Бұлшық ет жиырылуының механизімі



Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекеті болып бөлінеді.

Шапшаң әрекетті, немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық ретикулум жақсы дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Мұндай талшықтар қанмен нашар жабдықталады, жиырылғаннан соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Олардың талшықтары ақ түсті, ірі әрі үзынырақ, құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады.

Баяу әрекетті, немесе тонустық, талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары және олардың құрамында миоглобин көп, гликоген аз жинақталады.

Шапшаң әрекетгі етгер белгілі мерзім ішінде АТФ-ті көп жұмсайды және тонустық жиырылу кезінде қуатты аз сақтайды. Сондықтан статикалық жүмыс атқарылғанда (мысалы, дененің кеңістіклері жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу өрекеті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл атқару үшін шапшаң өрекеті ақ талшықтарды пайдаланады.

Бұлшық етте изотониялық, изометриялық және ауксотониялық жиырылу түрлері кездеседі.

Изотониялық жиырылу кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, оның тек ұзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тогымен тітіркендірген кезде байқалады.

Изометриялық жиырылуда бұлшық етгің ұзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады. Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.

Табиғи жағдайда таза изотониялық, немесе таза изометриялық, жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық етгің екі ұшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні, немесе антагонист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, әрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады, әрі қысқарады.

Ауксотониялық жиырылу деп бұлшық еттің ширығу деңгейі мен ұзындығын өзгерте жиырылуын айтады. Қимыл әрекет үстінде етгер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді.

Тітіркендіру жиілігіне байланысты ауксотониялық жиырылу дара және қарыса жиырылу (тетанус) түрлеріне бөлінеді. Қарыса жиырылу кертпешті (тісті) және жазық қарысу болып бөлінеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Бұлшық ет жиырылуының механизімі

Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекеті болып
бөлінеді.

Шапшаң әрекетті, немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық ретикулум жақсы
дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Мұндай талшықтар қанмен
нашар жабдықталады, жиырылғаннан соң шапшаң босаңсиды және оларда
тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Олардың талшықтары ақ
түсті, ірі әрі үзынырақ, құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады.

Баяу әрекетті, немесе тонустық, талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке,
тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары және олардың құрамында
миоглобин көп, гликоген аз жинақталады.

Шапшаң әрекетгі етгер белгілі мерзім ішінде АТФ-ті көп жұмсайды және
тонустық жиырылу кезінде қуатты аз сақтайды. Сондықтан статикалық жүмыс
атқарылғанда (мысалы, дененің кеңістіклері жағдайын сақтау үшін) организм
негізінен баяу өрекеті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл атқару үшін
шапшаң өрекеті ақ талшықтарды пайдаланады.

Бұлшық етте изотониялық, изометриялық және ауксотониялық жиырылу түрлері
кездеседі.

Изотониялық жиырылу кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, оның
тек ұзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған
бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тогымен тітіркендірген кезде
байқалады.

Изометриялық жиырылуда бұлшық етгің ұзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі
артады. Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым
ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.

Табиғи жағдайда таза изотониялық, немесе таза изометриялық, жиырылулар
кездеспейді. Денеде бұлшық етгің екі ұшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан
ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні, немесе
антагонист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, әрекет үстінде ет талшығы
әрі ширығады, әрі қысқарады.

Ауксотониялық жиырылу деп бұлшық еттің ширығу деңгейі мен ұзындығын өзгерте
жиырылуын айтады. Қимыл әрекет үстінде етгер ауксотониялық жиырылу
жағдайында болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу
басымырақ келеді.

Тітіркендіру жиілігіне байланысты ауксотониялық жиырылу дара және қарыса
жиырылу (тетанус) түрлеріне бөлінеді. Қарыса жиырылу кертпешті (тісті) және
жазық қарысу болып бөлінеді.

Бұлшық етгің жиырылу механизмі өте күрделі, сондықтан оны түсіндіру
мақсатында бірнеше теория ұсынылған. Олардың алғашқысы - актомиозиндік
теория. 1939 жылы В.А.Энгельгардт пен М.Н.Любимова миозин белогына АТФ-ті
ыдырататын АТФ-аза ферметінің қасиетгері тән екенін анықтаған, сондықтан
АТФ әсерімен миозин жіптері қысқарып, ет жиырылады. Кейінірек Венгрия
ғалымы А.Сцент-Дьорди ет талшығының қүрамында екінші - актин белогының
болатынын аныктаған. Бұл белок миозинмен қосылып актомиозин кешенін түзеді.
Актомиозиннің ферменггік белсенділігі миозиннен 10 есе артық болады. Бұл
теорияға сәйкес актомиозин АТФ-ті ыдыратып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшық ет және оның жиырылу механиздері
Жүрек және оның құрылысы
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ауыспалы жіптер моделі. Хилл теңдеуі
Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жүрек бұлшық еті мен тегіс бұлшық еттің жиырылуы
Бұлшық еттің жиырылу механизмі
Жүрек жүйке орталықтарының тонусы
Қан айналым жүйесі
Пәндер