Есімшелердің күрделі құрылым жасауға қатысуы



Бүгінгі таңда тіл білімінде деңгейаралық байланыс мәселені көп айтылып жүр. Сондықтан, мысалы морфология саласын дәстүрлі түрде жалаң алып қарастыру бүгінгі тіл ғылымы үшін өзекті емес. Тіл білімінде морфологияға қатысты мынадай көзқарастар бар:
1. Дәстүрлі көзқарас.
2. Дәстүрлі синтаксиспен байланысты қарау.
3. Формалды морфология және синтаксис.
4. Синтаксистік семантика тұрғысынан қарау .
Морфологияны әр түрлі аспектіден қарау түгіл тілді деңгейге бөлудің өзі кейбір тілдер үшін өзекті емес. Өйткені, кейбір тілдерде грамматикалық мағыналар морфемдік тәсілдер арқылы емес, синтаксистік құралдар, просодикалық тәсілдер арқылы беріледі. Сондықтан тілдің деңгейлік сипаты барлық тілге бірдей қолданыла бермейді.
Жаңаша бағытта морфология жазған В.А.Плунгин өз морфологиясының озықтығын былайша дәлелдейді: «Не во всех языках существуют словоизменительные морфемы, тем не менее, представляется естественным говорить о морфологическом описании и применительно к таким языкам, в которых имеются словообразовательные морфемы, но отсутствует словоизменительные»
Тілдің деңгейлік сипаты теориялық және коммуникативтік тіл білімі тұрғысынан қарастырылуы тиіс: біріншісі тіл механизмінің құрылымын, ал екіншісі оның қолданылу (жұмсалу) принципін зерттейді. Ең бастысы тіл деңгейлерін бөлу кезінде олардың қолданысына, қызметіне назар аударып отыру шарт. Олай болмаған жағдайда тілді тұтас жүйе ретінде біріктіруге мүмкін болмай қалады. Сондықтан есімше тұлғаларын қарастыру кезінде оларды деңгейаралық байланыс тұрғысына талдау ұтымды болмақ. Бұл тілдік бірліктің жұмсалу мүмкіндігі мен ауқымын толық көріп анықтауға мүмкіндік береді.
1958 жылы қазақ тіліндегі есімше категорияларын арнайы қарастырған Т.Ерғалиев олардың морфологиялық қызметін бөліп қарастырады. Автор еңбегінің 3 бөлімнің «Есімшелердің морфологиялық функциясы» деп атайды да, оны былайша негіздейді: «Қазақ тіліндегі есімшелік категориялардың морфологиялық функциясын талдағанда, оған есімшенің анықтамасы, жасалуы, формасына қарай бөліну түрлері, өзгеруі жатады» .
Тілдің морфологиялық деңгейі фонологиялық деңгейден гөрі синтаксиске жақын. Өйткені екеуін біріктіріп грамматика деп атап, көп жағдайда оны фонологиямен бір парадигмалық оппозициялық қатарға қою қалыптасқан. Бұл тілдегі таңбалардың мағына ажыратушы және мағына ажырата алмаушы болып жіктелуіне негізделеді. Тілдегі фонемалар мағына ажыратушы бірлік болғанымен, олар мағыналы таңба бола алмайды. Сондықтан тіл жүйеден, таңбалар жүйесінен, мағыналы таңбалар жүйесінен тұрады десек онда фонемалар тілдік таңбаға жатпайды оны зерттейтін фонология саласы мағыналы таңбаларды емес, мағына атқарушы таңбаларды зерттейді екен. Ал, морфология мен синтаксистің арасы жақын және бір-бірімен өте тығыз байланысты. Морфология морфемалардың сөзтұлға аясындағы тізбегін қарастырса, синтаксис сөзтұлғалардың синтагмалық құрылым ішіндегі тіркесін қарастырады. В.А.Плунгиянның айтуынша олардың деңгейлік сипаты шартты: «Для чего нужно вводить такое различие? Разве нельзя считать, что правила сочетания морфем друг с другом в целом одинаковы, независимо от того, касаются ли они отдельных морфем или их комплексов?».
1 Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы. –Алматы, 1992. –444 б.
2 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1999. –581 б.
3 Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. –783 б.
4 Словарь по языкознанию. –Алматы, 1998. –540 б.
5 Қазақ тілі (энциклопедия). –Алматы, 1998. –508 б.
6 Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы, 1998. –301 б.
7 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005. –439 б.
8 Қапалбеков Б. Көсемшелердің жұмсалу өрісі. –Алматы, 2006. –161 б.
9 Ақкөзов Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы. –Алматы, 2005. –166 б.
10 Фердинанд де Соссюр. Труды по языкознанию. –Москва, 1977. 695 с.
11 Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғылым.канд.дисс. –Алматы, 2000. 150 б.
12 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991. –381 б.
13 Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. –Алматы, 1971. –307 б.
14 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка.Часть І, изд. 1894 г., –Санк-Петербург. – 154 с.
15 Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. –Алматы, 1958. –80 б.
16 Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. –Алматы, 1959. –176 б.
17 Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. –183 б.
18 Оразов М. Етістік. –Алматы, 2001. –385 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Есімшелердің күрделі құрылым жасауға қатысуы

Бүгінгі таңда тіл білімінде деңгейаралық байланыс мәселені көп айтылып
жүр. Сондықтан, мысалы морфология саласын дәстүрлі түрде жалаң алып
қарастыру бүгінгі тіл ғылымы үшін өзекті емес. Тіл білімінде морфологияға
қатысты мынадай көзқарастар бар:
1. Дәстүрлі көзқарас.
2. Дәстүрлі синтаксиспен байланысты қарау.
3. Формалды морфология және синтаксис.
4. Синтаксистік семантика тұрғысынан қарау .
Морфологияны әр түрлі аспектіден қарау түгіл тілді деңгейге бөлудің
өзі кейбір тілдер үшін өзекті емес. Өйткені, кейбір тілдерде грамматикалық
мағыналар морфемдік тәсілдер арқылы емес, синтаксистік құралдар,
просодикалық тәсілдер арқылы беріледі. Сондықтан тілдің деңгейлік сипаты
барлық тілге бірдей қолданыла бермейді.
Жаңаша бағытта морфология жазған В.А.Плунгин өз морфологиясының
озықтығын былайша дәлелдейді: Не во всех языках существуют
словоизменительные морфемы, тем не менее, представляется естественным
говорить о морфологическом описании и применительно к таким языкам, в
которых имеются словообразовательные морфемы, но отсутствует
словоизменительные
Тілдің деңгейлік сипаты теориялық және коммуникативтік тіл білімі
тұрғысынан қарастырылуы тиіс: біріншісі тіл механизмінің құрылымын, ал
екіншісі оның қолданылу (жұмсалу) принципін зерттейді. Ең бастысы тіл
деңгейлерін бөлу кезінде олардың қолданысына, қызметіне назар аударып отыру
шарт. Олай болмаған жағдайда тілді тұтас жүйе ретінде біріктіруге мүмкін
болмай қалады. Сондықтан есімше тұлғаларын қарастыру кезінде оларды
деңгейаралық байланыс тұрғысына талдау ұтымды болмақ. Бұл тілдік бірліктің
жұмсалу мүмкіндігі мен ауқымын толық көріп анықтауға мүмкіндік береді.
1958 жылы қазақ тіліндегі есімше категорияларын арнайы қарастырған
Т.Ерғалиев олардың морфологиялық қызметін бөліп қарастырады. Автор
еңбегінің 3 бөлімнің Есімшелердің морфологиялық функциясы деп атайды да,
оны былайша негіздейді: Қазақ тіліндегі есімшелік категориялардың
морфологиялық функциясын талдағанда, оған есімшенің анықтамасы, жасалуы,
формасына қарай бөліну түрлері, өзгеруі жатады .
Тілдің морфологиялық деңгейі фонологиялық деңгейден гөрі синтаксиске
жақын. Өйткені екеуін біріктіріп грамматика деп атап, көп жағдайда оны
фонологиямен бір парадигмалық оппозициялық қатарға қою қалыптасқан. Бұл
тілдегі таңбалардың мағына ажыратушы және мағына ажырата алмаушы болып
жіктелуіне негізделеді. Тілдегі фонемалар мағына ажыратушы бірлік
болғанымен, олар мағыналы таңба бола алмайды. Сондықтан тіл жүйеден,
таңбалар жүйесінен, мағыналы таңбалар жүйесінен тұрады десек онда фонемалар
тілдік таңбаға жатпайды оны зерттейтін фонология саласы мағыналы таңбаларды
емес, мағына атқарушы таңбаларды зерттейді екен. Ал, морфология мен
синтаксистің арасы жақын және бір-бірімен өте тығыз байланысты. Морфология
морфемалардың сөзтұлға аясындағы тізбегін қарастырса, синтаксис
сөзтұлғалардың синтагмалық құрылым ішіндегі тіркесін қарастырады.
В.А.Плунгиянның айтуынша олардың деңгейлік сипаты шартты: Для чего нужно
вводить такое различие? Разве нельзя считать, что правила сочетания морфем
друг с другом в целом одинаковы, независимо от того, касаются ли они
отдельных морфем или их комплексов?.
Тіл білімінің тарихына көз жіберсек, өткен ғасырдың 50-60 жылдары
америкалық мектептің еңбектерінде фонологиядан кейін бірден синтаксис
деңгейі қарастырылады. Бірақ бұл барлық тілдер үшін жарамды емес. Сөзтұлға
ішіндегі морфемалардың тіркесуі мен сөзтұлғалардың өзінің тізбектелу
заңдылықтары әрқашан бірдей бола бермейді. Осыған байланысты кей тілдің
морфологиясы бай, кей тілдікі кедей, тіпті кей тілде жоғарыда айтқандай,
морфология тіптен жоқ деуге болады. Қалай болғанда да, морфология
синтаксиспен тығыз байланысты. Синтаксистік бірліктердің ішінде (сөз
тіркесі, жай және құрмалас сөйлемдер) сөйлемнің түрлері ғана
коммуникативтік қызмет атқара алады. Сөз тіркесі және одан төмен тұрған тіл
бірліктері тілдің ішкі жүйесіне қызмет етеді. Оны құрылымдық функция деуге
болады. Төмен деңгейдегі құрылымдардың міндеті өзінен жоғары тұрған
деңгейдің қызметіне жарау болып табылады. Осы мәселеге арналған ғылыми
еңбекте бұған мынадай түсінік береді: Уровни языка не существуют сами по
себе, вне данной языковой системы. Они определяются лишь своими положением
в ней, своими отношениями к другим уровням (что вытекает из сущности
системы как структура отношений) они выступают по отношению к высшим
уровням как область их строительных средств, по отношению к низким уровням
как область их функционального назначения .
Сондықтан, біздің ойымызша есімшелердің морфологиялық қызметі оның
синтаксистік қызметімен, тіпті тіл жүйесіндегі барлық жұмсалымымен өте
тығыз байланысты. Есімшелердің тіл жүйесіндегі барлық қызметі парадигмалық
немесе синтагмалық қатынаста бір бірімен байланысып, бірінен бірі туындап
жатыр. Функционалды грамматика мамандарының айтуынша, бұл мәселе тіл
бірліктерінің функциясынан келіп шығады: Тем самым языковая система в
целом представляется как организованный инвентарь языковых единиц с их
инвариантными функциями. Такой аспект языковой системы принято называть
системно-инвариантным, а язык в целом представляется как функционирующая в
речи система взаимодействующих единиц языка и их функций для выражения
целенаправленной информации о внеязыковой действительности.
Тіл деңгейлеріндегі тіл бірліктерінің парадигмалық қатарын былай
көрсетуге болады:
Есімше тұлғалары қосымша морфема бола тұра сөзтұлға жасайды. Ал
сөзтұлға сөз тіркесін, сөз тіркесі сөйлемді құруға негіз болады.
Т.Ерғалиев есімшелердің синтаксистік қызметін қарастырғанда үш түрлі
аспектіні бөліп көрсетеді:
1. Есімшелердің басқа сөз таптарымен тіркескенде, қандай
сөздерді өздеріне бағындырып, қандай сөздерге бағынып сөз
тіркесі қалпына түседі.
2. Есімшелердің жай сөйлемдегі сөйлем мүшесі түрінде атқаратын
қызметі.
3. Есімшелердің құрмалас сөйлемдегі қызметі [15, 10 б.].
Етістіктердің салт сабақтылық мәнді сақтайды дедік, соған байланысты
оның сын есім орнына жүргенде де осы қасиеті сақталып отырады. Оған мынадай
мысал келтіруге болады: Ата көрген ұл оқ жонады (Ата көрген оқ жонар) деген
сөйлемді Оны көрген ұл оқ жонады деп айта алмаймыз. Егер бұған ата көрген
ұл деген түрде есімшенің сабақты сөзін қоссақ, мағына толық және түсінікті
болар еді. Осы сияқты есімшелер барлық жанама септікті сөздерді де меңгере
алады (мысалы, барыс, көмектес, шығыс, жатыс). Бірнеше мысал келтірейік:
Сөз таныр осы күнде кісі бар ма,
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар (Абай).
(табыс септікті меңгеріп тұр)
Тұлпардан туған көк жорға ат (Қыз Жібек).
(шығыс септікті меңгеріп тұр.)
Үйінде қонақ болып отырған Рахмет (С.М.).
(жатыс септікті меңгеріп тұр)
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма (Абай).
(көмектес септікті меңгеріп тұр).
Есімшелер тәуелденіп субстантивтенгенде ілік септікті сөзді де
меңгереді. Мысалы, Менің әлгі көргенім жақын жерден өте береді (С.М.)
Т.Ерғалиев есімшелердің тіркесу қабілеті туралы былай дейді:
Есімшелердің басқа категориялармен тіркесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Есімшелердің есімдерше жұмсалу қызметі
Анықтауыш, оның зерттелуі
Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі
Есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы
Есімше зат есім үлгісіндегі сөз тіркестеріндегі бағыныңқы етістіктердің лексика-семантикалық синтагмалық мағыналары
Пәндер