Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1. Ойын . мектеп жасына дейінгі баланың іс.әрекеті ретінде ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Ойынның педагогикалық.тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
ІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын эксперименталды зерттеу
2.1 Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетін қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Зерттеу өзектілігі: Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті, сондықтан оларға анықтама береміз.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балаларда ойын әрекетін қалыптастыру
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуы
Зерттеу болжамы: балабақшадағы балаларда ойын әрекетін қалыптастырсақ, балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдармалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Зерттеу кезеңдері:
Анықтау: зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, психология-педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудің теориялық және және әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.
Қалыптастыру: зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар ұйымдыстырылып, жүргізіледі.
Қортындылау: тәжірбиелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп, ғылыми жүйеге келтірілді. Негізі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар құрастырылып, ғылыми – әдістемелік қорытындылар жасалынды.
Зерттеу құрылымы: Кіріспедан, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №45 «Нұрсәт» бөбекжайы, «Достық» II – кішілер тобы.

1. Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995
2. Алдамұратов А. Жалпы психология. - Алматы,1996.
3. Бабаев С. Психология танымы, Түркістан, 2000. – 346 б.
4. Бап-Баба С. Б. Жалпы психология Алматы, 2003
5. Выготский Л. С. «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы» Алматы , 1999 ж.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. - Алматы , 2002.- 335 б.
7. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы, 2004
8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқулық.- Алматы - 2005.-405
9. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1982
10. Темірбеков А., Балаубаев С, Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1987. – 545 б.
11. Тілеубекова А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, А.., 1991 – 196б
12. Мухина В.С Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы – Алматы: Мектеп, 1986 – 232б
13. Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003-15стр
14. Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
15. Қазақтың ұлттық ойындары
16. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения»(«Значение» 1949-90 стр)
17. Дидактикалық ойындар А.В.Фарков
18. Бала мен балабақша.– №№2,5,9,10. – 2013.
19. Отбасы және балабақша. – №№2,3,5. – 2011.
20. Отбасы және балабақша. – №№1,3,4. – 2012.
21. Ұстаздық еткен жалықпас. – Алматы: Үш қиян, 2003.
22. НүсіпоқасұлыА. Тал бесіктен жер бесікке дейін.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмысы
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын
әрекетінің қалыптасуы
Тексерген: аға оқытушы, магистр Халикова Б.Т.
Орындаған: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
1 курс студенті Бақытжан Ә.С.
Орал 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын
әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті
ретінде ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын
әрекетінің қалыптасуын эксперименталды зерттеу
2.1 Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетін қалыптастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған
тренингтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын
арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді,
өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық,
ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,
қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-
қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор
екендігі түсінікті, сондықтан оларға анықтама береміз.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің
қалыптасуын және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балаларда ойын әрекетін
қалыптастыру
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің
қалыптасуы
Зерттеу болжамы: балабақшадағы балаларда ойын әрекетін қалыптастырсақ,
балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына
көз жеткізе аламыз.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары
(заңдар, қаулылар, бағдармалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға
міндетті білім берудің мемлекттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Зерттеу кезеңдері:
Анықтау: зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, психология-
педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудің теориялық және
және әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.
Қалыптастыру: зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және
этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар
ұйымдыстырылып, жүргізіледі.
Қортындылау: тәжірбиелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп,
ғылыми жүйеге келтірілді. Негізі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар
құрастырылып, ғылыми – әдістемелік қорытындылар жасалынды.
Зерттеу құрылымы: Кіріспедан, екі тараудан, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №45 Нұрсәт
бөбекжайы, Достық II – кішілер тобы.

1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде
Ойын - мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол
бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған
ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар
арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге
асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да - болашақ
өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды,
адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы
тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ
ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп
есептейді.
Кеңестік педагог А.С.Макаренко "Баланың ойынға деген құмарлығы бар,
сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты
бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және
сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі - ойыннан тұрады", -деген пікірін
өз еңбектерінде атап өткен.
Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы
мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның
мазмұнына да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін,
әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет
екендігін де ескере кеткен жөн. Егер де тәрбиеші алынған тәжірибенің
белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік
тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете
қоймайды.
Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде ойын
әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске
асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең
алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын
оның интеллектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер:
қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. қалыптасады.
Баланың кез-келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге
бағытталғанын педагог-тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта
өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа
жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер
оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен,
білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген
нәрселерді тәрбиешілері мен ата-аналарынан үйренеді.Әр түрлі білімдер,
әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс
береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін
шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын
оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың аузына
алып барады. Бұл баланың жоғары интеллектуалдық деңгейде ойын міндетін
шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша болуы да мүмкін, тәрбиеші
жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша
тәжірибелікке ұқсас ұжымдық әрекет етуді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл
біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын
ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі - қиялдауы жойылып
кететінін ескергеніміз жөн.
