Доспамбет жырау



1 Өмір жолы
2 Туындылары
Ноғайлының үлкен биі Мамай 1549 жылы өледі . 50 жылдардың орта тұсынан бастап үлкен ноғайлы елінің ішінде таққа, билікке талас күшейеді. Мұса династиясы ыдырай бастайды. Мұса балаларының арасында билік үшін кескілескен күрес өріс алады, Жүсіп пен Ысмайылдың таласында Ысмайыл жеңіп, ағасы Жүсіпті өлтіріп , ноғайлы елінің тізгінін өз қолына жинақтайды. Бірақ мұнымен де күрес, талас, қырғын тынбайды. Осының нәтижесінде тек 1558 жылы осы елде 100 мыңға жақын адам қырғынға ұшырайды (бұған аштық та себепкер болады). Жүсіптің балалары мен немелері талас-тартысты одан әрі жүргізе береді. Ысмайыл 1557 жылдан бастап Москва мемлекетіне тәуелді болады. Ысмайылдан билікті ала алмаған Жүсіп ұрпақтары өз руларымен Азов теңізінің маңына барып, Кіші Ноғайлы елін құрай бастайды. Осы тұста үлкен ноғайлының біраз бөлігі Хақ-Назар ханның қарамағына (қазақтарға) қосылып , Жайықтан шығысқа өтіп кетеді, т.т.

Кіші ноғай ордасының негізін салушы Шидактың немересі Қази мырза Ысмайылмен күреске ашық түсуге бата алмай , екінші жағынан Ысмайыл билігін мойындамай, өз сөзімен айтқанда, Қырым мен ноғайлының арасында «қазақ сияқты кезіп күн көреді», 1577 жылы Қабардылықтармен соғыста өледі, өле-өлгенше Доспамбетпен дос болып , жорықтарға екеуі үнемі бірге аттанады. Доспамбет, міне, осы тұста өз алдына ел болған Азаулының ағасы. Доспамбет орыс тіліндегі материалдарда Азаулының Досмагмет – ағасы деп аталады .

Доспамбет Қазимен бірге 1593, 1594 және 1596 жылдары Москва мемлекетінің шет аймақтарына шабуыл жасайды. Кейін Азаулының тізгінін Доспамбеттің екі баласы Есақай, Қосақай ұстайды. Бірақ бұлардың шабуылдары Қырым мен үлкен ноғайлықтардың шабуылдарына қарағанда мардымсыз еді .

1581-1596 жылдары қол бастаған батыр жырау ХVI ғасырдың аяғында онша кәрі болмауға тиіс. Көп болса, жетпісте шығар. Ал жыраудың «Ер Мамайдың алдында шаһид кештім өкінбен» деген сөзіне келсек, оның Мамай қолында болғанына да шүбәлану қажетсіз. Мамай 1549 жылы өлді дедік. Демек, Доспамбет Азов маңына кетпес бұрын, яғни кіші ноғай ордасы құрылғанға дейін Мамай төңірегінде боп, оның найзагер жігіттерінің бірі болуы ықтимал. Жыраудың осы тұстағы толғауында Есақай, Қосақайдың жас бала ретінде көрінуі де шындыққа сай келеді. Олар XVII ғасырдың басында Азаулының тізгінін ұстайды.

Жырау Мамай қолында жүргенде, яғни, XVI ғасырдың 40– жылдарында өледі деу, толғаулары өлер алдындағы сөзі деу қате . Мәселе бұл арада жараланғандардың бәрі бірдей өле бермейтіндігінде емес . Азаулының ер Доспамбет ағасы атанған адам сол Азаулы елі әлі тумай тұрып өлмек емес. XVI ғасырдың 60 жылдарының басында ғана құрылған Азаулы елінде бұған дейін Доспамбеттің болуы қалай мүмкін болмаса, осы ғасырдың соңына дейін Азаулы елінде Есақай, Қосай деген екі ұлы бар өзге Доспамбет ағаның болуы да мүмкін емес . Демек, Доспамбеттің өмірі жайындағы 1525 – 1596 жылдар шамасында өмір сүрген тарихи адам екендігі дәлел.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

Ноғайлының үлкен биі Мамай 1549 жылы өледі . 50 жылдардың орта
тұсынан бастап үлкен ноғайлы елінің ішінде таққа, билікке талас күшейеді.
Мұса династиясы ыдырай бастайды. Мұса балаларының арасында билік үшін
кескілескен күрес өріс алады, Жүсіп пен Ысмайылдың таласында Ысмайыл жеңіп,
ағасы Жүсіпті өлтіріп , ноғайлы елінің тізгінін өз қолына жинақтайды. Бірақ
мұнымен де күрес, талас, қырғын тынбайды. Осының нәтижесінде тек 1558 жылы
осы елде 100 мыңға жақын адам қырғынға ұшырайды (бұған аштық та себепкер
болады). Жүсіптің балалары мен немелері талас-тартысты одан әрі жүргізе
береді. Ысмайыл 1557 жылдан бастап Москва мемлекетіне тәуелді болады.
Ысмайылдан билікті ала алмаған Жүсіп ұрпақтары өз руларымен Азов теңізінің
маңына барып, Кіші Ноғайлы елін құрай бастайды. Осы тұста үлкен ноғайлының
біраз бөлігі Хақ-Назар ханның қарамағына (қазақтарға) қосылып , Жайықтан
шығысқа өтіп кетеді, т.т.

Кіші ноғай ордасының негізін салушы Шидактың немересі Қази мырза Ысмайылмен
күреске ашық түсуге бата алмай , екінші жағынан Ысмайыл билігін мойындамай,
өз сөзімен айтқанда, Қырым мен ноғайлының арасында қазақ сияқты кезіп күн
көреді, 1577 жылы Қабардылықтармен соғыста өледі, өле-өлгенше Доспамбетпен
дос болып , жорықтарға екеуі үнемі бірге аттанады. Доспамбет, міне, осы
тұста өз алдына ел болған Азаулының ағасы. Доспамбет орыс тіліндегі
материалдарда Азаулының Досмагмет – ағасы деп аталады .

Доспамбет Қазимен бірге 1593, 1594 және 1596 жылдары Москва мемлекетінің
шет аймақтарына шабуыл жасайды. Кейін Азаулының тізгінін Доспамбеттің екі
баласы Есақай, Қосақай ұстайды. Бірақ бұлардың шабуылдары Қырым мен үлкен
ноғайлықтардың шабуылдарына қарағанда мардымсыз еді .

1581-1596 жылдары қол бастаған батыр жырау ХVI ғасырдың аяғында онша кәрі
болмауға тиіс. Көп болса, жетпісте шығар. Ал жыраудың Ер Мамайдың алдында
шаһид кештім өкінбен деген сөзіне келсек, оның Мамай қолында болғанына да
шүбәлану қажетсіз. Мамай 1549 жылы өлді дедік. Демек, Доспамбет Азов маңына
кетпес бұрын, яғни кіші ноғай ордасы құрылғанға дейін Мамай төңірегінде
боп, оның найзагер жігіттерінің бірі болуы ықтимал. Жыраудың осы тұстағы
толғауында Есақай, Қосақайдың жас бала ретінде көрінуі де шындыққа сай
келеді. Олар XVII ғасырдың басында Азаулының тізгінін ұстайды.

Жырау Мамай қолында жүргенде, яғни, XVI ғасырдың 40– жылдарында өледі деу,
толғаулары өлер алдындағы сөзі деу қате . Мәселе бұл арада жараланғандардың
бәрі бірдей өле бермейтіндігінде емес . Азаулының ер Доспамбет ағасы
атанған адам сол Азаулы елі әлі тумай тұрып өлмек емес. XVI ғасырдың 60
жылдарының басында ғана құрылған Азаулы елінде бұған дейін Доспамбеттің
болуы қалай мүмкін болмаса, осы ғасырдың соңына дейін Азаулы елінде Есақай,
Қосай деген екі ұлы бар өзге Доспамбет ағаның болуы да мүмкін емес . Демек,
Доспамбеттің өмірі жайындағы 1525 – 1596 жылдар шамасында өмір сүрген
тарихи адам екендігі дәлел.

Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни
XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған
Азаулы ноғайлылардың басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыр немесе
Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді
қосып айтады. Бұл жөнінде қарақалпақ ғалымы К.Мәмбетов Аймадет пен
Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы
деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам
екендігі туралы М.Мағауин:

Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек ... Ноғай тайпалары кейде
өздерінің билерінің немесе өздерінің мекен еткен жерлердің атымен де атала
береді екен. Әрине , ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін
өзгертуге тура келеді. Аймадет те сондай атаулардың бірі болуы тиіс
деп, дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру атымен қосақтап айтылатын Албан
Асан, Әбубәкір Кердері, т.б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет
Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жоқ. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны
бар ноғайлының белгілі жырауы. Оның бір толғауы және бірнеше қысқа жыры
бізге мәлім. Жырау аталмыш толғауын өмірінің соңғы сағаттарында айтып
бергенге ұқсайды. Ол 1908 жылы Қазан баспасынан шыққан Мақаш
Бекмұхамбетовтың Жақсы үгіт кітабында басылған шығармасы. Доспамбеттің
ақындық шығармашылығын зерттеуші М.Мағауиннің пікірі бойынша, ол ХV
ғасырдың екінші жартысынан ХVI ғасырдың алғашқы ширегіне дейін жасаған.
Азаулы (Азов) шаһарынан шыққан.

Бұл пікірді ақын сөздерінің өзі-ақ растайды. Ақын өзінің Азов және Қара
теңіз жайлаған ноғайлы хандығынан батыр екенін, Әл-Ғұсман – патша жұртынан,
Әли ағаның күйеу баласы, діни сенімі – мұсылман, Есақай, Қосай деген
ұлдарының болғанын өзі-ақ айтады: Алғаным Әли ағаның қызы еді ... ,
Азау , Азау дегенің Әл-Ғұсман – патшаның жұрты екен, Дін ісләм кілті екен.
Азаулының ер Доспамбет ағасы...

Есақай , Қосай деген екі ұл

Алдыңызға жер құшақлай ,

Жылай шықса не айтарсыз ?

Доспамбет жорықта жүріп, дұшпанға қарсы ұрыста қол бастаған батыр. Асылы,
Мамай бастаған қолдың сарбазы болуы ықтимал .

Ер Мамайдың алдында

Шаһит кештім өкінбен ...,-деген жолдар осы бір ойға жол ашатын сияқты.

Доспамбеттің көп күндері жорықта өткен. Талай қан кешкен соғысқа қатысы,
өз елін сырт жаудан ерлікпен қорғаған батырдың бірі .

Ағарып атқан таңдай деп,

Шолпанды шыққан күндей деп,

Май қаңбақта ағалардың аты,

Жусап жатыр деп.

Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,

Жазда көп-ақ жортқан екенбіз.

Арғымақтың талай мойнын талдырып,

Үйде қалған арудың

Ал иіндігін аударып.

Ақын өлеңдерінде ерлікті дәріптеу – негізгі орын алатын басты идея. Сүйте
тұрса да, ол бейбіт өмірді, жайлы жазды жек көрмеген. Ол бірде :

Толғамалы ақ балта

Толғап ұстар күн қайда ? – десе де, енді бірде:

Кет – Бұға дат билерден

Кеңес сұрар күн қайда?

Еділдің бойын ел жайлап,

Шалғынына бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан

Боз баламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?!-дейді.

Доспамбет – Қазтуған сияқты қолбасы атанған жырау. Ол жорықта жүріп, жау
оғынан жараланып қаза тапқан. Халық эпосы үлгісіндегі жырау толғаулары
бұған толық куә :

Арғымаққа ок тиді ,

Қыл мықынның түбінен

Аймадетке оқ тиді ,

Отыз екі омыртқаның буынынан.

Зырлап аққан қара қан

Тиылмайды жонның уақ тамырынан.

Сақ етер тиді саныма

Сақсырым толды қаныма.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде.
Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде
туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында
жырау өмірімен қоштасар алдында адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы
туралы терең тебіреніп ой қозғайды.

Жаралы жауынгер – жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен
өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы
мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр – аманаты елес береді. Солай
болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне
деген ыстық махаббаты, ынта – сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін
жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол
жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның
жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында
қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезінде қайсар
қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем
бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы
қайнар бастаулары.

Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең- толғауларында
айтылған ой қазақ мақал – мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан
болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын
үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі.

Жырау жырларында айшықты көркем теңеулер, сырлы суреттер, өрнекті ойлар,
образды символдар көп кездеседі .

Мысалы :

Туған айдай нұрланып,

Дулыға кидім, өкінбен, -

деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген. Бұл
үзіндіде, керісінше нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды
мазмұн беру байқалады .

Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – ат пен
жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты
байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сөзбен суреттемей, керісінше,
жауынгер жырау мінер арғымақты мінсе – көлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын
ретінде қараған, ел тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған.

Арыстандай екі бұлтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес...

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес ,-деген жыр жолдары осы ойды айқындай түседі.

Қасиетті өзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер жырау
жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес береді.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда, - деген жыр жолдарындағы жорықтың ақсақ үнді,
өршіл рухты сарыны Ақ Жайық бейнесімен астасып, бейбіт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Доспамбет жыраудың өмірбаяны
Азаулы және Доспамбет жырау
Доспанбет жырау
Жыраушы тұлғалар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жүсіп Баласағұн (1020- ) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы
Жыраулар поэзиясының қазақ елінің тарихындағы маңызы, жаңа қоғамға тигізетін әсері
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
Пәндер