Аралардан өндірілетін өнімдерді аралардың түрлі бактериалдық ауруларына байланысты ветиринарлық – санитарлық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күрес және алдын алу шаралары



Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1. Аралардың вирустық аурулары және зиянкестері
3.2. Аралардың вирустық ауруларының түрлері
3.3 . Вирустық ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринариялық.санитариялық сараптау
3.4. Аралар ауруының алдын алу және күресу жөніндегі жалпы шаралар
Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ара шаруашылығы – ауыл шаруашылығының үнемді де пайдалы бір саласы. Біздің планетамыздың көптеген халқы ара шаруашылығы мен ерте заманнан бері шұғылданып келеді. Аралардың әрқилы түрі мен осы түрдің жеке ағзаларының жиынтығы Арктиканы қоспағанда бүкіл құрлықты мекендейді.
Ара шаруашылығының халық шаруашылығына қажетілігі тікелей омарталардан алынған бірқатар өнімдермен (ара балы ,балауыз ,ара желімі, тозаң, аналық сүті және ара уы) ғана шектеліп қоймайды.Енді осы өнімдерге жеке тоқталып кететін болсам:
Ара балы – аса құнды диетикалық – дәрілік өнім. Табиғи балды, бал аралары гүл нәрінен (нектар) өндіреді. Сонымен қатар бал аралары кейде балды өсімдік сөлінен немесе шыбын-шіркейдін тәтті бөліндісінен өндіруі мүмкін. Мұндай бал, шіре балы (падевый) деп аталады. Балдың әр сортының өзіне тән ерекше дәмі бар, ал балдағы шамалы мөлшерде кездесетін эфир майы оған айрықша бір хош иіс беріп тұрады.Ара балының бактерицидтік, яғни бактерияларды жою қасиеті бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам реттінде ғана емес сонымен қатар ішек-қарын, тағы басқа аурулардын емдік дәрісі ретінде де пайдаланып келген. Кенінен пайдаланатын кәдімгі қанттан айырмшылығы, бал көбінесе адам ағзасы онай сіңіретін моносахариттеден жүзім және жеміс қантынан тұрады. Гүлдер шірнесін ара балына өндеген кезде арнайы бездері шығаратын инвертаза ферментінің әсері мен дисахаридтердін басым бөлігі глюкоза мен фруктозаға қарапайым қантқа бөлшектенеді. Гүл балында глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80% болады. Бал құрамына адам ағзасына онай сіңірілетін тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары күйінде оның қалыпты жетілуі үшін менералдық заттар – темір, марганец, кальций, магний, натрий т.б қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер (инвертаза, диастаза, каталаза т.б) мен витаминдер болады.
Балауыз – араның балауыз өндіретін безінен шығатын ара өнімі. Бүл күрделі химиялық зат әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Балауыздын шамамен химиялық дербес 15 компоненті бар, сондай ақ оның құрамына балдың түсі мен хош иісін жақсартатын бояғыш және жағымды иісті зат кіреді.
Балауыз – гидрофобты зат, сумен және басқа сұйықтармен бірікпиді. Суға және глицеринге балауыз ерімейді, спиртке салғанда да өте нашар ериді. Балауызды ағаш ыдыста, тот баспайтын болат немесе алюминийден жасалған ыдыста сақтаған жақсы. Ара балауызы сәулет өнерінде де, бүгінгі танда медецинада үлкен орын алады. Пластырлар, майлар және кремдер аптекаларда тек қана ара балауызынан дайындалады.
Балауыз косметикада да кең қолданылады.Теріге өте жақсы сіңеді, оны жұмсартып нәзік түрге енгізеді.
1. Әкімбеков Б.Р. Ара шаруашылығы/ Б.Р Әкімбеков - Алматы: Агроуневерситет, 2007- Б. 244-466
2. Керімбаев А.К. Ара бал ұяларында кездесетін аралас аурулар/
К.И Байбатырова – Жаршы-2002-№2-52-55 б
3. Майқанов Б.С. Шетелден әкелінетін отандық ара балын ВСС/
Э.М Тулаева-ғылым Жаршысы-2011-№3-24-29 б.б
4. Риб Р.Д. Ара шаруашылығы / Р.Д Риб- Алматы: 2006– С. 67-72
5. Гончаренко В.М. О пчелах и меде/ В.М Гончеренко-М:
Медицина,1989.- С. 120-125
6. Харленко Н.А. Пчеловодство/ Н.А Харленко- М: Медицина,1978.- С. 222-228
7. Позняковский В.М. Экспертиза продуктов пчеловодства/
В.М Позняковский- М: ГЭОТАР-Медия, 2007.- С. 98-102
8. Рабинович М.И. Практикум по ветеринарной экспертизы/
М.И.Рабинович- М: Колос,2003. – С. 145-147
9. Третьякова А.Д Ветеринарные препараты / А.Д.Третьякова- М: Агропромиздат,1988.- С. 155-157
10. Кривуов Н.И. Пчеловодство/ Н.И Кривуов - Питер,2000.- С.111-116
11. Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных/ А.А Сидорчук- Москва,2007.- С. 95-103
12. Черевко Ю.А. Пчеловодства / Ю.А Черевко- Москва,2000.- С. 90-94
13. Корж В.Н. Пчеловодства / В.Н Корж-Москва,2008.- С. 96-100
14. Аганин А.В. Мед и его исследование/ А.В Аганин- Саратов,1985.- С. 150

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ара шаруашылығы – ауыл шаруашылығының үнемді де пайдалы бір саласы.
Біздің планетамыздың көптеген халқы ара шаруашылығы мен ерте заманнан бері
шұғылданып келеді. Аралардың әрқилы түрі мен осы түрдің жеке ағзаларының
жиынтығы Арктиканы қоспағанда бүкіл құрлықты мекендейді.

Ара шаруашылығының халық шаруашылығына қажетілігі тікелей
омарталардан алынған бірқатар өнімдермен (ара балы ,балауыз ,ара желімі,
тозаң, аналық сүті және ара уы) ғана шектеліп қоймайды.Енді осы өнімдерге
жеке тоқталып кететін болсам:

Ара балы – аса құнды диетикалық – дәрілік өнім. Табиғи балды,
бал аралары гүл нәрінен (нектар) өндіреді. Сонымен қатар бал аралары кейде
балды өсімдік сөлінен немесе шыбын-шіркейдін тәтті бөліндісінен өндіруі
мүмкін. Мұндай бал, шіре балы (падевый) деп аталады. Балдың әр сортының
өзіне тән ерекше дәмі бар, ал балдағы шамалы мөлшерде кездесетін эфир майы
оған айрықша бір хош иіс беріп тұрады.Ара балының бактерицидтік, яғни
бактерияларды жою қасиеті бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам реттінде
ғана емес сонымен қатар ішек-қарын, тағы басқа аурулардын емдік дәрісі
ретінде де пайдаланып келген. Кенінен пайдаланатын кәдімгі қанттан
айырмшылығы, бал көбінесе адам ағзасы онай сіңіретін моносахариттеден жүзім
және жеміс қантынан тұрады. Гүлдер шірнесін ара балына өндеген кезде арнайы
бездері шығаратын инвертаза ферментінің әсері мен дисахаридтердін басым
бөлігі глюкоза мен фруктозаға қарапайым қантқа бөлшектенеді. Гүл балында
глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80% болады. Бал құрамына адам ағзасына
онай сіңірілетін тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары
күйінде оның қалыпты жетілуі үшін менералдық заттар – темір, марганец,
кальций, магний, натрий т.б қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер
(инвертаза, диастаза, каталаза т.б) мен витаминдер болады.

Балауыз – араның балауыз өндіретін безінен шығатын ара өнімі.
Бүл күрделі химиялық зат әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Балауыздын
шамамен химиялық дербес 15 компоненті бар, сондай ақ оның құрамына балдың
түсі мен хош иісін жақсартатын бояғыш және жағымды иісті зат кіреді.

Балауыз – гидрофобты зат, сумен және басқа сұйықтармен
бірікпиді. Суға және глицеринге балауыз ерімейді, спиртке салғанда да өте
нашар ериді. Балауызды ағаш ыдыста, тот баспайтын болат немесе алюминийден
жасалған ыдыста сақтаған жақсы. Ара балауызы сәулет өнерінде де, бүгінгі
танда медецинада үлкен орын алады. Пластырлар, майлар және кремдер
аптекаларда тек қана ара балауызынан дайындалады.

Балауыз косметикада да кең қолданылады.Теріге өте жақсы сіңеді,
оны жұмсартып нәзік түрге енгізеді.

Аналық сүті- жұмысшы аралардың жұтқыншақ және жоғарғы жақ
бездерінің сіріндісі, атап айтқанда 4-6 күннен 12-15 күнге дейінгі асыраушы
аралардын белсенді әрекетінін нәтежесінде бөлнеді.

Ара желімі – прополис ара отбасы өмірінде маңызды роль
атқарады. Аралар прополиспен тесіктен ұяға кіретін жолды тарылтады.
Прополистін медицина мен косметикада алатын орыны ерекше.

Менің курстық жұмысымның мақсаты: осы аралардан өндірілетін
өнімдерді аралардың түрлі бактериалдық ауруларына байланысты ветиринарлық –
санитарлық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күрес және алдын алу
шараларын жүзеге асыру. Ал осы ауруларды толық меңгеру, ветеринарлық
–санитарлық сараптау мен қажетті шараларды жүргізе білу курстық жұмысымның
міндеттері.

II. Әдебиетке шолу

Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (шамамен біздің жыл санаумызға
дейінгі V ғасыр) Шығыс Европаның далалық аймағында скифтер тіршілік еткенін
атап өткені мәлім, олар балмен және балауыз бен емін-еркін сауда жасаған.
Ескі заманда, егіншіліктің өркендеуіне дейін, славяндар бал қарастыруды
негізгі кәсіптердің біріне айналдырған. Сол кездегі орман кеңістігінде
жабайы аралар өте көп болған, олардың ұяларынан бал мен балауз алған.
Кейіннен кездейсоқ кездестірілген ұялардан осындай олжа тағамды алумен ғана
шектелмей, келесі жылдары пайдалану үшін аралар ұялары бар ағаштарға
айрықша белгілер сала бастаған. Мұнан кейінгі қадам аралар үшін ағаштарда
ұңғылап қуыстар жасау еді. Аралар үшін ұңғылап қуыстап жасаған ағашты
қуысты ағаш, ал қуысты ағаштар өсетін орман саласын қуысты ағаштар
өсетін жер деп атаған [1].

Араб тарихшысы Ибн-Даст (Х ғасырда) славяндар араны ойынды
бөренелерде өсіреді деп жазған [1].

Н.М. Витвицкийдің мәліметтеріне қарағанда, XVII ғасырдың басында,
саябақтардың саны мыңға жуықтаған. Бұл аудандарда жабайы аралардың балын
жинаумен шұғылданатын бүтіндей бір қоныстармен ауылдар болған. Жабайы
араларды күту әдісі мүлде қарапайым еді. Мұның өзі қуыстар жасап ара
үйірлерін алдап келтірумен, қуыстарды көктемде тазарту, балды сұрыптап алу
және қуыстарды аңнан қорғаудың қарапайым тәсілдермен ғана шектелді.

Омарталарда бөлшектелмейтін ұялардағы араларды бағып күту әдісінің де
ілгері жылжуы шамалы еді. Мұңда жана үйірлер құру жүйесі қолданылды. Оның
мәні, жыл сайын балды сұрыптап алу үшін неғұрлым күшті, балды көбірек
жинған ара отбастары таңдап алынатын.Оларды күкіртпен тұншықтыратын
(құртатын), бүкіл балды ұясымен бірге іріктеп алып, қайта ерітетін. Әлжуаз,
өнімі шамалы отбастар өсіп көбейді.[1]

Ч.Дарвиннің айтуынша, өнімділігімен отбастарының өсіп көбеуі иөмен
болуға бағыталған ойланбаған ұнамсыз сұрыптаулар жұмысы жүргізілген.
Бөлшектелмейтін ұяларда ара өсіруші ара отбасының тіршілігіне белсене
қатысу, аралардың әрекетін шаруашылық мүддесіне сәйкес бағыттау
мүмкіндігінен айырлатын болды. Тиімді қоректендіру тәсілдері, бағып күту
және өсіріп көбейту жолымен ара отбасына әсері ету мүмкіндігі мейлінше
шектеулі еді. Мал шаруашылығының саласы ретінде ара шаруашылығы шын мәнінде
болмаған еді.[1]

Вильсонның мәліметтеріне қарағанда, АҚШ-та аралармен
тозандандырғаннан кейін энтомофилдік дақылдар өнімділігінің артуы
нәтежесінде жанама табыстан 250 млн доллар, ал тікелей өнімнен (бал,
балауыз және араларды сату) тек жиырма млн долар алынған. Бұл елде ауыл
шаруашылық дақылдарын аралармен тозандандыру қызыметі кенінен саудалық
негізге қойылған және міндетті түрде омарталарды арнайы кәсіпке
бейімдейді.[1]

А.К. Керімбаевтың (2002жылы) жазуы бойынша, кейінгі жылдары омарталар
жекешеленді, уақталды, жоспарлы түрде ауруларын емдеу, алдын алу жұмыстары
жүргізілмеді, соның салдарынан көптеген бактериялық, инвазиялық, вирустық,
саңырауқұлақтық аурулар жеке және арлас түрінде етек алып, біршама
экономикалық шығынға ұшыратуда.

Айтылған аурулардың ішінде кең тарағаны – америкалық шіріме. Бұл ауру
дара немесе басқа аурулар – варроатоз, аскосферозбен бірге өтіп, кең
жайылуда. Ресейде соның салдарынан аралардың гүлдерді тозаңдату
белсенділігі 30 – 80пайыз, ал бал жинауы 25 – 40 пайыз кемитіндігі
анықталған.[2]

А.М. Смирновтың мәліметі бойынша, соңғы кездерде варроатоз және
аскосфероз аурулары ара бал ұяларын ауыртып қана қоймай, басқа аурулардың
(европалық шіріме, американдық шіріме, қышқыл шіріме, нозематоз, амебиаз)
да өршуіне ықпал ететіндігі, бұл жағдайда аралардың ауруларға төзімділігі
төмейтіндігі анықталды.[2]

А.К. Керімбаевтың пікірінше, байырғы қолданылатын антибиотиктер,
сульфаниламид препарттарына ауру қоздырушыларының төзімді ұрпақтары
қалыптасты, өйткені бұл препараттар бір омартада жылма-жыл қолданылады.

Бал ара ауруларының дамуы, етек алуы, індеттенулігін біз Алматы
облысына қарасты 152 омартада 5016 ара ұясында зерттедік. Олардың варроа
кенелерімен жарақаттануы 18-ден 50 пайызға дейін болды.[2]

Омарталарда инфекциялы, инвазиялы аурулардың таралуы омарталардың
қалай болса солай көшіп-қонуынан, шикізаттарды, ара ұяларын, аналық
араларды алмастырудан екендігі белгілі. Бал араларының көптеген аурулары
пайда болғанша белгі бере бермейді, сол себептен оларды дер кезінде балау
бірщама қиын шаруа, өйткені облыстар, аудандар көлемінде ара ауруларын
анықтайтын маманлар жоқтың қасы.[2]

К. И. Байбатырованың зерттеуі бойынша, негізінен америкалық шіріменің
Bac. Iarvae, европалық шіріменің Bac. Alvei, шіріменің Enterococcus
faecalis және аскосфероздың Ascosphera apis қоздырушылары бөлініп алынды.

Аурулардың сипаттамасы

Қоздырушы Сынама саны% Аралас қоздырушылар Сынама саны %
бөлінді
Bac. 544 72,1 Bac. Alvei 34 6,25
Iarvae Enterococcus faecalis
Ascosphera apis 17 50

Осы кестеде көрсетілгендей аурулар қатар өтсе олар әр ара ұясына өте
зиян келтіреді. Ересек аралар ғана емес, балаңқұрттар, қуыршақ, қуыршақалды
сатылары биологиялық денгейіне жетпейді де 78,8% ға дейін шығынға ұшырайды.

Зертхана жағдайында америкалық және европалық шірімемен төрт кәрездегі
бал араларын ауыртқанда (1 мл физиологиялық ертіндіде 1-2 млн қоздырушы
клеткасы бар) аурудың клиникалық белгілері 14 күннен кейін пайда болып,
жарақаттанатын баланқұрттар саны күніне 1,5-2% өсті.

Шіріме ауруларына қарсы негізінен химиялық (антибиотиктермен,
сульфаниламиттер, нитрофурандар) препараттар қолданылуда. Олардың ең басты
кемшілігі бал арасынан алынатын өнімдерге түсетіндігі, оған қоса 1-2 мәрте
қолданған соң қоздырушылардың төзімді ұрпақтары пайда болады.

Біздің тәжіребелерімізде сүт қышқылы бактерияларының қосындылары
сыналып, олардың 12-14 тәуліктен соң аралардың ортаңы ішегінде қоныстанып,
шіріме туғызатын зардапты микроптарды және де нозематоз ауруының
қоздырушыларын ығыстырып шығаратындығы дәлелденді.

Бұл препаратты қысқа қарай қолдан жасалған ара азығына қосып бергенде
европалық, америкалық шірімелер, нозематоз, аскосфероз ауруларының алдын
алуға болатындығы анықталды.[2]

Б.С Майқанов деректеріне сүенсек, Қазақстанда өндірілетін ара балының
көлемі орташа әлемдік көрсеткіштен екі есе аз. Осы таңда бұл
жеткіліксіздікті сырттан әкелінетін ара балы толық жауып, қазақстандық ара
шаруашылығы саласының өндірушілеріне мүмкіндік берілмейді. Қазақстанда 2011
жылы 64 865 омарта саны есепке алынды. Оның басым бөлігі Шығыс Қазақстан
облысына тиесілі (47 361). Егер елдегі барлық омарталар өндірген балды
тұрғындар санына бөлетін болсақ, әр адамға 60 граммнан ғана келеді екен. Ал
украиндықтар 1,2 , Австрия 1,6 , ал Германия жан басына шаққанда 2 кг бал
тұтынады. Ғылыми деректер бойынша адамның дені сау болу үшін жылына 2 кг
бал жеуі қажет.[3]

Э.М Тулаеваның соңғы деректері бойынша елімізге алыс және жақын
шетелдерден әкелінетін балдың көлемі жоғары.

Атап өтетін болсақ, Молдовадан 2010 жылы 36,5 тонна, Ресейден 128,3
тонна, Өзбекстаннан 20,8 тонна, Украинадан 2,5 тонна, Индиядан 5,5 тонна,
Германиядан 3,6 тонна, Италиядан 0,2 тонна, Қытайдан 2,3 тонна бал елімізге
импортталады екен. Соңғы кездері Астана қалсы базарларына Қытай балы көптеп
келе бастады. Қытайдын арзан балы әлемді жаулап алғаны да өтірік емес.
Қазір де АҚШ және Батыс Европа елдері Қытай балынан бас тартып отыр. Бұған
дейін АҚШ-та 1 жылда 2228 тонна Қытай балы саудаланып келіпті. Демек
өркениетті деген Американың өзі де сапасыз өнім тұтынуға мәжбүр болды деген
сөз.

Сол себептен, сырттан әкелінетін алғашқы кезенге ара балына квота
орнату қажет. Біздің отандық ара балы сапасы жағынан жоғары денгейде.

Еліміздегі сауда айналымындағы ара балының 62% импортты өнімдер. Жақын
және алыс шетелдерден әкелінетін ара балының сапасы күмән келтіреді.
Кәзіргі таңда азық өнімдері құрамынан әртүрлі бөгде заттар және сонымен
қатар, бәріне мәлім шет елдерде кенінен қолданылатын биологиялық
стимуляторлар, өсу гормондары, антибиотиктер т.б зиянды заттар табылуда.
Сондықтан осы ғылыми ембектің мақсаты – қаламызда алыс және жақын
шетелдерден әкелініп сатылып жатқан ара балының сапасына қол жеткізу
болатын.[3]

III. Негізгі бөлім

3.1. Аралардың вирустық аурулары және зиянкестері
Балды аралар әр қилы ауруларға шалдығады. Олар жұқпалы емес және жұқпалы
болып бөлінеді. Жұқпалы емес аурулардын өрбуіне көбінесе ара отбасын
қоректендіру және бағып-күту жағдайларының бұзылуы септігін тигізеді.
Жұқпалы емес аурулардын арнайы қоздырғыштары болмайды. Сондықтан өрбіген
ауру бір отбастан екінші сау отбасқа жұқпайды. Жұқпалы аурулардын шығу тегі
өсімдіктер (бактериялар, вирустар, шірітуші саңырау құлақтар) және
жануарлар (амеба, нозема споралары, варроа және акарапис кенелері)
дүниесіне саятын ауру жұқтырғыш микроорганизмдер мен жәндіктер. Егер
аурулар өсімдік дүниесі қоздырғыштарынан өрбісе онда оларды инфекциялық
аурулар деп атайды. Бұларға европалық және американдық шіріме, дорба
тәрізді, тасты және әкті ұрығы жатады. Егер ауруларды қоздыратын жәндіктер
болса, оларды инвазиялық аурулар деп атайды. Бұларға амебиоз, нозияматоз,
акарапитоз, варроатоз ауруларын жатқызуға болады. Жұқпалы аурулар ауру
отбастардан сау отбастарға ауру жұққан омарталардан аман-сауларына
таралады. Ара аурулары ара өсіру шаруашылығына
елеулі зиян келтіреді. Шірімеге душар болған отбастардын бал өнімділігі
жиырма сексен пайызға, ал нозематозбен ауырғанда елу алпыс бес пайызға
кемиді. Егер дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаса, онда ауруға душар
болған ара отбастары әлжуазданып, өлім-жітімге ұшырайды. Ара өсіру
шаруашылықтарына аралардың аурулары, аралардың улы химикаттарымен улануы,
шіре токсикозы және басқа жұқпалы емес аурулар көп зиян келтіреді.
Ауруға қарсы күресуде алдын алу (дауалау) шараларының мәні зор, олар
ара отбастарының белгілі бір ауруларға қарсы төзімділігін арттыруға
бағытталуы тиіс. Сондықтан омарталарда үнемі төзімді отбастарды ұстау және
оларға жақсы шіре жинауы үшін қолайлы жағдайлар туғызу, сондай ақ ауруларға
төзімді отбастарды ұстау және оларға жақсы шіре жинауы үшін қолайлы
жағдайлар туғызу, іріктеп алып, өсіріп көбейту қажет. Сақтандыру мақсатымен
көктемде және күздігүні отбатарға антибиотиктермен бірге қант шырынын
береді, ұяларды алмастырады. Өсімдіктерді гүлдей бастағанға дейін немесе
гүлдеп болғаннан кейін ғана препараттар ертіндісімен бүріккен жөн. Алдын
алудын негізгі шарасы – ара отбасын өнделген жерден кемінде бес - жеті км
қашықтықтағы жана орынға дер кезінде көшіру. Егер оны алып кетуге мүмкіндік
болмаса, онда аралардын ұшып кетпеуі үшін шаралар қолдана отырып, ұяларды
араларымен бірге омартада қалдырады, тесіктерді жабады, қосымша корпустарды
немесе ұяның қосымша үйшіктерін қояды, араларды сумен қамтамасыз етіп,
ұяларды көленкелейді, ұяның төбесіндегі тиісті тесікті аша отырып, ауа
жанғыртуды күшейтеді, болмаған жағдайда қосымша ұяның артқы үйшіктерінің
үстінен темір торы бар көшпелі раманы қояды.Раманың үстіне екі пленкалы
(сырықты) қояды, ал оның үстіне, ұяға ауа еркін енетіндей етіп қақпақ
орнатады. Түнге қарай тесіктерді ашуға болады. Аралардын алдын алудын
міндетті шарты ұяларды жанарту, кәрі аналықтарды жыл сайын алмастыру, ұялар
мен құрал-саймандарды дезинфекциялау, омарталарда мал дәрігерлік –
санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау.

3.2. Аралардың вирустық ауруларының түрлері

Европалық шіріме – жұмысшы аралардың, аталық пен аналықтың, көбінесе
жас дернәсілдердің ауруы. Европалық шіріменің (Str. Pluton, Bac. Alvci,
Str. Apis) қоздырғыштары гүл тозанында, ескі ластанған кәрездерде, балда
жыл бойына сақталады; он бес жиырма минут суда қайнатып ұстау; хинозолдың
екі пайыздық ерітіндісі оларды он минуттың ішінде құртып жібереді.
Дернәсілдердін ағзасына қоздырғыштар қорекпен бірге түседі. Ауру
белгілері. Ауырған дернәсілдер қуыста табиғи күйін өзгертеді, өзінің
жарқырауық маржан түрінен айырылады, күңгірттенеді және сарғыш тартады,
олардың жұқа терісінен кеңірдектері көрініп тұрады. Одан кейін дернәсіл
қарауытып, қабақ түзе отырып кебеді, ал қабықтын өзі ұяның іргелерінен онай
бөлінеді.

Егер жабық қуыстағы дернәсілдер европалық шірімемен залалданған кезде
қуыстардын қақпақтары күнгірттенеді және тесіледі. Олар зат тиіп кеткен
кезде шіріген қамыр тәрізді бірсыдырғы қысқа жуан жіп тәрізді созылып
тұрады, ерекше қышқыл иісті келеді. Ауруға тән белгілер – ұрықтын кереге
көзді етіп тұруы және жабық ұрығымен кәрездердегі бос қуыстардын өте көп
болуы. Өлген ұрықты лабораторияда зерттегеннен кейін дәл диагноз коюға
болады.

Аурудың таралуы. Қоздырғыш сау отбасқа қанғырма араларымен, аталық
аралар және ара өсіруші арқылы әкелінеді.

Аурудың алдын алу. Омартада күшті, ауруға неғұрлым төзімді отбастарды
ұстау, оларға қоректі мол беру және аралар үшін шіре жинауға қолайлы жағдай
туғызу қажет. Сақтандыру мақсатымен көктемде және күздігүні отбастарға
антибиотиктермен бірге қант шырының береді, ұяларды алмастырады.

Күресу шаралары. Ауру байқалысымен омартаға карантин қояды, ауруға
шалдыққан араларды табу үшін омартаның бүкіл ар отбасын қарап тексеріп
щығады. Мұндай отбастардың ұяларын қысқартады, оларды жылуды мұқият
сақтайтындай етіп жабдықтайды. Араларды сульфамид препараттарымен
(норсульфазолдын натрий тұзы, сульфантрол және т.б) немесе антибиотиктермен
(биомицин, стрептомицин, тетрациклин, эритромицин, террамицин және т.б)
емдейді. Бір литр шырынға есептегенде (судын бір бөлігіне қанттың бір
бөлігі) натрий норсульфазолын бір-екі грамм, сульфантролды екі грамм,
антибиотиктерді төрт жүз-бес жүз мың ед мөлшерінде береді. Жылы шырынды
оттықтарға немсе кәрездерге құяды және түнге қарай отбастарға аралардың екі
көршілес арасындағы кеңістігіне жүз-жүз елу мл есебінен қояды. Емдік үстеме
қоректі бес-жеті күн өткеннен соң ара отбастарының толық сауығуына дейін
қайтадан қайталайды. Қатты залалданғанда отбастарды басқа жаққа ауыстырады.

Американдық шіріме – ларве бацилласы тудыратын аралардын есейген
дернәсілдерінің ауруы. Қолайсыз жағдайларда қоздырғыш химиялық және
физикалық әсерлерге өте төзімді спораны түзеді. Ларве бацыласының спорасы
табиғатта оңдағанжыл бойы сақталуы ықтимал. Суда қайнатқан кезде қоздырғыш
он үш минуттан кейін жойылады. Формалиннің, карбол қышқылының ерітінділері
оған нашар әсер етеді. Қоздырғыш ара отбасында ұзақ уақыт тіршілік ете
алады (гүл тозаңында, кәрездерде, балда). Дернәсілдердің мүшелеріне
қорекпен бірге түседі. Ауру белгілері қуыстарды жапқаннан кейін көп ұзамай
байқалады. Американдық шірімемен көбінесе жабық қуыстардағы есейген
дернәсілдер залалданады. Кейде ол жас қуыршақтарға да жұғуы мүмкін. Аурудын
күшеюіне ауаның жоғары температурасы, жинайтын шірненің болмауы және
араларды нашар жағдайда ұстау себепкер болады.

Инфекцияның негізгі көзі – ауырған және өлім-жітімге ұшыраған
дернәсілдер, залалданған қорек. Ауырған сау отбасқа ауру ұры аралар,
қаңғыма аралар мен аталық аралар арқылы, сондай-ақ рамкаларды қайтадан
қойғанда жұғады. Ауру ара өсірушісімен де таралуы мүмкін. Инфекцияның басқа
омарталарға және басқа аудандарға ауысуына ауру омарталардан отбастарды
сату және жөнелту себепкер болады.

Ауру белгілері. Ұрықтың ала-құлалығы (кереге көзділік). Ауырған
дернәсілдер қуыста табиғи күйін өзгертеді, өзінің жарқырауық маржан түрінен
айырылады, күңгірттенеді және сарғыш тартады, олардың жұқа терісінен
кеңірдектері көрініп тұрады. Одан кейін дернәсіл қарауытып, қабақ түзе
отырып кебеді, ал қабықтын өзі ұяның іргелерінен онай бөлінеді.

Егер жабық қуыстағы дернәсілдер американдық шірімемен залалданған
кезде қуыстардын қақпақтары күнгірттенеді және тесіледі. Олар зат тиіп
кеткен кезде шіріген қамыр тәрізді бірсыдырғы қысқа жуан жіп тәрізді
созылып тұрады, ерекше қышқыл иісті келеді. Ауруға тән белгілер – ұрықтын
кереге көзді етіп тұруы және жабық ұрығымен кәрездердегі бос қуыстардын өте
көп болуы. Залалданған дернәсілдері бар ұялардын қақпақтары жазықталады
және тесіледі. Ауру дернәсілдер маржан түсінен айырылады, буындары
жоғалады. Өлген дернәсілдер іріп-шіріп отырып, тұтқыр шірік затқа айналады.
Ол ұзын жіңішке жіп тәрізденіп созылады. Мұңдай затқа бұзылған ағаш
желімінің иісі тән. Қураған дернәсіл күңгірттенеді және ұяның төменгі
жағына жабысып қалады. Лабораторияда бактериологиялық зерттеу негізінде
диагноз қойылады.

Аурудың алдын алу. Ара отбастарына тіршілікке қолайлы жағдай жасаумен
қатар бағып-күтуді ұйымдастыру және ауаның өте ыстық кезінд оны жаңарту,
ұяларды көлеңкелеу керек. Омартада күшті, ауруға неғұрлым төзімді
отбастарды ұстау, оларға қоректі мол беру және аралар үшін шіре жинауға
қолайлы жағдай туғызу қажет. Сақтандыру мақсатымен көктемде және күздігүні
отбастарға антибиотиктермен бірге қант шырының береді, ұяларды алмастырады.
Ескі бос кәрезді жаңадан жасалған кәрезге алмастыру арқылы ұяларды жыл
сайын жанартады. Бұнымен қатар сау омарталардан жаңа отбастарды және жаңа
аналықтарды сатып алады.

Күресу шаралары. Диагноз анықталғаннан кейін омартаға карантин қояды.
Барлық отбастарды тексеріп олардын залалданғандарын анықтайды. Ауру
отбастар онша көп болмаса, онда соңғыларды таяудағы омарталардан бес-жеті
км қашықтықта орналастыра отырып, сау отбастардан оқшаулайды. Ауру
отбастардан араларды жаңа, дезинфекциялаған ұяларға жасанды балауыз
жапырақтарымен қамтылған рамкаларға ауыстырады. Бір мезгілде араларды
норсульфазолдың натрий тұзымен елу пайыздық қант шырынының бір литріне бір
грамм мөлшеріне немесе сульфантролмен бір литр шырынға екі грамм есебінен
үстеп қоректендіріледі. Емдік дәруді алдын-ала он-жиырма мл суда ерітеді,
одан соң даяр жылы шырынға қосады. Антибиотиктерден стрептомицин, биомицин
(бір литр шырынға бес жүз мың ЕД) ,тетрациклин, эритромицин, мономицин (бір
литр шырынға төрт жүз мың ЕД) қолданылады. Емдік шырынды отбастардың
сауығуына дейін бес-жеті күн аралата аралардын екі көршілес кәрез араындағы
кеңістікке жүз-жүз елу мл есебінен береді. Антибиотиктердін су
ертіндісімен, сондай – ақ дустпен аралармен кәрездерді тікелей бүркуге
немесе ұнтақ түрінде тозаңдатуға болады. Жеткізілген отбастардың ұрығын
бөлек аранайы отбастарда өсіріп көбейтеді, мұнан соң араларды жаңа ұяға
көшіреді. Емдеумен қатар бір мезгілде барлық ұяларды, кішігірім құрал-
жабдықтарды және ауру отбастарымен жанасқан басқа да заттарды
дезинфекциялайды. Ластанған ұяларды жақсылап тазартады, дәнекерлеу
лампысының отымен, аздап күреңденгенге дейін күйдіреді, ыстық күл
сілтісімен жуады және күннің көзінде кептіреді. Темір заттарды
кальцийлендірілген соданың отыз пайыздық ерітіндісінде отыз минут бойы
қайнатып дезинфекциялайды.Жылу сақтайтын құралдарды кальцийлендірілген
соданың үш пайыздық ерітіндісінде отыз минут бойы қайнатады және күннің
көзінде кептіреді.Ұяның қоқсығын, өлім-жітімге ұшыраған араларды өртеп
жібереді.

Дорба тәрізді ұрық – ұрықтың сүзгілеуші вирустан пайда болатын ауруы
(Moratovirus actatulae). Қуыстарды жаппастан бұрын есейген дернәсілдер
зақымданады. Өліп қалған дернәсілдердің бүркеме ұлпалары нығыз, сулы-
түйіршікті сұйықтықпен толтырылған. Мұндай дернәсіл сұйықтықпен толтырылған
дорбаны еске түсіреді, оны қуыстан оңай алуға боады. Құрғай бастағанда
дернәсіл С әрпі тәрізді иіледі, күңгірттенеді.

Таралуы және алдын алу шаралары европалық шірімедегі сияқты.
Шірімелермен аралас формада жиі кездеседі.

Бұл ауруды дәрі-дәрмекпен емдеу әдісі белгіленбеген. Ұяларды қысқарту
және жылу сақтайтындай ету көзделеді; ауру отбастардың аналықтарың бес-жеті
күнге торға орналастырады, одан кейін шығарып жібереді. Оларды жаңа
аналықтармен алмастырған жөн. Қатты залалданған ауру отбастарды басқа жаққа
көшіреді.

Нозематоз (жұқпалы іш өту) –бір жасушалы нозема (Nosema apis I.)
тоғышары өрбітетін есейген аралардың бактериалдық ауруы. Ноземаның
споралары өзінің тіршілік әрекетін бірнеше жыл бойы сақтайды. Олар ара
ағзасында қорекпен бірге түседі. Ортаңғы ішекте спорадан паразиттің ұрығы
шығады да, ішектін кілегей эпителий жасушаларына еніп, бұл мүшеде соңынан
споралар түзе отырып, тоғышардың өсіп көбеюі байқалады. Олар нәжіспен бірге
сыртқы ортада шығарылады.

Нозема тоғашары эпителий жасушаларын жедел көбейтіп, оларды
зақымдайды. Соның нәтежесінде ішектегі ас қорыту процесі бұзылады да,
аралар өлім-жітімге ұшырайды.

Нозематозбен жұмысшы аралар, аналықтар мен аталықтар ауырады. Ауру қыс
аяғында өріс алып, сәуір мен мамыр айларында күшейеді. Аурудыңөріс алуына
аралардың шіре балымен қоректенуі, қолайсыз жағдайларда қыстап шығудың
ұзаққа созылуы себепкер болады.

Ауру белгілері. Қыстап шығудын аяғында аралардың іші өтеді және олар
өлім-жітімге ұшырайды. Қыстаудан шығарғаннан кейін отбастар әлжуазданады,
кейбір отбастарда аналықтар өлімге ұшырайды. Аралардың ортаңғы шегі реңі
ақшыл келеді көлденең сызықшалары жойылады. Микроскоппен зерттеу негізінде
дәл диагноз қоюға болады.

Аурудың таралуы.Ауру қоздырғыштарын ауру аралар жұқтырады. Олар
нәжісімен кәрездер, рамкалар, бал ластанады.Омарталарда бұл ауру ұры аралар
арқылы немесе ауру отбастардың рамкаларын сау отбастарға ауыстырып қойғанда
таралады.

Аурудың алдын алу. Араларды қыстауға даярлау алдында шіре балын гүл
балымен немесе қою қант шырынымен алмастырады.Қант шырынымен шірне жинау
тоқтатылғаннан кейін және оны кәрез, шірне жинауға қатысқан аралар өңдеуге
кіріскен кезде қоректендіру керек. Қыстатуға жас аралары мол күшті
отбастарды даярлайды. Нозематозбен залалданған омарталарда күздігүні қант
шырынымен қоректендіргенде, жиырма бес литр шырынға препараттың бір шишасы
есебінен (әсерлі заттар бес жүз мг) фумагилинді қосуқажет. Қыста аралардың
осы аталған қоректі пайдалануы, олардың нозематозбен зақымдануын едәуір
дәрежеде төмендетеді.

Күресу шаралары. Ауру отбастар байқалған кезде тазару айналып ұшуын
өткізеді, ұядан сапасыз қоректі алып тастап, оны гүл балымен немесе қант
шырыны мен алмастырады. Көктемде араларды дезинфекцияландырылған ұяларға
ауыстырылады. Ластанған кәрездерді (ұрықсыз) тазалармен алмастырады. Жас
араларды өсіп көбейту үшін керекті шралар қолданылады.

Араларды ДЦГ фумагилиніме емдейді. Шырының жирма бес литр
антибиотиктің бір шишасын жұмсайды. Отбастарды көктемде аралардың екі
көршілес кәрез кеңістігіне емдік шырынның екі жүз грамм еебінен бір апта
араларда үш-төрт рет үстеп қоректендіреді.

Емдеу шараларымен бірге дезинфекциялау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балды ветеринарлық-санитарлық сараптау
Аралардың бактериалдық ауруларының түрлері
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Ара балын ветеринарлық санитарлық сараптау
Ара балын ветеринариялық-санитариялық сараптау және сапаларын санитариялық бағалау, балдың жалған-жасандылығын анықтау және алдын алу шаралары
Бал араларының инфекциялық аурулары
Малды союға дайындау
Ара шаруашылығының маңызы
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Ара шаруашылығы
Пәндер