Ақтамберді жырау жайлы



Ақтамберді Сарыұлы (1675 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау – 1768 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жүреқадыр мекені) - жырау, қолбасшы, қазақтың көне жыраулық мектебінің өкілі, дипломат. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Ұлы жүздің Ошақты руынан шыққан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.

Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтамберді: «Дұшпаннан көрген қорлығым сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп кұдай тілекке» деп, өзі айткандай, он жеті-ақ жасында қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың акындық даңкымен балуандық, батырлык даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып, алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасылык кабілетімен көзге түседі.Сака батырлар санатына қосылған кезде «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.

Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттык күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бІрі ретінде танылады.

Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды да тағы мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтамберді айтарлықтай рөл атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.

Ол қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткері, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді творчествасы көп жылдар бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып калуға айналған асыл мұралар қатарына жатады.

Ақтамберді Сарыұлы - суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу аркылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен калың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды. Қысқа да нақыл, шешен сөздердің шебері.

1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738-1752 жылдарда қазақ-калмақтың қанды кақтығыстарының барлығына дерлік қатысады. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ

Ақтамберді Сарыұлы (1675 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау – 1768
жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жүреқадыр мекені) -
жырау, қолбасшы, қазақтың көне жыраулық мектебінің өкілі, дипломат. Он
екіде аттанып, қылыш ілдім білекке дегеніне қарағанда күреске ерте
араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Ұлы жүздің Ошақты руынан шыққан.
Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың атадан жалғыз
туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар деуінде өз өмірінің
шындығы бар.

Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтамберді: Дұшпаннан
көрген қорлығым сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып қылыш ілдім
білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп кұдай тілекке деп, өзі
айткандай, он жеті-ақ жасында қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың акындық даңкымен балуандық, батырлык даңқы қатар шығады. Орта Азия
хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып, алғашқы кезде жеке
басының ерлігімен, соңынан қолбасылык кабілетімен көзге түседі.Сака
батырлар санатына қосылған кезде Ақтабан шұбырындының куәгері болады.

Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттык күресін
ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бІрі ретінде
танылады.

Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер
босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды да тағы мекеніне
біржола орнықтыру жолында Ақтамберді айтарлықтай рөл атқарады. Өзіне
қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін
ектіреді.

Ол қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі
қайраткері, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді творчествасы көп жылдар
бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып калуға айналған асыл мұралар
қатарына жатады.

Ақтамберді Сарыұлы - суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары
табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу аркылы жеткендердің
бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік
көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен калың қауымға әсері күшті
болған жалынды жырау деп санайды. Қысқа да нақыл, шешен сөздердің шебері.

1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл
болды. 1738-1752 жылдарда қазақ-калмақтың қанды кақтығыстарының барлығына
дерлік қатысады. Ақтабан шұбырынды оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан
өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін
қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау.

Ақтамберді - тарихи тұлға. Оның есімі қазак халқының тарихында аталады, ел
аңыздарына сай бағаланады. Революцияға дейін жазылған қазақ тарихы туралы
кітаптарында да жырау есімін кездестіреміз. Мысалы, 1911 жылы Қазан
баспасынан жарық көрген Құрбанғали Қалидовтың Тауарих хамса атты
кітабында (250 бет) Ақтамберді туралы кыска мәліметтер кездеседі.
Ақтамбердіні кейінгі жыраулар шығармаларынан да ұшыратуға болады. Ел жауына
қарсы аттанған батырлар катарында оны 18 ғасыр жырауы ‡мбетей атаған. ХІХ
ғасырдың белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің Ер Еспенбет дастанында
жырлаған. Ақын Ақтамбердінің қартая бастаған тұсын бейнелейді. Оны
тәжірибелі қолбасы, батыр, қайтпас ер тұлғасын да танытады.

Ақтамберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді.
Олар көшпелі қазақтардың ой-арманымен, мақсат-мүддесімен астасып жатады.
Жыраудың Түйе мойнын тұз кесер, Күлдір-күлдір кісінетіп, Жылқыдан
асқан мал бар ма? тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халкының мінез-кұлык
ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көзкарастары анық аңғарыларды. Мал
атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпенділер өміріндегі орны жайында
өз тұстастары арасында дәл Актамбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны
тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі,
жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.

Ақтамберді жырларындағы негізгі сарын - ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске
жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл
қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете сокқы беруді
армандайды. Балпаң-балпаң кім баспас, Жауға шаптым, От басар орны
отаудай секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен шайқасқа шақырады.
Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп біледі.

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айқайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан,

Жалынды жүрек қан қайнап,

Ел-жұртымды қорғайлап.

Ол - суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табан асты
шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу аркылы жеткендердің бірі.
Халық оны жоңғарларға карсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен
батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен кауымға әсері күшті болған жалынды
жырау деп санайды.

Күмбір-күмбір кісінетіп деп басталатын шығармасы - ақынның алдына қойған
арманын танытатын патриоттык туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне
қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ел
қамымен автор өз мүддесін бірге ұстайды. Сұлу құшу және батыр деген атаққа
ие болу, бұл сайып келгенде, жалаулы найза қолға алып, жау қашыра білуіне,
ерлік қимылдарына байланысты немесе жігіттің ерлік көрсетуге даярлығына
тәуелді армандар дегісі бар. Автордың ойынша, ел үшін аянбай еңбек етіп
көзге түссең дегеніңе жетесің. Ер азаматтың алдына қояр талаптарын ол
өзінше термелейді:

Күмбір-күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз.

Күрек тісін қасқитып,

Сұлуды құшар ма екенбіз.

Күдеріден бау тағып.

Кіреукеден тон киер ме екенбіз...

Жалаулы найза қолға алып,

Жауға қашырар ма екенбіз.

Актамберді қолы деп,

Жанайдың салған жолы деп,

Жақсы атанар ма екенбіз.

1973 ж. шықкан Алдаспан жинағында осы толғаудың екі нұсқасы басылған.
Асылы, олар - әркайсысы әр тұста айтылған өзінше бөлек жырлар. Себебі,
қайталау көп кездеспейді (113,117-беттер). Ақтамберді есімін ақын Сара да
еске алады. Ол Біржанменен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры
деп мақтан етеді. Белгілі жазушымыз С. Мұқанов жыраудың Күмбір-күмбір
кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз толғауын 1942 ж. шыққан XVIII - XIX
ғғ. қазақ әдебиетінің очеркі кітабында жариялаған-ды. Бұдан кейін Ерте
дәуір әдебиеті нұсқасы (1967), Алдаспан (1973), Бес ғасыр жырлайды
(1984) жинақтарына енді. Айқап баспасынан 1994 ж. басылып шыққан Әзімбай
Бижанұлының дастаны бар. Онда Ақтамбердінің біз сөз еткен Күлдір де күлдір
кісінетіп толғауы тағы жырланып, жыраудың өмір жолы толғанады. Батыр
жыраудың ерлік бейнесі жасалады.

М. Мағауиннің Қобыз сарыны кітабында да Ақтанберді ақындығы біркелкі сөз
болған еді. Аталмыш еңбектерде жырау шығармашылығын толық танытуға белгілі
дәрежеде көңіл бөлген.

Ақынның батыр мінер тұлпарды бейнелеген өлеңі оның суреткерлік шеберлігінен
де хабар береді. Кей жерлері жоғарыдағы жолдарға үндесіп жатады.

Келбетіне қарасаң,

Омырауы даладай.

Әлпетіне қарасаң,

Сырлап соққан моладай.

Жолбарыстай жон түйген,

Аш күзендей бүгілген.

Ор киіктей жүгірген...

Осы келтірілген жолдар жоғарыдағы Күмбір-күмбір кісінетіп деп басталатын
өлеңнің жалғасы десе боларлық. Екеуінде де бір идея көрсетілген. Ер
азаматтың армандары термеленеді.

Ақтамберді ермін деген жігіттің алдына асқар таудай асыл мұраттар қоя
біледі.Соның ең асылы - ерлік. Ел басына қиындық түскен кезде сыналар және
елі үшін жанын отқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтамберді жырау
XV—ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Жыраулар шығармашылығы
Жыраулар поэзиясы
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Пәндер