Ел ордасы - Астана туралы ақпарат


Ел ордасы Астана
Қазақстан Республикасының елордасы - Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс казак әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды.
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана бесінші сағат белдеуінде тұр. Жергілікті уақыттың нөлдік меридианға қатысы жазда +06. 00, қыста +07. 00 сағат бойынша есептеледі.
1991 жыл. Күні кешегі алып империяның ондаған ұлттары дағдарыс үстінде. Миллиондаған халық абыржулы. Үш славян елі - Ресей, Украина, Белорусь - өзгелерден оқшауланғандай мінез танытты. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп, достықтың туын тіккен халықтар арасына жік түсу қаупі туды. Осындай аумалы-төкпелі заманда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағының 11 республикасы басшыларын Алматыға жинап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының іргетасын қалады. Күні кешеге дейін тату-тәтті өмір сүріп келген ондаған ұлттың өкілдерін мәмілеге шақырды.
1993 жыл. Қазақстанда қиын жағдай қалыптасты. Ресей елімізді рубль аймағынан шығарып тастады. Бірақ Қазақстан сасқан жоқ. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы күндердің күнінде осындай жағдайдың болатынын алдын ала болжап, қазақтың ұлттық валютасын - төл теңгесін айналымға әлдеқашан дайындап қойған еді. Ал теңгеміз қазір ТМД аумағындағы ең тұрақты валютаның бірінен саналады.
Алматы. 1994 жыл. 6 шілде. Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің ғимараты. Депутаттар Президент Н. Ә. Назарбаевтың әдеттегі батыл шешімдерінің және бірінің куәсі болды. Ол - астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясы. Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былайша суреттейді: «1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым…
Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан, жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.
Жүздері бал-бұл жанып, қуанышы қойнындарына симай, шаттанған халық, Бейбітшілік және келісім сарайына қарай ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы салтанатында болдық.
Стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген. Қазақ ұғымында Самұрық-еркіндіктің, күш-қуаттың, кендік пен тәкәппарлықтың символы болып саналады.
Сол сияқты біздің Самұрық та -іргесі берік, шанырағы биік қазақ елінің бір көрінісі.
Тәуелсіздігіміздің символы-“Қазақ елі” монументі асқақтап тұр. Монументінің ауқымы 5, 02гектар жерді алып жатыр.
Ескерткіштің мұнарасы 91 метр.
Қазақсан өз тәуелсіздігін 1991жылы алды.
Ескерткіштің биіктігі осы жылға орайлыстырып белгілеген.
1900 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған.
Ал тәуелсіздік тұғырын асқақ мұнараның ұшар басында заңғар аспан еркесі- Самұрық құстың 2, 500 тонна алтындатылған қоладан жасалған бейнесі.
Күн нұрына шағылысқан ақ мәрмәр ескерткіш, алып Самұрық құс дархан пейіл, жайсан қазақтың ақ көлінің, асқақ арманындай.
Астаның 10 жылдық тойы - бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қолжеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі.
Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі, зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.
Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз.
Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.
Сымдай бой түзеген көшелер, жымың-жымың сәулелер.
Сарыарқа төсін тіліп аққан ерке Есіл қала көркін асқақтата түседі.
Шаһар сәні мен дария сұлулығы сабақтасып, керемет бір тылсым тіл, симфониялық үн сезім қылын шертеді.
Сұлу шаһар, тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем ән. Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені, ”Астана -дәуір”, ”Рамстор”, ”Парламент ғимараты”, ”Ғашықтар саябағы”, ”Байтерек” салтанатты Ақорда, сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше бейбітшілік келісім сарайы, ”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас талай ғажайыптары бар.
Осы жеті күннің ішінде қаламызда қандай фестиваль, конкурс, қандай көрме болмады.
Қала парктерінде қанша мерекелік іс-шаралар өтті. М. Горький атындағы орыс драма театрында елдің сахна ұжымдарының қатысуымен “Астана сахнасы” атты театр калейдоскопы, К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында “Опералия-2008” атты төртінші халықаралық музыкалық фестиваль, ”Астана айналасындағы мыңжылдықтар” атты көшпелі өркениет фестивальдері өтті.
Сол мәдени шаралардың ең жоғары, Астана тойына арналған өнер шеберлерінің шығармашылық шашуының ең сүбелісі деп Ақорда алаңындағы амфитеатрда ұйымдастырылған “Жан жүрегім-Астана” атты мерекелік спектакль -феерияны айтқан жөн болады.
Неше түрлі әндер мен күйлер халқымыздың музыкалық мол мұрасын жарқырата танытты, бүгінгі композиторлардың, қазіргі заман эстрадасының биік деңгейін нақты көрсетті.
Жез тандай әнші, қазақ халқының бұлбұлы, өнер майталманы Бибигүл Төлегенова шырқаған әні, және Нұрғали Нұсыпжанов, Ескендір Хасанғалиев екеуінің қосылып салған әні, Роза Рымбаеваның тағы да талай-талай әншілердің асқақта та салған әні Астананың аспанында қалықтады.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің тапжылмас тұғырына айналған Астананы осы он жыл ішінде айтыскерлеріміз талай татымды жырға арқау етті, еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген айтыскер ақындарымыз елордалық саябақта тағы да шабыт шақырып, қаланың өткені мен бүгінгі қажыр-қайратын, онын қым-қуыт тіршілігін тілге тиек етіп, сөз сайыстыру үшін бас қосты.
Осы күні олар жыр додасының бірінші кезеңінде 11 жұпқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Олардың өнеріне елімізге белгілі ғалым-жазушылар Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт Қасқабасов, Рымғали Нұрғали бастаған қазылар алқасы нағыз бабындағы жүйрікті анықтау үшін баға беріп отырды.
Екінші күні ең шырайлы, ең шұрайлы сөз сайысына түскен сегіз ақын астаналық саябақта өнер додасын одан әрі жалғастырды.
Астана тойына дүниенің әр түкпірінде тұрып жатқан бауырлардың елордаға келіп К. Байсейтова атындағы ұлттық опера және балет театрында “Астана-Арқау “ деген мерекелік кеші өтті.
Екі күн бойы зал ішінде иіне шаншыр бос орын болмады. Жұрт өз құрметтерін ыстық ықыластарымен танытты.
Сахна елінен келген Александр Саввинов “Тойук алғыс” атты шығарманы орындады. Алтайдан келген Евгений Улугбашев “Алыпхан” жырын айтты. Өзбекстаннан келген Н. Пирматова мен Н. Абрайкулова өз әріптестерімен бірге ән мен биді қатар орындап, халықтың ерекше ілтипатына бөленді.
Байтерекке шығып түнгі Астананың көрінісін тамашалағанымызда қала оттары Есіл үстінде жарқ-жұрқ, от шашып құбылып жатқаның көрдік. Шетсіз, шексіз қала құлашын кең жайып, бүкіл Сарыарқаның сауырын ала көсіліп жатыр.
Құрылыстардың күндізгі ауырылығынан босап, жеңілденіп, аспанға ұшуға ыңғайланған алып құс сияқты көрінеді.
Астананың бүгінгі көркі бойымызды тіктеп, жанымызды шымырлатып Сұлұлықтың жылы лебімен тербейді, бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңіл-күйін шарықтата биіктетеді.
Адам намысын қозғап, әдет ғұрып салтымызға, рухани байлығымызға деген құрмет сезіміне бөлеп, сүйспеншілікке жетелейді.
Сондықтан да Астананың 10 жылдық мерекесінің күллі Қазақстандықтар
Үшін тәрбиелік маңызы зор, мәні мол .
Әсіресе жастарды елдік рухқа баулуға, оны қалыптастыруға әсері ерекше күшті.
Ортақ мүдде ауыз бірлік, ұлтаралық келісіммен де татулықтың кілті де, сенімді Астана екені баршамызға аян.
Қазақ елін тірегіміз, қазақ тілін жүрегіміз етсек екен.
Байтерек -жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы, Астана көркі, адамды сүйсіндіретін ұлт мақтанышы.
Ел мерейін өсірер мындай жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сы ндарлы саясатының арқасында Астана асқақтап еліміз қарыштап қанатын кеңге жаюда.
Жылдан жылға көркейіп, гүлденуге, егемен ел болғанымыздың айғағы, өркендеуіміздің көрінісі.
Астананың он жылдығы аталып өтуі, оған өзге елдерден қонақтардың келуі елімізге деген үлкен құрмет.
Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары, түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ -бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.
Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен тамсандырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz