ұстау
керек. Сәбилік кезеңнің соңында балалар екі затпен әрекеттер жасай
бастайды, тізіп отырады, біреуін біреуінің үстіне қояды, орналастырады.
Бірақ бұл әрекеттерде сәбилер заттың көлеміне мән бермейді, керек заттарды
формалары мен көлеміне қарай таңдамайды, оларды нақты тәртіппен
орналастыруға тырыспайды. Ерте жаста әрекеттің ара салмағы осындай есепті
талап етеді. Ерте жастағы балаларға арналған көптеген ойыншықтар
(пирамидалар, жай шаршылар, матрешкалар) осы әрекеттер арақатынасына
арналған. Бала бір әрекет жасауға тырысқанда ол заттарды формаларына,
көлемдеріне, түстеріне қарай оларды кеңістікте өзара орындары болуы үшін
таңдайды және біріктіреді. Пирамиданы жинау үшін шеңберлерді үлкендіктеріне
қарай орналастыру керек. Матрешканы жинағанда жартысын бірдей үлкендікте
таңдау керек және әрекетті нақты тәртіппен ораналастыру қажет, ең алдымен
ең кішкентайын жинау керек, сосын оларды үлкендеріне қою керек.
Бұл әрекеттер дайын пирамидалар мен марешкаларды алуға реттеліп және
бағытталу керек. Бірақ бала әлі дайын қорытынды жасай алмайды және оған
өзінің әрекетін тәуелді етеді. Бұл үшін үлкендердің көмегі, үйреткені
керек. Әрекеттердің арасалмағы әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін, яғни
оларға үлкендер қалай үйреткеніне байланысты. Егер бала үлкендерге еліктесе
немесе т.б. сол секілді сол заттарпен олар жасаған әрекетті жасайды. Сонда
ғана үлкендердің көрсетуімен олар қорытынды шығаруы мүмкін. Сондықтан ең
маңызды нәрсе – баланың керек заттарды өзі таңдай алуы, қажетті тәртіппен
таңдап және бөліктерді біріктіру үшін. Ең басында сәби бұл әрекеттерді тек
практикалық сынақтардан кейін орындай алады, себебі ол көзбен заттардың
формасы мен үлкендігін салыстыра алмайды. Мысалы, матрешканың төменгі
бөлігін жоғарғы бөлігіне орналастырса, онда ол сай келмейтінін байқайды
және басқасын қарай бастайды. Кейде ол нәтижеге күшпен жетеді, керек
бөлшектерді таппайынша, барлық талпыныстарды жасап көреді. Бұнда
ойыншықтардың өздері қандай бөлшек қайда тұратынын көрсетіп тұрады.
Сондықтан оларды автодидактикалық (немесе өздері оқытатын) деп атайды. Ішкі
реттегіш әрекеттердің көмегімен бала ерте ме кеш пе керекті нәтижеге қол
жеткізеді.
Ішкі реттегіш әрекеттерден сәби заттарды көлемін көру арақатынасына
ауысады. Бір заттың ауқымы үлгіге айналғанда, көру қабылдауының жаңа типі
қалыптасады. Мысалы, пирамиданың сақинасының үлкендігінен басқаларының да
өлшемдері байқалады. Бұл қабілет балалар заттық әрекеттерді орындай отырып,
көру реттегішіне ауысады. Ол керекті бөлшектерді көзбен таңдап және дұрыс
әрекеттерді әдеттегі практикалық сынақсыз орындайды.
Бала үшін 2-2,5 жас үлгі бойынша көріп таңдауға қолжетімді болады. Екі
зат әр түрлі немесе үлкен болған кезде ол ересектердің өтінішімен үлгі
сияқты затты таңдайды. Көру таңдауы үлгі бойынша қарапайым таным немесе
өлшеуге қарағанда қиынырақ тапсырма екенін атап өту керек. Балалар ең
алдымен заттарды бірдей формада таңдайды, сосын үлкендігіне қарай, сосын
түс бойынша. Ерте жастағы балалар оларға екі затты ұсынса, немесе бірнеше
заттарды, сол заттар күрделі формада болса және олар бірнеше бөліктерден
тұрса, үлгіге қарап дұрыс таңдау жасай алмайды.
Ерте жастағы қабылдау заттық әрекеттермен тығыз байланысты. Егер бала
қажетті әрекеттің орындалуы мен қолжетімжілігіне қол жеткізгісі келсе,
заттарды формасына, үлкендігіне, түсіне қарай нақты анықтай алады. Күрделі
әрекетті орындауда бала басқа белгілерді байқамайды да. Бала сурет сала
бастағанда суреттің түсін байқамайды және кез-келген қарындашты пайдаланады
немесе үлгіге қарап жасайды, негізгі түстерді ажырата алса да кез келген
түсті шаршыны алады.
Өмірінің үшінші жылы салыстыру үшін үнемі үлгілер пайда болады. Бұл
балаға жарық формаға ие жақсы таныс заттар. Мысалы, үшбұрышты формаларды
бала үй сияқты, ал дөңгелек заттарды доп сияқты анықтайды. Бұл балада
заттар туралы ұғымның пайда болғандығын көрсетеді. Баланың заттар туралы
ұғымдарын кеңейту үшін оларжы әртүрлі сипаттағы заттар мен белгілермен
таныстыру қажет. Бала өзін белсенді сезінетін бай және түрлі сезімтал орта
маңызды болып табылады.

1.3 Балада еріктің дамуы
Адамның ерік –жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс- әрекеттің
нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар:
біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамаға келу, кедергілерді жеңе білу, өзін
-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдық т.б.), екіншіден, адамгершіліке
сыйымды ерікқимылдардың сапалпрына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам
мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің
адамның дербестігіне байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік,
тәртіптілік, жинақтылық т.б.) бөлінеді.
А)Тоқтамаға келгіштік. Тоқтамаға келгіштік дегеніміз адамның небір
қиын қыстау кезеңдерде қажжетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға
қабілетінің болуы. Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісінің азды
көпті кемшіліктерін көре білуді оның ақыл ой парасатымен байланысып
жатады.Біреу тоқтамаға келуге оншама көп қателіке жол бермейді, ал екінші
біреуі көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді,
әуре- сараңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі – жиі түрлі тоқтамаға
келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбнесе, орындай
алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік- жігерін жегідей жеп мұқалтады.
Ә)Табандылық. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына
қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай әрекет етіп, осы жолда небір
қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Алматы облысының
Шелек ауданының тұрғыныТұрсын Мынбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей
айрылады да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол
сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада
жатқан оның қолынан Н.Островскийдің Құрыш қалай шынықты романы
түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға
адам өмірінің бағасын танып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол
ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды.
Қаламды аузымен тастап сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің
портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан
жылжытқандай болды. Көп қажыр – қайрат жүмсап, талмай жаттығу нәтижесінде
жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс
бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де
үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте
жүріп бір жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. өз басынан өткен
жайларды қағаз бетіне түсіріп, Өліммен беттескенде деген кітап жазған.
Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігінің, табандылығының арқасында
өмір қызығын тартып отырған қарапайым еңбек адамының ерлік ісі ерекше
жырланған. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім болсын, тек
еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене,
құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Баланы табандылыққа тәрбиелеуде педагог мына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Жас ерекшеліктер физиологиясы пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Өсу мен даму көрсеткіштері
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Пәндер