Асқорыту үрдісіндегі тоқ ішектің ролі



Ащы ішекте еңделген химус біртіндел жеке-жеке үлеспен тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішек үщ бөлімнен тұрады. Олар буйен, жиек ішек және тік ішек. Жылқыңа жиек ішекті қарта, сиыр мен түйеде - қима деп атайды. Тоқ ішек ащы ішекке қарағаңца әлдеқайда кеңірек келеді. Оның жалпы ұзындығы сиырда 6-13 м, қоңда - 3,5-10 м, жъщқыда -

9 м, түйеде - 18-22 м, ал сиымдылығы күйіс малында ас қорыту жолының жалпы сыйымдылығының 11-15 пайызы, жынқыңа - 40-60 пайызы шамасыңда.

Тоқ ішектің кілегейлі қабьиында бүрлер болмайды, бокал тәрізді Жасушалар көп болады. Сөл аз ғана мөлшерде бөлінеді, сондықтан тоқ ішектің өзінде бөлінген сөлдің ас қорытуда рөлі онша зор болмайды. Сөлдің сутектік көрсеткіші - 7,6—9,0 шамасында сақталады.

Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде корытылып үлтерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесте ащы ішекген өткен ферменттер мен ас қорыту жолының осы бөлімін мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдер ферментері зор рөл атқарады (1 г химуста 15 млрд бактериялар болады). Ішектің бұл бөлімінде микроорганизмдер әрекетінен белоктар шіріп, көмірсулар ашиды. Белоктардың шіруінің, амин қышқылдарының ыңырауының нәтижесінде индол, крезол, скатол, фенол сияқты уытты заттар түзіледі. Аталған өнімдер қанға сіңіп, бауырда күкірт қышқылымен, глюкурон қышқылымен қосылады, залалсызданады. Тоқ ішектен су мен минералды заттар қарқынды сіңіріледі де, химус коюланып, нәжіс пайда болады.

Малдың тоқ ішегі азық қорыту және қоректік заттарды сіңіру процесінде маңызды қызмет атқарады. Мес қарынмен салыстырғанда бүйен микроорганизмдері саны мен популяциялық түрі жағынан әлдеқайда бай келеді (Мюллер, Шмидт). Бүйенде белоктар ыдырап, амин қышқылдары түрленеді, аммиак, бактерия белоктары синтезделеді. Жылқыда рацион құрамындағы белоктың 39 пайызы, сиырда - 31 пайызы, шошқада - 30 пайызы тоқ ішекге қорытылады. Рацион құрамындағы энергиялық заттардың 23—87 % мес қарыңда, ал 17-51 % бүйенде қорытылады (Томас, Рук). Бүйен мен қан айналым жүйесінің арасында зат адмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен қандағы көмірсулардың ыдырау өнімдерінің (ҮМҚ), амин қышқылдарының құрамдық сипатын сақтауда, белокқа жатпайтын азотты заттарды сіңіруде маңызды рөл атқарады (Т. Несіпбаев).

Бүйенде жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестердің күйіс қайырмайтын мал, әсіресе жылқы, үшін маңызы өте зор. Жылқы бүйенінің сыйымдылығы қарынның сыйымдылығынан 2—2,5 есе көп, 32—37 л дейін жетеді. Бүйенде ащы ішекте басталған процестер одан әрі жалғасады. Ащы ішектен өткен амилаза, сахараза, лактаза ферменттерінің әсерімен көмірсулар моносахаридтерге айналады. Пептидаза, полипептидаза ферменттері белоктарды амин қышқылдарына ыдыратады. Бұл процестердің жүруіне бүйен қуысындағы әлсіз сілтілік орта да (рН - 7,3—7,5) қолайлы жағдай туғызады.

Жылқы бүйенінде азықтың қорытылуына онда өніп-өсетін мик-роорганизмдер (инфузориялар, бактериялар, ашытқылар) ферменттері де көп ықпал етеді.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Асқорыту үрдісіндегі тоқ ішектің ролі

Ащы ішекте еңделген химус біртіндел жеке-жеке үлеспен тоқ ішекке өтеді. Тоқ
ішек үщ бөлімнен тұрады. Олар буйен, жиек ішек және тік ішек. Жылқыңа жиек
ішекті қарта, сиыр мен түйеде - қима деп атайды. Тоқ ішек ащы ішекке
қарағаңца әлдеқайда кеңірек келеді. Оның жалпы ұзындығы сиырда 6-13 м,
қоңда - 3,5-10 м, жъщқыда -

9 м, түйеде - 18-22 м, ал сиымдылығы күйіс малында ас қорыту жолының жалпы
сыйымдылығының 11-15 пайызы, жынқыңа - 40-60 пайызы шамасыңда.

Тоқ ішектің кілегейлі қабьиында бүрлер болмайды, бокал тәрізді Жасушалар
көп болады. Сөл аз ғана мөлшерде бөлінеді, сондықтан тоқ ішектің өзінде
бөлінген сөлдің ас қорытуда рөлі онша зор болмайды. Сөлдің сутектік
көрсеткіші - 7,6—9,0 шамасында сақталады.

Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде корытылып үлтерілмеген
қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесте ащы ішекген өткен ферменттер мен ас
қорыту жолының осы бөлімін мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдер
ферментері зор рөл атқарады (1 г химуста 15 млрд бактериялар болады).
Ішектің бұл бөлімінде микроорганизмдер әрекетінен белоктар шіріп,
көмірсулар ашиды. Белоктардың шіруінің, амин қышқылдарының ыңырауының
нәтижесінде индол, крезол, скатол, фенол сияқты уытты заттар түзіледі.
Аталған өнімдер қанға сіңіп, бауырда күкірт қышқылымен, глюкурон қышқылымен
қосылады, залалсызданады. Тоқ ішектен су мен минералды заттар қарқынды
сіңіріледі де, химус коюланып, нәжіс пайда болады.

Малдың тоқ ішегі азық қорыту және қоректік заттарды сіңіру процесінде
маңызды қызмет атқарады. Мес қарынмен салыстырғанда бүйен микроорганизмдері
саны мен популяциялық түрі жағынан әлдеқайда бай келеді (Мюллер, Шмидт).
Бүйенде белоктар ыдырап, амин қышқылдары түрленеді, аммиак, бактерия
белоктары синтезделеді. Жылқыда рацион құрамындағы белоктың 39 пайызы,
сиырда - 31 пайызы, шошқада - 30 пайызы тоқ ішекге қорытылады. Рацион
құрамындағы энергиялық заттардың 23—87 % мес қарыңда, ал 17-51 % бүйенде
қорытылады (Томас, Рук). Бүйен мен қан айналым жүйесінің арасында зат
адмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен қандағы көмірсулардың ыдырау
өнімдерінің (ҮМҚ), амин қышқылдарының құрамдық сипатын сақтауда, белокқа
жатпайтын азотты заттарды сіңіруде маңызды рөл атқарады (Т. Несіпбаев).

Бүйенде жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестердің күйіс
қайырмайтын мал, әсіресе жылқы, үшін маңызы өте зор. Жылқы бүйенінің
сыйымдылығы қарынның сыйымдылығынан 2—2,5 есе көп, 32—37 л дейін жетеді.
Бүйенде ащы ішекте басталған процестер одан әрі жалғасады. Ащы ішектен
өткен амилаза, сахараза, лактаза ферменттерінің әсерімен көмірсулар
моносахаридтерге айналады. Пептидаза, полипептидаза ферменттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Қоздырғыш құрылымдардың функциялық ерекшеліктері. Қозғалыс қызметінің жүйелік реттелуі
Асқорыту жүйесінің қызметі
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Мүшелер мен мүшелер жүйесі
Ішек-қарын жолдарының қызметінің реттелісі.
Клизма
Сілекей бездерінің секрециясының фазалары
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Пәндер