Ауыз қуысында астың қорытылуы



Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерге ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, тіл, таңдай, тілшік, ауыз қуысына бөлу өзектері ашылатын үш жұп сілекей бездері және көмекей бездері жатады. Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден, олардың байланыс сіңірлері мен еттерінен тұрады. Іш жағынан ауыз қуысы көп қабатты жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі қабықта көптеген кілегей және сілекей бездері болады. Олар орналасу орнына қарай ерін, үрт, тіл, тілшік бездері деп аталады. Ауыз қуысына үш жұп ірі сілекей бездерінің (шықшыт, алқым, бүғақ) де өзегі ашылады.

Ауыз қусындағы ас қорыту қоректі қабылдау және оны шайнау, сілекеймен шылау, жұту процестерінен тұрады. Қабылданған қорек ауыз қуысында шайналып, жаншылады, ұнтақталынады (механикалық өңдеу) және сілекейдің әсерімен оның құрамалары ериді, кейбір заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды (химиялық өңдеу). Қорек ауыз қуысында ұзақ аялдамайды. Сілекей құрамындағы муцин (шырыш) әсерімен қорек ұнтақтары бірігіп жентектеледі де, ол жұтылады. Жұту процесімен ауыз қуысындағы ас қорыту аяқталады.

Жұту - рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол тізбектелген бірнеше әрекеттер жиынтығы. Бұл процесс азық жентегінің таңдай мен тіл түбіндегі тіл - жұтқыншақ нервінің сезімтал ұштарын тітіркендіруінен басталады. Қозу толқыны сопақша мидағы жұту ор-талығына жетіп, одан тіл асты (бүғақ), үшкүл, тіл - жұтқыншақ, кезеген нервтердің эфферештік талшықтары арқылы ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекей мен өңештің еттеріне беріледі. Тіл мен жұтқыншақ еттерінің үйлесімді жиырылуының әсерінен азық жентегі өңеш шанағына (воронкасына) түседі де, одан өңеш бойымен қарынға қарай жылжиды.

Сілекей ірі үш жұп сілекей бездері мен ауыз қуысының сілекейлі қабығында орналасқан көптеген майда бездер секреттерінің қосындысы. Сілекей бездері сірлі (серозалы), шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Шырышты бездерге таңдай, үрт, тіл түбі бездері, сірлі бездерге - шықшыт бездері мен тілдің бүйір беткейінің бездері, ал аралас бездерге - бүғақ, алқым бездері мен ерін бездері жатады. Шырышты бездер тұтқыр, шырышқа (муцинге) бай сілекей, сірлі бездер - сұйық , электролиттерге бай, құрамында белок пен ферменттері бар сілекей бөледі.

Сілекей - түссіз, жеңіл көпіретін, иіссіз, дәмсіз, әлсіз сілтілік реакциялы, тығыздығы 1,002 - 1,012 тұтқыр сұйық . Оның құрамында 99-99,4% су және 0,6 - 1% құрғақ зат болады.

Сілекейдің сусыз бөлігінің құрамында түрлі органикалық заттар -белоктар, муцин (шырыш), ферменттер және бейорганикалық тұздар болады. Сілекейде натрий, калий, хлор, кальций, фосфор т.б. элементтер белгілі бір түрақты мөлшерде кездеседі. Сілекей құрамы на кейбір зат алмасу өнімдері - көмір қышқылы, несепнәр, аммиак т.б. кіреді, Құрамында амилаза (птиалин) және глюкозидаза (мальтаза) ферменттерінің болуына байланысты сілекей көмірсуларды ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, ал соңғы өнімді мальтаза глюкозаға ыдыратады.

Сілекей организмде маңызды рөл атқарады. Ол ауызға түскен қоректі дынқылдап, оны шайнауды оңайлатады, қорек құрамынан заттарды ерітіп, оның дәмдік сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Сілекей құрамындағы муцин шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, жұту процесін жеңілдетеді. Ол денедегі су мен минералды заттардың алмасуына қатысып, қышқылдық - сілтілік тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді,

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ауыз қуысында астың қорытылуы

Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы мүшелерден тұрады. Бұл
мүшелерге ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, тіл, таңдай, тілшік, ауыз қуысына бөлу
өзектері ашылатын үш жұп сілекей бездері және көмекей бездері жатады. Ауыз
қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден, олардың
байланыс сіңірлері мен еттерінен тұрады. Іш жағынан ауыз қуысы көп қабатты
жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі
қабықта көптеген кілегей және сілекей бездері болады. Олар орналасу орнына
қарай ерін, үрт, тіл, тілшік бездері деп аталады. Ауыз қуысына үш жұп ірі
сілекей бездерінің (шықшыт, алқым, бүғақ) де өзегі ашылады.

Ауыз қусындағы ас қорыту қоректі қабылдау және оны шайнау, сілекеймен
шылау, жұту процестерінен тұрады. Қабылданған қорек ауыз қуысында
шайналып, жаншылады, ұнтақталынады (механикалық өңдеу) және сілекейдің
әсерімен оның құрамалары ериді, кейбір заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды
(химиялық өңдеу). Қорек ауыз қуысында ұзақ аялдамайды. Сілекей құрамындағы
муцин (шырыш) әсерімен қорек ұнтақтары бірігіп жентектеледі де, ол
жұтылады. Жұту процесімен ауыз қуысындағы ас қорыту аяқталады.

Жұту - рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол тізбектелген бірнеше
әрекеттер жиынтығы. Бұл процесс азық жентегінің таңдай мен тіл түбіндегі
тіл - жұтқыншақ нервінің сезімтал ұштарын тітіркендіруінен басталады. Қозу
толқыны сопақша мидағы жұту ор-талығына жетіп, одан тіл асты (бүғақ),
үшкүл, тіл - жұтқыншақ, кезеген нервтердің эфферештік талшықтары арқылы
ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекей мен өңештің еттеріне беріледі. Тіл мен
жұтқыншақ еттерінің үйлесімді жиырылуының әсерінен азық жентегі өңеш
шанағына (воронкасына) түседі де, одан өңеш бойымен қарынға қарай жылжиды.

Сілекей ірі үш жұп сілекей бездері мен ауыз қуысының сілекейлі қабығында
орналасқан көптеген майда бездер секреттерінің қосындысы. Сілекей бездері
сірлі (серозалы), шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Шырышты
бездерге таңдай, үрт, тіл түбі бездері, сірлі бездерге - шықшыт бездері мен
тілдің бүйір беткейінің бездері, ал аралас бездерге - бүғақ, алқым бездері
мен ерін бездері жатады. Шырышты бездер тұтқыр, шырышқа (муцинге) бай
сілекей, сірлі бездер - сұйық , электролиттерге бай, құрамында белок пен
ферменттері бар сілекей бөледі.

Сілекей - түссіз, жеңіл көпіретін, иіссіз, дәмсіз, әлсіз сілтілік
реакциялы, тығыздығы 1,002 - 1,012 тұтқыр сұйық . Оның құрамында 99-99,4%
су және 0,6 - 1% құрғақ зат болады.

Сілекейдің сусыз бөлігінің құрамында түрлі органикалық заттар -белоктар,
муцин (шырыш), ферменттер және бейорганикалық тұздар болады. Сілекейде
натрий, калий, хлор, кальций, фосфор т.б. элементтер белгілі бір түрақты
мөлшерде кездеседі. Сілекей құрамы на кейбір зат алмасу өнімдері - көмір
қышқылы, несепнәр, аммиак т.б. кіреді, Құрамында амилаза (птиалин) және
глюкозидаза (мальтаза) ферменттерінің болуына байланысты сілекей
көмірсуларды ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, ал
соңғы өнімді мальтаза глюкозаға ыдыратады.

Сілекей организмде маңызды рөл атқарады. Ол ауызға түскен қоректі
дынқылдап, оны шайнауды оңайлатады, қорек құрамынан заттарды ерітіп, оның
дәмдік сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Сілекей құрамындағы муцин
шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, жұту процесін
жеңілдетеді. Ол денедегі су мен минералды заттардың алмасуына қатысып,
қышқылдық - сілтілік тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, қарындағы
қышқылдарды бейтараптайды. Кейбір жануарларда (иттерде) сілекей дене қызуын
реттеуге қатысады. Құрамында бактериялар денесінің қабығын ерітетін лизоцим
ферментінің болуына байланысты оның бактерицидтік қасиеті де болады.

Сілекей арнаулы Жасушаларда жүретін күрделі биологиялық процестің
нәтижесінде түзіледі. Сілекейдің секрециялық процесс негізінде түзілеттні
жайлы алғашқы болжамды Р.Гейденгайн, кейінірек Б.П.Бабкин жасаған. Табиғаты
жағынан ол экскрециялық процеске ұқсас. Бірақ бөліңділеу (экскреция)
нәтижесінде Жасуша организмге қажетсіз зат алмасу өнімдерін бөлсе,
түзінділеу (секреция) кезінде белгілі бір мұқтаждыққа түзілген заттар
бөлінеді.

Секрециялау процесі үш сатыда атқарылады. Олар алғашқы өнімдерді синтездеп,
түзінді (секрет) түйіршіктерін жасау; Жасушалардан түзінділерді бөлу;
Жасушалардың бастапқы құрылымын қалпына келтіру. Секреттің алғашқы өнімдері
рибосомалардың қатысуымен цитоплазманың бұжырлы (гранулярлы) торлы
(ретикулумы) түтіктерінде жүреді. Олардың қабырғасынан түзінді Гольджи
кешешнің вакуоліне өтіп, осы жерде олар жинакталады да, түзінді
түйіршіктері пайда болады. Түйіршіктер біртіндеп Жасушалардың жоғарғы
(апикальдық) бөлігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Асқорыту жүйесінің жастық ерекшелігі
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Асқорыту
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Баланың ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Ауыз қуысында азықтың қорытылуы
Тіс ұлпасы
Ас қорыту
Ас қорытудың маңызы
Пәндер