Адал ас - адамның арқауы



1. Атеросклероз туралы
2. Мүмкін болған асқынулары:
3. Доңыз етінде күкірт көп.
4. Трихинеллез туралы
5. Доңыз етінің адам мінезіне әсері
6. Реккевег гомотоксикологиясы
7. Басқа да себептер
8. Соматотропты гормон жайлы
9. Қабыну медиаторлары
10. Электр тогымен жансыздандыру
11. Қолданылған әдебиеттер
Күллі әлемді, тіпті күллі ғаламды бір – бірімен тығыз байланыста етіп жаратқан Алла тағала бізді де сыртқы ортамызбен тығыз байланысты етіп жаратты. Адам кейде табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылады.Бізді өте әлсіз, осал етіп жаратқан Алла тағала бізді өте көп нәрсеге байланысты, тәуелді етіп қойды. Сол көп тәуелділіктердің бірі асқа тәуелділік. Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы біз ең алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз, ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз.

Ас аданың арқауы – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ас адамның арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері белгілі. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды.
Диетология (грек diata- өмір сүру салты, тамақтану тәртібі+ logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гипократ есімімен байланыстырады.
Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅ тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу - тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына , сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Денсаулық дегеніміздің өзі организнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімлеліп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейінгі өлім- жітімнің ½-і дұрыс тамақтанбаудан туындаған аурулармен байланысты.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.
АҚШ- та тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек-қантамыр ауруларының жиілігі 2/3-ге дейін азайтылған.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше.
Дені сау және ауырған адамдарды дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін нутрициология (nutrition- қорек ) ғылымы зерттейді. Нутрициологияның жетістіктері басқа ғылымдардың дамуымен тығыз байланысты.
1. С.А. Әміреев, Қ.Құдайбергенұлы, А. Жаханов. Медициналық паразитология
«Трихинеллез», Алматы 2005. 256-бет.
2. М.Д. Машковский //Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. М.: «Новая Волна» 2005г
3. Медицинский энциклопедический словарь. Под. ред. проф. В.И. Бородулина. М.: «Оникс 21 век» 2002.
4. Ариф Абдулфаттах Таббара. Отбасы және тағамдағы күнәлар. Қазан – 2006.
5. Вихерт А.М.,Жданов В.С.,Лившиц А.М.// Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы /ред. А.М. Вихерт, А.В. Чаклин.—М, 1990. 8-47 беттер.
6. Атеросклероздың географиялық патологиясы / А.М. Вихерт, В.С. Жданов, Е.Е. Матова, С.Г. Аптекарь // М.:Медицина, 1981. 215-бет.
7. Каган А.Р., Стернби Н.Г., Уемура К. және басқалар. // Бюлл. ДДҰ. 1977.—Т.53,№5-6. 425-584 беттер.
8. Лисицын Ю.П.Распространенность сердечно- сосудистых заболеваний // Превентивная кардиология. – М.: «Медицина», 1987. – с.21-27.
9. В.Н. Крюков «Судебная медицина» Москва «Медицина», 1990.
10. http://as-doktors.ru/
11. http://www.injan.ru/ru/center/izletshenie2.html/print/
12. http://www.allvet.ru/
13. http://www.injan.ru/
14. http://rus-katana-dogs.narod.ru/magistrat/magistr82.html
15. http://adventist-dnipro.narod.ru/zdorov/svinina1.htm
16. www.injan.ru/ru/center/izletshenie2.html/print/
17. http://www.cardiosite.ru/new.asp?id=22789
18. http://www.vragimuh.ru/26.htm
19. www.hovala.co.il/100/golodanie/10.html - 12k
20. Гигиена труда и профессиональные заболевания. 11. 1991г. М. Медицина.
21. Труды Оренбургского Государственного Медицинского Института. Выпуск-9. ЮУКИ. 1966.
22. Справочник по диетологии. Под ред. А.А. Покровского. М.:Медицина 1991г.
23. М. Ахмет-төре, Т. Бекбосынов. «Тағаммен емдеу» Алматы 2002.
24. Қайрат Жолдыбайұлы. Доңыздың еті неліктен харам //Аңсар .№5, 2007ж.
25. А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том 10, Москва, Медицинская литература 2005г.
26. Самсонов М.А. Концепция сбалансированного питания и ее значение в изучении механизмов лечебного действия пищи. // Питание. 1992
27. Юрий Григориевич Григоров: вопросы питания //І Диетология 1991. № 2,
28. Погодаев К.И. Определение общей серы в животных тканях. Труды 1-го Московского Медицинского Совета, 1963,
29. Щепаняк В.М. Шапиро. Саниторно гигиенические условия труда и особенности заболеваний работников серного производства. Гигиена труда и профилактика заболевания, 1991г, № 11
30. Е.А. Беюл. Справочник по диетологии, Медицина 1981

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
АДАЛ АС - АДАМНЫҢ АРҚАУЫ
авторы: әзірге белгісіз
Күллі әлемді, тіпті күллі ғаламды бір – бірімен тығыз байланыста етіп
жаратқан Алла тағала бізді де сыртқы ортамызбен тығыз байланысты етіп
жаратты. Адам кейде табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде
қарастырылады.Бізді өте әлсіз, осал етіп жаратқан Алла тағала бізді өте көп
нәрсеге байланысты, тәуелді етіп қойды. Сол көп тәуелділіктердің бірі асқа
тәуелділік. Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы
біз ең алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз,
ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз.

Ас аданың арқауы – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ас адамның
арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс
тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Әр түрлі
ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі
мағлұматтар көне заманнан бері белгілі. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами
келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда
болды.
Диетология (грек diata- өмір сүру салты, тамақтану тәртібі+ logos- ілім) –
дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы
ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру
әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне
заманнан бері Гипократ есімімен байланыстырады.
Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅
тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын
қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты.
Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ соның
35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу - тіршіліктің негізі болып саналатын
организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организнің гомеостаз деп аталатын
өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына , сонымен қатар қоршаған
ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Денсаулық дегеніміздің өзі организнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі
әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына
тез бейімлеліп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші.
Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің
бірі болып саналады. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейінгі өлім-
жітімнің ½-і дұрыс тамақтанбаудан туындаған аурулармен байланысты.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы
емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік,
анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.
АҚШ- та тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек-
қантамыр ауруларының жиілігі 23-ге дейін азайтылған.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді
тамақтанудың және азық түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы
ерекше.
Дені сау және ауырған адамдарды дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін
нутрициология (nutrition- қорек ) ғылымы зерттейді. Нутрициологияның
жетістіктері басқа ғылымдардың дамуымен тығыз байланысты.
Тиімді тамақтану дегеніміз- тамақ ішу режимін бұзбай, күнделікті рациондағы
негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті
үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін
сақтау.
Тиімді тамақтану арқылы адам организміне өте қажетті пластикалық
энергетикалық заттар тағаммен бірге түсіп отырады. Организмге қажетті
нутриенттердің мөлшері адамның өмір сүру ортасындағы жағдайларға адамның
жасына, жынысына, атқаратын жұмысына, ұлттық этникалық ерекшелігіне
байланысты анықталады. Біршама дені сау орта жастағы, аса ауыр еңбекпен
айналыспайтын адамға тәулігіне 2800-3000 ккал энергия қажет. Энергия көзі –
негізгі қоректік заттар. Оларға нәруыздар, майлар, көмірсулар жатады. Осы
қоректік заттардың ең оңтайлы өзара қатынасы 1:1,1:3,5-4 болып есептеледі.
Көрсетілген ара қатынас сақталған жағдайда адамның тамақтануы үйлесімді деп
саналады. Организм күнделікті қажет энергияны 12-15℅ белоктадың, 30-35℅
майлардың, және 53-56℅ көмірсулардың алмасуынан алуы керек. Тиімді
тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын тағами
факторларды (кейбір амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, кейбір
витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотроптық заттар, тағами
талшықтар) өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен міндетті түрде алып
отыруы қажет. Жоғарыда аталған заттармен организмді толық қамтамасыз ету
үшін рационға әр-түрлі тағамдық өнімдер енгізілуі керек. Мысалы, жануар
өнімдерінде болатын кейбір амин қышқылдары өсімдікте болмауы мүмкін.
Сондықтан нәруыз көзі ретінде жануар өнімдері мен өсімдік өнімдерінің
нәруыздары 55:45℅ немесе тепе-тең (50:50℅) арақатынаста боғаны дұрыс, ал
жануар майлары мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек.
Көмірсуларды көбінесе полисахаридтер түрінде қабылдаған жөн.
Жоғарыда біз тағамды тек тәндік қажеттілік ретінде қарастырдық. Алайда бұл
дұрыс емес. Өйткені адамның тәні мен жаны қосылып толық, бүтін бір тұлғаны
құрайды. Әрине бұндай тікелей байланыстағы тән мен жан бір-біріне ықпал
етпей бір-бірінен тәуелсіз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан диетология
ғылымын одан әрі кеңейтіп, дамытып оның рухани тұстарын да қарастыруымыз
өте қажет. Мүмкін келешекте диетологтарымыз диетологияны екі үлкен тармаққа
бөліп қарастырып жататын да болар. Оны уақыт көрсетіп жатар...
Егер адамның рухы таза, сау болса, ондай адам таза жүріп, дұрыс, таза
тамақтануға тырысады. Бұл адамның жанының да, тәнінің де дұрыс жұмыс
істеуіне себеп болады.Дені сау тән рухты одан да жоғары шыңдарға көтере
түседі. Немесе керісінше – дәл осы байланыс кері мағынада да болуы мүмкін.
Бұл ойдың артынан еріксіз атамыз қазақтың тәні саудың жаны сау деген сөзі
еске түседі.
Хақ дініміз бұл мәселені де ескеріп, барлығына өз шешімін тауып қойған.
Құдыреті шексіз Алла тағала бізге не керек, не керек емес, не пайдалы және
не зиянды екендігін ең жақсы білуші, және бізге өзінің кітабы құран керімде
және сүйікті құлы және елшісі Мұхаммед (С.А.С.) арқылы біздерге білдіріп,
ескерткен.Дініміз бізге зиянды заттарды жеуге тыйым салып, пайдасы көбірек
заттарды қолдануға үгіттейді.
Құранда келесі аят жеуге тыйым жеуге тыйым салынған тағамға байланысты:
Шынайы түрде сендерге өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін,
және алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды.Сонда кім
мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған күнә жоқ. Күдіксіз Алла
өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Бақара сүресі 173 – аят)(
Айт! Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені
таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті,
немесе күнәлі болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. ( Анғам
сүресі, 145 – аят)
Исламда тамақтан өткен барлық нәрсені рыздық деп атайды. Рыздықтың жеуге
рұқсат етілген (халал) және тыйым салынғаны (харам) болады. Жеу харам
етілген тағамның өзі деген үлкен екі топқа бөлінеді:
Доңыз еті туралы
Доңыз – лас мал.Бұл аяттарда доңыз еті рижс лас деп аталған. Рижс қазақ
тілінде лас, кір және жаман қылық деген мағыналарды береді. Кейде бұл сөзді
тыйым не қандай да бір жиіркенішті қылықты білдіруге қолданады.
Пайғамбарымыздың қызметінің бір мақсаты да Құранда:
Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылды (Ағраф сүресі, 157-
аят.) –деп баяндалады.
Доңыз —лас. Бірақ оның еті әлі күнге дейін көптеген адамдардың әдеттегі
тағамы болып отыр. Сондықтан біз әңгімемізді дәл осы тақырыптан бастауды
жөн көрдік.
Доңыз еті не үшін харам? Доңыз еті ең әуелі бүкіл әлемдердің раббы — Аллах
тағала жемеңдер деп тыйғаны үшін харам. Алланың әміріне ешкім ешқашан
критикалық көзқараспен талқылауға құқығы жоқ. Егер Алла тыйса, онда оған
себеп бар.
Доңыз етінің харам болуының хикметтері толық түрде тек Аллаға ғана аян. Ал
бізге белгілі болғандарының өзі аз емес.
Келіңіз доңыз етінің құрамына үңіліп көрейік.
№1 кесте
100г ет құрамындағы негізгі тағамдық құндылықтардың мөлшері
№ Азық түлік аты Нәр-уыздар Май-лар Минералдық заттар Витаминдер
Na K Ca P Fe B1 B2 PP B6 B12 B9
1. I категориялық сиыр еті 18,6 16,0 65 325 9 188 2,7 0,14 0,23 3,3 0,38 -
5,5
2. II ктегория-
лық сиыр еті 20,2 9,8 73 355 10 200 2,9 0,07 0,18 3,0 0,39 2,8 8,9
3. I категориялық қой еті 15,6 16,3 80 270 9 168 2,0
4. II категория-лық қой еті 19,8 9,6 101 345 11 190 2,3 0,09 0,16 2,8 0,32
- 5,5
5. I категориялы жылқы еті 19,5 9,9 50 370 13 185 3,1
6. II категориялы жылқы еті 20,9 4,1 54 397 14 198 3,3
7. Үй қоян еті 21,1 11,0 57 335 20 190 3,3
8. Доңыз еті 14,3 33,3 58 285 7 164 1,7 0,52 0,14 2,4 0,33 - 5,5
№1 кестедегі мәліметтерді өзара салыстырып қарасақ, мынаны оңай байқаймыз:
Нерв талшықтарының бойында болып организмде жасуша сыртының негізгі йоны
болып, жасуша аралық изотоникалықты сақтаушы, Нерв талшықтарындағы
импульстың өтуінде негізгі рөл атқарушы, организмдегі су - электролиттік,
қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің негізгі мүшесі болған Na :
қой етінде 80-101мг,
сиыр етінде 65-73мг,
доңыз етінде бар болғаны 58мг ғана.
Жасуша ішінің негізгі ионы, жасуша аралық иондық тепе-теңдікті сақтаушы,
жүрек кардиомиоциттерінің, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына қатысатын
жүректің автоматизмі мен ретті әрекет етуінің себепкері, бүкіл организмдегі
нерв импульстерінің, өткізгіштігіне қатысатын К:
жылқы етінде 370-397мг,
сиыр етінде 325-355мг,
қой етінде 270-345мг,
тіпті үй қоянында 335мг,
ал доңызда бар жоғы 285мг ғана болады.
Нервтік өткізгіштікте өте маңызды орын алатын, сүйек тінін құрудағы ең
негізгі элемент болып табылатын, жүрек жұмысына, біріңғай салалы және
көлденең жолақты бұлшықеттердің дұрыс жұмыс істеуіне, қан ұю жүйесіне
қатысатын Са:
үй қоянында 20мг,
жылқы етінде 13-14мг,
қой мен сиырда 9-11мг,
ал доңызда 7мг ғана болады.
Жасушада пластикалық қызмет атқаратын жасуша фосфолипидтерінің құрамындағы,
сүйектің минералдық құрамында болып, пластикалық қасиет беретін және т.б.
көптеген әсерлері бар фосфор:
сиыр етінде 188-200мг,
жылқы етінде 185-198мг,
қой етінде168-180мг,
қоянда 190мг,
ал доңызда бары 164мг ғана екен.
Қанның қызыл жасушаларындағы гемоглобиннің, миоглобиннің, тіндік тыныс алу
ферменттерінің т.б. құрамында алмастырмайтын орны бар Ғе:
жылқы етінде 3,1-3,3мг,
үй қоянында 3,3мг,
сиыр етінде 2,7-2,9мг,
қой етінде 2,0-2,3мг,
ал доңыз етінде 1,7мг екен.
Рибофлавин – флавин ферменттің коферменті болып, тотығу тотықсыздану
үрдістеріне қатысады. Барлық зат алмасу үрдістеріне қатысатын, көздің
қызметінде маңызды рөл атқаратын рибофлавин (B2 витамині) :
Сиыр етінде 0,18-0,23мг
Қой етінде 0,16мг
Доңыз етінде 0,14мг болады.
Организмде тотықтырғыш ферменттердің (НАДФ) құрамында болып тотығу үрдісіне
қатысатын, организмнің энергияны пайдалануында маңызды болған никотин
қышқылы (РР витамині):
Сиын етінде 3,0-3,3мг
Қой етінде 2,8мг
Доңыз етінде 2,4мг
Зат алмасу үрдістеріне қатысатын орталық және шеткері жүйке жүйесінің
қалыпты қызметіне қамтамасыз ететін пиридоксин (B6 витамині):
Сиыр етінде 0,38-0,39мг
Қой етінде 0,32мг
Доңыз етінде 0,33мг
Қан жасушаларының синтезіне қатысатын, жалпы жасушалардың пролиферациясында
маңызы бар фоль қышқылы (B9 витамині):
Сиыр етінде 5,5-8,9мг
Қой етінде 5,5мг
Доңыз етінде 5,5мг
Байқайтынымыздай B1 витаминін (тиамин) санамағанда, барлық минералдық
заттар мен витаминдердің мөлшері салыстырмалы түрде өте аз мөлшерде ғана
кездеседі. Ал етті термоөңдеуден өткізгенде тиаминнің 40% бұзылысқа ұшырап
кетеді. Бір жағынан тиаминді біз нан тағы басқа көптеген тамақтар арқылы да
ала аламыз, басқаша айтқанда доңыздың тиаминіне зәрлі қалған жоқпыз. Ал
басқа маңызды белоктар, витаминдер мен макроэлементтердің мөлшері мардымсыз
ғана екен. Сонда доңыз етінде не бар? Доңыз етінде бастан аяқ тек бізге
керексіз заттар бар, тіпті керексіз ғана емес, өте зиянды заттар бар...
Атеросклероз туралы
Доңыз еті өте майлы келеді. Оны сіздер 1-кестеден салыстыра отырып басқа үй
хайуандарына қарағанда екі, тіпті үш есе майлы екендігіне көз
жеткізесіздер. Ол кестеден доңыз етінің басқа мал еттерінен екі есе, немесе
одан да жоғары мөлшерде майлы екенін көруге болады.
№2 кесте

Азық түлік аты Амин қышқылдары, г Май қышқылдары, г
Бар-
лығы Соның ішінде: Бар-
лығы Соның ішінде:
Алмас-
тырыл-
майтыны Алмас-
тыры-
латыны Қанық-
қаны Моно-
қанық-
пағаны Поли-
қанық-
пағаны
1. I категория-лық сиыр еті 18,4 7,1 11,3 15,1 7,1 7,4 0,6
2.
II ктегория-
лық сиыр еті 19,9 7,7 12,2 9,1 4,3 4,4 0,4
3. I категория-лық қой еті 15,5 5,8 9,7 15,2 7,9 6,8 0,5
4. II категория-лық қой еті 19,6 7,6 12,1 8,9 4,9 3,9 0,3
5. Үй қоян еті 20,6 8,1 12,5 12,5 4,9 4,5 3,1
6. Шошқа еті 19,4 7,8 11,6 30,7 11,7 15,4 3,6
7. I категория-лы жылқы еті 19,3 7,6 11,7 7,8 2,8 3,8 1,2
8. II категория-лы жылқы еті 20,9 8,2 12,7 5,1 1,2 1,4 2,5
№ 2-кестеде келтірілгендей доңыз етіндегі майдың құрамындғы қаныққан май
қышқылдары басқа үй хайуандарындағыға қарағанда әлде қайда көп екені
белгілі. Дәл осы қаныққан май қышқылдары – атерогенді яғни атеросклероз
тудырушы май қышқылдары деп есептеледі. Өйткені бұл май қышқылдары
организдмде энергия көзі ретінде жұмсала қоймайды, тек артық мөлшерде
жинала береді және холестеринмен бірге төмен және өте төмен тығыздықты
липопротеидтердің құрамына кіреді.Төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП)
мен өте төмен тығыздықты липопротеидтер (ӨТТЛП) бауырдан холестеринді
тіндерге тасымалдаушысы болып, бұлар да нағыз атерогенді заттарға жатады.
Атеросклероз дегеніміз – (athera- ботқа, sclerosis- қатаю) артерия
эндотелилерінің астына липидтер (майлар) мен кальций тұздары жиналуының
нәтижесінде қан тамыр қабырғаларының қатайып, тарылуымен және ағзалардың
қан айналым бұзылысымен жүретін созылмалы ауру.
Мүмкін болған асқынулары:
1. Қан тамырларының тромбозы
2. Аневризма
3. Әр түрлі ағзалардың тромбоэмболиясы
4. Әр түрлі ағзалар мен тіндердің ишемиялық асқылулары (миокард инфаркты,
ішек инфаркты, екіншілік бүріскен бүйрек, мидың ишемиялық инсульты, Лериш
синдромы, т.б.)
5. Қантты диабет
6. Артериалдық гипертония
7. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі.
Қантты диабет пен артериалдық гипертония атеросклероздың ажырамас досы.
Егер адам атеросклерозбен ауырса, онда оның қантты диабетпен және
артериалдық гипертониямен ауыру қаупі өте жоғары және керісінше егер қантты
диабет немесе артериалдық гипертониясы бар адамда атеросклероз даму қаупі
өте жоғары, яғни бұл екі ауру атеросклероздың себебі де салдары да болуы
мүмкін.
Атеросклероз қаншалықты қауіпті? Бұл сұраққа жауапты табу үшін статистикаға
жүгінейік.
Жүрек қан тамыр ауруларын ХХ ғасыр эпидемиясы деп бекер айтпайды. Дүние
Жүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек әлемде өлім жітім
көрсеткіші бойынша ең бірінші орынды жүрек қан тамыр аурулары алады.Жыл
сайын 50 млн-нан астам адам бұл өмірден көз жұмады екен. Жалпы өлім
жітімнің 55% жүрек қан тамыр ауруларының себебінен болады, қалған 45% ғана
басқа аурулардан болады (қатерлі ісік, жол апаты т.б). Жүрек қан тамыр
ауруларының ішінде 85,5% жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) үлесіне, Оның
ішінде 46,8% миокард инфарктына, қалған 38,7% ми инсультына тиесілі екен.
Бұл екі патологияның негізгі себепшісі болып атеросклероз есептеледі және
профилактикада осыған баса назар аударылады. Атеросклероздың дамуына алып
келетін этиологиялық факторларға :алиментарлық(майлы тағамды көп қолдану),
тұқым қуалаушылық бейімділік, гиподинамия, спирттік ішімдіктер мен темекі
шегу сияқты зиянды әдеттер мен кәсіптік зияндықтар, стресстық жағдай
жатады.
Халықтар арасында атеросклероздың таралу жиілігі мәлелесіне әлем ғалымдары
жеткілікті түрде көңіл бөлген. Атап айтқанда:
Вихерт А.М.,Жданов В.С.,Лившиц А.М. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы
ред. А.М. Вихерт, А.В. Чаклин.—М, 1990. 8-47 беттер.
Атеросклероздың географиялық патологиясы А.М. Вихерт, В.С. Жданов, Е.Е.
Матова, С.Г. Аптекарь М.:Медицина, 1981. 215-бет.
Каган А.Р., Стернби Н.Г., Уемура К. және басқалар. Бюлл. ДДҰ.
1977.—Т.53,№5-6. 425-584 беттер.
Лисицын Ю.П.Распространенность сердечно- сосудистых заболеваний
Превентивная кардиология. – М.: Медицина, 1987. – с.21-27.
Зерттеушілердің алған мәліметтері бойынша атеросклероздың таралу жиілігі
халықтардың жасына, этникалық ерекшеліктеріне, өмір сүру аймағына
байланысты. Аталған факторлардың соңғы екеуі – негізінен адамдардың өмір
сүру салтымен түсіндіріледі (гиподинамия, тамақтану ерекшелігі және т.б).
Атеросклероздың таралуы бойынша ең алыдыңғы орынды Ресей алады. Өздерінің
ғылымы мен техникасының, денсаулық сақтау жүйесінің өте жақсы дамығандығына
қарамастан екінші орында батыстың ақ нәсілді халықтары тұр. Сондай ақ олар
ең көп қаржыны дәл осы мәселеге жұмсайды екен.Бұндай ауыр шындықты олар
гиподинамиямен түсіндіреді, алайда ғылыми техникасы мен комфортабелді өмір
сүру салты бойынша асып кетпесе кем түспейтін Жапонияда атеросклероз Европа
және Америкаға қарағанда 2-3 онжылдыққа кешігеді. Одан кейінгі орынды Азия
және Африка халықтары алады. Қысқартып айтқанда доңыз етін тағамға
пайдалану мен адам өлімінің ең негізгі себепшісі болған атеросклерозға
шалдығу арасында тікелей корреляциялық байланыс бар екені айдан анық
белгілі болды.
Доңыз майының тағы бір ерекшелігі – жоғарыда айтып өткендей, организммен
жұмсалмай тек жинала беруге бейім, яғни семіздікке қаупі жоғары болады.
Өмірлік тәжірибеден кейбір фактылар келтіріп өтейік. Кейбір (арыстан,
жолбарыс) цирк жануарларына салмағының көтеріліп кету, артериалдық қан
қысымының көтерілу қаупі жоғары болғандықтан доңыз етін бергізбейді екен.
Доңыз етінде күкірт көп.
Доңыздың денесінде өте көп мөлшерде күкірт және оның әр түрлі қосылыстары
болады екен. Оны жүйелі түрде ұзақ уақыт тағам ретінде пайдаланғанда
организмге артық мөлшерде күкірт түседі. Оған қоса қазіргі табиғатқа
жасалынып жатқан антропогендік теріс әсерлердің нәтижесінде (мұнай
өнеркәсібі, және басқа да өндіріс өнімдері, транспорттық жанар жағармай
қалдықтарымен ластану, т.б.) дамыған күкірт өнімдерімен адам айтқысыз түрде
ластанған ауамен дем алып жатқанымызды есепке алар болсақ, доңыз етімен
түскен күкіртті қосылыстар біздің организмімізге кәдімгідей артықтық
қылатынын мойындауға тура келеді. Тіпті қазақтың жығылғанға жұдырық деген
сөзі еріксіз еске түседі.
Ұзақ уақыт жүйелі түрде күкіртті сутек, күкірттің екі ватентті оксиді әсер
етсе иммундық реактивтіліктің төмендеуіне алып келеді. Ол организмнің
спецификалық және бейспецификалық иммунитетінің төмендеуімен көрінеді, және
бұндай организм әр түрлі ауру сырқауға – бейспецификалық қабынуларға,
қатерлі ісікке бейім болып келеді.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Солтүстік Африкада қызықты бір жағдай
орын алған.Неміс экспедициялық корпусындағы көптеген әскерлердің балтырында
тропикалық деп аталатын, соғыс жағдайына қатысы жоқ жаралар пайда болған.
Жаралардың көлемі үлкен және емге қиын көнеді. Барлық жүргізілген емдік
шаралар нәтижесіз болады. Бұл жаралардың тамақтанумен байланысты екендігі
туралы болжамдар пайда бола бастайды, өйткені жергілікті аборигендерде
бұндай жаралар жоқ еді.Күнделікті тамақтық рационнан доңыз етін алып
тастағаннан кейін ғана проблема толық шешіледі. (Х.Х. Реккевег 1977.)
Күкірт және оның қосылыстары организмнің орталық жүйке жүйесінің қызметіне
нұқсан келтіріп, астеновегетативті, вегето-тамырлық бұзылыстардың,
невроздардың дамуына ықпал етеді. Сондай ақ шеткі нервтердің невралгиясы
мен невриттеріне, шонданай нервінің невритіне (ишиаз) себеп болуы мүмкін.
Организмдегі өлшемнен тыс күкірттің болуы шеміршек, бұлшықет және
сүйектерге сіңіп, буындарға тұз жиналуына, сүйектердің мықтылығы мен
регенерациялық қасиеттерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Қалқанша безінің қызметін бұзатын заттарды зобогенді заттар деп атайды.
Зобогенді заттар суда, топырақта, тағамдық өнімдерде болуы мүмкін. Сондай
ақ кейбір химиялық қосылыстар да зобогенді қасиетке ие: сульфамидтер,
парааминсалицил қышқылы және басқалар. Көбіне зобогенді заттардың құрамында
екі валентті күкірт болады (Л. Ироусек және басқалар, 1959).Организмге
тамақ арқылы түсетін зобогенді заттардың құрамындағы екі валентті күкірт
өте жиі амин қылқылдардың құрамындағы сульфгидрилді немесе дисульфидтік
байланыстар түрінде кездеседі.Эндемиялық зоб кезінде қалқанша безінің
аминқышқылдық құрамы өзгереді: тирозиннің, триптофанның мөлшері айқын түрде
азайып, цистиннің – құрамында күкірті бар аминқышқылының мөлшері 50%- ға
жуық көбейеді. Осылай зоб кезінде цистин алмасуы айқын бұзылысқа ұшырайды
(И.И. Соколова, 1961).
Жоғарыдағыдай мәліметтерге ие болған Л. Н. Шафор өзінің әріптестерімен
бірге йодтың жеткілікті болған жағдайында сульфаттар, күкірті бар амин
қышқылдары- метионин, цистин, цистеин қалқанша безінің қызметіне қаншалықты
әсер етеді деген сұраққа жауап іздеді.
Тәжірибе салмағы 90-130г шығатын ақ егеуқұйрықтарға жасалды.
Егеуқұйрықтарды 5 данадан 7 топқа бөлді. Зерттеуден екі сағат бұрын
жануарларға құрсақ ішілік индикаторлық дозада 2 микрокюри радиоактивті йод
енгізілді. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда халал өндірісінің дамуы
Халық педагогикасының негізгі қағидалары
Есет Көкіұлы мемориалдық кешені
Халық педагогикасының негізгі қағидалары туралы
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы туралы
Әдеп - эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы
Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеялары
Әбіш Кекілбаев әңгімесіндегі адами қасиеттер
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Пәндер