Екіншіден, ойын жақсы таныс бейнеленгенімен, бірақ өмірлік жағдайда аз
жинақталған болса, еріксіз дағдарысқа енеді. Сонымен бірге бала күнделікті
өмірде нақты, анық білімдерді ғана емес, сондай-ақ түсініксіз,
жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. Мысалы, бала теңізшінің кім
екенін біледі, бірақ оның қандай іспен айналысатындығын білмеуі мүмкін.
Өзінің түсінігін толықтыру үшін ойын үстінде сұрақтар қойып, соған жауаптар
алу арқылы, айқын білімін толықтырып отырады.
Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын
міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа
бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын
жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі
балаларды шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету
қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай
жасайды, әр баланың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз
кезегінде балалардың біріккен құрбы-құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу
қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.
Ойын бір жағынан, баланың жақын даму зонасын дамытатындықтан, мектеп
жасына дейінгілердің негізгі әрекеті болып табылады.Мұнда жаңа прогрессивті
әрекеттің түрлері туады және өзінің мінез-құлқын еркінше басқаруын,
ұжымдық, шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастыруымен байланысты.Ал
екінші жағынан, өнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және
баланың үнемі өмірлік тәжірибесі молайып отырады.
Ойында баланың дамуы ең алдымен, оның мазмұнының әр түрлі
бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалмалы), эстетикалық (ән-күй),
ақыл-ой (дидактикалық, сюжетті-рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын
түрлері бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қатысуымен және
баланың белсендігінің түрлі формасымен үлкен екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама
түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі (ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі
бір деңгейде қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие,
балалар өз беттерінше ойын мақсатын қоюға қабілетті, ойынды дамытуға және
міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерді табады. Өз бетінше ойнайтын ойындарда
балалардың инициативасын көрсететіндей жағдайлар жасалады. Бұл топқа
әсіресе, өзінің даму қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына
үлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды енгізуге болады.
Екінші топ - бұл әртүрлі үйрететін ойындар, ересектер ойынның ережесін
айтып немесе ойыншықтардың құрылымын түсіндіріп, белгілі бір нәтижеге жету
үшін әрекет етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл ойындарда
тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген
бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Оқыту
ойындары мектеп жасына дейінгілерде адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде
маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінен репродуктивті
сипатқа ие: олар берілген бағдарлама әрекетінде ойынның міндеттерін шешуде,
тек қана оларды жаңадан өндіреді. Балалардың құрастыруы мен ептілігінің
негізінде шығармашылық элементтері көп кездесетін өздік ойындарды ойлап
шығарады.
Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне
маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы
адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Әртүрлі ойындарды баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және
дұрыс қолданғанда "мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және
тәрбиелеу бағдарламасын" өз деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог
ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін
қарастыра келе, ," мынадай жалпы ережені беріп отырмыз:
1. Ойын - әртүрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің
түрі.
2. Ойын - бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала
қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің
ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
3. Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы
баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.
4. Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму
үшін ойнайды.
5. Ойын - балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы-
құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.
1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні
Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың
ой-танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсат етілген. Халқымыздың
Баланы ойын өсіреді деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді.
Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне
бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен
есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр
далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан
ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.
Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар деген қағиданы берік ұстанған
ата-аналарымыз сәбиін қырқынан шығарып, жан-жаққа қарап, езу тарта
бастағаннан бүлдіршінін ойын әлемімен таныстыра бастайды. Сипалап,
уқалау, аяқ-қолын созу барысында Өс-өс, Қуырмаш, Бесік жыры өлеңдерін
айта отырып әрі ойнатып, әрі тәрбие бере білген.Баланы табу – қиын,
жақсылыққа бастау – одан да қиын деп білген қазақ халқы балаларды есейгенде
Отанының, халқының азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла-тәсіл
қолданған. Тіпті, алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып, ойнай
бастағанда, оларға Санамақ, Ханқыз сияқты айтуға жеңіл, тапқырлық пен
ақындыққа жетелейтін ойын түрлерін үйреткен.
Қазіргі таңда сол ұлттық ойын, өлең шумақтарымен былдырлап тілі шыққан
бала балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері, тілінің дамуы осы ойын үстінде
қалыптасады.Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда,
ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің
мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып,
өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай
білуі,сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.
Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы
шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-
әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп,
замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық – рөлді ойындардың сюжеті
болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де
соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын,
ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын
сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады.
Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5
жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі
жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады.
Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды.
Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.
Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу
құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар
көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар
арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен
ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-
әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын
үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды.
Нәтижесінде ойын қызықты да сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған
қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге келтіреді.
Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны
қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқымен
өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Егер
тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік
алады. Тәрбиешібалаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті
қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұнымен ережесін, өзінің ойындағы рөлін
пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын,
олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса
алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы
құрылыстар, ғимараттар көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар,
секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз
байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның
мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай өзіне тән ерекшеліктеріне
қарай сюжетті – рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары,
қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың
орны. Мектепкедейінгішақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда,
бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен
өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер
туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда
немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі
айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен – екінші
затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық
сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция
қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады.
Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай
да бір рөлді алады да, соған сәйкес, іс-әрекет жасай бастайды. Өзін аттың
немесе қорқынышты аңның орнына қояды, көбіне ересек адамдарды, анасын,
тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты
міндеттер – бала өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге
балалар одан алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы,
сатып алушыны ойнаған бала өзінің алған заттары үшін ақша төлемей кетуге
болмайтындығын түсінеді. Дәрігер рөлі шыдамды болуға және ауруға талап қоя
білуге міндеттейді. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты,
өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар.
Сюжетті рөлді ойынның мәні рөлді ойнаушының өзіне қойылған міндеттерді
орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру
болып табылады.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби
шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті
рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл
көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі
мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты
іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті
рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар
көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар
т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың,
құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің
шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып
табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп
нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық ойынында ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін
білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес,
балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас
жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ
бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның
орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның
күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.
Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар (Қайда не өседі?,
Бұл қай кезде болады?, Бұл кімге керек? т.б.), пазылдар, леголар, қимыл
белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар (Ұшатын қалпақтар, Қаздың
балапаны, Нысанаға тигіз т.б.) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек
топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар
қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім
не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген,
ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді,
тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда
балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады),
қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды)
саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу
сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық,
тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын
кеңейтеді.
Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру,
секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға
мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке
басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойынында
ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін,
ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл
ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл
топпен өткізіледі. Олар, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарының құрамына
енеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген көзқарасын,
қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын бүлдіршіндердің рухани-
адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын
балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып
отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық
жас кезінде өтеді. Қазіргі таңда Сорос бағдарламасының технологиясымен
жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып тұрғандай-ақ, сабақтар ойын
орталықтары арқылы өтеді. Мұнда балалар тек ойын орталықтарымен шектеліп
қалады деген сөз емес, ертеңгілік жиында, не болмаса сабақ соңында ойын
түрлері міндетті түрде қолданылады. Тіпті балалардың қызығушылығына қарай
олар сабақтан кейін де сол орталықта ойынын жалғастыра береді. Күні бойы
балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады.
Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы
ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап,
байсалдыққа, ойын ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте
мектепке барар бүлдіршіннің саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге
септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен келген бала сурет салғанда,
жазғанда, қолы талмай, қаламы мен қарындашын еш қиындықсыз қиналмай
бағындыра алады. Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы көздің көрегендігі мен
мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа
ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да,
психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Соның ішінде саусақ
ойынына тоқталайық, саусақ ойыны – қол саусақтарының көмегімен қандай да
болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналауға, би қимылдары мен
қимыл-әрекет ойындары арқылы да әсерлі нәзік қол қимылдарын көрсетуге
болады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген қабілеті дамып, өмірге
талпынысы, ынтасы артады және шығармашылық әрекетінде де жол ашады. Осы
ойынды ойнай отырып, ата-аналар, тәрбиеші-педагогтар, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстар мен ағаштарды
бейнелей алады. Техниканың төрт құбыласы тең дамыған қазіргі таңда,
Интернет желісі желдей есіп тұрған заманда небір бейнені бейнелеуге
болады.Мәселен, саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттана
шапалақтайды, шат-шадыман болады.
Қазақтың ұлттық бала тәрбиесінде де саусақ ойынының алар орны ерекше. Ойын
– мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров
кезінде: Балалықтың қанына ойын азық, - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын
кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын
ажырата алатыны анық байқалады.Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын
қайталап айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине,
баланың есте сақтау қабілетін арттырады.
ХІХ ғасырдың басында, жарық көзі елімізге жаңадан ене бастаған тұста
жылаған балаларын жұбату үшін ата-аналары шамның жарығына саусақ арқылы әр
түрлі жан-жануарлар бейнесін көрсетіп ойын ойнаған және ертегі құрастырып
әңгімелеп берген.Мысалы, Саусақтар сәлемдесуі ойынын алайық. Бұл ойында
бас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz