Әлемдегі ең ашық-шашық полигон


Әлемдегі ең ашық-шашық полигон
Қазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына биыл 56 жыл толады. 1991 жылғы тамыздың 29- ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын таңдап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмпулерінен тітіркенбейтін болды. Осыншама зұлматқа негізгі кінәлі саналған әскерилерде жөніне кетті. Полигон жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіпті болып отыр. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалып отыр. 40 жыл юойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2, 5 мың есе күшті екен. Солай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жарылыстар» деп айдар тағылған қасіреттің зардаптарына қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы әлдеқайда көп хабардар. Ауызға да соны бірінші алады. Енді осы қайран қазақ даласының сынақтан кейінгі зардаптарына тоқталсақ. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полигон Шығыс Қазақстан облысының 54 пайызына, Павлодар облысының 39 пайызына, Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын бүгінгі күнге дейін тигізіп келеді. Ал, Семей ядролық сынақ полигонының әкімшілік шекарасының ұзына бойы-600 шақырымдай. Қарап отырсаңыз, мұның өзі шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын орасан үлкен аумақ емес пе Сонымен бірге зардап шеккен жерлердің көлеиі полигонның өзінен 16 есе үлкен- шамамемн 304 мың шаршы шақырым. Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылғы тамыздың 29-ыында жасалды. Ал, 1953 жылы тұңғыш рет термоядролық қондырғы сынақтан өтсе, 1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймаққа жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауада, 8-і биіктіктегі ) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, мәлімет бойынша айтсақ, кезіндегі қызыл империяның барлық ядролық сынақтарының үштен екі бөлігі қазақ даласында жасалды. Ал, жарылған ядролық оқ дәрілердің саны әлі күнге дейін саналатын көрінеді әрі бір сынақтың өзінде екі-үш оқ-дәріні бірден жарған кездер аз болмаған. Маусымның 24-інде Парламент Мәжілісінде «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны әсер ететін аймақта тұратын халықтың денссаулығын сақтау және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Парламеттік тыңдау өтті. Осы шара барысында полигонның проблемаларына байланысты осы аймақтардағы тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер айтылды. Ең алдымен халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне тоқталсақ. Жиын барысын. да келтірілген деректерге қарағанда, ядролық сынақтардың зардап шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған. Алайда зардап шегуші адам құқығын растайтын куәліктерді тек 1млн. 57 мың адам ғана алған болып отыр. Зұлмат жарылыстың мыңдаған куәгерлері әуре- сарсаңның көптігінен аталмыш куәлікке қол жеткізе алмай жүрген тәрізді. Бұл-бір. Екіншіден ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіеің бойынша, мемлекетіміздің осы аймақтардағы азаматтарға берешек қарызы 12, 8 млрд. Теңгені құраған. Көрсетілген бейнероликте егер осындай қарқынмен жүрсе, бұл қарызды мемлекет еш уақытта өтеп бола алмайды деген күмән да айтылды. Басқосуда баяндама жасағант Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Н. Омарханов экологиялық төлемдер мен біржолғы өтемақыны төлейтін уақыт келгенін, оған мемлекетіміздің барлық мүмкіншіліктері бар екеніне тоқтады. Әкімнің көтерген екінші мәселесі-Семей ядролық сынақ полигонының аумағына байланысты қаншалықты жерге шектеу қойылғаны әлі күнге дейін белгісіз болуда. Шынымен де, Семей ядролық сынақ полигонының құқықтық статусы экологиялық апатты аймақ ретінле түсінікті. Бірақ нақты аумағы көрсетілмеген ғой. « Сондықтан Үкіметтен радиоактивті ластануға ұшыраған немесе тұрғын халқының өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жер телімдерінің арнайы картасын жасап беруді, аса қауіпті аймақтарды қоршап, күзет немесе режимдік тәртіпті бақылайтын бекеттер ұйымдастыруды сұраймыз», деді ол. Яғни, шекара белгісіз әрі көрінбейді. Нақты дәлелді шаралар әлі қарастырылмаған. Парламенттік таңдауда көтерілген бір мәселе полигон аймағында проблемалардан туындайтын және қоршаған орта мен экологияға байланысты ақпараттың жабықтығына байланысты. Дүниедегі ең қорқынышты мәселе - ол белгісіздік және осыдан туындайтын түсінбеушілік. Бүгінгі күні, полигон аймағындағы халықтың сана- сезімінде кезінде ірі ғалым Бақия атшабаровтың зерттеген « Қайнар синдром
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz